Қазақстан Республикасы Yкіметінің 1998 жылғы 21 желтоқсандағы № 1304 және
1999 жылғы 28 желтоқсандағы № 2004 қаулыларына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 21 тамыздағы № 789 Қаулысы
(2010.20.05. берілген өзгерістермен)
Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер енгізілсін:
1) «Біріккен Ұлттар Ұйымының Орталық Азияның экономикаларына арналған Арнайы бағдарламасы мен Азия және тынық мұхит инфрақұрылымдарын дамыту жөніндегі Жаңа-Дели іс-қимыл жоспары жөніндегі Ұлттық семинардың шеңберінде көлік инфрақұрылымдарын дамыту мен шекаралардан өтуді оңайлатудың кейбір мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 21 желтоқсандағы № 1304 қаулысында:
көрсетілген қаулымен бекітілген Біріккен Ұлттар Ұйымының Орталық Азияның экономикаларына арналған Арнайы бағдарламасының шеңберінде Көлік инфрақұрылымдарын дамыту және шекаралардан өтуді оңайлату жөніндегі жобалық жұмыс тобының қазақстандық бөлігінің құрамына мыналар енгізілсін:
Қасымбек - Қазақстан Республикасының Көлік және
Жеңіс Махмудұлы коммуникация вице-министрі, жетекші;
Қабиева - Қазақстан Республикасы Индустрия және
Дәмегүл Нәбиқызы сауда министрлігінің Сауда саясатын
дамыту және Дүниежүзілік сауда ұйымына
кіру департаменті директорының
орынбасары;
Демесінов - Қазақстан Республикасы Сыртқы істер
Алмабек Мәлікұлы министрлігінің Халықаралық ұйымдар және
көп жақты ынтымақтастық департаментi
Біріккен Ұлттар Ұйымы бөлімінің бастығы
Бұтаев - Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы
Құдайберді Мырзаханұлы министрлігінің Фитосанитарлық
қауіпсіздік департаменті стратегия және
әдістеме бөлімінің бастығы;
көрсетілген құрамнан Әбілғазин Талғат Байтемірұлы, Боранғалиева Мәрзия Мұханбетрахымқызы, Қайыржанова Сәуле Абайқызы, Ахметов Асқар Әбдірашитұлы, Ерғалиева Ақгүл Күшбайқызы шығарылсын;
2) ҚР Үкіметінің 2010.20.05. № 453 Қаулысымен күші жойылды (бұр.ред.қара)
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі | Д. Ахметов |