Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығын 2010 жылға дейiн дамытудың
стратегиясы туралы және ауыл шаруашылығын 2010 жылға дейiн дамыту
стратегиясын iске асыру жөніндегі кеңейтiлген шаралардың жоспары
туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінiң
1997 жылғы 22 желтоқсандағы № 1817 қаулысы
(ҚР Үкіметінің 28.10.01 ж. № 1369 26.11.03 ж. № 1184 қаулысымен
енгізілген өзгерістерімен )
ҚР Үкіметінің 2007 жылғы 5 қазандағы № 908 Қаулысымен күші жойылды
Экономиканың аграрлық секторындағы жағдайдың түбегейлi өзгеруiне байланысты ауыл шаруашылығын дамытудың көкейкестi мiндеттерiн шешуге бағытталған жалпы мемлекеттік стратегияның шеңберiнде аграрлық саясатты жүзеге асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етедi:
1. Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығын 2010 жылға дейiн дамытудың стратегиясы және Ауыл шаруашылығын 2010 жылға дейiн дамыту стратегиясын iске асыру жөніндегі кеңейтiлген шаралардың жоспары бекітілсiн (қоса берiлiп отыр).
2. Министрлiктер мен ведомстволардың басшылары Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығын 2010 жылға дейiн дамытудың стратегиясын iске асыру жөніндегі кеңейтiлген шаралардың жоспарында айқындалған заң және нормативтiк актiлердi уақтылы және сапалы әзiрлеудi қамтамасыз етсiн.
ҚР Үкіметінің 2003.11.26. № 1184 қаулысымен (бұр. ред. қара) 3-тармақ өзгертілді
3. Мыналар:
ауыл шаруашылығын әлеуметтiк-экономикалық дамытудың мақсатты бағдарламалары мен жыл сайынғы жоспарларын әзiрлеу Ауыл шаруашылығын 2010 жылға дейiн дамыту стратегиясына негiзделедi;
Қазақстан Республикасының жауапты атқарушылары болып табылатын министрлiктерi мен ведомстволары, қоса атқарушылармен келісім бойынша, Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігіне, ал Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі - Қазақстан Республикасының Үкіметіне жылына екi рет Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығын 2010 жылға дейiн дамыту стратегиясын iске асырудың кеңейтiлген жоспарының орындалу барысы туралы ақпарат ұсынуды қамтамасыз етедi;
қажет болған жағдайда, Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығын 2010 жылға дейiн дамыту стратегиясын iске асыру жөніндегі кеңейтiлген жоспарға өзгерістер мен толықтырулар енгізудi Қазақстан Республикасының Үкіметіне енгiзедi деп белгiленсiн.
ҚР Үкіметінің 2003.11.26. № 1184 қаулысымен (бұр. ред. қара) 4-тармақ өзгертілді
4. Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығын 2010 жылға дейiн дамыту стратегиясын iске асыру жөніндегі кеңейтiлген жоспарын орындау Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігіне, ал оған бақылау жасау - Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігіне жүктелсiн.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрi
Қазақстан Республикасы
Үкіметінiң 1997 жылғы
22 желтоқсандағы
№ 1817 қаулысына
1 қосымша
Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығын
2010 жылға дейiн дамыту стратегиясы
I. Қазақстан Республикасы Ауыл
шаруашылығының қазiргi заманғы жай-күйi
Жай-күйi:
Рентабельдiлiгi
Ауыл шаруашылығының өнiмiн сатудан рентабельдiлiк деңгейi
| Барлығы % | Оның iшiнде |
| | өсiмдiк шаруашылығы | мал шаруашылығы |
1990 ж. | 46,0 | 105,4 | 18,9 |
1991 ж. | 40,2 | 87,8 | 24,9 |
1992 ж. | 75,8 | 151,7 | -4,9 |
1993 ж. | -2,2 | 28,2 | -27,7 |
1994 ж. | -6,7 | 9,8 | -24,5 |
1995 ж. | -17,9 | -2,9 | -30,7 |
1996 ж. | -20,8 | -1,9 | -43,7 |
Алынған көзi: ҚР Ауылшарминi, Экономминi
Қазақстанның ЖIӨ-дегi ауыл шаруашылығының үлесi (%)
1990 ж. 75% - 25%
1996 ж. 86% - 14%
Қазақстан Республикасы Қазақстан Республикасындағы
шаруашылықтарының барлық шаруашылықтардың барлық
санаттарындағы ауыл санаттарындағы жануарлардың
шаруашылығы өнiмiнiң негiзгi негiзгi түрлерiнiң саны
түрлерiнiң өндiрiсi (мың тонна)
Диаграмма
Материалдық-техникалық қамтамасыз ету
* ауыл шаруашылығының ауыл шаруашылығы машиналарының негiзгi
түрлерiмен қамтамасыз етiлуi 65-70% құрайды;
* пайдалану мерзiмi 5 және одан артық жылдағы машиналар мен
жабдықтардың үлесi 93% жеттi.
