мамандардың, оның iшiнде бағалы қағаздармен операциялар жүргiзетiн филиалдар мамандарының біліктiлiк куәлiктерiнiң көшiрмелерi;
біліктiлiк куәлiктерi бар мамандардың еңбек кiтапшаларының көшiрмелерi;
лицензиялық алым төленгендiгi туралы төлем тапсырысының көшiрмесi.
ҚР Үкіметінің 2001.10.28. № 1396 қаулысымен 14-тармақ өзгерді
14. Екiншi деңгейдегi банктер банктiк қызметтi жүзеге асыруға құқық беретiн лицензияның көшiрмесiн ұсынулары қажет.
15. Өтiнiшiнiң жоғарыда көрсетiлген құжаттарға қол қойған лауазымды адамды құжаттарда көрсетiлген деректер ақиқаттығы үшiн заңмен белгiленген жауапкершiлiкте болады.
IV. Лицензия беру туралы өтiнiштердi қарау мерзiмдерi
16. Құжаттар ҚР ҰБ-на келiп түскен сәттен бастап 30 күн iшiнде қаралады. Ұсынылған құжаттар қолданылып жүрген заңдар мен осы Ереженiң талаптарына сәйкес келмеген жағдайда, ҚР ҰБ-дан ресми жауап алған сәттен бастап бiр тоқсан iшiнде кемшiлiктердi жоюды жүзеге асыру керек. Көрсетiлген мерзiм асып кеткен жағдайда, өтiнушi бухгалтерлiк құжаттарды, аудиторлық қорытындыны және капиталының соңғы есептi күн жағдайындағы есебiн ұсыну керек.
V. Лицензия берiлгенi үшiн алым
17. Лицензиялық алымның мөлшерi мен оны төлеудiң тәртібі Қазақстан Республикасы Үкіметінiң қаулысымен бекітіледi.
VI. Лицензия беруден бас тарту және шағымдану
18. Егер:
субъектiлердiң осы санаты үшiн қызметтiң белгiлi бiр түрiн жүзеге асыруға заң актілерімен тыйым салынса;
осы Ереженiң 13-тармағына сәйкес талап етiлетiн барлық құжаттар ұсынылмаса;
лицензия берiлгенi үшiн алым төленбесе;
өтiнушiге қатысты, оған осы қызмет түрiмен шұғылдануға тыйым салатын соттың шешiмi бар болса;
өтiнушi бекітілген біліктiлiк талаптарына сай келмесе;
өтiнушi ұсынған ақпараттың қолданылып жүрген заңдар мен ҚР ҰБ нормативтiк актілерін бұзуға әкеп соғатындығы расталса лицензия берiлмейдi.
19. Лицензия беруден бас тартқан кезде өтiнушiге жазбаша түрде, лицензия беру үшiн белгiленген мерзiмдерде дәлелдi жауап берiледi.
20. Егер лицензия белгiлеген мерзiмде берiлмесе немесе өтiнушiге лицензия беруден бас тарту дәлелсiз болса, ол бiр ай мерзiм iшiнде осы әрекеттер жөнiнде сот тәртібімен шағымдануға құқықты.
VII. Лицензияны қолдануды тоқтату
21. Лицензия:
лицензияны қолдану мерзiмi аяқталған;
лицензия қайтарып алынған;
лицензия берiлген заңды тұлға қайта ұйымдастырылған немесе таратылған жағдайларда өз қызметiн тоқтатады.
22. Заңды тұлға қайта тiркелгенде лицензия мерзiмiнiң аяғына дейiн сақталады.
23. Лицензияның күшiн тоқтатуға байланысты даулар сот тәртібімен шешiледi.
VIII. Лицензияны қайтарып алу және оны
қолдануды тоқтата тұру
24. Лицензия:
лицензия мазмұнындағы талаптарды лицензиат орындамаған;
лицензияны қолдануды тоқтатуға себеп болған кемшiлiктер жойылмаған;
лицензия бойынша жүзеге асырылатын қызмет түрiмен лицензиаттың шұғылдануына сот тыйым салған жағдайларда қайтарылып алынуы мүмкiн.
