Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінiң мәселелерi туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1997 жылғы 21 қарашадағы
№ 1640 қаулысы (ҚР Үкіметінің 02.03.98 ж. № 161; 27.01.98 ж. № 39;
21.04.99 ж. № 443 қаулыларымен енгізілген өзгерістерімен)
"Қазақстан Республикасында мемлекеттік басқарудың пәрмендiлiгiн одан әрi арттыру жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 1997 жылғы 10 қазандағы № 3655 Жарлығына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етедi:
1. Қоса берiлiп отырған Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі туралы ереже бекітілсiн.
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінiң құрылымы 1-қосымшаға сәйкес бекітілсiн.
ҚР Үкіметінің 02.03.98 ж. № 161 қаулысымен 3-тармақ жаңа редакцияда
3. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігіне төрт вице-министр, оның iшiнде бiр бiрiншi, сондай-ақ он жетi адамнан тұратын алқа ұстауына рұқсат етiлсiн.
4. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің қарауында қоса берiлiп отырған тiзбеге сәйкес (2-қосымша) ұйымдардың болатыны назарға алынсын.
5. Мыналардың күшi жойылған деп танылсын:
"Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің жекелеген мәселелерi туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1997 жылғы 28 сәуірдегі № 674 қаулысы;
"Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1997 жылғы 21 наурыздағы № 398 қаулысына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1997 жылғы 23 мамырдағы № 866 қаулысы;
"Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі туралы ереженi бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1997 жылғы 23 мамырдағы № 874 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1997 ж., № 19, 182-құжат);
"Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінiң кейбір мәселелерi туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1997 жылғы 30 қазандағы № 1466 қаулысының 7-тармағының 12-абзацы.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрi
Қазақстан Республикасы
Үкіметінiң
1997 жылғы 21 қарашадағы
№ 1640 қаулысымен
бекітілген
Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі
(Қаржыминi) туралы
ЕРЕЖЕ
Миссиясы
Мемлекеттік қаржыларды тиiмдi басқаруды қамтамасыз ету және тұрақты экономикалық өсуге жағдай жасау.
I. Жалпы ережелер
1. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі (бұдан әрi Министрлiк) Қазақстан Республикасының мемлекеттік қаржыларды басқару саласындағы орталық атқарушы органы болып табылады.
2. Министрлiк өзiнiң қызметiн Қазақстан Республикасының Конституциясына, заңдарына, Қазақстан Республикасының Президентi мен Үкіметінiң актілеріне, өзге де нормативтiк құқықтық актiлерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
3. Министрлiктiң және оның аумақтық органдарының өздерiнiң құзыретi шегiнде қабылдаған шешiмдерiн Қазақстан Республикасының барлық министрлiктерi, мемлекеттік комитеттерi, өзге де орталық және жергiлiктi атқарушы органдары, ұйымдары, ведомстволық бағыныстылығы мен меншiк нысанына қарамастан жеке және заңды тұлғалар атқаруға мiндеттi.
4. Министрлiк өзiнiң қарауында және ведомстволық бөлiмшелерiнде болатын мүлiктi иелену, пайдалану және билiк ету құқығын жүзеге асырады.
5. Министрлiк республикалық меншiктi пайдалану, иелену және билiк ету жөніндегі уәкiлеттi органның функциясын жүзеге асырады.
6. Министрлiктiң құрылымы мен штат санын Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайды.
7. Министрлiк заңды тұлға болып табылады, оның банкте шоттары, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік елтаңбасы бейнеленген, өзiнiң атауы мемлекеттік тiлде жазылған мөрi мен бланкiлерi болады.
8. Министрлiктi және оның құрылымдық бөлiмшелерiн ұстау республикалық бюджетте көзделген қаржы есебiнен жүзеге асырылады.
