Салық комитетiнiң органдарына салық заңдары мен мемлекеттік бюджетке төлемдердiң түсуiн, мемлекеттiң алдындағы басқа да қаржы мiндеттемелерiн көздейтiн басқа да заң актілерінiң негiзiнде барлық деңгейдегi бюджеттерге салық және басқа да мiндеттi төлемдер жинаудың толықтығы үшiн жауапкершiлiк жүктеледi.
Салық полициясы заңдарда белгiленген шектерде қылмыстар мен құқық бұзушылықтарды анықтау және оларды тыю, қылмыстық қудалауды жүзеге асыру жөніндегі арнаулы құқық қорғау органы болып табылады.
2. Қазақстан Республикасының Қаржы министрi салық полициясы органдарының жедел iздестiру және қылмыстық iс жүргiзу қызметiнен басқа салық қызметi органдарына жалпы басшылықты жүзеге асырады.
3. Салық қызметiнiң құрылымына Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінiң Салық комитетi, облыстар, Ақмола және Алматы қалалары бойынша салық комитеттерi, аудандар, қалалар және қалалардағы аудандар бойынша салық комитеттерi, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінiң Салық полициясы департаментi, облыстар, Ақмола және Алматы қалалары бойынша салық полициясы басқармалары, салық полициясының ауданаралық (аймақтық) бөлiмдерi немесе аудандар, қалалар және қалалардағы аудандар бойынша салық полициясы бөлiмдерi кiредi.
Салық қызметiнiң аумақтық органдары төменнен жоғары қарай тiкелей салық қызметiнiң тиiстi жоғары тұрған органына бағынады және жергiлiктi атқарушы органдарға кiрмейдi.
4. Салық комитетiн Төраға басқарады, оны қызметке - Қаржы министрінің ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасының Үкіметі, ал оның орынбасарларын Салық комитетi Төрағасының ұсынуы бойынша Қаржы министрi тағайындайды.
5. Облыстар, Ақмола және Алматы қалалары бойынша салық комитеттерiнiң төрағалары мен олардың орынбасарларын, аудандар, қалалар және қалалардағы аудандар бойынша салық комитеттерiнiң төрағаларын қызметке Қаржы министрлігінiң Салық комитетi төрағасының ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасының Қаржы министрi тағайындайды.
Салық комитетi орталық аппаратының қызметкерлерiн қызметке Төраға тағайындайды.
Облыстық және аудандық салық комитеттерiнiң қызметкерлерiн қызметке облыстық салық комитетiнiң төрағасы тағайындайды.
6. Салық полициясының департаментiн Директор басқарады, оның қызметке Қаржы министрінің ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасының Үкіметі, ал оның орынбасарларын және облыстар мен Ақмола және Алматы қалалары бойынша салық полициясы басқармаларының бастықтарын Салық полициясы департаментi Директорының ұсынуы бойынша Қаржы министрi тағайындайды.
Салық полициясы департаментi орталық аппаратының қызметкерлерiн, облыстар мен Ақмола және Алматы қалалары бойынша салық полициясы басқармасы бастықтарының орынбасарларын, ауданаралық (аймақтық) салық полициясы бөлiмдерiнiң немесе қалалар, аудандар және қалалардағы аудандар бойынша салық полициясы бөлiмдерiнiң бастықтарын қызметке Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігінiң Салық полициясы департаментiнiң Директоры тағайындайды.
Салық полициясы облыстық және қалалық басқармаларының, ауданаралық (аймақтық), аудандық бөлiмдерiнiң қызметкерлерiн облыстар мен Ақмола және Алматы қалалары бойынша салық полициясы басқармаларының бастықтары тағайындайды.
7. Қаржы министрлігінiң Салық комитетi мен Салық полициясы департаментi туралы ережелердi Қазақстан Республикасының Үкіметі бекiтедi.
8. Барлық деңгейдегi салық қызметi органдары заңды тұлғалар болып табылады, бланкiлерi мен белгiленген үлгiдегi мөрлерi болады, сондай-ақ банктерде шоттары болуы мүмкiн.
9. Салық қызметi органдары республикалық бюджет қаражаты есебiнен ұсталады.";
169-бап мынадай мазмұндағы алтыншы азатжолмен толықтырылсын:
"заңды және жеке тұлғалардың салық төлемеуге байланысты не кiрiстерiн жасыру немесе төмендетiп көрсету мақсатымен жасаған қылмыстары мен өзге де құқық бұзушылықтарын, салық салу объектiлерiн жасыруын, салықтар мен бюджетке төленетiн басқа да төлемдердi төлеуден өзге де жалтарушылықты, салықтар мен бюджетке төленетiн басқа да төлемдердiң түспеуiне немесе толық түспеуiне байланысты мемлекетке шығын келтiруге әкеп соққан өзге де қылмыстар мен құқық бұзушылықты анықтау және оларды болдырмау, сондай-ақ мемлекет алдындағы басқа да қаржы мiндеттемелерiнiң орындалуын қамтамасыз ету.";
171-бапта:
1-тармақта:
2) тармақша алып тасталсын;
3) 3-тармақшадағы "Қазақстан Республикасының Ұлттық статистика агенттiгiнiң" деген сөздер "мемлекеттік статистикаға басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік органның" деген сөздермен ауыстырылсын;
4), 7), 9), 10), 11), 12), 14); тармақшалар алып тасталсын;
3), 5), 6), 8), 13) тармақшалар тиiсiнше 2) - 6) тармақшалар болып есептелсiн;
мынадай мазмұндағы 7) тармақшамен толықтырылсын:
"7) дивидендтердi есептеудiң дұрыстығын және оларды мемлекеттік акциялардың пакетi бар акционерлік қоғамдардың уақтылы төлеуiн бақылауды жүзеге асыруға мiндеттi.";
2-тармақ алып тасталсын;
мынадай мазмұндағы 2-4-тармақтармен толықтырылсын:
"2. Салық комитетi органдары:
1) салық төлеушiлер мен салық салынатын объектiлердi уақтылы есепке алуды қамтамасыз етуге, бюджетке есептелетiн және төленген салықтардың есебiн жүргiзуге;
2) осы Жарлықтың 151-бабының ережелерiне сәйкес төлемшiлерге салықтың есептелген сомасына қарағанда артық төленген сомаларды қайтаруға;
3) декларациялардың және салықтарды есептеу мен төлеуге байланысты өзге де құжаттардың нысандарын әзiрлеуге;
4) Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі белгiлеген нысан мен мерзiмдерде салықтардың және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдердiң сомалары туралы қаржы органдарына есептер берiп отыруға;
5) заңдарда белгiленген жағдайларда салық полициясы органдарына материалдар беруге мiндеттi.
3. Салық полициясы органдары:
1) заңда көзделген негiздер мен тәртiп бойынша салықтардың төленбеуiне, салық салынудан жалтаруға немесе мемлекеттiң алдындағы басқа да қаржы мiндеттемелерiнiң орындалмауына байланысты қылмыстарды табу және тергеу мақсатында жедел iздестiру әрекеттерiн, анықтауды жүргiзуге;
2) заңды және жеке тұлғалардың салық төлемеуiне байланысты не кiрiстерiн қысқартып немесе төмендетiп көрсету, салық салынатын объектiлердi жасыру мақсатымен жасаған қылмыстары мен өзге де құқық бұзушылықтарын, салықтар мен бюджетке басқа да төлемдердi төлеуден өзгеше түрде жалтаруын, сондай-ақ салықтар мен бюджетке басқа да төлемдердiң түспеуiне немесе толық түспеуiне, мемлекет алдындағы қаржы мiндеттемелерiнiң орындалмауына байланысты мемлекетке шығын келтiруші әкеп соқтырған өзге де қылмыстар мен құқық бұзушылықтарды табуға және оларды тыюға;
3) салық қызметi органдарындағы жемқорлық фактілерінiң алдын алуға, оларды анықтауға және тыюға;
4) өз құзыретi шегiнде салық қызметi жұмысының қауiпсiздiгiн, оның қызметкерлерiн қызметтегi мiндеттерiн орындау кезiнде қылмыстық және өзге де құқыққа қарсы қол сұғушылықтардан қорғауды қамтамасыз етуге;
5) салық төлеуден, мемлекет алдындағы басқа да қаржы мiндеттемелерiн орындаудан, мiндеттi зейнетақы жарналарын толық және уақытылы аударудан жалтарған, олар жөнiнде мемлекеттiң алдындағы борышы туралы, мiндеттi зейнетақы жарналарын толық және уақытылы аудармағаны не декларациялар беруден жалтарғаны туралы мәлiметтер түскен жеке және заңды тұлғаларды iздестiрудi жүзеге асыруға мiндеттi.