25. Лицензияны қолдану:
лицензия алуға ұсынылған құжаттарда ақиқат емес ақпараттар анықталған;
осы Ереженiң 31 және 32-тармақтарының талаптары бұзылған;
өз капиталының ең аз мөлшерi ҚР ҰБ белгiлеген талаптарға сәйкес келмеген;
лицензияны берiлген сәттен бастап бiр жыл iшiнде қолданбаған;
бағалы қағаздар рыногындағы қызметтердi реттейтiн заңдар бұзылған жағдайларда тоқтатыла тұруы мүмкiн.
26. Лицензиар кiдiрту себептерiн көрсете отырып, лицензияны қолдануды алты айға дейiнгi мерзiмге тоқтата тұруға құқылы.
27. Лицензияны қолдану тоқтатыла тұрған жағдайда лицензиат анықталған жолсыздықтарды жоюға мiндеттi, содан кейiн ҚР ҰБ-ның жазбаша хабарламасы бойынша лицензияны қолдану жаңартылуы мүмкiн. Лицензияны қолдануды тоқтата тұру туралы жазбаша хабарламаны алғаннан кейiнгi лицензиаттың қызметi заңсыз болып саналады және Қазақстан Республикасының заңдарымен белгiленген жауапкершiлiкке әкеп соғады.
28. Лицензия керi қайтарылып алынған жағдайда лицензиат ресми хабарламаны алған сәттен бастап он күн iшiнде лицензияны және ҚР ҰБ-ның белгiсi қойылған жарғыны ҚР ҰБ-сына қайтаруға мiндеттi.
29. Лицензияны қайтарып алу немесе қолдануды тоқтата тұру туралы ҚР ҰБ-ның шешiмi жөнiнде сот тәртібімен шағым жасалуы мүмкiн.
IХ. Лицензиялық ережелердiң сақталуына
бақылау жасау
30. Тiркеушiлiк қызметтi жүзеге асыруға бақылау жасауды ҚР ҰБ-ның атқарушы аппараты жүзеге асырады.
31. Лицензия алған тұлға осы Ереженiң 13-тармағына сәйкес лицензиялауға ұсынылған құжаттардағы өзгерістер туралы ҚР ҰБ-ға жазбаша түрде хабарлауға мiндеттi.
Өзгерістер туралы мәлiметтер ҚР ҰБ-ға он күн мерзiмде берiлуi керек.
32. Лицензиат ҚР ҰБ айқындаған мерзiмде бағалы қағаздар рыногында кәсiби қызметтi жүзеге асыру бойынша жұмыс қорытындылары туралы есеп беруге мiндеттi.
33. Лицензияны қолдануға бақылау жасау барысында ҚР ҰБ тiркеушiлiк қызметке жергiлiктi жерлерде тексерiс жүргiзуге құқықты. Лицензиат ҚР ҰБ талап еткен ақпаратты сұрау салынған сәттен бастап он күннен кешiктiрiлмей беруге мiндеттi.
Тiркеушi жүзеге асыратын жұмыстар мен қызметтердiң тiзбесi:
1. Бағалы қағаздар иеленушiлерiнiң құқықтарын тiркеу.
2. Бағалы қағаздар ұстаушыларының тiзiлiмiн жинау, белгiлеу, жүргiзу және сақтау.
3. Бағалы қағаздар ұстаушыларының құқықтарын растау.
4. Эмитенттен оның бағалы қағаздарын ұстаушыларына ақпараттар беру.
5. Эмитенттiң тiлегi бойынша консалтингтiк, ақпараттық және эмитентпен жасасқан шартта көзделген, Қазақстан Республикасының заңдарына қайшы келмейтiн өзге де қызметтер көрсету.
Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1997 жылғы 4 наурыздағы № 293 қаулысымен Бекiтiлген
Бағалы қағаздар рыногындағы кастодиалдық қызметтi
лицензиялау туралы
ЕРЕЖЕ
ҚР Үкіметінің 2001.10.28. № 1396 қаулысымен мәтініндегі сөздер ауыстырылды
ҚР Үкіметінің 2001.10.28. № 1396 қаулысымен кіріспе өзгерді
Бағалы қағаздар рыногындағы кастодиалдық қызметтi лицензиялау туралы ереже (Ереже) Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің (ҚР ҰБ) Қазақстан Республикасындағы кастодиалдық қызметтi лицензиялау және лицензиялық ережелердiң, лицензияны қолдану мерзiмдерiнiң сақталуына бақылау жасау тәртібін айқындайды.
I. Жалпы ережелер
1. Осы Ереже Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексiнiң (жалпы бөлiм), Қазақстан Республикасы Президентінің "Бағалы қағаздар және қор биржасы туралы" 1995 жылғы 21 сәуірдегі № 2227, "Лицензиялау туралы" 1995 жылғы 17 сәуірдегі № 2200 Заң күшi бар Жарлықтарының және Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1996 жылғы 29 шiлдедегi № 944 қаулысымен бекітілген "Қазақстан Республикасындағы бағалы қағаздар рыногындағы кастодиалдық қызмет туралы ереженiң" негiзiнде жасалады.
2. Кастодиалдық қызметтi лицензиялау кастодиалдық қызметтi жүзеге асыратын бағалы қағаздар рыногының кәсiби қатысушыларының қызметтерiне бақылау жасауды қамтамасыз ету және инвесторлардың мүдделерiн қорғау мақсатында жүргiзiледi.
3. ҚР ҰБ кастодиалдық қызметтi жүзеге асыру құқығына лицензия алған бағалы қағаздар рыногы кәсiби қатысушыларының бiрыңғай тiзiлiмiн жүргiзедi. Аталған тiзiлiмге, сондай-ақ лицензиаттағы лицензияны берудiң, тоқтатудың, тоқтата тұруды тоқтатудың және қайтарып алудың барлық фактілері туралы мәлiметтер енгiзiледi.
4. Кастодиалдық қызметтi жүзеге асыру үшiн лицензия алуға арналған біліктiлiк талаптары қолданылып жүрген заңдармен айқындалады.
5. Бағалы қағаздар рыногындағы кастодиалдық қызметтi жүзеге асыруға берiлген лицензия (бұдан әрi - лицензия) уақытша болып табылады. Лицензияның қолданылу мерзiмi - 3 жыл.
6. Кастодиалдық қызмет айрықша болып табылатын қызмет түрлерiнен басқа, бағалы қағаздар рыногындағы кәсiби қызметтiң кез келген түрiмен қоса атқарылады.
7. Лицензияның күшi Қазақстан Республикасының барлық аумағына, сондай-ақ Қазақстан Республикасы қатысушы болып табылатын, күшiне енгiзiлген халықаралық келісімдерi бар басқа да мемлекеттердiң аумағында қолданылады.
II. Лицензияны берудiң шарттары
8. Лицензия алуға ниет бiлдiрген заңды тұлғаға мынадай талаптар қойылады:
а) қоғамның штатында және оның құрамына кiретiн әрбiр филиалында бағалы қағаздармен жасалған мәмiлелердi тiркеу жөніндегі қызметтi жүзеге асыруға біліктiлiк куәлiгi бар кемiнде үш маман болу керек.
Бұл ретте тұлғалардың мынадай санаттары мiндеттi аттестациялаудан өткiзiлуге жатады:
кастодиалдық қызметтi жүзеге асыруға қатысатын мамандар;
кастодиалдық қызметтiң орындалысын қамтамасыз ететiн бөлiмдер мен бөлiмшелердiң жетекшiлерi;
кастодиалдық қызметтi жүзеге асыруға жауап беретiн атқарушы директорлар (басқарушылар) немесе олардың орынбасарлары.
