2. Осы баптың 1-тармағында көзделген негiздерде және тәртiппен Қазақстан Республикасы Президентінің өкiлеттiгiн өзiне қабылдаған тұлғаның Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар туралы бастамашылық жасауға құқығы жоқ.
IV БӨЛIМ
ПАРЛАМЕНТ
49-бап
2017 ж. 10.03. № 51-VI ҚР Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1. Парламент - Қазақстан Республикасының заң шығару билігiн жүзеге асыратын Республиканың ең жоғары өкiлдi органы.
ҚР 07.10.98 ж. № 284 Заңымен 2-тармақ өзгертілді
2. Парламенттiң өкiлеттiгi оның бiрiншi сессиясы ашылған сәттен басталып, жаңадан сайланған Парламенттiң бiрiншi сессиясы жұмысқа кiрiскен кезден аяқталады.
Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің нормативтік 2007 жылғы 18 маусымдағы № 7 нормативтік қаулысымен, Қазақстан Республикасы Конституциялық кеңесінің 1999 жылғы 14 шілдедегі № 13/2 қаулысымен берілген түсініктемені қараңыз
3. Парламенттiң өкiлеттiгi Конституцияда көзделген реттер мен тәртiп бойынша мерзiмiнен бұрын тоқтатылуы мүмкiн.
4. Парламенттiң ұйымдастырылуы мен қызметi, оның депутаттарының құқықтық жағдайы конституциялық заңмен белгiленедi.
ҚР 07.10.98 ж. № 284 Заңымен 50-бап өзгертілді
50-бап
1. Парламент тұрақты негiзде жұмыс iстейтiн екi Палатадан: Сенаттан және Мәжілістен тұрады.
2007.21.05. № 254-III ҚР Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (бұр. ред. қара); 2022 ж. 08.06. ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (2022 ж. 22.06 республикалық референдумда қабылданды, 2022 ж. 08.06. нәтижелер туралы ресми хабарлама жарияланды) (бұр.ред.қара)
2. Сенат конституциялық заңда белгіленген тәртіппен әр облыстан, республикалық маңызы бар қаладан және Қазақстан Республикасының астанасынан екі адамнан өкілдік ететін депутаттардан құралады. Сенаттың он депутатын, оның ішінде бесеуін Қазақстан халқы Ассамблеясының ұсынысы бойынша Республика Президенті тағайындайды.
2007.21.05. № 254-III ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 2022 ж. 08.06. ҚР Заңымен (2022 ж. 22.06 республикалық референдумда қабылданды, 2022 ж. 08.06. нәтижелер туралы ресми хабарлама жарияланды) (бұр.ред.қара) 3-тармақ жаңа редакцияда
3. Мәжіліс конституциялық заңда белгіленген тәртіппен аралас сайлау жүйесі бойынша: біртұтас жалпыұлттық сайлау округінің аумағы бойынша пропорционалды өкілдік ету жүйесі бойынша, сондай-ақ бір мандаттық аумақтық сайлау округтері бойынша сайланатын тоқсан сегіз депутаттан тұрады.
Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің және мәслихаттарының депутаттарын сайлау бойынша аумақтық сайлау округтерін құру тәртібін, Бірмандаттық сайлау округтері бойынша Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттарын сайлау жөніндегі сайлау округтерінің тізбесі мен шекараларын қараңыз
4. Парламент депутаты бiр мезгiлде екi Палатаға бiрдей мүше бола алмайды.
5. Сенат депутаттарының өкiлеттiк мерзiмi - алты жыл, Мәжіліс депутаттарының өкiлеттiк мерзiмi - бес жыл.
Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің 1999 жылғы 15 наурыздағы № 1/2 қаулысымен, Қазақстан Республикасы Конституциялық кеңесі 1999 жылғы 29 қарашадағы № 24/2 қаулысымен, Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің 2003 жылғы 11 ақпандағы № 1 қаулысын берілген түсініктемені қараңыз
ҚР 07.10.98 ж. № 284-1 Заңымен 51-бап өзгертілді
51-бап
2007.21.05. № 254-III ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 2022 ж. 08.06. ҚР Заңымен (2022 ж. 22.06 республикалық референдумда қабылданды, 2022 ж. 08.06. нәтижелер туралы ресми хабарлама жарияланды) (бұр.ред.қара) 1-тармақ жаңа редакцияда
1. Мәжілістің депутаттарын сайлау жалпыға бірдей, тең және төте сайлау құқығы негізінде жасырын дауыс беру арқылы жүзеге асырылады. Мәжіліс депутаттарының кезекті сайлауы Парламенттің жұмыс істеп тұрған сайланымы өкілеттігінің мерзімі аяқталардан кемінде екі ай бұрын өткізіледі.
2. Сенат депутаттары жанама сайлау құқығы негiзiнде жасырын дауыс беру жолымен сайланады. Сайланған Сенат депутаттарының жартысы әрбiр үш жыл сайын қайта сайланып отырады. Бұл орайда олардың кезектi сайлауы бұлардың өкiлеттiк мерзiмi аяқталғанға дейiнгi екi айдан кешiктiрiлмей өткізiледi.
2007.21.05. № 254-III ҚР Заңымен 3-тармақ жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)
3. Парламент немесе Парламент Мәжілісі депутаттарының кезектен тыс сайлауы тиісінше Парламент немесе Парламент Мәжілісінің өкілеттігі мерзімінен бұрын тоқтатылған күннен бастап екі ай ішінде өткізіледі.
2007.21.05. № 254-III ҚР Заңымен 4-тармақ жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)
4. Қазақстан Республикасының азаматтығында тұратын және оның аумағында соңғы он жылда тұрақты тұрып жатқан адам Парламент депутаты бола алады. Жасы отызға толған, жоғары білімі және кемінде бес жыл жұмыс стажы бар, тиісті облыстың, республикалық маңызы бар қаланың не Республика астанасының аумағында кемінде үш жыл тұрақты тұрып жатқан адам Сенат депутаты бола алады. Жасы жиырма беске толған адам Мәжіліс депутаты бола алады.
2007.21.05. № 254-III ҚР Заңымен 5-тармақ жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)
5. Республика Парламенті депутаттарын сайлау конституциялық заңмен реттеледі.
Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің 2003 жылғы 11 ақпандағы № 1 Қаулысымен берілген түсініктемелерді қараңыз
6. Парламенттiң депутаты Қазақстан халқына ант бередi.
ҚР Конституциялық Кеңесінің 18.03.99 ж. № 5/2; 29.11.99 ж. № 24/2 қаулыларымен
ҚР 07.10.98 ж. № 284-1 Заңымен 52-бап өзгертілді
52-бап
1. 2007.21.05. № 254-III ҚР Заңымен алып тасталды (бұр. ред. қара)
2. Парламент депутаттары оның жұмысына қатысуға мiндеттi. Парламентте депутаттың жеке өзi ғана дауыс бередi. Депутаттың Палаталар мен олардың органдарының отырыстарына дәлелдi себептерсiз үш реттен артық қатыспауы, сол сияқты дауыс беру құқығын басқа бiреуге беруi депутатқа заңда белгiленген жазалау шараларын қолдануға әкеп соғады.
3. Парламент депутатының басқа өкiлдi органның депутаты болуға, оқытушылық, ғылыми және өзге де шығармашылық қызметтен басқа, ақы төленетiн өзге де жұмыс атқаруға, кәсiпкерлiкпен шұғылдануға, коммерциялық ұйымның басшы органының немесе байқаушы кеңесiнiң құрамына кiруге құқығы жоқ. Осы ереженiң бұзылуы депутаттың өкiлеттiгiн тоқтатуға әкеп соғады.
Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңестің 1996 жылғы 8 шілдедегі № 2/1 қаулысымен, Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің 1997 жылғы 16 мамырдағы № 11/2 қаулысымен, Қазақстан Республикасы Конституциялық кеңесінің 2003 жылғы 12 мамырдағы № 5 қаулысымен берілген түсініктемелерді қараңыз
4. Парламент депутатын оның өкiлеттiк мерзiмi iшiнде тұтқынға алуға, күштеп әкелуге, сот тәртібімен белгiленетiн әкiмшiлiк жазалау шараларын қолдануға, қылмыс үстiнде ұсталған немесе ауыр қылмыс жасаған реттердi қоспағанда, тиiстi Палатаның келісімiнсiз қылмыстық жауапқа тартуға болмайды.
2007.21.05. № 254-III ҚР Заңымен 5-тармақ жаңа редакцияда (бұр. ред. қара); 2022 ж. 08.06. ҚР Заңымен 5-тармақ өзгертілді (2022 ж. 22.06 республикалық референдумда қабылданды, 2022 ж. 08.06. нәтижелер туралы ресми хабарлама жарияланды) (бұр.ред.қара)
5. Парламент депутатының өкілеттігі орнынан түскен, ол қайтыс болған, соттың заңды күшіне енген шешімі бойынша депутат іс-әрекетке қабілетсіз, қайтыс болған немесе хабарсыз кеткен деп танылған жағдайларда және Конституция мен конституциялық заңда көзделген өзге де жағдайларда тоқтатылады.
Парламент депутаты:
1) ол Қазақстаннан тысқары жерге тұрақты тұруға кеткен;
2) оған қатысты соттың айыптау үкімі заңды күшіне енген;
3) Қазақстан Республикасының азаматтығын жоғалтқан кезде өз мандатынан айырылады.
Парламент Мәжілісінің депутаты:
1) депутат конституциялық заңға сәйкес партиялық тізім негізінде өзін сайлаған саяси партиядан шыққан немесе шығарылған;
2) конституциялық заңға сәйкес партиялық тізім негізінде депутатты сайлаған саяси партия қызметін тоқтатқан;
3) бір мандаттық аумақтық сайлау округі бойынша сайланған депутатты конституциялық заңда айқындалатын тәртіппен сайлаушылар кері шақырып алған кезде өз мандатынан айырылады.
Парламент Сенатының тағайындалған депутаттарының өкілеттігі Республика Президентінің шешімі бойынша мерзімінен бұрын тоқтатылуы мүмкін.
Парламент және Парламент Мәжілісі депутаттарының өкілеттігі тиісінше Парламент немесе Парламент Мәжілісі таратылған жағдайларда тоқтатылады.
Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің 2007 жылғы 18 маусымдағы № 7 нормативтік қаулысымен, 2001 ж. 13 желтоқсандағы № 19/2 қаулысымен, 2003 жылғы 12 мамырдағы № 5 қаулысымен берілген түсініктемелерді қараңыз
6. Депутаттарға жазалау шараларын қолдануға, олардың осы баптың 3-тармағының талаптарын, депутаттық әдеп ережелерiн сақтауына, сондай-ақ депутаттардың өкiлеттiгiн тоқтатуға және өкiлеттігiнен әрi депутатқа ешкiмнiң тиiспеуi жөніндегі құқығынан айыруға байланысты мәселелердi әзiрлеу Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясына жүктеледi.
«Депутаттарға жазалау шараларын қолдануға, олардың депутаттық қызметпен байланысты шектеулерді, депутаттық әдеп ережелерін сақтауына байланысты, сондай-ақ депутаттардың өкілеттігін тоқтатуға, оларды өкілеттігінен және депутатқа ешкімнің тиіспеуі жөніндегі құқығынан айыруға байланысты мәселелерді Қазақстан Республикасы Парламентінің қарауына дайындау жөніндегі ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының 2016 жылғы 22 маусымдағы № 40/137 Қаулысын қараңыз
2007.21.05. № 254-III ҚР Заңымен 53-бап жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)
53-бап
Палаталардың бірлескен отырысында Парламент:
1) Қазақстан Республикасы Президентінің ұсынысы бойынша Конституцияға өзгерістер мен толықтырулар енгізеді;
Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесі 1997 жылғы 15 қазандағы № 17/2 Қаулымен, Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің 1999 жылғы 30 маусымдағы № 10/2 қаулысымен, Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесі 1998 жылғы 4 желтоқсан № 13/2 қаулымен берілген түсініктемелерді қараңыз
2022 ж. 08.06. ҚР Заңымен 1-1) тармақшамен толықтырылды (2022 ж. 22.06 республикалық референдумда қабылданды, 2022 ж. 08.06. нәтижелер туралы ресми хабарлама жарияланды)
1-1) конституциялық заңдарды қабылдайды;
2022 ж. 08.06. ҚР Заңымен 1-2) тармақшамен толықтырылды (2022 ж. 22.06 республикалық референдумда қабылданды, 2022 ж. 08.06. нәтижелер туралы ресми хабарлама жарияланды)
1-2) Республика Президентінің қарсылығын туғызған конституциялық заңдар немесе конституциялық заңның баптары бойынша қарсылықтар жіберілген күннен бастап бір ай мерзімде қайталап талқылау мен дауысқа салуды жүргізеді. Бұл мерзімнің сақталмауы Президент қарсылықтарының қабылданғанын білдіреді. Егер Парламент әрбір Палата депутаттарының жалпы санының төрттен үшінің көпшілік даусымен Президенттің қарсылықтарын еңсерсе, Президент бір ай ішінде конституциялық заңға қол қояды. Егер Президенттің қарсылықтары еңсерілмесе, конституциялық заң қабылданбады немесе Президент ұсынған редакцияда қабылданды деп есептеледі;
2022 ж. 08.06. ҚР Заңымен 2) тармақша өзгертілді (2022 ж. 22.06 республикалық референдумда қабылданды, 2022 ж. 08.06. нәтижелер туралы ресми хабарлама жарияланды) (бұр.ред.қара)
2) Үкімет пен Жоғары аудиторлық палатаның республикалық бюджеттің атқарылуы туралы есептерін бекітеді. Үкіметтің республикалық бюджеттің атқарылуы туралы есебін Парламенттің бекітпеуі Парламенттің Үкіметке сенімсіздік білдіргенін көрсетеді;
3) 2017 ж. 10.03. № 51-VI ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
4) соғыс және бітім мәселелерін шешеді;
5) Республика Президентінің ұсынысы бойынша бейбітшілік пен қауіпсіздікті сақтау жөніндегі халықаралық міндеттемелерді орындау үшін Республиканың Қарулы Күштерін пайдалану туралы шешім қабылдайды;
2022 ж. 08.06. ҚР Заңымен 6) тармақша өзгертілді (2022 ж. 22.06 республикалық референдумда қабылданды, 2022 ж. 08.06. нәтижелер туралы ресми хабарлама жарияланды) (бұр.ред.қара)
6) Конституциялық Соттың Республикадағы конституциялық заңдылықтың жай-күйі туралы жыл сайынғы жолдауын тыңдайды;
7) палаталардың бірлескен комиссияларын құрады, олардың төрағаларын сайлайды және қызметтен босатады, комиссиялардың қызметі туралы есептерді тыңдайды;
8) Парламентке Конституция жүктеген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
ҚР Конституциялық Кеңесінің 04.12.98 ж. № 13/2; 30.06.99 ж. № 10/2; 27.09.99 ж. № 18/2 қаулыларымен берілген түсініктемелерді қараңыз
2007.21.05. № 254-III ҚР Заңымен 54-бап жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)
54-бап
2022 ж. 08.06. ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (2022 ж. 22.06 республикалық референдумда қабылданды, 2022 ж. 08.06. нәтижелер туралы ресми хабарлама жарияланды) (бұр.ред.қара)
1. Парламент Палаталардың бөлек отырысында мәселелерді әуелі - Мәжілісте, ал содан кейін Сенатта өз кезегімен қарау арқылы заңдар қабылдайды, оның ішінде:
1) республикалық бюджетті бекітеді, оған өзгерістер мен толықтырулар енгізеді;
2) мемлекеттік салықтар мен алымдарды белгілейді және оларды алып тастайды;
3) Қазақстанның әкімшілік-аумақтық құрылысы мәселелерін шешу тәртібін белгілейді;
4) мемлекеттік наградаларды тағайындайды, Республиканың құрметті, әскери және өзге де атақтарын, сыныптық шендерін, дипломатиялық дәрежелерін белгілейді, Республиканың мемлекеттік рәміздерін айқындайды;
Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің 2008 жылғы 15 қазандағы № 8 нормативтік қаулысымен, Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің 1999 жылғы 30 маусымдағы № 10/2 қаулысымен берілген түсініктемелерді қараңыз
5) мемлекеттік заемдар мен Республиканың экономикалық және өзге де көмек көрсетуі туралы мәселелерді шешеді;
6) рақымшылық жасау мәселелерін шешеді;
7) Республиканың халықаралық шарттарын ратификациялайды және олардың күшін жояды.
Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің 2006 жылғы 18 мамырдағы № 2 қаулысымен, Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің 2001 жылғы 13 желтоқсандағы № 16-17/3 қаулысымен берілген түсініктемелерді қараңыз
2. Парламент палаталардың бөлек отырысында мәселелерді әуелі - Мәжілісте, ал содан кейін Сенатта өз кезегімен қарау арқылы:
1) республикалық бюджеттің атқарылуы туралы есептерді талқылайды;
2022 ж. 08.06. ҚР Заңымен 2) тармақша жаңа редакцияда (2022 ж. 22.06 республикалық референдумда қабылданды, 2022 ж. 08.06. нәтижелер туралы ресми хабарлама жарияланды) (бұр.ред.қара)
2) Республика Президентінің қарсылығын туғызған заңдар немесе заңның баптары бойынша қарсылықтар жіберілген күннен бастап бір ай мерзімде қайталап талқылау мен дауысқа салуды жүргізеді. Бұл мерзімнің сақталмауы Президент қарсылықтарының қабылданғанын білдіреді. Егер Мәжіліс пен Сенат әрбір Палата депутаттарының жалпы санының үштен екісінің көпшілік даусымен Президенттің қарсылықтарын еңсерсе, Президент бір ай ішінде заңға қол қояды. Егер Президенттің қарсылығын ең болмаса Палаталардың бірі еңсермесе, заң қабылданбады немесе Президент ұсынған редакцияда қабылданды деп есептеледі;
3) республикалық референдум тағайындау туралы бастама көтереді.
