24-тармағының 2) тармақшасы 2027 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі
2) 38-баптың 2 және 3-тармақтары мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Мемлекеттік аудитор осы баптың 1-тармағында көрсетілген мән-жайларды, сондай-ақ өз міндеттерін атқаруына кедергі келтіретін өзге де мән-жайларды анықтаған кезде бұл жөнінде мемлекеттік аудитті тағайындаған басшыға дереу жазбаша түрде хабарлауға тиіс.
3. Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органының басшысы «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының Заңында көзделген тәртіппен және мерзімдерде мүдделер қақтығысын болғызбау және реттеу жөнінде шаралар қабылдайды.».
25. «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» 2015 жылғы 18 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңына:
1) 1-бапта:
25-тармағының 1) тармақшасының екінші - он бесінші абзацтары 2027 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі
мынадай мазмұндағы 1-2) тармақшамен толықтырылсын:
«1-2) жеке мүдде - жауапты мемлекеттік лауазымды атқаратын адамның, мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілген адамның, мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілген адамдарға теңестірілген адамның, лауазымды адамның өзі, өзінің жақын туыстары, жұбайы (зайыбы), жекжаттары және (немесе) онымен байланысы бар басқа да адамдар үшін мүліктік және (немесе) мүліктік емес сипаттағы игіліктерді, пайданы немесе артықшылықтарды иемденудегі, алудағы немесе табудағы мүдделілігі.
Осы Заңның мақсаттары үшін:
осы тармақшаның бірінші бөлігінде аталған адамның жақын туыстары - ата-аналары (ата-анасы), балалары, асырап алушылары, асырап алынған балалары, ата-анасы бір және ата-анасы бөлек аға-інілері мен апа-сіңлілері (қарындастары), атасы, әжесі, немерелері;
осы тармақшаның бірінші бөлігінде аталған адамның жекжаттары - жұбайының (зайыбының) ата-анасы бір және ата-анасы бөлек аға-інілері мен апа-сіңлілері (қарындастары), ата-аналары мен балалары;
осы тармақшаның бірінші бөлігінде аталған адаммен байланысы бар басқа да адамдар мыналар:
асырап алынған балаларының жұбайы (зайыбы);
ата-анасы бір және ата-анасы бөлек аға-інілері мен апа-сіңлілерінің (қарындастарының) жұбайы (зайыбы) және балалары;
ата-аналарының ата-анасы бір және ата-анасы бөлек аға-інілері мен апа-сіңлілері (қарындастары) және олардың балалары;
онымен бірлескен шаруашылық жүргізетін адамдар;
оның асырауындағы адамдар;
бұрынғы жұбайы (бұрынғы зайыбы);
акциялары (жарғылық капиталға қатысу үлестері) осы тармақшаның бірінші бөлігінде аталған адамға және (немесе) оның жақын туыстарына, жұбайына (зайыбына), жекжаттарына тиесілі заңды тұлға;
осы тармақшаның бірінші бөлігінде аталған адам және (немесе) оның жақын туыстары, жұбайы (зайыбы), жекжаттары басқаруға қатысатын заңды тұлға;»;
4) тармақшада:
«бюджеттің және Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының қаражатынан қаржыландырылатын жобаларды іріктеу мен іске асыруға жауапты» деген сөздер «бюджеттің және (немесе) Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының қаражатынан қаржыландырылатын жобаларды және (немесе) бағдарламаларды іріктеуге немесе қаржыландыруға немесе іске асыруға немесе мониторингтеуге қатысатын» деген сөздермен ауыстырылсын;
«мемлекеттік бюджеттің қаражатынан қаржыландырылатын жобаларды және (немесе) бағдарламаларды іріктеуге қатысатын не жобаларды және (немесе) бағдарламаларды мемлекеттік бюджеттің қаражатынан қаржыландыру немесе мемлекеттік қолдау шараларын ұсыну туралы шешімдер қабылдауға қатысатын алқалы органдардың мүшелері;» деген сөздермен толықтырылсын;
25-тармағының 1) тармақшасының он тоғызыншы - жиырма төртінші абзацтары 2027 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі
5) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«5) мүдделер қақтығысы - жауапты мемлекеттік лауазымды атқаратын адамдардың, мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілген адамдардың, оларға теңестірілген адамдардың (Қазақстан Республикасының Президенттігіне, Қазақстан Республикасы Құрылтайының немесе мәслихаттардың депутаттығына, аудандық маңызы бар қалалардың, кенттердің, ауылдардың, ауылдық округтердің әкімдігіне, сондай-ақ жергілікті өзін-өзі басқарудың сайланбалы органдарының мүшелігіне кандидаттарды қоспағанда), лауазымды адамдардың жеке мүдделері мен олардың лауазымдық өкілеттіктері арасындағы қайшылық, мұндай жағдайда аталған адамдардың жеке мүдделері олардың өз лауазымдық өкілеттіктерін орындамауына және (немесе) тиісінше орындамауына алып келеді немесе алып келуі мүмкін.
