75. Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексiнiң 173-175-баптарына сәйкес ағымды мерзiм арыз берiлгеннен кейiнгi келесi күннен басталады және келесi айдың тиiстi күнi бiтедi. Егер бұл жұмыс емес күнге тура келсе, онда мерзiмнiң бiту күнi келесi жұмыс күнiнен бастап есептелiнедi. Тiркеу уақыты бiр үй-жайдың iшiнде қайтыс болуды және некенi бұзуды тiркеу уақытымен сәйкес келмейтiндей етiп жүргiзiлуi керек.
76. Некені тiркеу уақытын белгiлеу кезiнде АХАЖ органы некеге тұрушылардан олардың некенi салтанатты жағдайда тiркеудi қалайтынын немесе қаламайтынын анықтауы тиiс. Некенi салтанатты жағдайда тiркеу тек некеге тұрушы адамдардың келiсімi болғанда ғана Неке сарайының, АХАЖ органының үй-жайында, сондай-ақ АХАЖ органы мен некеге тұрушылардың келісімi бойынша басқа орында неке қию рәсiмi сақтала отырып жүргiзiледi. Некенi тiркеу некеге тұрушылардың тiлегi бойынша туыстарының және куәлардың қатысуымен жүргiзiледi. Некенi қию туралы акт жазуына қол қоюшы куәлардың саны екi адамнан аспауы тиiс.
77. Некеге тұру туралы арыз АХАЖ органдарында арыздарды есепке алудың арнайы журналында тiркелуге тиiс. Онда некеге тұрушылардың тегi, аты және әкесiнiң аты, арызды қабылдау күн және некенi тiркеу үшiн белгiленген күн, соңынан некенi қию туралы акт жазуының нөмiрi көрсетiлуi тиiс.
АХАЖ органы некеге тұру туралы арызды қабылдағанда арыз берушiлердiң жеке басын анықтайтын құжаттарды, арызға қоса ұсынылған құжаттардың толықтығын және дұрыстығын тексередi.
78. Некенi қию АХАЖ органына арыз бергеннен кейiн бiр ай мерзiм өткен соң жүргiзiледi.
Дәлелдi себептер болған жағдайда АХАЖ органы некенi бiр ай мерзiм өткенге дейiн қиюға, сондай-ақ бұл мерзiмдi әрi кеткенде бiр айға дейiн ұзартуға рұқсат бере алады.
Мерзiмдi қысқартудың уақыты әрбiр жеке жағдайда нақты мән-жайларға байланысты анықталады.
Ерекше мән-жайлар (жүктілік, баланың тууы, тараптардың бiрiнiң өмiрiне тiкелей қауiп төнуi және басқа ерекше мән-жайлар) болған кезде неке арыз берiлген күнi қиылуы мүмкін.
79. Жекелеген жағдайларда некенi тiркеудi күту мерзiмi тек некенi тiркеу үшiн кедергi жолаушының болғанда ғана АХАЖ органының бастамашылығымен ұзартылуы мүмкiн. Неке туралы жазу жазылғанға дейiн некенi тiркеу үшiн кедергiнiң барлығы туралы арыз болмаған жағдайда лауазымды адам жазуды тоқтата тұруға және арыз берушiден бiр айдан аспайтын белгiленген мерзiмде тиiстi құжаттық дәлелдемелердi ұсынуды талап етуге міндеттi. АХАЖ органы мүдделi адамдардың арызы бойынша немесе өз бастамашылығы бойынша қажеттi тексеру жүргiзе алады. Некенi тiркеудi кейінге қалдыру туралы некеге тұруға арыз берген адамдарға хабарланады. Некені қиюға заңды кедергiлер болған жағдайда АХАЖ органы оны тiркеуден бас тартады.
Егер мұндай кедергiлер туралы мәлiметтер расталмаса, некенi тiркеу жалпы негiздерде жүргiзiледi. Аталған мән-жайларды тексеру бiр ай мерзiмде аяқталуға тиiс.
80. Некені тiркеудi күтудiң айлық мерзiмiн қысқарту немесе ұзарту туралы арыздарды есепке алу журналында себебi көрсетіліп, тиiстi белгi соғылады.
81. Айлық мерзiмді қысқарту немесе ұзарту туралы рұқсат некеге тұру туралы арызға АХАЖ органының бастығының, ал ол болмаған жағдайда - оның мiндетiн атқарушы адамның бұрыштамасы түрiнде берiледi.
