2) тексерілетін субъектілерде жұмыс істейтін жақын туыстары немесе жұбайлары (зайыптары) және (немесе) олармен байланысы бар «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 1-бабы 1-2) тармақшасының екінші бөлігінде аталған басқа да адамдар;».
14. «Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы» 2009 жылғы 28 тамыздағы Қазақстан Республикасының Заңына:
1-баптың 3-3) тармақшасының сегізінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«халықаралық шарттар негізінде мемлекеттер құрған халықаралық ұйымдарда басшылық лауазымды атқаратын адам;».
15-тармақ 2026 ж. 24 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді
15. «Атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі туралы» 2010 жылғы 2 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына:
1) 42-баптың бірінші бөлігінің 13) тармақшасындағы «өзге де құқық қорғау органдары» деген сөздер «қылмыстық қудалау органдары» деген сөздермен ауыстырылсын;
2) 45-бапта:
1-тармақтың бірінші бөлігіндегі «сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет,» деген сөздер алып тасталсын;
2-тармақтағы «сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет,» деген сөздер алып тасталсын.
16. «Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы» 2010 жылғы 15 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына:
1) 1-баптың 16-2) тармақшасындағы «мен оның орынбасарларының, құрылымдық бөлімшелер басшыларының және авиация инспекторларының лауазымдарын атқаратын қызметкерлері» деген сөздер «, оның орынбасарлары, авиация инспекторлары лауазымдарын атқаратын қызметкерлері, азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйымның атқарушы органының басшысы және (немесе) мүшелері ретінде сайланған (тағайындалған) адамдар, азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйымның құрылымдық бөлімшелерінің бақылау және (немесе) қадағалау функцияларын жүзеге асыру өкілеттіктері берілген басшылары, сондай-ақ азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйымның «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілген адамдарға теңестірілген өзге де қызметкерлері» деген сөздермен ауыстырылсын;
2) 16-13-бапта:
тақырыптағы «бірінші басшысы» деген сөздер «қызметшілері» деген сөзбен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы 3 және 4-тармақтармен толықтырылсын:
«3. Азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйымның қызметшісі лауазымына:
1) сот әрекетке қабілетсіз немесе әрекет қабілеті шектеулі деп таныған;
16-тармағының 2) тармақшасының алтыншы абзацының қолданысы 2029 ж. 14 маусымға дейін тоқтатылды, тоқтата тұру кезеңінде осы абзац Заңның 2-бабының 2-тармағы 6) тармақшасының редакциясында қолданылады
2) лауазымға тағайындалар алдындағы үш жыл ішінде әкімшілік сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасағаны үшін әкімшілік жаза қолданылған;
3) сыбайлас жемқорлық қылмыс жасаған;
4) лауазымға орналасу уақытында заңда белгіленген тәртіппен жойылмаған немесе алынбаған сотталғандығы бар;
5) осы Заңның 16-6-бабы 1-тармағының төртінші бөлігіне сәйкес міндетті арнаулы тексерудің оң нәтижелерін алмаған;
6) Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген шектеулер мен тыйымдарды сақтамағаны үшін азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйымға жұмысқа орналасар алдындағы бір жыл ішінде жұмыстан шығарылған адам тағайындала алмайды.
4. Азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйымның қызметшісімен еңбек шартын тоқтату мынадай негіздерде жүргізіледі:
1) Қазақстан Республикасының Еңбек кодексінде көзделген негіздер;
2) осы Заңның 16-6-бабы 1-тармағының төртінші бөлігіне сәйкес міндетті арнаулы тексерудің теріс нәтижелері;
3) кірістері мен мүлкі туралы көрінеу жалған мәліметтер беру;
4) «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулерді қабылдамау;
5) Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларды қоспағанда, пайдаланылуы кіріс алуға алып келетін мүлікті сенімгерлік басқаруға бермеу;
6) азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйымға жұмысқа кіру кезінде жұмысқа қабылдаудан бас тартуға негіз болуы мүмкін көрінеу жалған құжаттарды немесе мәліметтерді ұсыну;
7) Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген өзге де негіздер.»;
3) 2-2-тарау мынадай мазмұндағы 16-16-баппен толықтырылсын:
«16-16-бап. Авиациялық оқиғаларды тергеп-тексеру жөніндегі уәкілетті ұйымның қызметшілері
1. Авиациялық оқиғаларды тергеп-тексеру жөніндегі уәкілетті ұйымның қызметшісі лауазымына:
1) сот әрекетке қабілетсіз немесе әрекет қабілеті шектеулі деп таныған;
16-тармағының 3) тармақшасының бесінші абзацының қолданысы 2029 ж. 14 маусымға дейін тоқтатылды, тоқтата тұру кезеңінде осы абзац Заңның 2-бабының 2-тармағы 7) тармақшасының редакциясында қолданылады
2) лауазымға тағайындалар алдындағы үш жыл ішінде әкімшілік сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасағаны үшін әкімшілік жаза қолданылған;
3) сыбайлас жемқорлық қылмыс жасаған;
4) лауазымға орналасу уақытында заңда белгіленген тәртіппен жойылмаған немесе алынбаған сотталғандығы бар;
5) авиациялық оқиғаларды тергеп-тексеру жөніндегі уәкілетті ұйымға жұмысқа орналасар алдындағы бір жыл ішінде Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген шектеулер мен тыйымдарды сақтамағаны үшін жұмыстан шығарылған адам тағайындала алмайды.
2. Авиациялық оқиғаларды тергеп-тексеру жөніндегі уәкілетті ұйымның қызметшісімен еңбек шартын тоқтату мынадай негіздер бойынша жүргізіледі:
1) Қазақстан Республикасының Еңбек кодексінде көзделген негіздер;
2) кірістері мен мүлкі туралы көрінеу жалған мәліметтер беру;
3) «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулерді қабылдамау;
4) Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларды қоспағанда, пайдаланылуы кіріс алуға алып келетін мүлікті сенімгерлік басқаруға бермеу;
5) авиациялық оқиғаларды тергеп-тексеру жөніндегі уәкілетті ұйымға жұмысқа кіру кезінде жұмысқа қабылдаудан бас тартуға негіз болуы мүмкін көрінеу жалған құжаттарды немесе мәліметтерді ұсыну;
6) Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген өзге де негіздер.».
17. «Құқық қорғау қызметі туралы» 2011 жылғы 6 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына:
17-тармағының 1) тармақшасы 2026 ж. 24 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді
1) 1-баптың 12-2) тармақшасы алып тасталсын;
17-тармағының 2) тармақшасы 2026 ж. 24 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді
2) 3-баптағы «, сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет» деген сөздер алып тасталсын;
17-тармағының 3) тармақшасы 2029 ж. 14 маусымнан бастап қолданысқа енгізіледі
3) 6-баптың 2-тармағы бірінші бөлігінің 6) тармақшасындағы «активтері мен міндеттемелері туралы декларацияны ұсынбаған адамды жұмысқа қабылдағаны үшін мемлекеттік қызметші ретінде алғаш рет әкімшілік жауаптылыққа тартылған жағдайды қоспағанда,» деген сөздер алып тасталсын;
17-тармағының 4) тармақшасы 2026 ж. 24 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді
4) 7-баптың 2-1-тармағының екінші бөлігіндегі «, сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметке» деген сөздер алып тасталсын;
17-тармағының 5) тармақшасы 2026 ж. 24 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді
5) 11-баптың 4-тармағының екінші бөлігіндегі «, сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметке» деген сөздер алып тасталсын;
17-тармағының 6) тармақшасы 2027 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі
6) 17-баптың 1-тармағының 9) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«9) «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 14-бабында көрсетілген жағдайларда, жақын туыстарымен, жұбайымен (зайыбымен), жекжаттарымен және онымен байланысы бар басқа да адамдармен бірлескен қызметті жүзеге асыруға құқығы жоқ.»;
17-тармағының 7) тармақшасы 2026 ж. 24 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді
7) 20-баптың 1-тармағының екінші бөлігіндегі «сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің жедел-тергеу бөлімшелерінің қызметкерлеріне және» деген сөздер алып тасталсын;
17-тармағының 8) тармақшасы 2026 ж. 24 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді
8) 22-баптың 3-тармағының 9) тармақшасы алып тасталсын;
9) 42-бапта:
1-тармақтағы «қызмет әрекеттері мен құқық қорғау қызметіндегі өтілі туралы» деген сөздер «еңбек қызметі мен құқық қорғау қызметіндегі өтілі туралы мәліметтерді және құқық қорғау органының қызметін қамтамасыз ету үшін қажетті, құқық қорғау қызметіне кіруге, оны өткеруге және құқық қорғау қызметінен шығарылуына байланысты өзге де» деген сөздермен ауыстырылсын;
17-тармағының 9) тармақшасының үшінші және төртінші абзацтары 2027 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«3. «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес мүдделер қақтығысын анықтау мақсатында қызметкердің жеке ісіне жұбайының (зайыбының) және жақын туыстарының жеке сәйкестендіру нөмірлері, сондай-ақ бар болған кезде - қызметкер бұрын еңбек қызметін жүзеге асырған ұйымдардың бизнес-сәйкестендіру нөмірлері (дара кәсіпкерлердің жеке сәйкестендіру нөмірлері) енгізіледі.».
18. «Мемлекеттік мүлік туралы» 2011 жылғы 1 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына:
1) 149-баптың 1-тармағының бірінші бөлігі мынадай мазмұндағы 7-1) тармақшамен толықтырылсын:
«7-1) сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызметтің штат санын айқындайды, оның басшысын немесе сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызметтің функцияларын орындайтын жауапты адамды тағайындайды, сондай-ақ сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызмет басшысының немесе сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызметтің функцияларын орындайтын жауапты адамның өкілеттік мерзімін, лауазымдық айлықақысының мөлшерін және сыйақы шарттарын айқындайды;»;
2) мынадай мазмұндағы 150-3-баппен толықтырылсын:
«150-3-бап. Байқау кеңесі бар шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорынның сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызметі
1. Байқау кеңесі бар шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорын мен оның жұмыскерлерінің Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнамасын сақтауын қамтамасыз ету үшін құрылымдық бөлімше немесе сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызметтің функцияларын орындайтын жауапты адам айқындалады.
2. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызметтің басшысы, жұмыскерлері немесе сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызметтің функцияларын орындайтын жауапты адам осы байқау кеңесі бар шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорынның байқау кеңесінің, атқарушы органы мен өзге де алқалы органдарының құрамына сайлана алмайды.
3. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызмет немесе сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызметтің функцияларын орындайтын жауапты адам өз өкілеттіктерін байқау кеңесі бар шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорынның атқарушы органынан, лауазымды адамдарынан тәуелсіз жүзеге асырады, байқау кеңесіне есеп береді және Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнамасы талаптарының сақталуын қамтамасыз ету кезінде тәуелсіз болады.
4. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызметтің немесе сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызметтің функцияларын орындайтын жауапты адамның құзыреті, жұмысын ұйымдастыру және жұмыс істеу тәртібі сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат жөніндегі уәкілетті орган бекіткен, квазимемлекеттік сектор субъектілеріндегі сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызметтер туралы үлгілік ереже негізінде байқау кеңесі бар шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорынның ішкі актісінде айқындалады.
5. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызмет немесе сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызметтің функцияларын орындайтын жауапты адам сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат жөніндегі уәкілетті органмен өзара іс-қимыл жасайды.»;
3) 216-бапта:
мынадай мазмұндағы 1-1-тармақпен толықтырылсын:
«1-1. Осы баптың 1-тармағында аталған адам қызметін жүзеге асырып жүрген мемлекеттік заңды тұлға немесе осындай адамның қызметін материалдық-техникалық жағынан қамтамасыз етуді жүзеге асыратын мемлекеттік заңды тұлға мемлекеттік мүліктің құрамына келіп түскен, оған және (немесе) оның отбасы мүшелеріне хаттамалық немесе басқа да ресми іс-шара кезінде берілген (табыс етілген) сыйлықты Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен өтеусіз алуға құқылы.»;
2-тармақ мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
«Бұл ретте осы баптың 1-тармағында аталған адамға немесе оның отбасы мүшелеріне хаттамалық немесе басқа да ресми іс-шара кезінде берілген (табыс етілген) сыйлықты осы баптың 1-1-тармағында көрсетілген мемлекеттік заңды тұлға оны талап етпеген жағдайда осы тармақтың бірінші бөлігінде белгіленген тәртіппен сатып алынуы мүмкін.»;
3-тармақтағы «сыйлықты тапсырған адам сатып алудан жазбаша бас тартқаннан кейін ғана» деген сөздер «Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен» деген сөздермен ауыстырылсын.
19-тармақ 2026 ж. 24 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді
19. «Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігі туралы» 2012 жылғы 6 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына:
1) 9-баптың 1-тармағының 3) тармақшасындағы «сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет,» деген сөздер алып тасталсын;
2) 15-баптың 1-тармағында:
1) тармақша «барлау қызметін,» деген сөздерден кейін «сыбайлас жемқорлықа қарсы күресті,» деген сөздермен толықтырылсын;
6-1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«6-1) сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат жөніндегі уәкілетті орган - Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатын қалыптастыру мен іске асыруды, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласында, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайларды барынша азайту және жою мәселелерінде үйлестіруді жүзеге асыратын орталық мемлекеттік орган және оның аумақтық бөлімшелері;».
20. «Ұлттық әл-ауқат қоры туралы» 2012 жылғы 1 ақпандағы Қазақстан Республикасының Заңына:
1) 8-баптың 3-тармағы мынадай мазмұндағы 18-1) тармақшамен толықтырылсын:
«18-1) сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызметтің штат санын айқындау, оның басшысын немесе сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызметтің функцияларын орындайтын жауапты адамды тағайындау, сондай-ақ сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызмет басшысының немесе сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызметтің функцияларын орындайтын жауапты адамның өкілеттік мерзімін, лауазымдық айлықақысының мөлшерін және сыйақы шарттарын айқындау;»;
2) 9-баптың 1-тармағының төртінші бөлігі алып тасталсын;
3) 2-тарау мынадай мазмұндағы 11-2-баппен толықтырылсын:
«11-2-бап. Қордың сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызметі
1. Қор мен оның жұмыскерлерінің Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнамасын сақтауын қамтамасыз ету үшін құрылымдық бөлімше немесе сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызметтің функцияларын орындайтын жауапты адам айқындалады.
2. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызметтің басшысы, жұмыскерлері немесе сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызметтің функцияларын орындайтын жауапты адам Қордың директорлар кеңесі мен атқарушы органының құрамына сайлана алмайды.
3. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызмет немесе сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызметтің функцияларын орындайтын жауапты адам өз өкілеттіктерін Қордың атқарушы органынан, лауазымды адамдарынан тәуелсіз жүзеге асырады, Қордың директорлар кеңесіне есеп береді және Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнамасы талаптарының сақталуын қамтамасыз ету кезінде тәуелсіз болады.
4. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызметтің немесе сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызметтің функцияларын орындайтын жауапты адамның құзыреті, жұмысын ұйымдастыру және жұмыс істеу тәртібі сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат жөніндегі уәкілетті орган бекіткен, квазимемлекеттік сектор субъектілеріндегі сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызметтер туралы үлгілік ереже негізінде Қордың ішкі актісінде айқындалады.
5. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызмет немесе сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызметтің функцияларын орындайтын жауапты адам сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат жөніндегі уәкілетті органмен өзара іс-қимыл жасайды.»;
4) 14-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«14-бап. Қордың тобына кіретін ұйымдар қызметінің әсерін талдау тәртібі
1. Қордың директорлар кеңесі Қордың басқарма төрағасына Қордың тобына кіретін ұйымдар қызметінің экономиканың немесе экономиканың жеке алғандағы саласының дамуына әсер етуіне талдау (бұдан әрі - талдау) жүргізу жөніндегі ревизия тобын құруға не Қордың бюджетіне салынған қаражат шегінде Қордың тобына кіретін ұйымдардың сыртқы аудитін жүргізу туралы тапсырма беруге құқылы.
2. Қордың тобына кіретін ұйымды талдау нәтижелері Қордың директорлар кеңесіне ұсынылатын актімен ресімделеді.
3. Қордың тобына кіретін ұйымның тиімсіз қызмет жасау жағдайлары анықталған кезде Қордың органдары осындай ұйым қызметінің тиімділігін арттыру үшін қажетті шаралар қабылдайды.»;
5) 24-баптың 3-тармағы 7) тармақшасындағы «айқындау мәселелері қосылмайды.» деген сөздер «айқындау;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 8) тармақшамен толықтырылсын:
«8) сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызметтің штат санын айқындау, оның басшысын немесе сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызметтің функцияларын орындайтын жауапты адамды тағайындау, сондай-ақ сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызмет басшысының немесе сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызметтің функцияларын орындайтын жауапты адамның өкілеттік мерзімін, лауазымдық айлықақысының мөлшерін және сыйақы шарттарын айқындау мәселелері қосылмайды.».
21. «Қазақстан Республикасының арнаулы мемлекеттік органдары туралы» 2012 жылғы 13 ақпандағы Қазақстан Республикасының Заңына:
21-тармағының 1) тармақшасы 2029 ж. 14 маусымнан бастап қолданысқа енгізіледі
1) 7-баптың 2-тармағы бірінші бөлігінің 6) тармақшасындағы «активтері мен міндеттемелері туралы декларацияны ұсынбаған адамды жұмысқа қабылдағаны үшін мемлекеттік қызметші ретінде алғаш рет әкімшілік жауаптылыққа тартылған жағдайды қоспағанда,» деген сөздер алып тасталсын;
21-тармағының 2) тармақшасы 2027 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі
2) 19-баптың 1-тармағы бірінші бөлігінің 9) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«9) «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 14-бабында көрсетілген жағдайларда, жақын туыстарымен, жұбайымен (зайыбымен), жекжаттарымен және онымен байланысы бар басқа да адамдармен бірлескен қызметті жүзеге асыруға;»;
3) 24-баптың 2-тармағында:
төртінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
«Арнаулы мемлекеттік органдардың кадр құрамына қатысты олардың дербес деректерін, осы баптың 1-тармағында аталған адамдардың еңбек қызметі мен арнаулы мемлекеттік органдағы қызмет (жұмыс) өтілі туралы мәліметтерді және арнаулы мемлекеттік органның қызметін қамтамасыз ету үшін қажетті, қызметке кіруге (жұмысқа қабылдануға), оны өткеруге және қызметтен (жұмыстан) шығарылуына байланысты өзге де мәліметтерді қамтитын жеке істер жүргізіледі.»;
мынадай мазмұндағы бесінші және алтыншы бөліктермен толықтырылсын:
21-тармағының 3) тармақшасының бесінші абзацы 2027 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі
«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес мүдделер қақтығысын анықтау мақсатында осы баптың 1-тармағында аталған адамның жеке ісіне жұбайының (зайыбының) және жақын туыстарының жеке сәйкестендіру нөмірлері, сондай-ақ бар болған кезде, осы баптың 1-тармағында аталған адам бұрын еңбек қызметін жүзеге асырған ұйымдардың бизнес-сәйкестендіру нөмірлері (дара кәсіпкерлердің жеке сәйкестендіру нөмірлері) енгізіледі.