Мүдделер қақтығысының түрлері:
ықтимал мүдделер қақтығысы - осы тармақшаның бірінші бөлігінде аталған адамның жеке мүдделері оның лауазымдық өкілеттіктеріне қайшы келуі мүмкін жағдай;
нақты мүдделер қақтығысы - осы тармақшаның бірінші бөлігінде аталған адамның жеке мүдделері оның лауазымдық өкілеттіктеріне қайшы келетін жағдай;
орын алған мүдделер қақтығысы - осы тармақшаның бірінші бөлігінде аталған адамның жеке мүдделері оның лауазымдық өкілеттіктеріне қайшы келген, соның салдарынан шарттар немесе мәмілелер жасалған, актілер немесе басқа да шешімдер қабылданған жағдай;»;
6) тармақша «лауазымды адамдардың» деген сөздерден кейін «, шет мемлекеттің немесе халықаралық ұйымның лауазымды адамдарының» деген сөздермен толықтырылсын;
25-тармағының 1) тармақшасының жиырма алтыншы - отыз үшінші абзацтары 2026 ж. 24 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді
мынадай мазмұндағы 6-1) және 6-2) тармақшалармен толықтырылсын:
«6-1) сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес - сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарды анықтау, олардың жолын кесу, ашу және тергеп-тексеру жөніндегі қызмет;
6-2) сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі уәкілетті орган - сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті жүзеге асыратын мемлекеттік орган және оның аумақтық органдары;»;
8), 9) және 10) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
«8) сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат жөніндегі уәкілетті орган - Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатын қалыптастыру мен іске асыруды, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласында, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайларды барынша азайту және жою мәселелерінде үйлестіруді жүзеге асыратын орталық мемлекеттік орган және оның аумақтық бөлімшелері;
9) сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулер - осы Заңда және Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында белгіленген, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың алдын алуға бағытталған шектеулер;
10) сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл - сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл субъектілерінің өз өкілеттіктері шегіндегі сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, оның ішінде қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайларды анықтау және жою жөніндегі, сондай-ақ сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарды анықтау, олардың жолын кесу, ашу және тергеп-тексеру және олардың салдарын жою жөніндегі қызметі;»;
13) тармақшадағы «сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайларды зерделеу, анықтау, шектеу» деген сөздер «қоғамда сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік ахуалын қалыптастыру, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайларды анықтау» деген сөздермен ауыстырылсын;
25-тармағының 2) тармақшасы 2027 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі
2) 6-бапта:
8) тармақшадағы «шешуді» деген сөз «реттеуді» деген сөзбен ауыстырылсын;
12) тармақша «құқық бұзушылықтардың» деген сөздерден кейін «және мүдделер қақтығысының» деген сөздермен толықтырылсын;
25-тармағының 3) тармақшасы 2026 ж. 24 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді
3) 7-бап мынадай мазмұндағы 4-1-тармақпен толықтырылсын:
