мыналар толық болуға тиiс депозитарийдiң ережелер жиынтығы (екi данада):
а) депозитарийдiң функциялары;
б) депозитарийге мүше болу шарттары, депозитарийдiң және оның мүшелерiнiң құқықтары мен мiндеттерi;
в) клиенттермен жұмыс iстеу регламентi;
г) депо шот құрылымы және депо шот мазмұнындағы ақпараттар;
д) бағалы қағаздармен және депо шоттармен жүргiзетiн операциялар бойынша депозитарий жүзеге асыратын нысандар және технологиялар, оларды есепке алу тәртібі;
е) ақша қаражаттарымен және бағалы қағаздармен операциялар жүргiзуге рұқсат берiлген қызметкерлердiң құрамы;
ж) құжаттардың және депозитарийдегi, сондай-ақ депозитариймен оның клиенттерiнiң арасындағы құжаттар айналысы тәртібінiң нысандары;
з) мәлiметтердiң тұтастығы мен ақпараттардың құпиялығын қамтамасыз етудi бақылаудың iшкi ережелерi. Ережеде мыналар туралы ақпараттар болуы керек:
- құжаттарды тiркеу, сақтау және архивке өткізу тәсiлдерi;
- архивпен жұмыс iстеуге рұқсат беру тәртібі;
- мәлiметтердiң электрондық топтамаларын сақтау тәсiлдерi;
- бағалы қағаздармен жасалған мәмiлелердi сақтау және техникалық қызмет көрсету жөніндегі бағдарламалық құралдармен жұмыс iстеуге қызметкерлерге рұқсат беру тәртібі;
- iшкi бақылау жүйесi және мәлiметтердi тексеру тәртібі;
- мәлiметтер жоғалған жағдайда оларды қалпына келтiру тәсiлдерi;
- өртке қарсы шаралар және штаттан тыс жағдаяттардағы әрекеттер;
и) қызметкерлердiң лауазымдық нұсқаулары;
өз капиталының жеткiлiктi деңгейiн қолданылып жүрген заңдарға сәйкес есептерi;
депозитарийдiң құрылтайшыларына бағалы қағаздар рыногындағы кәсiби қызметтiң бiр түрiн жүзеге асыру құқығына ҚР ҰБ берген лицензиялардың көшiрмелерi;
мамандардың, оның iшiнде бағалы қағаздармен операциялар жүргiзетiн оның филиалдары мамандарының біліктiлiк куәлiктерiнiң көшiрмелерi;
біліктiлiк куәлiктерi бар мамандардың еңбек кiтапшаларының көшiрмелерi;
лицензиялық алымның төленгендiгi туралы төлем тапсырмасының көшiрмесi;
бiрiншi басшы, бас бухгалтер қол қойған, заңды тұлғаның мөрiмен куәландырылған және бухгалтерлiк есептiң қолданылып жүрген заңдарға сәйкестiлiгi туралы аудиторлық қорытындымен (аудиторлық қорытынды жылдық баланстың мәлiметтерi бойынша берiледi және қолданылып жүрген заңдардың талаптарына сәйкес болуы керек) расталған соңғы есептi жылдың және ҚР ҰБ құжаттарды ұсыну алдындағы соңғы есептi датаға түзетiлген, соңғы тоқсанның аяғына бухгалтерлiк баланстарды және балансқа қосымшаларды (қаржылық-шаруашылық қызметтiң нәтижелерi туралы есеп, ақша қаражаттарының қозғалысы туралы есеп).
10. Орталық депозитарий қызметiн лицензиялау кезiнде ҚР ҰБ эмитенттен өтiнушiнiң қызметiне қатысты қосымша құжаттамаларды талап етуге, сондай-ақ осы қызметтiң қолданылып жүрген заңдарымен белгiленген ережелерiнiң сақталысына бақылау жасауға құқықты.
ҚР ҰБ өтiнушiнiң ұсынған құжаттарындағы мәлiметтердiң ақиқат еместiгi үшiн жауапкершiлiкте болмайды.
IV. Лицензия алу туралы өтiнiштердi қарау мерзiмдерi
11. Құжаттар ҚР ҰБ-на келiп түскен сәттен бастап 30 күн iшiнде қаралады. Ұсынылған құжаттар қолданылып жүрген заңдар мен осы Ереженiң талаптарына сәйкес келмеген жағдайда, ҚР ҰБ-дан ресми жауап алған сәттен бастап бiр тоқсан iшiнде кемшiлiктердi жоюды жүзеге асыру керек. Көрсетiлген мерзiм асып кеткен жағдайда, өтiнушi бухгалтерлiк құжаттарды, аудиторлық қорытындыны және жеке капиталының соңғы есептi күн жағдайындағы есебiн ұсыну керек.
V. Лицензия берiлгенi үшiн алым
12. Лицензиялық алымның мөлшерi мен оны төлеудiң тәртібі Қазақстан Республикасының Үкіметінiң қаулысымен бекітіледi.
VI. Лицензия беруден бас тарту және шағымдану
13. Егер:
субъектiлердiң осы санаты үшiн қызметтiң белгiлi бiр түрiн жүзеге асыруға заң актілерімен тыйым салынса;
осы Ереженiң 9-тармағына сәйкес барлық құжаттар ұсынылмаса;
лицензия берiлгенi үшiн алым төленбесе;
өтiнушiге қатысты, оған осы қызмет түрiмен шұғылдануға тыйым салатын соттың шешiмi бар болса;
өтiнушi бекітілген біліктiлiк талаптарына сай келмесе;
өтiнушi ұсынған ақпараттың қолданылып жүрген заңдар мен ҚР ҰБ нормативтiк актілерін бұзуға әкеп соғатындығы расталса лицензия берiлмейдi.