II. Басымдықтары
9. Министрлiк өзiнiң қызметiне мынадай басымдықтарды басшылыққа алады:
салық салынатын базаны кеңейту, контрабандамен күрес жүргiзу әдiстерiн жақсарту жолымен мемлекеттік кiрiстiң өсуiн қамтамасыз ету және салықтарды, алымдар мен кеден төлемдерiн төлеуден жалтаратын адамдарды анықтау;
мемлекеттік бюджеттi қалыптастыру мен атқару процесiн жетiлдiру, бюджеттік бағдарламалау әдiстерiн енгізу, мемлекеттік бюджет пен мемлекеттік бюджеттен тыс қорлардың есеп айырысу-кассалық қызмет көрсетуiн жақсарту;
мемлекеттік қаражаттарды пайдаланудың мониторингi мен аудиттi жүйесiн құру және дамыту;
мемлекеттік меншiктi басқарудың тиiмдiлiгiн арттыру;
тiкелей және кепiлдiк берiлген мемлекеттік борышты басқару жүйесiн жетiлдiру.
III. Негiзгi мiндеттерi
10. Мемлекеттік дамыту стратегиясын әзiрлеуге және iске асыруға қатысу.
11. Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар жөніндегі агенттiгiмен және Ұлттық Банкiмен бiрлесе отырып, мемлекеттiң қысқа және орта мерзiмдi перспективаға арналған салық-бюджет және кеден саясатын әзiрлеу және оны жүзеге асыру.
12. Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар жөніндегі агенттiгiмен және Ұлттық Банкiмен бiрлесе отырып, республикалық бюджет және мемлекеттік топтастырылған балансының жобасын қалыптастыру.
13. Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар жөніндегі агенттiгiмен және Ұлттық Банкiмен бiрлесе отырып, қаржылық және бюджеттік жоспарлаудың, мемлекеттік бюджеттi реттеу және атқарудың әдiстерiн жетiлдiру.
14. Мемлекеттік қаржылық есеп берудiң нысандары мен әдiстерiн жетiлдiру.
15. Республикалық меншiктi пайдалану, иелену және билiк ету бойынша уәкiлеттi органның функциясын жүзеге асыру.
16. Заңды және жеке тұлғалардың мемлекеттік қаржы тәртібін сақтауына бақылау жасауды ұйымдастыру.
17. Сақтандыру қызметi саласында мемлекеттік сақтандыруды қадағалауды жүзеге асыру.
18. Мемлекеттік қаражаттардың, мемлекеттік сыртқы заемдар мен гранттардың, сондай-ақ мемлекет кепiлдiгi берiлген сыртқы заемдардың мақсатты және тиiмдi пайдаланудың мониторингi және оған бақылау жасау.
19. Бухгалтерлiк есеп пен аудит, қаржылық есеп беру және оның экономикалық барлық саласындағы үйлестiру методологиясын айқындау.
ҚР Үкіметінiң 27.01.98 ж. № 39 қаулысымен жаңа 20-таpмақпен толықтыpылды, 20-63-таpмақтар тиiсiнше 21-64-таpмақтаp болып саналды
IV. Функциялары
20. Алкогольдi өнiмдi өндipуге және оның айналымына мемлекеттік бақылау.
21. Мемлекеттік қаржыларды басқару саласында мемлекеттік саясаттың мақсаттары мен басымдықтарын айқындауға қатысу.
22. Мемлекеттік әлеуметтiк-экономикалық және ғылыми-техникалық бағдарламаларды, стратегиялық және индикативтiк жоспарларды әзiрлеуге қатысу.
23. Басқарудың тиiмдi ұйымдастырушылық нысандарын әзiрлеу және енгізу.
24. Мемлекеттік қаржы саласындағы заңдарды қолданудың практикасын талдау және қорытындылау, оны жетiлдiру жөнiнде ұсыныстар әзiрлеу, Министрлiктiң құзыретiне жататын заңдардың және нормативтiк, құқықтық актiлердiң жобаларын әзiрлеуге қатысу.
25. Халықаралық шарттар мен келісімдердiң жобаларын әзiрлеуге қатысу.
26. Мемлекеттік қаржыларды басқару мәселелерi бойынша халықаралық ұйымдармен өзара iс-қимыл мен ынтымақтастықты ұйымдастыру.
V. Құқықтары
27. Мемлекеттік органдардан, ұйымдардан, лауазымды адамдардан, заңды және жеке тұлғалардан заңдарда белгiленген тәртiппен ақпарат сұрау және алу.