Аталған мамандардың экономикалық, техникалық, заңдық жоғары білімдерi немесе кемiнде үш жыл жұмыс стажы бар экономикалық орта арнаулы білімдерi бар болуы керек;
б) кастодиалдық қызметтi жүзеге асыруға лицензиясы бар кәсiби қатысушының жеке капиталының жеткiлiктi деңгейi оның қызметiнiң барлық кезеңiнде ҚР ҰБ-ның талаптарына сәйкес болу керек;
в) ақпараттар ағымдарына және құжаттар айналысына, есеп жүргiзуге және есеп беруге фирмаiшiлiк бақылау жасау жүйесi болу керек. Лицензиатта клиенттiң, оның бағалы қағаздарымен және ақша қаражаттарымен заңсыз және рұқсат етiлмеген операциялар жүргiзудi болдырмау жөніндегі тетiктер мен ресiмдер iске қосылуға тиiс;
г) ұйымдастыру техникалары, компьютерлер және бағалы қағаздар рыногының басқа кәсiби қатысушыларымен өзара әрекеттердi жүзеге асыруға арналған телекоммуникациялық жабдықтар болу керек;
д) кастодиалдық қызметтi тиiстi түрде жүзеге асыруды қамтамасыз ететiн үй-жай және бағдарламалық-техникалық құралдар болу керек;
е) өзiнiң бағалы қағаздарының эмиссиясы тiркелу керек.
9. Кастодиалдық қызметтi лицензиялау кезiнде ҚР ҰБ өтiнушiнiң қызметiне қатысты қосымша құжаттарды талап етуге, сондай-ақ осы қызметтiң заңмен белгiленген ережелерiнiң сақталуына бақылау жасауды жүзеге асыруға құқықты.
Өтiнушiнiң ұсынған құжаттарындағы мәлiметтердiң ақиқат еместiгi үшiн ҚР ҰБ жауап бермейдi.
10. Ұсынылған құжаттар қолданылып жүрген заңдар мен осы Ереженiң талаптарына сәйкес келсе, өтiнушiге кастодиалдық қызметтi жүзеге асыру құқығына лицензия берiледi. Лицензия бекітілген үлгi бойынша ресiмделедi. Лицензияның сыртқы бетiне лицензияны қолдану мерзiмi туралы белгiсiмен ҚР ҰБ-ның штампы қойылады. Сонымен қатар өтiнушiнiң құрылтай құжаттарына тиiстi белгi жасалады - лицензиялаушы органның мөртаңбасы қойылады. Құрылтай құжаттарының бiр данасы өтiнушiге қайтарылады және алынған лицензияның ажыратылмайтын бөлшегi болып табылады. Екiншi данасы лицензиялаушы органда сақталады.
11. Лицензия басшыға немесе лицензиаттың уәкiлеттi өкiлiне (сенiмхат негiзiнде) берiледi.
III. Лицензия алу үшiн қажеттi құжаттар
12. Кастодиалдық қызметтi жүзеге асыруға лицензия алу үшiн заңды тұлға ҚР ҰБ-на мынадай құжаттарды ұсынады:
үлгi өтiнiш;
заңды тұлғаны мемлекеттік тiркеу туралы куәлiктiң көшiрмесi;
шаруашылық жүргiзушi субъектiнiң статистикалық карточкасы;
барлық өзгерістермен және толықтырулармен қоса тiгiлген және нотариалды жолмен расталған құрылтай құжаттарының көшiрмелерi (екi дана);
кастодианның:
а) клиенттердiң бағалы қағаздарына есеп жүргiзу және сақтау тәртібі;
б) клиенттердiң бағалы қағаздарымен жасалған мәмiлелердiң орындалысын бақылау тәртібі;
в) бағалы қағаздармен жүргiзiлген операцияларды орындау тәртібі;
г) ақпараттардың тұтастығы мен құпиялығын қамтамасыз етуге арналған:
- құжаттарды тiркеу, сақтау және архивке өткізу тәсiлдерi;
- архивтермен жұмыс iстеуге рұқсат беру тәртібі;
- мәлiметтердiң электрондық топтамаларын сақтау тәсiлдерi;
- клиенттердiң бағалы қағаздары мен ақша қаражаттарын сақтау жөніндегі бағдарламамен жұмыс iстеуге қызметкерлерге рұқсат беру;
- iшкi бақылау жүйесi және клиенттердiң бағалы қағаздарымен жасалған мәмiлелердi тiркеу жөніндегі мәлiметтердi тексеру;
