Бағалы қағаздар рыногындағы кәсiби қызметтi жүзеге асыру құқығына
лицензия беру тәртібі мен шарттарын бекіту туралы Қазақстан
Республикасы Үкіметінiң 1997 жылғы 4 наурыздағы № 293 қаулысы
(ҚР Үкіметінің 2001.10.28. № 1369 қаулысымен енгізілген
өзгерістерімен)
ҚР Үкіметінің 2005.09.02. № 124 қаулысымен күші жойылды
"Лицензиялау туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 1995 жылғы 17 сәуірдегі № 2200 Заң күшi бар Жарлығын орындау үшiн, бағалы қағаздар рыногындағы кәсiби қызметтi лицензиялау мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етедi:
1. Қоса берiлiп отырған:
Бағалы қағаздар рыногындағы брокерлiк және дилерлiк қызметтi лицензиялау туралы ереже;
Бағалы қағаздар ұстаушылар тiзiлiмiн жүргiзу жөніндегі қызметтi лицензиялау туралы ереже;
Бағалы қағаздар рыногындағы кастодиалдық қызметтi лицензиялау туралы ереже;
Орталық депозитарийдi лицензиялау туралы ереже бекітілсiн.
ҚР Үкіметінің 2001.10.28. № 1369 қаулысымен 2-тармақ өзгерді
2. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі (келісім бойынша) осы қаулыны жүзеге асыру жөнiнде қажеттi шаралар қабылдасын.
3. Осы қаулы жарияланған күнiнен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрi
Қазақстан Республикасы
Үкіметінiң
1997 жылғы 4 наурыздағы
№ 293 қаулысымен
Бекiтiлген
Бағалы қағаздар рыногындағы брокерлiк және дилерлiк
қызметтi лицензиялау туралы
ЕРЕЖЕ
ҚР Үкіметінің 2001.10.28. № 1369 қаулысымен мәтініндегі сөздер ауыстырылды
Осы Ереже Қазақстан Республикасындағы бағалы қағаздар рыногындағы брокерлiк және дилерлiк қызметтi лицензиялау және лицензиялық ережелердiң, лицензияны қолдану мерзiмдерiнiң сақталуына бақылау жасау тәртібін белгiлейдi.
I. Жалпы ережелер
1. Осы Ереже Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексiнiң (жалпы бөлiм), Қазақстан Республикасы Президентінің "Бағалы қағаздар және қор биржасы туралы" 1995 жылғы 21 сәуірдегі № 2227 , "Лицензиялау туралы" 1995 жылғы 17 сәуірдегі № 2200 Заң күшi бар Жарлықтарының және Қазақстан Республикасының басқа да заң актілерінiң негiзiнде жасалды.
2. Лицензиялау брокерлiк және дилерлiк қызметтi жүзеге асыратын бағалы қағаздар рыногы кәсiби қатысушыларының қызметтерiне бақылау жасау және инвесторлардың мүдделерiн қорғау мақсатында жүргiзiледi.
ҚР Үкіметінің 2001.10.28. № 1369 қаулысымен 3-тармақ өзгерді
3. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі (ҚР ҰБ) брокерлiк және дилерлiк қызметтi жүзеге асыру құқығына лицензия алған бағалы қағаздар рыногы кәсiби қатысушыларының бiрыңғай тiзiлiмiн жүргiзедi. Аталған тiзiлiмге сондай-ақ, лицензиаттағы лицензияны берудiң, тоқтатудың, тоқтата тұруды тоқтатудың және керi қайтарып алудың барлық фактілері туралы мәлiметтер енгiзiледi.
4. Брокерлiк және дилерлiк қызметтi жүзеге асыру үшiн лицензия алуға арналған біліктiлiк талаптары қолданылып жүрген заңдармен айқындалады.
5. Қызметтiң мынадай түрлерi лицензиялауға жатады:
нақтылы ұстаушы ретiнде клиенттердiң шоттарын жүргiзу құқығымен брокерлiк немесе дилерлiк (I санатты лицензия);
клиенттердiң шоттарын жүргiзу құқығынсыз брокерлiк немесе дилерлiк (II санатты лицензия).