28. Өз құзыретi шегiнде мемлекеттік органдардың, ұйымдардың және жеке тұлғалардың орындауы үшiн мiндеттi нұсқаулар мен нормативтiк құқықтық актiлер шығару.
29. Заңды және жеке тұлғалардың қаржы тәртiптерiн сақтауларын бақылау мен қадағалауды жүзеге асыру, сондай-ақ қолданылып жүрген заңдарда белгiленген тәртiппен жауапкершiлiкке тарту.
30. Республикалық меншiктегi мүлiктi иелену, пайдалану және билiк ету, өз құзыретiнiң шегiнде акциялардың мемлекеттік пакетiн басқару.
31. Қолданылып жүрген заңдарда белгiленген жағдайларда және тәртiппен лицензиялауды жүзеге асыру.
32. Мемлекеттік кәсiпорын құрылтайшыларының және оларды басқару жөніндегі уәкiлеттi органдардың функцияларын заңдарда белгiленген тәртiппен iске асыру, олардың жарғыларын бекіту, республикалық меншiк құқығы субъектiсiнiң оларға қатысты функцияларын жүзеге асыру.
33. Өз құзыретiнiң мәселелерi бойынша халықаралық ұйымдармен өзара iс-қимыл мен ынтымақтастықты ұйымдастыру.
34. Мемлекеттік қаржылар мен мемлекеттік бюджеттен тыс қорлардың мақсатты пайдаланылуына бақылау жасау.
35. Бiрыңғай қазынашылық шоттың ағымдағы қалдықтарын тиiмдi орналастыру жолымен оларды басқару.
VI. Мiндеттерi
36. Мемлекеттік қаржыларды басқару саласында Қазақстан Республикасы заңдарының сақтауын қамтамасыз ету.
37. Мемлекеттік қаржылардың пайдаланылуына талдау жасауды жүзеге асыру.
38. Мемлекеттік қаржыларды пайдаланудың транспаренттiгiн қамтамасыз ету.
39. Мемлекеттік бюджеттi жоспарлау мен атқаруды жетiлдiру жөнiнде шаралар әзiрлеу және жүзеге асыру.
40. Мемлекеттік бюджеттiң және мемлекеттік бюджеттен тыс қорлардың аудит стандарттарын әзiрлеу.
VII. Жауапкершiлiгi
41. Министрлiктiң стратегиялық жоспарын жүзеге асыруға.
42. Мемлекеттік қаржы жүйесiнiң жай-күйi туралы ақпараттардың сенiмдiлiгiне.
43. Мемлекеттік қаржылардың тиiмдi және мақсатты пайдаланылуына.
44. Мемлекеттік қаржыларды басқару саласында Қазақстан Республикасы заңдарының, Президент және Үкiмет актілерінiң сақталуына.
45. Қаржы тәртібін сақтау саласында шаруашылық жүргiзушi субъектiлер мен тұрғындар арасындағы насихат және ағарту жұмыстарына.
VIII. Министрлiктiң қызметiн ұйымдастыру
46. Министрлiк пен оның аумақтық органдары Министрлiктiң бiртұтас жүйесiн құрады.
47. Министрдi Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасының Президентi қызметке тағайындайды және қызметiнен босатады. Министрдiң ұсынуымен Қазақстан Республикасының Үкіметі қызметке тағайындайтын және қызметiнен босататын үш орынбасары - вице-министрлерi, оның iшiнде бiр бiрiншi орынбасары болады. Министрдiң Парламентпен байланыс жасау жөніндегі хатшы вице-министрi болады.
48. Министр Министрлiктiң жұмысын ұйымдастырады және басқарады, Министрлiкке жүктелген мiндеттердiң орындалуы мен оның өз функцияларын жүзеге асыруына дербес жауап бередi.
ҚРҮ-нiң 02.03.98 ж. № 161 қаулысымен 49-тармақтың 6-абзацы жаңа редакцияда
49. Осы мақсаттар үшiн Министр:
- өзiнiң орынбасарларының, Министрлiктiң департаментi директорларының және басқа да қызметкерлердiң мiндеттерi мен өкiлдiктердiң аясын айқындайды;
- Министрлiктiң қызметкерлерiн қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;
- қолданылып жүрген заңдарға сәйкес Министрлiктi барлық органдар мен ұйымдарға бiлдiредi;
- Министрлiктiң қызметiн қамтамасыз ететiн Құрылымдар туралы ережелердi бекiтедi;
- штат кестесi Қазақстан Республикасының Үкіметі белгiлеген қызметкерлер саны және еңбекақы төлеу қоры шегiнде бекітіледi.