- мәлiметтер жоғалған жағдайда, оларды қалпына келтiру тәсiлдерi;
- өртке қарсы шаралар және штаттан тыс жағдаяттардағы әрекеттер туралы iшкi бақылау ережелерi;
д) қызметкерлердiң лауазымдық нұсқаулары (құжатта кастодианның лауазымды тұлғаларының мiндеттерi мен жауапкершiлiгi егжей-тегжейлi түрде сипатталады) енгiзiлген құжаттар жүйесiн;
бiрiншi басшы, бас бухгалтер қол қойған, заңды тұлғаның мөрiмен куәландырылған және бухгалтерлiк есеп берудiң қолданылып жүрген заңдарға сәйкестiгi туралы аудиторлық қорытындымен (аудиторлық қорытынды жылдық бухгалтерлiк баланстың мәлiметтерi бойынша берiледi және қолданылып жүрген заңдардың талаптарына сәйкес болу керек) расталған соңғы есептi жылдың және құжаттарды ҚР ҰБ-на нұсқау алдындағы соңғы тоқсанның аяғына бухгалтерлiк баланстарды және балансқа қосымшаларды (қаржы-шаруашылық қызметтiң нәтижелерi туралы есеп, ақшалай қаражаттардың қозғалысы туралы есеп);
өз капиталының қолданылып жүрген заңдарға сәйкес жеткiлiктi деңгейiнiң есебi;
мамандардың, оның iшiнде кастодиалдық қызметтi жүзеге асыратын филиалдар мамандарының біліктiлiк куәлiктерiнiң көшiрмелерi;
өтiнушiнiң (оның филиалдарының) біліктiлiк куәлiктерi бар мамандарының еңбек кiтапшаларының көшiрмелерi;
лицензиялық алымды төлегендiгi туралы төлем тапсырмасының көшiрмесi.
ҚР Үкіметінің 2001.10.28. № 1396 қаулысымен 13-тармақ өзгерді
13. Кастодиалдық қызметпен тек қана заңды және жеке тұлғалардан депозиттер қабылдауға, аудару және сейфтiк операцияларды жүзеге асыруға Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінің лицензиясы бар екiншi деңгейдегi банктер шұғылдана алады.
14. Жоғарыда көрсетiлген құжаттарға қол қойған лицензиаттың лауазымды тұлғалары осы құжаттардағы деректердiң ақиқаттығы үшiн заңмен белгiленген жауапкершiлiкте болады.
IV. Лицензия беру туралы өтiнiштi қарау мерзiмдерi
15. Кастодиалдық қызметтi лицензиялау үшiн ұсынылған құжаттарды ҚР ҰБ лицензиялау үшiн құжаттар пакетiн ұсынған сәттен бастап 30 күн iшiнде қарайды. Ұсынылған құжаттар қолданылып жүрген заңдар мен осы Ереженiң талаптарына сәйкес келмеген жағдайда, БҚҰК-дан ресми жауап алған сәттен бастап бiр тоқсан iшiнде кемшiлiктердi жоюды жүзеге асыру керек. Көрсетiлген мерзiм асып кеткен жағдайда, өтiнушi бухгалтерлiк құжаттарды, аудиторлық қорытындыны және жеке капиталының соңғы есептi күн жағдайындағы есебiн ұсыну керек.
V. Лицензия берiлгенi үшiн алым
16. Лицензиялық алымның мөлшерi мен оны төлеудiң тәртібі Қазақстан Республикасы Үкіметінiң қаулысымен бекітіледi.
VI. Лицензияны беруден бас тарту және шағымдану
17. Егер:
субъектiлердiң осы санатына қызметтiң белгiлi бiр түрiн жүзеге асыруға заң актілерімен тыйым салынса;
осы Ереженiң 12-тармағына сәйкес талап етiлетiн барлық құжаттар ұсынылмаса;
лицензия берiлгенi үшiн алым төленбесе;
өтiнушiге қатысты, оған қызметтiң осы түрiмен шұғылдануға тыйым салатын соттың шешiмi бар болса;
өтiнушi белгiленген біліктiлiк талаптарына сай келмесе;
өтiнушi ұсынған ақпараттың қолданылып жүрген заңдарды және БҚҰК нормативтiк актілерін бұзуға әкеп соғатындығы расталса лицензия берiлмейдi.
