2022 ж. 08.06. ҚР Заңымен 3-тармақ өзгертілді (2022 ж. 22.06 республикалық референдумда қабылданды, 2022 ж. 08.06. нәтижелер туралы ресми хабарлама жарияланды) (бұр.ред.қара)
3. Парламент аса маңызды қоғамдық қатынастарды реттейтiн, мыналарға:
1) жеке және заңды тұлғалардың құқық субъектілігiне, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарына, жеке және заңды тұлғалардың мiндеттерi мен жауапкершiлiгiне;
Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің 2006 жылғы 13 шілдедегі № 4 қаулысымен берілген түсініктемені қараңыз
2) меншiк режимiне және өзге де мүлiктiк құқықтарға;
3) мемлекеттік органдар мен жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарын ұйымдастыру мен олардың қызметiнiң, мемлекеттік және әскери қызметтiң негiздерiне;
Қазақстан Республикасы Конституциялық кеңесінің 2013 жылғы 16 мамырдағы № 2 қосымша қаулысымен, Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің 2008 жылғы 15 қазандағы № 8 нормативтік қаулысымен, Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің 1999 жылғы 3 қараша № 19/2 қаулысымен берілген түсініктемені қараңыз
4) салық салуға, алымдар мен басқа да мiндеттi төлемдердi белгiлеуге;
5) республикалық бюджетке;
6) сот құрылысы мен сотта iс жүргiзу мәселелерiне;
Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің 2006 жылғы 13 шілдедегі № 4 қаулысымен берілген түсініктемені қараңыз
7) білім беруге, денсаулық сақтауға және әлеуметтiк қамсыздандыруға;
8) кәсiпорындар мен олардың мүлкiн жекешелендiруге;
9) айналадағы ортаны қорғауға;
10) республиканың әкiмшiлiк-аумақтық құрылысына;
11) мемлекет қорғанысы мен қауiпсiздiгiн қамтамасыз етуге қатысты негiзгi принциптер мен нормалардың белгiлейтiн заңдар шығаруға хақылы.
Өзге қатынастардың барлығы заңға тәуелдi актiлермен реттеледi.
Осы баптың 2-тармағының екінші бөлігінде көзделген заң жобалары Парламентке енгізілген жағдайда, Республика Үкіметі осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген мәселелер бойынша заң күші бар уақытша нормативтік құқықтық актілер қабылдауға өзінің жауапкершілігімен хақылы, олар Парламент қабылдаған заңдар күшіне енгенге дейін немесе Парламент заңдарды қабылдамағанға дейін қолданыста болады.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің Регламентін қараңыз
2022 ж. 08.06. ҚР Заңымен 4-тармақ жаңа редакцияда (2022 ж. 22.06 республикалық референдумда қабылданды, 2022 ж. 08.06. нәтижелер туралы ресми хабарлама жарияланды) (бұр.ред.қара)
4. Мәжіліс депутаттары жалпы санының көпшілік даусымен қабылданған заң Сенатқа беріледі, ол онда алпыс күннен асырылмай қаралады.
Мәжіліс заң жобасын депутаттардың жалпы санының көпшілік даусымен тұтастай қабылдамауға хақылы. Бас тартылған заң жобасы қабылданбады деп есептеледі және бастамашыға қайтарылады.
Сенат депутаттары жалпы санының көпшілік даусымен мақұлданған заң он күннің ішінде Президенттің қол қоюына беріледі. Егер Сенат заңды тұтастай немесе оның жекелеген баптарын мақұлдамаса, онда заң Мәжіліске қайтарылады. Бұл ретте Сенат Мәжіліске заңның жекелеген баптарының редакциясын ұсынуға құқылы.
Егер Сенат алпыс күннің ішінде тиісті шешім қабылдамаған жағдайда, заң Президенттің қол қоюына беріледі.
2022 ж. 08.06. ҚР Заңымен 5-тармақ жаңа редакцияда (2022 ж. 22.06 республикалық референдумда қабылданды, 2022 ж. 08.06. нәтижелер туралы ресми хабарлама жарияланды) (бұр.ред.қара)
5. Егер Мәжіліс заңның жекелеген баптарының Сенат ұсынған редакциясына депутаттардың жалпы санының көпшілік даусымен келіссе, Мәжіліс заңды жаңа редакцияда қабылдаған және Сенат мақұлдаған болып есептеледі және он күннің ішінде Президенттің қол қоюына беріледі.
