2024.21.05. № 86-VIII ҚР Заңымен 4-4-тармақпен толықтырылды (2024 ж. 22 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді)
4-4. Байланыс операторлары және (немесе) телекоммуникация желілерінің иелері ауылдық елді мекендерде Интернет желісіне сымсыз қол жеткізуді ұйымдастыру үшін ұялы байланыс операторларына шарт негізінде өздерінің телекоммуникациялық инфрақұрылымына қолжетімділік береді.
2018.05.10. № 184-VІ ҚР Заңымен 5-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
5. Ғимараттарды, құрылысжайларды, жолдарды, көпірлерді және басқа да объектілерді салу немесе реконструкциялау кезінде байланыс жолдарын (желілерін), құрылысжайларын қайта орналастыру мен көшіру жөніндегі жұмыстар стандарттау жөніндегі құжаттарға сәйкес және байланыс жолдарының (желілерінің), құрылысжайларының меншік иелері және (немесе) пайдаланушылар беретін техникалық шарттар бойынша құрылысқа тапсырыс берушінің есебінен орындалады.
Бұл ретте реконструкциялау учаскесінде шығарылу (көшірілу) жүзеге асырылған байланыс жолдарын (желілерін), құрылысжайларын мемлекеттік заңды тұлғалардың беру ерекшеліктері «Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасының Заңында айқындалады.
2022.14.07. № 141-VІІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2024.21.05. № 86-VIII ҚР Заңымен (2024 ж. 22 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 6-тармақ өзгертілді
6. Жалпыреспубликалық магистральдық, халықаралық байланыс жолдары мен желiлерiн жобалауды, салуды құрылыс саласындағы уәкiлеттi мемлекеттік орган беретiн лицензия негiзiнде жеке және заңды тұлғалар уәкiлеттi органмен келiсе отырып жүзеге асырады.
2024.21.05. № 86-VIII ҚР Заңымен 6-1-тармақпен толықтырылды (2024 ж. 22 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді)
6-1. Талшықты-оптикалық байланыс желілері электр энергетикасы саласында басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік орган бекіткен электр қондырғыларын орнату қағидаларына сәйкес электр берудің әуе желілерінің тіреуіштері арқылы жүргізілуі мүмкін.
Мемлекет меншігіндегі электр берудің әуе желілерінің тіреуіштері байланыс операторларына «Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес беріледі.
Байланыс операторлары тиісінше жай-күйде болмаған электр берудің әуе желілерінің тіреуіштерін жөндеу жөніндегі техникалық шарттарды орындайды.
2017.28.12. 128-VI ҚР Заңымен 7-тармақ жаңа редакцияда (2018 ж. 30 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
7. Жұмыскерлерi үкiметтiк және президенттік байланыс желiсiнiң абоненттерi болып табылатын мемлекеттiк органдардың, ұйымдардың ғимараттарын, құрылысжайлары мен объектiлерiн салу кезiнде, сондай-ақ олардың орналасқан жерi өзгерген кезде арнаулы мақсаттағы байланыстың жалғау жолдары мен iшкi желiлерiн жобалау мен тартуды құрылысқа тапсырыс берушiлер өз қаражаты есебiнен жүзеге асырады.
2008.21.11 № 89-ІV ҚР Заңымен 29-1-баппен толықтырылды
29-1-бап. Тікелей сым-өткізгішті пайдалануға беру
Жергілікті телекоммуникация желісінің иесі телекоммуникация желісі иелерінің және (немесе) байланыс операторларының өтініші бойынша шарттық талаптарымен тікелей сым-өткізгіштерді, оның ішінде Интернет желісіне қол жеткізу қызметін көрсету үшін абоненттік жолдардың бір бөлігі болып табылатын тікелей сым-өткізгіштерді пайдалануға бере алады.
Абонент Интернет желісіне қол жеткізу қызметін көрсететін байланыс операторын таңдауға құқылы.
2014.17.04. № 195-V ҚР Заңымен 29-2-баппен толықтырылды; 2017.28.12. 128-VI ҚР Заңымен 29-2-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
29-2-бап. Авариялар мен апаттар кезінде шұғыл шақыру жүйесі үшін телекоммуникация желілерін пайдалануға беру
Ұялы байланыс операторы шұғыл шақыру жүйесінің операторына автомобиль жолдарындағы жол-көлік оқиғалары және өзге де төтенше жағдайлар туралы хабарларды беру және шұғыл шақыру жүйесінің операторымен екіжақты дауыс байланысын орнату үшін өзінің ұялы байланыс желісін пайдалануға өтеусіз негізде беруге міндетті.
