Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстан Республикасындағы
арнайы экономикалық аймақтар туралы" заң күші бар Жарлығына
өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы 1999 жылғы 31 наурыздағы № 354-I
Қазақстан Республикасының Заңы
1-бап. Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстан Республикасындағы арнайы экономикалық аймақтар туралы" 1996 жылғы 26 қаңтардағы № 2823 заң күші бар Жарлығына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1996 ж., № 1, 179-құжат; № 14, 274-құжат; "Егемен Қазақстан" және "Казахстанская правда" газеттерінде 1998 жылы 29 желтоқсанда жарияланған "Қазақстан Республикасының мемлекеттік бюджет мәселелері бойынша кейбір заң актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 желтоқсандағы Заңы) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
1. 6-баптың екінші азатжолындағы "жабдықтарды, өндіріс процесінде толық тұтынылатын тауарларды әкелуге, сондай-ақ Қазақстан Республикасының кеден заңдарымен белгіленген тауарларды жеткілікті дәрежеде өңдеу өлшемдеріне сәйкес өңдеуге арналған тауарларға қатысты (спирттен басқа)" деген сөздер "Қазақстан Республикасының кеден заңдарында белгіленген тауарларды жеткілікті дәрежеде өңдеу өлшемдеріне сәйкес өңдеуге арналған тауарларды (спиртті қоспағанда), сондай-ақ жабдықтарды әкелуге қатысты" деген сөздермен ауыстырылсын.
2. 12-бапта:
екінші азатжолдағы "жабдықтарды, өндіріс процесінде толық тұтынылатын тауарларды, сондай-ақ өңдеуге арналған тауарларды (спирттен басқа) Қазақстан Республикасының кеден заңдарымен белгіленген тауарларды жеткілікті дәрежеде өңдеу өлшемдеріне сәйкес" деген сөздер "Қазақстан Республикасының кеден заңдарында белгіленген тауарларды жеткілікті дәрежеде өңдеу өлшемдеріне сәйкес өңдеуге арналған тауарларды (спиртті қоспағанда), сондай-ақ жабдықтарды орналастыруға" деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы азатжолмен толықтырылсын:
"Аталған тауарлар мен жабдықтарды арнайы экономикалық аймақтың аумағында еркін кеден аймағының кеден режимімен орналастырудың шарттары мен тәртібі Қазақстан Республикасының кеден заңдарында белгіленеді.".
2-бап. Осы Заң жарияланған күннен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының Президенті