Топырақтың құнарлылығы
* егiстiктiң жартысы (16 млн. га) фосфор мен гумус құрамы төмен
жерлердi құрайды;
* соңғы 7 жыл iшiнде тыңайтқыштарды себудiң көлемi:
органикалығы 10-11 есе, минералдығы - 16-17 есе қысқарды.
* гумустың топырақты жыл сайынғы шығындалуы (1 га-ға тоннада)
астық себуге 0,5-1, егiстiк себілімiнде 1-3 құрайды;
* топырақтың құнарлылығын қалпына келтiру үшiн кемiнде 5 жыл
қажет.
Ауыл шаруашылығы өндiрiсi технологияларының
жаппай бұзылуы
* ауыл шаруашылығы дақылдарының зиянкестерден, аурулар мен арам
шөптерден өнiмдiлiгiнiң жоғалуы оның биологиялық мүмкiншiлiктерiнiң 30%
жетедi;
* ауыл шаруашылығы жануарларының жем-шөппен және мал дәрiгерлiк
профилактикасымен қамтамасыз етiлмеуiнен қатардан шығуы өсе түседi.
Капиталды салудың ең тәуекелдi аймағы
Өнiмдi өткізуге байланысты жағдайдың нашарлауы
Ауылдағы әлеуметтiк жағдайдың нашарлауы:
- кедейшiлiк;
- жұмыссыздық;
- қылмыс;
- білім;
- денсаулық сақтау;
- экология;
- инфрақұрылым.
* ауыл тұрғынының санасындағы нарықтық жаңғыртулардың болмай
қоймайтындығы жөніндегі психологиялық өзгерiс. Масылдық және
патериналистiк көңiл-күйлердiң әлсiреуi;
* жеке меншiкке деген оң қатынас беки түсуде;
* жеке меншiк және нарықтық қатынастар нығайып, дами түсуде;
* ауыл ендi инфляция көзi болып табылмайды;
* салада мемлекет иелiгiнен алу мен монополиясыздандыру жүзеге
асырылды;
* жаңғыртулар мен дамудың заңдық негiздерi қалыптасты;
* экспорт өстi;
* айқын жасалған мемлекеттік саясаттың болмауы. Мемлекеттік
құрылымдар мен басқару жүйелерiнiң өзгерiп жатқан селодағы жағдайға
бара-бар көңiл бөлмеуi;
* реформалардың зигзаг түрiнде жүзеге асырылуы;
- 1992-1994 жылдары экономикалық реформалардың
консервациялануы;
- 1994-1995 жылдары нарықтық жаңғыртулардың естен тандырыла
жүргiзiлуi;
- 1996-1997 жылдары экономикалық жаңғыртулардың баяулауы;
* қаржы капиталының болмауы;
* экономиканың басқа салаларымен салыстырғанда меншiк
қатынастары алға жылжытылмады;
- АӨК-де нарықтық және тауар-ақша қатынастарының терең
бюрократтық және криминалдық бұрмалануы (№ 1 сурет);
* ауыл тұрғындарының дәстүрлi консерватизмi мен ментальдiлiгi.
Ауылда әлеуметтiк саясаттың бара-бар әлсiремеуi;
* ауыл тұрғындарының реформаларға әлсiз бейiмделуi;
* сенiмдi өткізу рыноктарының болмауы;
* чиновниктердiң сыбайлас жемқорлығы мен парақорлығы;
СХЕМА
II. Мүмкiншiлiктер мен қауiп-қатерлер.
Күштi және әлсiз тұстары
Даму мүмкiншiлiгi
* Iрi өткізу рыноктары
* Жер шары халқының өсуi жылына 85-90 млн. адамды құрайды.
* 2005 жылға қарай әлемдiк тұтыну:
- 37 млн. тонна бидайға;
- 37 млн. тонна жем-шөптiк астыққа;
- 48 млн. тонна ақталған күрiшке өседi.