ҚР Конституциялық Кеңесінің 30.06.99 ж. № 10/2; 26.12.00 ж. № 22/2; 13.12.01 ж. № 16-17/3 қаулыларымен берілген түсініктемелерді қараңыз
55-бап
Сенаттың ерекше қарауына мыналар жатады:
2007.21.05. № 254-III ҚР Заңымен 1) тармақша өзгертілді (бұр. ред. қара)
1) Қазақстан Республикасы Президентінің ұсынуымен Республиканың Жоғарғы Сотының Төрағасын және Жоғарғы Сотының судьяларын сайлау мен қызметтен босату, олардың анттарын қабылдау;
2017 ж. 10.03. № 51-VI ҚР Заңымен 1-1) тармақшамен толықтырылды
1-1) Қазақстан Республикасы Президентінің ұсынуымен Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкілді бес жыл мерзімге қызметке сайлау және оны қызметінен босату;
2007.21.05. № 254-III ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 2022 ж. 08.06. ҚР Заңымен (2022 ж. 22.06 республикалық референдумда қабылданды, 2022 ж. 08.06. нәтижелер туралы ресми хабарлама жарияланды) (бұр.ред.қара) 2) тармақша жаңа редакцияда
2) Республика Президентінің Республика Конституциялық Сотының Төрағасын, Ұлттық Банкінің Төрағасын, Жоғары Сот Кеңесінің Төрағасын, Бас Прокурорын, Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Төрағасын тағайындауына келісім беру;
2022 ж. 08.06. ҚР Заңымен 3) тармақша өзгертілді (2022 ж. 22.06 республикалық референдумда қабылданды, 2022 ж. 08.06. нәтижелер туралы ресми хабарлама жарияланды) (бұр.ред.қара)
3) Республиканың Бас Прокурорын, Жоғарғы Сотының Төрағасы мен судьяларын, Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкілді оларға ешкiмнiң тиiспеуi жөніндегі құқығынан айыру;
4) 2007.21.05. № 254-III ҚР Заңымен алып тасталды (бұр. ред. қара)
2007.21.05. № 254-III ҚР Заңымен 5) тармақша жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)
5) Мәжілістің өкілеттіктері мерзімінен бұрын тоқтатылуына байланысты, ол уақытша болмаған кезеңде Республика Парламентінің конституциялық заңдар мен заңдар қабылдау жөніндегі функцияларын орындау;
2007.21.05. № 254-III ҚР Заңымен 6) тармақша жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)
6) Конституциямен Парламент Сенатына жүктелген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыру.
ҚР 07.10.98 ж. № 284-1 Заңымен 56-бап өзгертілді; 2007.21.05. № 254-III ҚР Заңымен 56-бап жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)
56-бап
1. Мәжілістің ерекше қарауына мыналар жатады:
2022 ж. 08.06. ҚР Заңымен 1) тармақша өзгертілді (2022 ж. 22.06 республикалық референдумда қабылданды, 2022 ж. 08.06. нәтижелер туралы ресми хабарлама жарияланды) (бұр.ред.қара)
1) Парламентке енгізілген конституциялық заңдар мен заңдардың жобаларын қарауға қабылдау;
2) Палата депутаттарының жалпы санының көпшілік даусымен Республика Президентіне Республика Премьер-Министрін тағайындауға келісім беру;
3) Республика Президентінің кезекті сайлауын хабарлау;
2022 ж. 08.06. ҚР Заңымен 3-1) тармақшамен толықтырылды (2022 ж. 22.06 республикалық референдумда қабылданды, 2022 ж. 08.06. нәтижелер туралы ресми хабарлама жарияланды)
3-1) Жоғары аудиторлық палата Төрағасының есебін жылына екі рет тыңдау;
4) Конституциямен Парламент Мәжілісіне жүктелген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыру.
2. Мәжіліс депутаттарының жалпы санының көпшілік даусымен, Мәжіліс депутаттарының жалпы санының кемінде бестен бірінің бастамасы бойынша Мәжіліс Үкіметке сенімсіздік білдіруге хақылы.
Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Регламентін қараңыз
ҚР 07.10.98 ж. № 284-1 Заңымен 57-бап өзгертілді
57-бап
Парламенттiң әр Палатасы дербес, басқа Палатаның қатысуынсыз:
2007.21.05. № 254-III ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 2022 ж. 08.06. ҚР Заңымен (2022 ж. 22.06 республикалық референдумда қабылданды, 2022 ж. 08.06. нәтижелер туралы ресми хабарлама жарияланды) (бұр.ред.қара) 1) тармақша жаңа редакцияда
1) Конституциялық Соттың үш судьясын қызметке тағайындайды; Орталық сайлау комиссиясының екі мүшесін, Жоғары аудиторлық палатаның үш мүшесін бес жыл мерзімге қызметке тағайындайды;
2) Конституцияның 47-бабының 1-тармағында көзделген ретте Парламент құратын комиссия мүшелерiнiң тең жартысына өкiлеттiк бередi;
3) Палаталардың бiрлескен комиссиялары мүшелерiнiң тең жартысын сайлайды;
4) Палаталар депутаттарының өкiлеттiгiн тоқтатады, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының ұсынуымен оларға ешкiмнiң тиiспеуi жөніндегі құқығынан Палаталардың депутаттарын айыру мәселелерiн шешедi;
5) өз құзыретіндегі мәселелер бойынша парламенттiк тыңдаулар өткiзедi;
2007.21.05. № 254-III ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 2017 ж. 10.03. № 51-VI ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 6) тармақша жаңа редакцияда
6) Палата депутаттары жалпы санының кемінде үштен бірінің бастамасы бойынша Республика Үкіметі мүшелерінің өз қызметі мәселелері жөніндегі есептерін тыңдауға хақылы. Есепті тыңдау қорытындылары бойынша Үкімет мүшесі Республика заңдарын орындамаған жағдайда Палата депутаттары жалпы санының кемінде үштен екі көпшілік даусымен оны қызметінен босату туралы Республика Президентіне өтініш жасауға хақылы. Мұндай жағдайда Республика Президенті Үкімет мүшесін қызметінен босатады;
7) Палаталардың үйлестiрушi және жұмыс органдарын құрады;
8) өз қызметiнiң регламентiн, Палатаның ұйымдастыру және iшкi тәртібіне байланысты мәселелер бойынша өзге де шешiмдер қабылдайды.
58-бап
1. Палаталарды мемлекеттік тiлдi еркiн меңгерген өз депутаттарының арасынан Палаталар депутаттары жалпы санының көпшiлiк даусымен жасырын дауыс беру арқылы Сенат пен Мәжіліс сайлаған төрағалар басқарады. Сенат Төрағасының қызметiне кандидатураны Қазақстан Республикасының Президентi ұсынады. Мәжіліс Төрағасының қызметiне кандидатураларды Палатаның депутаттары ұсынады.
2. Палаталардың төрағалары, егер бұл үшiн Палаталардың депутаттары жалпы санының көпшiлiгi дауыс берсе, қызметтен керi шақырылып алынуы мүмкiн, сондай-ақ олар өз еркiмен орнынан түсуге хақылы.
3. Парламент Палаталарының төрағалары:
1) Палаталардың отырыстарын шақырып, оларға төрағалық етедi;
2) Палаталардың қарауына енгiзiлетiн мәселелердi әзiрлеуге жалпы басшылық жасайды;
3) Палаталар төрағаларының орынбасарлары қызметiне сайлау үшiн Палаталарға кандидатуралар ұсынады;
4) Палаталар қызметiнде регламенттiң сақталуын қамтамасыз етедi;
5) Палаталардың үйлестiру органдарының қызметiне басшылық жасайды;
6) Палаталар шығаратын актiлерге қол қояды;
2007.21.05. № 254-III ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 2022 ж. 08.06. ҚР Заңымен (2022 ж. 22.06 республикалық референдумда қабылданды, 2022 ж. 08.06. нәтижелер туралы ресми хабарлама жарияланды) (бұр.ред.қара) 7) тармақша жаңа редакцияда
7) Палаталарға Конституциялық Соттың судьялары, Орталық сайлау комиссиясының, Жоғары аудиторлық палатаның мүшелері қызметіне тағайындау үшін кандидатуралар ұсынады;
8) өздерiне Парламент регламентi жүктейтiн басқа да мiндеттердi атқарады.
4. Мәжіліс Төрағасы:
1) Парламент сессияларын ашады;
2) Палаталардың кезектi бiрлескен отырыстарын шақырады, Палаталардың кезектi және кезектен тыс бiрлескен отырыстарына төрағалық етедi.
5. Палаталардың төрағалары өз құзыретіндегі мәселелер бойынша өкiмдер шығарады.