30-бап. Көлiк құралдарын пайдалану
2016.09.04. № 499-V ҚР Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2021.29.06. № 58-VІІ ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
1. Арнаулы пошта байланысы қызметіне, сондай-ақ пошта операторларына шарт талаптарымен теміржол, теңiз, iшкi су, әуе және автомобиль көлiгiнiң барлық бағдарлары мен желілері бойынша пошта операторының жұмыскерлері, арнаулы пошта байланысы қызметкерлерiнiң ілесіп жүруiмен пошта жөнелтiлімдерін және арнаулы жөнелтiлімдердi тасымалдауға, сондай-ақ пошта жөнелтiлімдерiн және арнаулы жөнелтiлімдердi Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес тасымалдау үшiн тапсыруға құқық берiледi.
2. Облыс iшіндегі қалааралық, қалааралық, облысаралық және халықаралық бағдарлар бойынша тұрақты тасымалдауды жүзеге асыратын көлiк ұйымдары, Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес тасымалдау жөніндегі қызметтердi көрсетуге мүмкiндiгi болмаған жағдайларды қоспағанда, пошта және арнаулы жөнелтiмдердi тасымалдауға шарт жасасудан бас тартуға құқылы емес, сонымен қатар:
2014.23.04. № 200-V ҚР Заңымен 1) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1) фельдъегерлік қызмет және арнаулы байланыс қызметі қызметкерлерінің өздерінің қызметтік міндеттерін орындау кезінде орындарды тұрақты броньдау, кезексіз билет алу;
2014.23.04. № 200-V ҚР Заңымен 2) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2016.09.04. № 499-V ҚР Заңымен 2) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
2) фельдъегерлік қызмет және арнаулы пошта байланысы қызметі көлік құралдарының қызмет көрсетілетін мекемелерге, ұйымдарға, әуе кемелерінің, теміржол құрамдарының, автомобиль, теңіз және өзен көлігі тұрақтарының орындарына кедергісіз өту;
2014.23.04. № 200-V ҚР Заңымен 3) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2016.09.04. № 499-V ҚР Заңымен 3) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
3) жолаушыларды жалпы отырғызу басталғанша фельдъегерлік қызметтің және арнаулы пошта байланысы қызметінің қарулы қызметкерлерінің кедергісіз міну құқықтарын қамтамасыз етеді.
2014.23.04. № 200-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2016.09.04. № 499-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2021.29.06. № 58-VІІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 3-тармақ өзгертілді
3. Арнаулы пошта байланысы қызметінің автомобиль көлiгi құралдары қандай да бiр ерекше жазбаларсыз «арнаулы» санатқа жатқызылады және соғыс жағдайын енгізу немесе соғыс уақытын жариялау жағдайларын, сондай-ақ төтенше жағдай енгізу кезiн не табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдай болған кездi қоспағанда, оларды осы қызметтердiң келісімiнсiз мемлекеттік органдар мен мемлекеттік ұйымдардың мүдделерiне пайдалануға болмайды.
4. Бүлiнген байланыс желiлерi мен құралдарында авариялық ахуал туындаған жағдайда байланыс ұйымдары тасымалдаушыдан көлiк құралдарын бiрiншi кезекте жалға алуға құқылы.
Байланыс ұйымдарына тиесiлi автомобиль көлiгi құралдарының арнаулы рәмiздерi болуы мүмкiн және оларды байланыс ұйымдарының келісімiнсiз байланыс саласындағы қызметке жатпайтын қызметтер көрсету мен жұмыстарды орындау үшiн пайдалануға болмайды.
31-бап. Байланыс жерiн беру және пайдалану
1. Қазақстан Республикасының жер туралы заңдарына сәйкес байланыс операторларына меншiкке, тұрақты немесе уақытша жер пайдалануға берiлген, сондай-ақ жер учаскесiн шектеулi нысаналы пайдалану (сервитут) құқығымен берiлген жер учаскелерi байланыс жерiне жатады.