82. Некеге тұруға ниет бiлдiрушiлер белгiленген күнi АХАЖ органына дәлелдi себеппен келе алмаса, некенi тiркеу мерзiмi олардың арызы бойынша басқа уақытқа ауыстырылады. Бұл жөнiнде арызда және арыздарды тiркеу журналында белгi соғылады. Келмей қалудың себебiн дәлелсiз деп табуды АХАЖ органының бастығы шешедi.
83. Неке жасын азайту туралы арызды некеге тұруға ниет бiлдiрушiлер немесе олардың ата-аналары, не қорғаншылары (қамқоршылары) белгiленген неке жасын азайтуға қажеттi тиiстi құжаттармен расталған себептердi көрсете отырып бередi.
Барлық жағдайда неке жасын азайтуға тек некеге тұрушылардың келісімiмен ғана жол берiледi, сондай-ақ неке жасына толмаған адамдар арасында некеге тек ата-аналарының немесе оларды алмастыратын адамдардың келісімiмен рұқсат етiледi.
Қорытындыда нақты қандай адаммен некеге отыру үшiн, кiмге және қандай мерзiмге неке жасы азайтылғаны көрсетiледi. Неке қию туралы акт жазбасындағы «Белгiлер үшiн» бағанасында: кiмге және қандай мерзiмге неке жасы азайтылды, неке жасын азайту туралы қорытындыны кiм, қашан және қандай АХАЖ органы қарап бекiткенi көрсетiледi.
84. Некенi тiркеу тек некеге тұрушы адамдардың қатысуымен ғана жүргiзiледi (3 қосымшаға сәйкес), бұдан кейiн АХАЖ органы неке қию туралы куәлiк бередi (10 қосымшаға сәйкес). Өкiл арқылы неке қиюға рұқсат етiлмейдi.
Некеге тұрушылардың бiреуi АХАЖ органына ауыр науқастың салдарынан келе алмайтын ерекше жағдайда некенi тiркеу ауруханада, үйде немесе басқа тиiстi орында, некеге тұруға ниет бiлдiрушi екi адамның қатысуымен, «Неке және отбасы туралы» Заңда көрсетiлген шарттар сақтала отырып жүргiзiлуі мүмкiн.
Некеге тұрушының ауыр науқасының барлығы, оның АХАЖ органына келуiне кедергi келтiретiндiгi медициналық анықтамамен расталып, ол арызға қоса тiгiлуге тиiс. АХАЖ органы үй-жайынан тыс жерде некенi тiркеу туралы, сондай-ақ анықтаманы кiмнiң, қашан берген, оның нөмiрi некенi қию туралы акт жазуының «Белгiлер үшiн» бағанасында көрсетiледi.
85. Егер АХАЖ органына некенi қиюға заңды кедергiлердiң барлығы туралы арыз түссе, оны тiркеу тоқтатыла тұрады. Бұл жағдайда арыз берушiге белгiленген мерзiмде тиiстi дәлелдемелердi әкелу ұсынылады. АХАЖ органы мүдделi адамдардың арызы бойынша немесе өз бастамашылығымен қажеттi тексеру жүргiзе алады. Некенi тiркеудi кейiнге қалдыру туралы некеге тұру туралы арыз берушi адамдарға хабарланады. Некенi қиюға заңды кедергiлер болған жағдайда АХАЖ органы оны тiркеуден бас тартады. Егер мұндай кедергiлер туралы мәлiметтер дәлелденбесе, некенi тiркеу жалпы негiздерде жүргiзiледi. Бұл мерзiм бiр айдан аса алмайды.
ҚР Үкіметінің 2011.30.06. № 736 Қаулысымен 86-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
86. Некенi қию кезiнде жұбайлар өздерiнiң бiреуінiң тегiн ортақ тек ретiнде өз қалаулары бойынша таңдайды не әр жұбай өзiнiң некеге дейiнгi тегiн сақтайды не өзiнiң тегiне жұбайының тегiн қосады. Егер жұбайлардың ең болмаса бiреуiнiң некеге дейiнгi тегi қосарланған болса, тектердi қосуға жол берiлмейдi.
Некенi тiркеушi лауазымды адам некеге тұрушыларға олардың кез келген нысандағы тектi таңдап алу құқығын түсiндiруге тиiс және оларды некенi қию туралы акт жазылғаннан кейiн олардың таңдап алған тектi жаңадан өзгертуiне тек осы Ереженiң 7-бөлiмiнде белгiленген тәртiппен рұқсат етiлуi мүмкiн.
Егер некеге тұрушылардың бiреуi тегiн өзгертсе, онда оған Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлiгiнiң немесе ұлттық паспортының ауыстыруға жататыны түсiндiрiледi.
Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын шетел азаматтарының және азаматтығы жоқ адамдардың некеге тұруға байланысты тегiн өзгерткенi туралы iшкi iстер органдарына хабарланады.
Әскерге міндетті немесе шақырылушы адам неке қиюға байланысты тегін өзгерткен жағдайда АХАЖ органы бұл туралы неке тіркелген жердегі жергілікті әскери басқару органдарына жеті күн мерзімде хабарлауға тиіс.
87. Қазақстан Республикасының «Неке және отбасы туралы» Заңының 9, 10, 11-баптарында белгiленген неке қию шарттары бұзылғанда, сондаЙ-ақ жалған неке қиылған жағдайда, яғни, егер жұбайлар немесе олардың бiреуi отбасын құру ниетiнсiз некеге тiркелсе, мәжбүрлеу бойынша неке қию жағдайында (қалыңмал, алып қашу, әмеңгерлiк және сол сияқты), неке сот тәртібімен жарамсыз деп танылуы мүмкiн.
АХАЖ органына некенi жарамсыз деп тану туралы заңды күшiне енген сот
шешiмi келiп түскен жағдайда АХАЖ органы некенi қию туралы акт жазуын
жоюы (оны қиғаштап сызып тастауы ) тиiс. Бiр мезгiлде жазудың
бет жағына»_________бастап некенi жарамсыз деп тану туралы
(жылы,күнi)
________________соттың шешiмi негiзiнде жазу
(соттың атауы)
жойылды» деп көрсетiледi. Бұл туралы тиiстi АХАЖ мұрағатына хабарланады,
онда осы тәртiппен жазудың екiншi данасын жою жүргiзiледi.
Некенi жарамсыз деп танылған жағдайда некенi қию туралы куәлiк қайтадан берiлмейдi. Қазақстан Республикасының заңдарымен анықталған органдардың сұрау салуы бойынша қажет болған жағдайда некенiң жарамсыз деп танылғаны көрсетіліп, некенi қию туралы жазуды жою жөніндегі жазудың көшiрмесi жiберiледi.
9-Тарау. Еңбекпен түзеу мекемелерінде жазасын өтеп жүрген
сотталған адамдармен некені тіркеу
88. Сотталып, еңбекпен түзеу мекемелерiнде жазасын өтеп жүрген адамдармен некелесудi тiркеу еңбекпен түзеу мекемеcі орналасқан жердегi АХАЖ органдарында Қазақстан Республикасының «Неке және отбасы туралы» Заңымен көзделген некеге түру шарттарын сақтай отырып жүргiзiледi.
89. Сотталған адам арыздың тек өзiне қатысты бөлiгiн ғана толтырады. Көрсетiлген мәлiметтер мен оның қойған қолын сотталушы жазасын өтеп жүрген еңбекпен түзеу мекемесiнiң бастығы тексередi және куәландырады.
90. Егер сотталған адаммен некеге тұруды қалаған адам арыз беру кезiнде өзi бола алмайтын болса, оны поштамен жолдауға болады, алайда арыз бланкiсіндегі ол туралы барлық мәлiметтерді оның тұрғылықты жерi бойынша АХАЖ органдары тексерiп, куәландыруы тиiс.
91. Сотталған адаммен некелесудi тiркеу некеге тұратын адамдардың қатысуымен еңбекпен түзеу мекемесiнiң әкiмшiлiгi АХАЖ органымен келiсе отырып белгiлеген үй-жайда жүргiзiледi.
Сотқа дейiн бұлтартпау шарасы ретiнде қамауға алынған адамдармен некелесудi тiркеу АХАЖ органдарында, осы iс өндiрiсiнде тұрған адамды немесе органды ескерткеннен кейiн тергеу изоляторларында жүргiзiледi.