Егер Мәжіліс заңның жекелеген баптарының Сенат ұсынған редакциясына сол көпшілік дауыспен қарсылық білдірсе, сондай-ақ егер Сенат заңды тұтастай мақұлдамаған жағдайда, Палаталар арасындағы келіспеушіліктер келісу рәсімдері арқылы шешіледі.
Заңның келісу комиссиясы тұжырымдаған редакциясы осы баптың 4-тармағында белгіленген тәртіппен Мәжілістің және Сенаттың қарауына жатады.
Мәжіліс келісу комиссиясы ұсынған редакциядағы заңды Палата депутаттары жалпы санының көпшілік даусымен қабылдамаған жағдайларда, Мәжіліс бұрын қабылданған редакциядағы заң бойынша қайтадан дауысқа салуды жүргізеді.
Егер қайтадан дауысқа салу кезінде Мәжіліс Палата депутаттары жалпы санының үштен екісінің көпшілік даусымен бұрын қабылданған шешімді бекітсе, заң он күннің ішінде Президенттің қол қоюына беріледі.
Егер заң Мәжіліс депутаттарының көрсетілген көпшілік даусын алмаса, заң қабылданбады деп есептеледі және бастамашыға қайтарылады.
5-1. 2022 ж. 08.06. ҚР Заңымен алып тасталды (2022 ж. 22.06 республикалық референдумда қабылданды, 2022 ж. 08.06. нәтижелер туралы ресми хабарлама жарияланды) (бұр.ред.қара)
2007.21.05. № 254-III ҚР Заңымен 6-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)
6. Мемлекеттік кiрiстi қысқартуды немесе мемлекеттік шығысты көбейтудi көздейтiн заңдардың жобалары Республика Үкіметінiң оң қорытындысы болғанда ғана енгiзiлуi мүмкiн. Республика Президентінің заң шығару бастамасы тәртібімен Парламент Мәжілісіне енгізілген заңнамалық актілердің жобалары үшін мұндай қорытындының болуы талап етілмейді.
2007.21.05. № 254-III ҚР Заңымен 7-тармақ жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)
7. Үкімет енгізген заң жобасының қабылданбауына байланысты Премьер-Министр Парламент палаталарының бірлескен отырысында Үкіметке сенім туралы мәселе қоюға хақылы. Бұл мәселе бойынша дауыс беру сенім туралы мәселе қойылған сәттен бастап қырық сегіз сағаттан ерте өткізілмейді. Егер сенімсіздік білдіру туралы ұсыныс палаталардың әрқайсысының депутаттары жалпы санының көпшілік даусын ала алмаса, заң жобасы дауысқа салынбай қабылданды деп есептеледі. Алайда Үкімет бұл құқықты жылына екі реттен артық пайдалана алмайды.
ҚР Конституциялық Кеңесінің 12.03.99 ж. № 3/2; 27.09.99 ж. № 18/2 қаулыларымен берілген түсініктемені қараңыз
62-бап
1. Парламент Республиканың бүкiл аумағында мiндеттi күшi бар Қазақстан Республикасының заңдары, Парламенттiң қаулылары, Сенат пен Мәжілістiң қаулылары түрiнде заң актілерін қабылдайды.
2. Республиканың заңдары Республика Президентi қол қойғаннан кейiн күшiне енедi.
Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің 2007 жылғы 18 сәуірдегі № 4 нормативтік қаулысымен, Қазақстан Республикасы Конституциялық кеңесінің 2000 жылғы 3 шілде № 15/2 қаулысымен, Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің Қаулысы 1999 жылғы 29 қазандағы № 20/2 қаулысымен берілген түсініктемені қараңыз
3. Конституцияға өзгертулер мен толықтырулар әр Палата депутаттары жалпы санының кемiнде төрттен үшiнiң көпшiлiк даусымен енгiзiледi.
4. Конституциялық заңдар Конституцияда көзделген мәселелер бойынша әр Палата депутаттарының жалпы санының кемiнде үштен екiсiнiң көпшiлiк даусымен қабылданады.