2016.09.04. № 499-V ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
2. Автостанциялар мен темір жол станциялары, әуежайлар, теңiз, өзен порттары мен айлақтары жанынан пошта жөнелтілімдерін тасымалдау бөлiмшелерi үшiн үйлер, құрылыстар немесе ғимараттар салуға арналған жер учаскелерi вокзал үйiне таяу жерден, ал қалалық поштамттар мен пошта байланысы тораптарын салуға - автомобиль көлiгi құралдарымен, пошта вагондарымен, ұшақтармен, теңiз және өзен кемелерiмен жеткiзiлген пошта жөнелтімдерін алмастыруға жағдай туғыза отырып, қаланың орталық бөлiгiнен бөлiнуге тиiс.
3. Байланыс операторларына берiлетiн жер учаскелерiнiң, оның iшiнде күзетiлетiн аймақтар мен соқпақтардың көлемi Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен осы қызмет түрi үшiн жер учаскелерiн бөлудiң нормаларына және жобалау-техникалық құжаттамаға сәйкес айқындалады.
4. Байланыс саласындағы қызметтi жүзеге асыратын тұлғалар Қазақстан Республикасының заңдарында ұсынылатын талаптар сақталған жағдайда көпiрлер, туннельдер, көшелер, автомобиль және темір жолдар, құрылыстар, коллекторлар, тыйым салынған аймақтар, ормандар мен сулар арқылы байланыс желiлерiн тартуға құқылы.
5. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар жерiне және жердi ерекше шарттармен пайдалану аймақтарына телекоммуникация желiлерi мен объектiлерiн салу Қазақстан Республикасының жер туралы заңдарына сәйкес аталған жерде (аумақтарда) жер пайдаланудың белгiленген режимiн ескере отырып жүзеге асырылады.
6. Жер учаскесіндегі, үйдегi, құрылыстағы немесе ғимараттағы жұмыстар аяқталғаннан кейiн байланыс операторы немесе тапсырыс берушi жер учаскесiн, үйдi, құрылысты немесе ғимаратты өз есебiнен бастапқы қалпына келтiруге не жер учаскесiнiң меншiк иесiне, жер пайдаланушыға немесе үйдiң, құрылыстың немесе ғимараттың меншiк иесiне келтiрiлген шығындарды өтеуге мiндеттi.
7. Байланыс операторлары желiлер мен объектiлердi салу кезiнде табиғат қорғау технологияларын қолдануға және қызметiн жүзеге асыру кезiнде экологиялық жағдайдың нашарлауына жол бермеуге мiндеттi. Бұл орайда қоршаған ортаға және халықтың экологиялық қауiпсiздiгiне келтiрген залалы үшiн операторлар Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен жауаптылықта болады.
2018.05.10. № 184-VІ ҚР Заңымен 8-тармақ жаңа редакцияда (2019 ж. 11 сәуірден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
8. Елді мекендерді жаңадан салудан, кеңейтуден, реконструкциялаудан, жерді игеруден, мелиорация жүйелерін қайта орналастырудан, пайдалы қазбаларды игеруден туындаған байланыс құрылысжайларын көшіруді немесе қайта орналастыруды құрылысқа тапсырыс берушілер стандарттау жөніндегі құжаттарға сәйкес және байланыс желілері иелерінің және (немесе) оларды пайдаланушылардың техникалық шарттары бойынша өз есебінен жүргізеді. Бұл ретте байланыс құралдарының қуатын ұлғайту байланыс құрылысжайлары меншік иелерінің есебінен жүзеге асырылады.
9. Жер учаскесiнiң меншiк иесi немесе жер пайдаланушы өзiне меншiк немесе жер пайдалану құқығымен тиесілі жер учаскесiн шектеулі нысаналы пайдалану құқығын мүдделi байланыс операторларына табыстауға мiндеттi.
10. Байланыс объектiлерi үшiн жер учаскелерiне құқықтар табыстау жергiлiктi атқарушы органдар шешiмiнiң, жер учаскесiн сатып алу-сату шартының, жер учаскесiн жалдау шартының негiзiнде, сондай-ақ жер учаскесiн шектеулi нысаналы пайдалану туралы шарт (сервитут шарты) бойынша жүзеге асырылады.