10-Тарау. Қазақстан Республикасы азаматтарының шетел азаматтарымен
және азаматтығы жоқ адамдармен некелерін тіркеу тәртібі
туралы
92. Қазақстан Республикасы Президентінің «Шетел азаматтарының Қазақстан Республикасындағы құқықтық жағдайы туралы» заң күшi бар Жарлығының 14-бабына сәйкес, шетел азаматтары Қазақстан Республикасының азаматтарымен некеге тұра алады немесе некенi бұза алады, неке және отбасы қатынастарында Қазақстан Республикасының заңдарына және халықаралық шарттарына сәйкес, Қазақстан Республикасының азаматтарымен бiрдей құқықтарды пайдаланады және мiндеттер көтередi.
93. Арызды АХАЖ органдарына беру кезiнде жеке басты куәландыратын мынадай құжаттар берiлуi тиiс:
1) Қазақстанда тұрақты тұратын, немесе шетелде уақытша тұрып жатқан Қазақстан Республикасының азаматы тиiстi жеке бас куәлiгiн немесе ұлттық паспортын көрсетедi;
2) Қазақстаннан тыс жерде тұрақты тұратын Қазақстан Республикасының азаматы - оның шетелде тұрақты тұратын Қазақстан Республикасының азаматы ретiнде есепке алынғаны туралы шетелдегi консулдық мекеменiң белгiсi бар Қазақстан Республикасы азаматының ұлттық паспортын көрсетедi;
3) Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын шетел азаматы шетел азаматының Қазақстан Республикасында тұруға арналған ықтиярхатты ұсынады. Қазақстан Республикасында уақытша тұратын шетел азаматы Қазақстан Республикасының iшкi iстер органы белгiлеген тәртiппен Қазақстан Республикасында уақытша тұруға рұқсат беретiн құжатты ұсынады.
4) Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын азаматтығы жоқ адам тұратын жерi бойынша тiркелгендiгi туралы Қазақстан Республикасы iшкi iстер органдарының белгiсi бар азаматтығы жоқ адамның куәлiгiн ұсынады.
Қазақстан Республикасында уақытша болатын азаматтығы жоқ адам оның жеке басын куәландыратын, ол тұратын елдiң құзыреттi органдары берген және Қазақстан Республикасының iшкi iстер органдарында белгiленген тәртiппен тiркелген жарамды құжатты ұсынады.
94. Шетел азаматының паспортын (жеке басын куәландыратын құжатты) ұсынуымен қатар оның мәтiнiнiң нотариалды куәландырылған мемлекеттік немесе орыс тiлдерiнде жасалған аудармасын беруге тиiстi.
Аударма бұл адам азаматы болып табылатын мемлекеттiң (азаматтығы жоқ адамның тұрақты тұратын елiнiң) консулдығында (елшiлiгiнде) немесе осы мемлекеттiң Сыртқы iстер министрлігімен де куәландырылуы мүмкiн.
95. Бiрқатар мемлекеттер заңдарының өз мемлекеттерi азаматтарының шетел азаматтарымен некелерiн тек некелесетiн адамдар бұған осы мемлекеттiң құзыреттi органының рұқсатын алған кезде ғана жарамды деп тануына байланысты, АХАЖ органы арызды қабылдау кезiнде шетел азаматы соның азаматы болып табылатын мемлекеттiң құзыреттi органынан мұндай рұқсат алудың талап етiлетiн-етiлмейтiндiгiн арыз берушiлерден анықтап алуға тиiс.
Шет мемлекеттiң заңдары шетел азаматымен некеге отыру үшiн құзыреттi органнан арнайы рұқсат алуды талап еткен, ал шетел азаматында мұндай рұқсат болмаған жағдайда, АХАЖ органы арызды қабылдау кезiнде некелесушiлерге, және ең алдымен Қазақстан Республикасының азаматы(шасы)на, олардың некесi ол некелесетiн адам азаматы болып табылатын елде жарамсыз болып танылуы мүмкiн екендiгiн түсiндiруге тиiс.
Егер, мұндай түсiндiрулерге қарамастан, арыз берушiлер некенiң тiркелуiн талап етсе, бұл неке тiркеледi, ал некенi қию туралы актiнiң жазбасында некелесушi адамдар Қазақстан Республикасында қолданылып жүрген шетел азаматымен некелесудiң тәртібі және шарттарымен таныс екендiгi туралы белгi қойылады.
