"Жалпыға бірдей әскери міндеттілік және әскери
қызмет туралы" Қазақстан Республикасының Заңына
өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы 2001 жылғы
20 наурыздағы № 166-II Қазақстан Республикасының Заңы
1-бап. "Жалпыға бірдей әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы" 1993 жылғы 19 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы, 1993 ж., № 2, 28-құжат; 1995 ж., № 8, 56-құжат; № 22, 135-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1997 ж., № 12, 184-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
1. 2-баптың 1-тармағында:
1) екінші бөлікте:
үшінші абзацтағы "солдаттар мен матростар, сержанттар мен старшиналар лауазымында" деген сөздер алып тасталсын;
төртінші және бесінші абзацтар алып тасталсын;
2) мынадай мазмұндағы үшінші бөлікпен толықтырылсын:
"Келісім-шарт бойынша әскери қызметтің ерекшеліктері "Келісім-шарт бойынша әскери қызмет туралы" Қазақстан Республикасының Заңымен реттеледі.".
2. 18-бап алып тасталсын.
3. 19-баптың бірінші бөлігінің в) тармақшасы және екінші бөлігі алып тасталсын.
4. 21-бап алып тасталсын.
5. 22-бапта:
1-тармақтың үшінші абзацы алып тасталсын;
4-тармақ алып тасталсын.
2-бап. Осы Заң ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Президенті | | | | | | | | | | Н.Ә. Назарбаев |