- өзiнiң құзыретiне жататын басқа да мәселелер жөнiнде шешiм қабылдайды.
50. Министрлiкте құрамында Министр, оның орынбасарлары, департаменттер мен комитеттердiң жекелеген басшылары болатын алқа құрылады. Алқаның құрамына өзге де тұлғалар кiре алады.
Алқаның сандық құрамын Қазақстан Республикасының Үкіметі бекiтедi.
Алқаның дербес құрамын Министр бекiтедi.
Алқаның шешiмi Министрдiң бұйрықтарымен iске асырылады. Алқа мүшелерiнiң дауыстары тең болған жағдайда шешiмдi алқаның төрағасы қабылдайды.
51. Мемлекеттiң қаржы саясатын жүргiзу жөніндегі функцияларды iске асыру үшiн Министрлiктiң құрамына министрлiктердiң, мемлекеттік комитеттердiң, басқа да мемлекеттік органдар мен ұйымдардың өкiлдерiн, сондай-ақ жекелеген ғалымдар мен мамандарды енгiзе отырып, тұрақты жұмыс iстейтiн әдiстемелiк (методологиялық) кеңестер мен уақытша жұмыс топтарын құруға құқығы бар.
52. Министрлiк өз құзыретiнiң мәселелерi бойынша орталық және жергiлiктi атқарушы органдар үшiн мiндеттi шешiмдер қабылдайды.
53. Министрлiктiң қабылдаған шешiмдерi Министрдiң бұйрықтарымен ресiмделедi.
54. Министр болмаған кезде Министрдiң бiрiншi орынбасары оны алмастырады, Министрлiк жанындағы комитеттердiң қызметiн үйлестiредi, өзiне Министр жүктеген өзге де мiндеттердi жүзеге асырады.
55. Министрлiктiң орталық аппараты департаменттер мен Министрлiктiң қызметiн қамтамасыз ететiн құрылымдардан тұрады. Министрлiктiң құрамында заңды тұлға болып табылатын департаменттер және комитеттердiң құрылуы мүмкiн. Департаменттердiң (заңды тұлға құқығы бар) және комитеттердiң тiзбесiн Үкiмет бекiтедi. Мұндай департаменттер мен комитеттер құру туралы шешiмдi Үкiмет қабылдайды.
56. Департаменттi Министр қызметке тағайындайтын және қызметтен босататын Директор басқарады. Заңды тұлға болып табылатын Департаменттiң директорын Министрдiң ұсынуымен Үкiмет қызметке тағайындайды және қызметтен босатады. Департамент директорының ұсынуымен Министр қызметке тағайындайтын және қызметтен босататын орынбасары болады.
Департамент және оның құрылымы туралы ереженi Департамент директорының ұсынуымен Министр бекiтедi. Заңды тұлға болып табылатын департаменттер туралы ереженi Үкiмет бекiтедi.
57. Департаменттiң директоры Департаменттiң жұмысын ұйымдастырады және оған басшылық жасайды және Департаментке жүктелген мiндеттердiң орындалуын, оның ол функцияларын жүзеге асыруына дербес жауап бередi.
58. Министрлiктiң жанындағы (iшіндегі) Комитет (бұдан әрi - Комитет) Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.
59. Комитет Министрлiктiң құзыретi және өзiне берiлген өкiлеттiктер шегiнде арнаулы атқарушы және бақылау-қадағалау функцияларын дербес жүзеге асырады. Комитеттiң өз құзыретi шегiнде қабылдаған шешiмдерi барлық органдардың, ұйымдардың, лауазымды адамдар мен азаматтардың орындауы үшiн мiндеттi.
60. Комитет заңды тұлға болып табылады, банкте өзiнiң шоты, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік елтаңбасы бейнеленген, қазақ және орыс тiлдерiнде атауы жазылған мөрi болады.