4. Осы Жарлықты қолдану жөніндегі актiнi Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінiң Салық комитетi әзiрлейдi және бекiтедi.";
172-бапта:
1) тармақша "пен басқа да төлемдердi есептеу мен төлеуге байланысты" деген сөздерден кейiн "және мемлекет алдындағы өзге де қаржы мiндеттемелерiн, сондай-ақ мiндеттi зейнетақы жарналарын толық және уақытылы аудару жөніндегі" деген сөздермен толықтырылсын;
3) тармақшадағы "Ұйымдардың басшылары мен азаматтар салық қызметi органдарының лауазымды адамдарын аталған үй-жайларды тексеруге жiберуден бас тартқан жағдайда салық инспекциялары мұндай субъектiлердiң салық салынатын табысын олардың табыс алып отырғанын дәлелдейтiн құжаттар негiзiнде анықтауға құқылы" деген сөздер алып тасталсын;
5) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"5) анықталған салық заңдарының бұзылуын жою туралы талаптарды орындамаған, тексерiске және тексерулерге рұқсат етпеген, салық қызметiне есептердi, декларацияларды және табыс түсiруге салық салынатын объектiлердi ұстауға, салықтарды және бюджетке төленетiн басқа да төлемдердi есептеу мен төлеуге және мемлекет алдындағы өзге де қаржы мiндеттемелерiне байланысты басқа да құжаттарды бермеген жағдайларда, сондай-ақ мiндеттi зейнетақы жарналарын толық және уақытылы аудармауы, анықталған тәртiп бұзушылықтарды жойғанға дейiн салық қызметтерiнiң талап етуi бойынша қаржы есептерiн ұсынбауы бойынша банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдар мен азаматтардың банктердегi және өзге де ұйымдардағы банк шоттары бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұруға. Салық заңдарының бұзылғандығы фактілері аңғарылған жағдайда салық қызметi органдарының төлеушiге алынғандардың тiзбесi бар актiнiң көшiрмесiн тапсыра отырып, оны куәландыратын құжаттарды, ақшалай және материалдық қаражатты алып қоюға құқығы бар;";
9) тармақшада: "хаттамалар" деген сөз "салық қызметi органының басшысы немесе оның орынбасарлары бекiтетiн актiлер (хаттамалар)" деген сөздермен ауыстырылсын;
14) тармақшадағы "мұрсат беруге" деген сөздер "салық органдары мұрсат бередi" деген сөздермен ауыстырылсын;
17) тармақшадағы "171-бабының 10-тармағына" деген сөздер "171-бабының 3-тармағының 2) тармақшасына" деген сөздермен ауыстырылсын;
176-бапта:
7-тармақта:
бiрiншi азатжолдағы "салық қызметi органдарының салық полициясы бөлiмшелерiнiң" деген сөздер "салық полициясы органдарының" деген сөздермен ауыстырылсын;
үшiншi бөлiктегi "Қазақстан Республикасы Мемлекеттік салық комитетiнiң төрағасы мен басқа да лауазымды адамдары" деген сөздер алып тасталсын;
8-тармақта:
"бөлiмшелерiнiң" деген сөз "органдарының" деген сөзбен ауыстырылсын;
178-бапта:
баптың атауындағы 1-тармағының бiрiншi азатжолы мен 2-тармағының бiрiншi азатжолындағы "қоры" және "қорын" деген сөздер тиiсiнше "қорлары" және "қорларын" деген сөздермен ауыстырылсын;
5. Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстан Республикасындағы кеден iсi туралы" Заң күшi бар Жарлығында (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң Жаршысы, 1995 ж., № 13, № 23, 152-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1996 ж., № 1, 180-құжат; № 18, 367-құжат; 1997 ж., № 11, 144-құжат; № 12, 189-құжат):
83-баптағы "салықтар алудан толық босату" деген сөздер "салықтардан босату, сондай-ақ" деген сөздермен ауыстырылсын;
89-бапта:
баптың атауындағы "кеден бажын" деген сөздерден кейiн "және салық салуды" деген сөздермен толықтырылсын;
екiншi бөлiктегi "кеден бажынан" деген сөздерден кейiн "және салықтардан" деген сөздермен толықтырылсын;
90-бапта:
бiрiншi, екiншi және үшiншi бөлiктеріндегі "кеден бажы" және "кеден бажынан", "кеден бажының" деген сөздерден кейiн "және салықтан", "және салықтың" деген сөздермен толықтырылсын;
төртiншi бөлiгi алып тасталсын.
6. Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметi туралы" 1995 жылғы 31 тамыздағы № 2444 Заң күшi бар Жарлығында (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң Жаршысы, 1995 ж., № 15-16, 106-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1996 ж., № 2, 184-құжат; № 15, 281-құжат; № 19, 370-құжат; 1997 ж., № 5, 58-құжат; 1997 жылғы 17 шiлдеде "Егемен Қазақстан" және "Казахстанская правда" газеттерiнде жарияланған "Қазақстан Республикасының банк қызметi мәселелерi жөніндегі кейбір заң актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 1997 жылғы 11 шiлдедегi Қазақстан Республикасының Заңы):
бiрiншi бөлiктегi "кеден бажымен" деген сөздер "және салықтармен" деген сөздермен толықтырылсын;
20-баптың 3-тармағының в) тармақшасының "күнге дейiн" деген сөздер "күннен кейiн" деген сөздермен ауыстырылсын;
43-баптың 2-тармағындағы "қарыздарды" деген сөз "талаптарды" деген сөзбен ауыстырылсын;
48-баптың 3-тармағы алып тасталсын.
7. 1997 жылғы 8 шiлдеде "Егемен Қазақстан" және "Казахстанская правда" газеттерiнде жарияланған "Жеке кәсiпкерлiк туралы" 1997 жылғы 19 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңында:
21-баптың 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
"3. Жеке кәсiпкер салық заңдарына сәйкес патент негiзiнде салықтың тiркелген сомасын төлеуге құқылы.".
2-бап. Қазақстан Республикасы Президентінің "Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы" 1995 жылғы 24 сәуірдегі № 2235 Заң күшi бар Жарлығының 153-бабының қолданылуы 2001 жылғы 1 қаңтарға дейiн тоқтатыла тұрсын, бұл орайда мемлекеттік бюджет алдындағы берешектердi өтеудiң мынадай кезектiлiгi белгiленсiн:
1) салық сомасы;
2) есептелген өсiмақылар;
3) есептелген айыппұлдар.
3-бап. Осы Заң 1998 жылғы 1 қаңтардан бастап күшiне енгiзiледi, бұған Қазақ КСР-iнiң Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы кодексiнiң 165-2-бабы мен Қазақстан Республикасы Президентінің "Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы" Заң күшi бар Жарлығының 142-бабының 2-тармағының 3) тармақшасы қосылмайды, олар 1998 жылғы 1 сәуiрден бастап күшiне енгiзiледi.
Қазақстан Республикасының