6. Брокерлiк және дилерлiк қызметтi жүзеге асыруға кешендi лицензия I және II санаттарға берiледi.
7. Бағалы қағаздар рыногындағы брокерлiк және дилерлiк қызметтердi жүзеге асыруға берiлген лицензия (бұдан әрi - лицензия) уақытша болып табылады. Лицензияны қолдау мерзiмi - үш жыл.
8. Брокерлiк және дилерлiк қызмет кастодиалдық қызметпен, бағалы қағаздар бумасын басқару жөніндегі қызметпен (инвестициялық қорлардың бағалы қағаздар бумасын басқару жөніндегі қызметтен басқа) қоса атқарылады және Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайлардан басқа, кәсiпкерлiк қызметтiң өзге түрлерiмен қоса атқарылмайды.
9. Брокерлiк және дилерлiк қызметтерге берiлген лицензияның күшi Қазақстан Республикасының барлық аумағында, сондай-ақ Қазақстан Республикасы қатысушы болып табылатын, бекітілген халықаралық келісімдерi бар басқа да мемлекеттердiң аумағында қолданылады.
II. Лицензияны берудiң шарттары
10. Лицензия алуға ниет бiлдiрген заңды тұлғаға мынадай талаптар қойылады:
а) заңды тұлғаның штатында және оның әрбiр филиалында брокерлiк және дилерлiк қызметтi жүзеге асыру құқығына біліктiлiк куәлiгi бар ең кемi үш маман болуы керек.
Бұл ретте мынадай санаттар мiндеттi аттестациялаудан өткiзiлуге жатады:
клиенттердiң бағалы қағаздарымен мәмiлелер жасауды жүзеге асыруға қатысатын мамандар;
брокерлiк және дилерлiк қызметтiң орындалуын қамтамасыз ететiн бөлiмшелер мен бөлiмдердiң жетекшiлерi;
атқарушы директорлар (басқарушылар) немесе олардың брокерлiк және дилерлiк қызметтердiң жүзеге асырылуына жауапты орынбасарлары.
Аталған мамандардың экономикалық, техникалық, заңдық жоғары немесе мамандығы бойынша кемiнде үш жыл стажы бар арнаулы орта экономикалық білімдерi болуы керек;
б) нақтылы ұстаушы ретiнде клиенттердiң шоттарын жүргiзу құқығымен брокерлiк және дилерлiк қызметтердi жүргiзуге лицензия алу кезiнде мамандардың брокерлiк және дилерлiк қызметтерге - I санатты біліктiлiк куәлiктерi және бағалы қағаздармен жасалған мәмiлелердi тiркеу жөніндегі қызметтi жүзеге асыруға - II санатты біліктiлiк куәлiктерi болу керек;
в) клиенттердiң шоттарын жүргiзу құқығынсыз брокерлiк және дилерлiк қызметтi жүргiзуге лицензия алу кезiнде мамандардың брокерлiк және дилерлiк қызметке - I санатты біліктiлiк куәлiктерi болу керек;
г) брокерлiк және дилерлiк қызметтi жүзеге асыруға лицензиясы бар кәсiби қатысушының өз капиталының жеткiлiктi деңгейi оның қызметiнiң барлық кезеңiнде ҚР ҰБ-ның талаптарына сәйкес болу керек;
д) өтiнiшiнiң жарғылық қоры тек қана ақша қаражаттарымен құрылу керек;
е) ақпараттар ағымдарына және құжаттар айналысына, есеп жүргiзуге және есеп беруге фирмаiшiлiк бақылау жасау жүйесi болу керек. Лицензиатта клиенттердiң, оның өз бағалы қағаздарымен заңсыз және рұқсат етiлмеген операциялар жүргiзудi болдырмау жөніндегі тетiктер мен рәсiмдер iске қосылуға тиiс;
ж) ұйымдастыру техникалары, компьютерлер және бағалы қағаздар рыногының басқа кәсiби қатысушыларымен өзара әрекеттердi жүзеге асыруға арналған телекоммуникациялық жабдықтар болу керек;
з) брокерлiк және дилерлiк қызметтi жүзеге асыруды тиiстi дәрежеде қамтамасыз етуге арналған үй-жай және бағдарламалық-техникалық құралдар болу керек.
