7-бап. Жәрдемақы мөлшері
Жәрдемақы Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде айқындалған жеңілдіктер тізбесі негізге алына отырып, жәрдемақы алуға құқығы бар азаматтарға белгіленеді.
Жәрдемақы республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленетін айлық есептік көрсеткіш мөлшерінің немесе ең төмен күнкөріс деңгейі шамасының өзгеруі ескеріле отырып төленеді.
Жәрдемақы мынадай мөлшерде тағайындалады:
2020.06.05. № 323-VІ ҚР Заңымен 1) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1) Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне - 16,0 айлық есептік көрсеткіш;
2020.06.05. № 323-VІ ҚР Заңымен 2) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
2) «Ардагерлер туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 5-бабының 1), 2), 3), 4) және 5) тармақшаларында санамаланған, басқа мемлекеттердің аумағындағы ұрыс қимылдарының ардагерлеріне - 6,19 айлық есептік көрсеткіш;
2020.06.05. № 323-VІ ҚР Заңымен 2-1) тармақшамен толықтырылды
2-1) «Ардагерлер туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 5-бабының 6), 7) және 8) тармақшаларында санамаланған, басқа мемлекеттердің аумағындағы ұрыс қимылдарының ардагерлеріне - 4,8 айлық есептік көрсеткіш;
2020.06.05. № 323-VІ ҚР Заңымен 3) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
3) жеңілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысының қатысушыларына теңестірілген адамдарға - 6,19 айлық есептік көрсеткіш;
2020.06.05. № 323-VІ ҚР Заңымен 4) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара); 2022.27.06. № 129-VII ҚР Заңымен 4) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
4) жеңілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысы кезеңінде жаралануы, контузия алуы, мертігуі немесе ауруға шалдығуы салдарынан болған мүгедектігі бар адамдарға теңестірілген адамдарға – 7,55 айлық есептік көрсеткіш;
5) Ұлы Отан соғысында қаза тапқан (қайтыс болған, хабар-ошарсыз кеткен) жауынгерлердің екінші рет некеге отырмаған жесірлеріне - айлық есептік көрсеткіш;
2022.27.06. № 129-VII ҚР Заңымен 6) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
6) Ауғанстандағы немесе ұрыс қимылдары жүргізілген басқа да мемлекеттердегі ұрыс қимылдары кезеңінде қаза тапқан (хабарсыз кеткен) немесе жаралануы, контузия алуы, мертігуі, ауруға шалдығуы салдарынан қайтыс болған әскери қызметшілердің, арнаулы мемлекеттік органдар қызметкерлерінің отбасыларына; бейбіт уақытта әскери қызметін, арнаулы мемлекеттік органдардағы қызметін өткеру кезінде қаза тапқан (қайтыс болған) әскери қызметшілердің, арнаулы мемлекеттік органдар қызметкерлерінің отбасыларына; қызметтік міндеттерін атқару кезінде қаза тапқан ішкі істер органдары қызметкерлерінің отбасыларына; Чернобыль АЭС-індегі апаттың және азаматтық немесе әскери мақсаттағы объектілердегі басқа да радиациялық апаттар мен авариялардың салдарын жою кезінде қаза тапқандардың отбасыларына; сәуле ауруының салдарынан қайтыс болғандардың немесе қайтыс болған мүгедектігі бар адамдардың, сондай-ақ қайтыс болуы белгіленген тәртіппен Чернобыль АЭС-індегі апаттың және азаматтық немесе әскери мақсаттағы объектілердегі басқа да радиациялық апаттар мен авариялардың және ядролық сынақтардың әсеріне байланысты болған азаматтардың отбасыларына – 4,59 айлық есептік көрсеткіш;
2020.06.05. № 323-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2022.27.06. № 129-VII ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 7) тармақша жаңа редакцияда
