Қазақстан Республикасының кейбір заң актілеріне өзгерістер мен
толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасының
1997 жылғы 8 желтоқсандағы № 200-1 Заңы
1-бап. Қазақстан Республикасының мынадай заң актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгiзiлсiн:
1. Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесi 1984 жылғы 22 наурызда қабылдаған Қазақ КСР-iнiң Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы кодексiнде (Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесiнiң Жаршысы, 1984 ж., № 14 (қосымша); № 41, 534-құжат; 1985 ж., № 19, 190, 191-құжаттар; № 32, 325-құжат; № 45, 457-құжат; № 49, 513-құжат; 1986 ж., № 13, 122-құжат; № 25, 242-құжат; № 31, 320-құжат; № 49, 506-құжат; 1987 ж., № 2, 19-құжат; № 16, 201-құжат; № 29, 356-құжат; № 32, 421-құжат; № 41, 503-құжат; № 46, 560-құжат; 1988 ж., № 35, 324-құжат; 1989 ж., № 16, 129-құжат; № 27, 208-құжат; № 45, 364-құжат; № 49, 444-құжат; № 50-51, 458-құжат; 1990 ж., № 12-13, 114-құжат; № 44, 410-құжат; № 48, 445-құжат; № 49, 461-құжат; 1991 ж., № 25, 318-құжат; № 26, 348-құжат; № 28, 373-құжат; Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң Жаршысы, 1992 ж., № 4, 96, 98, 100-құжаттар; № 13-14, 323-құжат; № 15, 380-құжат; № 16, 400-құжат; 1993 ж., № 3, 42-құжат; № 4, 70-құжат; № 8, 159, 161-құжаттар; № 9, 220, 222-құжаттар; № 20, 468, 469-құжаттар; 1994 ж., № 4-5, 60-құжат; № 8, 134-құжат; № 15, 207-құжат; № 21-22, 272-құжат; 1995 ж., № 1-2, 17-құжат; № 5, 41-құжат; № 8, 55-құжат; № 9-10, 64-құжат; № 15-16, 105-құжат; № 17-18, 110-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1996 ж., № 1, 177-құжат; № 14, 274, 277-құжаттар; № 15, 281-құжат; 1997 ж., № 6, 66-құжат; № 11, 146, 152-құжаттар; № 12, 184-құжат; 1997 жылғы 16 шiлдеде "Егемен Қазақстан" және "Казахстанская правда" газеттерiнде жарияланған "Қазақ КСР-iнiң Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы кодексiне толықтырулар енгізу туралы" 1997 жылғы 14 шiлдедегi Қазақстан Республикасының Заңы):
мынадай мазмұндағы 165-2-баппен толықтырылсын:
"165-2-бап. Фискальды зердесi бар бақылау-касса аппараттарын қолдану тәртібін бұзу
Фискальды зердесi бар бақылау-касса аппараты қолданылмай не салық органында тiркелмеген фискальды зердесi бар бақылау-касса аппаратын қолданып, не фискальды емес режимдегi фискальды зердесi бар бақылау-касса аппаратын қолданып, тауарлар сату немесе қызмет көрсету -
қырық еселенген айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соқтырады.
Фискальды зердесi бар бұзылған бақылау-касса аппаратын қолданып тауарлар сату немесе қызмет көрсету -
жиырма еселенген айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соқтырады.
Осы баптың бiрiншi және екiншi бөлiктерiнде көзделген әрекеттер әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалса -
алпыс еселенген айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соқтырады.