* Астықпен әлемдiк сауда жасаудың 80% дамушы елдердiң үлесiне
тиедi және астықты тұтынудың жыл сайынғы өсу қарқыны 2% құрайды;
* Бидайдың жалпы импортының 1/3-i халқының өсу деңгейi жоғары,
оны өндiрмейтiн немесе айтарлықтай емес мөлшерде өндiретiн елдерге
тиесiлi;
* Азияның дамыған елдерi азық-түлiктiң әлемдiк рыноктарын
дамытудың қозғаушы факторлары болып табылады;
* Азия тарапынан импортқа деген қажеттiлiк астықтың әлемдiк
бағасын ұстап тұратын болады;
* Азия азық-түлiктiң елеулi диверсификацияланған рыногын
ұсынады (астық, ет және оларды ұқсату өнiмдерi);
* ТМД елдерiнiң экономикалық өсуi мен халқының өсуiнiң
күтiлуi;
* Табиғи шикiзаттан жасалған бұйымдар мен тауарларға деген
қажеттiлiктiң өсуiнiң әлемдiк тенденциялары;
* Ашық нарықтық саудаға және нарықтың қатынастарды реттеудегi
мемлекеттiң рөлiн шектеуге көшу (рыноктардың ашықтығы, субсидиялардың
және дотациялардың күшiн жою, кеден реттеуiн оңайлату).
Астық рыногы
Азық-түлiк рыноктарын дамытудағы жалпы тенденциялар Қазақстан
үшiн астықпен сауда жасауда қолайлы жағдайлар тудырады, бұл:
* Қытай, Пәкiстан, Ауғанстан, Иран секiлдi жақын аумақтардың
қажеттiлiгiнiң ұлғаюы;
* географиялық жағдайларға байланысты дәстүрлi өткізу
рыноктарында (ТМД-ның Азиялық және Кавказ республикаларында), iшiнара
Ресейде, Солтүстiк Африка, Қиыр Шығыс және Оңтүстiк Азия елдерi
импортының өсуiнiң есебiнен орнығып қалуының мүмкiншiлiгi;
* астық ағынының әлемдiк саудада Қиыр Шығыс және
Оңтүстiк-Шығыс Азия жағына қарай өзгеруi мен жаңа көлiк жолдарының ашылуы
экспорттың бiр бөлiгiн үлесiне астықтың әлемдiк импортының 25% жуығы
тиесiлi Таяу Шығыс Азияға бағдарлануға мүмкiншiлiк бередi;
* тамақтанудың диверсификациясы, экономикалық өсу және
халықтың өсуi қатты және күштi бидай сорттарының, сондай-ақ олардың
негiзiнде астықты өңдеу өнiмдерiнiң астық рыноктарына қол жеткізуге жол
ашады;
* Қазақстанның экспорттық астық рыногының мүмкiн сыйымдылығы -
жылына 20-25 млн. тонна астық дақылдарына деген әлемдiк баға оларды
Қазақстанда жоғары рентабельдi өндiру үшiн мейлiнше жоғары;
* саланың өндiрiстiк емес шығындарды төмендету жөнiнде
жеткiлiктi резервтерi бар.
Ет рыногы
* Қазақстан бұрынғы Кеңес Одағының елдерiне ет пен ет өнiмдерiн
дәстүрлi берушi;
* ТМД Орта Азия республикалары халықтарының өсуi;
* еттi Ислам дүниесi елдерiне, әсiресе Пәкiстан, Иран, Түркия
және араб елдерiне берудiң перспективалары;
* Қытай - еттi тұтынудың перспективтi, әлеуеттi шексiз рыногы.
Жүн рыногы
* Европа рыногы - республиканың сапалы жүнi үшiн;
* Ресейде, Қырғызстанда және Украинада өндiрiстiң жандануы;
* Қытайдың халқының өсуiмен тұтынуының ұлғаюы;
* Таяу Шығыс және Орта Азия елдерiнiң (Пәкiстан, Иран)
елдерiнде рыноктардың қалыптасуы.
Терi шикiзатының рыногы
* Қазақстанның терi шикiзатындағы экспорт бойынша қажеттiлiгi
50-60% қанағаттандырылады;
* Түркия, Қытай және Ресей тараптарынан тұтыну рыноктарының
ұлғаюы;
* Үлкен көлемдердегi жоғары сапалы терi шикiзаты - Батыс
Европаның қажеттiлiгiне.
Мақта рыногы
* Мақтаның әлемдiк запасы жақын маңайдағы 2-3 жылға жеткiлiктi;
* Әлемдiк тұтынудың ұлғаюы табиғи жоғары сапалы шикiзаттан
жасалатын тауарларға деген қажеттiлiкке байланысты;
* Өткізу рыногы кейiн оны 2010 жылға қарай 275-280 мың тоннаға
дейiн өсiре отырып 240-250 мың тонна мақта шикiзатын өндiрудi қамтамасыз
етедi.