96. Егер Қазақстан Республикасының азаматы некелесу кезiнде зайыбының тегiн алса, некенi тiркеген АХАЖ органы оған жеке куәлiгiн немесе ұлттық паспортты, ал шетел азаматына ықтиярхатты айырбастауды ұсынады.
97. Тарихи Отанына қайтып келушiлер (оралмандар) Қазақстан Республикасының азаматтығын қабылдамаған жағдайда ол адамдардың некелерiн тiркеу жалпы тәртiппен жүргiзiледi.
98. Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік баж салығы туралы» Заңына сәйкес некенi тiркегенi үшiн АХАЖ органы баж салығын алады.
99. АХАЖ органдары Қазақстан Республикасы азаматтарының шетел азаматтарымен некелерiн тiркеу туралы хабарламаны, белгiленген нысан бойынша мағлұматтар банкiне мәлiметтердi енгізу үшiн Қазақстан Республикасының Әдiлет және Iшкi iстер министрлігіне жібередi.
5-Бөлім. Некенің бұзылуын тіркеу
11-Тарау. Кәмелетке толмаған балалары жоқ ерлі-зайыптылардың некесін
өзара келісім бойынша АХАЖ органдарында бұзу
100. АХАЖ органдарында некенi бұзу кәмелетке толмаған ортақ балалары жоқ ерлi-зайыптылардың өзара келісімi бойынша ерлi-зайыпты екеуiнiң немесе бiреуiнiң тұрғылықты орны бойынша АХАЖ органына берiлген ерлi-зайыптылардың некенi бұзу туралы бiрлескен арызының негiзiнде жүргiзiледi.
Қазақстан Республикасының «Неке және отбасы туралы» Заңының 187-бабына сәйкес, некенi бұзуды тiркеу ерлi-зайыптылардың АХАЖ органына бiрлесiп берген арызының негiзiнде екеуiнің немесе бiреуінiң тұрғылықты жерiнде жүргiзiледi.
101. Некенi бұзу туралы арызда ерлi-зайыптылар өздерінің некенi бұзуға өзара келісімiн және он сегiз жасқа дейiнгi кәмелетке толған балаларының жоқтығын растауы тиiс. Сондай-ақ бұл деректер жұбайлардың некенi бұзу туралы акт жазуында қойған қолдарымен расталады.
Егер арыз берген сәтте олардың он сегiз жасқа кәмелетке толмаған туған не олар асырап алған ортақ балалары бар болса, АХАЖ органдары жұбайлардың арызын қабылдауға құқылы емес. Бұл ретте бала асырап алушы жұбайлардың сол балалардың ата-анасы ретiнде жазылған-жазылмағаны да маңызды емес. Мұндай жағдайларда некенi бұзу сот тәртібімен жүргiзiледi. Жұбайлар арасындағы некенi бұзу, егер олардың бiреуiнiң бұрынғы некеден жұбайы асырап алған кәмелетке толмаған балалары бар болса да, сот тәртібімен жүргiзiледi.
102. Егер некенi бұзуға келiскен жұбайлар арасында олардың ортақ меншiгi болып табылатын мүлiктi бөлiсу туралы еңбекке жарамсыз, мұқтаж жұбайды асырау үшiн төлем төлеу туралы дау болса, некенi бұзу туралы мәселе сотта қаралады.
103. Егер жұбайлардың бiрi өзiнiң ажырасуға қарсылығы жоқтығына қарамастан некенi АХАЖ органдарында бұзудан бұлтарса (тиісті арызды беруден бас тартса немесе оны бергенiмен ажырасуды тiркеу үшiн келгiсi келмесе, ол жоқ кезде ажырасуды тiркеуге арыз бiлдiрмесе) немесе екiншi бiр жұбайдың тұратын жерi белгiсiз болса, онда некенi бұзу сот тәртібімен жүргiзiледi.
104. Некенi бұзу туралы арызға некеге тұру туралы куәлiк қоса беругетиiс. Егер бұл куәлiк жұбайларда жоқ болып, АХАЖ органында некеге тұру туралы акт көшiрмесi сақталмаған болса, акт жазуын қайта қалпына келтiру талап етiледi.