2024.21.05. № 86-VIII ҚР Заңымен 31-1-баппен толықтырылды (2024 ж. 22 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді)
31-1-бап. Табиғи монополиялар субъектілерінің кәбілдік кәрізді беруі
Шағын кәсіпкерлік субъектілерінің қызметін қоспағанда, кәбілдік кәрізді мүліктік жалдауға (жалға) немесе пайдалануға беру жөніндегі қызметтерді көрсететін табиғи монополиялар субъектілері «Табиғи монополиялар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 26-бабы 2-тармағы бірінші бөлігінің 3) тармақшасына сәйкес реттеліп көрсетілетін қызметті ұсынуға міндетті.
2016.09.04. № 499-V ҚР Заңымен 7-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
7-тарау. Байланыстың әмбебап көрсетілетін қызметтері
2016.09.04. № 499-V ҚР Заңымен 32-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
32-бап. Байланыстың әмбебап көрсетілетін қызметтері
1. Байланыстың әмбебап көрсетілетін қызметтері - телекоммуникациялар және пошта байланысы секторында бекітілген байланыстың көрсетілетін қызметтерi, оларды уәкiлеттi орган белгiлеген қызмет көрсету сапасының көрсеткіштерімен халыққа ұсыну мiндеттi болып табылады.
2. Байланыстың әмбебап көрсетілетін қызметтерін ұсынудың негiзгi өлшемшарттарына мыналар жатады:
1) байланыстың көрсетілетін қызметтерiн пайдаланушылар үшiн бағаның қолжетiмдiлiгi;
2) тұрған жерi бойынша қолжетiмдiлiк, ол елдi мекен санаты мен тұрғындар саны ескеріле отырып, айқындалады;
3) уақыт бойынша қолжетімділік, ол белгiленген уақыт кезеңi iшiнде жеке телефондар орнатуға немесе қол жеткізу желілерінің белгілі бір санын енгізуге (қоғамдық телефондар орнатуға) өтiнiмдердi қанағаттандыру ескеріле отырып, айқындалады.
3. Қалааралық және (немесе) халықаралық телефон байланысын, сондай-ақ ұялы байланысты беру құқығы үшін республикалық бюджетке қалааралық және (немесе) халықаралық телефон байланысының, сондай-ақ ұялы байланыстың берiлуi үшiн Қазақстан Республикасының салық заңнамасында айқындалатын тәртiппен төлемақы енгiзiледi.
4. 2024.21.05. № 86-VIII ҚР Заңымен алып тасталды (2024 ж. 22 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2016.09.04. № 499-V ҚР Заңымен 33-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
33-бап. Әмбебап қызмет көрсету операторы
1. Байланыстың әмбебап көрсетілетін қызметтері тізбесінен байланыстың әмбебап қызметтерін көрсетуді әмбебап қызмет көрсету операторлары жүзеге асырады. Әмбебап қызмет көрсету операторы әмбебап көрсетілетін қызметтер тізбесінен бір немесе бірнеше әмбебап қызмет көрсетеді.
2. Әмбебап қызмет көрсету операторларының саны барлық ықтимал пайдаланушыларды байланыстың әмбебап көрсетілетін қызметтерімен қамтамасыз ету қажеттілігi негiзге алына отырып, айқындалады.
3. Байланыстың әмбебап қызметтерiн көрсету құқығы байланыс операторларының арасында өткiзiлген конкурс нәтижелерi бойынша берiледi.
4. Конкурсқа қатысуға өтiнiмдер болмаған немесе жеңiмпазды анықтау мүмкiн болмаған жағдайда, байланыстың әмбебап көрсетілетін қызметтерінің тізбесінен жекелеген әмбебап байланыс қызметтерін көрсетуді уәкiлеттi орган осы аумақта көрсетілетін қызметтердің осы түрлері бойынша нарықта анағұрлым көп үлеске ие болатын байланыс операторына жүктейдi. Бұл ретте байланыс операторы өзіне жүктелген байланыстың әмбебап қызметтерін көрсету жөніндегі міндеттен бас тартуға құқылы емес.
2008.21.11 № 89-ІV ҚР Заңымен 34-баптын тақырыбы өзгертілді (бұр. ред. қара); 2016.09.04. № 499-V ҚР Заңымен 34-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2024.21.05. № 86-VIII ҚР Заңымен 34-баптын тақырыбы өзгертілді (2024 ж. 22 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
34-бап. Байланыстың көрсетілетін қызметтерін субсидиялау
1. Ауылдық елді мекендерде көрсетілетін байланыстың әмбебап қызметтері субсидияланатын көрсетілетін қызметтерге жатады. Ауылдық елді мекендерде байланыстың әмбебап қызметтерін көрсететін байланыс операторларының залалдары, егер бұл конкурс шарттарында немесе байланыс операторына байланыстың әмбебап көрсетілетін қызметтерін ұсыну жөніндегі міндеттерді жүктеу шарттарында айқындалған болса, субсидиялануға жатады.