«Қазақстан Республикасы Конституциясының 62-бабының 4-тармағын ресми түсіндіру туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық Сотының 2023 жылғы 10 қаңтардағы № 2 нормативтік қаулысын қараңыз
2022 ж. 08.06. ҚР Заңымен 5-тармақ жаңа редакцияда (2022 ж. 22.06 республикалық референдумда қабылданды, 2022 ж. 08.06. нәтижелер туралы ресми хабарлама жарияланды) (бұр.ред.қара)
5. Егер Конституцияда өзгеше көзделмесе, Палаталар депутаттарының жалпы санының көпшілік даусымен заңдарды Мәжіліс қабылдайды, Сенат мақұлдайды.
Егер Конституцияда өзгеше көзделмесе, Парламенттің және оның Палаталарының қаулылары Палата депутаттары жалпы санының көпшілік даусымен қабылданады.
2007.21.05. № 254-III ҚР Заңымен 6-тармақ жаңа редакцияда (бұр. ред. қара); 2022 ж. 08.06. ҚР Заңымен 6-тармақ өзгертілді (2022 ж. 22.06 республикалық референдумда қабылданды, 2022 ж. 08.06. нәтижелер туралы ресми хабарлама жарияланды) (бұр.ред.қара)
6. Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу мәселелері бойынша, конституциялық заңдардың жобалары бойынша кемінде екі оқылым өткізу міндетті.
7. Республиканың заңдары, Парламент пен оның Палаталарының қаулылары Конституцияға қайшы келмеуге тиiс. Парламент пен оның Палаталарының қаулылары заңдарға қайшы келмеуге тиiс.
8. Республиканың заң және өзге де нормативтiк құқықтық актілерін әзiрлеу, ұсыну, талқылау, күшiне енгізу және жариялау тәртібі арнаулы заңмен және Парламент пен оның Палаталарының регламенттерiмен реттеледi.
ҚР Конституциялық кеңесінің 2013 жылғы 6 наурыздағы № 1 нормативтік қаулысымен, Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің 2007 жылғы 18 сәуірдегі № 4 нормативтік қаулысымен, Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің 2006 жылғы 18 мамырдағы № 2 қаулысымен берілген түсініктемені қараңыз
2007.21.05. № 254-III ҚР Заңымен 63-бап жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)
63-бап
1. Республика Президенті Парламент палаталары төрағаларымен және Премьер-Министрмен консультациялардан кейін Парламентті немесе Парламент Мәжілісін тарата алады.
Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің 2007 жылғы 18 маусымдағы № 7 нормативтік қаулысымен берілген түсініктемені қараңыз
2. Парламентті және Парламент Мәжілісін төтенше немесе соғыс жағдайы кезеңінде, Президент өкілеттігінің соңғы алты айында, сондай-ақ осының алдындағы таратудан кейінгі бір жыл ішінде таратуға болмайды.
V БӨЛIМ
ҮКIМЕТ
64-бап
1. Үкiмет Қазақстан Республикасының атқарушы билiгiн жүзеге асырады, атқарушы органдардың жүйесiн басқарады және олардың қызметiне басшылық жасайды.
2007.21.05. № 254-III ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 2017 ж. 10.03. № 51-VI ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 2-тармақ жаңа редакцияда
2. Үкімет алқалы орган болып табылады және өзінің қызметінде Республика Президентінің және Парламенттің алдында жауапты.
3. Конституцияның 57-бабының 6)-тармақшасында көзделген ретте Үкiмет мүшелерi Парламент палаталарына есеп бередi.
4. Үкiметтiң құзыретi, ұйымдастырылуы мен қызмет тәртібі конституциялық заңмен белгiленедi.
65-бап
1. Қазақстан Республикасының Президентi Үкiметтi Конституцияда көзделген тәртiппен құрады.
2. Республика Премьер-Министрi тағайындалғаннан кейiнгi он күн мерзiм iшiнде Премьер-Министр Үкiметтiң құрылымы мен құрамы туралы Республика Президентiне ұсыныс енгiзедi.
3. Үкiмет мүшелерi Қазақстан халқы мен Президентiне ант бередi.