Сатып алушыға (клиентке) кассалық чектi бермеу не тауарлар (қызмет) үшiн төленгенiнен азырақ немесе көбiрек сомаға кассалық чек беру -
сатып алушыға (клиентке) қызмет көрсеткен адамға айлық есептiк көрсеткiштiң он еселенген мөлшерiне дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға әкеп соқтырады.";
237-7-бап мынадай редакцияда жазылсын:
"237-7-бап. Салық қызметi органдары
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінiң салық қызметi органдары осы Кодекстiң 165, 165-1, 165-2, 169-171 (169-4, 170-2, 170-3, 170-4-баптарын қоспағанда), 173-1-баптарында көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылықтар туралы iстердi қарайды. Әкiмшiлiк құқық бұзушылықтар туралы iстердi қарап, әкiмшiлiк айыппұлдар салуға Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Салық комитетiнiң төрағасы, төрағаның орынбасарлары, Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Салық полициясы департаментiнiң директоры мен директорының орынбасарлары, облыстар мен Ақмола және Алматы қалалары бойынша салық комитеттерiнiң төрағалары мен төрағаларының орынбасарлары, аудандар, қалалар және қалалардағы аудандар бойынша салық комитеттерiнiң төрағалары, облыстар, Ақмола және Алматы қалалары бойынша салық полициялары басқармаларының бастықтары мен олардың орынбасарлары, салық полициялары ауданаралық (аймақтық) бөлiмдерiнiң бастықтары мен аудандар, қалалар және қалалардағы аудандар бойынша салық полициялары бөлiмдерiнiң бастықтары құқылы.";
248-1-баптың бiрiншi бөлiгiнiң 1) тармақшасының жиырма сегiзiншi азатжолы мынадай редакцияда жазылсын:
"қаржы органдары, салық қызметi органдары (165, 165-1, 165-2, 169-171, (169-4, 170-2, 170-3, 170-4 баптарды қоспағанда) 173-1 баптар), қазынашылық органдары (167-1-бап);".
2. Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi туралы" 1995 жылғы 30 наурыздағы № 2155 Заң күшi бар Жарлығында (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң Жаршысы, 1995 ж., № 3-4, 23-құжат; № 12, 88-құжат; № 15-16, 100-құжат; № 23, 141-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1996 ж., № 2, 184-құжат; № 11-12, 262-құжат; № 19, 370-құжат; 1997 жылғы 17 шiлдеде "Егемен Қазақстан" және "Казахстанская правда" газеттерiнде жарияланған "Қазақстан Республикасының банк қызметi мәселелерi жөніндегі кейбір заң актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 1997 жылғы 11 шiлдедегi Қазақстан Республикасының Заңы):
24-баптағы "оларға" деген сөз "оған" деген сөзбен ауыстырылсын.
72-баптың екiншi бөлiгіндегі "қатысушылары" деген сөз "қатысушысы" деген сөзбен ауыстырылсын.
3. Қазақстан Республикасы Президентінің "Лицензиялау туралы" 1995 жылғы 17 сәуірдегі № 2200 Заң күшi бар Жарлығында (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң Жаршысы, 1995 ж., № 3-4, 37-құжат; № 12, 88-құжат; № 14, 93-құжат; № 15-16, 109-құжат; № 24, 162-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1996 ж., № 8-9, 236-құжат; 1997 ж., № 1-2, 8-құжат; № 7, 80-құжат; № 11, 144, 149-құжаттар; № 12, 184-құжат; 1997 жылғы 9 шiлдеде "Егемен Қазақстан" және "Казахстанская правда" газеттерiнде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбір заң актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 1997 жылғы 2 шiлдедегi Қазақстан Республикасының Заңы; 1997 жылғы 17 шiлдеде "Егемен Қазақстан" және "Казахстанская правда" газеттерiнде жарияланған "Қазақстан Республикасының банк қызметi мәселелерi жөніндегі кейбір заң актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 1997 жылғы 11 шiлдедегi Қазақстан Республикасының Заңы):
Жарлықтың мәтiніндегі "(патенттiң)", "(патенттер)", "(патент)" деген сөздер алып тасталсын;
5-баптың 2-тармағы алып тасталсын;
5-баптың 3-тармағындағы "соның iшiнде патенттер нысанында" деген сөздер алып тасталсын;
3-тармақ 2-тармақ болып есептелсiн;
6-баптың бiрiншi бөлiгiнде "оның iшiнде патент түрiнде" деген сөздер алып тасталсын;
