2015.24.11. № 422-V ҚР Заңымен (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр.ред.қара); 2018.02.07. № 168-VІ ҚР Заңымен (2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2022.12.07. № 138-VІІ ҚР Заңымен (2022 ж. 12 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара) 11-тармақ өзгертілді
11. Банктің және (немесе) банк холдингінің ұйымдардың жарғылық капиталына қомақты қатысуына уәкілетті органның алдын ала рұқсаты болғанда ғана жол беріледі.
Ұйымның капиталына қомақты қатысуға уәкілетті органның рұқсатын алу жөніндегі талап:
1) көрсетілген ұйымның акцияларын немесе жарғылық капиталға қатысу үлестерін тікелей иеленетін (дауыс беру, шешімді айқындау және (немесе) қабылданатын шешімдерге шарттың күшіне қарай немесе өзгеше түрде ықпал ету мүмкіндігі бар) және уәкілетті органның тиісті рұқсаты бар Қазақстан Республикасының резидент банкінің акцияларын иелену (дауыс беру, шешімді айқындау және (немесе) қабылданатын шешімдерге шарттың күшіне қарай немесе өзгеше түрде ықпал ету мүмкіндігінің болуы) арқылы осы ұйымның акцияларын немесе жарғылық капиталға қатысу үлестерін жанама иеленетін (дауыс беру, шешімді айқындау және (немесе) қабылданатын шешімдерге шарттың күшіне қарай немесе өзгеше түрде ықпал ету мүмкіндігі бар) банк холдингтеріне;
2) осы Заңның 11-2-бабында айқындалған талаптармен құрылған (иеленген) еншілес ұйымның акцияларына немесе жарғылық капиталға қатысу үлестеріне иелік ету (дауыс беру, шешімді айқындау және (немесе) қабылданатын шешімдерге шарттың күшіне қарай немесе өзгеше түрде ықпал ету мүмкіндігінің болуы) арқылы заңды тұлғалардың жарғылық капиталына қатысуды жүзеге асырған жағдайда банктерге;
3) осы Заңның 8-бабының 7-тармағында белгіленген шектеулер сақталған кезде, Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына және шет мемлекеттің заңнамасына сәйкес банк кепіл ретінде қабылдаған, заңды тұлғалардың акциялары немесе жарғылық капиталға қатысу үлестері өздерінің меншігіне өткен жағдайда банктерге қолданылмайды.
Ислам банкі өндірістік және сауда қызметін қаржыландыру кезінде заңды тұлғалардың жарғылық капиталына қатысу жолымен және (немесе) әріптестік талаптары бойынша акцияларды (жарғылық капиталына қатысу үлестерін) сатып алған жағдайда, оның ұйымдар капиталына қомақты қатысуына уәкілетті орган рұқсатының болуы талап етілмейді.
Банкке немесе банк холдингіне ұйымдардың капиталына қомақты қатысуға рұқсат беру уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде айқындалған тәртіппен жүзеге асырылады.
Банк және (немесе) банк холдингі уәкілетті органның алдын ала келісімін алмастан ұйымның жарғылық капиталына қомақты қатысуды сатып алған жағдайда уәкілетті орган банкке және (немесе) банк холдингіне осы Заңда көзделген қадағалап ден қою шараларын қолданады. Бұл жағдайда банк және (немесе) банк холдингі өздері капиталына қомақты қатысатын ұйымның оларға тиесілі акцияларын (жарғылық капиталға қатысу үлестерін) банкпен және (немесе) банк холдингімен ерекше қатынасы жоқ тұлғаларға иеліктен шығаруға және алты ай ішінде уәкілетті органға растайтын құжаттарды ұсынуға тиіс.
2017.25.12. № 122-VI ҚР Заңымен (2018 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2019.25.11. № 272-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 12-тармақ өзгертілді
12. Уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленген нысан бойынша ұйымдардың капиталына қомақты қатысуға рұқсат алуға арналған өтініш осы баптың 4-тармағының 2), 3), 5), 6) және 11) тармақшаларында көзделген құжаттар, сондай-ақ «электрондық үкімет» төлем шлюзі арқылы ақы төлеу жағдайларын қоспағанда, ұйымдардың капиталына қомақты қатысуға рұқсат беру үшін алым төленгенін растайтын құжат қоса беріле отырып ұсынылады.
Ұйымдардың капиталына қомақты қатысуға рұқсат беруден бас тарту осы баптың 6-тармағында көзделген негіздер бойынша жүргізіледі.
2012.05.07. № 30-V ҚР Заңымен 13-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара); 2022.12.07. № 138-VІІ ҚР Заңымен 13-тармақ жаңа редакцияда (2022 ж. 12 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
13. Уәкілетті орган:
1) рұқсат беруге негіз болған анық емес мәліметтер анықталған;
2) банктің және (немесе) банк холдингінің еншілес ұйымы, сондай-ақ капиталына банк және (немесе) банк холдингі қомақты қатысатын ұйым қызметінің осы Заңның 8-бабы 3-тармағының талаптарына сәйкес келмейтіні анықталған жағдайларда, еншілес ұйымды құруға, оған ие болуға, ұйымның капиталына қомақты қатысуға рұқсатты кері қайтарып алады.
Еншілес ұйымды құруға, оған ие болуға, ұйымның капиталына қомақты қатысуға рұқсатты кері қайтарып алған кезде уәкілетті орган рұқсатты кері қайтарып алуға негіз болып табылатын факт анықталған күннен бастап екі ай ішінде бұрын берілген рұқсаттың күшін жою туралы шешім қабылдайды.
2022.12.07. № 138-VІІ ҚР Заңымен 13-1-тармақпен толықтырылды (2022 ж. 12 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді)
13-1. Уәкілетті орган:
1) еншілес ұйымды құруға, оған ие болуға, ұйымның капиталына қомақты қатысуға рұқсат кері қайтарып алынған;
2) банктің және (немесе) банк холдингінің еншілес ұйымының, банк және (немесе) банк холдингі капиталына қомақты қатысатын ұйымдардың қызметі қайта ұйымдастырылу (бірігу, қосылу нысанында) немесе таратылу жолымен тоқтатылған;
3) банкте және (немесе) банк холдингінде еншілес ұйымды бақылау белгілері болмаған;
4) банкте және (немесе) банк холдингінде ұйымның капиталына қомақты қатысу белгілері болмаған;
5) осы Заңның 17-1-бабы 18-тармағының үшінші бөлігіне сәйкес банк холдингінің мәртебесіне ие болуға уәкілетті орган берген келісімнің күші жойылған жағдайларда, еншілес ұйымды құруға, оған ие болуға, ұйымның капиталына қомақты қатысуға бұрын берілген рұқсаттың күшін жою туралы шешім қабылдайды.
Уәкілетті орган банктің, банк холдингінің осы тармақтың бірінші бөлігінің 2), 3) және 4) тармақшаларында көзделген негіздер бойынша бұрын берілген рұқсаттың күшін жою туралы растайтын құжаттармен қоса берілген өтінішін алған күннен кейінгі не уәкілетті орган берілген рұқсаттың күшін жоюға негіз болып табылатын фактілерді анықтаған күннен кейінгі күннен бастап уәкілетті органның еншілес ұйымды құруға, оған ие болуға, ұйымның капиталына қомақты қатысуға берілген рұқсатының күші жойылды деп есептеледі.
Осы тармақтың бірінші бөлігінің 5) тармақшасында көзделген жағдайда, уәкілетті органның банк холдингі мәртебесіне ие болуға берілген келісімінің күші жойылған күннен бастап уәкілетті органның еншілес ұйымды құруға, оған ие болуға, ұйымның капиталына қомақты қатысуға бұрын берілген рұқсатының күші жойылды деп есептеледі.
2022.12.07. № 138-VІІ ҚР Заңымен 13-2-тармақпен толықтырылды (2022 ж. 12 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді)
13-2. Еншілес ұйымды құруға, оған ие болуға, ұйымның капиталына қомақты қатысуға рұқсат осы баптың 13-тармағының бірінші бөлігінде көрсетілген негіздер бойынша кері қайтарып алынған жағдайда, банк және (немесе) банк холдингі осындай рұқсат кері қайтарып алынған күннен бастап алты ай ішінде көрсетілген ұйымдардың өздеріне тиесілі акцияларын (жарғылық капиталына қатысу үлестерін) осы банкпен немесе банк холдингімен ерекше қатынастары жоқ тұлғаларға иеліктен шығаруды жүргізуге және уәкілетті органға растайтын құжаттарды ұсынуға міндетті.
Еншілес ұйымды құруға, оған ие болуға, ұйымдардың капиталына қомақты қатысуға рұқсатты кері қайтарып алу және (немесе) оның күшін жою тәртібі уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленеді.
14. Осы баптың талаптары:
1) банктің осы Заңның 11-2-бабында айқындалған талаптар негізінде еншілес ұйымды құру (сатып алу) жағдайларына;
2) мына талаптардың бірін орындаған кезде:
банк холдингінде, банк холдингінің белгілеріне ие тұлғада тізбесін уәкілетті орган белгілейтін рейтингтік агенттіктердің бірінің А рейтингінен төмен емес жеке кредиттік рейтингінің, сондай-ақ аталған тұлғалар шыққан елдің қаржылық қадағалау органының олардың шоғырландырылған қадағалауға жататындығы туралы жазбаша растауы болған;
уәкілетті орган мен шет мемлекеттің тиісті қадағалау органы арасында ақпарат алмасу туралы келісім, сондай-ақ рейтингтік агенттіктердің бірінің ең төменгі талап етілетін рейтингі болған кезде банк холдингi, банк холдингiнiң белгiлерiн иеленушi тұлға болып табылатын Қазақстан Республикасының резидентi еместерінiң еншiлес немесе тәуелдi ұйымдары болып табылатын Қазақстан Республикасының резидентi еместеріне, сондай-ақ еншiлес және тәуелдi ұйымдарды - Қазақстан Республикасының резиденті еместерiн құрған немесе сатып алған кезде банк холдингi, банк холдингiнiң белгiлерiн иеленушi тұлға болып табылатын Қазақстан Республикасының резиденті еместеріне қолданылмайды. Ең төменгі рейтинг пен рейтингтік агенттіктердің тізбесі уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісімен белгіленеді;
2018.02.07. № 168-VІ ҚР Заңымен 3) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
3) олар Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалған тәртіппен біріктіру нысанында қайта ұйымдастыруды жүргізген кезде, банктің басқа банк акцияларын не басқа банкке тиесілі заңды тұлғалардың жарғылық капиталдарындағы акциялары мен қатысу үлестерін сатып алу жағдайларына қолданылмайды.
2015.24.11. № 422-V ҚР Заңымен 15-тармақпен толықтырылды (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi); 2017.25.12. № 122-VI ҚР Заңымен 15-тармақ өзгертілді (2018 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
15. Егер банк холдингі еншілес қаржы ұйымын құрған немесе иеленген не капиталға қатысуға тиісті рұқсат беру құжаттарын алу Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген қаржы ұйымының капиталына қомақты қатысуды иеленген жағдайда, банк холдингіне еншілес ұйым құруға немесе иеленуге және (немесе) капиталға қомақты қатысуға рұқсатты қаржы ұйымының акцияларына Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мөлшерде иелік ету, пайдалану және (немесе) билік ету құқығын беретін тиісті құжатты бір мезгілде бере отырып, рұқсат бергені үшін алымның төленгенін растайтын құжатты қоспағанда, осы бапта көзделген тиісті құжаттар ұсынылмай уәкілетті орган береді.
Осы тармақтың бірінші бөлігінің талаптары банк холдингі мәртебесін иеленуге ниет білдіретін тұлғаларға қолданылады.
2018.02.07. № 168-VІ ҚР Заңымен 16-тармақпен толықтырылды (2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
16. Егер банктің еншілес ұйымды немесе ұйымның капиталына қомақты қатысуды сатып алуы банктің осы Заңның 8-бабы 3-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген ұйымдардың кепіл ретінде қабылдаған акцияларын немесе жарғылық капиталдарына қатысу үлестерін өз меншігіне айналдыруы нәтижесінде орын алған жағдайда, уәкілетті орган банкке қадағалап ден қою шараларын қолдану шеңберінде белгілеген мерзімде, банк уәкілетті органның еншілес ұйымды құруға немесе сатып алуға немесе ұйымдардың капиталына қомақты қатысуға рұқсатын алуға міндетті.
2011.28.12. № 524-ІV ҚР Заңымен 11-2-баппен толықтырылды (2011 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді); 2015.24.11. № 422-V ҚР Заңымен 11-2-баптың тақырыбы жаңа редакцияда (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр.ред.қара)
11-2-бап. Бас банктiң күмәндi және үмiтсiз активтерiн иеленетін банктердiң еншiлес ұйымдары және қатысушылары банк және екінші деңгейдегі банктердің кредиттік портфелдерінің сапасын жақсартуға маманданатын ұйым болып табылатын күмәндi және үмiтсiз активтерді иеленетін ұйым
2019.25.11. № 272-VІ ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
1. Банк уәкілетті органның алдын ала рұқсаты болған кезде ғана өзіне осы Заңның 8-бабында берілген өкілеттіктерді жүзеге асыру мақсатында бас банктің күмәнді және үмітсіз активтерін сатып алатын еншілес ұйымды құруға немесе сатып алуға құқылы.
Бас банктің күмәнді және үмітсіз активтерін сатып алатын еншілес ұйымды банктің құруына немесе сатып алуына рұқсат берудің тәртібі уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде айқындалады.
2015.24.11. № 422-V ҚР Заңымен 1-1-тармақпен толықтырылды (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi)
1-1. Банк екінші деңгейдегі банктердің кредиттік портфельдерінің сапасын жақсартуға маманданатын ұйыммен бірлесіп күмәнді және үмітсіз активтерді иеленетін ұйым құруға (иеленуге) құқылы.
Егер осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген ұйымды құру немесе иелену нәтижесінде банкте осы ұйымның капиталына қомақты қатысу туындаған жағдайда, осы қатысуға уәкілетті органның алдын ала рұқсаты болған кезде ғана жол беріледі.
Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасында көрсетілген мүлік, сондай-ақ банктердің күмәнді және үмітсіз активтері және (немесе) екінші деңгейдегі банктердің кредиттік портфельдерінің сапасын жақсартуға маманданатын ұйым иеленген банктің күмәнді және үмітсіз активтер бойынша талап ету құқықтары осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген, жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің ұйымдық-құқықтық нысанында құрылған ұйымның жарғылық капиталына салым болуы мүмкін.
Осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген ұйым, осы баптың 4-тармағында көзделген қызмет түрлерін жүзеге асыруға байланысты шығыстарға ақы төлеуге жіберілген ақшаны қоспағанда, өзінің қызметінен алынған ақшаны осы ұйымның қатысушыларының (акционерлерінің) жалпы жиналысында бекітілетін күмәнді және үмітсіз активтердің сапасын жақсарту жөніндегі іс-шаралар жоспарында көзделген тәртіппен және мөлшерде өзінің қатысушыларына (акционерлеріне) аударуға міндетті.
2. Бас банктің күмәнді және үмітсіз активтерін сатып алатын еншілес ұйым осы баптың 4-тармағында көзделген қызмет түрлерін жүзеге асыруға байланысты шығыстарды төлеу үшін жұмсалатын ақшаны қоспағанда, өз қызметінен алынған ақшаны бас банкке аударуға міндетті.
3. Бас банктің күмәнді және үмітсіз активтерін сатып алатын еншілес ұйым қызметінің тәртібі, сатып алынған күмәнді және үмітсіз активтерді еншілес ұйымдардың басқару мерзімі, сондай-ақ ол сатып алатын (сатып алған) күмәнді және үмітсіз активтерге қойылатын талаптар уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленеді.
2015.27.04. № 311-V ҚР Заңымен 4-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара); 2015.24.11. № 422-V ҚР Заңымен 4-тармақ жаңа редакцияда (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр.ред.қара)
4. Бас банктің күмәнді және үмітсіз активтерін иеленетін банктің еншілес ұйымы, сондай-ақ күмәнді және үмітсіз активтерді иеленетін, қатысушылары банк және екінші деңгейдегі банктердің кредиттік портфельдерінің сапасын жақсартуға маманданатын ұйым болып табылатын ұйым:
1) банктің күмәнді және үмітсіз активтерін иеленуге және өткізуге;
2) жылжымалы және жылжымайтын мүлікті және (немесе) иеленген күмәнді және үмітсіз талап ету құқықтары бойынша кепілге салынған мүлікке өндіріп алуды қолдану нәтижесінде банктің меншігіне өткен, аяқталмаған құрылыс объектілеріне меншік құқығын иеленуге және өткізуге;
3) заңды тұлғалардың акцияларын және (немесе) жарғылық капиталға қатысу үлестерін иеленген күмәнді және үмітсіз талап ету құқықтары бойынша кепіл (бас тарту төлемі немесе қамтамасыз ету) ретінде қабылдаған не кепілге салынған мүлікке өндіріп алуды қолдану нәтижесінде бас банктің меншігіне өткен жағдайларда, оларды иеленуге және өткізуге;
4) мүлікке өндіріп алуды қолдану нәтижесінде оның меншігіне өткен, кепіл нысанасы, өзге де қамтамасыз ету ретінде болған немесе банктен иеленген күмәнді және үмітсіз талап ету құқықтары бойынша бас тарту төлемі түрінде алынған, сондай-ақ осы тармақтың 2) тармақшасында көрсетілген мүлікті жалға беруге немесе осындай мүлікті өтеулі уақытша пайдаланудың өзге де нысанын пайдалануға;
5) иеленген күмәнді және үмітсіз талап ету құқықтарының немесе өзге де активтердің сапасын жақсарту мақсатында уәкілетті органның нормативтік-құқықтық актісінде белгіленген өзге де қызмет түрлерін жүзеге асыруға құқылы.
2022.04.07. № 133-VII ҚР Заңымен 4-1-тармақпен толықтырылды
4-1. Бас банктің күмәнді және үмітсіз активтеріне ие болатын банктің еншілес ұйымы құқықтарды (талаптарды) сенімгерлік басқару шарты шеңберінде сервистік компания ретінде әрекет етуге құқылы.
Бас банктің күмәнді және үмітсіз активтеріне ие болатын банктің еншілес ұйымы шарттарды тіркеу журналында құқықтарды (талаптарды) сенімгерлік басқарудың барлық шарттарын тіркейді және құқықтарды (талаптарды) сенімгерлік басқару шартында берілуі көзделген қабылданатын және өзге де құжаттарды есепке алуды жүргізеді.
Бас банктің күмәнді және үмітсіз активтеріне ие болатын банктің еншілес ұйымы құқықтарды (талаптарды) сенімгерлік басқару шарты шеңберінде:
тараптардың келісімі бойынша өзімен құқықтарды (талаптарды) сенімгерлік басқару шарты жасалған тұлға берген өкілеттіктер шеңберінде банктік қарыз шартының немесе микрокредит беру туралы шарттың талаптарын өзгертуге құқылы. Банктік қарыз шартының және (немесе) микрокредит беру туралы шарттың талаптары осы Заңның 34-бабы 3-тармағының екінші бөлігіне және «Микроқаржылық қызмет туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 3-бабы 6-тармағының екінші бөлігіне сәйкес қарыз алушы үшін жақсартылған жағдайларда, оларды біржақты тәртіппен өзгертуге жол беріледі;
өзімен құқықтарды (талаптарды) сенімгерлік басқару шарты жасалған тұлғаның мүдделерін сотта, оның ішінде берешекті өндіріп алу және (немесе) кепіл затына өндіріп алуды қолдану процесінде, білдіруге;
борышкерден өзімен құқықтарды (талаптарды) сенімгерлік басқару шарты жасалған тұлғаның мүддесі үшін берешекті өтеу есебіне қолма-қол емес нысандағы ақшаны және (немесе) өзге де мүлікті, кейіннен осындай ақшаны және (немесе) осындай мүлікті оның пайдасына беретін болып, қабылдауға;
бағалаушылардың, аудиторлардың, заңгерлердің және өзге де консультанттардың көрсетілетін қызметтерін пайдалануға;
құқықтарды (талаптарды) сенімгерлік басқару шартында көзделген өзге де құқықтарды жүзеге асыруға құқылы.
Бас банктің күмәнді және үмітсіз активтеріне ие болатын, сервистік компания ретінде әрекет ететін банктің еншілес ұйымына сыйақыны, сондай-ақ сенімгерлік басқарумен байланысты шығыстарды банктік қарыз шарттары және (немесе) микрокредит беру туралы шарттар бойынша құқықтарға (талаптарға) ие болған тұлға құқықтарды (талаптарды) сенімгерлік басқару шартының талаптарына сәйкес төлейді (өтейді).
Қарыз алушы және (немесе) оның өкілі:
1) құқықтарды (талаптарды) сенімгерлік басқару шартын жасасқан тұлғадан бас банктің күмәнді және үмітсіз активтеріне ие болатын банктің еншілес ұйымы, оның орналасқан жері, онда қарыз алушының дербес деректерінің болуы, берешектің мөлшері мен құрылымы туралы мәліметтерді алуға;
2) жүгіну себептерін негіздей отырып, бас банктің күмәнді және үмітсіз активтеріне ие болатын, құқықтарды (талаптарды) сенімгерлік басқару шартына сәйкес сенімгерлік басқаруды жүзеге асыратын банктің еншілес ұйымына банктік қарыз шарты және (немесе) микрокредит беру туралы шарт бойынша міндеттемелерді орындаумен байланысты көрсетілген шарттың талаптарын өзгерту туралы өтінішпен жүгінуге құқылы.
2022.04.07. № 133-VII ҚР Заңымен 4-2-тармақпен толықтырылды
4-2. Бас банктің күмәнді және үмітсіз активтеріне ие болатын банктің еншілес ұйымы «Коллекторлық қызмет туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабының 1, 2, 4-тармақтарында, 5-тармағының 1), 3), 4), 5), 6) және 9) тармақшаларында және 6-тармағында көзделген талаптарды ескере отырып, құқықтарды (талаптарды) сенімгерлік басқару шарты шеңберінде қарыз алушылармен өзара іс-қимылды жүзеге асырады және құқықтарды (талаптарды) сенімгерлік басқару шарты шеңберінде Қазақстан Республикасының заңнамасымен кредитор мен борышкердің банктік қарыз шарты және (немесе) микрокредит беру туралы шарт шеңберіндегі өзара қатынастарына қойылатын талаптар мен шектеулерді сақтауға міндетті.
Бас банктің күмәнді және үмітсіз активтеріне ие болатын банктің еншілес ұйымы өзінің қызметін ерікті түрде тоқтату туралы шешім қабылдаған не сот бас банктің күмәнді және үмітсіз активтеріне ие болатын банктің еншілес ұйымының қызметін тоқтату туралы шешім қабылдаған жағдайда:
1) жоғарыда көрсетілген шешім қабылданғаннан кейін күнтізбелік отыз күн ішінде:
өзіне банктік қарыз шарты және (немесе) микрокредит беру туралы шарт бойынша құқықтар (талаптар) берілген тұлғаға не оның нұсқауы бойынша мұндай тұлға құқықтарды (талаптарды) сенімгерлік басқарудың жаңа шартын жасасқан сервистік компанияға құқықтарды (талаптарды) сенімгерлік басқару шарты негізінде, өз қызметін ерікті түрде тоқтату туралы шешім қабылданған не сот оның қызметін тоқтату туралы шешім қабылдаған күнге бас банктің күмәнді және үмітсіз активтеріне ие болатын банктің еншілес ұйымына берілген, банктік қарыз шарттары және (немесе) микрокредит беру туралы шарттар бойынша құқықтар (талаптар) бойынша барлық мәліметтер мен құжаттарды беруге;
құқықтарды (талаптарды) сенімгерлік басқарудың жасалған барлық шарттарын бұзуға міндетті.
Өзіне банктік қарыз шарты және (немесе) микрокредит беру туралы шарт бойынша құқықтар (талаптар) берілген тұлға не мұндай тұлға құқықтарды (талаптарды) сенімгерлік басқарудың жаңа шартын жасасқан сервистік компания осы тармақтың екінші бөлігі 1) тармақшасының екінші абзацында көзделген жағдайда, мәліметтер мен құжаттардың қабылдануын қамтамасыз етуге міндетті;
2) жоғарыда көрсетілген шешім қабылданған күннен бастап күнтізбелік бес күн ішінде бұл туралы:
құқықтарды (талаптарды) сенімгерлік басқару шартында көзделген тәсілдермен өздерімен құқықтарды (талаптарды) сенімгерлік басқару шарттары жасалған тұлғаларды;
өздеріне банктік қарыз шарттары немесе микрокредит беру туралы шарттар бойынша құқықтар (талаптар) құқықтарды (талаптарды) сенімгерлік басқару шарттары негізінде берілген борышкерлерді мына тәсілдердің бірімен:
бас банктің күмәнді және үмітсіз активтеріне ие болатын банктің еншілес ұйымының борышкерлермен байланыстарға арналған телефон нөмірлерінен телефонмен сөйлесу арқылы;
жеке кездесулер арқылы;
борышкер - жеке тұлғаға тұрғылықты жері (заңды мекенжайы) бойынша, борышкер - заңды тұлғаға орналасқан жері (нақты мекенжайы) бойынша жіберілетін жазбаша (пошталық) хабарламалар арқылы;
ұялы байланыс бойынша мәтіндік, дауыстық және өзге де хабарлар арқылы;
Интернет желісі арқылы хабардар етуге міндетті.
2017.25.12. № 122-VI ҚР Заңымен (2018 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2019.25.11. № 272-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 5-тармақ өзгертілді
5. Уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленген нысан бойынша ұсынылатын бас банктің күмәнді және үмітсіз активтерін сатып алатын еншілес ұйымды құруға, сатып алуға рұқсат алуға арналған өтінішке осы Заңның 11-1-бабы 4-тармағының 1), 2), 3), 4), 11), 13-1) және 14) тармақшаларында көзделген құжаттар мен мәліметтер, сондай-ақ:
1) 2018.02.07. № 168-VІ ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
2) еншілес ұйымды сатып алған жағдайда тиісті өтініш берудің алдындағы соңғы аяқталған тоқсан үшін еншілес ұйымның қаржылық есептілігі;
3) оларға қойылатын талаптар уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде айқындалатын күмәнді және үмітсіз активтердің сапасын жақсарту бойынша бизнес-жоспар мен іс-шаралар жоспары қоса беріледі.
2015.24.11. № 422-V ҚР Заңымен 5-1-тармақпен толықтырылды (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi); 2017.25.12. № 122-VI ҚР Заңымен (2018 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2018.02.07. № 168-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2019.25.11. № 272-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 5-1-тармақ өзгертілді