11. Брокерлiк және дилерлiк қызметтi лицензиялау кезiнде ҚР ҰБ өтiнушiнiң қызметiне қатысты қосымша құжаттамаларды ұсынуды талап етуге құқылы.
Өтiнушiнiң ұсынған құжаттарындағы мәлiметтердiң ақиқат еместiгi үшiн ҚР ҰБ жауап бермейдi.
12. Ұсынылған құжаттар заңның және осы Ереженiң талаптарына сәйкес келсе, өтiнушiге брокерлiк және дилерлiк қызметтi жүзеге асыру құқығына лицензия берiледi. Лицензия бекітілген үлгi бойынша ресiмделедi. Лицензияның сыртқы бетiне лицензияны қолдану мерзiмi туралы ҚР ҰБ-ның белгiсiмен штамп қойылады. Сонымен қатар өтiнушiнiң құрылтай құжаттарына тиiстi белгiлер жасалады - лицензиялаушы органның мөртаңбасы қойылады. Құрылтай құжаттарының бiр данасы өтiнушiге қайтарылады және лицензияның ажыратылмайтын бөлшегi болып табылады. Екiншi данасы лицензиялаушы органында сақталады.
13. Лицензия басшыға немесе өтiнушiнiң уәкiлеттi өкiлiне (сенiмхат негiзiнде) берiледi.
III. Лицензия алу үшiн қажеттi құжаттар
14. Брокерлiк және дилерлiк қызметтi жүзеге асыруға лицензия алу үшiн заңды тұлға ҚР ҰБ-на мынадай құжаттарды ұсынады:
үлгi өтiнiш;
заңды тұлғаны мемлекеттік тiркеу туралы куәлiктiң көшiрмесi;
шаруашылық жүргiзушi субъектiнiң статистикалық карточкасының көшiрмесi;
барлық өзгерістерiмен және толықтыруларымен қоса тiгiлген және нотариалды жолмен куәландырылған құрылтай құжаттарының көшiрмелерi (екi дана);
мыналар жөніндегі ережелерден тұратын құжаттар жиынтығы:
а) клиенттердiң бағалы қағаздарына есеп жүргiзу және сақтау тәртібі;
ә) клиенттердiң бағалы қағаздарымен жасалатын мәмiлелердiң орындалысына бақылау жасау тәртібі;
б) клиенттердiң бағалы қағаздарымен және ақша қаражатымен жасалатын операцияларды орындау тәртібі;
в) мәлiметтердiң тұтастығы мен ақпараттардың құпиялығын қамтамасыз етуге арналған мыналар туралы;
- құжаттарды тiркеу, сақтау және архивке өткізу тәсiлдерi;
- архивтермен жұмыс iстеуге рұқсат беру тәртібі;
- мәлiметтердiң электрондық топтамаларын сақтау тәсiлдерi;
- клиенттердiң бағалы қағаздарын және ақша қаражатын есепке алу жөніндегі бағдарламамен жұмыс iстеу кезiнде қызметкерлерге рұқсат беру туралы;
- клиенттердiң бағалы қағаздарымен және ақша қаражатымен жасалған мәмiлелердi тiркеудi жүзеге асыру жөніндегі iшкi бақылау жүйесi;
- архивтегi мәлiметтердi қалпына келтiру тәсiлдерi;
- өртке қарсы шаралар және штаттан тыс жағдаяттардағы әрекеттер сипатталған iшкi ережелер;
д) қызметкерлердiң лауазымдық нұсқаулары (құжатта өтiнушi лауазымды тұлғаның мiндеттерi мен жауапкершiлiгi егжей-тегжей баяндалады);
е) брокер, дилер және клиент арасындағы шарттардың нысандары;
ж) өтiнушiнiң бекітілген кәсiби әдеп ережелерi;
бiрiншi басшы, бас бухгалтер қол қойған, заңды тұлғаның мөрiмен куәландырылған және бухгалтерлiк есептiң қолданылып жүрген заңдарға сәйкестiгi туралы аудиторлық қорытындымен (аудиторлық қорытынды жылдық баланстың мәлiметтерi бойынша берiледi және қолданылып жүрген заңдардың талаптарына сәйкес болу керек) расталған соңғы есептi жылдың және ҚР ҰБ құжаттарды ұсыну алдындағы соңғы тоқсанның аяғына бухгалтерлiк баланстарды және балансқа қосымшаларды (қаржылық-шаруашылық қызметтiң нәтижелерi туралы есеп, ақша қаражаттарының қозғалысы туралы есеп);
өз капиталының жеткiлiктi деңгейiнiң қолданылып жүрген заңдарға сәйкес есептерiн және жарғылық қорды қалыптастыруды растайтын қаржылық құжаттарды.
