17-бап. Байланыс саласындағы қызметті лицензиялау
Байланыс саласындағы қызметті лицензиялауды уәкілетті орган Қазақстан Республикасының рұқсаттар және хабарламалар туралы заңнамасына сәйкес жүзеге асырады.
2013.21.06. № 107-V ҚР Заңымен 17-1-баппен толықтырылды
17-1-бап. Радиоэлектрондық құралдар мен жоғары жиілікті құрылғыларды әкелу тәртібі
2014.16.05. № 203-V ҚР Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2017.26.12. № 124-VІ ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (2018 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1. Осы баптың 2-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, шектеулі, оның ішінде басқа тауарлардың құрамына кіріктірілген не кіретін радиоэлектрондық құралдар мен жоғары жиілікті құрылғыларды Еуразиялық экономикалық одаққа кірмейтін елдерден Қазақстан Республикасының аумағына әкелу Қазақстан Республикасының Үкіметі уәкілеттік берген орган Қазақстан Республикасы ратификациялаған тауарлардың сыртқы саудасын лицензиялау саласындағы халықаралық шарттар мен «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес беретін лицензия негізінде жүзеге асырылады.
2. Егер, импорттан өзгеше жағдайларда, алты айдан аспайтын мерзімге әкелінетін азаматтық мақсаттағы, оның ішінде басқа тауарлардың құрамына кіріктірілген не кіретін радиоэлектрондық құралдар мен жоғары жиілікті құрылғылар:
1) шетелдік ресми делегациялардың Қазақстан Республикасының аумағында болуын қамтамасыз етуге;
2) Қазақстан Республикасының аумағында өткізілетін спорттық жарыстар мен өзге де мәдени-бұқаралық іс-шаралар өткізуге;
3) Қазақстан Республикасының аумағында өткізілетін көрмелерде көрсетуге;
4) Қазақстан Республикасының аумағында ғылыми-зерттеу және эксперименттік жұмыстарды жүргізуге;
5) сәйкестікті растау (сертификаттау немесе сәйкестікті декларациялау) мақсаттарында сынақтар жүргізуге арналған болса, олар уәкілетті органның қорытындысы негізінде Қазақстан Республикасының аумағына әкелінеді.
2011.15.07. № 461-IV ҚР Заңымен 18-бап өзгертілді (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
18-бап. Байланыс саласындағы ұлттық ресурстарды конкурстық негiзде бөлу
2018.24.05. № 156-VI ҚР Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2021.15.11. № 72-VII ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (2022 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2024.21.05. № 86-VIII ҚР Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (2024 ж. 22 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1. Егер байланыс қызметі радиожиілік спектрі көлемінің жеткіліксіз болуына байланысты радиожилік органдары белгілі бір аумақта жұмыс істейтін байланыс операторларының ықтимал саны бойынша шектеу қойған диапазондағы радиожиіліктер пайдаланыла отырып көрсетілетін болса, радиожиілік ресурсын пайдалану құқығы жиілік белдеулері, радиожиіліктер (радиожиілік арналары) конкурс (немесе аукцион) негізінде бөліп берілгеннен кейін беріледі. Бұл ретте байланыс операторына радиожиілік спектрін пайдалануға арналған рұқсатта көрсетілетін аумақтарды не елді мекендерді байланыс қызметтерімен қамтамасыз ету жөніндегі міндеттемелер жүктеледі.
2017.28.12. 128-VI ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2021.15.11. № 72-VII ҚР Заңымен (2022 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 2-тармақ өзгертілді; 2024.21.05. № 86-VIII ҚР Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (2024 ж. 22 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2. Конкурс (немесе аукцион) өткізу туралы шешімді уәкілетті орган осы баптың 1-тармағына сәйкес қабылдайды.
Конкурс (немесе аукцион) осындай шешім қабылданғаннан кейін алты айдан кешіктірілмейтін мерзімде өткізіледі.