«4-1. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторинг жүргізу тәртібін сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат жөніндегі уәкілетті орган айқындайды.»;
4) 8-бапта:
2-тармақта:
25-тармағының 4) тармақшасының үшінші, төртінші абзацтары 2026 ж. 24 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді
бірінші бөліктің бірінші абзацындағы «іс-қимыл» деген сөз «саясат» деген сөзбен ауыстырылсын;
екінші бөліктегі «іс-қимыл» деген сөз «саясат» деген сөзбен ауыстырылсын;
үшінші бөліктегі «сыбайлас жемқорлықтың туындау себептері мен жағдайларын» деген сөздер «сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайларды» деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы төртінші бөлікпен толықтырылсын:
«Мемлекеттік органдардың, ұйымдардың және квазимемлекеттік сектор субъектілерінің басшылары сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайларды жоймағаны үшін Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіптік жауаптылықта болады.»;
25-тармағы 4) тармақшасының сегізінші абзацы 2026 ж. 24 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді
5-тармақтың екінші бөлігіндегі «іс-қимыл» деген сөз «саясат» деген сөзбен ауыстырылсын;
5) 10-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Мемлекеттік органдар, ұйымдар мен квазимемлекеттік сектор субъектілері бекітетін сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарттар сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат жөніндегі уәкілетті орган бекіткен сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарттарды қалыптастыру жөніндегі әдістеменің негізінде жұртшылықтың қатысуымен әзірленеді.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарттар құқық қолдану практикасында ескеріледі және Қазақстан Республикасы заңнамасының өзгерістері ескеріле отырып жаңартылып отыруға тиіс.»;
6) 11-бапта:
9-тармақ алып тасталсын;
10-тармақтағы «және 9-тармағының 1) және 2) тармақшаларының» деген сөздер алып тасталсын;
мынадай мазмұндағы 14-тармақпен толықтырылсын:
«14. Осы баптың ережелері автомобиль жолдарында техникалық және авторлық қадағалауды жүзеге асыратын адамдарға және мемлекеттік бюджеттің қаражатынан қаржыландырылатын жобаларды және (немесе) бағдарламаларды іріктеуге қатысатын не жобаларды және (немесе) бағдарламаларды мемлекеттік бюджеттің қаражатынан қаржыландыру немесе мемлекеттік қолдау шараларын ұсыну туралы шешімдер қабылдауға қатысатын алқалы органдардың мүшелеріне (мемлекеттік лауазымды не мемлекеттік ұйымда немесе квазимемлекеттік сектор субъектісінде мемлекеттік функцияларға теңестірілген функцияларды орындауға байланысты лауазымды атқаратын адамдарды қоспағанда) қолданылмайды.»;
7) 12-бапта:
1-тармақта:
25-тармағының 7) тармақшасының үшінші - алтыншы абзацтары 2027 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі
бірінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Жауапты мемлекеттік лауазымды атқаратын адамдар, мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілген адамдар, оларға теңестірілген адамдар (Қазақстан Республикасының Президенттігіне, Қазақстан Республикасы Құрылтайының немесе мәслихаттарының депутаттығына, аудандық маңызы бар қалалардың, кенттердің, ауылдардың, ауылдық округтердің әкімдігіне, сондай-ақ жергілікті өзін-өзі басқарудың сайланбалы органдарының мүшелігіне кандидаттарды қоспағанда), лауазымды адамдар осы Заңның 13, 14, 14-1, 15, 15-1, 15-2, 15-3, 15-4 және 15-5-баптарында белгіленген ерекшеліктерді ескере отырып, өздеріне:»;