105. Некенi бұзуды тiркеу (7 қосымшаға сәйкес) мен жұбайларға некенiң бұзылуы туралы куәлiктер берудi (11 қосымшаға сәйкес) АХАЖ органдары жұбайлар ажырасу туралы арызды берген күннен бастап бiр ай өткеннен кейiн жүргiзедi. Қазақстан Республикасының «Неке және отбасы туралы» Заңының 187-бабымен белгiленген бұл мерзiм қысқартылуы мүмкiн. Қолданылып жүрген заңдарға сәйкес мерзiмдi есептеген кезде мына ережелердi басшылыққа алу қажет: айлық мерзiм ағымы АХАЖ органына арыз берiлгеннен кейiнгi келесi күннен басталып, екiншi айдың тиiстi күнi аяқталады. Егер бұл күн демалыс күнiмен тұспа-тұс келсе, одан кейінгi келесi жұмыс күнi мерзiмнiң аяқталған күнi болып есептеледi.
106. Егер жұбайлар өздерiне белгiленген күнi некенi бұзуды тiркеу үшiн АХАЖ органына келе алмайтын болса, олар некенi бұзу туралы арызды АХАЖ органына қайтадан бере алады. АХАЖ органы ажырасуды тiркеу үшiн қайтадан бiр айлық мерзiм белгiлейдi.
107. Жаңа айлық мерзiмдi тағайындау туралы мәселенi арыз берiлген жердегi азаматтық хал актілерін тiркейтiн АХАЖ органының бастығы, (консулдықтың лауазымды адамы) шешедi.
108. Некенi бұзу тiркелгеннен кейiн тараптардың әрқайсысына некенi бұзу туралы куәлiк берiледi.
12-Тарау. Жұбайлардың бірінің арызы бойынша некені бұзу
109. АХАЖ органына жұбайлардың бiрiнiң берген арызы бойынша мынадай жағдайларда неке бұзылады, егер екiншi жұбай:
1) сот арқылы хабарсыз кеткен деп танылса;
2) сот жүйке ауруынан немесе ақыл-есiнiң кемдiгiнен әрекет қабiлетi жоқ деп таныса;
3) қылмыс жасағаны үшiн кемiнде үш жыл мерзiмге бас еркiнен айыруға сотталса.
Некенi жоғарыда аталған жағдайларда бұзу жұбайлардың кәмелетке толмаған балаларының бар жоғына қарамастан жүргізіледі.
110. Некенi бұзуды тiркеу сәтiнде бас бостандығынан айыру орындарында отырған адаммен некенi бұзу егер ол некенi бұзу туралы арыз берiлген сәтте де бас бостандығынан айыру орындарында отырса, некенi бұзу Қазақстан Республикасының «Неке және отбасы туралы» Заңының 16-бабымен көзделген ережелер бойынша жүргiзiледi.
111. Әрекет қабiлетi жоқ жұбайдың қамқоршысы егер екiншi бiр жұбай заңмен белгiленген тәртiппен хабарсыз кеткен деп не әрекет қабiлетi жоқ деп танылса, немесе қылмыс жасағаны үшiн кемiнде үш жыл мерзiмге бас еркiнен айыруға сотталған болса, АХАЖ органына некенi бұзу туралы арыз беруге құқылы.
112. Қылмыс жасағаны үшiн үш жылға дейiнгi мерзiмге бас еркiнен айыруға сотталған адамдармен некенi бұзу егер сотталған адам жазасын бас бостандығынан айыру орындарында өтеп жатқан жағдайда ғана АХАЖ органдарында жүргiзiледi.
113. Некенi бұзу туралы арызға екiншi жұбайды хабарсыз кеткен немесе жүйке ауруынан немесе ақыл-есiнiң кемдiгінен әрекет қабiлетi жоқ деп тану туралы заңды күшiне енген сот шешiмiнiң көшiрмесi немесе үзiндiсi, екiншi жұбайдың үш жылдан кем емес мерзiмге сотталғандығы туралы заңды күшiне енген сот үкімінiң көшiрмесi немесе үзiндiсi, некенi қию туралы куәлiк қоса берiледi. Мұндай куәлiк болмаған жағдайда осы Ереженiң 120-тармағымен көзделген ережелер қолданылады. Соттың адамды әрекет қабiлетi жоқ деп танығандығы туралы шешiмiнiң орнына медициналық анықтамалар берiлген арыздарды қабылдауға жол берiлмейдi.