7) Ұлы Отан соғысы кезеңінде жаралануы, контузия алуы, мертігуі немесе ауруға шалдығуы салдарынан қайтыс болған мүгедектігі бар адамның немесе жеңілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысы кезеңінде жаралануы, контузия алуы, мертігуі немесе ауруға шалдығуы салдарынан болған мүгедектігі бар адамдарға теңестірілген адамның зайыбына (жұбайына), сондай-ақ жалпы ауруға шалдығуы, жұмыста мертігуі және басқа да себептер (құқыққа қарсы келетіндерді қоспағанда) салдарынан болған мүгедектігі бар адамдар деп танылған, қайтыс болған Ұлы Отан соғысы қатысушысының, партизанның, астыртын әрекет етушінің, «Ленинградты қорғағаны үшін» медалімен немесе «Қоршаудағы Ленинград тұрғыны» белгісімен наградталған азаматтың зайыбына (жұбайына) – 2,56 айлық есептік көрсеткіш;
8) Кеңес Одағының Батырларына, үш дәрежелі Даңқ ордендерінің иегерлеріне, «Қазақстанның ғарышкер-ұшқышы» құрметті атағына ие болған адамдарға- 138,63 айлық есептік көрсеткіш;
2020.06.05. № 323-VІ ҚР Заңымен 9) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
9) Социалистік Еңбек Ерлеріне, үш дәрежелі Еңбек Даңқы ордендерінің иегерлеріне, «Қазақстанның Еңбек Ері» атағына ие болған адамдарға - 138,63 айлық есептік көрсеткіш;
10) 2020.06.05. № 323-VІ ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
2018.26.12. № 203-VІ ҚР Заңымен 10-1) тармақшамен толықтырылды (2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
10-1) «Халық қаһарманы» атағына ие болған адамдарға - 138,63 айлық есептік көрсеткіш;
10-2) 2020.06.05. № 323-VІ ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
11) Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қажырлы еңбегі және мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерімен және медальдарымен наградталған адамдарға, сондай-ақ мемлекеттік наградалармен наградталмаған, 1941 жылғы 22 маусым мен 1945 жылғы 9 мамыр аралығындағы кезеңде кемінде алты ай жұмыс істеген (қызмет атқарған) адамдарға -2,13 айлық есептік көрсеткіш;
2020.06.05. № 323-VІ ҚР Заңымен 12) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
12) 1988 - 1989 жылдары Чернобыль атом электр станциясындағы апаттың зардаптарын жоюға қатысушылар қатарындағы, қоныс аудару күні құрсақта болған балаларды қоса алғанда, оқшаулау және көшіру аймақтарынан Қазақстан Республикасына қоныс аударылған (өз еркімен кеткен) адамдарға - 4,8 айлық есептік көрсеткіш;
2020.06.05. № 323-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2022.27.06. № 129-VII ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 13) тармақша өзгертілді
13) «Қазақстан Республикасында мүгедектігі бойынша және асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша берілетін мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабының 5-тармағында көзделген жасына байланысты берілетін зейнетақы төлемдеріне мүгедектігі бойынша төленетін айлық жәрдемақы мөлшеріне дейін қосымша төлем алушыларды қоспағанда, жасына байланысты берілетін зейнетақы төлемдері немесе еңбек сiңiрген жылдары үшiн төленетiн зейнетақы төлемдерi тағайындалған бірінші және екінші топтардағы мүгедектігі бар адамдарға, сондай-ақ Байқоңыр қаласында тұратын бірінші және екінші топтардағы мүгедектігі бар адамдарға, Ресей Федерациясының заңнамасына сәйкес мүгедектігі бойынша зейнетақы алатын жағдайда - 1,49 айлық есептік көрсеткіш;
2020.06.05. № 323-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2022.27.06. № 129-VII ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 14) тармақша өзгертілді
14) «Қазақстан Республикасында мүгедектігі бойынша және асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша берілетін мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабының 5-тармағында көзделген жасына байланысты берілетін зейнетақы төлемдеріне мүгедектігі бойынша төленетін айлық жәрдемақы мөлшеріне дейін қосымша төлем алушыларды қоспағанда, жасына байланысты берілетін зейнетақы төлемдері немесе еңбек сiңiрген жылдары үшiн төленетiн зейнетақы төлемдерi тағайындалған үшінші топтағы мүгедектігі бар адамдарға, сондай-ақ Байқоңыр қаласында тұратын үшінші топтағы мүгедектерге, Ресей Федерациясының заңнамасына сәйкес мүгедектігі бойынша зейнетақы алатын жағдайда - 0,64 айлық есептік көрсеткіш;