2) тармақшадағы «жұбайлары (зайыптары) мен жекжаттарының» деген сөздер «жұбайларының (зайыптарының), жекжаттарының және (немесе) олармен байланысы бар басқа да адамдардың» деген сөздермен ауыстырылсын;
3) тармақшадағы «артықшылықтар» деген сөз «артықшылықтарды өзіне және (немесе) басқа да адамдарға» деген сөздермен ауыстырылсын;
4) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«4) материалдық сыйақыны, сыйлықтарды, жеңілдіктерді немесе көрсетілетін қызметтерді ұсынған адамдардың немесе олардың өкілі болған адамдардың пайдасына жасаған әрекеттері (әрекетсіздігі) үшін, егер мұндай әрекеттер осы тармақтың бірінші абзацында аталған адамдардың қызметтік өкілеттіктеріне кірсе немесе осы адамдар лауазымдық жағдайына байланысты мұндай әрекеттерге (әрекетсіздікке) ықпал етуі мүмкін болса, оларды қабылдау;»;
25-тармағының 7) тармақшасының тоғызыншы - он бірінші абзацтары 2027 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі
6) тармақшадағы «бәс тігуге қатысу бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулерді қабылдайды.» деген сөздер «бәс тігуге қатысу;» деген сөздермен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 7) тармақшамен толықтырылсын:
«7) лауазымдық өкілеттіктерін жеке мүддесі үшін пайдалану бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулерді қабылдайды.»;
4-тармақ «қабылдамауы» деген сөзден кейін «, егер осы Заңда өзгеше белгіленбесе,» деген сөздермен толықтырылсын;
5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«5. Осы баптың 1-тармағының бірінші абзацында аталған адамның отбасы мүшелері осы адамның материалдық сыйақыны, сыйлықтарды, жеңілдіктерді немесе көрсетілетін қызметтерді ұсынған адамдардың немесе олардың өкілі болған адамдардың пайдасына жасаған әрекеттері (әрекетсіздігі) үшін, егер мұндай әрекеттер осы адамның қызметтік өкілеттіктеріне кірсе не ол өзінің лауазымдық жағдайына байланысты мұндай әрекеттерге (әрекетсіздікке) ықпал етуі мүмкін болса, оларды алуға құқылы емес.»;
6-тармақта:
екінші бөлікте:
«көрсетілген қызметтерге» деген сөздер «ұсынылған жеңілдіктерге, қызметтерге» деген сөздермен ауыстырылсын;
«қызмет көрсетілген» деген сөздер «жеңілдіктер, қызметтер ұсынылған» деген сөздермен ауыстырылсын;
«қызметтің көрсетілгені» деген сөздер «жеңілдіктің, қызметтің ұсынылғаны» деген сөздермен ауыстырылсын;
үшінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
«Сыйлықты мемлекеттік мүлікті басқару жөніндегі уәкілетті органға берген адам мұндай сыйлықты «Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген тәртіппен сатып алуға құқылы. Сыйлықтарды сатудан түскен ақша республикалық бюджетке аударылады.»;
мынадай мазмұндағы 7-тармақпен толықтырылсын:
«7. Осы баптың 1, 3 және 4-тармақтарының ережелері автомобиль жолдарында техникалық және авторлық қадағалауды жүзеге асыратын адамдарға және мемлекеттік бюджеттің қаражатынан қаржыландырылатын жобаларды және (немесе) бағдарламаларды іріктеуге қатысатын не жобаларды және (немесе) бағдарламаларды мемлекеттік бюджеттің қаражатынан қаржыландыру немесе мемлекеттік қолдау шараларын ұсыну туралы шешімдер қабылдауға қатысатын алқалы органдардың мүшелеріне (мемлекеттік лауазымды не мемлекеттік ұйымда немесе квазимемлекеттік сектор субъектісінде мемлекеттік функцияларға теңестірілген функцияларды орындауға байланысты лауазымды атқаратын адамдарды қоспағанда) қолданылмайды.
