56-бап алып тасталсын;
58-бапта:
1-тармақ "бiрақ олардың" деген сөздерден кейiн "сауда-делдалдық қызмет үшiн" деген сөздермен, "төмен болмауы" деген сөздерден кейiн "және өндiрiстiк қызмет үшiн нақты қалыптасқан шығындардан төмен болмауы" деген сөздермен толықтырылсын;
3-тармақта "6" деген сан "4" деген санмен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы 6-тармақпен толықтырылсын:
"6. Мүлiктер бөлiнген, жоғалған кезде (табиғи сипаттағы төтенше жағдайлар салдарынан пайда болған реттердi қоспағанда), сондай-ақ нормативтерден тыс ысырап болған кезде табиғи монополияшылар үшiн осы мүлiктiң және нормативтерден тыс ысыраптардың құны салық салынатын айналым ретiнде қаралады.";
59-баптың 2-тармағындағы "қарыздар" деген сөз "талаптар" деген сөзбен ауыстырылсын;
61-бап мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Мынадай тауарларды сату, жұмыс атқару немесе қызмет көрсету жөніндегі айналымдар қосылған құнға салынатын салықтан босатылады:
1) жердi иелену мен пайдалану құқығын жалдау, сату немесе үйлердi жалдау және сату; қонақ үйлерде тұрғаны үшiн төленген ақыдан, автомобильдердi немесе басқа көлiк құралдарын қою мен сақтауға учаскелердi бергенi үшiн төленген ақыдан, салынған объектiнiң алғашқы өткiзiлуiнен басқалары;
2) сейфтiк операцияларды, инкассацияларды, банкноттар, монеталар және құндылықтар жiберудi, сондай-ақ бағалы қағаздарды сақтау жөніндегі қызмет көрсетудi қоспағанда, қаржылық қызмет көрсету;
3) почта маркалары (коллекциялықтарынан басқалары), таңбаланған конверттер мен ашық хаттар;
4) коммерциялық емес ұйымдар жүзеге асыратын жұмыстар немесе қызмет көрсету, егер олар: медициналық көмек көрсетумен, балаларды, қарттарды және мүгедектердi қорғау мен әлеуметтiк қамсыздандыру жөніндегі қызмет көрсетумен, білім беру, мәдениет, дене тәрбиесi мен спорт саласындағы қызмет көрсетумен, дiни ұйымдарда салт-жоралғылар мен рәсiмдер өткізумен байланысты болса;
5) мемлекеттік баж алуға байланысты оған уәкiлдiк берiлген органдар көрсететiн қызмет;
6) жерлеу-рәсiмдiк қызмет көрсету, зираттардың және крематорийлердiң қызмет көрсетуi;
7) геологиялық барлау және геологиялық iздестiру жұмыстары;
8) лотерея билеттерiн өткізу бойынша айналымдар, бұған оларды сату жөніндегі қызмет көрсету қосылмайды;
9) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi жүзеге асыратын тауарлар сату, жұмыс орындау және қызмет көрсету бойынша айналымдар;
10) Қазақстан Республикасы Мүгедектердiң ерiктi қоғамы, Асырауында балалары бар мүгедек-әйелдердiң республикалық қоғамы "Бибi-Ана", Қазақ зағиптар қоғамы, Қазақ саңыраулар қоғамы, сондай-ақ осы қоғамдардың меншiгi болып табылатын және толығымен солардың қаражаты есебiнен құрылған өндiрiстiк ұйымдардың тауарлар сату (жұмыс орындау, қызмет көрсету) бойынша айналымдары, бұған сауда-делдалдық қызметіндегі тауарлар сату (жұмыс орындау, қызмет көрсету) жөніндегі айналымдар және акцизделетiн тауарларды өндiру мен сату жөніндегі айналымдар қосылмайды;
11) тауарларды немесе жолаушыларды халықаралық тасымалдауға байланысты қызмет көрсету немесе жұмыс атқару бойынша айналымдар;
12) мемлекеттік меншiктi жекешелендiру;
13) жарғылық капиталға жарналар;
14) мектеп оқулықтары мен мектеп оқу құралдарын, сондай-ақ арнаулы орта және жоғары оқу орындарына арналған, уәкiлеттi орган пайдалануға рұқсат берген оқу құралдарын шығару және сату бойынша айналым;
15) "SOS - Қазақстанның Балалар қалашықтары" қорының ұйымдастырылуына, құрылысына және жұмыс iстеуiне байланысты қызметтi жүзеге асыру үшiн Қазақстан Республикасының резиденттерi сатып алатын тауарлар, орындалатын жұмыстар мен көрсетiлетiн қызметтер.