18. Лицензия беруден бас тартқан кезде өтiнушiге жазбаша түрде лицензия беру үшiн белгiленген мерзiмде дәлелдi жауап берiледi.
19. Егер лицензия белгiленген мерзiмде берiлмесе немесе өтiнушiге лицензия беруден бас тарту дәлелсiз болса, ол бiр ай мерзiм iшiнде осы әрекеттер жөнiнде сот тәртібімен шағымдануға құқылы.
VII. Лицензияны қолдануды тоқтату
20. Лицензия:
лицензияны қолдану мерзiмi аяқталған;
лицензия қайтарылып алынған;
лицензия берiлген заңды тұлға қайта ұйымдастырылған немесе таратылған жағдайларда өз қызметiн тоқтатады.
21. Заңды тұлға қайта тiркелгенде лицензия мерзiмiнiң соңына дейiн сақталады.
22. Лицензияның күшiн тоқтатуға байланысты даулар сот тәртібімен шешiледi.
VIII. Лицензияны қайтарып алу және оны
қолдануды тоқтата тұру
23. Лицензия:
лицензиядағы талаптарды лицензиат орындамаған;
лицензиядағы қолдануды тоқтата тұруға себеп болған кемшiлiктер жойылмаған;
лицензия бойынша жүзеге асырылатын қызмет түрiмен лицензиаттың шұғылдануына сот тыйым салған жағдайларда қайтарылып алынуы мүмкiн.
24. Лицензияны қолдану:
лицензия алуға ұсынылған құжаттардағы ақпараттың ақиқат еместiгi анықталған;
осы Ереженiң 30 және 31-тармақтарының талаптары бұзылған;
жеке капиталының ең аз мөлшерi ҚР ҰБ белгiлеген талаптарға сәйкес келмеген;
лицензия берiлген сәттен бастап бiр жыл iшiнде қолданылмаған;
бағалы қағаздар рыногындағы қызметтердi реттейтiн заңдар бұзылған жағдайларда лицензияны қолдану тоқтатыла тұруы мүмкiн.
25. Лицензиар тоқтатыла тұру себептерiн көрсете отырып, лицензияны қолдануды алты айға дейiнгi мерзiмге тоқтата тұруға құқылы.
26. Лицензияның қолдану тоқтатыла тұрған жағдайда лицензиат анықталған кемшiлiктердi жоюға мiндеттi, содан кейiн ҚР ҰБ жазбаша хабарламасы бойынша лицензияны қолдану қайта iске қосылуы мүмкiн. Лицензияны қолдануды тоқтата тұру туралы жазбаша хабарламаны алғаннан кейiнгi лицензиаттың қызметi заңсыз болып саналады және Қазақстан Республикасының заңдарымен белгiленген жауапкершiлiкке әкеп соғады.
27. Лицензия қайтарылып алынған жағдайда, лицензиат ресми хабарламаны алған сәттен бастап он күн iшiнде лицензияны және ҚР ҰБ-ның белгiсi қойылған жарғыны ҚР ҰБ-сына қайтаруға мiндеттi.
28. Лицензияны қайтарып алу және тоқтата тұру туралы ҚР ҰБ-ның шешiмi жөнiнде сот тәртібімен шағым жасалуы мүмкiн.
IХ. Лицензиялық ережелердiң сақталуына бақылау жасау
ҚР Үкіметінің 2001.10.28. № 1396 қаулысымен 29-тармақ өзгерді
29. Кастодиалдық қызметке бақылау жасауды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi жүзеге асырады.
30. Лицензия алған тұлға осы Ереженiң 12-тармағына сәйкес лицензиялауға ұсынылған құжаттардағы өзгерістер туралы ҚР ҰБ-на жазбаша түрде хабарлауға мiндеттi.
Өзгерістер туралы деректер ҚР ҰБ-на он күн мерзiмде берiлу керек.