59-бап
1. Парламент сессиясы оның Палаталарының бiрлескен және бөлек отырыстары түрiнде өткiзiледi.
2. Парламенттiң бiрiншi сессиясын Қазақстан Республикасының Президентi сайлау қорытындылары жарияланған күннен бастап отыз күннен кешiктiрмей шақырады.
3. Парламенттiң кезектi сессиялары жылына бiр рет қыркүйектiң бiрiншi жұмыс күнiнен маусымның соңғы жұмыс күнiне дейiн өткiзiледi.
Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің 2012 жылғы 13 сәуірдегі № 2 нормативтік қаулысымен, 30.06.99 ж. № 14/2 қаулысымен берілген түсініктемені қараңыз
2007.21.05. № 254-III ҚР Заңымен 4-тармақ жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)
4. Парламент сессиясын, әдетте, Республика Президенті ашады және сессия Сенат пен Мәжілістің бірлескен отырыстарында жабылады. Парламент сессиялары аралығындағы кезеңде Республика Президенті өз бастамасымен, палаталар төрағаларының немесе Парламент депутаттары жалпы санының кемінде үштен бірінің ұсынысымен Парламенттің кезектен тыс сессиясын шақыра алады. Онда сессияны шақыруға негіз болған мәселелер ғана қаралады.
5. Палаталардың бiрлескен және бөлек отырыстары оларға әр Палата депутаттарының жалпы санының кемiнде үштен екiсi қатысқан жағдайда өткiзiледi.
6. Палаталардың бiрлескен және бөлек отырыстары ашық отырыстар болып табылады. Регламенттерде көзделген реттерде жабық отырыстар өткiзiлуi мүмкiн. Республика Президентінің, Премьер-Министр мен Үкiмет мүшелерiнiң, Ұлттық Банк Төрағасының, Бас Прокурордың, Ұлттық қауiпсiздiк комитетi Төрағасының кез келген отырыстарға қатысуға және сөз сөйлеуге құқығы бар.
60-бап
1. Палаталар әр Палатада саны жетiден аспайтын тұрақты комитеттер құрады.
2. Палаталардың бiрлескен қызметтерiне қатысты мәселелердi шешу үшiн Сенат пен Мәжіліс тепе-тең негiзде бiрлескен комиссиялар құруға хақылы.
3. Комитеттер мен комиссиялар өз құзыретіндегі мәселелер бойынша қаулылар шығарады.
4. Комитеттер мен комиссияларды құру, олардың өкiлеттiгi және қызметiн ұйымдастыру тәртібі заңмен белгiленедi.
61-бап
2007.21.05. № 254-III ҚР Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)
1. Заң шығару бастамасы құқығы Республика Президентіне, Парламент депутаттарына, Үкіметке тиесілі және тек қана Мәжілісте жүзеге асырылады.
2017 ж. 10.03. № 51-VI ҚР Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2022 ж. 08.06. ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (2022 ж. 22.06 республикалық референдумда қабылданды, 2022 ж. 08.06. нәтижелер туралы ресми хабарлама жарияланды) (бұр.ред.қара)
2. Республика Президентінің заңдар жобаларын қараудың басымдығын белгiлеуге құқығы бар, бұл тиісті заң жобалары бірінші кезектегі тәртіппен екі ай ішінде қабылдануға тиіс екенін бiлдiредi.
Халықтың өмірі мен денсаулығына, конституциялық құрылысқа, қоғамдық тәртіпті қорғауға, елдің экономикалық қауіпсіздігіне қатер төндіретін жағдайларға жедел ден қою мақсатында Республика Үкіметінің заң шығару бастамасы тәртібімен енгізілген заң жобалары Палаталардың бірлескен отырысында Парламенттің дереу қарауына жатады.
Қазақстан Республикасы Конституциялық кеңесінің 2000 жылғы 3 шілде № 15/2 қаулысымен берілген түсініктемені қараңыз