2021.12.10. № 67-VII ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2022.27.06. № 129-VII ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 15) тармақша өзгертілді
15) Байқоңыр қаласында тұратын жеті жасқа дейінгі мүгедектігі бар балаларға, Ресей Федерациясының заңнамасына сәйкес мүгедектігі бойынша зейнетақы алатын жағдайда - 0,96 айлық есептік көрсеткіш;
2021.12.10. № 67-VII ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2022.27.06. № 129-VII ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 16) тармақша өзгертілді
16) Байқоңыр қаласында тұратын жетіден он сегіз жасқа дейінгі мүгедектігі бар балаларға, Ресей Федерациясының заңнамасына сәйкес мүгедектігі бойынша зейнетақы алатын жағдайда:
бірінші және екінші топтағыларға - 1,49 айлық есептік көрсеткіш;
үшінші топтағыларға - 0,96 айлық есептік көрсеткіш;
17) 2015.28.10. № 369-V ҚР Заңымен алып тасталды (2018 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
18) 2015.28.10. № 369-V ҚР Заңымен алып тасталды (2018 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
19) саяси қуғын-сүргіндер құрбандарына, саяси қуғын-сүргіндерден зардап шеккен, мүгедектігі бар немесе зейнеткерлер болып табылатын адамдарға - 1,07 айлық есептік көрсеткіш;
20) Қазақстан Республикасына ерекше еңбек сіңіргені үшін зейнетақы тағайындалған адамдарға -1,07 айлық есептік көрсеткіш;
2021.12.10. № 67-VII ҚР Заңымен 21) тармақшамен толықтырылды
21) күтімді жүзеге асыратын адамға - 1,4 ең төмен күнкөріс деңгейі.
2018.02.07. № 165-VІ ҚР Заңымен 3-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
3-тарау. Қорытынды және өтпелі ережелер
ҚР 1999.11.16 № 482-I; 2001.01.19 № 145-II; 2006.04.07. № 148-III (2007.01.01. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) Заңдарымен; 2015.17.03. № 293-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 8-бап өзгертілді
8-бап. Жәрдемақы тағайындаудан бас тарту, төлеуді тоқтату немесе тоқтата тұру
1. Жәрдемақы тағайындау үшiн растайтын құжаттарды табыс етпеген немесе деректерi дұрыс емес құжаттарды табыс еткен адамдарға жәрдемақы тағайындалмайды.
2. Жәрдемақы төлеу оны тағайындау үшін негіздер жойылған немесе алушы қайтыс болған жағдайда тоқтатылады.
3. Жәрдемақы төлеу жәрдемақы алушының сот тағайындаған бас бостандығынан айыру түріндегі қылмыстық жазаны өтеу кезеңінде тоқтатыла тұрады. Егер мұндай жәрдемақы алушы осы Заңның 4-бабының 3) тармақшасында көрсетілген азаматтарға жататын болса, жәрдемақы отбасының оған құқығы бар басқа мүшесіне қайта ресімделуі мүмкін.
2016.06.04. № 483-V ҚР Заңымен 4-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
4. Арнаулы әлеуметтік қызметтер ақылы негізде ұсынылатын адамдарды қоспағанда, жәрдемақы алушылардың мемлекеттік медициналық-әлеуметтiк мекемелерде (ұйымдарда) тұрған кезеңіне жәрдемақы төлеу тоқтатыла тұрады.
2021.12.10. № 67-VII ҚР Заңымен 5-тармақпен толықтырылды; 2022.27.06. № 129-VII ҚР Заңымен 5-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
5. Күтімді жүзеге асыратын адамға жәрдемақы мынадай:
1) ол кәмелетке толмаған;
2) ол заңды күшіне енген сот шешімі бойынша әрекетке қабілетсіз немесе әрекет қабілеті шектеулі деп танылған;
3) ол психикалық саулық саласында медициналық көмек көрсететін ұйымда есепте тұрған;
4) бірінші топтағы мүгедектігі бар адам толық мемлекеттің қамтамасыз етуінде болған жағдайда тағайындалмайды.