2021.15.11. № 72-VII ҚР Заңымен 3-тармақ өзгертілді (2022 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
3. Радиожиiлiктердi пайдалану құқығын конкурстың (немесе аукционның) қорытындысы бойынша алған кезде жеңiмпаз мемлекеттік бюджетке Қазақстан Республикасының салық заңдарында белгiленген тәртiппен және мөлшерде бiржолғы төлемақы енгiзедi.
2018.24.05. № 156-VI ҚР Заңымен 4-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2021.15.11. № 72-VII ҚР Заңымен 4-тармақ өзгертілді (2022 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
4. Конкурстарға (немесе аукциондарға) қатысуға Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген талаптарға, жиіліктер белдеулерін, радиожиіліктерді (радиожиілік арналарын) иелікке беру, радиоэлектрондық құралдар мен жоғары жиілікті құрылғыларды пайдалану, сондай-ақ азаматтық мақсаттағы радиоэлектрондық құралдардың электрмагниттік үйлесімдігін есептеуді жүргізу қағидаларына сай келетiн заңды тұлғалар жiберiледi.
19-бап. 2012.18.01. № 546-ІV ҚР Заңымен алып тасталды (ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк отыз күн өткен соң қолданысқа енгiзiлдi) (бұр.ред.қара)
2008.21.11 № 89-ІV ҚР Заңымен 20-бап жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)
20-бап. Байланыс қызметтеріне арналған тарифтер
1. Егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, байланыс операторлары байланыс қызметтеріне арналған тарифтерді негізделген шығындарды негізге ала отырып дербес белгілейді.
2016.09.04. № 499-V ҚР Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2024.21.05. № 86-VIII ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (2024 ж. 22 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2. Уәкілетті орган:
2017.28.12. 128-VI ҚР Заңымен 1) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
1) байланыс саласындағы табиғи монополия аясындағы көрсетілетін қызметтерге тарифтерді, сондай-ақ байланыс саласындағы мемлекеттік монополия субъектісі өндіретін және өткізетін көрсетілетін қызметтерге бағаларды;
2) ауылдық елді мекендерде көрсетілетін, субсидияланатын байланыстың әмбебап көрсетілетін қызметтеріне бағалардың шекті деңгейін;
2024.21.05. № 86-VIII ҚР Заңымен 3) тармақшамен толықтырылды (2024 ж. 22 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді)
3) байланыс құралдарын, сондай-ақ талшықты-оптикалық байланыс желілерін тарту үшін электр берудің әуе желілерінің тіреуіштерін орналастыру үшін орындарды мүліктік жалдауға (жалға беруге) арналған шекті тарифтерді реттейді.
Осы тармақта аталған көрсетілетін қызметтерге бағалар мен тарифтерді реттеу тәртібін уәкілетті орган айқындайды.
3. 2016.28.12. № 34-VI ҚР Заңымен алып тасталды (2017 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
2014.17.04. № 195-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2018.24.05. № 156-VI ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 4-тармақ жаңа редакцияда; 2018.26.12. № 202-VІ ҚР Заңымен 4-тармақ өзгертілді (2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
4. Байланыс қызметтерін көрсету қағидаларында айқындалған тәртіппен байланыс операторлары байланыс қызметтерін әрбір пайдаланушыға Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тізбеге сәйкес шұғыл шақыру жүйесінің операторымен, шұғыл медициналық, құқық қорғау, өрт сөндіру, авариялық және басқа да қызметтермен тегін жалғанымдарды тәулік бойы ұсынуды қамтамасыз етеді.
3-тарау. Байланыс желілері
21-бап. Қазақстан Республикасының бірыңғай телекоммуникация желісі
1. Қазақстан Республикасының бiрыңғай телекоммуникация желісі Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан және мынадай санаттардағы телекоммуникация желілерінен:
1) ортақ пайдаланылатын телекоммуникация желiлерiнен;
2) телекоммуникацияның ведомстволық желiлерiнен;
3) телекоммуникацияның, бөлектелген желiлерiнен;
4) арнаулы мақсаттағы телекоммуникация желiлерiнен;
5) корпорациялық және ақпаратты электромагниттiк сигналдар арқылы беретін басқа да желiлерден тұратын телекоммуникация желісі болып табылады.