Жеке істерді ресімдеу, есепке алуды жүргізу және сақтау тәртібін арнаулы мемлекеттік органдардың бірінші басшылары айқындайды.»;
21-тармағының 4) тармақшасы 2027 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі
4) 30-баптың 8-тармағының 5) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«5) тағайындау осы Заңның 19-бабы 1-тармағы бірінші бөлігінің 9) тармақшасында көзделген шектеу сақталған кезде жүргізіледі.»;
5) 65-баптың 3-тармағының 7) тармақшасындағы «Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамасында, сондай-ақ» деген сөздер алып тасталсын.
22. «Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы» 2012 жылғы 16 ақпандағы Қазақстан Республикасының Заңына:
22-тармағының 1) тармақшасы 2027 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі
1) 8-баптың 1-тармағы бірінші бөлігінің 8) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«8) «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 14-бабында көрсетілген жағдайларда, жақын туыстарымен, жұбайымен (зайыбымен), жекжаттарымен және онымен байланысы бар басқа да адамдармен бірлескен қызметті жүзеге асыруға;»;
2) мынадай мазмұндағы 22-2-баппен толықтырылсын:
«22-2-бап. Жеке істі жүргізу
Әскери қызметшілерге қатысты олардың дербес деректерін, еңбек қызметі туралы мәліметтерді және әскери бөлімнің (мекеменің) қызметін қамтамасыз ету үшін қажетті, әскери қызметке кіруге, оны өткеруге және әскери қызметтен шығарылуына байланысты өзге де мәліметтерді қамтитын жеке істер жүргізіледі.
22-тармағының 2) тармақшасының төртінші абзацы 2027 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі
«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес мүдделер қақтығысын анықтау мақсатында келісімшарт бойынша әскери қызметке кірген немесе резервтегі әскери қызметті өткеріп жүрген не осы Заңның 32-бабына сәйкес әскери қызметке шақырылған әскери қызметшінің жеке ісіне жұбайының (зайыбының) және жақын туыстарының жеке сәйкестендіру нөмірлері, сондай-ақ бар болған кезде, әскери қызметші бұрын еңбек қызметін жүзеге асырған ұйымдардың бизнес-сәйкестендіру нөмірлері (дара кәсіпкерлердің жеке сәйкестендіру нөмірлері) енгізіледі.
Жеке істерді ресімдеу, есепке алуды жүргізу және сақтау тәртібін уәкілетті органдардың бірінші басшылары айқындайды.»;
22-тармағының 3) тармақшасы 2029 ж. 14 маусымнан бастап қолданысқа енгізіледі
3) 38-баптың 2-тармағының 7) тармақшасындағы «активтері мен міндеттемелері туралы декларацияны ұсынбаған адамды жұмысқа қабылдағаны үшін мемлекеттік қызметші ретінде алғаш рет әкімшілік жауаптылыққа тартылған жағдайды қоспағанда,» деген сөздер алып тасталсын;
22-тармағының 4) тармақшасы 2029 ж. 14 маусымнан бастап қолданысқа енгізіледі
4) 40-2-баптың 2-тармағы бірінші бөлігінің 6) тармақшасындағы «мемлекеттік қызметші ретінде активтері мен міндеттемелері туралы декларацияны ұсынбаған адамды жұмысқа қабылдағаны үшін алғаш рет әкімшілік жауаптылыққа тартылған жағдайды қоспағанда,» деген сөздер алып тасталсын.
23-тармақ 2027 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі
23. «Дербес деректер және оларды қорғау туралы» 2013 жылғы 21 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңына:
9-бап мынадай мазмұндағы 9-6) тармақшамен толықтырылсын:
«9-6) Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнамасына сәйкес мүдделер қақтығысын анықтау жүзеге асырылған, сондай-ақ цифрлық кадр жүйесі жүргізілген;».
24. «Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау туралы» 2015 жылғы 12 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңына:
24-тармағының 1) тармақшасы 2026 ж. 24 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді
1) 12-баптың 5-тармағының 3) тармақшасы «құқық қорғау органдарының» деген сөздерден кейін «, ұлттық қауіпсіздік органдарының» деген сөздермен толықтырылсын;