ҚР 07.10.98 ж. № 284-1 Заңымен 66-бап өзгертілді
66-бап
Қазақстан Республикасының Үкіметі:
2017 ж. 10.03. № 51-VI ҚР Заңымен 1) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1) мемлекеттiң әлеуметтiк-экономикалық саясатының, оның қорғаныс қабiлетiнiң, қауiпсiздiгiнiң, қоғамдық тәртiптi қамтамасыз етудiң негiзгi бағыттарын әзiрлейдi және олардың жүзеге асырылуын ұйымдастырады; Республика Президентiнің келісімімен мемлекеттік бағдарламаларды бекітеді, сондай-ақ олардың орындалуын қамтамасыз етеді;
«Қазақстан Республикасының кейбір конституциялық заңдарына Қазақстан Республикасындағы әкімшілік реформа мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының және «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Қазақстан Республикасындағы әкімшілік реформа мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкестігін қарау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық Сотының 2023 жылғы 8 сәуірдегі № 7 нормативтік қаулысын қараңыз
2) Парламентке республикалық бюджеттi және оның атқарылуы туралы есептi ұсынады, бюджеттiң атқарылуын қамтамасыз етедi;
3) Мәжіліске заң жобаларын енгiзедi және заңдардың орындалуын қамтамасыз етедi;
4) мемлекеттік меншiктi басқаруды ұйымдастырады;
Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесі 1999 жылғы 17 наурыздағы № 4/2 қаулысымен берілген түсініктемелерді қараңыз
5) Республиканың сыртқы саясатын жүргiзу жөнiнде шаралар әзiрлейдi;
6) министрлiктердiң, мемлекеттік комитеттердiң, өзге де орталық және жергiлiктi атқарушы органдардың қызметiне басшылық жасайды;
7) Республиканың министрлiктерi, мемлекеттік комитеттерi, өзге де орталық және жергiлiктi атқарушы органдары актілерінiң күшiн толық немесе қолданылу бөлiгiнде жояды немесе тоқтата тұрады;
8) 2017 ж. 10.03. № 51-VI ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
9) алынып тасталды
2017 ж. 10.03. № 51-VI ҚР Заңымен 9-1) тармақшамен толықтырылды
9-1) Республика Президентiнің келісімімен мемлекеттік бюджет есебінен қамтылатын барлық органдар үшін қаржыландырудың және қызметкерлердің еңбегіне ақы төлеудің бірыңғай жүйесін бекітеді;
10) өзiне Конституциямен, заңдармен және Президент актілерімен жүктелген өзге де қызметтердi орындайды.
ҚР Конституциялық Кеңесінің 17.03.99 ж. № 4/2; 12.04.01 ж. № 1/2 қаулыларымен берілген түсініктемелерді қараңыз
67-бап
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрi:
1) Үкiмет қызметiн ұйымдастырып, оған басшылық жасайды және оның жұмысы үшiн дербес жауап бередi;
2) 2007.21.05. № 254-III ҚР Заңымен алып тасталды (бұр. ред. қара)
3) Үкiмет қаулыларына қол қояды;
2017 ж. 10.03. № 51-VI ҚР Заңымен 4) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
4) Үкiмет қызметiнiң негiзгi бағыттары жөнiнде және оның аса маңызды барлық шешiмдерi жөнiнде Президентке және Парламентке баяндап отырады;
5) Үкiмет қызметiн ұйымдастыруға және басшылық жасауға байланысты басқа да қызметтердi атқарады.
ҚР 07.10.98 ж. № 284-1 Заңымен 68-бап өзгертілді
68-бап
1. Үкiмет мүшелерi өз құзыретi шегiнде шешiмдер қабылдауда дербестiкке ие әрi өздерiне бағынысты мемлекеттік органдардың жұмысы үшiн Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің алдында жеке-дара жауап бередi. Үкiметтiң жүргiзiп отырған саясатымен келiспейтiн немесе оны жүргiзбейтiн Үкiмет мүшесi орнынан түсуге өтiнiш бередi не ол лауазымнан босатылуға тиiс.
2007.21.05. № 254-III ҚР Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)
2. Үкімет мүшелерінің өкілді органның депутаттары болуға, оқытушылық, ғылыми немесе өзге шығармашылық қызметтерді қоспағанда, өзге де ақы төленетін жұмысты атқаруға, кәсіпкерлік іспен шұғылдануға, заңнамаға сәйкес өздерінің лауазымдық міндеттері болып табылатын жағдайларды қоспағанда, коммерциялық ұйымның басшы органының немесе байқаушы кеңесінің құрамына кіруге құқығы жоқ..
69-бап
1. Қазақстан Республикасының Үкіметі өз құзыретiнiң мәселелерi бойынша Республиканың бүкiл аумағында мiндеттi күшi бар қаулылар шығарады.
2. Республиканың Премьер-Министрi Республиканың бүкiл аумағында мiндеттi күшi бар өкiмдер шығарады.
3. Үкiметтiң қаулылары және Премьер-Министрдiң өкiмдерi Конституцияға, заң актілеріне, Республика Президентінің жарлықтары мен өкiмдерiне қайшы келмеуге тиiс.
70-бап
2007.21.05. № 254-III ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 2017 ж. 10.03. № 51-VI ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 1-тармақ жаңа редакцияда
1. Үкімет жаңадан сайланған Республика Парламенті Мәжілісінің алдында өз өкілеттігін доғарады.
2. Егер Үкiмет және оның кез келген мүшесi өздерiне жүктелген мiндеттердi одан әрi жүзеге асыру мүмкiн емес деп есептесе, олар Республиканың Президентiне өз орнынан түсетiнi туралы мәлiмдеуге хақылы.
2007.21.05. № 254-III ҚР Заңымен 3-тармақ жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)
3. Парламент Мәжілісі немесе Парламент Үкіметке сенімсіздік білдірген жағдайда Үкімет орнынан түсетіні туралы Республика Президентіне мәлімдейді.
4. Орнынан түсудi қабылдау немесе қабылдамау туралы мәселенi Республиканың Президентi он күн мерзiмде қарайды.
5. Орнынан түсудi қабылдау Үкiметтiң не оның тиiстi мүшесiнiң өкiлеттiгi тоқтатылғанын бiлдiредi. Премьер-Министрдiң орнынан түсуiн қабылдау бүкiл Үкiметтiң өкiлеттiгi тоқтатылғанын бiлдiредi.
2007.21.05. № 254-III ҚР Заңымен 6-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)
6. Үкiметтiң немесе оның мүшесiнiң орнынан түсуi қабылданбаған жағдайда Президент оған мiндеттерiн одан әрi жүзеге асыруды тапсырады.
7. Республиканың Президентi өз бастамасы бойынша Үкiметтiң өкiлеттiгiн тоқтату туралы шешiм қабылдауға және оның кез келген мүшесiн қызметтен босатуға хақылы. Премьер-Министрдi қызметiнен босату бүкiл Үкiметтiң өкiлеттiгi тоқтатылғанын бiлдiредi.
2022 ж. 08.06. ҚР Заңымен VI бөлімнің тақырыбы өзгертілді (2022 ж. 22.06 республикалық референдумда қабылданды, 2022 ж. 08.06. нәтижелер туралы ресми хабарлама жарияланды) (бұр.ред.қара)
VI БӨЛIМ
КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ СОТ
2022 ж. 08.06. ҚР Заңымен 71-бап жаңа редакцияда (2022 ж. 22.06 республикалық референдумда қабылданды, 2022 ж. 08.06. нәтижелер туралы ресми хабарлама жарияланды) (бұр.ред.қара)
71-бап
2022 ж. 17.09. № 142-VII ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (2022 ж. 19 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
1. Қазақстан Республикасының Конституциялық Соты Төрағаны қоса алғанда, он бір судьядан тұрады, олардың өкілеттігі сегіз жылға созылады.
Бір адам Конституциялық Соттың судьясы болып бір реттен артық тағайындала алмайды.
2. Конституциялық Соттың Төрағасын Парламент Сенатының келісімімен Республиканың Президенті тағайындайды.
3. Конституциялық Соттың төрт судьясын - Республика Президенті, Конституциялық Соттың үш-үш судьясын тиісінше Сенат пен Мәжіліс тағайындайды.
Республика Президенті Конституциялық Сот Төрағасының ұсынуымен Конституциялық Сот Төрағасының орынбасарын Конституциялық Сот судьяларының арасынан тағайындайды.
4. Конституциялық Соттың судьясы қызметі депутаттық мандатпен, оқытушылық, ғылыми немесе өзге шығармашылық қызметтен басқа, өзге де ақы төленетін қызметтерді атқарумен, кәсіпкерлік қызметті жүзеге асырумен, коммерциялық ұйымның басшы органының немесе байқаушы кеңесінің құрамына кірумен сыйыспайды.
5. Конституциялық Соттың судьяларын өздерінің өкілеттігі мерзімі ішінде тұтқынға алуға, күштеп әкелуге, оған сот тәртібімен белгіленетін әкімшілік жазалау шараларын қолдануға, қылмыс үстінде ұсталған немесе ауыр қылмыстар жасаған реттерді қоспағанда, Парламенттің келісімінсіз қылмыстық жауапқа тартуға болмайды.