2021.12.10. № 67-VII ҚР Заңымен 6-тармақпен толықтырылды; 2022.27.06. № 129-VII ҚР Заңымен 6-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
6. Күтімді жүзеге асыратын адамға жәрдемақы төлеуді тоқтату үшін мыналар:
1) бірінші топтағы мүгедектігі бар адамның немесе күтімді жүзеге асыратын адамның өтініші;
2) бірінші топтағы мүгедектігі бар адамның немесе күтімді жүзеге асыратын адамның қайтыс болуы;
3) бірінші топтағы мүгедектігі бар адамның немесе күтімді жүзеге асыратын адамның басқа елді мекенге немесе Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерге тұрақты тұрғылықты тұруға кетуі;
4) мүгедектігі бар адамның мүгедектік тобының өзгеруі;
5) осы баптың 5-тармағында көзделген жағдайлардың анықталуы негіз болып табылады.
2021.12.10. № 67-VII ҚР Заңымен 7-тармақпен толықтырылды; 2022.27.06. № 129-VII ҚР Заңымен 7-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
7. Күтімді жүзеге асыратын адамды ауыстыру бірінші топтағы мүгедектігі бар адамның өтініші негізінде жүргізіледі. Күтімді жүзеге асыратын адамды ауыстыру туралы өтініш осы Заңның 5-бабына сәйкес Мемлекеттік корпорацияға беріледі.
2018.02.07. № 165-VІ ҚР Заңымен 8-1-баппен толықтырылды; 2019.26.12. № 287-VІ ҚР Заңымен 8-1-бап жаңа редакцияда (2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2021.12.10. № 67-VII ҚР Заңымен 8-1-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)
8-1-бап. Жәрдемақыға құқықтың сақталуы
1. 2018 жылғы 1 қаңтарға дейін жәрдемақы тағайындалған, құрамында бірге тұратын төрт және одан көп кәмелетке толмаған баласы, оның ішінде кәмелеттік жасқа толғаннан кейін білім беру ұйымдарын бітіретін уақытқа дейін (бірақ жиырма үш жасқа толғанға дейін) орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында күндізгі оқу нысаны бойынша білім алатын балалары бар көпбалалы отбасылар осы Заңның 6-бабының 2-тармағына сәйкес жәрдемақы алу құқығын 2020 жылғы 1 қаңтарға дейін сақтап қалады.
2020 жылғы 1 қаңтардан бастап осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген отбасыларға «Балалы отбасыларға берілетін мемлекеттік жәрдемақылар туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес бірге тұратын төрт және одан көп кәмелетке толмаған баласы, оның ішінде кәмелеттік жасқа толғаннан кейін білім беру ұйымдарын бітіретін уақытқа дейін (бірақ жиырма үш жасқа толғанға дейін) орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында күндізгі оқу нысаны бойынша білім алатын балалары бар көпбалалы отбасыларға тағайындалатын және төленетін ай сайынғы мемлекеттік жәрдемақы төленеді.
2021.12.10. № 67-VII ҚР Заңымен 2-тармақпен толықтырылды; 2022.27.06. № 129-VII ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
2. «Балалы отбасыларға берілетін мемлекеттік жәрдемақылар туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес бала кезінен бірінші топтағы мүгедектігі бар адамның күтіміне байланысты тағайындалатын және төленетін ай сайынғы мемлекеттік жәрдемақыны алушылар болып табылатын адамдарға осы Заңның 4-бабының 2-тармағында көзделген жәрдемақы мемлекеттік органдардың және (немесе) ұйымдардың тиісті ақпараттық жүйелеріндегі мәліметтер негізінде тағайындалады.
9-бап. осы Заңды күшіне енгізу тәртібі
Осы Заң 1999 жылғы 1 сәуірден бастап күшіне енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Президенті