2008.21.11 № 89-ІV ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 2011.05.07. № 452-IV ҚР Заңымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін үш ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара) 2-тармақ өзгертілді; 2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2017.28.12. 128-VI ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 2-тармақ жаңа редакцияда
2. Президенттік байланыс желілерін қоспағанда, Қазақстан Республикасының бірыңғай телекоммуникация желiсiн құрайтын желiлер үшiн ұлттық қауіпсіздік органдары мыналарды:
халықаралық түйісу нүктелерін ұйымдастыруды, тіркеуді және пайдалануды;
ұйымдастырушылық-техникалық iс-шаралар кешенiн, басқарушылық параметрлерін қалыптастыруды;
қолданылатын байланыс құралдарына және оларды басқаруға қойылатын талаптарды, байланыс желілерінде ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз етуді, байланыс желілерін іске қосуды және олардың орындалуын бақылауды;
қалааралық және халықаралық байланыс операторларының Қазақстан Республикасының телекоммуникация желілерін орталықтандырылған басқару жүйесінің жұмыс істеуін қамтамасыз ету үшін қажетті байланыс жолдары мен арналарын беруін қамтитын Қазақстан Республикасының телекоммуникация желiлерiн орталықтандырылған басқару жүйесінің жұмыс істеу тәртiбiн айқындайды.
2011.05.07. № 452-IV ҚР Заңымен (ресми жарияланғанынан кейін үш ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара); 2012.10.07. № 31-V ҚР Заңымен (бұр. ред. қара) 3-тармақ өзгертілді; 2015.24.11. № 419-V ҚР Заңымен 3-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2016.28.12. № 36-VI ҚР Заңымен 3-тармақ өзгертілді (ресми жарияланған күнінен кейін екі ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2017.28.12. 128-VI ҚР Заңымен 3-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2022.14.07. № 141-VІІ ҚР Заңымен (2022 ж. 14 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2023.23.12. № 51-VIII ҚР Заңымен (2024 ж. 24 ақаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2024.21.05. № 86-VIII ҚР Заңымен (2024 ж. 22 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 3-тармақ өзгертілді
3. Барлық санаттағы желілердің байланыс операторларының Қазақстан Республикасының аумағында байланыс желісін басқару орталығының болуы міндетті.
Функционалдық міндеттеріне жедел-іздестіру және қарсы барлау іс-шараларын жүргізу құралдарымен жұмыс істеу және оларға қызмет көрсету, сондай-ақ қызметтік ақпаратты жинау мен сақтауды қамтамасыз ететін жүйелерге қызмет көрсету кіретін байланыс операторларының жұмыскерлері Қазақстан Республикасының азаматтары болуға тиіс. Байланыс операторларының өз байланыс желілерін қандай да бір басқару түрінде өзге адамдарға беруіне тыйым салынады.
Телекоммуникация желiлерiн құру кезiнде байланыс операторлары байланыс желiлерінің телекоммуникациялық жабдығының жедел-iздестiру және қарсы барлау iс-шараларын жүргiзуді қамтамасыз ету жөнiндегi талаптарды белгiлейтiн ұлттық стандарттарға технологиялық тұрғыдан сәйкес келуін қамтамасыз етедi.
2016.09.04. № 499-V ҚР Заңымен 4-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
4. Ортақ пайдаланылатын телекоммуникация желiлерi Қазақстан Республикасының аумағындағы барлық пайдаланушыларға телекоммуникация қызметтерiн көрсетуге арналған телекоммуникацияның өзара байланысты желiлерiнің кешенi болып табылады.
Ортақ пайдаланылатын телекоммуникация желісі:
1) қызмет көрсетiлетiн аумақ пен нөмiрлеу ресурсы аясында географиялық тұрғыда (телекоммуникацияның жергiлiкті желiлерi);
2017.28.12. 128-VI ҚР Заңымен 2) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
2) Қазақстан Республикасының шегiнде белгiлi бiр географиялық аумақпен және нөмiрлеу ресурсымен байланыспаған, географиялық емес тұрғыда айқындалатын телекоммуникация желiлерi болып бөлiнедi.