Екiншi деңгейдегi банктер үшiн өз капиталының жеткiлiктi деңгейiнiң есептеу әдiстемесi Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінің нормативтiк актілерімен белгiленедi;
брокерлiк және дилерлiк қызметтi жүзеге асыратын мамандардың, оның iшiнде филиалдар мамандарының біліктiлiк куәлiктерiнiң көшiрмелерi;
өтiнушiнiң (оның филиалдарының) біліктiлiк куәлiктерi бар мамандарының еңбек кiтапшаларының көшiрмелерi;
лицензиялық алымның төленгендiгi туралы төлем тапсырысының көшiрмесi.
15. ҚР Үкіметінің 2001.10.28. № 1396 қаулысымен 15-тармақ алып тасталды
16. Лицензиаттың жоғарыда көрсетiлген құжаттарға қол қойылған лауазымды адамы құжаттарда көрсетiлген деректердiң ақиқаттығы үшiн заңмен белгiленген жауапкершiлiкте болады.
IV. Лицензия алу туралы өтiнiштi қарау мерзiмдерi
17. Брокерлiк және дилерлiк қызметтi лицензиялау үшiн ұсынылған құжаттарды ҚР ҰБ-сы лицензиялау үшiн құжаттар пакетiн ұсынылған сәттен бастап 30 күн iшiнде қарайды. Ұсынылған құжаттар қолданылып жүрген заңдар мен осы Ереженiң талаптарына сәйкес келмеген жағдайда, ҚР ҰБ-дан ресми жауап алған сәттен бастап бiр тоқсан iшiнде кемшiлiктердi жоюды жүзеге асыру керек. Көрсетiлген мерзiм асып кеткен жағдайда, өтiнушi бухгалтерлiк құжаттарды, аудиторлық қорытындыны және өз капиталының соңғы есептi күн жағдайындағы есебiн ұсыну керек.
V. Лицензия берiлгенi үшiн алым
18. Лицензиялық алымның мөлшерi мен оны төлеудiң тәртібі Қазақстан Республикасы Үкіметінiң қаулысымен бекітіледi.
VI. Лицензияны беруден бас тарту және шағымдану
19. Егер:
субъектiлердiң осы санаты үшiн қызметтiң белгiлi бiр түрiн жүзеге асыруға заң актілерімен тыйым салынса;
осы Ереженiң 14-тармағына сәйкес талап етiлетiн барлық құжаттар ұсынылса;
лицензия берiлгенi үшiн алым төленбесе;
өтiнушiге қатысты, оған қызметтiң осы түрiмен шұғылдануға тыйым салатын соттың шешiмi бар болса;
өтiнушi белгiленген біліктiлiк талаптарына сай келмесе;
өтiнушi ұсынған ақпараттың қолданылып жүрген заңдарды және ҚР ҰБ нормативтiк актілерін бұзуға әкеп соғатындығы расталса лицензия берiлмейдi.
20. Лицензия беруден бас тартылған жағдайда, лицензия беру үшiн белгiленген мерзiм iшiнде өтiнушiге жазбаша түрде дәлелдi жауап берiледi.