6. Конституциялық Соттың ұйымдастырылуы мен қызметі конституциялық заңмен реттеледі.
72-бап
2022 ж. 08.06. ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (2022 ж. 22.06 республикалық референдумда қабылданды, 2022 ж. 08.06. нәтижелер туралы ресми хабарлама жарияланды) (бұр.ред.қара)
1. Конституциялық Сот Қазақстан Республикасы Президентінің, Сенат Төрағасының, Мәжіліс Төрағасының, Парламент депутаттары жалпы санының кемiнде бестен бiр бөлiгiнiң, Премьер-Министрдiң өтiнiшi бойынша:
1) дау туған жағдайда Республика Президентінің, Парламент депутаттарының сайлауын өткізудiң дұрыстығы және республикалық референдум өткізу туралы мәселенi шешедi;
2) Парламент қабылдаған заңдардың Республика Конституциясына сәйкестiгiн Президент қол қойғанға дейiн қарайды.
2007.21.05. № 254-III ҚР Заңымен 2-1) тармақшамен толықтырылды
2-1) Парламент және оның палаталары қабылдаған қаулылардың Республика Конституциясына сәйкестігін қарайды;
3) Республиканың халықаралық шарттарын бекiткенге дейiн олардың Конституцияға сәйкестiгiн қарайды;
4) Конституцияның нормаларына ресми түсiндiрме бередi;
5) Конституцияның 47-бабының 1 және 2-тармақтарында көзделген реттерде қорытындылар бередi.
2017 ж. 10.03. № 51-VI ҚР Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2022 ж. 08.06. ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (2022 ж. 22.06 республикалық референдумда қабылданды, 2022 ж. 08.06. нәтижелер туралы ресми хабарлама жарияланды) (бұр.ред.қара)
2. Конституциялық Сот Конституцияның 44-бабының 10-1) тармақшасында көзделген жағдайларда - Республика Президентінің өтiнiштерiн, сондай-ақ Конституцияның 78-бабында белгiленген жағдайларда соттардың өтiнiштерiн қарайды.
ҚР Конституциялық Кеңесінің 03.07.00 ж. № 15/2; 13.12.01 ж. № 19/2 қаулыларымен берілген түсініктемелерді қараңыз
2022 ж. 08.06. ҚР Заңымен 3-тармақпен толықтырылды (2022 ж. 22.06 республикалық референдумда қабылданды, 2022 ж. 08.06. нәтижелер туралы ресми хабарлама жарияланды)
3. Конституциялық Сот азаматтардың Конституцияда бекітілген құқықтары мен бостандықтарын тікелей қозғайтын Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің Республика Конституциясына сәйкестігін олардың өтініштері бойынша қарайды.
Азаматтардың Конституциялық Сотқа жүгіну тәртібі мен шарттары конституциялық заңда айқындалады.
2022 ж. 08.06. ҚР Заңымен 4-тармақпен толықтырылды (2022 ж. 22.06 республикалық референдумда қабылданды, 2022 ж. 08.06. нәтижелер туралы ресми хабарлама жарияланды)
4. Конституциялық Сот осы баптың 1-тармағының 3) және 4) тармақшаларында көрсетілген мәселелерді, сондай-ақ Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің Республика Конституциясына сәйкестігін Республика Бас Прокурорының өтініштері бойынша қарайды.
2022 ж. 08.06. ҚР Заңымен 5-тармақпен толықтырылды (2022 ж. 22.06 республикалық референдумда қабылданды, 2022 ж. 08.06. нәтижелер туралы ресми хабарлама жарияланды)
5. Конституциялық Сот Конституцияда бекітілген адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтарын қозғайтын нормативтік құқықтық актілердің Республика Конституциясына сәйкестігін Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің өтініші бойынша қарайды.
73-бап
2022 ж. 08.06. ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (2022 ж. 22.06 республикалық референдумда қабылданды, 2022 ж. 08.06. нәтижелер туралы ресми хабарлама жарияланды) (бұр.ред.қара)
1. Конституциялық Сотқа Конституцияның 72-бабының 1-тармағының 1)-тармақшасында көрсетiлген мәселелер бойынша өтiнiш жасалған ретте, Президенттiң қызметiне кiрiсуi, Парламенттiң сайланған депутаттарын тiркеу не республикалық референдумның нәтижелерiн шығару тоқтатыла тұрады.