3) 2017.28.12. 128-VI ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
Ортақ пайдаланылатын телекоммуникация желiлерi шет мемлекеттердің ортақ пайдаланылатын телекоммуникация желiлерiмен әрекеттестік жасайды.
2015.24.11. № 419-V ҚР Заңымен 5-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
5. Телекоммуникацияның ведомстволық желiлерi мемлекеттік органдар мен жергiлiкті өзiн-өзi басқару органдарының басқарушылық және ұйымдастырушылық мақсаттарын өз өкілеттіліктеріне сәйкес iске асыруын қамтамасыз етуге, сондай-ақ мемлекеттік кәсiпорындар мен мекемелердiң өндiрiстік және басқарушылық мақсаттарды қамтамасыз етуiн iске асыруға арналған.
Ведомстволық телекоммуникациялар желiлері бір-бірімен мемлекеттік органдардың бірыңғай көліктік ортасы арқылы, оның ішінде Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен пайдаланылатын мемлекеттік шифрлау құралдарын және ақпаратты қорғаудың басқа да құралдарын пайдалана отырып өзара іс-қимыл жасайды.
2008.21.11 № 89-ІV ҚР Заңымен 6-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)
6. Телекоммуникацияның бөлектелген желiлерi телекоммуникация желiлерiнің дербес санаты болып табылады және пайдаланушылардың шектеулi тобына телекоммуникация (электрлi байланыс) қызметтерiн көрсетуге арналған және:
1) әрекеттесе алады, бiрақ Қазақстан Республикасының ортақ пайдаланылатын телекоммуникация желiлерiне немесе ортақ пайдаланылатын телекоммуникация желiлерiне қосылған кез келген басқа желiлерге, сондай-ақ шет мемлекеттердiң ортақ пайдаланылатын телекоммуникация (электрлi байланыс) желiлерiне қосылмайды;
2) егер ортақ пайдаланылатын телекоммуникация желiлерінің жұмыс iстеуiн регламенттейтiн талаптарға сәйкес келсе, оларды ортақ пайдаланылатын телекоммуникация желiсінің санатына ауыстыра отырып, ортақ танылатын телекоммуникация желiлерiне қосуға болады. Бұл ретте осы бөлектелген желiге бұрын берiлген географиялық емес код алып тасталады;
3) осы телекоммуникация желілері операторларының байланыс қызметін көрсетуі лицензияның негізінде жүзеге асырылады.
Бөлектелген желілерді ұйымдастыру үшін қолданылатын байланыс технологиялары мен құралдарын, сондай-ақ құру принциптері мен нөмірлеу жүйесін осы желілердің иелері белгілейді. Желілердің осы санатына ұлттық ресурстан нөмірлер (географиялық емес код) бөлінбейді.
2012.23.04. № 14-V ҚР Заңымен 7-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2015.24.11. № 419-V ҚР Заңымен 7-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара); 2017.28.12. 128-VI ҚР Заңымен 7-тармақ жаңа редакцияда (күшіне енетін мерзімін қара) (бұр.ред.қара); 2024.21.05. № 86-VIII ҚР Заңымен 7-тармақ өзгертілді (2024 ж. 22 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
7. Арнаулы мақсаттағы телекоммуникация желілері ортақ пайдаланылатын телекоммуникация желілерін негіз ретінде пайдалана алатын Қазақстан Республикасының уәкілетті мемлекеттік органдарының, Мемлекеттік күзет қызметінің, әскери басқару, ұлттық қауіпсіздік және ішкі істер органдарының қажеттіліктерін қамтамасыз етуге арналған.
Егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, арнаулы мақсаттағы телекоммуникация желілері байланыс қызметтерін өтеулі түрде көрсету үшін пайдаланылмайды.
Арнаулы мақсаттағы телекоммуникация желілерін құру, басқару, пайдалану, нөмірлеуді бөлу, жұмыс істеуін, ақпараттық қауіпсіздігін, трафик өткізуді, өзара іс-қимыл жасау және пайдалануға қабылдау (пайдаланудан шығару) шарттарын ұйымдастырушылық-техникалық қамтамасыз ету тәртібін осы желілер қажеттілігін қамтамасыз етуге арналған Қазақстан Республикасының уәкілетті мемлекеттік органдарының, Мемлекеттік күзет қызметінің, әскери басқару, ұлттық қауіпсіздік және ішкі істер органдарының басшылары айқындайды.