21. Егер лицензия белгiленген мерзiмде берiлмесе немесе өтiнушiге лицензия беруден бас тарту дәлелсiз болса, ол осы әрекеттер жөнiнде сот тәртібімен бiр ай iшiнде шағымдануға құқықты.
VII. Лицензияны қолдануды тоқтату
22. Лицензия:
лицензия берiлген мерзiм аяқталған;
лицензия керi қайтарылып алынған;
лицензия берiлген заңды тұлға қайта ұйымдастырылған немесе таратылған жағдайларда өз күшiн тоқтатады.
23. Заңды тұлға қайта тiркелгенде лицензия берiлген мерзiмiнiң соңына дейiн сақталады.
24. Лицензияны қолдауды тоқтатуға байланысты даулар сот тәртібімен шешiледi.
VIII. Лицензияны қайтарып алу және оны
қолдануды тоқтата тұру
25. Лицензия:
лицензия мазмұнындағы талаптарды лицензиат орындамаған;
лицензияны қолдануды тоқтатуға себеп болған кемшiлiктер жойылмаған;
лицензия бойынша жүзеге асыратын қызмет түрiмен лицензиаттың шұғылдануына сот тыйым салған жағдайларда қайтарылып алынуы мүмкiн.
26. Мынадай жағдайларда:
лицензия алуға ұсынылған құжаттарда ақиқат емес ақпараттар анықталса;
осы Ереженiң 32 және 33-тармақтарының талаптары бұзылса;
өз капиталының ең аз мөлшерi ҚР ҰБ белгiлеген талаптарға сәйкес келмесе;
лицензия берiлген сәттен бастап бiр жыл iшiнде қолданылмаса;
бағалы қағаздар рыногын реттейтiн заңдар бұзылса лицензияны қолдану тоқтатыла тұруы мүмкiн.
27. Лицензиар тоқтата тұру себептерiн көрсете отырып, лицензияны қолдануды алты айға дейiнгi мерзiмге тоқтатуға құқылы.
28. Лицензияны қолдану тоқтатыла тұрған жағдайда лицензиат анықталған кемшiлiктердi жоюға мiндеттi, содан кейiн ҚР ҰБ-ның жазбаша хабарламасы бойынша лицензияны қолдану жаңартылуы мүмкiн. Лицензияны қолдануды тоқтата тұру туралы жазбаша хабарламаны алғаннан кейiн лицензиаттың қызметi заңсыз болып саналады және Қазақстан Республикасының заңдарымен белгiленген жауапкершiлiкке әкеп соғады.
29. Лицензия керi қайтарылып алынған жағдайда, лицензиат ресми хабарламаны алған сәттен бастап он күн iшiнде лицензияны және ҚР ҰБ-ның белгiсi қойылған жарғыны ҚР ҰБ-сына қайтаруға мiндеттi.
30. Лицензияны керi қайтарып алу және тоқтата тұру туралы ҚР ҰБ-ның шешiмi жөнiнде сот тәртібімен шағым жасалуы мүмкiн.
IХ. Лицензиялық ережелердiң сақталуына бақылау жасау
31. Брокерлiк және дилерлiк қызметтiң жүзеге асырылуына бақылау жасауды ҚР ҰБ-атқарушы аппараты жүргiзедi.
32. Лицензия алған тұлға осы Ереженiң 14-тармағына сәйкес лицензиялауға ұсынған құжаттардағы өзгерістер туралы ҚР ҰБ-ға жазбаша түрде хабарлауға мiндеттi.
Өзгерістер туралы мәлiметтер ҚР ҰБ-ға он күн мерзiмде берiлу керек.
33. Лицензиат ҚР ҰБ айқындалған мерзiмде бағалы қағаздар рыногындағы кәсiби қызметтi жүзеге асыру жөніндегі жұмыстың қорытындылары туралы есеп беруге мiндеттi.
34. Лицензияны қолдануға бақылау жасау барысында ҚР ҰБ брокерлiк-дилерлiк қызметке жергiлiктi жерлерде тексерiс жүргiзуге мiндеттi. Лицензиат ҚР ҰБ-ның талап еткен ақпаратты сұрау салынған сәттен бастап он күннен кешiктiрмей беруге мiндеттi.