* IРI ЗАЙМДАР МЕН ТIКЕЛЕЙ ШЕТЕЛДIК ИНВЕСТИЦИЯЛАР
* ХАЛЫҚАРАЛЫҚ АЗЫҚ-ТҮЛIК ҰЙЫМДАРЫНЫҢ МҮДДЕЛIЛIГI
Даму қауiп-қатерi
* Әлеуметтiк азық-түлiк рыноктарына көлiк жолдарының болмауы;
* Бiрқатар рыноктардың Қазақстан тауары үшiн жабықтығы;
* Сауда қатынастарының реттелмеушiлiгi;
* Әлемдiк рыноктардағы бәсекелестiк пен тамыр-таныстық;
* Дәстүрлi рыноктардың төмен сатып алу қабiлетi.
КҮШТI ТҰСТАРЫ
АСА БАЙ ЖЕР РЕСУРСТАРЫ
Барлық ауыл шаруашылығы жерлерi (млн.га)
220,4 78
Қазақстан (01.01.97 ж.) Канада
Cонын ішінде
Қазақстан Канада
29,1 ( c.і. 2,3 187, 1 45,9 ( c.і. 0,8 32
суармалы егіндік) азықтық жер-су суармалы егіндік) азықтық жер-су
Халықтың 100 адамына келетін (га)
176 1121 177 123
егіндік азықтық жер-су егіндік азықтық жер-су
Топырақтың үлгiсi Қазақстан Канада
Қара топырақты жерлер - 35% - 35%
Қызғылт топырақты жерлер - 55% - 60%
Климаттық жағдайлар бойынша
Қазақстанның ауыл шаруашылығы шамамен Канадаға тең мәндi:
* егiн шаруашылығы тәуекелдi
* вегетациялық кезеңде жылумен
қамтамасыз етiлуi 2500-4500 градус
* жылдық жауын-шашынның мөлшерi:
астық себушi аймақтарда 150-320 мм
тау етегіндегі және таулы аймақта 460-880 мм
Орташа жылдық өндiру. млн.тонна (1991-1996 жылдар)
Қазақстан Канада
Бидай 10,1 25-26
Жемдiк астық 5,5 24-25
* Әлемдiк деңгейдегi ғылыми-техникалық прогреске жету үшiн ауыл
шаруашылығы барлық iшкi салаларының жоғары сыйымдылығы;
* Арзан және біліктi жұмыс күшi;
* Өнiмнiң сапасы;
* Iрi сақтау орындары мен ұқсатушы кәсiпорындардың жеткiлiктi
қуаттарының болуы;
* Дамыған ғылым;
* Туып келе жатқан жеке капитал.
ӘЛСIЗ ТҰСТАРЫ
* Нарықтық жаңғыртулардың аяқталмағандығы;
* Тиiмдi мемлекеттік саясаттың болмауы;
* Саланың дамымаған материалдық-техникалық базасы;
* Чиновниктiк (сыбайлас жемқорлық және қызмет бабын терiс
пайдалану);
* Маркетингтiк қамтамасыз ету;
* Жұмыс орындарымен қамтамасыз етiлмегендiгi;
* Өсiмдiктер мен топырақты қорғау, ауыл шаруашылығы жануарларын
сауықтыру, экологиялық жағдай;
* Сумен нашар қамтамасыз етiлушiлiк және суландырудың
жеткiлiктi емес дамыған жүйесi;
* Табиғи-климаттық жағдайлар.
III. МАҚСАТТАРЫ
1. Ауыл шаруашылығының жалпы өнiмiн 2010 жылға қарай 3-3,2 есе,
оның iшiнде:
* iшкi қажеттiлiк үшiн 30-35%;
* экспортқа 65-70% өсiру;
Бұл ретте мынадай көрсеткiштерге қол жеткiзiлуi тиiс:
* астық өндiру көлемi - 25-27 млн.тонна;
* мүмкiн тұқым себу алаңы - 16-17 млн.га;
* мүйiздi iрi қара малының жоғары өнiмдi саны - 6,5-7,0
млн.бас;
* қой мен ешкiнiң саны - 22-25 млн.бас.
2. Ауыл тұрғындарының кедейлiк деңгейiн төмендету және
әлеуметтiк қорғалуын арттыру, салауатты өмiр салтына жәрдемдесу.
Оның iшiнде:
* ауыл шаруашылығы өндiрiсiнiң тиiмдiлiгiн арттыру;
* мүлiктi пайдаланудан кiрiс алатын оның меншiк иелерiнiң жiгiн