Арызданушы арызында сотталған жұбайының, әрекет қабiлеттілігi жоқ жұбайдың қамқоршысының, сондай-ақ хабарсыз кеткен жұбайдың мүлкiне бас-көз болатын қамқоршының пошталық мекен-жайын хабарлауы тиiс.
114. Арызды қабылдаған АХАЖ органы бас бостандығынан айыру орындарында отырған жұбайды не әрекет қабiлетi жоқ жұбайдың қамқоршысын, не хабарсыз кеткен жұбайдың мүлкiне қамқорлық етушi қамқоршыны алғаннан кейiн он бес күндiк мерзiмдi белгiлей отырып келiп түскен арыз туралы бiр апта мерзiм iшiнде хабардар етуге мiндеттi.
Хабарламада оны алушы АХАЖ органына он бес күндiк мерзiмнен кешiктiрмей оның балалары туралы, ортақ бiрлескен меншiгi болып табылатын мүлiктi бөлiсу туралы, еңбекке жарамсыз мұқтаж жұбайды асырауға қаражат төлеу туралы даудың бар-жоғы туралы, оның некенi бұзғаннан кейiн қандай текпен (өзiнiң некеге дейiнгi немесе жұбайының тегiн қалдырғысы келетiндiгi) аталғысы келетiндiгiн көрсетуi тиiс.
АХАЖ органы арыз берушiге тиiстi хабарламаның жiберiлгендiгi туралы, сондай-ақ хабарламаға жауап алудың белгiленген мерзiмi туралы хабарлайды. Жауап алу үшiн белгiленген мерзiм есепке алына отырып, арыз берушiге некенi бұзуды тiркеу үшiн АХАЖ органына келу ұсынылады.
Даудың жоқтығы туралы хабар алынған кезде, сондай-ақ сотталған адамнан немесе әрекет қабiлетi жоқ жұбайдың қамқоршысынан, хабарсыз кеткен жұбайдың мүлкiне бас-көз болатын қамқоршыдан он бес күндiк мерзiмде жауап алынбаған кезде, АХАЖ органы арыз берушiнiң қатысуымен некенi бұзуды тiркеуi тиiс.
115. Егер АХАЖ органына бас бостандығынан үш жылға дейiнгi мерзiмге сотталған жұбаймен некенi бұзу туралы арыз келiп түссе, онда келiп түскен арыз туралы сотталған адамға жiберiлетiн хабарламамен қатар АХАЖ органы еңбекпен түзеу мекемесiнiң әкiмшiлiгiнен сотталған адамның хабарламаны алған сәтте бас бостандығынан айыру орындарында отырғандығын, сондай-ақ оған некенi бұзу туралы арыздың келiп түскендiгi туралы АХАЖ органының хабарламасының табыс етiлгенiн белгiленген мерзiмде растауын өтiнуге тиiс.
Егер белгiленген мерзiмге сотталған адамның бас бостандығынан айыру орындарында отырғандығын растайтын жауап келiп түспесе, некенi бұзуды тiркеу кейiнге қалдырылады, ал еңбекпен түзеу мекемесiне ескертпе жiберiледi.
116. АХАЖ органы жұбайдың бас бостандығынан айыру орындарынан босатылғаны туралы хабарды алған жағдайда, АХАЖ органы бұл туралы арыз берушiге хабарлап, арызға белгi соғады. Бұл жағдайда некенi бұзу жалпы тәртiпте жүргiзiледi. Ол туралы арыз берушiге түсіндіріледі.
117. Егер бас бостандығынан айыру орындарында отырған жұбай немесе әрекет қабiлетi жоқ жұбайдың қамқоршысы балалар туралы, жұбайлардың ортақ бiрлескен меншiгi болып табылатын мүлiктi бөлiсу туралы дау қозғаса немесе еңбекке жарамсыз мұқтаж жұбайды асырауға қаражат төлеу туралы дауласса, онда некенi бұзу сот тәртібімен жүргiзiледi.
118. Некенi бұзуды тiркеу үшiн арызданған жұбайдан мемлекеттік баж өндіріліп алынады.
119. Сотталған адамдармен некенi бұзуды тiркеудiң заңмен белгiленген ерекше тәртібі сотталғандардың өзiне некенi осындай тәртiппен бұзу туралы мәселенi қоюға құқық бермейдi. Сотталған адамдардың арыздары бойынша некенi бұзу жалпы негiздерде жүргiзiледi.
120. Егер АХАЖ органы хабарсыз кеткен деп танылған жұбаймен неке бұзуды тiркеген, ол келген және оны хабарсыз кеткен деп тану туралы сот шешiмi бұзылған жағдайларда, АХАЖ органы осы жұбайдың арызы бойынша оған және басқа жұбайға некенi бұзудың сол күнi көрсетiлген некенi бұзу туралы куәлiк беруге тиiс.
13-тарау. Некені бұзу кезіндегі оның тоқтатылу сәті
121. АХАЖ органдарында бұзылатын неке азаматтық хал актілерін жазу кiтабында некенiң бұзылғандығы мемлекеттік тiркеуге алынған күннен бастап, ал неке сотта бұзылған жағдайда - соттың шешiмi заңды күшiне енген күннен бастап тоқтатылады.
122. Некенiң бұзылуын тiркеу соттың некенi бұзу туралы шешiмiнен кейiн өткен мерзiмге қарамастан жүргiзiле алады.
123. Заңды күшiне енген сот шешiмiнiң негiзiнде некенi бұзуды тiркеу сот шешiм шығарған жердегi АХАЖ органында заңды күшiне енген некенi бұзу туралы сот шешiмiнiң көшiрмесiнiң және сот шешiмi бойынша өндiрiп алуға жататын соманың төленгенi туралы түбiртектiң негiзiнде жүргiзiледi.
Соттың некенi бұзу туралы шешiмi заңды күшiне енген күннен бастап үш күннiң iшiнде сот шешiмiнiң көшiрмесi некенi бұзуды тiркеу үшiн шешiм шығарылған жердегi АХАЖ органына, сондай-ақ оның бұзылғаны туралы белгi соғу үшiн некенi қиюды тiркеу орны бойынша жiберiледi.
124. Соттың некенi бұзу туралы шешiмiн алған АХАЖ органы оны соттың некенi бұзу туралы шешiмiн тiркейтiн журналға тiркеуге мiндеттi, ал тiркеу азамат арыз бiлдiрген және ол мемлекеттік бажды төлегенi туралы түбiршектi ұсынған кезде жүргiзiлуге тиiс. Бұл туралы некенi бұзу туралы сот шешiмiн есепке алу журналында белгi соғылады.
Соттың шешiмдерiнiң көшiрмесiн есепке алу журналы алфавит тәртібімен жасалып, онда жұбайлардың екеуiнiң де аты, тегi, әкесiнiң аты, сот шешімінің күшіне енген және оның АХАЖ органында тіркелген мерзімі көрсетіледі.
125. Егер АХАЖ органында басқа жұбайдың неке бұзуды тіркеп қойғаны белгілі болса, онда келіп түскен арызды АХАЖ органы шешім көшірмесімен (үзіндімен) және мемлекеттік бажды төлегендігі туралы түбіршекпен қоса некені бұзу туралы акт жазбасы тұрған орын бойынша оны жетіспей жатқан мәліметтер мен толықтыру үшін акт жазбасы жазылған АХАЖ органына жібереді.
Мұндай материалдарды алған АХАЖ органы ажырасу туралы акт жазбасын толықтырып, арызданушы тұратын жердегі АХАЖ органына оған басқа жұбайдікіндей неке бұзу күні көрсетілген некені бұзу туралы куәлікті табыс ету үшін жіберуге міндетті.
Акт жазбасын толықтырғаннан кейін бұл туралы АХАЖ органы некені бұзу туралы акт жазбасының екінші данасы тұрған мұрағатқа хабарлауы тиіс.
126. Егер некені бұзуды бір жұбай тіркейтін болса, онда акт жазбасын жасаған кезде оған осы жұбайға қатысты барлық қажетті мәліметтер енгізіледі. Екінші бір жұбайға қатысты тек некені бұзғанға дейінгі тегі, аты, әкесінің аты, туған уақыты және соттың шешімі бойынша осы жұбай төлеуге тиіс мемлекеттік баж сомасы ғана көрсетіледі.
Бұл жағдайда некені бұзу туралы куәлікте тек ажырасуды тіркеген жұбайға некені бұзғаннан кейін берілген тегі көрсетіледі.