25-тармағының 7) тармақшасының жиырма үшінші - жиырма алтыншы абзацтары 2027 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі
Осы тармақтың бірінші бөлігінде аталған адамдар мемлекеттік функцияларға теңестірілген функцияларды орындаған кезде осы Заңның 15, 15-1, 15-2, 15-3 және 15-4-баптарында белгіленген ерекшеліктерді ескере отырып, мынадай:
1) өзі және (немесе) басқа да адамдар үшін мүліктік және мүліктік емес игіліктер мен артықшылықтарды алу немесе табу мақсатында ресми таратылуға жатпайтын қызметтік және өзге де ақпаратты пайдалану;
2) материалдық сыйақыны, сыйлықтарды, жеңілдіктерді немесе көрсетілетін қызметтерді ұсынған адамдардың немесе олардың өкілі болған адамдардың пайдасына жасаған әрекеттері (әрекетсіздігі) үшін, егер мұндай әрекеттер осы тармақтың бірінші бөлігінде аталған адамдардың өкілеттіктеріне кірсе немесе осы адамдар өзінің жағдайына байланысты мұндай әрекеттерге (әрекетсіздікке) ықпал етуі мүмкін болса, оларды қабылдау;
3) өкілеттіктерді жеке мүддесі үшін пайдалану бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулерді сақтауға міндетті.
Мемлекеттік функцияларға теңестірілген функцияларды орындау кезінде осы тармақтың бірінші бөлігінде аталған адамдарға және олардың отбасы мүшелеріне осы баптың 5 және 6-тармақтарының ережелері қолданылады.»;
8) 13-баптың 1-тармағы бірінші бөлігінің бірінші абзацындағы «азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйымның» деген сөздер «авиациялық оқиғаларды тергеп-тексеру жөніндегі уәкілетті ұйымның, азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйымның» деген сөздермен ауыстырылсын;
25-тармағының 9) тармақшасы 2027 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі
9) 14 және 15-баптар мынадай редакцияда жазылсын:
«14-бап. Жақын туыстардың, ерлі-зайыптылардың, жекжаттардың және (немесе) байланысы бар басқа да адамдардың бірге қызмет (жұмыс) істеуіне жол бермеу
1. Жауапты мемлекеттік лауазымды атқаратын адамдардың, мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілген адамдардың (өз қызметін тұрақты емес немесе жұмыстан босатылған негізде жүзеге асыратын мәслихаттардың депутаттарын қоспағанда), мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілген адамдарға теңестірілген адамдардың (Қазақстан Республикасының Президенттігіне, Қазақстан Республикасы Құрылтайының немесе мәслихаттардың депутаттығына, аудандық маңызы бар қалалардың, кенттердің, ауылдардың, ауылдық округтердің әкімдігіне, сондай-ақ жергілікті өзін-өзі басқарудың сайланбалы органдарының мүшелігіне кандидаттарды қоспағанда), лауазымды адамдардың жақын туыстары, жұбайы (зайыбы), жекжаттары және (немесе) олармен байланысы бар басқа да адамдар олардың тікелей бағынысында бола алмайды, сондай-ақ олар мұндай адамдардың тікелей бағынысында бола алмайды.
2. Осы баптың 1-тармағында аталған адамдар жетекшілік ететін және басқаратын мемлекеттік органдардың, ұлттық басқарушы холдингтердің, ұлттық холдингтердің, ұлттық компаниялардың, ұлттық және өңірлік даму институттарының, олардың еншілес ұйымдарының құрылымдық бөлімшелерінде олардың жақын туыстары, жұбайы (зайыбы), жекжаттары және (немесе) олармен байланысы бар басқа да адамдар лауазымдарды атқара алмайды.
Ескертпелер:
1. Осы тармақтың мақсаттары үшін мемлекеттік орган деп дербес заңды тұлға ретінде тіркелген мемлекеттік орган түсініледі.
2. Осы тармақтың талаптары:
1) жақын туыстарымен, жұбайымен (зайыбымен), жекжаттарымен және (немесе) олармен байланысы бар басқа да адамдармен тікелей бағынысты болмаған кезде ауылдық елді мекендерде, шекара бөлімшелерінде, сондай-ақ жабық және оқшауланған әскери қалашықтарда және өзге де жабық объектілерде орналасқан мекемелерде жұмыс істейтін, осы баптың 1-тармағында аталған адамдарға;
2) осы баптың 1-тармағында аталған адамдардың бірге жүретін отбасы мүшелерімен тікелей бағынысты болмаған кезде Қазақстан Республикасының шет елдердегі мекемелерінде Қазақстан Республикасының дипломатиялық қызмет туралы заңнамасына сәйкес айқындалатын, бірге жүретін отбасы мүшелерімен бірге қызмет (жұмыс) істеу жағдайына қолданылмайды.