2022 ж. 08.06. ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (2022 ж. 22.06 республикалық референдумда қабылданды, 2022 ж. 08.06. нәтижелер туралы ресми хабарлама жарияланды) (бұр.ред.қара)
2. Конституциялық Сотқа Конституцияның 72-бабының 1-тармағының 2) және 3)-тармақшаларында көрсетiлген мәселелер бойынша өтiнiш жасалған ретте, тиiстi актiлерге қол қою не оларды бекіту мерзiмiнiң өтуi тоқтатыла тұрады.
2022 ж. 08.06. ҚР Заңымен 3-тармақ жаңа редакцияда (2022 ж. 22.06 республикалық референдумда қабылданды, 2022 ж. 08.06. нәтижелер туралы ресми хабарлама жарияланды) (бұр.ред.қара)
3. Конституциялық Сот өз шешімін конституциялық заңда белгіленген мерзімдерде шығарады.
4. 2017 ж. 10.03. № 51-VI ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
74-бап
1. Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес емес деп танылған заңдар мен халықаралық шарттарға қол қойылмайды не, тиiсiнше, бекітілмейдi және күшiне енгiзiлмейдi.
2007.21.05. № 254-III ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 2017 ж. 10.03. № 51-VI ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2022 ж. 08.06. ҚР Заңымен (2022 ж. 22.06 республикалық референдумда қабылданды, 2022 ж. 08.06. нәтижелер туралы ресми хабарлама жарияланды) (бұр.ред.қара) 2-тармақ жаңа редакцияда
2. Конституциялық Сот шешім қабылдаған күннен немесе ол белгілеген күннен бастап конституциялық емес деп танылған, оның ішінде адамның және азаматтың Конституцияда баянды етілген құқықтары мен бостандықтарына нұқсан келтіреді деп танылған заңдар мен өзге де құқықтық актілердің, олардың жекелеген ережелерінің күші жойылады және қолданылуға жатпайды.
2022 ж. 08.06. ҚР Заңымен 3-тармақ өзгертілді (2022 ж. 22.06 республикалық референдумда қабылданды, 2022 ж. 08.06. нәтижелер туралы ресми хабарлама жарияланды) (бұр.ред.қара)
3. Конституциялық Соттың шешiмдерi қабылданған күннен бастап күшiне енедi, Республиканың бүкiл аумағында жалпыға бiрдей мiндеттi, түпкiлiктi болып табылады және шағымдануға жатпайды.
ҚР Конституциялық Кеңесінің 13.12.01 ж. № 19/2 қаулысымен берілген түсініктемені қараңыз
2022 ж. 08.06. ҚР Заңымен VII бөлімнің тақырыбы жаңа редакцияда (2022 ж. 22.06 республикалық референдумда қабылданды, 2022 ж. 08.06. нәтижелер туралы ресми хабарлама жарияланды) (бұр.ред.қара)
VII бөлім
СОТТАР ЖӘНЕ СОТ ТӨРЕЛIГI. ПРОКУРАТУРА. АДАМ ҚҰҚЫҚТАРЫ ЖӨНІНДЕГІ УӘКІЛ
ҚР 07.10.98 ж. № 284-1 Заңымен 75-бап өзгертілді
75-бап
1. Қазақстан Республикасында сот төрелiгiн тек сот қана жүзеге асырады.
ҚР Конституциялық Кеңесінің 15.02.02 ж. № 1 қаулысымен берілген түсініктемені қараңыз
2007.21.05. № 254-III ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)
2. Сот билiгi сотта iс жүргiзудiң азаматтық, қылмыстық және заңмен белгiленген өзге де нысандары арқылы жүзеге асырылады. Заңда көзделген жағдайларда қылмыстық сот iсiн жүргiзу алқабилердің қатысуымен жүзеге асырылады.
Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің 2007 жылғы 18 сәуірдегі № 4 нормативтік қаулысымен, Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің 2004 жылғы 18 маусымдағы № 7 Қаулысымен берілген түсініктемелерді қараңыз
2007.21.05. № 254-III ҚР Заңымен 3-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)
3. Заңмен құрылған Республиканың Жоғарғы Соты, Республиканың жергілікті және басқа да соттары Республиканың соттары болып табылады.