14. Лицензия беруден бас тартқан кезде өтiнушiге жазбаша түрде, лицензия беру үшiн белгiленген мерзiмдерде дәлелдi жауап берiледi.
15. Егер лицензия белгiленген мерзiмде берiлмесе немесе өтiнушiге лицензия беруден бас тарту дәлелсiз болса, өтiнушi бiр ай мерзiм iшiнде осы әрекеттер жөнiнде сот тәртібімен шағымдануға құқықты.
VII. Лицензияны қолдануды тоқтату
16. Лицензия:
лицензияны қайтарып алынған;
лицензия берiлген заңды тұлға қайта ұйымдастырылған немесе таратылған жағдайларда өз қызметiн тоқтатады.
17. Заңды тұлға қайта тiркелгенде лицензияны қолдану күшi сақталады.
18. Лицензияның күшiн тоқтатуға байланысты даулар сот тәртібімен шешiледi.
VIII. Лицензияны қайтарып алу және оны
қолдануды тоқтата тұру
19. Лицензия:
лицензиядағы талаптарды лицензиат орындамаған;
лицензияны қолдануды тоқтатуға себеп болған кемшiлiктер жойылмаған;
лицензия бойынша жүзеге асырылатын қызмет түрiмен лицензиаттың шұғылдануына сот тыйым салған жағдайларда қайтарылып алынуы мүмкiн.
20. Лицензияны қолдану:
лицензия алуға ұсынылған құжаттардағы ақпараттың ақиқат еместiгi анықталған;
осы Ереженiң 26 және 27-тармақтарының талаптары бұзылған;
өз капиталының ең аз мөлшерi ҚР ҰБ белгiлеген талаптарға сәйкес келмеген;
лицензия берiлген сәттен бастап бiр жыл iшiнде қолданылмаған;
бағалы қағаздар рыногын реттейтiн заңдар бұзылған жағдайларда тоқтатыла тұруы мүмкiн.
21. Лицензиар тоқтата тұру себептерiн көрсете отырып лицензияны қолдануды алты айға дейiнгi мерзiмге тоқтата тұруға құқылы.
22. Лицензияны қолдану тоқтатыла тұрған жағдайда лицензиат анықталған жолсыздықтарды жоюға мiндеттi, содан кейiн ҚР ҰБ-ның жазбаша хабарламасы бойынша лицензияны қолдану қайта iске қосылуы мүмкiн. Лицензияны қолдануды кiдiрту туралы жазбаша ескертпенi алғаннан кейiнгi лицензиаттың қызметi заңсыз болып саналады және Қазақстан Республикасының заңдарымен белгiленген жауапкершiлiкке әкеп соғады.
23. Лицензия қайтарылып алынған жағдайда лицензиат ресми хабарлама алған сәттен бастап он күн iшiнде лицензияны және ҚР ҰБ-ның белгiсi қойылған жарғыны ҚР ҰБ қайтаруға мiндеттi.
24. Лицензияны қайтарып алу немесе қолдануды тоқтата тұру туралы ҚР ҰБ шешiмi жөнiнде сот тәртібімен шағым жасалуы мүмкiн.
IХ. Лицензиялық ережелердiң сақталуына бақылау жасау
25. Орталық депозитарийдiң қызметiне бақылау жасауды ҚР ҰБ-ның атқарушы аппараты жүзеге асырады.
26. Лицензия алған тұлға осы Ереженiң 9-тармағына сәйкес лицензиялауға ұсынылған құжаттардағы өзгерістер туралы ҚР ҰБ-ға жазбаша түрде хабарлауға мiндеттi.
Өзгерістер туралы деректер ҚР ҰБ-ға он күн мерзiмде берiлу керек.
27. Лицензиат ҚР ҰБ белгiлеген мерзiмде бағалы қағаздар рыногында кәсiби қызметтi жүзеге асыру бойынша жұмыс қорытындылары туралы есеп беруге мiндеттi.
28. Лицензияны қолдануға бақылау жасау барысында ҚР ҰБ Орталық депозитарийдiң қызметiне тексерiс жүргiзуге мiндеттi. Лицензиат сұрау алған сәттен бастап он күннен кешiктiрiлмей ҚР ҰБ талап еткен ақпаратты беруге мiндеттi.
Орталық депозитарий жүзеге асыратын жұмыстар мен қызметтердiң тiзбесi:
а) депоненттердiң бағалы қағаздарын нақтылы ұстаушысының функциялары;
б) бағалы қағаздармен жасалатын мәлiметтердi орындау;
в) депоненттердiң және олардың клиенттерiнiң бағалы қағаздарына құқықтарды белгiлеу және осы құқықтарды растау;
г) бағалы қағаздар рыногының кәсiби қатысушыларымен өзара iс-қимыл;
д) бiр мезгiлде ақысын төлей отырып, депоненттердiң бағалы қағаздарына құқықтарды тiркеу;
е) есеп айырысу-клирингтiк қызмет;
ж) трансфер-агенттер құру, олардың қызметтерiнiң ресiмдерi мен ережелерiн бекіту;
з) консультациялық, ақпараттық және депонентпен жасасқан шарт бойынша Қазақстан Республикасының заңдарына қайшы келмейтiн қызметтердiң өзге түрлерi.