Брокер, дилер жүзеге асыратын жұмыстар мен қызметтердiң тiзбесi:
а) нақтылы ұстаушының функциясын орындау;
б) клиенттердiң тапсырмаларын қабылдау және тиiстi контрагенттер iздеу арқылы мәмiлелер жасау;
в) өз атынан немесе клиенттердiң есебiнен бағалы қағаздармен операциялар жүргiзу арқылы клиенттердiң мүдделерiн көрсету;
г) инвестициялық шешiмдер қабылдау үшiн клиенттерге қажеттi ақпараттар мен ұсыныстар беру;
д) мәмiлелердi орындау және құжаттық ресiмдеу;
е) клиенттердiң тапсырмалары бойынша бағалы қағаздармен операциялар жүргiзу жөніндегі әртүрлi мәселелер бойынша есептер дайындау;
ж) консультациялық, ақпараттық және депонентпен жасасқан шарт бойынша Қазақстан Республикасының заңдарына қайшы келмейтiн қызметтердiң өзге түрлерi.
Қазақстан Республикасы
Үкіметінiң
1997 жылғы 4 наурыздағы
№ 293 қаулысымен
бекітілген
Бағалы қағаздар ұстаушылар тiзiлiмiн жүргiзу
жөніндегі қызметтi лицензиялау туралы
ЕРЕЖЕ
ҚР Үкіметінің 2001.10.28. № 1396 қаулысымен мәтініндегі сөздер ауыстырылды
ҚР Үкіметінің 2001.10.28. № 1396 қаулысымен кіріспе өзгерді
Бағалы қағаздар ұстаушылар тiзiлiмiн жүргiзу жөніндегі қызметтi лицензиялау туралы ереже (Ереже) Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің (ҚР ҰБ) Қазақстан Республикасындағы бағалы қағаздар ұстаушылар тiзiлiмiн жүргiзу жөніндегі қызметтi (бұдан әрi - тiркеушiлiк қызмет) лицензиялау, сондай-ақ лицензиялық ережелер мен лицензияны қолдану мерзiмдерiне бақылау жасауды жүзеге асыру тәртібін белгiлейдi.
I. Жалпы ережелер
1. Осы Ереже Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексiнiң (жалпы бөлiм), Қазақстан Республикасы Президентінің "Бағалы қағаздар және қор биржасы туралы" 1995 жылғы 21 сәуірдегі № 2227, "Лицензиялау туралы" 1995 жылғы 17 сәуірдегі № 2200 Заң күшi бар Жарлықтарының, Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1996 жылғы 29 шiлдедегi № 944 қаулысымен бекітілген "Бағалы қағаздар ұстаушылар тiзiлiмiн жүргiзу жөніндегі ереженiң" негiзiнде жасалды.
2. Лицензиялау бағалы қағаздар ұстаушылар тiзiлiмiн жүргiзу жөніндегі қызметтi жүзеге асыратын бағалы қағаздар рыногы кәсiби қатысушыларының қызметтерiне бақылау жасау және инвесторлардың мүдделерiн қорғау мақсатында жүргiзiледi.
3. ҚР ҰБ бағалы қағаздар ұстаушылар тiзiлiмдерiн жүргiзу жөніндегі қызметтi жүзеге асырауға құқық беретiн лицензия алған бағалы қағаздар рыногы кәсiби қатысушыларының бiрыңғай тiзiлiмiн жүргiзедi. Аталған тiзiлiмге, сондай-ақ лицензияны берудiң, тоқтата тұрудың және тiркеушiден керi қайтарып алудың барлық фактілері туралы мәлiметтер енгiзiледi.
4. Тiркеушiлiк қызметтi жүзеге асыру үшiн лицензия алуға арналған біліктiлiк талаптары қолданылып жүрген заңдармен айқындалады.
5. Эмитенттердiң бағалы қағаздарын ұстаушылар тiзiлiмдерiн жүргiзу жөнiнде қызмет көрсететiн тiркеушiлердiң қызметi лицензиялауға жатады.