22-баптың 2-тармағындағы "Патент", "қайтарып алынуы" деген сөздер тиiсiнше "Лицензия", "қайтарылып алынуы" деген сөздермен ауыстырылсын;
4. Қазақстан Республикасы Президентінің "Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы" 1995 жылғы 24 сәуірдегі № 2235 Заң күшi бар Жарлығында (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң Жаршысы, 1995 ж., № 6, 43-құжат; № 12, 88-құжат; № 23, 152-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1996 ж., № 1, 180, 181-құжаттар; № 11-12, 257-құжат; № 15, 281-құжат; № 23-24, 416-құжат; 1997 ж., № 4, 51-құжат; № 7, 82-құжат; № 10, 110-құжат; № 11, 144-құжат; № 12, 184, 188-құжаттар; 1997 жылғы 9 шiлдеде "Егемен Қазақстан" және "Казахстанская правда" газеттерiнде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбір заң актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 1997 жылғы 2 шiлдедегi Қазақстан Республикасының заңы; 1997 жылғы 17 шiлдедегi "Егемен Қазақстан" және "Казахстанская правда" газеттерiнде жарияланған "Қазақстан Республикасының банк қызметi мәселелерi жөніндегі кейбір заң актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 1997 жылғы 11 шiлдедегi Қазақстан Республикасының Заңы; 1997 жылғы 31 қазанда "Егемен Қазақстан" және 1997 жылғы 1 қарашада "Казахстанская правда" газеттерiнде жарияланған "Қазақстан Республикасы Президентінің "Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы" Заң күшi бар Жарлығына толықтыру енгізу туралы" 1997 жылғы 30 қазандағы Қазақстан Республикасының Заңы):
Жарлықтың мәтiніндегі "Мемлекеттік салық комитетi" деген сөздер "Қаржы министрлігінiң Салық комитетi" деген сөздермен тиiстi септiкте ауыстырылсын;
1-баптың 1-тармағындағы "Қаржы министрлігімен келісілген Мемлекеттік салық комитетiнiң" деген сөздер "Қаржы министрлігі Салық комитетiнiң" деген сөздермен ауыстырылсын;
2-бапта:
баптың атауы "салық" деген сөзден кейiн "және алым" деген сөздермен толықтырылсын;
1-тармақ "жалпымемлекеттік салық" деген сөздерден кейiн "және алым" деген сөздермен толықтырылсын;
3-тармақ "салық" деген сөзден кейiн "және алым" деген сөздермен толықтырылсын;
4-тармақта:
бiрiншi сөйлем "қандай да бiр салықтан" деген сөздерден кейiн "және алымнан" деген сөздермен толықтырылсын;
екiншi сөйлемде "салық жеңiлдiктерi" деген сөздер "салықтар мен алымдар бойынша жеңiлдiктер" деген сөздермен ауыстырылсын;
3-баптың 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"4) бағалы қағаздар эмиссиясын тiркегенi үшiн алымдар;";
5-бапта:
4) тармақша "жарналар" деген сөзден кейiн "қатысушының (акционердiң) өз мүлкi" деген сөздермен толықтырылсын;
6) тармақшада:
г/ тармақшасы "бұған ашық акционерлік қоғамдардың бағалы қағаздарын сату кезiнде инфляцияға орай түзетулердi ескерген жағдайдағы құнның өсiмiнен түскен табыс қосылмайды" деген сөздермен толықтырылсын;
з) тармақшасы алып тасталсын;
и) - н) тармақшалары тиiсiнше з) - м) тармақшалары болып есептелсiн;
12) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"12) "есептеу әдiсi" - салық есебiнiң әдiсi, төлем жасау уақытына қарамастан табыс пен ұстап қалу жұмыс орындалған, қызмет көрсетiлген, сату және кiрiске енгізу мақсатымен мүлiк түсiрiлген кезден бастап сол бойынша есепке алынады;";
18) тармақшадағы "ең төменгi айлық жалақыдан" деген сөздер "айлық есептiк көрсеткiштен" деген сөздермен ауыстырылсын;
27) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"27) "күмәндi талаптар" - өнiмдi сату (жұмыс орындау, қызмет көрсету) нәтижесiнде пайда болған және табыс есептелген кезден бастап екi жыл бойы қанағаттандырылмаған талаптар;";
29) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"29) қаржылық қызмет көрсету:
а) банк операциялары;
б) бағалы қағаздармен жүргiзiлетiн операциялар;
в) сақтандыру және қайта сақтандыру жөніндегі операциялар;
г) чектермен, вексельдермен, депозиттiк сертификаттармен жүргiзiлетiн операциялар;";