3. Мемлекеттік органның, ұйымның немесе квазимемлекеттік сектор субъектісінің дербес құрылымдық немесе аумақтық бөлімшелері басшыларының, сондай-ақ мемлекеттік органның ведомстволық бағынысты ұйымдары басшыларының лауазымдарын мемлекеттік органның, ұйымның немесе квазимемлекеттік сектор субъектісінің бірінші басшысының не тиісті мемлекеттік органда, ұйымда немесе квазимемлекеттік сектор субъектісінде лауазымға тағайындау құқығы бар өзге де лауазымды адамның жақын туыстары, жұбайы (зайыбы), жекжаттары және (немесе) олармен байланысы бар басқа да адамдар атқара алмайды.
4. Осы баптың 1, 2 және 3-тармақтарының талаптарын бұзатын адамдар, егер олар көрсетілген бұзушылық анықталған кезден бастап үш ай ішінде оны өз еркімен жоймаса, осындай бағыныстылықты болғызбайтын лауазымға ауысуға тиіс, ал осындай ауысу мүмкін болмаған кезде осы қызметшілердің (жұмыскерлердің) біреуі лауазымынан шығарылуға немесе көрсетілген функциялардан өзгедей босатылуға тиіс.
5. Егер осы баптың 1-тармағында аталған адам мемлекеттік органда персоналды басқару қызметінің (кадр қызметінің), меншікті (ішкі) қауіпсіздік қызметінің, ішкі аудит қызметінің немесе мемлекеттік органның аумақтық бөлімшелерінің немесе ведомстволық бағынысты мемлекеттік органдардың қызметіне ішкі бақылауды жүзеге асыратын өзге де дербес құрылымдық бөлімшенің басшысы лауазымын атқарса, онда оның жақын туыстары, жұбайы (зайыбы), жекжаттары және (немесе) онымен байланысы бар басқа да адамдар:
1) аталған адамның бақылауындағы мемлекеттік органның көрсетілген аумақтық бөлімшелеріндегі немесе ведомстволық бағынысты мемлекеттік органдардағы дербес құрылымдық бөлімшелердің басшылары;
2) осы тармақтың 1) тармақшасында көрсетілген құрылымдық бөлімшелердің жұмысына жетекшілік ететін мемлекеттік органның аумақтық бөлімшелері немесе ведомстволық бағынысты мемлекеттік органдар басшыларының орынбасарлары;
3) мемлекеттік органның аумақтық бөлімшелерінің немесе ведомстволық бағынысты мемлекеттік органдардың басшылары лауазымдарын атқара алмайды.
Осы тармақтың бірінші бөлігінің талаптарын бұзатын адамдар, егер олар көрсетілген бұзушылық анықталған кезден бастап үш ай ішінде оны өз еркімен жоймаса, осындай бақылауда болуды болғызбайтын лауазымдарға ауысуға тиіс, ал мұндай ауысу мүмкін болмаған кезде осы қызметшілердің (жұмыскерлердің) біреуі лауазымынан шығарылуға немесе атқаратын лауазымынан өзгедей босатылуға тиіс.
6. Осы баптың 1-тармағында аталған адамдарға квазимемлекеттік сектор субъектісінің бір басқару органында (байқау кеңесінде), атқарушы органында осы Заңның 1-бабы 1-2) тармақшасының екінші бөлігінде аталған өзінің жақын туыстарымен, жұбайымен (зайыбымен), жекжаттарымен және (немесе) олармен байланысы бар басқа да адамдармен лауазымдарды атқаруға тыйым салынады.
Осы тармақтың бірінші бөлігінің талаптарын бұзатын адамдар, егер олар көрсетілген бұзушылық анықталған кезден бастап үш ай ішінде оны өз еркімен жоймаса, квазимемлекеттік сектор субъектісінің бір басқару органында (байқау кеңесінде), атқарушы органында бірге қызмет (жұмыс) істеуді болғызбайтын лауазымға ауысуға тиіс, ал мұндай ауысу мүмкін болмаған кезде осы жұмыскерлердің біреуі лауазымнан шығарылуға немесе көрсетілген функциялардан өзгедей босатылуға тиіс.
