3. Конкурстық комиссия, мемлекеттік органдардың лауазымды адамдары және басқа да мүдделі тұлғалар инновациялардағы мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасына байланысты құжаттарды коммерциялық және заңмен қорғалатын өзге де құпияның қорғалуын қамтамасыз етуді ескере отырып қарайды.
2019.03.04. № 243-VI ҚР Заңымен 56-баптың тақырыбы өзгертілді (бұр.ред.қара)
56-бап. Арнайы экономикалық және индустриялық аймақтардағы мемлекеттік-жекешелік әріптестік
2019.03.04. № 243-VI ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара); 2020.03.07. № 359-VI ҚР Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1. Арнайы экономикалық және индустриялық аймақтардағы мемлекеттік-жекешелік әріптестік осы Заңның ережелеріне сәйкес іске асырылады және арнайы экономикалық немесе индустриялық аймақтың инфрақұрылым объектілерін, сондай-ақ арнайы экономикалық аймақтағы мемлекеттік-жекешелік әріптестіктің өзге де объектілерін жобалауға, салуға, құруға, реконструкциялауға, жаңғыртуға және пайдалануға бағытталады.
2019.03.04. № 243-VI ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2020.03.07. № 359-VI ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 2-тармақ өзгертілді
2. Жеке индустриялық аймақтың инфрақұрылым объектілерін қоспағанда, арнайы экономикалық немесе индустриялық аймақтағы инфрақұрылым объектілері бойынша мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасын іске асыру кезінде мемлекеттік әріптес ретінде арнайы экономикалық немесе индустриялық аймақтың басқарушы компаниясы әрекет етеді.
Бұл ретте арнайы экономикалық немесе индустриялық аймақтың басқарушы компаниясы мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасына қатысу туралы өз шешімін арнайы экономикалық және индустриялық аймақтарды құру, олардың жұмыс істеуі және таратылуы саласындағы мемлекеттік реттеуді жүзеге асыратын орталық атқарушы органмен және акциялардың бақылау пакетіне иелік ететін органмен келіседі.
2019.03.04. № 243-VI ҚР Заңымен 3-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
3. Арнайы экономикалық немесе индустриялық аймақтың басқарушы компаниясы конкурсты ұйымдастырушы болып әрекет етеді.
2019.03.04. № 243-VI ҚР Заңымен 4-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
4. Мемлекеттік-жекешелік әріптестік шартын жасасу жекеше әріптестің арнайы экономикалық немесе индустриялық аймақтың аумағында арнайы экономикалық немесе индустриялық аймақтың инфрақұрылымы объектілерін жобалау, салу, құру, реконструкциялау, жаңғырту және пайдалану жөніндегі қызметті жүзеге асыруы үшін негіз болып табылады.
8-тарау. ҚОРЫТЫНДЫ ЕРЕЖЕЛЕР
57-бап. Дауларды шешу
1. Мемлекеттік-жекешелік әріптестік шартын орындауға және тоқтатуға байланысты даулар Қазақстан Республикасының заңнамасында және мемлекеттік-жекешелік әріптестік шартында белгіленген тәртіппен шешіледі.
2016.08.04. № 489-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2020.03.07. № 359-VI ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 2-тармақ жаңа редакцияда
2. Егер мемлекеттік-жекешелік әріптестік шартын орындауға және тоқтатуға байланысты даулар осы баптың 1-тармағына сәйкес шешілмейтін болса, онда мемлекеттік-жекешелік әріптестік шартының тараптары дауды Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес сот тәртібімен, сондай-ақ «Төрелік туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес төрелікке жүгіну арқылы шешуге құқылы.
Жекеше әріптес немесе дауыс беретін акциялардың (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) 25 және одан көп пайызын иеленетін, жекеше әріптес акционерлерінің (қатысушыларының) ең болмағанда біреуі Қазақстан Республикасының бейрезиденті болып табылған жағдайда, мемлекеттік-жекешелік әріптестік шартының тараптары құны республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген айлық есептік көрсеткіштің төрт миллион еселенген мөлшерінен жоғары мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары бойынша өздерінің арасындағы дауларды шешу үшін тараптардың келісімі бойынша «Төрелік туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес төрелікті немесе халықаралық төрелікті айқындауға құқылы.
3. Жекеше әріптесті айқындау тәртібіне байланысты даулар Қазақстан Республикасының соттарында шешіледі.
58-бап. Қазақстан Республикасының мемлекеттік-жекешелік әріптестік саласындағы заңнамасын бұзғаны үшін жауаптылық
Қазақстан Республикасының мемлекеттік-жекешелік әріптестік саласындағы заңнамасын бұзу Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жауаптылыққа әкеп соғады.
59-бап. Осы Заңды қолданысқа енгізу тәртібі
Осы Заң алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Президенті
Н. НАЗАРБАЕВ
Астана, Ақорда, 2015 жылғы қазанның 31-і.
№ 379-V