30) тармақшадағы "төленетiн" деген сөз "есептелген" деген сөзбен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы 37) - 43) тармақшалармен толықтырылсын:
"37) "патент" - салық төлеушiлердiң жекелеген санаттары үшiн оңайлатылған салық режимiн белгiлейтiн құжат;
38) "iске асыру" - жұмыс орындау, қызмет көрсету, сату, айырбастау, тегiн беру мақсатымен тауар тиеп жөнелту, сондай-ақ кепiлге берiлген тауарларды кепiл ұстаушының меншiгiне беру;
39) "қатысу үлесi" - акционерлік қоғамдарды қоспағанда, бiрлесiп құрылатын ұйымдарға, консорциумдарға заңды және жеке тұлғалардың мүлiкпен үлес қосып қатысуы;
40) "ағымдағы активтер" - № 2 Бухгалтерлiк есеп стандартында белгiленген активтер;
41) "ұзақ мерзiмдi активтер" - № 2 Бухгалтерлiк есеп стандартында белгiленген активтер;
42) "алыс-берiс шикiзат" - дайын өнiм етiп өңдеу мақсатымен меншiк иесiнiң дайындаушыға берген өнiмi;
43) "өзiндiк құн" - тауарларды, жұмыстар мен қызмет көрсетудi сатып алуға, өндiруге және сатуға байланысты шығындар.";
6-баптың 4-тармағының екiншi бөлiгіндегі "Мемлекеттік салық комитетiнiң Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігімен келісілген" деген сөздер "Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Салық комитетiнiң" деген сөздермен ауыстырылсын;
11-бапта:
3) тармақшада:
бiрiншi азатжол алып тасталсын;
он бiрiншi азатжолдағы "қарызды" деген сөз "талаптарды" деген сөзбен ауыстырылсын;
3) тармақшаның азатжолдары тиiсiнше 3) - 14) тармақшалар болып есептелсiн;
13-бапта:
3) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"3) ашық акционерлік қоғамдардың бағалы қағаздарын сату кезiнде инфляцияға орай түзетулер ескерiле отырып құнның өсiмiнен түскен табыс;";
мынадай мазмұндағы 6), 7) және 8) тармақшалармен толықтырылсын:
"6) заңды тұлға-резидентке қатысу үлесiн сатудан жеке адамдар алған, 15 процент түпкiлiктi ставка бойынша салық салынатын табыс;
7) меншiгіндегі акциялар құнының оларды бағалы қағаздар рыногында алғашқы орналастыру кезiнде эмитент алған акциялардың нақты құнынан артығы;
8) шаруашылық жүргiзушi субъектiлердiң кәсiпкерлiк қызметке қатысы жоқ, шаруашылық жүргiзушi субъектiнiң таза табысы есебiнен алынған, 15 процент ставка бойынша салық салынатын тiкелей және жанама табыстары.";
16-баптағы "кредиттер бойынша 50 процент" деген сөздер "кредиттер бойынша 100 процент" деген сөздермен ауыстырылсын;
17-бапта:
баптың атауы мынадай редакцияда жазылсын:
"17-бап. Күмәндi талаптар бойынша шегерiм жасау";
баптың мәтiніндегі "борыштары", "борыштарға" және "күмәндi борышы" деген сөздер тиiсiнше "талаптары", "талаптарға" және "күмәндi талабы" деген сөздермен ауыстырылсын;
3-тармақтағы "ең төменгi айлық жалақыдан" деген сөздер "айлық есептiк көрсеткiштен" деген сөздермен ауыстырылсын;
18-баптың 2-тармағы мынадай мазмұндағы азатжолмен толықтырылсын:
"Аталған қордың қаражаты кейiн жер қойнауын пайдаланушылар кен орындарын өңдеу зардаптарын жою жөніндегі жұмыстарды орындаған жағдайда пайдаланатын етiп, Қазақстан Республикасының Үкіметі белгiлейтiн тәртiп пен шарттар бойынша арнаулы депозиттiк шотқа мiндеттi түрде есептелуге тиiс.";
20-бапта:
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"3. Амортизацияға жататын негiзгi құрал-жабдықтар амортизациялаудың мынадай шектi нормаларымен топтарға бөлiнедi:
─────────────────────────────────────────────────────────────────────
Топ Мүлiктiң атауы Амортизацияның
нөмiрi шектi нормасы,
процент есебiмен
─────────────────────────────────────────────────────────────────────
1 2 3
____________________________________________________________________
1 Компьютерлер, шеткi құрылғылар және
деректердi өңдеу жөніндегі жабдықтар 30
2 Труба құбырлары; мұнай-газ құбырлары,
пайдалы қазбаларды өндiру мен өңдеу
үшiн пайдаланылатын жабдықтар, машиналар
мен тетiктер 25
3 Жолдарда пайдалануға арналған автотрак.