Қалаларда байланыстың әмбебап қызметтерін көрсететін байланыс операторларының залалдары субсидиялануға жатпайды.
2. Субсидиялар мөлшері конкурс шарттары немесе байланыс операторына байланыстың әмбебап көрсетілетін қызметтерін ұсыну жөніндегі міндеттерді жүктеу шарттары бойынша айқындалады, тиісті қаржы жылына республикалық бюджетте көзделген субсидиялар мөлшерінен аспауға тиіс және шығыстар мен байланыстың залалды әмбебап қызметтерін көрсетуден түскен нақты кірістердің айырмасы ретінде айқындалады.
3. 2024.21.05. № 86-VIII ҚР Заңымен алып тасталды (2024 ж. 22 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2024.21.05. № 86-VIII ҚР Заңымен 4-тармақпен толықтырылды (2024 ж. 22 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді)
4. Ауыл шаруашылығы және өнеркәсіп объектілеріндегі байланыс қызметтері уәкілетті орган айқындаған тәртіппен цифрлық технологияларды ендіру мақсатында субсидиялауға жатады.
8-тарау. Байланыс қызметтерін пайдаланушылардың құқықтары
35-бап. Байланыс қызметтерiнiң сапасы
2018.05.10. № 184-VІ ҚР Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (2019 ж. 11 сәуірден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2023.06.02. № 194-VІІ ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (2023 ж. 1 сәуірден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1. Байланыс операторлары пайдаланушыларға сапасы жағынан стандарттау жөніндегі құжаттарға, техникалық нормаларға, байланыс қызметтерінің сапа көрсеткіштеріне, байланыс қызметтерін көрсету шартының талаптарына сәйкес келетін байланыс қызметтерін көрсетуге міндетті.
2008.21.11 № 89-ІV ҚР Заңымен 1-1-тармақпен толықтырылды
1-1. Телекоммуникация желілері мен құралдарының техникалық үйлесімділігін қамтамасыз ететін нормаларды, байланыс қызметтерінің сапа көрсеткіштерін, тарифтеу бірліктері мөлшерлерін уәкілетті орган бекітеді.
2011.05.07. № 452-IV ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін үш ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
2. Байланыс қызметтерi пайдаланушылардың барлық санаттарына (тұрғын халыққа, бюджеттік ұйымдарға, шаруашылық жүргiзушi субъектiлерге) Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен жеңiлдiктер мен артықшылықтар ескерiле отырып, байланыс қызметтерiн көрсету ережелерiне сәйкес тең жағдайларда көрсетiледi.
36-бап. Байланыс қызметтерiн пайдаланушылардың құқықтарын қорғау
1. Пайдаланушылардың өздерiне тиiстi сападағы байланыс қызметтерiнiң көрсетiлуiне құқығын, осындай қызметтер туралы және оларды орындаушылар туралы ақпарат алу құқығын қорғау, сондай-ақ осындай құқықтарды iске асыру тетiгi Қазақстан Республикасының заңдарымен реттеледi.
2012.27.04. № 15-V ҚР Заңымен 1-1-тармақпен толықтырылды
1-1. Телефон байланысы арқылы (ұялы байланысты қоса алғанда) зияткерлік қызметтер көрсетуге (лотерея, дауыс беру, телевикторина, викторина, анықтамалық-ақпараттық қызметтер, танысу қызметтері) қол жеткізуді ұсыну кезінде тарифтелетін жалғаным басталғанға дейін байланыс операторы осы жалғанымның құны туралы абонентті хабардар етуге міндетті.
Абонент телефон жалғанымына келісім берген жағдайда (яғни, абонент мұндай жалғанымды үзбесе), осы жалғанымның төлемі тарифтеудің толық бірліктерінің тарифке көбейтілген саны бойынша телефон жалғанымының ұзақтығы негізге алынып айқындалады.
Егер абонент мұндай жалғанымға келіспесе (яғни тиісті хабардар етуді алғаннан кейін мұндай жалғанымды үзсе), онда жалғанымды орнатуды ұйымдастырғаны үшін төлем алынбайды.