31. Лицензиат ҚР ҰБ айқындаған мерзiмде бағалы қағаздар рыногындағы кәсiби қызметтi жүзеге асыру бойынша жұмыстың қорытындылары туралы есеп беруге мiндеттi.
32. Лицензияны қолдануға бақылау жасау барысында ҚР ҰБ кастодиалдық қызметке өз орындарында тексерiс жүргiзуге құқылы. Лицензиат ҚР ҰБ талап еткен ақпаратты сұрау салынған сәттен бастап он күннен кешiктiрмей беруге мiндеттi.
Кастодиан жүзеге асыратын жұмыстар мен қызметтердiң тiзбесi:
а) өз клиенттерiнiң бағалы қағаздарымен жасалған мәмiлелердiң орындалысына бақылау жасау;
б) клиенттерiнiң сақтауға орналастырылған бағалы қағаздары мен ақша қаражаттарының сақталысына және оларға есеп жүргiзiлуiн қамтамасыз ету;
в) атаулы бағалы қағаздарға есеп жүргiзу;
г) бағалы қағаздардың нақтылы ұстаушысы ретiнде қызметтi жүзеге асыру;
д) клиенттердiң бағалы қағаздарымен жасалған мәмiлелер жөніндегі төлем агентiнiң функциясын атқару;
е) клиенттердiң бағалы қағаздары мен ақша қаражаттарын аудару және алу жөніндегі бұйрықтарды орындау;
ж) бағалы қағаздар бойынша кiрiстердi алу және оларды клиенттердiң шоттарына есептеу;
з) клиенттерге эмитенттен ақпарат беру;
и) клиенттердiң бұйрықтары бойынша ақша қаражатын төлеу;
к) клиентпен жасасқан шартта көзделген және Қазақстан Республикасының заңдарына қайшы келмейтiн өзге қызметтердi көрсету.
Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1997 жылғы 4 наурыздағы № 293 қаулысымен Бекiтiлген
Орталық депозитарийдi лицензиялау туралы
ЕРЕЖЕ
ҚР Үкіметінің 2001.10.28. № 1396 қаулысымен мәтініндегі сөздер ауыстырылды
ҚР Үкіметінің 2001.10.28. № 1396 қаулысымен кіріспе өзгерді
Бағалы қағаздар рыногындағы Орталық депозитарийдi лицензиялау туралы ереже (бұдан әрi - Ереже) Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің (бұдан әрi - ҚР ҰБ) Қазақстан Республикасындағы Орталық депозитарийдi лицензиялау, сондай-ақ лицензиялық ережелердiң сақталуына бақылау жасауды жүзеге асыру тәртібін белгiлейдi.
I. Жалпы ережелер
1. Осы Ереже Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексiнiң (жалпы бөлiм), Қазақстан Республикасы Президентінің "Бағалы қағаздар және қор биржасы туралы" 1995 жылғы 21 сәуірдегі № 2227, "Лицензиялау туралы" 1995 жылғы 17 сәуірдегі № 2200 Заң күшi бар Жарлықтарының, Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1996 жылғы 29 шiлдедегi № 944 қаулысымен бекітілген "Қазақстан Республикасының Орталық депозитарий туралы ереженiң" негiзiнде жасалды.
2. Орталық депозитарий қызметiн жүзеге асыруға лицензия алу үшiн біліктiлiк талаптары қолданылып жүрген заңдармен айқындалады.
3. Бағалы қағаздар рыногындағы Орталық депозитарий қызметiн жүзеге асыруға берiлген лицензия (бұдан әрi - лицензия) тұрақты болып табылады.
4. Орталық депозитарийдiң қызметi бағалы қағаздар рыногындағы қызметтiң айрықша түрi болып табылады және Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайлардан басқа, кәсiпкерлiк қызметтiң өзге түрлерiмен қоса атқарылмайды.
5. Лицензияның күшi Қазақстан Республикасының барлық аумағында, сондай-ақ Қазақстан Республикасы қатысушы болып табылатын, күшiне енгiзiлген халықаралық келісімдер бар басқа да мемлекеттердiң аумағында қолданылады.