тор техникасы; арнайы аспаптар, құрал-
саймандар мен керек-жарақтар 20
4 Жеңiл автомобильдер; такси.
Автомобиль көлiгiнiң жылжымалы құрамы:
жүк автомобильдерi, автобустар, арнаулы
автомобильдер мен автотiркемелер.
Машиналар мен жабдықтар:
өнеркәсiптiң барлық салалары, құю
өндiрiсi үшiн;
ұста-пресс жабдықтары;
электрондық жабдықтар;
құрылыс жабдықтары;
ауыл шаруашылық машиналары мен
жабдықтары.
Офиске арналған жиhаз 15
5 Басқа топтарға енгiзiлмеген амортизация.
ланатын активтер 10
6 Темір жол, теңiз және өзен еөлiк құралдары.
Қуат машиналары мен жабдықтары: 8
жылу-техникалық жабдықтар,
турбиналық жабдықтар,
электр двигательдерi және дизель
генераторлары.
Электр тарату және байланыс құрылғылары
7 Үйлер, ғимараттар, құрылыстар 7
____________________________________________________________________
Салық төлеушiлер өз қалауы бойынша кез келген салық жылында амортизацияның өзге нормаларын қолдануға құқылы, бiрақ бұл шектi нормалардан аспауға тиiс.";
6-тармақтағы "Қазақстан Республикасының Үкіметі белгiлеген нормалар бойынша жүзеге асырылған" деген сөздер "салық төлеушiлер өз бетiнше жылына бiр рет инфляция деңгейiнiң шегiнде жүзеге асыратын" деген сөздермен ауыстырылсын;
29-бап мынадай редакцияда жазылсын:
"Жеке адамның салық салынатын табысына мынадай ставкалар бойынша салық салынуға тиiс:
────────────────────────────────────────────────────────────────────
1) 15 еселенген жылдық есептiк салық салынатын табыс сома.
көрсеткiшке дейiн сынан 5 процент
────────────────────────────────────────────────────────────────────
2) 15 еселенгеннен 30 еселенген 15 еселенген жылдық есептiк
жылдық есептiк көрсеткiшке көрсеткiштен алынатын салық
дейiн сомасы + одан асатын соманың
10 процентi
────────────────────────────────────────────────────────────────────
3) 30 еселенгеннен 65 еселенген 30 еселенген жылдық есептiк
жылдық есептiк көрсеткiшке көрсеткiштен алынатын салық
дейiн сомасы + одан асатын соманың
15 процентi
────────────────────────────────────────────────────────────────────
4) 65 еселенгеннен 130 еселенген 65 еселенген жылдық есептiк
жылдық есептiк көрсеткiшке көрсеткiштен алынатын салық
дейiн сомасы + одан асатын соманың
20 процентi
────────────────────────────────────────────────────────────────────
5) 130 еселенгеннен 350 еселенген 130 еселенген жылдық есептiк
жылдың есептiк көрсеткiшке көрсеткiштен алынатын салық
дейiн сомасы + одан асатын соманың
25 процентi
────────────────────────────────────────────────────────────────────
6) 350 еселенген жылдық есептiк 350 еселенген жылдық есептiк
көрсеткiштен бастап және көрсеткiштен алынатын салық
одан жоғары сомасы + одан асатын соманың
30 процентi
────────────────────────────────────────────────────────────────────
Төлем көзiнен ұсталатын табыс салығын есептеу салық жылының iшiнде бiрқалыпты (ай сайын) Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінiң Салық комитетi белгiлейтiн тәртiп бойынша жүргiзiледi.";
31-бап мынадай мазмұндағы 3-тармақпен толықтырылсын:
"3. Жарғылық капиталды ұлғайтуға бағытталған таза табыстың бiр бөлiгiне (әрбiр акционердiң акциялар үлесiн сақтауды есепке алғанда) 15 процент ставка бойынша салық салынбауға тиiс.";
32-бапта:
1-тармақ "заңды тұлғаларға" деген сөздерден кейiн "резидент-банктерге төленетiндердi қоспағанда" деген сөздермен толықтырылсын;
2-тармақ алынып тасталсын;
3 және 4-тармақтар тиiсiнше 2 және 3-тармақтар болып есептелсiн;