Ескертпелер:
1. Осы бапта тікелей бағынысты деп, егер лауазымдық нұсқаулықта немесе бағынысты адамның лауазымдық өкілеттіктерін айқындайтын өзге де құжатта өзгеше көзделмесе, бір адамның келесі жоғары тұрған лауазымды атқаратын, бағынысты адамға нұсқаулар, тапсырмалар беру жөніндегі, олардың орындалуын бақылау және (немесе) бағынысты адамның қызметін ұйымдастыру жөніндегі өкілеттіктер берілген басқа адамға тікелей бағынысты болуы түсініледі.
2. Осы баптың 1-тармағында аталған адамдардың бұрынғы жұбайымен (зайыбымен) бірге қызмет (жұмыс) істеуіне осы бапта көзделген шектеулер неке (ерлі-зайыптылық) бұзылған кезден бастап бір жыл ішінде қолданылады.»;
«15-бап. Лауазымдық өкілеттіктерді жеке мүддесі үшін пайдалануға жол бермеу
1. Жауапты мемлекеттік лауазымды атқаратын адамдар, мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілген адамдар, мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілген адамдарға теңестірілген адамдар (Қазақстан Республикасының Президенттігіне, Қазақстан Республикасы Құрылтайының немесе мәслихаттардың депутаттығына, аудандық маңызы бар қалалардың, кенттердің, ауылдардың, ауылдық округтердің әкімдігіне, сондай-ақ жергілікті өзін-өзі басқарудың сайланбалы органдарының мүшелігіне кандидаттарды қоспағанда), лауазымды адамдар өздерінің лауазымдық өкілеттіктерін жеке мүддесі үшін пайдалануға жол бермеу мақсатында мүдделер қақтығысын болғызбау және реттеу жөнінде шаралар қабылдауға міндетті.
2. Осы баптың 1-тармағында аталған адамдарға:
1) жеке мүдделері болған кезде шешімдерді қарауға, талқылауға, дайындауға немесе қабылдауға қатысуға не шешімдерге өзге де тәсілмен ықпал етуге;
2) осы Заңның 15-3-бабы 4-тармағының екінші бөлігінде көзделген жағдайларды қоспағанда, мүдделер қақтығысы болған кезде лауазымдық өкілеттіктерін жүзеге асыруға;
3) мемлекеттік органда, ұйымда немесе өзі қызметте тұрған (жұмыс істейтін) не оған тікелей бағынатын немесе бақылауындағы квазимемлекеттік сектор субъектісінде үшінші тұлғалардың істері бойынша өкіл болуға;
4) атқаратын (бұрын атқарған) лауазымының артықшылықтарын жеке мүддесі үшін пайдалануға тыйым салынады.»;
25-тармағының 10) тармақшасы 2027 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі
10) мынадай мазмұндағы 15-1, 15-2, 15-3, 15-4 және 15-5-баптармен толықтырылсын:
«15-1-бап. Мүдделер қақтығысын болғызбау және реттеу
1. Мүдделер қақтығысын болғызбау:
1) осы Заңның 15-бабының 1-тармағында аталған адамдардың осы Заңның 14-бабында және 15-бабының 2-тармағында көзделген тыйым салулар мен талаптарды сақтауынан;
2) жеке мүдделерін декларациялаудан;
3) осы Заңның 15-бабының 1-тармағында аталған адамдарға мүдделер қақтығысын болғызбау және реттеу мәселелерін регламенттейтін құқықтық актілердің ережелерін түсіндіруден;
4) ықтимал мүдделер қақтығысын анықтаудан және реттеуден;
5) осы Заңның 15-бабының 1-тармағында аталған адамдардың қарсылық білдіруді (өздігінен бас тартуды) мәлімдеуінен көрінеді.