Қазақстан Республикасы Үкіметінiң кейбір шешiмдерiне өзгерістер
мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінiң
1998 жылғы 27 қаңтардағы № 39 Қаулысы (ҚР Үкіметінің 27.08.99 ж.
№ 1258; 21.09.99 ж. № 1433 қаулыларымен енгізілген өзгерістерімен)
ҚР Үкіметінің 2008 ж. 12 маусымдағы № 578 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етедi:
ҚР Үкіметінің 27.08.99 ж. № 1258 қаулысымен 17-23 абзацтарының күші жойылды;
ҚР Үкіметінің 21.09.99 ж. № 1433 қаулысымен 1-тармақтың 24-26 абзацтарының күші жойылды
1. Қазақстан Республикасы Үкіметінiң мына шешiмдерiне өзгерістер мен толықтырулар енгiзiлсiн:
"Қазақстан Республикасы Президентінің 1995 жылғы 17 сәуірдегі № 2001 қаулысын жүзеге асыру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1995 жылғы 29 желтоқсандағы № 1894 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1995 ж., № 41, 515-құжат):
көрсетiлген қаулыға 1-қосымша:
реттiк нөмiрi 14-жолдағы, 3-бағандағы "этил спиртi мен алкоголь өнiмдерiн өндiру" деген сөздер алынып тасталсын;
реттiк нөмiрi 27-жолдағы 3-бағандағы "Алкогольдi өнiмдердi (сырадан басқа) сақтау және көтерме сату" деген сөздер алынып тасталсын;
реттiк нөмiрi 34-жолдағы 2-бағандағы "Қазақстан Республикасының Экономика және сауда министрлігі" деген сөздер "Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінiң Алкогольдi өнiмдi өндiруге және олардың айналымына мемлекеттік бақылау жасау жөніндегі комитетi" деген сөздермен ауыстырылсын, 3-баған мынадай мазмұндағы абзацтармен толықтырылсын:
"этил спиртi мен алкогольдi өнiмдердi өндiру;
алкогольдi өнiмдердi сақтау және көтерме сату";
"Қазақстан Республикасында этил спиртi мен арақ импортын лицензиялау туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1997 жылғы 27 маусымдағы № 1031 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1997 ж., № 29, 263-құжат):
3-тармақтың екiншi абзацындағы "Экономика және сауда министрлігі" деген сөздер "Қаржы министрлігінiң Алкогольдi өнiмдi өндiруге және олардың айналымына мемлекеттік бақылау жасау жөніндегі комитетi" деген сөздермен ауыстырылсын;
"Қазақстан Республикасында тауарлардың (жұмыстардың, қызмет көрсетулердiң) экспорты мен импортын лицензиялау туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1997 жылғы 30 маусымдағы № 1037 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1997 ж., № 29, 266-құжат):
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"3. Қазақстан Республикасының Энергетика, индустрия және сауда министрлігі осы қаулыға 2-6-қосымшаларға сәйкес белгiленген номенклатура бойынша тауарлардың экспорты мен импортына (этил спиртi мен арақтан басқа) лицензиялар берсiн.";
Мынадай мазмұндағы 4-тармақпен толықтырылсын:
"4. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінiң Алкогольдi өнiмдi өндiруге және олардың айналымына мемлекеттік бақылау жасау жөніндегі комитетi этил спирті мен арақтардың импортына лицензиялар берсін";
4-6-тармақтар тиiсiнше 5-7-тармақтар болып есептелсiн.
"Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінiң мәселелерi туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1997 жылғы 21 қарашадағы № 1640 қаулысына:
көрсетiлген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі туралы ережеде;
"Негiзгi мiндеттерi" деген тарау мынадай мазмұндағы 20-тармақпен толықтырылсын:
"20. Алкогольдi өнiмдi өндiруге және оның айналымына мемлекеттік бақылау";
20-63-тармақтар тиiсiнше 21-64-тармақтар болып есептелсiн;
көрсетiлген қаулыға "Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінiң құрылымы" деген 1-қосымшада:
"Алкоголь өнiмiн өндiруге және оның айналымына мемлекеттік бақылау жасау жөніндегі комитет (заңды тұлға құқығында)" деген сөздермен толықтырылсын.
2. Министрлiктер, мемлекеттік комитеттер, Қазақстан Республикасы Үкіметінiң құрамына кiрмейтiн өзге де орталық атқарушы органдар және жергiлiктi атқарушы органдар бұрын қабылданған шешiмдерiн осы қаулыға сәйкес келтiрсiн.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрi