Азаматтарды тiркеудi жүргiзу үшiн аудандарда (қалаларда) шақыру учаскелерi құрылады.
2. Әр жылы қаңтар - наурыз iшiнде тiркелетiн жылы 17 жасқа толатын азаматтар шақыру учаскелерiне тiркеледi.
17 жасқа толатын жылдың 1 сәуiрiне дейiн дәлелдi себептермен әскери есепке тұрмаған шақыруға дейiнгiлер әскери есепке қоюдан жалтарған деп есептелiп, Қазақстан Республикасының қолданылып жүрген заңдарына сәйкес жауапты болады.
3. Жергiлiктi өкiлдi және атқарушы органдары, меншiк түрiне қарамастан ұйымдар әскери мiндеттiлердiң, шақырылушылардың сондай-ақ шақыруға дейiнгi жастардың бастапқы есебiн алуды жүргiзедi және Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі белгiлеген мерзiмде жыл сайын тиiстi аудандық (қалалық) әскери комиссариаттарға шақыру учаскелерiне тiркеуге жататын жасөспiрiмдер тiзiмiн табыс етедi.
Осы органдардың және ұйымдардың лауазымды адамдары бастапқы әскери есепке алу ережелерiн бұзғаны және аудандық (қалалық) әскери комиссариаттардың шақыру учаскелерiне тiркелуге жататын жасөспiрiмдердiң тiзiмдерiн уақтылы табыс етпегенi үшiн Қазақстан Республикасының заң актілеріне сәйкес жауап бередi.
4. Азаматтар шақыруға дейiнгiлердi әскери есепке қоюға байланысты мiндеттердi орындау үшiн қажеттi уақытқа олардың тұрақты жұмыс (оқу) орны бойынша орташа табысы (стипендиясы) сақтала отырып, жұмыстан (оқудан) босатылады.
5. Азаматтарды аудандардағы (қалалардағы) шақыру учаскелерiне тiркеудi жүргiзу үшiн жергiлiктi атқарушы орган әкімінiң шешiмiмен мына құрамда тиiстi комиссиялар құрылады:
- комиссия төрағасы - аудандық (қалалық) жергiлiктi атқарушы орган әкімінiң орынбасары;
- комиссия төрағасының орынбасары - аудандық (қалалық) әскери комиссар.
Комиссия мүшелерi:
- азаматтарды медициналық куәландыруға қатысушы дәрiгерлер;
- әскери комиссариаттың өкiлi.
- комиссия хатшысы.
Тiркеу жөніндегі аудандық (қалалық) комиссияның жеке құрамын, бұл жұмысты өткізу және қамтамасыз ету тәртібін жыл сайын жергiлiктi атқарушы орган әкімі бекiтедi.
6. Шақыру учаскелерiне тiркеу кезінде азаматтар әскери есепке алынады және шақырушылар санатына өтедi.
7. І және II топтағы мүгедектер болып табылатын азаматтарға шақыру учаскелерiне тiркеуден өткен кезде белгiленген тәртiппен комиссия шешiмiнiң негiзiнде "әскери мiндеттi емес" деген белгi соғылған куәлiк берiледi.
ҚР Президентінің 14.11.95 ж. № 2635 заң күші бар Жарлығымен; ҚР 29.01.02 ж. № 287-II Заңымен 13-бап өзгертілді
13-бап. Азаматтарды мерзiмдi әскери қызметке шақыру
1. Азаматтарды мерзiмдi әскери қызметке шақыру Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы және Қазақстан Республикасы Үкіметінiң қаулысы негiзiнде жылына екi рет, сәуiр-маусымда және қазан-желтоқсан айларында өткiзiледi. Шақыру мерзiмiн кейiнге қалдыру немесе одан босатылуға құқығы жоқ 18-ден 27 жасқа дейiнгi азаматтар шақыруға жатады.
2. Азаматтарды мерзiмдi әскери қызметке шақыруды ауданның (қаланың) және облыстың жергiлiктi өкiлдi органдарымен бiрлесе отырып, тиiстi әскери комиссариат арқылы жергiлiктi атқарушы орган әкімі ұйымдастырып, қамтамасыз етедi.
Азаматтарды мерзiмдi шақыруды ұйымдастыру мен өткізу тәртібі осы Заңмен және Қазақстан Республикасының Үкіметі бекiткен жастарды әскери қызметке даярлау және шақыруды өткізу туралы Ережемен белгiленедi.
3. Меншiк нысанына қарамастан білім беру ұйымдары мен өзге де ұйымдардың басшылары шақырылушыларды iссапардан (демалыстан) шақырып алуға, оларды хабардар етудi ұйымдастыруға және шақыру учаскесiне уақтылы келуiн қамтамасыз етуге мiндеттi.
4. Мерзiмдi әскери қызметке шақырылуға жататын шақырушылар әскери комиссариаттың шақыруы бойынша шақыру және медициналық комиссияларынан өту әрi әскерге жөнелтiлу үшiн шақыру учаскесiне келуге мiндеттi.
Азаматтардың әскери комиссариаттар белгiлеген мерзiмде шақыру учаскелерiне келмеуiне:
- еңбек қабiлетiн жоғалтуымен байланысты науқастануы (жарақат алуы);
- жақын туысының қайтыс болуы немесе ауыр науқастануы;
- апат сипатындағы кедергiлер немесе азаматтың өзiнiң келу мүмкiндiгiн болғызбаған басқа да жағдайлар дәлелдi себептер деп танылады.
Келмеудiң себептерi тиiстi құжаттармен расталуға тиiс.
5. Қазақстан Республикасының уақытша шет елде тұратын азаматтарын мерзiмдi әскери қызметке шақыру, олардың кейiнге қалдыру құқы болмаған жағдайда, олар Қазақстан Республикасындағы тұрақты тұрғылықты жерiне қайтып келген соң осы Заң белгiлеген тәртiппен жүзеге асырылады.
ҚР Президентінің 14.11.95 ж. № 2635 заң күші бар Жарлығымен; ҚР 29.01.02 ж. № 287-II Заңымен 14-бап өзгертiлді
14-бап. Шақыру комиссиялары
1. Азаматтарды мерзiмдi әскери қызметке шақыруды ұйымдастыру мен өткізу үшiн аудандық (қалалық) жергiлiктi атқарушы орган әкімінiң шешiмiмен аудандарда (қалаларда) мына құрамда шақыру комиссиялары құрылады:
- комиссия төрағасы - аудандық (қалалық) жергiлiктi атқарушы орган әкімінiң орынбасары;
- комиссия төрағасының орынбасары - аудандық (қалалық) әскери комиссар;
Комиссия мүшелерi;
- аудандық (қалалық) iшкi iстер бөлiмiнiң өкiлi;
- медицина қызметкерлерiнiң жұмысына басшылық ететiн дәрiгер-медициналық комиссияның төрағасы;
- комиссия хатшысы.
Комиссия құрамына, сонымен қатар мемлекеттік ұйымдардың, сондай-ақ қоғамдық бiрлестiктердiң өкiлдерi енгiзiлуi мүмкiн.
Аудандық (қалалық) шақыру комиссиясының адам құрамын және мерзiмдi әскери қызметтен өту үшiн азаматтарды шақыру кестесiн жергiлiктi атқарушы орган әкімі бекiтедi.
2. Аудандық (қалалық) шақыру комиссияларының қызметiне басшылық ету және бақылау жасау үшiн облыстарда және Астана және Алматы қалаларында", "(Астана және Алматы қалаларында - қалалық) шақыру комиссиялары құрылады:
- комиссия төрағасы - облыстық (Алматы қаласында - қалалық) жергiлiктi атқарушы орган әкімінiң орынбасары;
- комиссия төрағасының орынбасары - облыстық (Алматы қаласында қалалық) әскери комиссар.
Комиссия мүшелерi:
- облыстық (Алматы қаласында - қалалық) iшкi iстер басқарма бастығының орынбасары;
- облыстық (Алматы қаласында - қалалық) денсаулық сақтау басқармасы (департаментi) бастығының орынбасары;
- әскери комиссариаттың дәрiгерi (медицина қызметiнiң офицерi) - медициналық комиссияның төрағасы;
- комиссия хатшысы.
Комиссия құрамына сонымен қатар мемлекеттік ұйымдардың, сондай-ақ қоғамдық бiрлестiктердiң өкiлдерi енгiзiлуi мүмкiн.
ҚР Президентінің 14.11.95 ж. № 2635 заң күші бар Жарлығымен 15-бап жаңа редакцияда
ҚР 19.06.97 ж. № 134-I; 11.06.01 ж. № 207-II; 29.01.02 ж. № 287-II Заңдарымен 15-бап өзгертiлдi
15-бап. Шақыруды кейiнге қалдыру
1. Мерзiмдi әскери қызметке шақыруды кейiнге қалдыру азаматтарға аудандық (қалалық) шақыру комиссиясының шешiмi бойынша:
- отбасы жағдайына қарай;
- оқу орындарында білім алуын жалғастыру үшiн;
- денсаулық жағдайына байланысты;
- басқа да себептер бойынша берiледi.
2. Отбасы жағдайына қарай мерзiмдi әскери қызметке шақыруды кейiнге қалдыру:
а) басқа адамның көмегiне мұқтаж және мемлекеттiң толық асырауында емес отбасы мүшелерiне қарайласатын шақырылушыларға заң бойынша олармен бiрге немесе бөлек тұратынына қарамастан, аталған отбасы мүшелерiн асырауға мiндеттi. Қазақстан Республикасы аумағында тұратын жақын туыстары немесе басқа адамдары болмаған жағдайда берiледi.
Басқа адамның көмегi мен күтiмiне мұқтаж отбасы мүшелерi мыналар:
- зейнеткерлiк жасына жеткен немесе бiрiншi не екiншi топтағы мүгедектер болып табылатын әкесi, анасы, әйелi, сондай-ақ шақырылушының ата-анасы болмаған ретте, егер олар өзiнiң асырауында болса атасы мен әжесi;
- 18 жасқа толмаған iнi-қарындастары немесе бұл жастан асқан аға-апалары, егер олар бiрiншi немесе екiншi топтағы мүгедектер болса;
- шақырылушыдан басқа бір не одан көп 18 жасқа толмаған немесе бұл жастан асқан, бiрақ бiрiншi не екiншi топтағы мүгедек болып табылатын балалары бар және оларды күйеусiз (әйелсiз) тәрбиелеп отырған анасы (әкесi);
- асырауында жасына қарай еңбекке жарамсыз немесе бiрiншi немесе екiншi топтағы мүгедектер болып табылатын бір не одан көп жалғыз басты жақын туыстары (әкесi, анасы, аға-апалары, iнi-қарындастары) бар және оларды күйеусiз (әйелсiз) күтiп отырған анасы (әкесi);
- күтiмiнде бiрiншi немесе екiншi топтағы мүгедек болып табылатын әйелi (күйеуі) бар және шақырылушыдан басқа 18 жасқа толмаған бір не одан көп балалар тәрбиелеп отырған ата-ананың бiрi;
б/ өзiнiң асырауында:
- анасыз тәрбиелеген баласы;
- бір не одан көп балалары;
- ата-анасының қайтыс болуына, сондай-ақ оларды ата-аналық құқығынан айыруға немесе соттың оларды бас бостандығынан айырып соттауына байланысты шақырылушы кемiнде бес жыл бойы тәрбиесiнде және күтiмiнде болған адамдары бар шақырылушыларға берiледi.
3. Оқу орындарында білім алуды жалғастыру үшiн мерзiмдi әскери қызметке шақыруды кейiнге қалдыру:
а) білім беру қызметiн жүргiзу құқығына лицензиясы бар, жалпы білім беретiн мектептер мен кәсiптiк бастауыш және кәсiптiк орта білім беру ұйымдарында күндiзгi оқыту нысаны бойынша оқитын әскерге шақырылушыларға, оларды бiтiргенге дейiн;
б) меншiк нысаны мен бағыныстылығына қарамастан білім беру iсiн жүргiзуге білім беру саласындағы орталық атқарушы органның лицензиясын алған жоғары оқу орындарының күндiзгi (өндiрiстен қол үзiп оқитын) бөлiмдерiнде, сондай-ақ басқа мемлекеттердiң жоғары оқу орындарында оқып жүрген, жоғары оқы орнында оқып жатқандығын растайтын құжаттарды табыс еткен ретте 27 жасқа дейiнгi шақырылушыларға берiледi.
Жоғары оқу орындарынан үлгірмегендiгi, тәртiпсiздiгi үшiн немесе өзiнiң тiлегi бойынша шығарылған шақырылушылардың жоғары оқу орнына қайта түскен (қалпына келтiрiлген) ретте, оқуын жалғастыру үшiн шақыруды кейiнге қалдыру құқығы болмайды.
4. Денсаулық жағдайына қарай мерзiмдi әскери қызметке шақыруды кейiнге қалдыру медициналық куәландыру кезiнде, әскери қызметке уақытша жарамсыз деп танылған шақырылушыларға бiр жылға дейiнгi мерзiмге берiледi.
5. Басқа себептерге байланысты мерзiмдi әскери қызметке шақыруды кейiнге қалдыру:
а) ауылдық (селолық) жерлерде орналасқан жалпы білім беретiн мектептердiң, кәсiптiк бастауыш және кәсiптiк орта білім беру ұйымдарының кәсiптiк орта немесе кәсiптiк жоғары педагогтiк білімi бар және мамандығы бойынша жұмыс iстеп жүрген мұғалiмдерiне (оқытушыларына), барлық жұмыс iстеген кезеңiне;
б) Қазақстан Республикасы Парламентiнiң немесе жергiлiктi өкiлдi органдардың депутаттарына депутаттық өкiлеттiгi мерзiмiне;
в) ол жөнiнде анықтау алдын-ала тергеу жүргiзiлiп жатқан немесе қылмыстық iсi сотта қаралып жатқан адамдарға, тергеу аяқталғанға немесе сот шешiмi жарияланғанға дейiн;
г) күндiзгi жоғары және орта дiни оқу орындарында оқып жүрген, сондай-ақ тiркелген дiни конфессиялардың бiрiнде дiни атағы немесе штаттық қызметi бар шақырушыларға оқу немесе дiни қызметi мерзiмiне;
д) басқа санаттағы шақырушыларға Қазақстан Республикасы Үкіметінiң шешiмiмен, ал жекелеген шақырылушыларға дербес түрде Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрiнiң шешiмi бойынша берiледi.
6. Шақырылушылардың шақыруды кейiнге қалдырудан бас тартуға құқығы бар және егер олар жеке өтiнiшi мен мүдделi адамдармен халықты әлеуметтiк қорғау орындарына нотариалды куәландырған тиiстi құжаттарды ұсынса, мерзiмдi әскери қызметке шақырылуы мүмкiн.
ҚР Президентінің 14.11.95 ж. № 2635 заң күші бар Жарлығымен 16-бап жаңа редакцияда
ҚР 29.01.02 ж. № 287-II Заңымен 16-бап өзгертілді
16-бап. Мерзiмдi әскери қызметке шақырудан босату
1. Бейбiт кезеңде мерзiмдi әскери қызметке шақырудан:
а) денсаулық жағдайына қарай әскери қызметке жарамсыз деп танылған;
б) 27 жасқа жеткен кезде мерзiмдi әскери қызметке заңды негiздерде шақырылмаған;
в) әскери қызметiн өткерiп жүрген кезiнде қызметтiк мiндеттерiн орындау үстiнде жақын туыстарының бiрi (әкесi, анасы, аға-iнiсi немесе апа-қарындасы) қаза тапқан, қайтыс болған немесе бiрiншi және екiншi топтағы мүгедек болып қалған азаматтар босатылады.
Шақырудан босатылуға құқығы бар шақырылушылар өз тiлектерiне орай мүдделi адамдардан нотариалды куәландырылған тиiстi құжаттар мен жеке өтiнiшiн ұсынған ретте мерзiмдi әскери қызметке шақырылуы мүмкiн.
2. Ауырлығы орташа, ауыр және аса ауыр қылмыс жасағаны үшiн өтелмеген және заңмен белгiленген тәртiпте алып тасталмаған соттылығы бар, сондай-ақ екi және одан да көп соттылығы бар шақырылушылар бейбiт кезде мерзiмдi әскери қызметке шақыруға жатпайды.
3. Кейiнге қалдыруды пайдалану негiздерiн түгескен шақырылушылар, сондай-ақ осы Заңның 15 және 16-баптарында көзделген кейiнге қалдыру құқығы немесе шақырудан босату үшiн негiздерi жоқ және мерзiмдi әскери қызметке белгiленген мерзiмде шақырылмаған адамдар кезектi шақыру жүргiзiлген кезде шақырылады.
ҚР Президентінің 14.11.95 ж. № 2635 заң күші бар Жарлығымен 17-бап өзгертiлді
17-бап. Запастағы офицерлердi әскери қызметке шақыру
Әскери қызметке жарамды 29 жасқа дейiнгi запастағы офицерлер бейбiт кезеңде Қазақстан Республикасы Үкіметі қаулысының негiзiнде офицерлiк құрам лауазымдарында әскери қызмет өткеру үшiн белгiленген тәртiппен шақырылады.
Жекелеген жағдайларда жоғары даярлығы және мол жұмыс тәжiрибесi бар запастағы офицерлер Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерiне, басқа әскерлерi мен әскери құрамаларына 29 жастан асса да шақырылуы мүмкiн.
Әскери-есеп мамандықтары бойынша әскери қызметке шақырылуға жататын запастағы офицерлердiң санын Қазақстан Республикасының Үкіметі белгiлейдi.
ҚР 20.03.01 ж. № 166-I Заңымен 18-бап алып тасталды
IV Бөлiм. Әскери қызметтен өту
ҚР 20.03.01 ж. № 166-I; 29.01.02 ж. № 287-II Заңымен 19-бап өзгертілді
19-бап. Әскери қызмет мерзiмi
Әскери қызмет мерзiмi күнтiзбелiк есеппен былай белгiленедi:
а/ мерзiмдi қызметтегi әскери қызметшiлер үшiн:
- жоғары білімi барларға - 1 жыл;
- жоғары білімi жоқтарға - 2 жыл;
- Қазақстан Республикасы Ұлттық қауiпсiздiк комитетiнiң Шекара қызметi теңiз бөлiмдерiнiң корабльдерi мен кемелерiнiң матростары мен старшиналарына - 2 жыл 6 ай;
- Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі әскери-техникалық мектептерiнiң түлектерiне - 1 жыл 6 ай.
б/ шақыру бойынша әскери қызмет атқарып жүрген офицерлер үшiн - 3 жыл;
20-бап. Әскери қызметте болу жасының шегi
1. Әскери қызметте болу жасының шегi былай белгiленедi:
а/ мерзiмдi қызметтегi әскери қызметшiлер үшiн - 29 жас;
б/ қатардағы жауынгер, сержант және старшина құрамының лауазымында шарт бойынша әскери қызметтен өтiп жүрген әскери қызметшiлер үшiн - 45 жас;
в/ прапорщиктер, мичмандар мен кiшi офицерлер үшiн - 45 жас;
г/ майор және подполковник әскери атағы бар аға офицерлер үшiн - 45 жас, полковник - 50 жас;
д/ генерал-лейтенантты қоса алғандағы әскери атағы бар жоғары офицерлер үшiн - 55 жас, генерал-полковник - 60 жас.
2. Ғылым кандидаты /доцент/ офицерлерге, сондай-ақ жоғары кәсiби даярлығы, атқарып отырған қызметiнде практикалық жұмыс тәжiрибесi бар және денсаулығы жөнiнен әскери қызметтен өтуге жарамды басқа әскери қызметшiлерге Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрi және басқа әскерлер мен әскери құрамалардың бiрiншi басшылары қызмет мерзiмiн 5 жылға дейiн, ал ғылым докторларына /профессорларға/ - 10 жылға дейiн ұзарта алады.
3. Әскери қызметте болу жасының шегiне жеткен әскери қызметшiлер әскери қызмет өткеру туралы Ережелермен белгiленген тәртiппен запасқа шығаруға жатады.
ҚР 20.03.01 ж. № 166-I Заңымен 21-бап алып тасталды
ҚР 19.06.97 ж. № 134-I; 20.03.01 ж. № 166-I; 29.01.02 ж. № 287-II Заңдарымен 22-бап өзгертілді
22-бап. Әскери қызметтен босату
1. Әскери қызметтен босату былай жүргiзiледi:
- мерзiмдi қызметтегi әскери қызметшiлердi - белгiленген мерзiмдi атқарып бiткен соң;
- запастан әскери қызметке 3 жыл мерзiмге шақырылған офицерлердi - белгiленген мерзiмдi атқарып бiткен соң.
2. Мерзiмдi қызметтегi әскери қызметшiлер мына реттерде қызметтен мерзiмiнен бұрын босатылады:
- денсаулық жағдайына қарай - әскери-дәрiгерлiк комиссияның қорытындысы /қаулысы/ негiзiнде;
- отбасы жағдайына қарай - отбасы жағдайының өзгеруi салдарынан әскери комиссариаттардың отбасы жағдайын тексеру негiзiнде шақыруды кейiнге қалдыру құқығы пайда болған ретте;
- бас бостандығынан айыруға сотталуына байланысты.
- отбасы құрамында шет елге тұрақты тұру үшiн кетуiне байланысты немесе Қазақстан Республикасынан тысқары жерлерде тұрақты тұратын отбасымен қайта қосылу үшiн Қазақстан Республикасының қолданылып жүрген заңдарына сәйкес кетуiне құқық беретiн растайтын құжаттары болғанда;
- рақымшылық актiсi негiзiнде.
3. Белгiленген әскери қызмет мерзiмiн өткерген мерзiмдi қызметтiң әскери қызметшiлерi төтенше жағдай енгiзiлген ретте Қазақстан Республикасы Президентінің шешiмi бойынша әскери қызметте екi айға дейiнгi мерзiмге кiдiртiлуi мүмкiн.
4. алып тасталды
5. Осы бапта аталған әскери қызметшiлердi әскери қызметтен босатуды Қазақстан Республикасының қолданылып жүрген заңдарында белгiленген құқықтарына сәйкес лауазымды адамдар жүргiзедi.
V Бөлiм. Запастағы қызмет
ҚР Президентінің 14.11.95 ж. № 2635 заң күші бар Жарлығымен 23-бап өзгертiлді
23-бап. Запасқа шығару. Запас категориясы
1. Әскери қызметтен босатылған (отставкаға шығуына немесе қылмыс жасағаны үшiн соттың соттауына байланысты босатылғандардан басқалары), мерзiмдi әскери қызметке шақырудан босатылған (денсаулық жағдайына қарай әскери есептен шығарылғандардан басқалары), сондай-ақ бейбiт кезде мерзiмдi әскери қызметке шақыруға жатпайтын (16-бап) азаматтар запасқа шығарылады.
2. Запастағы қызметке жиындарды өткеру және әскери қызметке шақыру тәртібі мен ережелерiн орындау жатады.
24-бап. Запаста болу жасының шегi. Запас топтары
1. Әскери мiндеттiлердiң жасына қарай запаста болуы үш топқа бөлiнедi. Топтар запаста болу негiзiнде белгiленедi.
2. Қатардағы жауынгерлер, сержант және старшина құрамындағылар, прапорщиктер мен мичмандар мынадай жас шегiне дейiн запаста болады:
- бiрiншi топ - 35 жасқа дейiн;
- екiншi топ - 45 жасқа дейiн;
- үшiншi топ - 50 жасқа дейiн;
3. Офицерлер мынадай жас шегiне дейiн запаста болады:
а/ бiрiншi топтағы запаста:
- кiшi офицерлер - 45 жасқа дейiн;
- аға офицерлер - 50 жасқа дейiн;
- жоғары офицерлер - 55 жасқа дейiн.
б/ екiншi топтағы запаста:
- кiшi офицерлер - 50 жасқа дейiн;
- аға офицерлер - 55 жасқа дейiн;
- жоғары офицерлер - 60 жасқа дейiн.
в/ үшiншi топтағы запаста:
- кiшi офицерлер - 55 жасқа дейiн;
- аға офицерлер - 60 жасқа дейiн;
- жоғары офицерлер - 65 жасқа дейiн.
4. Әскери қызметшi-әйелдер оларға берiлген әскери атақтарға қарамастан үшiншi топтағы запасқа есептеледi. Олардың запаста болу жасының шегi былай белгiленедi: офицерлер құрамындағылар үшiн - 50 жас, қатардағы жауынгер, сержант және старшина құрамындағылар, прапорщиктер мен мичмандар үшiн - 45 жас.
ҚР Президентінің 14.11.95 ж. № 2635 заң күші бар Жарлығымен 25-бап жаңа редакцияда
ҚР 29.01.02 ж. № 287-II Заңымен 25-бап өзгертілді
25-бап. Жиындардан өту
1. Әскери мiндеттiлер запаста болған кезде жаттығу, тексеру және арнаулы жиындарға шақырылады.
2. Әскери комиссариаттар офицерлер құрамының әскери атақтары жоқ әскери мiндеттiлердi:
- бiрiншi топты - әр жолы екi айға дейiнгi мерзiмге бес ретке дейiн;
- екiншi топты - әр жолы екi айға дейiнгi мерзiмге үш ретке дейiн;
- үшiншi топты - бiр айға дейiнгi мерзiмге бiр рет әскери жиындарға шақырады.
Запастағы офицерлер құрамының адамдары запаста болған кезде жаттығу жиындарына:
- бiрiншi топ - жыл сайын екi айға дейiнгi мерзiмге әскери-есеп мамандықтарының жетiспеушiлiгi ескерiле отырып;
- екiншi топ - әр жолы екi айға дейiнгi мерзiмге екi рет;
- үшiншi топ - бiр ай мерзiмге бiр рет шақырылуы мүмкiн.
3. Әскери мiндеттiлердiң жаттығу жиындарын өткізу мерзiмi мен уақытын осы Заңға сәйкес Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрi белгiлейдi.
4. Әскери мiндеттер жаттығу жиындары аралығындағы кезеңде Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрiнiң жоспары бойынша 10 күнге дейiнгi мерзiмге өндiрiстен қол үздiре тексеру жиындары мен командирлiк даярлыққа тартылуы мүмкiн.
5. Запаста болған уақыт iшiнде жиындардың жалпы мерзiмi қатардағы жауынгер, сержант және старшина құрамындағылар, прапорщиктер мен мичмандар үшiн 18 айдан, офицерлер үшiн 24 айдан аспауы керек. Бұл орайда жаттығу жиындарында болудың жалпы мерзiмiне тексеру жиындарында болған кез де есептеледi.
6. Әскери мiндеттiлер төтенше жағдай енгiзiлген ретте Қазақстан Республикасы Президентінің шешiмi бойынша мiндеттердi шешу 4 айға дейiнгi мерзiмге арнаулы жиындарға шақырылуы мүмкiн.
7. Әскери мiндеттiлердiң жиындарда болған кезеңiне ұйымдардағы жұмыс орны, атқаратын қызметi және орташа жалақысы сақталады. Жеке меншiкке негiзделген ұйымдардың осы әскери мiндеттiлерге орташа жалақы төлеу жөніндегі шығыстары осы аталған мамандар өздерiне арнап даярланатын мемлекеттік органдардың қаражаты есебiнен өтеледi. Дәлелдi себептерсiз бөлiмнен (жиын орнынан) тыс жерде болған уақыт жиында болған мерзiмге есептелмейдi және ақы төленуге жатпайды.
ҚР Президентінің 14.11.95 ж. № 2635 заң күші бар Жарлығымен
ҚР 11.06.01 ж. № 207-II; 16.07.01 ж. № 244-II; 29.01.02 ж. № 287-II Заңдарымен 26-бап өзгертiлді
26-бап. Жиындардан өтуден босату
Жаттығу жиындарынан өтуден мыналар босатылады:
а) шаруашылық жүргiзушi субъект үшiн бронь алған әскери мiндеттiлер;
б) Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі, Iшкi iстер министрлігі, Әділет министрлігі Қылмыстық-атқару жүйесінің комитеті, Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар жөніндегі агенттiгi, Ұлттық қауіпсiздiк комитетi, Iшкi iстер министрлігінiң iшкi әскерлерi мен Республикалық ұланы, Президенттiң Күзет қызметi органдарында, сондай-ақ басқа да мемлекеттік органдарда Қазақстан Республикасының қорғанысы мен қауiпсiздiгiн қамтамасыз етуге байланысты лауазымдарда жұмыс iстеп жүрген адамдар.
в) азаматтық авиация жүйесi тасымалды тiкелей қамтамасыз ететiн және ұшақтар мен аэродром техникасы, сондай-ақ жаттығу авиация клубтарына қызмет көрсетумен әрi жөндеумен айналысатын ұшқыш және техник құрамы, жұмысшылары мен қызметшiлерi;
г) жүзу маусымы кезiнде теңiз және өзен флоты мен балық өнеркәсiбi флоты кемелерiнiң жүзушi құрамы;
д) ауыл шаруашылығында жұмыс iстейтiн, сондай-ақ ауыл шаруашылық техникасын жөндеу жөніндегі кәсiпорындарда айналысатын адамдар - егiн егу және жинау кезеңдерiнде; мал шаруашылығында жұмыс iстейтiн шопандар мен олардың көмекшiлерi;
е) білім беру ұйымдарының педагогтары - оқу жылы кезеңiнде;
ж) күндiзгi оқыту нысаны бойынша оқытатын барлық білім беру ұйымдарында білім алушылар;
з) аспиранттар мен докторанттар - аспирантура мен докторантурадағы оқу кезеңiнде;
и) әскери мiндеттi - әйелдер;
к) әскери мiндеттiлер запасқа шыққаннан кейiн екi жыл бойы;
л) 18 жасқа дейiнгi үш және одан да көп баласы бар әскери мiндеттiлер;
м) өздерi жөнiнде анықтау, алдын ала тергеу жүрiп немесе қылмыстық iсi сотта қаралып жатқан адамдар;
н) әскери мiндеттiлер депутаттық қызметiне байланысты.
Жекелеген реттерде, дәлелдi себептер болып, әскери мiндеттiлер негiздi құжаттар табыс еткен жағдайда, олар әскери есепте тұрған аудандық (қалалық) әскери комиссар жаттығу жиындарынан өтуден босату туралы шешiм қабылдайды.
Осы баптың "а", "л" тармақтарында көрсетiлген әскери мiндеттiлер арнаулы жиындардан өтуден босатылмайды.
VI бөлiм. Әскери міндеттілер мен шақырылушылардың
әскери есебі
ҚР Президентінің 14.11.95 ж. № 2635 заң күші бар Жарлығымен 27-бап өзгертiлді
27-бап. Әскери есептiң жалпы ережелерi
Барлық әскери мiндеттiлер мен шақырылушылар әскери есепке тұруға жатады.
Әскери мiндеттiлер мен шақырылушылардың әскери есебi мемлекеттегi әскери қызметке жарамды шақыру ресурстарын есепке алу мен талдаудың жалпымемлекеттік жүйесi болып табылады. Әскери есеп жүйесiнiң жұмысын Қазақстан Республикасының Үкіметі, Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі, Қазақстан Республикасының iшкi iстер министрлігі, жергiлiктi өкiлдi және атқарушы органдар қамтамасыз етедi.
Әскери мiндеттiлер мен шақырылушыларды әскери есепке алуды жергiлiктi атқарушы органдар мен ұйымдар әскери мiндеттiлер мен шақырылушыларды әскери есепке алу туралы ережеде белгiленген тәртiппен олардың тұрғылықты жерi бойынша жүргiзедi. Әскери есепке алуды қамтамасыз ету жөніндегі шығыстар осы органдар мен ұйымдардың қаражаты есебiнен өтеледi.
ҚР Президентінің 14.11.95 ж. № 2635 заң күші бар Жарлығымен 28-бап өзгертiлдi
ҚР 29.01.02 ж. № 287-II; 21.03.02 ж. № 308-II Заңымен 28-бап өзгертiлдi
28-бап. Мемлекеттік органдардың, меншiк нысанына қарамастан
ұйымдардың лауазымды адамдар мен әскери мiндеттiлердiң
әскери есеп ережелерiн орындау жөніндегі мiндеттерi
1. Әскери комиссариаттары жоқ жерлердiң жергiлiктi өкiлдi және атқарушы органдар, меншiк түрiне қарамастан білім беру ұйымдары мен өзге де ұйымдардың басшылары әскери комиссариаттардың талап етуiмен әскери мiндеттiлер мен шақырылушыларға олардың әскери комиссариаттарға шақырылғандығын хабарлауға және осы шақыру бойынша дер кезiнде жетуiн қамтамасыз етуге мiндеттi.
2. Жергiлiктi өкiлдi және атқарушы органдар, iшкi iстер органдары өз құзыры шегiнде: