2017.30.11. № 112-VI ҚР Заңымен 9) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2021.02.01. № 399-VI ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2022.30.12. № 177-VІІ ҚР Заңымен (2023 ж. 12 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 9) тармақша өзгертілді
9) мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларының іске асырылуын бағалау, жекеше әріптесті айқындау жөніндегі тікелей келіссөздер кезінде мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасына бизнес-жоспарға, мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасының конкурстық (аукциондық) құжаттамасына сараптамалар жүргізу үшін, оның ішінде оларға тиісті өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу кезінде Мемлекеттік-жекешелік әріптестікті дамыту орталығын тартады;
Мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларының іске асырылуын бағалау қорытындыларын Қазақстан Республикасының заңдарында ақпаратты қорғау бөлігінде белгіленген шектеулерді ескере отырып, мемлекеттік-жекешелік әріптестіктің веб-порталында жариялайды;
10) соттардың заңды күшіне енген шешімдері негізінде қалыптастырылатын жосықсыз әлеуетті жекеше әріптестердің тізбесін жүргізеді және бұл тізбені өзінің интернет-ресурсында орналастырады;
11) мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасын ерекше маңызды мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасына жатқызу өлшемшарттарын әзірлейді және бекітеді;
2022.30.12. № 177-VІІ ҚР Заңымен 11-1) тармақшамен толықтырылды (2023 ж. 12 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
11-1) мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларының әлеуметтік-экономикалық тиімділігін бағалау әдістемесін әзірлейді және бекітеді;
2022.30.12. № 177-VІІ ҚР Заңымен 11-2) тармақшамен толықтырылды (2023 ж. 12 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
11-2) мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларын бөлу және олардың тәуекелдерін бағалау әдістемесін әзірлейді және бекітеді;
2022.30.12. № 177-VІІ ҚР Заңымен 11-3) тармақшамен толықтырылды (2023 ж. 12 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
11-3) мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары бойынша шарттық мемлекеттік міндеттемелерді есепке алу әдістемесін әзірлейді және бекітеді;
12) осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де функцияларды жүзеге асырады.
21-бап. Бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органның мемлекеттік-жекешелік әріптестік саласындағы құзыреті
Бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган:
1) өз құзыреті шегінде мемлекеттік-жекешелік әріптестік саласындағы мемлекеттік саясатты іске асырады;
2) 2022.30.12. № 177-VІІ ҚР Заңымен алып тасталды (2023 ж. 12 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2021.02.01. № 399-VI ҚР Заңымен 3) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
3) республикалық мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары бойынша мемлекеттік-жекешелік әріптестік шартының конкурстық (аукциондық) құжаттамасын және мемлекеттік-жекешелік әріптестік шартының жобасын, оның ішінде оларға тиісті өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу кезінде келіседі;
4) мемлекеттік-жекешелік әріптестік шарттары бойынша мемлекеттік кепілдіктер мен мемлекет кепілгерліктерінің шарттарын жасасады;
5) мемлекеттік-жекешелік әріптестік шарттары бойынша берілген мемлекеттік кепілдіктер мен мемлекет кепілгерліктерінің тізілімін жүргізеді;
6) мемлекеттік-жекешелік әріптестік шарттары бойынша мемлекеттің қаржылық міндеттемелерінің қабылдануын және орындалуын есепке алуды жүзеге асырады;
2022.30.12. № 177-VІІ ҚР Заңымен 6-1) тармақшамен толықтырылды (2023 ж. 12 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
6-1) мемлекеттік-жекешелік әріптестік саласындағы мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органға мемлекеттік-жекешелік әріптестік шарттары бойынша мемлекеттің қаржылық міндеттемелері туралы ақпаратты Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен береді;
7) осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де функцияларды жүзеге асырады.
22-бап. Мемлекеттік мүлікті басқару жөніндегі уәкілетті органның мемлекеттік-жекешелік әріптестік саласындағы құзыреті
Мемлекеттік мүлікті басқару жөніндегі уәкілетті орган:
1) республикалық меншікке жататын мемлекеттік-жекешелік әріптестік объектілері бойынша жасалған шарттардың тізілімін жүргізеді;
2) республикалық меншікке жататын мемлекеттік-жекешелік әріптестік объектілерінің мониторингін өз құзыреті шегінде жүзеге асырады және мониторинг нәтижелерін мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органға жібереді;
3) мемлекеттік-жекешелік әріптестік шарттары негізінде құрылған объектілерді республикалық меншікке қабылдайды;
4) осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де функцияларды жүзеге асырады.
23-бап. Тиісті саланың уәкілетті мемлекеттік органының мемлекеттік-жекешелік әріптестік саласындағы құзыреті
Тиісті саланың уәкілетті мемлекеттік органы:
1) өз құзыреті шегінде мемлекеттік-жекешелік әріптестік саласындағы мемлекеттік саясатты іске асырады;
2) 2022.30.12. № 177-VІІ ҚР Заңымен (2023 ж. 12 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2017.30.11. № 112-VI ҚР Заңымен 2-1) тармақшамен толықтырылды; 2022.30.12. № 177-VІІ ҚР Заңымен 2-1) тармақша жаңа редакцияда (2023 ж. 12 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2-1) үлгілік конкурстық құжаттамаларды және мемлекеттік-жекешелік әріптестіктің үлгілік шарттарын қоса алғанда, салаларды (аяны) дамыту тұжырымдамалары, ұлттық жобалар шеңберінде жекеше әріптесті айқындау және мемлекеттік-жекешелік әріптестік шартын жасасу тәртібін әзірлейді және бекітеді;
2021.02.01. № 399-VI ҚР Заңымен 3) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
3) республикалық мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларына қатысты жекеше әріптесті айқындау жөнінде конкурс (аукцион) және тікелей келіссөздер ұйымдастыруды жүзеге асырады;
2022.30.12. № 177-VІІ ҚР Заңымен 3-1) тармақшамен толықтырылды (2023 ж. 12 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
3-1) мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларын іске асыру жөніндегі ұсыныстарды қалыптастыру үшін әлеуметтік-экономикалық міндеттердің тізбесін қалыптастырады және бекітеді;
4) тиісті салада республикалық мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасы бойынша мемлекеттік-жекешелік әріптестік шартын жасасады;
5) республикалық мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларының іске асырылу мониторингін жүзеге асырады және мониторинг нәтижелерін мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органға жібереді;
6) мемлекеттік мүлікті басқару жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органға республикалық мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары шеңберінде жасалған мемлекеттік-жекешелік әріптестік шарттары жөнінде ақпарат береді және бұл ақпаратты өзінің ресми интернет-ресурсында жариялайды;
7) мемлекеттік-жекешелік әріптестік шарттары негізінде құрылған мемлекеттік-жекешелік әріптестік объектілерін республикалық меншікке беруді ұйымдастырады;
8) республикалық меншікке жататын мемлекеттік-жекешелік әріптестік объектілері бойынша бұрын жасалған мемлекеттік-жекешелік әріптестік шарты мерзімінен бұрын тоқтатылған жағдайда жаңа жекеше әріптестерді тартуды ұйымдастырады;
2019.03.04. № 243-VI ҚР Заңымен 9) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2021.02.01. № 399-VI ҚР Заңымен 9) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
9) табиғи монополиялар салаларында басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті органмен мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасына бизнес-жоспарды, мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасының техникалық-экономикалық негіздемесін, мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасының конкурстық (аукциондық) құжаттамасын, мемлекеттік-жекешелік әріптестік шарттарының жобаларын, оның ішінде табиғи монополиялар саласына жатқызылатын тауарларға, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерге тарифтерді (бағаларды, алымдар мөлшерлемелерін) қалыптастыру және бекіту тәртібі бөлігінде оларға өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу кезінде келіседі;
2022.30.12. № 177-VІІ ҚР Заңымен 9-1) тармақшамен толықтырылды (2023 ж. 12 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
9-1) жекеше әріптестердің мемлекеттік функциялардың іске асырылуын қамтамасыз етуін көздейтін жобалар бойынша мемлекеттік-жекешелік әріптестіктің республикалық жобасына бизнес-жоспарды, мемлекеттік-жекешелік әріптестіктің республикалық жобасының конкурстық (аукциондық) құжаттамасын, оның ішінде оларға бәсекелестікті қорғау және монополистік қызметті шектеу саласына қатысты бөлігінде өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу кезінде Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен монополияға қарсы органмен келіседі;
2017.30.11. № 112-VI ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2021.02.01. № 399-VI ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 10) тармақша жаңа редакцияда
10) мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган бекітетін қағидаларға сәйкес жекеше әріптесті айқындау жөніндегі тікелей келіссөздер кезінде (құны республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және тиісті қаржы жылының 1 қаңтарына қолданыста болатын айлық есептік көрсеткіштің 4000000 еселенген мөлшерінен асатын жергілікті жобалар бойынша және республикалық жобалар бойынша) мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасының конкурстық (аукциондық) құжаттамасына салалық қорытынды, мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасына бизнес-жоспар дайындауды жүзеге асырады;
11) осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де функцияларды жүзеге асырады.
24-бап. Облыстар, республикалық маңызы бар қалалар және астана мәслихаттарының мемлекеттік-жекешелік әріптестік саласындағы құзыреті
Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың мәслихаттары:
1) 2022.30.12. № 177-VІІ ҚР Заңымен алып тасталды (2023 ж. 12 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2) жыл сайын жергілікті атқарушы органдардың жергілікті мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларының іске асырылу барысы туралы есебін тыңдайды;
3) осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында және Қазақстан Республикасы Президентінің актілерінде көзделген өзге де функцияларды жүзеге асырады.
25-бап. Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың жергілікті атқарушы органдарының мемлекеттік-жекешелік әріптестік саласындағы құзыреті
Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың жергілікті атқарушы органдары:
1) өз құзыреті шегінде мемлекеттік-жекешелік әріптестік саласындағы мемлекеттік саясатты іске асырады;
2021.02.01. № 399-VI ҚР Заңымен 2) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
2) мемлекеттік-жекешелік әріптестік шарттарын жасасу кезінде тиісті өңір халқының әлеуметтік-экономикалық және экологиялық мүдделерінің сақталуына байланысты мәселелерді шешу үшін республикалық мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларына қатысты конкурсты (аукционды) не тікелей келіссөздерді ұйымдастырушыға ұсыныстар енгізеді;
3) 2017.30.11. № 112-VI ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
2021.02.01. № 399-VI ҚР Заңымен 4) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
4) жергілікті мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларына қатысты конкурсты (аукционды) не тікелей келіссөздерді ұйымдастырушылар бола алады;
2022.30.12. № 177-VІІ ҚР Заңымен 4-1) тармақшамен толықтырылды (2023 ж. 12 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
4-1) мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларын іске асыру жөніндегі ұсыныстарды қалыптастыру үшін әлеуметтік-экономикалық міндеттердің тізбесін қалыптастырады және бекітеді;
5) жергілікті мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары бойынша мемлекеттік-жекешелік әріптестік шарттарын жасасады;
6) мемлекеттік-жекешелік әріптестік шарттарының және жергілікті мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларының іске асырылу мониторингін жүзеге асырады;
7) 2022.03.01. № 101-VII ҚР Заңымен алып тасталды (2022 ж. 7 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2017.30.11. № 112-VI ҚР Заңымен 8) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2021.02.01. № 399-VI ҚР Заңымен 8) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
8) жергілікті мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары шеңберінде жекеше әріптесті айқындау жөніндегі тікелей келіссөздер кезінде жергілікті мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларына бизнес-жоспарларға, жергілікті мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларының конкурстық (аукциондық) құжаттамасына сараптама жүргізуге уәкілеттік берілген заңды тұлғаны айқындайды;
9) 2017.30.11. № 112-VI ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
10) жергілікті мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары бойынша жасалған мемлекеттік-жекешелік әріптестік шарттарының тізілімін жүргізеді;
11) мемлекеттік-жекешелік әріптестік шарттары негізінде құрылған объектілерді коммуналдық меншікке қабылдайды;
12) 2022.30.12. № 177-VІІ ҚР Заңымен алып тасталды (2023 ж. 12 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
13) жергілікті жобалардың іске асырылу мониторингі бойынша жиынтық есепті мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органға жібереді;
14) осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де функцияларды жүзеге асырады.
26-бап. Мемлекеттік-жекешелік әріптестікті дамыту орталығы
1. Мемлекеттік-жекешелік әріптестікті дамыту орталығының мақсаттарын, міндеттерін және қызметінің түрлерін Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайды.