2. Қосылған құнға салынатын салықтан босатылған тауарлардың импорты:
1) ұлттық валютаның, шетел валютасының (нумизматтық мақсатта пайдаланылатындарынан басқасының), сондай-ақ бағалы қағаздардың импорты;
2) осы Жарлықтың 57-бабының ережелерiне сәйкес импортталатын тауарлар;
3) жеке адамдардың Қазақстан Республикасының Үкіметі бекiткен тауарларды бажсыз әкелу нормаларына сәйкес нормалар бойынша тауарлар импорты;
4) бюджет қаражаты есебiнен сатып алынатын және мемлекеттік бюджет есебiнен ұсталатын ұйымдар әкелетiн тауарлардың импорты, сондай-ақ Қазақстан Республикасының мемлекеттік кепiлдiгiмен қамсыздандырылған шетел несие желiлерi бойынша сатып алынатын тауарлардың импорты;
5) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi өз мұқтаждары үшiн жүзеге асыратын тауарлар импорты;
6) Қазақстан Республикасының Үкіметі белгiлейтiн тәртiппен, iзгiлiк көмек ретiнде әкелiнетiн тауарлардың импорты;
7) техникалық көмек көрсетудi қоса алғанда, мемлекет, үкiметтер, халықаралық ұйымдар желісі бойынша қайырымдылық мақсатында әкелiнетiн тауарлардың импорты;
8) шетелдiк дипломатиялық және оларға теңестiрiлген өкiлдiктердiң ресми пайдалануы үшiн, сондай-ақ Қазақстан Республикасы қатысушы болып табылатын халықаралық шарттарға сәйкес босатылатын, өздерiмен бiрге тұратын отбасы мүшелерiн қоса алғанда, осы өкiлдiктердiң дипломатиялық және әкiмшiлiк-техникалық қызметкерiнiң жеке пайдалануы үшiн әкелiнетiн тауарлардың импорты;
9) Қазақстан Республикасының кеден шекарасы арқылы өткiзiлетiн, Қазақстан Республикасының кеден заңдарымен белгiленген кеден режимдерiнiң шеңберiнде босатылатын тауарлардың импорты, бұған "Еркiн айналысқа арналған тауарларды шығару" режимi қосылмайды."
3. Егер салық төлеушi жұмыс iстеп тұрған кәсiпорынды немесе кәсiпорынның дербес жұмыс iстеп тұрған бөлiгiн басқа салық төлеушiге берсе (сатса), мұндай беру (сату) қосылған құнға салынатын салықтан босатылады. Осы ереже жер қойнауын пайдалануға арналған келісім-шартпен жасалатын құқықтарды қайта беруге де қолданылады.";
64-бап алып тасталсын;
66-баптың 2-тармағындағы "62-65-баптарында" деген сөздер "62, 63 және 65-баптарында" деген сөздермен ауыстырылсын;
68-бапта:
2-тармақта:
"осы Жарлықтың 61-бабына сәйкес" деген сөздер алып тасталсын;
мынадай мазмұндағы екiншi азатжолмен толықтырылсын:
"Нөлдiк ставка бойынша айналымы бар салық төлеушiнiң тауар сатудан (жұмыс атқарудан, қызмет көрсетуден) алынған табысының көлемi оны алумен байланысты шегерiмдерге жатқызылатын шығындарынан төмен болған жағдайда қосылған құнға салынатын салықтың өтелетiн сомасы жинақталған зиян сомасына кемiтiледi.";
3-тармақтағы "күмәндi борыш", "күмәндi борыштың" деген сөздер тиiсiнше "күмәндi талап", "күмәндi талаптың" деген сөздермен ауыстырылсын;
5-тармақтағы "есепте тұратын" және "есепте тұрмайтын" деген сөздер тиiсiнше "салық төлеушiлер болып табылатын" және "салық төлеушiлер болып табылмайтын" деген сөздермен ауыстырылсын;
69-бапта:
1-тармақтағы "Қосылған құнға салынатын салық бойынша есепке тұрған" деген сөздер алып тасталсын;
3-тармақ алып тасталсын;
4-тармақтағы "есепке тұрмаған" деген сөздер "төлеушi болып табылмайтын; деген сөздермен ауыстырылсын;
4 және 5-тармақтар тиiсiнше 3 және 4-тармақтар болып есептелсiн;
70-баптың 4-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
"4. Ауыл шаруашылық өндiрiсiнде пайдаланылатын тауарлардың импорты, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Үкіметі белгiлейтiн тiзбе бойынша жабдықтардың, шикiзаттың, материалдардың, қосалқы бөлшектер мен дәрi-дәрмектердiң импорты бойынша қосылған құнға салынатын салықты салық төлеушiлер Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінiң Салық комитетi және Қаржы министрлігінiң кеден комитетi белгiлейтiн тәртiп бойынша төлейдi.";
73-бапта:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Есептеуге жатқызылған салық сомасының есептi кезеңге есептелген салық сомасынан артығы қосылған құнға салынатын салық жөніндегі алдағы төлемдердiң есебiне есептеледi.