61. Комитеттiң штат санын Үкiмет айқындайды.
62. Комитеттi Министрдiң ұсынуымен Қазақстан Республикасының Үкіметі қызметке тағайындайтын және қызметтен босататын төраға басқарады. Комитет төрағасының ұсынуымен қызметке тағайындайтын және қызметтен босататын Комитет төрағасының орынбасары болады.
63. Комитеттiң төрағасы Комитеттiң жұмысын ұйымдастырады және басқаруды жүзеге асырады. Комитетке жүктелген мiндеттердiң орындалуына және оның өз функцияларын жүзеге асыруына дербес жауап бередi.
64. Комитеттiң төрағасы осы мақсаттарды:
өз орынбасарының және Комитеттiң құрылымдық бөлiмшелерi басшыларының мiндеттерi мен жауапкершiлiк дәрежесiн айқындайды;
Министр бекітетiн номенклатуралық қызмет лауазымдарына сәйкес Комитет қызметкерлерiн қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;
тәртiптiк шаралар қолданады;
өз құзыретiнiң шегiнде бұйрықтар шығарады;
Комитеттiң құрылымдық бөлiмшелерi, оның аумақтық органдары туралы ережелердi бекiтедi;
қолданылып жүрген заңдарға сәйкес өз құзыретiнiң шегiнде Комитеттi мемлекеттік органдарда және ұйымдарда бiлдiредi;
өзiнiң құзыретiне жататын басқа да мәселелер бойынша шешiмдер қабылдайды.
ҚР Үкіметінің 27.01.98 ж. № 39 қаулысымен Қосымша толықтыpылды
Қазақстан Республикасы
Үкіметінiң
1997 жылғы 21 қарашадағы
№ 1640 қаулысына
1-қосымша
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінiң
ҚҰРЫЛЫМЫ
Бюджеттік департамент
Бухгалтерлiк есеп және аудит методологиясы департаментi (заңды тұлға құқығында)
Ақпарат жұмысын инспекторлық-ұйымдастыру департаментi
Қаржы жүйесi кадрларын даярлау мен қайта даярлау және
қызметкерлермен жұмыс iстеу департаментi
Қазынашылық департаментi (заңды тұлға құқығында)
Мемлекеттік мүлiк пен жекешелендiру департаментi (заңды тұлға құқығында)
Фискальдық саясат департаментi
Заң қызметi департаментi
Сақтандыруды қадағалау департаментi (заңды тұлға құқығында)
Салық полициясы департаментi (заңды тұлға құқығында)
Қаржы бақылау комитетi (заңды тұлға құқығында)
Сырттан қарыз алу жөніндегі комитет (заңды тұлға құқығында)
Салық комитетi (заңды тұлға құқығында)
Кеден комитетi (заңды тұлға құқығында)
Мемлекеттік сатып алу жөніндегі департамент (заңды тұлға құқығында)
Мемлекеттік материалдық резервтер жөніндегі комитет (заңды тұлға құқығында)
Алкоголь өнiмiн өндipуге және оның айналымына мемлекеттік бақылау жасау жөніндегі комитет (заңды тұлға құқығында)
Қазақстан Республикасы
Үкіметінiң
1997 жылғы 21 қарашадағы
№ 1640 қаулысына
2-қосымша
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінiң
қарауындағы ұйымдардың
ТIЗБЕСI
ҚР Үкіметінің 1999.04.21. № 443 қаулысымен Қосымшада жол алып тасталды
Мемлекеттік жинақтаушы зейнетақы қоры
Медетшi банкi
"Кәсiпорындарды қайта ұйымдастыру және тарату жөніндегі агенттiк"
Мемлекеттік қаржы институты
Ақмола қаржы-экономикалық колледжi
Рымбек Байсейiтов атындағы Семей қаржыэкономикалық колледжi
Бас есептеу орталығы
"Қаржы-қаражат" баспасы
Қызмет ғимараттарын пайдалану және шаруашылық қызмет көрсету жөніндегі басқарма
Қаржы жүйесiнiң басшы қызметкерлерi мен мамандарының біліктiлiгiн арттырудың тұрақты жұмыс iстейтiн курстары