2. Мемлекеттік-жекешелік әріптестікті дамыту орталығы мынадай функцияларды жүзеге асырады:
1) мемлекеттік-жекешелік әріптестік мәселелері бойынша зерттеулер жүргізу және ұсынымдар тұжырымдау;
2017.30.11. № 112-VI ҚР Заңымен 2) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
2) жекеше әріптесті айқындау жөніндегі тікелей келіссөздер кезінде республикалық мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларына бизнес-жоспарларға, оның ішінде оларға тиісті өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу кезінде сараптама жүргізу;
2021.02.01. № 399-VI ҚР Заңымен 3) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
3) республикалық мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларының конкурстық (аукциондық) құжаттамасына, оның ішінде оларға тиісті өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу кезінде сараптама жүргізу;
4) 2017.30.11. № 112-VI ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
5) мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларын іске асыруды бағалау;
6) мемлекеттік-жекешелік әріптестік саласында мамандарды оқыту;
7) іске асырылуы жоспарланатын мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларының тізбесін жүргізу.
2022.30.12. № 177-VІІ ҚР Заңымен 26-1-баппен толықтырылды (2023 ж. 12 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
26-1-бап. Мемлекеттік-жекешелік әріптестік веб-порталының операторы
Мемлекеттік-жекешелік әріптестік веб-порталының операторы:
1) мемлекеттік-жекешелік әріптестік веб-порталын дамытуды, қолдап отыруды және оған жүйелік-техникалық қызмет көрсетуді жүзеге асырады;
2) мүдделі тұлғаларға мемлекеттік-жекешелік әріптестік веб-порталының жұмыс істеуі мәселелері бойынша консультациялық көмек көрсетеді;
3) мемлекеттік-жекешелік әріптестік веб-порталында орналастырылған электрондық ақпараттық ресурстарды сақтаудың ақпараттық қауіпсіздігін қамтамасыз етеді;
4) мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерін, мемлекеттік электрондық ақпараттық ресурстарды интеграциялау және ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселелері бойынша уәкілетті субъектілермен өзара іс-қимыл жасайды;
5) заңнамада белгіленген тәртіппен конкурсқа қатысуға өтінімдерді қамтамасыз етуді енгізу және қайтару процесін операциялық қолдап отыруды қамтамасыз етеді;
6) жоспарланатын және іске асырылатын мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары туралы ақпараттық қамтамасыз ету мәселелері бойынша мемлекеттік органдармен және өзге де ұйымдармен өзара іс-қимыл жасайды;
7) мемлекеттік-жекешелік әріптестік веб-порталы арқылы электрондық қызметтер көрсетеді.
4-тарау. МЕМЛЕКЕТТІК ОРГАНДАРДЫҢ, КӘСІПКЕРЛІК СУБЪЕКТІЛЕРІНІҢ ЖӘНЕ КВАЗИМЕМЛЕКЕТТІК СЕКТОР СУБЪЕКТІЛЕРІНІҢ МЕМЛЕКЕТТІК-ЖЕКЕШЕЛІК ӘРІПТЕСТІККЕ ҚАТЫСУ НЫСАНДАРЫ
27-бап. Мемлекеттік органдардың мемлекеттік-жекешелік әріптестікке қатысу нысандары
1. Мемлекеттік органдар мемлекеттік-жекешелік әріптестікке мынадай:
1) Қазақстан Республикасының жер заңнамасына сәйкес жер учаскелерін беру;
2) мемлекеттік меншік объектілерін пайдалану құқығын беру;
3) мемлекеттік-жекешелік әріптестік компаниясын құруға және оның қызметіне қатысу;
4) мемлекеттік-жекешелік әріптестік объектісін инженерлік және көлік коммуникацияларымен қамтамасыз ету нысандарында;
5) Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келмейтін өзге де нысандарда қатысады.
2017.30.11. № 112-VI ҚР Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2022.30.12. № 177-VІІ ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (2023 ж. 12 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2. Мемлекеттік органдардың Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қолдау шараларын ұсыну нысанында қатысуы, оның ішінде:
1) инфрақұрылымдық облигациялар бойынша мемлекет кепілгерлігі;
2) мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларын қаржыландыру үшін тартылатын қарыздар бойынша мемлекеттік кепілдіктер;
2022.30.12. № 177-VІІ ҚР Заңымен 3) тармақша жаңа редакцияда (2023 ж. 12 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
3) мемлекетке тиесілі зияткерлік меншік объектілеріне айрықша құқықтарды тек қана мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасын іске асыру мақсаттарына және мерзіміне беру;
4) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес заттай гранттар беру;
5) мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларын қоса қаржыландыру;
6) мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасын іске асыру барысында өндірілетін тауарлардың, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің белгілі бір көлемін мемлекеттің тұтыну кепілдігі арқылы жүзеге асырылады.
Қоса қаржыландыру инвестициялардың болжанатын мөлшері республикалық бюджет туралы заңда белгіленген айлық есептік көрсеткіштің бір жарым миллион еселенген мөлшерінен асатын мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары бойынша көзделуі мүмкін, бұл ретте қоса қаржыландыру мөлшері инвестициялардың болжанатын мөлшерінің отыз пайызынан аспайды.
Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларын қоса қаржыландырудың және мемлекеттік-жекешелік әріптестік объектісін құруға (реконструкциялауға) байланысты шығыстарды өтеуге бағытталған инвестициялық шығындар өтемақысының жиынтық көлемі мемлекеттік-жекешелік әріптестік объектісін құрудың және (немесе) реконструкциялаудың мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган бекітетін әдістемеге сәйкес айқындалатын құнынан аспауға тиіс.
Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасын іске асыру барысында өндірілетін тауарлардың, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің белгілі бір көлемін мемлекеттің тұтыну кепілдігінің мерзімдері мемлекеттік-жекешелік әріптестік шарты шеңберінде ұзарту құқығымен кемінде үш жыл мерзімге белгіленеді.
Мемлекеттік-жекешелік әріптестікті мемлекеттік қолдау Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына және мемлекеттік-жекешелік әріптестік шартының ережелеріне сәйкес жүзеге асырылады.
28-бап. Ұлттық кәсіпкерлер палатасының мемлекеттік-жекешелік әріптестікке қатысу нысандары
Ұлттық кәсіпкерлер палатасы мынадай функцияларды жүзеге асырады:
1) 2017.30.11. № 112-VI ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
2) 2017.30.11. № 112-VI ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
2021.02.01. № 399-VI ҚР Заңымен 3) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара); 2022.30.12. № 177-VІІ ҚР Заңымен 3) тармақша жаңа редакцияда (2023 ж. 12 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
3) ведомствоаралық жобалау тобына, талқылауларға, жекеше әріптесті айқындау жөніндегі конкурстық (аукциондық) комиссияға, тікелей келіссөздер жүргізу жөніндегі комиссияға қатысу;
4) мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларының іске асырылу мониторингіне қатысу.
29-бап. Кәсіпкерлік субъектілерінің мемлекеттік-жекешелік әріптестікке қатысу нысандары
Кәсіпкерлік субъектілері мемлекеттік-жекешелік әріптестікке мынадай:
1) мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларын қаржыландыру;
2) мемлекеттік-жекешелік әріптестік объектілерін жобалау, салу, құру, реконструкциялау, жаңғырту және (немесе) пайдалану;
3) мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларын басқару;
4) мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасын іске асыру мақсаттары үшін мүлікті және мүліктік құқықтарды беру;
5) зияткерлік меншік объектілеріне айрықша құқықтарды беру;
6) мемлекеттік-жекешелік әріптестік компаниясын құруға және оның қызметіне қатысу нысандарында;
7) Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келмейтін өзге де нысандарда қатысады.
30-бап. Квазимемлекеттік сектор субъектілерінің мемлекеттік- жекешелік әріптестікке қатысу нысандары
Квазимемлекеттік сектор субъектілері мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларына мынадай:
1) мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларын іске асыратын заңды тұлғаларды құруға және (немесе) олардың қызметіне қатысу не заңды тұлғалардың акцияларын (жарғылық капиталға қатысу үлестерін) иеліктен шығару (беру);
2) мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасын іске асыру мақсатында ғылыми-өндірістік аймақтар, венчурлік қорлар, зерттеу орталықтарын құруға және (немесе) олардың қызметіне қатысу;
3) мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасын іске асыру мақсаттары үшін мүлік пен мүліктік құқықтарды беру;
4) зияткерлік меншік объектілеріне айрықша құқықтар беру;
5) мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларына инвестициялар тарту;
6) сервистік қолдау, оның ішінде технологиялар трансферті, инновацияларды қолдау, консалтинг, инжиниринг, кадрларды оқыту және олардың біліктілігін арттыру бойынша көрсетілетін қызметтер;
7) технопарктердің, бизнес-инкубаторлардың, арнайы экономикалық және индустриялық аймақтардың көрсетілетін қызметтерін ұсыну;
8) экспортты ілгерілету;
9) мемлекеттік-жекешелік әріптестік объектілерін салу, құру, реконструкциялау, жаңғырту және (немесе) пайдалану нысандарында;
10) Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келмейтін өзге де нысандарда қатысады.
5-тарау. ЖЕКЕШЕ ӘРІПТЕСТІ АЙҚЫНДАУ ЖӨНІНДЕГІ ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР
2022.30.12. № 177-VІІ ҚР Заңымен 31-бап жаңа редакцияда (2023 ж. 12 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
31-баптың күші 2022.30.12. № 177-VІІ ҚР Заңы қолданысқа енгізілген күнге дейін конкурстық құжаттамасы бекітілген немесе мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасын іске асыру қажеттілігінің бар екендігі туралы уәкілетті тұлғаның қорытындысы берілген жобаларға қолданылмайды
31-бап. Жекеше әріптесті айқындау
1. Жекеше әріптесті айқындау:
1) конкурс тәсілімен жүзеге асырылады.
Жекеше әріптесті айқындау жөніндегі конкурс тізбесін Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын объектілерге қатысты жабық болуы мүмкін;
2) тікелей келіссөздер;
3) аукцион тәсілімен жүзеге асырылады.
2. Ақпараттандырудың сервистік моделі бойынша жекеше әріптесті айқындау және мемлекеттік-жекешелік әріптестік шартын жасасу осы Заңның нормалары қолданылмай, Қазақстан Республикасының ақпараттандыру туралы заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
3. Егер салаларды (аяны) дамыту тұжырымдамалары, ұлттық жобалар шеңберінде жоспарланатын мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларында:
1) мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларының базалық параметрлері, оның ішінде мақсаттары мен міндеттері, бюджет қаражаты есебінен болжанатын төлемдер, мемлекеттік қолдау шаралары;
2) экономиканың жекелеген салалары (аясы) бойынша жекеше әріптесті айқындаудың және мемлекеттік-жекешелік әріптестік шартын жасасудың өзгеше тәртібін қолдануға нұсқау көзделсе, оларға осы баптың ережелері қолданылмайды.
32-бап. Әлеуетті жекеше әріптеске қойылатын біліктілік талаптары
2021.02.01. № 399-VI ҚР Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1. Жекеше әріптесті айқындау жөніндегі конкурсқа (аукционға) не тікелей келіссөздерге қатысу үшін әлеуетті жекеше әріптес мынадай жалпы біліктілік талаптарына сай келуге:
1) құқық қабілеттілігі (заңды тұлғалар үшін) және азаматтық әрекет қабілеттілігі (дара кәсіпкер үшін) болуға;
2) төлем қабілеттілігі болуға, республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген және тиісті қаржы жылының 1 қаңтарына қолданыста болатын айлық есептік көрсеткіштің алты еселенген мөлшерінен асатын салық берешегі болмауға;
3) мемлекеттік-жекешелік әріптестік шарты бойынша міндеттемелерді орындауға қажетті қаржылық және (немесе) материалдық және (немесе) еңбек ресурстары болуға;
4) банкроттық не тарату рәсіміне жатпауға, баланстық құны тиісті негізгі құралдар құнының он пайызынан асатын мүлкіне тыйым салынбауға, қаржы-шаруашылық қызметі Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тоқтатыла тұрмаған;
5) соңғы үш жыл ішінде жасалған мемлекеттік-жекешелік әріптестік не концессия шарттары бойынша міндеттемелерін орындамағаны және (немесе) тиісінше орындамағаны үшін жосықсыз әлеуетті жекеше әріптес не концессионер деп тану туралы соттың заңды күшіне енген шешімі негізінде жауаптылыққа тартылмаған;
6) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен әлеуетті жекеше әріптестің құрылтайшылары, басшылары терроризм мен экстремизмді қаржыландыруға байланысты ұйымдар мен тұлғалардың тізбесіне енгізілмеген;
7) мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушылардың тізіліміне енгізілмеген;
2021.15.11. № 72-VII ҚР Заңымен 8) тармақша өзгертілді (2022 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
8) мемлекеттік-жекешелік әріптестік объектісі құнының кемінде жиырма пайызын құрайтын меншікті немесе меншікті және қарыздық қаражаты болуға тиіс.
Меншікті қаражат деп әлеуетті жекеше әріптеске тиесілі, мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасын іске асыруға тікелей тартылатын, меншікті капитал, ақша және өзге де активтер түсініледі. Осы талап мемлекеттік-жекешелік әріптестік шартына енгізіледі.