6. Бағалы қағаздар рыногында тiркеушiлiк қызметтi жүзеге асыруға берiлген лицензия (бұдан әрi - лицензия) уақытша болып табылады. Лицензияны қолдану мерзiмi - 3 жыл.
7. Бағалы қағаздар ұстаушылар тiзiлiмiн жүргiзу жөніндегі қызмет бағалы қағаздар рыногындағы айрықша қызмет болып табылады және Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайлардан басқа, кәсiпкерлiк қызметтiң өзге түрлерiмен қоса атқарылмайды.
8. Лицензияның күшi Қазақстан Республикасының барлық аумағында, сондай-ақ Қазақстан Республикасы қатысушы болып табылатын, күшiне енгiзiлген халықаралық келісімдерi бар басқа да мемлекеттердiң аумағында қолданылады.
II. Лицензияны берудiң шарттары
9. Лицензия алуға ниет бiлдiрген заңды тұлғаға мынадай талаптар қoйылады:
а) заңды тұлғаның штатында және оның әрбiр филиалында бағалы қағаздармен жасалған мәмiлелердi тiркеу жөніндегі қызметтi жүзеге асыру құқығына біліктiлiк куәлiгi бар ең кемi үш маман болуы керек.
Бұл ретте тұлғалардың мынадай санаттары мiндеттi аттестациялаудан өткiзiлуге жатады:
бағалы қағаздар ұстаушылар тiзiлiмдерiн жүргiзуге қатысатын, клиенттермен тiкелей жұмыс iстейтiн мамандар;
бағалы қағаздар ұстаушылар тiзiлiмдерiн жүргiзудi қамтамасыз ететiн бөлiмшелер мен бөлiмдердiң жетекшiлерi;
бiрiншi басшы немесе оның орынбасарларының бiреуi.
Осы аталған мамандардың экономикалық, техникалық заңдық жоғары немесе мамандығы бойынша кемiнде үш жыл стажы бар арнаулы орта экономикалық білімдерi болу керек;
б) бағалы қағаздар ұстаушылар тiзiлiмiн жүргiзу жөніндегі қызметтi жүзеге асыруға лицензиясы бар кәсiби қатысушының өз капиталының жеткiлiктi деңгейi оның қызметiнiң барлық кезеңiнде ҚР ҰБ-ның талаптарына сәйкес болу керек;
в) өзiнiң бағалы қағаздарының эмиссиясы тiркелу керек (акционерлік қоғамдар үшiн);
г) ұйымдастыру техникалары, кемiнде екi компьютер және бағалы қағаздар рыногының басқа кәсiби қатысушыларымен өзара әрекеттердi жүзеге асыруға арналған телекоммуникациялық жабдықтар болу керек;
д) ақпараттар ағымдарына және құжаттар айналысына, есеп жүргiзуге және есеп беруге фирмашiлiк бақылау жасау жүйесi болу керек. Өтiнушiде клиенттердiң, оның өз бағалы қағаздарымен заңсыз және рұқсат етiлмеген операциялар жүргiзудi болдырмау жөніндегі тетiктер мен рәсiмдер iске қосылуға тиiс;
е) бағалы қағаздар ұстаушылар тiзiлiмдерiнiң жүйесiн сақтауға арналған үй-жай болу керек.
10. Тiркеушiлiк қызметтi лицензиялау кезiнде ҚР ҰБ өтiнушiден оның қызметiне қатысты қосымша құжаттамаларды талап етуге, сондай-ақ осы қызметтiң заңмен белгiленген ережелерiнiң сақталуына бақылау жасауға құқықты.
Өтiнiшiнiң ұсынған құжаттарындағы мәлiметтердiң ақиқат еместiгi үшiн ҚР ҰБ жауап бермейдi.