II. Лицензияны беру шарттары
6. Лицензия алуға ниет бiлдiрген заңды тұлғаға мынадай талаптар қойылады:
а) Орталық депозитарийдiң штатында және оның әрбiр филиалында бағалы қағаздармен жасалған мәмiлелердi тiркеу жөніндегі қызметтi жүзеге асыру құқығына біліктiлiк куәлiгi бар ең кемi үш маман болуы керек.
Бұл ретте тұлғалардың мынадай санаттары мiндеттi аттестациялаудан өткiзiлуге жатады:
бағалы қағаздармен жасалған мәмiлелердi тiркеуге қатысатын, клиенттермен тiкелей жұмыс iстейтiн мамандар;
бағалы қағаздармен жасалған мәмiлелердi тiркеудi қамтамасыз ететiн бөлiмшелер мен бөлiмдердiң жетекшiлерi;
бiрiншi басшы немесе оның орынбасарларының бiреуi.
Осы мамандар мен басшылардың экономикалық, техникалық, заңдық жоғары немесе мамандығы бойынша кемiнде үш жыл стажы бар арнаулы орта экономикалық білімдерi болу керек;
б) Орталық депозитарийдiң жеке капиталының жеткiлiктi деңгейi оның қызметiнiң барлық кезеңiнде ҚР ҰБ-ның талаптарына сәйкес болу керек;
в) өзiнiң бағалы қағаздарының эмиссиясы тiркелу керек;
г) Орталық депозитарий жұмысының ережелер жинағы, ақпараттар ағымдарына және құжаттар айналысына, есеп жүргiзуге және есеп беруге фирмаiшiлiк бақылау жасау жүйесi болу керек. Өтiнушiде клиенттердiң, оның өз бағалы қағаздарымен заңсыз және рұқсат етiлмеген операциялар жүргiзудi болдырмау жөніндегі тетiктер мен рәсiмдер iске қосылуға тиiс;
д) ұйымдастыру техникалары, компьютерлер және бағалы қағаздар рыногының басқа кәсiби қатысушыларымен өзара әрекеттердi жүзеге асыруға арналған телекоммуникациялық жабдықтар болу керек;
е) құжаттамалар мен Орталық депозитарийдiң қызметiн тиiстi дәрежеде қамтамасыз ететiн бағдарламалық-техникалық құралдарды сақтауға арналған үй-жай болу керек.
7. Ұсынылған құжаттар заңдардың және осы Ереженiң талаптарына сәйкес келсе, өтiнушiге Орталық депозитарий қызметiн жүзеге асыру құқығына лицензия берiледi. Лицензия бекітілген үлгi бойынша ресiмделедi, Лицензияның сыртқы бетiне лицензияны қолдану мерзiмi көрсетiлген ҚР ҰБ-ның мөртаңбасы қойылады. Сонымен қатар өтiнушiнiң құрылтай құжаттарына тиiстi белгiлер жасалады - лицензиялаушы органның штампы қойылады. Құрылтай құжаттарының бiр данасы өтiнушiге қайтарылады және лицензияның ажыратылмайтын бөлшегi болып табылады. Екiншi данасы лицензиялаушы органда сақталады.
8. Лицензия басшыға немесе өтiнушiнiң уәкiлеттi өкiлiне (сенiмхат негiзiнде) берiледi.
III. Лицензия алу үшiн қажеттi құжаттар
9. Лицензия алу үшiн заңды тұлғалар ҚР ҰБ-ға мынадай құжаттарды ұсынады:
үлгi өтiнiш;
заңды тұлғаны мемлекеттік тiркеу туралы куәлiктiң көшiрмесi;
бағалы қағаздар эмиссиясын тiркеу туралы куәлiктiң көшiрмесi;
барлық өзгерістерiмен және толықтыруларымен қоса мемлекеттік органда тiркелген, тiгiлген және нотариалды жолмен куәландырылған құрылтай құжаттарының көшiрмелерi (екi дана);
шаруашылық жүргiзу субъектiнiң статистикалық карточкасы;
клирингтiк қызметке берiлген Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің лицензиясы;