8. Телекомммукацияның корпорациялық желiлерi заңды тұлғалардың басқару және ішкі өндiрiстiк мақсаттарын iске асыруды қамтамасыз етуге арналған.
Телекоммуникацияның корпорациялық желiлерi:
1) егер олар тиiстi нөмiрлеу ресурсын бөлектей отырып, желінің түрлі әкімшілік аумақтар бойынша бөлiнген учаскелерiн бiрiктiретiн болса, әкiмшілік аумақ шеңберiнде мекемелiк коммутациялық станция арқылы корпорациялық клиент ретiнде немесе Қазақстан Республикасының халықаралық коммутация орталығының транзиттік торабы деңгейiнде ортақ пайдаланылатын телекоммуникация желiлерiне қосылуы;
2) осы Заңның 17-бабына cәйкес кәсiпкерлiк қызметті жүзеге асыруға лицензия алған жағдайда байланыс қызметтерiн өтеулі көрсету үшiн (егер олардың қолданылу аймағында ортақ пайдаланылатын телекоммуникация желілерi операторларының желiлерi болмаса) пайдаланылуы мүмкін.
9. Телевизия және радио хабарларын тарату желiлерi бiрыңғай телекоммуникация желісінің құрамдас бөлiгi болып табылады және Қазақстан Республикасы мен шет мемлекеттердiң аумағына телевизия және радио бағдарламаларын тарату әрi трансляциялау үшiн пайдаланылатын, жердегi және жерсеріктік хабар тарату жүйелерiнiң бiртұтас өндiрiстік-технологиялық кешенiн құрайды. Жердегi жүйелерге мемлекеттік және коммерциялық бағдарламаларды трансляциялауға арналған радиорелелi және кәбiлдi байланыс желiлерi, қуаты әртүрлі радиотаратқыштар мен басқа да құралдар кiредi. Жерсеріктік жүйелерге халықаралық жерсерiктік ұйымдарға, жекелеген мемлекеттерге тиесiлі орбиталық байланыс жерсерiктерi мен жердегi таратушы және қабылдаушы станциялар кiредi.
10. 2012.18.01. № 546-ІV ҚР Заңымен алып тасталды (ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк отыз күн өткен соң қолданысқа енгiзiлдi) (бұр.ред.қара)
11. 2012.18.01. № 546-ІV ҚР Заңымен алып тасталды (ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк отыз күн өткен соң қолданысқа енгiзiлдi) (бұр.ред.қара)
22-бап. 2021.29.06. № 58-VІІ ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
22-1-бап. 2021.29.06. № 58-VІІ ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
22-2-бап. 2017.28.12. 128-VI ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
2017.28.12. 128-VI ҚР Заңымен 23-бап жаңа редакцияда (күшіне енетін мерзімін қара) (бұр.ред.қара)
23-бап. Қазақстан Республикасының уәкілетті мемлекеттік органдарының, әскери басқару, ұлттық қауіпсіздік және ішкі істер органдарының қажеттілігіне арналған байланыс желілері
1. Үкіметтік байланысты Қазақстан Республикасының Президенті айқындайтын тәртіппен Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздік органы қамтамасыз етеді.
Президенттік байланысты Қазақстан Республикасының Президенті айқындайтын тәртіппен Мемлекеттік күзет қызметі қамтамасыз етеді.
Байланыс операторлары үкіметтік және президенттік байланыстың техникалық мүмкіндіктері мен жарақтандырылуын ескере отырып, ортақ пайдаланылатын телекоммуникация желілерін жаңғыртуды және дамытуды ұлттық қауіпсіздік органымен және Мемлекеттік күзет қызметімен келісу бойынша жүргізеді.
Үкіметтік, президенттік байланыс жүйелері, шифрланған, құпияландырылған және кодталған байланыс Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалатын тәртіппен қамтамасыз етіледі.
2. Қазақстан Республикасының уәкілетті мемлекеттік органдарында, әскери басқару, ұлттық қауіпсіздік және ішкі істер органдарында шифрлау жұмысын ұйымдастыру тәртібін және үкіметтік байланысты қамтамасыз ету тәртібін Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті әзірлейді.
3. Қазақстан Республикасының уәкілетті мемлекеттік органдарында, әскери басқару, ұлттық қауіпсіздік және ішкі істер органдарында шифрлау жұмысын ұйымдастыру тәртібін Қазақстан Республикасының Президенті айқындайды.
4. Қазақстан Республикасының уәкілетті мемлекеттік органдарының, Мемлекеттік күзет қызметінің, әскери басқару, ұлттық қауіпсіздік және ішкі істер органдарының, сондай-ақ «электрондық үкіметтің» ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымы операторының қажеттілігі үшін байланыс жолдары мен арналарын, кабельдік кәріздегі арналарды және техникалық құралдарды орналастыру үшін қажетті алаңдарды беру Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тәртіппен, уәкілетті орган реттейтін бағалар (тарифтер) бойынша шарттық негізде жүзеге асырылады.
5. Арнаулы мақсаттағы телекоммуникация желілерінің жұмыс істеуін қамтамасыз ету үшін бірыңғай телекоммуникация желісінің ресурстарын дайындау және пайдалану тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайды.
2022.14.07. № 141-VІІ ҚР Заңымен 6-тармақ жаңа редакцияда (2022 ж. 14 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
6. Байланыс операторлары Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметінің, әскери басқару, ұлттық қауіпсіздік, ішкі істер органдарының, «электрондық үкіметтің» ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымы операторының мұқтаждары үшін байланыс арналары мен жолдарын басымдықпен беруді, сондай-ақ олардың сақталуын қамтамасыз етуге және бүлінген жағдайда байланыс арналарын ауыстыру немесе оларды қалпына келтіру жөнінде бірінші кезекті және кезек күттірмейтін шаралар қабылдауға міндетті.
2022.14.07. № 141-VІІ ҚР Заңымен 7-тармақ өзгертілді (2022 ж. 14 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
7. Байланыс операторлары, сот шешiмiмен болмаса, байланыс арналарын ажыратуға және (немесе) Қазақстан Республикасының Мемлекеттік күзет қызметіне, әскери басқару, ұлттық қауiпсiздiк және ішкі iстер органдарына, сондай-ақ «электрондық үкіметтің» ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымы операторына үкіметтік және президенттік байланыс қызметтерiн, байланыс қызметтерiн ұсынуды тоқтата тұруға құқылы емес.
8. Байланыс операторлары байланыстың жұмыс iстеп тұрған және жаңадан салынып жатқан құрылысжайлары мен тораптарында арнаулы мақсаттағы телекоммуникация, үкiметтiк және президенттік байланыс желілері мүддесінде пайдаланылатын, техникалық құралдарды орналастыру үшiн қажеттi алаңдарды, сондай-ақ жол-кабельдiк құрылыстардағы резервтiк сыйымдылықтар мен кепiлдендірілген электрмен қоректендiруді көздеуге мiндеттi.
9. Бейбiт уақытта жедел жағдай шиеленiскен, аса маңызды жұмыстар мен iс-шаралар жүргізілген кезде байланыс операторлары жедел-iздестiру және қарсы барлау қызметiн жүзеге асыратын немесе аса маңызды жұмыстар мен iс-шараларды жүргiзуге өкілеттіктері бар байланыс қызметтерiн пайдаланушыларға шарттарды ресiмдемей, уақытша жалдау шарттарымен, шығындарды кейiннен өтей отырып, қажет болған кезде ортақ пайдаланылатын телекоммуникациялар желiсi байланысының жұмыс арналарын пайдаланып, жекелеген өтiнiмдер бойынша қосымша арналар мен тiкелей байланыс жолдарын бөліп береді.
24-бап. Пошта байланысы
2015.24.11. № 419-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2016.09.04. № 499-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 1-тармақ өзгертілді
1. Пошта байланысы пошта жөнелтiмдерiн қабылдауды, сұрыптауды, тасымалдау мен жеткізудi, ақша аударуды қамтамасыз ететiн, сондай-ақ шарт негiзiнде мерзiмдi баспасөздi жөнелтудi, жеткiзiп беру мен таратуды, зейнетақылар мен жәрдемақыларды жеткiзіп берудi ұйымдастыратын байланыс инфрақұрылымының бiр бөлiгі болып табылады.
Пошта операторының пошта байланысының көрсетілетін қызметтерін ұсыну жөніндегі қызметі Қазақстан Республикасының пошта туралы заңнамасымен реттеледі.
2. Әскери жөнелтiмдердi сұрыптау мен қолға тапсыруды Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерiнің фельдъегерлік-пошта байланысы жүзеге асырады.
3 - 5. 2015.24.11. № 419-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
4-тарау. Телекоммуникация желілерінің әрекеттестігі
25-бап. Телекоммуникация желілерін қосу
1. Барлық байланыс операторларының өз желiлерiн ортақ пайдаланылатын телекоммуникация желiлерiне қосуға құқығы бар.
Телекоммуникацияның бiр желісін басқа желiге қосуды байланыс операторлары шарт негiзiнде жүзеге асырады.
2008.21.11 № 89-ІV ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара); 2011.05.07. № 452-IV ҚР Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (ресми жарияланғанынан кейін үш ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара); 2015.24.11. № 419-V ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара); 2022.14.07. № 141-VІІ ҚР Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (2022 ж. 14 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2023.06.02. № 194-VІІ ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (2023 ж. 1 сәуірден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2. Байланыс операторлары, телекоммуникация желілерінің иелері және байланыс қызметтерін пайдаланушылар уәкілетті орган бекітетін қағидаларға сәйкес қосу және трафикті өткізу қызметтерін көрсетуге міндетті. Байланыс операторларының үлгілік қосу шарттары уәкілетті органмен келісіледі.
2015.24.11. № 419-V ҚР Заңымен 3-тармақпен толықтырылды; 2022.14.07. № 141-VІІ ҚР Заңымен 3-тармақ жаңа редакцияда (2022 ж. 14 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
3. Халықаралық трафикті өткізу Қазақстан Республикасының телекоммуникация желілерін орталықтандырылған басқару жүйесінің жұмыс істеу тәртібінің сақталуы ескеріле отырып, халықаралық байланыс операторларының желілері арқылы ғана жүзеге асырылады.
2022.14.07. № 141-VІІ ҚР Заңымен 3-1-тармақпен толықтырылды (2022 ж. 14 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді)
3-1. Қазақстан Республикасының аумағында байланыс операторларының интернет-трафикті өткізуі Қазақстан Республикасының телекоммуникация желілерін орталықтандырылған басқару жүйесінің жұмыс істеу тәртібінің сақталуы ескеріле отырып жүзеге асырылады.
2017.28.12. 128-VI ҚР Заңымен 4-тармақпен толықтырылды; 2020.25.06. № 347-VІ ҚР Заңымен 4-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
4. Байланыс операторлары арасында интернет-трафикпен алмасуды басқа мемлекеттің аумағындағы телекоммуникация желілері арқылы жүзеге асыруға тыйым салынады.
2024.21.05. № 86-VIII ҚР Заңымен 4-1-тармақпен толықтырылды (2024 ж. 22 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді)
4-1. Шет мемлекеттің аумағындағы шетелдік спутниктік операторлардың жерүсті телекоммуникация желілері арқылы спутниктік байланысты ұйымдастыру осы Заңның 21-бабының 2-тармағына сәйкес жүзеге асырылады.
2017.28.12. 128-VI ҚР Заңымен 5-тармақпен толықтырылды
5. Интернет-трафик алмасу нүктесіне барлық қосылғандар мен байланыс операторлары арасында интернет-трафик алмасу нүктесі арқылы трафикті өткізу және алмасу өтеусіз жүзеге асырылады.