3) заңды тұлғаның жарғылық капиталындағы жай акциялардың (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) соңғы меншік иелеріне дейін жай акциялардың (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) он немесе одан көп пайызын иеленетін заңды тұлға акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) барлық меншік иелері туралы ақпарат болса;
4) талап етілетін ең төменгі рейтингі бар, Қазақстан Республикасының Үкіметі, жергілікті атқарушы орган не шет мемлекет бақылайтын заңды тұлға болып табылса, банктік қарыздар мен банк кепілдіктерін беруге құқылы емес. Талап етілетін ең төменгі рейтинг және рейтингтік агенттіктердің тізбесі уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленеді;
5) уәкілетті орган белгілеген тізбеге кіретін халықаралық ұйым болып табылса;
6) талап етілетін ең төменгі рейтингі бар ұйым болып табылса, банктік қарыздар мен банк кепілдіктерін беруге құқылы емес. Талап етілетін ең төменгі рейтинг және рейтингтік агенттіктердің тізбесі уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленеді;
7) осы тармақтың 4) - 6) тармақшаларында көрсетілген, жиынтығында заңды тұлғаның жарғылық капиталға қатысу үлестерінің не орналастырылған (артықшылықты және қоғам сатып алған акциялары шегеріле отырып) акцияларының елу пайызынан астамына иелік ететін не осы заңды тұлғаның акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу пайызынан астамымен дауыс беру мүмкіндігі бар жеке және заңды тұлғалар туралы ақпарат болса;
8) инвестициялық қордың басқарушы компаниясы, сондай-ақ осы тармақтың 4), 5), 6) және 7) тармақшаларында көрсетілген, аталған инвестициялық қордың акционерлері (пайшылары) болып табылатын және заңды тұлғаға бақылау жасауды жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалар туралы ақпарат болса;
9) уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде ашу тәртібі белгіленетін ақпараты бар заңды тұлға болып табылса, банктік қарыздар мен банк кепілдіктерін беруге құқылы емес.
2022.30.12. № 179-VІІ ҚР Заңымен 2-1-тармақпен толықтырылды (2023 ж. 3 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді)
2-1. Банк «Қазақстан Республикасы азаматтарының төлем қабілеттілігін қалпына келтіру және банкроттығы туралы» Қазақстан Республикасының Заңында көзделген тәртіппен соттан тыс банкроттық рәсімінің немесе сот арқылы банкроттық рәсімнің аяқталғаны туралы хабарландыру орналастырылған күннен бастап бес жыл ішінде Қазақстан Республикасының азаматына банктік қарыздар беруге, сондай-ақ мұндай адамдардан банктік қарыз шарттары бойынша кепіл, кепілдік және кепілгерлік түріндегі қамтамасыз етуді қабылдауға құқылы емес.
3. Осы баптың 2-тармағының талаптары шамасы уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде айқындалатын мөлшерден аспайтын банктік қарыздар мен банк кепілдіктеріне қолданылмайды.
Осы баптың 1 және 2-тармақтарында көрсетілген барлық банктік қарыздар мен банк кепілдіктерінің жиынтық көлемі есеп айырысу тәртібін уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісі айқындайтын мөлшерден аспауға тиіс.
2021.02.01. № 399-VI ҚР Заңымен 4-тармақ жаңа редакцияда (2020 ж. 16 желтоқсаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
4. Банктің осы мәмілені алдын ала банктің директорлар кеңесінде бекіттіріп алмай, құны банктің меншікті капиталының он пайызынан асатын активтерді кепілге немесе ауыртпалықтың өзге нысанына беруіне тыйым салынады.
Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкі филиалының осы мәмілені алдын ала Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкінде бекіттіріп алмай, құны Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкі филиалының активтері сомасының он пайызынан асатын, резерв ретінде қабылданған активтерді кепілге немесе ауыртпалықтың өзге нысанына беруіне тыйым салынады.
ҚР 10.07.03 ж. № 483-II (бұр. ред. қара); 2005.08.07. № 72-III (бұр. ред. қара) Заңдарымен 9-бап өзгертілді
9-бап. Шындыққа сай келмейтiн жарнамаға тыйым салу
1. Банкiлерге жарнама шығарылған күнi шындыққа сай келмейтiн қызметiн жарнамалауға тыйым салынады.
2024.19.06. № 97-VIII ҚР Заңымен 1-1-тармақпен толықтырылды (2024 ж. 20 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді)
1-1. Банк, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйым банктік қарыз немесе салым бойынша сыйақы шамалары туралы ақпаратты қамтитын жарнаманы тарату жəне (немесе) орналастыру кезінде анық, жылдық, тиімді, салыстырмалы есептеудегі сыйақы мөлшерлемесін көрсетуге міндетті.
Банктік қарыз немесе салым бойынша сыйақы шамалары туралы ақпаратты қамтитын жарнаманы тарату, соның ішінде оны жариялау кезінде жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесі қаріптері басқа сыйақы мөлшерлемелерімен бірдей көлемдегі жəне ресімдеу стиліндегі нысанда цифрлармен көрсетіледі. Жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесін осы жарнамада өзге ақпаратты көрсету кезінде пайдаланылатын қаріптен кіші қаріппен көрсетуге жол берілмейді.
2. Уәкiлеттi орган банкiден шындыққа сай келмейтiн жарнамаға өзгерістер енгізудi, оны тоқтатуды немесе терiске шығарып жариялауды талап етуге құқылы.
Бұл талап Уәкiлеттi орган белгiлеген мерзiмде орындалмаған жағдайда уәкiлеттi орган жарнамада баяндалған мәлiметтердiң шындыққа сай келмейтiндiгi туралы ақпарат жариялауға, не оларды мұндай жарнаманы жариялаған банкінің есебiнен нақтылауға құқылы.
2012.05.07. № 30-V ҚР Заңымен 3-тармақ жаңа редакцияда (бұр. ред. қара); 2019.03.07. № 262-VІ ҚР Заңымен 3-тармақ өзгертілдi (2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
3. Банк операцияларын жүргiзуге уәкiлеттi органның немесе Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң лицензиясы жоқ заңды тұлғаларға банк операциялары санатына жатқызылған, жүзеге асырылатын қызметтердi жарнамалауға тыйым салынады.
ҚР 11.07.97 ж. № 154-1 Заңымен 10-бап өзгертілдi
10-бап. Банкiлер ассоциациялары (одақтары)
1. Өз қызметiн үйлестiру, ортақ мүдделердi қорғау және бiлдiру, бірлескен жобаларды жүзеге асыру және өзге де ортақ мiндеттердi шешу үшiн банкiлер қолданылып жүрген заңдарға сәйкес банкiлер ассоциациялары мен одақтарын құруға құқылы.
2. Банкiлер ассоциациялары (одақтары) коммерциялық емес ұйымдар болып табылады.
3. Банкiлер ассоциацияларын (одақтарын) банк жүйесіндегі бәсекенi шектеу, сыйақы мөлшерлемелерді, несиелер мен өзге де банк қызметтерiн ұсыну шарттарын үйлестiру мақсатында қолдануға болмайды.
ҚР 16.07.99 ж. № 436-1 Заңымен 10-1-баппен толықтырылды
10-1-бап. Банктер қатысатын консорциумдар және басқа да бірлестiктер
Кредит беруге және өзге мiндеттердi шешуге байланысты бірлескен жобаларды іске асыру мақсатында банктер бірлескен қызметi туралы шарт негiзiнде консорциум құруға және басқа консорциумдар, қауымдастықтар жұмысына қатысуға құқылы.
11-бап. 2005.12.23 № 107-III ҚР Заңымен алып тасталды (бұр. ред. қара)
ҚР 02.03.01 ж. № 162-II Заңымен 11-1 баппен толықтырылды; ҚР 10.07.03 ж. № 483-II (бұр. ред. қара) заңымен 11-1-бап өзгертілді; 2005.12.23 № 107-III ҚР Заңымен жаңа редакцияда ( бұр. ред. қара); 2007.19.02. № 230-III (бұр. ред. қара); 2008.23.10. № 72-IV (бұр. ред. қара); 2008.20.11. № 88-IV (бұр.ред.қара); 2009.12.02. № 133-IV (бұр.ред.қара) ҚР Заңдарымен 11-1-бап өзгертілдi; 2011.28.12. № 524-ІV ҚР Заңымен 11-1-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2012.24.12. № 60-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2014.19.03. № 179-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 11-1-бап өзгертілдi
11-1-бап. Банктер мен банк холдингтерінің еншілес ұйымдары және банктер мен банк холдингтерінің капиталға қомақты қатысуы
2019.25.11. № 272-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2021.02.01. № 399-VI ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 1-тармақ өзгертілдi
1. Банк және банк холдингі өздеріне осы Заңның 8-бабымен берілген өкілеттіктерді жүзеге асыру мақсатында уәкілетті органның алдын ала рұқсаты болған кезде ғана еншілес ұйымды құра алады немесе иелене алады.
Уәкілетті органның еншілес ұйымды құруға немесе сатып алуға рұқсатын алу жөніндегі талап көрсетілген ұйымның акцияларын немесе жарғылық капиталына қатысу үлестерін тікелей иеленетін (дауыс беру, шешімді айқындау және (немесе) шарттың күшіне қарай не өзгеше түрде қабылданатын шешімдерге ықпал ету мүмкіндігі бар) және уәкілетті органның тиісті рұқсаты бар Қазақстан Республикасының резиденті - банкінің акцияларын иелену (дауыс беру, шешімді айқындау және (немесе) шарттың күшіне қарай не өзгеше түрде қабылдайтын шешімдерге ықпал ету мүмкіндігі болуы) арқылы осы ұйымның акцияларын немесе жарғылық капиталға қатысу үлестерін жанама иеленетін (дауыс беру, шешімді айқындау және (немесе) шарттың күшіне қарай не өзгеше түрде қабылданатын шешімдерге ықпал ету мүмкіндігі бар) банк холдингтеріне қолданылмайды.
Еншілес ұйымды құруға немесе сатып алуға уәкілетті органның рұқсатын алу жөніндегі талап осы Заңның 8-бабы 13-тармағының 2) тармақшасында көрсетілген банк холдингтеріне қолданылмайды. Көрсетілген банк холдингтері еншілес ұйым құрылған не еншілес ұйымның жарғылық капиталына қатысу үлестері немесе дауыс беретін акциялары сатып алынған жағдайда, заңды тұлға мемлекеттік тіркелген күннен бастап он төрт жұмыс күні ішінде уәкілетті органды еншілес ұйымның құрылғаны немесе сатып алынғаны туралы хабардар етуге міндетті.
Еншілес мекемені құруға немесе сатып алуға уәкілетті органның рұқсатын алу жөніндегі талап банкке оның осы Заңға сәйкес өзіне қайта құрылымдау жүргізілген басқа банкке бақылау жасауды сатып алуымен байланысты қолданылмайды.
Банкке немесе банк холдингіне еншілес ұйымды құруға немесе сатып алуға рұқсат беру тәртібі уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде айқындалады.
2017.27.02. № 49-VI ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 2022.12.07. № 138-VІІ ҚР Заңымен (2022 ж. 12 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара) 2-тармақ өзгертілді
2. Қаржы ұйымдарының қызметінде, оның ішінде олардың қызметін автоматтандыру үшін пайдаланылатын бағдарламалық қамтылымды әзірлеуді, өткізуді, қолдап отыруды жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының бейрезидент-ұйымдарын құруды немесе олардың капиталына қатысуды қоспағанда, банктердің еншілес ұйымдары еншілес ұйымдарды құруға және (немесе) оларға ие болуға, сондай-ақ капиталға қомақты қатысуға құқылы емес.
Бұл шектеу осы Заңға сәйкес өздеріне қатысты қайта құрылымдау жүргізілген және өздеріне бақылау жасауды басқа банк сатып алған банктерге, сондай-ақ осы Заңның 61-4-бабында көзделген операцияны жүзеге асырған және оларға бақылау жасауды басқа банк сатып алған банктерге қолданылмайды.
Банктің еншілес ұйымына:
1) осы Заңның 8-бабының 7-тармағында белгіленген шектеулерді сақтаған кезде Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына және шет мемлекеттің заңнамасына сәйкес акцияларын немесе жарғылық капиталға қатысу үлестерін кепіл ретінде қабылдаған жағдайда олар банктің меншігіне өтетін заңды тұлғалар;
2) жарғылық капиталына банктің қатысуы осы Заңның 11-2-бабында айқындалған талаптар негізінде құрылған (сатып алынған) еншілес ұйымның акцияларын немесе жарғылық капиталға қатысу үлестерін иелену (дауыс беру, шешімді айқындау және (немесе) қабылданатын шешімге шарттың күшіне қарай немесе өзгеше түрде ықпал ету мүмкіндігінің болуы) арқылы жүзеге асырылатын заңды тұлғалар;
3) акцияларын немесе жарғылық капиталға қатысу үлестерін осы Заңның 52-9-бабында белгіленген банктік операцияларды жүзеге асырған кезде ислам банкі сатып алған заңды тұлғалар жатпайды.
2021.02.01. № 399-VI ҚР Заңымен 3-тармақ өзгертілдi (бұр.ред.қара)
3. Банк холдингтерінің еншілес ұйымдары, Қазақстан Республикасының резиденттері - еншілес банктерді, сондай-ақ осы Заңның 8-бабы 13-тармағының 2) тармақшасында көрсетілген банк холдингтерінің еншілес ұйымдарын қоспағанда, еншілес ұйымдарды құруға және (немесе) оларды иеленуге құқылы емес.
2017.25.12. № 122-VI ҚР Заңымен 3-1-тармақпен толықтырылды (2018 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
3-1. Еншілес ұйымды құруға, сатып алуға және (немесе) ұйымдардың капиталына қомақты қатысуға рұқсат бергені үшін мөлшері мен төлеу тәртібі Қазақстан Республикасының салық заңнамасында айқындалатын алым алынады.
2019.25.11. № 272-VІ ҚР Заңымен 4-тармақ өзгертілдi (бұр.ред.қара)
4. Уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленген нысан бойынша ұсынылатын еншілес ұйымды құруға, сатып алуға рұқсат алуға берілген өтінішке мынадай құжаттар:
2015.24.11. № 422-V ҚР Заңымен (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр.ред.қара); 2019.25.11. № 272-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 1) тармақша жаңа редакцияда
1) қаржылық есептілік депозитарийінің интернет-ресурсында болмаған немесе уәкілетті органның «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы алуға мүмкіндігі болмаған жағдайда - еншілес ұйымның құрылтай құжаттары;
2019.25.11. № 272-VІ ҚР Заңымен 2) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
2) еншілес ұйым құрылған жағдайда, оны құру туралы шешім не еншілес ұйымды иеленген жағдайда, оны иелену туралы шешім (қаржылық есептілік депозитарийінің интернет-ресурсында мәліметтер болмаған жағдайда), сондай-ақ лицензияланатын қызмет түрін жүзеге асырған жағдайда - лицензияның көшірмесі;
3) еншілес ұйымның басшы қызметкерлері (немесе басшы қызметкерлер лауазымына тағайындау немесе сайлау үшін ұсынылатын кандидаттар) туралы ақпарат;
2019.25.11. № 272-VІ ҚР Заңымен 4) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
4) қаржылық есептілік депозитарийінің интернет-ресурсында мәліметтер болмаған жағдайда, үлестес тұлғалар туралы мәліметтер қоса берілуі қажет.
Банкте банк холдингі болмаған жағдайда:
осы ұйымдар қауымдастығы меморандумының немесе ережелерінің шарттарына сәйкес олардың қызметін бірлескен негізде басқаруға;
егер көрсетілген ұйымдардың атқарушы органы, басқару органы (акционерлік қоғамдар үшін), байқаушы кеңесі (жауапкершілігі шектеулі серіктестік үшін) құрамының үштен бірінен астамын сол белгілі бір тұлғалар құрайтын болса, еншілес ұйымға байланысты ұйымдар туралы ақпарат;
2019.25.11. № 272-VІ ҚР Заңымен 5) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
5) уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде қойылатын талаптары айқындалатын еншілес ұйымның бизнес-жоспары;
6) еншілес ұйым орналасқан елдің заңнамасын талдау негізінде Қазақстан Республикасының резиденті емес - банк конгломератына қатысушылар орналасқан елдердің заңнамасы олардың және банк конгломератының Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде көзделген талаптарды орындау мүмкіндігін болғызбауына байланысты банк конгломератына шоғырландырылған қадағалауды жүргізу мүмкіндігінің болмауын көздейтін мән-жайлардың жоқ екендігі туралы ақпарат;
7) 2019.25.11. № 272-VІ ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
2019.25.11. № 272-VІ ҚР Заңымен 8) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
8) иеленетін еншілес ұйымның аудиторлық ұйым куәландырған, аяқталған соңғы есепті кезеңге қаржылық есептілігі;
9) 2019.25.11. № 272-VІ ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
10) 2019.25.11. № 272-VІ ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
11) банк және (немесе) банк холдингі жарғылық капиталға қатысу үлесін немесе акцияларын сатып алу арқылы еншілес ұйымды сатып алатын заңды тұлға туралы:
заңды тұлғаның атауы мен орналасқан жерін;
банк және (немесе) банк холдингі құрылтайшысы (қатысушысы) болып табылатын заңды тұлғаның жарғылық капиталына банктің және (немесе) банк холдингінің қатысу үлесінің мөлшері, оны сатып алу бағасы туралы мәліметті;
банк және (немесе) банк холдингі акционері болып табылатын заңды тұлғаның акциялар саны, оларды сатып алу бағасы, олардың орналастырылған акциялардың (артықшылықты және қоғам сатып алған акциялары шегеріле отырып) жалпы санына пайыздық арақатынасы туралы мәліметті;
заңды тұлғаның (банк және (немесе) банк холдингі құрылтайшысы, қатысушысы, акционері болған) қатысу үлесінің мөлшері, басқа заңды тұлғаның жарғылық капиталынан оны сатып алу бағасы туралы мәліметті;
банк және (немесе) банк холдингі акционері (құрылтайшысы, қатысушысы) болып табылатын заңды тұлға сатып алған акциялардың саны, сатып алу бағасы, олардың орналастырылған акциялардың (артықшылықты және қоғам сатып алған акциялары шегеріле отырып) жалпы санына пайыздық арақатынасы туралы мәліметті қамтитын деректер қоса берілуі қажет;
Бұл талаптар банк және (немесе) банк холдингі бірнеше заңды тұлғалардың жарғылық капиталға қатысу үлестерін немесе акцияларын сатып алу арқылы еншілес ұйымды сатып алатын жағдайларға қолданылады;
12) 2018.02.07. № 168-VІ ҚР Заңымен алып тасталды (2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
13) 2019.25.11. № 272-VІ ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
2017.25.12. № 122-VI ҚР Заңымен 13-1) тармақшамен толықтырылды (2018 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді); 2019.25.11. № 272-VІ ҚР Заңымен 13-1) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
13-1) «электрондық үкімет» төлем шлюзі арқылы ақы төлеу жағдайларын қоспағанда, рұқсат беру үшін алым төленгенін растайтын құжат;
14) бақылаудың туындау негізін көрсете отырып, олардың негізінде еншілес ұйымды бақылауды сатып алу көзделетін немесе бақылауды растайтын өзге де құжаттар қоса берілуі қажет.
5. Банк және (немесе) банк холдингі соңғы аяқталған екі қаржы жылының әрқайсысының қорытындылары бойынша шоғырландырылған және шоғырландырылмаған негіздерде қызметі шығынсыз болған жағдайда және уәкілетті органға рұқсат алуға өтініш берілген күннің алдындағы соңғы үш ай ішінде уәкілетті орган белгілеген пруденциалдық нормативтерді сақтаған, оның ішінде шоғырландырылған негізде сақтаған жағдайда еншілес ұйымды құруға құқылы.
6. Еншілес ұйымды құруға, сатып алуға рұқсат беруден бас тартуға:
2022.12.07. № 138-VІІ ҚР Заңымен 1) тармақша жаңа редакцияда (2022 ж. 12 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
1) ұсынылған құжаттар бойынша уәкілетті орган ескертулерінің жойылмауы;
2) құрылатын немесе сатып алынатын еншілес ұйым орналасқан елдің қаржы ұйымдарын шоғырландырылған қадағалау саласындағы заңнамасының Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген шоғырландырылған қадағалау жөніндегі талаптарға сәйкес келмеуі;
2015.24.11. № 422-V ҚР Заңымен 3) тармақша жаңа редакцияда (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр.ред.қара)
3) еншілес ұйымның басшы қызметкерлерінің (немесе басшы қызметкерлер лауазымына тағайындауға немесе сайлауға ұсынылатын кандидаттардың) осы Заңның 20-бабы 3-тармағының 3), 4), 5) және 6) тармақшаларының талаптарына сай келмеуі;
4) банктің және (немесе) банк холдингінің болжанып отырған еншілес ұйымдарының болуы нәтижесінде құрамына банк және (немесе) банк холдингі кіретін банк конгломератының пруденциалдық нормативтерді сақтамауы;
5) еншілес ұйымның қызметі немесе банк және (немесе) банк холдингі жоспарлаған инвестициялар салдарынан банктің, банк холдингінің немесе банк конгломератының қаржылық жай-күйінің нашарлауы көзделетін қаржылық салдарды талдау;
2018.02.07. № 168-VІ ҚР Заңымен 6) тармақша өзгертілді (2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
6) тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау жүйелерінің, оның ішінде еншілес ұйымның қызметіне байланысты тәуекелдерге қатысты жүйелердің уәкілетті органның тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау жүйелеріне қоятын талаптарына сәйкес келмеуі;
7) еншілес ұйым орналасқан елдің заңнамасында көзделген жағдайларда еншілес ұйымның белгіленген пруденциалдық нормативтерді, сондай-ақ банктің және банк холдингінің пруденциалдық нормативтерді сақтамауы, оның ішінде шоғырландырылған негізде сақтамауы және уәкілетті органға рұқсат алуға өтініш берген күннің алдындағы соңғы үш ай ішінде және (немесе) өтінішті қарау кезеңінде басқа да сақталуға міндетті нормативтер мен лимиттерді сақтамауы;
2012.05.07. № 30-V ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 2018.02.07. № 168-VІ ҚР Заңымен (2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 8) тармақша жаңа редакцияда; 2020.03.07. № 359-VI ҚР Заңымен 8) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
8) өтініш берілген күнге және құжаттарды қарау кезеңінде банкте және (немесе) банк холдингінде және (немесе) сатып алынуы болжанып отырған еншілес ұйымда осы Заңның 46-бабы 1-тармағының 1), 2), 3), 4), 5), 6), 9), 14) және 15) тармақшаларында, 47-1-бабында көзделген қолданыстағы қадағалап ден қою шараларының және (немесе) Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 213-бабының алтыншы, сегізінші бөліктерінде, 227-бабында көзделген әкімшілік құқық бұзушылықтар үшін әкімшілік жазалардың болуы;
2013.21.06. № 106-V ҚР Заңымен 9) тармақша жаңа редакцияда (бұр. ред. қара); 2022.12.07. № 138-VІІ ҚР Заңымен 9) тармақша өзгертілді (2022 ж. 12 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
9) банк және (немесе) банк холдингі еншілес ұйымды - Қазақстан Республикасының резиденттері банкті, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын, инвестициялық портфельді басқарушыны құрған немесе иемденген жағдайларда, осы Заңда, Қазақстан Республикасының сақтандыру ісі және сақтандыру қызметі, бағалы қағаздар нарығы туралы заңнамасында көзделген Қазақстан Республикасының резиденттері банк немесе сақтандыру холдингі, банктің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, инвестициялық портфельді басқарушының ірі қатысушысы мәртебесін алуға келісім беруге қатысты талаптарды сақтамау;
2022.12.07. № 138-VІІ ҚР Заңымен 10) тармақшамен толықтырылды (2022 ж. 12 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді)
10) банктің, банк холдингінің еншілес ұйымдарын құруға, банктердің, банк холдингтерінің заңды тұлғалардың акцияларына немесе жарғылық капиталдарына қатысу үлестеріне ие болуына қойылатын осы Заңның талаптарын банктің, банк холдингінің сақтамауы;
2022.12.07. № 138-VІІ ҚР Заңымен 11) тармақшамен толықтырылды (2022 ж. 12 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді)
11) уәкілетті органға еншілес ұйымды құруға, оған ие болуға рұқсат алуға өтініш берілген күннің алдындағы соңғы аяқталған екі қаржы жылының әрқайсысының қорытындысы бойынша шоғырландырылған және шоғырландырылмаған негіздерде банктің және (немесе) банк холдингінің залал шеккен қызметі негіздер болып табылады.
2019.25.11. № 272-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2022.12.07. № 138-VІІ ҚР Заңымен (2022 ж. 12 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара) 7-тармақ өзгертілді
7. Уәкілетті орган өтініш берілгеннен кейін елу жұмыс күні ішінде рұқсат беруге немесе рұқсат беруден бас тартуға міндетті.
Рұқсат беруден бас тартқан жағдайда уәкілетті орган өтініш берушіге бас тартудың негіздері туралы жазбаша хабарлауға міндетті.
Банк ашуға рұқсаттар алу шеңберінде берілген еншілес ұйымды құруға, оған ие болуға немесе микроқаржы ұйымын банкке айналдыру нысанында ерікті түрде қайта ұйымдастыруға рұқсат алуға арналған өтінішті уәкілетті орган көрсетілген рұқсаттарды беруге өтініштерді қарау үшін белгіленген мерзімдерде қарайды.
8. Банктің және (немесе) банк холдингінің еншілес ұйымы құрылтай құжаттарына енгізілген барлық өзгерістер мен толықтырулар туралы күнтізбелік отыз күн ішінде уәкілетті органды хабардар етуге міндетті.
9. Қазақстан Республикасының резиденті емес - банктің және (немесе) банк холдингінің еншілес ұйымы, сондай-ақ банк және (немесе) банк холдингі жарғылық капиталына қомақты қатысатын Қазақстан Республикасының резиденті емес - ұйым уәкілетті органға жүктелген шоғырландырылған қадағалауды жүзеге асыру жөніндегі функциялардың сапалы және уақтылы орындалуын қамтамасыз ету мақсатында тиісті сұрау салу негізінде уәкілетті органға қажетті ақпаратты ашып көрсетуге міндетті. Бұл ретте алынған мәліметтер жария болмауға тиіс.
2018.02.07. № 168-VІ ҚР Заңымен 10-тармақ өзгертілді (2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
10. Банк және (немесе) банк холдингі уәкілетті органның рұқсаты болмаған кезде басқа заңды тұлғаға бақылау жасау белгілерін иеленген жағдайда, уәкілетті орган банкке және (немесе) банк холдингіне қатысты осы Заңда көзделген қадағалап ден қою шараларын қолданады. Бұл жағдайда банк және (немесе) банк холдингі заңды тұлғаның өздеріне тиесілі акцияларын (жарғылық капиталға қатысу үлестерін) бақылау жасау белгілері туындаған немесе уәкілетті орган аталған бұзушылықты анықтаған кезден бастап алты ай ішінде олармен ерекше қатынасы жоқ тұлғаларға иеліктен шығаруға және уәкілетті органға растайтын құжаттарды ұсынуға тиіс.