3-тармақта "төленетiн" деген сөз "жеке адамдар алған сыйақылар (мүдделер)" деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы 32-1-баппен толықтырылсын:
"32-1-бап. Қызметкерлердiң тiкелей және жанама табыстарына салынатын салық ставкасы
Шаруашылық жүргiзушi субъектiлер қызметкерлерiнiң кәсiпкерлiк қызметпен байланыссыз, шаруашылық жүргiзушi субъектiнiң таза табысының есебiнен алынған тiкелей немесе жанама табыстарына төлем кезiнде 15 процент ставка бойынша салық салынады.";
34-баптың 1-тармағында:
1) тармақша "Қазақстан Республикасы Мүгедектердiң ерiктi қоғамының" деген сөздерден кейiн асырауында балалары бар мүгедек-әйелдердiң Республикалық қоғамының "Бибi-ана" деген сөздермен толықтырылсын, сондай-ақ "олардың" деген сөзден кейiн "акциздеуге жататын тауарларды өндiру мен өткізуден, сондай-ақ" деген сөздермен толықтырылсын;
3) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"3) коммерциялық емес ұйымдардың демеушiлiк көмек, кіру және мүшелiк жарналар, қайырымдылық көмек, аударымдар мен қайырмалдықтар түрiнде алған табыстары бойынша, бұл ретте жоғарыда аталған қаражат қайтарылмайтын негiзде берiлуге тиiс, сондай-ақ қайтарылмайтын етiп берiлген мүлiктер бойынша;";
8) тармақша "кредиттер бойынша" деген сөздерден кейiн "және жеке мұқтаждары үшiн тұрғын үйлердi сатып алу мен салуға арнап үш жылдан астам мерзiмге жеке адамдарға берiлген ипотекалық кредиттер бойынша" деген сөздермен толықтырылсын;
мынадай мазмұндағы 9) - 10) тармақшалармен толықтырылсын:
"9) жабдықтарды кейiннен лизинг алушыға бере отырып, үш жылдан астам мерзiмге алынған жаңа технологиялық жабдықтар лизингi бойынша сыйақылар (мүдделер) жөніндегі ұйымдар;
10) айрықша қызмет түрi ауыл шаруашылығына несие беру болып табылатын, банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдар құрылған кезiнен бастап үш жыл бойына.";
45-бапта:
3-тармақ алып тасталсын;
4-тармақ 3-тармақ болып есептелсiн;
47-бапта:
баптың атауы "Активтердi" деген сөздiң алдынан "Ағымдағы" деген сөзбен толықтырылсын;
баптың мәтiнi "Активтердi" және "активтердiң" деген сөздердiң алдынан "ағымдағы" деген сөздермен толықтырылсын;
48-баптың 3) тармақшасындағы "15 процент ставка бойынша төлем көзiне салық салынатын" деген сөздер алып тасталсын;
50-баптың 1-тармағының 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын;
"1) еңбек шарты (келісім-шарты) бойынша немесе мердiгерлiк (жалдау) шарты бойынша жұмыс iстейтiн жеке тұлғаларға жасалған төлемдерден және жеке адамдарға жасалған басқа да төлемдерден кәсiпкерлiк қызметпен айналысатын заңды және жеке тұлғалар;";
54-бапта:
4-тармақ алып тасталсын;
5-тармақтағы "есептен шығарылған" деген сөздер "қызметiн тоқтатқан" деген сөздермен ауыстырылсын;
5-тармақ 4-тармақ болып есептелсiн;
55-бапта:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Кәсiпкерлiк қызметпен айналысатын заңды тұлғалар мен жеке адамдар салық төлеушiлер болып табылады.";
2-тармақтағы "Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігімен келiсе отырып, Мемлекеттік салық комитетi" деген сөздер "Қаржы министрлігінiң Салық комитетi" деген сөздермен ауыстырылсын;
4-тармақтағы "және қосылған құнға салынатын салық бойынша есепке тұрмаған" деген сөздер алып тасталсын;
мынадай мазмұндағы 5-тармақпен толықтырылсын:
"5. Кепiлге салынған мүлiк сатылған жағдайда қосылған құнға салынатын салықты төлеушi кепiл ұстаушы болып табылады.";