Қазақстан Республикасы азаматы паспортының үлгiсiн /сипаттамасын/ бекіту
туралы Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1994 жылғы 22
сәуiрдегі № 429 Қаулысы
(ҚР Үкіметінің 2001.11.02. № 1394; 2005.14.02. № 140 қаулыларымен енгізілген өзгерістерімен)
ҚР Үкіметінің 2008 жылғы 24 желтоқсандағы № 1235 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасы азаматының паспортын қорғау жүйесiн арттыру және оны толтыруды жетiлдiру мақсатында, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетi жанындағы Мемлекеттік терминология комиссиясының Қазақстан Республикасы атауының ағылшын нұсқасындағы дұрыс жазылуына өзгерiс енгiзуiне орай Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi қаулы етедi:
ҚР Үкіметінің 2005.14.02. № 140 қаулысымен 1-тармақ өзгертілді
1. Қазақстан Республикасы азаматы паспортының қоса берiлiп отырған үлгiсi /сипаттамасы/ бекітілсiн.
Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлігі Қазақстан Республикасы азаматы паспортының бланкiлерiн оның сипаттамасына сәйкес әзiрлеудi қамтамасыз етсiн.
2. Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің "Қазақстан Республикасындағы паспорт жүйесi туралы Ереженi бекіту туралы" 1993 жылғы 5 сәуірдегі № 256 қаулысының 1 тармағы Қазақстан Республикасы азаматы паспортының үлгiсiн /сипаттамасын/ бекіту бөлiгiнде /Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1993 ж., № 10, 124-бап/ күшiн жойды деп танылсын.
Қазақстан Республикасының
Премьер-министрi
Қазақстан Республикасы
Министрлер Кабинетінің
1994 жылғы 22 сәуірдегі
№ 429 қаулысымен
Бекiтiлген
Қазақстан Республикасы азаматы
ПАСПОРТЫНЫҢ ҮЛГIСI
/сипаттамасы/
1. Паспорт кiтапшасының көлемi 88 Х 125 мм, оның iшiнде сутамғы белгiлерi бар арнаулы қағаздан жасалған 16 парақ орналастырылған. Паспорт парақтарындағы жазулар мен сызықтар қара түстi бояумен түсiрiлген.
ҚР Үкіметінің 2001.11.02. № 1394 қаулысымен 2-тармақ өзгертілді
2. Паспорттың мұқабасы Қазақстан Республикасының Мемлекеттік жалауының түсiндей көгiлдiр түстi, онда:
а/ қазақ және ағылшын тiлдерiнде
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ
REPUBLIC OF KAZAKHSTAN деген алтын түстi батырма жазу бар;
ә/ ортасында - Қазақстан Республикасының Елтаңбасы
б/ Елтаңбадан төмен
ПАСПОРТ
PASSPORT
ДЕГЕН БАТЫРМА ЖАЗУ БАР.
Мұқабаның iшкi жағында Қазақстан Республикасы Елтаңбасының түрлi-түстi бейнесi.
ҚР Үкіметінің 2001.11.02. № 1394 қаулысымен 3-тармақ өзгертілді
3. Паспорттың бiрiншi бетiнде қазақ, орыс және ағылшын тiлдерiнде:
Паспорт Қазақстан Республикасының меншiгi болып табылады, ал оның иесi Қазақстан Республикасының қорғауында болады.
Паспорт является собственностью Республики Казахстан, а его владелец находится под защитой Республика Казахстан.
Passport is the property of Republic of Kazakhstan and its
owner is held under the protection of Republic of Kazakhstan. деген жазулар жазылған.
4. Екiншi бетiнде қазақ, орыс және ағылшын тiлдерiнде:
Мәлiмет/ Сведения / Observations
жазуы жазылған.
5. 3-беттен 30-бетке дейiн шет елге шығатын кезде берiлетiн виза мен рұқсат ету белгiлерiне арналған. Беттердiң жоғарғы жағында:
Визалар / Visas
жазуы жазылған.
Тақ санды беттерiнiң төменгi жағының бәрiнде паспорттың нөмiрi бар.
6. 31-беттiң төменгi жағында қазақ, орыс және ағылшын тiлдерiнде:
Осы паспорт нөмiрленген 32 беттен тұрады
Настоящий паспорт содержит 32 пронумерованные страницы
This passport contains 32 numbered pages
деген жазу бар.
ҚР Үкіметінің 2001.11.02. № 1394 қаулысымен 7-тармақ өзгертілді
7. 32-бетте қазақ және ағылшын тiлдерiнде:
"Қазақстан Республикасы" "Republic of Kazakhstan" деген тiгiнен жазылған жазу бар, төменгi жағында солдан оңға қарай:
Паспорт / Passport; тип/type;
мемлекет коды/code of state;
паспорттың N/passport N
жазуы жазылған.
Сол жағында фотосуретке орын қалдырылған, суреттiң оң жағында мынадай жазу бар:
Тегi/Фамилия/Surname
Аты/Имя/Given names
Азаматтығы/Гаржданство/Nationality
Туған күнi, айы, жылы/Дата рождения/Date of birth
Туған жерi/Место рождения/Place of birth
Жынысы/Пол/Sex
Берген мекеме/Орган выдачи/Authority
Берiлген күнi/Дата выдачи/Date of issue
Паспорт мерзiмi/Действителен до/Date of expiry
Төменде мәшине шығаратын текске орын қалдырылған.
8. Мұқабаның iшкi жағында қазақ және орыс тiлдерiнде:
"Қазақстан Республикасы азаматының паспорты"
"Паспорт гражданина Республики Казахстан"
деп тiгiнен екi жолға жазылған жазу бар.
Төменгi жағында қазақ және орыс тiлдерiнде жазу үшiн орын қалдырылған.
Тегi/Фамилия
Аты, әкесiнiң аты/Имя, отчество
Ұлты/Национальность
Өз қолы/Подпись