Егер байланыс операторы тарифтелген жалғаным басталғанға дейін осы жалғанымның құны туралы абонентті хабардар етпеген жағдайда, онда зияткерлік қызметтер көрсетуге (лотерея, дауыс беру, телевикторина, викторина, анықтамалық-ақпараттық қызметтер, танысу қызметтері) қол жеткізу ұсынылғаны үшін төлем алынбайды.
2012.27.04. № 15-V ҚР Заңымен 1-2-тармақпен толықтырылды
1-2. Қысқа мәтінді хабарлама жіберу арқылы зияткерлік қызметтер көрсетуге (лотерея, дауыс беру, телевикторина, викторина, анықтамалық-ақпараттық қызметтер, танысу қызметтері) қол жеткізу ұсынылған кезде ұялы байланыс операторы қысқа мәтінді хабарлама арқылы осы қызметті көрсетудің құны туралы абонентті хабардар етуге міндетті. Абонент осы хабарламаның жіберілгенін растаған жағдайда, аталған қызметті көрсеткені үшін төлем алынады, бұл ретте растағаны үшін абоненттен төлем алынбайды.
Егер байланыс операторы зияткерлік қызметтер көрсетуге (лотерея, дауыс беру, телевикторина, викторина, анықтамалық-ақпараттық қызметтер, танысу қызметтері) қол жеткізуді ұсыну бойынша қысқа мәтінді хабарламаның құны туралы абонентті хабардар етпесе, онда бұл қызметті көрсеткені үшін төлем алынбайды.
2015.24.11. № 419-V ҚР Заңымен 1-3-тармақпен толықтырылды
1-3. Интернетке қол жеткізу қызметтерін көрсету кезінде байланыс операторы соттың заңды күшіне енген шешімімен немесе Қазақстан Республикасының заңдарымен тыйым салынған ақпаратқа қолжетімділікті шектеуге міндетті.
2. Байланыс операторлары хат-хабар алысу, телефонмен сөйлесу, пошта жөнелтiмдерi, телекоммуникация желiлерi бойынша берiлетiн телеграфтық және өзге де хабарламалар құпиясын қамтамасыз етедi, бұған Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген жағдайларда және тәртiппен осы құқықты шектеу жағдайлары қосылмайды.
2018.24.05. № 156-VI ҚР Заңымен 3-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
3. Жергілікті телефон байланысы қызметтерін көрсететін ортақ пайдаланылатын телекоммуникация желілерінің байланыс операторлары анықтама қызметтерін құру немесе телефон нөмірлерінің анықтамалығын жариялау мақсатында сұрау салу бойынша бір-біріне өз желісінің пайдаланушылары туралы деректерге рұқсат беруге құқылы. Ақпарат осы Заңның және Қазақстан Республикасының тұтынушылар құқықтарын қорғау туралы заңнамасының талаптары ескеріле отырып беріледі.
2015.24.11. № 419-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2016.22.12. № 28-VI ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 4-тармақ өзгертілді; 2017.28.12. 128-VI ҚР Заңымен 4-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
4. Байланыс операторынан қызметтік ақпарат алуға тек қана абоненттің келісімімен және осы Заңда және «Жедел-іздестіру қызметі туралы», «Қарсы барлау қызметі туралы», «Дербес деректер және оларды қорғау туралы» Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларда жол беріледі.
2009.07.12. № 221-ІV ҚР Заңымен 4-1-тармақпен толықтырылды
4-1. Байланыс желісіне заңсыз қол жеткізгені үшін Қазақстан Республикасының заңына сәйкес жауаптылық белгіленеді.
5. Байланыс операторлары байланыс қызметтерiн пайдаланушылардың хат-хабар алысу, телефонмен сөйлесу, пошта, телеграф арқылы жiберiлетiн және өзге де хабарламаларының құпиясын бұзғаны үшiн Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауаптылықта болады.
2008.21.11 № 89-ІV ҚР Заңымен 6- тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)
6. Байланыс операторының жергiлiктi телефондық қосылыстарды уақытына қарай есепке алуды жүзеге асыруға техникалық мүмкiндiктерi болған жағдайда, байланыс қызметiн пайдаланушы - жеке тұлға қызметтерге абоненттік, уақытына қарай немесе аралас ақы төлеу жүйесiн таңдап алуға құқылы.