Нөлдiк ставка бойынша салық салынатын айналымы бар салық төлеушiлерге мұндай сома салық қызметi салық төлеушiнiң арызын алған кезден бастап 90 күн iшiнде қайтарылады.
Егер өткен есептi кезеңде есептеуге жатқызылған салық сомасының есептелген салық сомасының артығы пайда болса және егер нөлдiк ставка бойынша салық салынатын айналымы бар салық төлеушi салық органына қосылған құнға салынатын салық сомаларын қайтару туралы арыз бермесе, аталған артығы есептi кезеңнен кейiнгi кезеңге есептеледi.";
76-баптың 1-тармағында:
14) -17) тармақшалар алып тасталсын;
22) тармақша "газ конденсатын қоса алғанда" деген сөздермен толықтырылсын;
18) - 23) тармақшалар тиiсiнше 14) - 19) тармақшалар болып есептелсiн;
79-бапта:
4-тармақ алып тасталсын;
5-тармақ 4-тармақ болып есептелсiн;
83-бапта:
бiрiншi бөлiк "(өңделмеген мұнайды қоспағанда)" деген сөздерден кейiн "және спирттiң барлық түрiн" деген сөздермен толықтырылсын;
бiрiншi бөлiк 1-тармақ болып есептелсiн;
мынадай мазмұндағы 2, 3 және 4-тармақтармен толықтырылсын:
"2. Қазақстан Республикасының аумағында өндiрiлген өңделмеген мұнайды өндiрiстiк ұқсатуға беру кезiнде акциз оны берген кезде төленедi;
3. Iшкi өндiрiс үшiн сатып алынған акциздiк алым маркалары жоғалған және бүлiнген жағдайда табиғи сипаттағы төтенше оқиғалардың салдарынан туындаған жағдайларды қоспағанда, акциз мәлiмделген түр-түрi мөлшерiнде төленедi;
4. Акциздеуге жататын өнiм жоғалған және бүлiнген жағдайда табиғи сипаттағы төтенше оқиғалардың салдарынан туындаған жағдайларды қоспағанда, акциз толық мөлшерiнде төленедi.";
86-баптың 2-тармағында:
5) тармақша алып тасталсын;
6) және 7) тармақшалар тиiсiнше 5) және 6) тармақшалар болып есептелсiн;
V бөлiм мынадай редакцияда жазылсын:
"V бөлiм. Бағалы қағаздар эмиссиясын тiркегенi үшiн алынатын алым
19-тарау. Бағалы қағаздар эмиссиясын тiркегенi үшiн алынатын алым жөніндегі жалпы ережелер
87-бап. Алым төлеушiлер
Бағалы қағаздар эмиссиясын тiркегенi үшiн алым төлеушiлер олардың эмиссиясын жүзеге асыратын заңды тұлғалар болып табылады.
88-бап. Алым алу объектiлерi
Бағалы қағаздар эмиссиясын тiркегенi үшiн алым алудың объектiсi барлық бағалы қағаздардың бастапқы және қосымша эмиссия кезіндегі жалпы нақты құны болып табылады.