11. Ұсынылған құжаттар заңдардың және осы Ереженiң талаптарына сәйкес келсе, өтiнушiге тiркеушiлiк қызметтi жүзеге асыру құқығына лицензия берiледi. Лицензия бекітілген үлгi бойынша ресiмделедi. Лицензияның сыртқы бетiне лицензияны қолдану мерзiмi көрсетiлген мөртаңбасы қойылады. Сонымен қатар өтiнушiнiң құрылтай құжаттарына тиiстi белгi жасалады - лицензиялаушы органның штампы қойылады. Құрылтай құжаттарының бiр данасы өтiнушiге қайтарылады және лицензияның ажыратылмайтын бөлшегi болып табылады. Екiншi данасы лицензиялаушы органда сақталады.
12. Лицензия басшыға немесе өтiнушiнiң уәкiлеттi өкiлiне (сенiмхат негiзiнде) берiледi.
III. Лицензия алу үшiн қажеттi құжаттар
13. Эмитенттердiң бағалы қағаздарын ұстаушылар тiзiлiмiн жүргiзу жөніндегі қызметке лицензия алу үшiн мынадай құжаттар ұсынылу қажет:
үлгi өтiнiш;
заңды тұлғаны мемлекеттік тiркеу туралы куәлiктiң көшiрмесi;
барлық өзгерістерiмен және толықтыруларымен қоса тiгiлген және нотариальды жолмен куәландырылған құрылтай құжаттарының көшiрмелерi (екi дана);
шаруашылық жүргiзушi субъектiнiң статистикалық карточкасы;
бағалы қағаздар ұстаушылар тiзiлiмiн жүргiзу тәртібі мен жүйесiн реттейтiн:
а) қызмет көрсету үшiн тiркеушiнiң бағалы қағаздарды қабылдау тәртібі;
б) тiркеушiнiң бағалы қағаздармен және жеке шоттармен операциялардың барлық түрiн жүргiзу тәртібі;
в) мәлiметтердiң тұтастығы мен ақпараттардың құпиялығын қамтамасыз етуге арналған мыналар туралы:
- құжаттарды тiркеу, сақтау және архивке өткізу тәсiлдерi;
- архивтермен жұмыс iстеуге рұқсат беру тәртібі;
- мәлiметтердiң электрондық топтамаларын сақтау тәсiлдерi;
- тiзiлiмдi жүргiзу бағдарламасымен жұмыс iстеу кезiнде қызметкерлерге рұқсат беру;
- iшкi бақылау жүйесi және тiзiлiм жүргiзу жүйесiне енгiзiлген мәлiметтердi тексеру тәртібі;
- мәлiметтер жоғалған жағдайда, оларды қалпына келтiру тәсiлдерi;
- өртке қарсы шаралар және штаттан тыс жағдаяттардағы әрекеттер сипатталған iшкi ережелер;
г) қызметкерлердiң лауазымдық нұсқаулары;
д) тiркеушiнiң эмитентпен, инвесторлармен және нақтылы ұстаушылармен қатынастары толық сипатталатын iшкi құжаттарды (екi дана);
бағалы қағаздар тiзiлiмiн жүргiзу жөніндегі қызметтi сақтандыру және аталған қызмет процесiнде туындаған қауiп-қатерлердi азайтудың арнаулы бағдарламаларына (мұндай шарттар мен құжаттар бар болғанда) қатысу туралы мәлiметтердi;
бiрiншi басшы, бас бухгалтер қол қойған, заңды тұлғаның мөрiмен куәландырылған және бухгалтерлiк есептiң қолданылып жүрген заңдарға сәйкестiгi туралы аудиторлық қорытындымен (аудиторлық қорытынды жылдық баланстың мәлiметтерi бойынша берiледi және қолданылып жүрген заңдардың талаптарына сәйкес болу керек) расталған соңғы есептi жылдың және ҚР ҰБ-на құжаттарды ұсыну алдындағы соңғы тоқсанның аяғына бухгалтерлiк баланстарды және балансқа қосымшаларды (қаржылық-шаруашылық қызметтiң нәтижелерi туралы есеп, ақшалай қаражаттардың қозғалысы туралы есеп);
өз капиталының қолданылып жүрген заңдарға сәйкес есептерiн және жарғылық қорды құруды растайтын қаржылық құжаттарды;