Уақытына қарай ақы төлеу жүйесi кезiнде пайдаланушының талабы бойынша байланыс операторы ақы төленуге тиiстi, жүзеге асырылған жергiлiктi телефондық қосылыстар туралы жазбаша ақпаратты тегiн беруге мiндеттi.
Мұндай ақпарат берiлмеген жағдайда байланыс қызметтерiн пайдаланушы байланыс қызметтерiне абоненттiк жүйе бойынша төлем жүргiзуге құқылы.
Байланыс қызметтерiн пайдаланушы - заңды тұлға жергiлiктi телефондық қосылыстарға уақытына қарай ақы төлеу жүйесi бойынша есеп айырысуды жүзеге асырады. Байланыс қызметтерiн пайдаланушы телефондық қосылыстарды есепке алудың сертификатталған есептегiшiн орнатуға құқылы.
2008.21.11 № 89-ІV ҚР Заңымен 7- тармақпен толықтырылды (2009 ж. 1 қаңтарда қолданысқа енді); 2023.19.04. № 223-VІІ ҚР Заңымен 7-тармақ жаңа редакцияда (2023 ж. 1 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
7. Әлеуметтік қорғалатын азаматтарға телекоммуникация қызметтерін көрсеткені үшін абоненттік төлемақы тарифтерінің өсуін өтеу мөлшері мен тәртібін уәкілетті орган айқындайды.
2015.24.11. № 419-V ҚР Заңымен 36-1-баппен толықтырылды
36-1-бап. Ұялы байланыс желілерінде абоненттік нөмірді көшіру
1. Абонент үшін абоненттік нөмірді көшіру өтеусіз негізде жүзеге асырылады.
Абонент басқа ұялы байланыс операторымен ұялы байланыс қызметтерін көрсету туралы жаңа шарт жасасу кезінде абоненттік нөмірді сақтауға және пайдалануға құқылы.
2. Ұялы байланыс операторлары Қазақстан Республикасының байланыс саласындағы заңнамасына сәйкес абоненттік нөмірлерді ұялы байланыс желілерінде көшіруді қамтамасыз етуге міндетті.
3. Ұялы байланыс операторлары абоненттік нөмірлерді көшіру кезінде тек қана абонеттік нөмірлердің орталықтандырылған дерекқоры арқылы өзара іс-қимылды жүзеге асырады.
4. Абоненттік нөмірлердің орталықтандырылған дерекқорының жұмыс істеу және оның ресурстарына қолжетімділік беру, сондай-ақ абоненттік нөмірлерді көшіруге қатысушылардың арасындағы ұйымдастырушылық-техникалық өзара іс-қимыл жасасу және өзара есеп айырысу тәртібі ұялы байланыс желілерінде абоненттік нөмірді көшіру қағидаларында айқындалады.
5. Ұялы байланыс операторлары абоненттік нөмірлердің орталықтандырылған дерекқоры операторына ұялы байланыс желілерінде абоненттік нөмірді көшіру қағидаларында айқындалатын мәліметтерді қоса алғанда, ұялы байланыстың абоненттік нөмірлері туралы ақпаратты беруді қамтамасыз етуге міндетті.
6. Байланыс операторлары өз желілерінде абоненттік нөмірді көшіруді және абоненттік нөмірлердің орталықтандырылған дерекқорының ресурстарына қол жеткізу мүмкіндігін қамтамасыз ету бойынша барлық шығындарды (желіні, ақпараттық жүйелер мен бағдарламалық қамтылымды жаңғыртуға, абоненттік нөмірлердің орталықтандырылған дерекқорымен өзара іс-қимылға) өздері көтереді.
7. Ұялы байланыс операторлары абоненттік нөмірді ұялы байланыс желілерінде көшіру қағидаларында айқындалатын тәртіппен өз ресурстарына қолжетімділік бергені үшін абоненттік нөмірлердің орталықтандырылған дерекқоры операторының көрсетілетін қызметтеріне ақы төлеуді жүзеге асырады.
8. Абонент кейіннен шарт жасаса отырып, өзі желісіне ауысатын ұялы байланыс операторына абоненттік нөмірді көшіру туралы өтінім береді.
9. Ұялы байланыс желілерінде абоненттік нөмірлерді көшіруді ұялы байланыс операторлары ұялы байланыс желілерінде абоненттік нөмірді көшіру қағидаларында айқындалатын мерзімде және шарттарда жүзеге асырады.