20-тарау. Бағалы қағаздар эмиссиясын тiркегенi үшiн алым төлеу
89-бап. Алым ставкалары
Бағалы қағаздар эмиссиясын тiркегенi үшiн алым бағалы қағаздардың жалпы нақты құнынан:
бағалы қағаздардың бастапқы эмиссиясын тiркеген кезде - 0,1 процент;
бағалы қағаздардың қосымша эмиссиясын тiркеген кезде - 0,5 процент мөлшерiнде төленедi.
90-бап. Алым жөніндегі жеңiлдiктер
Мемлекеттік бағалы қағаздар эмиссиясы бойынша алым төленбейдi.
91-бап. Алым сомасын белгiлеу
Төлем жасаушылар бағалы қағаздардың жалпы нақты құнын және алым ставкаларын негiзге ала отырып, алым сомасын дербес есептеп шығарады.
92-бап. Алым төлеудiң тәртібі мен мерзiмдерi
1. Бағалы қағаздар эмиссиясын тiркеген кезде эмитент тiркеушi органға алымның бюджетке тиесiлi сомасын төлегенiн растайтын құжат тапсыруға мiндеттi.
2. Эмитент Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген ережелер мен тәртiптi бұза отырып жүзеге асырған бағалы қағаздар эмиссиясын тiркеуден бас тартылған жағдайда төленген алым қайтарылмайды және бағалы қағаздар эмиссиясын кейiнгi тiркеу кезiнде есепке алынады.
93-бап. Төлеушiнiң жауапкершiлiгi
Бағалы қағаздар эмиссиясын тiркегенi үшiн алымның бюджетке толық және уақтылы төлеуiне төлеушi жауап бердi. Алымды есептеу мен төлеудегi тәртiп бұзушылық үшiн төлеушiлерге осы Жарлықта көзделген санкциялар қолданылады.";
94-бапта:
2-тармақ мынадай мазмұндағы екiншi азатжолмен толықтырылсын:
"Жер қойнауын пайдалануға бұрын жасалған келісім-шартты атқаруға жер қойнауын пайдаланушымен немесе оның құқықтық мұрагерiмен жаңа келісім-шарт жасалған жағдайда, бұрынғы келісім-шарттың салық режимi сол жер қойнауы учаскелерiнде жер қойнауын пайдалануға жасалатын болашақ келісім-шарттағы салық режимiн iшiнара немесе толық көшiру көзделген шекте ғана қолданылады."
5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"5. Жер қойнауын пайдаланушылар жер қойнауын пайдалану жөніндегі келісім-шарт бойынша салықтар мен төлемдердi есептеу мақсатында табыстар мен шегерiмдердi жер қойнауын пайдалану жөніндегі аталған келісім-шарттың шеңберiнен тыс қызмет жөніндегі табыстармен және шегерiмдермен бiрiктiре алмайды.
Көп таралған пайдалы қазбаларды өндiру жөніндегі келісім-шарттарда пайдалы қазбалардың басқа түрлерiн өндiру көзделмеген жағдайда бұл ереже ондай келісім-шарттарға қолданылмайды.";
94-1-баптың 3-тармағында:
"тәртiп бойынша" деген сөздер "мөлшерде" деген сөзбен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы азатжолмен толықтырылсын:
"Қазақстан Республикасының өнiмдi бөлу жөніндегі үлесiн төлеудiң тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі белгiлейдi.";
94-3-баптың 2-тармағындағы "және салық органдарының" және "салық қызметi органы немесе" деген сөздер тиiсiнше "орган мен Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінiң" және "Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі және" деген сөздермен ауыстырылсын;
100-1-бап мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Алтын, күмiс және платина бойынша роялти салу объектiсi өндiрiлген металдың Қазақстан Республикасының Үкіметі белгiлейтiн халықаралық металл биржасында есептi кезеңдегi орташа сату бағасы бойынша есептелген құны болып табылады.
2. Бағалы металдар (осы баптың 1-тармағында аталғандарын қоспағанда) және асыл тастар бойынша роялти салудың объектiсi өндiрiлген бағалы металдар мен асыл тастардың есептi кезеңдегi жанама салықтарды есепке алмағандағы орташа сату бағасы бойынша есептелген құны болып табылады.";
100-2-баптың 1-тармағы "есептi кезең iшіндегі" деген сөздерден кейiн "жанама салықтар есепке алынбаған, сатылатын жерiне дейiн тасымалдауға жұмсалатын нақты шығындар сомасына кемiтiлген" деген сөздермен толықтырылсын;
100-3-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
"1. 100 және 100-1-баптарда көрсетiлгендерiн қоспағанда, қатты пайдалы қазбалар бойынша роялти салудың объектiсi өндiрiлген пайдалы қазбалардың есептi кезеңде нақты өндiрiлген пайдалы қазбалардан алынған бiрiншi тауарлы өнiмдi сатудың жанама салықтар есепке алынбаған орташа бағасы бойынша есептелген құны болып табылады.";
106-бап мынадай редакцияда жазылсын:
"Меншiгiнде немесе тұрақты пайдалануында жер учаскесi бар заңды және жеке тұлғалар жер салығын төлеушiлер болып табылады.";
112-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Елдi мекендердiң жерлерiне салынатын салықтың базалық ставкалары бiр шаршы метр алаңға есептелiп мынадай мөлшерде белгiленедi:
────────────────────────────────────────────────────────────────────
Елдi мекеннiң түрi Тұрғын емес құры. Тұрғын үй қоры
лыстар, ғимараттар, алып жатқан жер.
оларды ұстауға қа. лерге, олардың
жеттi учаскелер, жанындағы құры.
сондай-ақ объектi. лыстар мен
лердiң санитария. ғимараттарды
лық-қорғаушы қоса алғанда,
аймақтары, техни. теңгемен
калық және өзге салынатын салық
аймақтар алып ставкасы
жатқан жерлерге
теңгемен салынатын
салық ставкасы
Қалалар:
Алматы 15,00 0,2
Ақмола 10,00 0,2
Ақтау 5,00 0,2
Ақтөбе 3,50 0,2
Атырау 4,25 0,2
Тараз 4,75 0,2
Қарағанды 5,00 0,2
Қызылорда 4,50 0,2
Қостанай 3,25 0,2
Павлодар 3,00 0,2
Петропавл 3,00 0,2
Орал 3,00 0,2
Өскемен 5,00 0,2
Шымкент 4,75 0,2
Алматы облысы:
облыстық маңызы бар қалалар 3,50 0,2
аудандық маңызы бар қалалар 3,00 0,2
Ақмола облысы:
облыстық маңызы бар қалалар 3,00 0,2
аудандық маңызы бар қалалар 2,60 0,2
Облыстық маңызы бар басқа қалалар: облыс орталығы 0,2
үшiн белгiлен.
ген ставканың
85 процентi
Аудандық маңызы бар басқа қалалар: облыс орталығы 0,1
үшiн белгiлен.
ген ставканың
75 процентi
Поселкелер 0,50 0,07
Селолар /ауылдар/ 0,25 0,05
____________________________________________________________________
123-бап мынадай мазмұндағы 4-тармақпен толықтырылсын:
"4. Осы баптың 3-тармағының 1) - 5) тармақшаларында аталған заңды тұлғалар жерге салынатын салықтан оны пайдалануға немесе жалға берген кезде босатылмайды.";
128-бапта:
бiрiншi бөлiк 1-тармақ болып есептелсiн;
мынадай мазмұндағы 2-тармақпен толықтырылсын;
"2. Көлiк құралдарын пайдалану мерзiмiне қарай жеңiл көлiк құралдарына салынатын салық ставкаларына мынадай түзету коэффициенттерi қолданылады:
1 жылдан 3 жылға дейiн пайдалану - 2,0
3 жылдан 5 жылға дейiн пайдалану - 1,5
5 жылдан артық пайдалану - 1,0
(ТМД елдерi шығарған жеңiл көлiк құралдарын қоспағанда)
ТМД елдерi шығарған жеңiл көлiк құралдарына:
5 жылдан 6 жылға дейiн пайдалану - 1,0
6 жылдан артық пайдалану - 0,3.";
132-баптың 1) және 2) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:
"1) кәсiпкерлiк қызметпен айналысатын заңды және жеке тұлғалардың, көлiк құралдарының салық салынатын көлiк құралдарын қоспағандағы, негiзгi қаражатының қалдық құны;
2) жеке тұлғалардың кәсiпкерлiк қызметте пайдаланылмайтын, азаматтардың жеке пайдалануындағы, Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан тұрғын үй-жайларының, саяжай құрылыстарының, гараждарының, өзге де құрылыстарының, ғимараттарының, үй-жайларының құны.";
133-баптың 2-тармағында:
4) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"4) 3 000 000 теңгеден 4 000 000 теңгеге дейiн 3 000 000 теңге тұратын жылжымайтын мүлiк құнына салынатын салық сомасы + одан асатын соманың 0,3 процентi;";
мынадай мазмұндағы 5) - 11) тармақшалармен толықтырылсын:
"5) 4 000 000 теңгеден 5 000 000 теңгеге дейiн 4 000 000 теңге тұратын жылжымайтын мүлiк құнына салынатын салық сомасы + одан асатын соманың 0,4 процентi;
6) 5 000 000 теңгеден 6 000 000 теңгеге дейiн 5 000 000 теңге тұратын жылжымайтын мүлiк құнына салынатын салық сомасы + одан асатын соманың 0,5 процентi;
7) 6 000 000 теңгеден 7 000 000 теңгеге дейiн 6 000 000 теңге тұратын жылжымайтын мүлiк құнына салынатын салық сомасы + одан асатын соманың 0,6 процентi;
8) 7 000 000 теңгеден 8 000 000 теңгеге дейiн 7 000 000 теңге тұратын жылжымайтын мүлiк құнына салынатын салық сомасы + одан асатын соманың 0,7 процентi;
9) 8 000 000 теңгеден 9 000 000 теңгеге дейiн 8 000 000 теңге тұратын жылжымайтын мүлiк құнына салынатын салық сомасы + одан асатын соманың 0,8 процентi;
10) 9 000 000 теңгеден 10 000 000 теңгеге дейiн 9 000 000 теңге тұратын жылжымайтын мүлiк құнына салынатын салық сомасы + одан асатын соманың 0,9 процентi;
11) 10 000 000 теңгеден және одан жоғары 10 000 000 теңге тұратын жылжымайтын мүлiк құнына салынатын салық сомасы + одан асатын соманың 1 процентi.";
134-бапта:
1-тармақтың 3) тармақшасы мынадай жаңа редакцияда жазылсын:
"3) негiзгi қызметiнде пайдаланатын мүлкi бойынша Қазақстанның Ұлттық Банкi босатылады;";
мынадай мазмұндағы 3-тармақпен толықтырылсын:
"3. Осы баптың 1-тармағының 1) - 5) тармақшаларында аталған заңды тұлғалар мүлiкке салынатын салықты төлеуден оны пайдалануға немесе жалға беру кезiнде босатылмайды.";
138-бапта:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Көбiнесе қолда бар ақшамен жұмыс iстейтiн және тауарлар сату, жұмыс орындау немесе қызмет көрсету бойынша айналымы шектеулi, сондай-ақ оларда жұмыс iстейтiн қызметкерлердiң саны шектеулi жеке және заңды тұлғалар бойынша салық қызметi тиiстi қаржы органдарымен келiсе отырып, қызмет түрлерiнiң тiзбесiн (шаруа, фермер қожалықтарын және ауыл шаруашылық тауар өндiрушiлерiн қоса алғанда) және патент негiзiнде салық төлеу тәртібін белгiлейдi.
Патент құнына салықты және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдердi, сондай-ақ мемлекет алдындағы өзге де қаржылық мiндеттемелердi қамтитын тiркелген жиынтық салық кiредi.";
2-тармақта:
"Бухгалтерлiк" деген сөздiң алдынан "салықтық және" деген сөздермен толықтырылсын.
мынадай мазмұндағы екiншi азатжолмен толықтырылсын:
"Тиеп жөнелту құжаттарының, сондай-ақ салықтық есеп-фактуралардың дұрыстығы үшiн тауар жеткiзiп берушi (жұмыс орындаушы, қызмет көрсетушi) жауап бередi.";
5-тармақтағы "немесе төрелiк соттың" деген сөздер алып тасталсын;
142-бапта:
баптың атауы "құқығы" деген сөзден кейiн "және мiндеттерi" деген сөздермен толықтырылсын;
бiрiншi бөлiк 1-тармақ болып есептелсiн;
мынадай мазмұндағы 2-тармақпен толықтырылсын:
"2. Салық төлеушi:
1) табыс етiлген жазбаша нұсқау негiзiнде салық қызметi органдары қызметкерлерiнiң талап етуi бойынша салықты және бюджетке төленетiн басқа да төлемдердi есептеуге және төлеуге байланысты есеп құжаттамасы мен мүлiктi тексеруге ұсынуға;
2) табыс етiлген жазбаша нұсқау негiзiнде салық қызметi органдары қызметкерлерiн табыс алу үшiн пайдаланылатын не салық салынатын объектiлердi ұстауға байланысты пайдаланылатын өндiрiстiк, қойма, сауда, өзге де үй-жайларды және көлiктi тексеруге жiберуге;
3) қолда бар ақшамен жұмыс iстеген кезде операцияларды фискальды зердесi бар бақылау-касса аппараты және компьютерлiк жүйелер арқылы, сатып алушы-тұтынушыға бақылау чегiн беретiн фискальды карталарды пайдалана отырып жүргiзуге мiндеттi.
Бақылау-касса аппараттары мен фискальды карталарды қолдану тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі белгiлейдi.";
143-баптың 1 және 2-тармақтары мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Салық төлеушiлер Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінiң Салық комитетi актілеріне сәйкес салық есебi бойынша құжаттама жүргiзуге мiндеттi.
2. Салық төлеушiлер салық есебi жөніндегі құжаттаманы қағаз, электрондық немесе магниттiк көздерде бес жыл бойы сақтауға мiндеттi.";
147-бапта:
2-тармақшаның екiншi азатжолындағы "банкiлiк 10 күн iшiнде салық қызметi органдары инкассалық тапсырмаларды (өкiмдердi) түсiргеннен кейiн келесi күннен бастап" деген сөздер алып тасталсын;
6) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"6) жазбаша сұратып алу негiзiнде белгiлi бiр кезең iшiнде банк шоттарымен жасалған операциялар туралы, тексерiлiп отырған салық төлеушiнiң шоттарында ақшаның бар-жоғы туралы, оның өткен жыл iшіндегі қаржы операциялары туралы және сыйақы (мүдде) ставкасын белгiлеу туралы Қаржы министрлігінiң Салық комитетi белгiлеген нысан мен мерзiмде салық қызметi органдарына ақпарат табыс етуге мiндеттi."
152-бап мынадай мазмұндағы 3-тармақпен толықтырылсын:
"3. Мәжбүрлi түрде таратылатын банктердiң кредит берушiлерiне банктiң таратылуына байланысты пайда болған салықтар мен бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдердi уақтылы төлемегенi үшiн айыппұлдар мен өсiмақылар банктi мәжбүрлi тарату басталғанын растайтын ресми құжат күшiне енген кезден бастап есептелмейдi.";
155-баптың 2-тармағы "мүлiк" деген сөзден кейiн "алынып қойылады не" деген сөздермен толықтырылсын;
163-баптың 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
"3. Есептiк құжаттамада тауарларды (жұмысты, қызметтi) есепке алу мен сату жөніндегі операцияларды көрсетпегенi үшiн аталған тауарлар (жұмыс, қызмет) құнының 100 процентi мөлшерiнде айыппұл салынады.";
165-бап мынадай мазмұндағы 4-тармақпен толықтырылсын:
"4. Салық органдарының шешiмдерiне шағымдану олар есептеген салықтардың сомалары мен айыппұл санкцияларын өндiрiп алуды тоқтатпайды;
Соттың шешiмi бойынша негiзсiз өндiрiп алынған сома салық төлеушiге оларды салық органдары өндiрiп алған кезден бастап әр күн үшiн бұл сома төленген күнi Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкi белгiлеген қайта қаржыландырудың 1,5 еселенген ресми ставкасы мөлшерiнде өсiм есептеле отырып үш күн iшiнде қайтарылады.";
167-бап мынадай редакцияда жазылсын:
"167-бап. Салық қызметiнiң мәртебесi мен құрылымы
1. Салық қызметi Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінiң Салық комитетiнен, Салық полициясы департаментiнен және олардың аумақтық органдарынан тұрады.