Қазақстан Республикасы Ұлттық ғарыш агенттігінің мәселелері
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 29 мамырдағы № 438 Қаулысы
(2013.05.08. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
Осы редакция 2022 жылғы 19 тамызда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
ҚР Үкіметінің 2014 жылғы 19 қыркүйектегі № 995 Қаулысымен күші жойылды
«Қазақстан Республикасы Ұлттық ғарыш агенттігін құру туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2007 жылғы 27 наурыздағы № 302 Жарлығын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Аэроғарыш комитеті функцияларын, өкілеттіктерін және мүлкін Қазақстан Республикасы Ұлттық ғарыш агенттігіне (бұдан әрі - Агенттік) бере отырып таратылсын.
2. Қоса беріліп отырған:
1) Агенттік туралы ереже;
2) ҚР Үкіметінің 2012.29.12. № 1814 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
3) Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар бекітілсін.
3. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігіне 2007 жылға арналған республикалық бюджетте көзделген таратылатын Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Аэроғарыш комитетінің штат санының лимиті мен шығыстары заңнамада белгіленген тәртіппен Агенттікке беріледі деп белгіленсін.
4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі | К. Мәсімов |
ҚР Үкіметінің 2007.06.11. № 1047 қаулысымен (бұр.ред.қара); 2012.29.12. № 1814 Қаулысымен (бұр.ред.қара) ереже жаңа редакцияда
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2007 жылғы 29 мамырдағы
№ 438 қаулысымен
бекітілген
Қазақстан Республикасы Ұлттық ғарыш агенттігі туралы
ереже
1. Жалпы ережелер
Қазақстан Республикасы Ұлттық ғарыш агенттігі (бұдан әрі - Агенттік) ғарыш қызметі саласындағы басшылықты, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген шекте ғарыш қызметі саласындағы салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.
2. Агенттіктің ведомстволары жоқ.
3. Агенттік өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
4. Агенттік мемлекеттік мекеменің ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, өз атауы мемлекеттік тілде жазылған мөрлері мен мөртабандары бар, белгіленген үлгідегі бланкілері, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.
5. Агенттік азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.
6. Егер Агенттікке оған заңнамаға сәйкес уәкілеттік берілсе, оның мемлекет атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарабы болуға құқығы бар.
7. Агенттік өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен Агенттік төрағасының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілерімен ресімделетін шешімдер қабылдайды.
8. Агенттіктің құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.
9. Агенттіктің орналасқан жері: пошталық индексі 010000, Астана қаласы, Есіл ауданы, Орынбор көшесі, 8, Министрліктер үйі.
10. Агенттіктің толық атауы - «Қазақстан Республикасы Ұлттық ғарыш агенттігі» мемлекеттік мекемесі. Агенттіктің қысқартылған атауы - «Қазғарыш».
11. Осы Ереже Агенттіктің құрылтай құжаты болып табылады.
12. Агенттіктің қызметін қаржыландыру республикалық бюджеттен жүзеге асырылады.
13. Агенттікке кәсіпкерлік субъектілерімен Агенттіктің функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.
Егер Агенттікке заңнамалық актілермен кіріс әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, ондай қызметтен түскен кірістер республикалық бюджеттің кірісіне жіберіледі.
2.Агенттіктің миссиясы, негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары мен міндеттері
14. Агенттіктің миссиясы:
ел үшін экономиканың және қоғамның қажеттіліктерін қанағаттандыратын толыққанды жаңа ғарыш саласын қалыптастыру.
15. Міндеттері:
1) ғарыш қызметі саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыруды қамтамасыз ету;
2) ғарыш қызметі саласындағы мемлекеттік реттеуді және салааралық үйлестіруді жүзеге асыру;
3 ) Қазақстан Республикасының ғарыш саласын қалыптастыру және дамыту;
4) ғарыштық технологиялар мен қызметтер нарығын қалыптастыру үшін жағдайлар жасау;
5) Қазақстан Республикасында ғарыш қызметінің заңнамалық және шарттық-құқықтық базасын құру;
6) ғарыш қызметі саласындағы мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру;
7) ғарыш қызметі саласындағы халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асыру;
8) өз құзыреті шегінде «Байқоңыр» кешенін Ресей Федерациясының жалға алуы жөніндегі жұмыстарды үйлестіру.
16. Функциялары:
1) Қазақстан Республикасында ғарыш қызметін дамытудың жай-күйі мен болжамына және ғарыш кеңістігін зерттеу мен пайдалануда әлемдік үрдістерге талдау жүргізеді;
2) ғарыш қызметін дамытудың басым бағыттары, сондай-ақ ғарыш қызметі саласында мемлекеттік тапсырысты қалыптастыру жөнінде ұсыныстар әзірлейді және Қазақстан Республикасының Үкіметіне енгізеді;
3) ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстар жүргізуді қоса алғанда, ғарыш қызметі саласындағы жобаларды және бағдарламаларды іске асыруды қамтамасыз етеді;
4) ғарыштық орналастыру және қашықтықтан зондтауды бақылау құралдарын (ғарыш мониторингін) пайдалана отырып, қоршаған ортаның жай-күйін бақылау жүйесінің жұмыс істеуін ұйымдастырады;
5) өз құзыреті шегінде ғарыш қызметі саласында нормативтік құқықтық актілерді әзірлейді және қабылдайды;
6) өз құзыреті шегінде Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен халықаралық шарттар жасасады;
7) ғарыш қызметін қазақстандық қатысушылар жүзеге асырған жағдайда Қазақстан Республикасының аумағынан, сондай-ақ оны одан тыс жерлерде ғарыш объектілерін ұшыру туралы шешімдерді келісу және қабылдау тәртібін әзірлейді;
8) ғарышкерлікке кандидаттарды іріктеу және ғарышкерлікке кандидат, ғарышкер мәртебесін беру тәртібін әзірлейді;
9) ғарышкерлікке кандидатқа, ғарышкерге қызметтік міндеттерін атқару кезінде алған жарақатының, мертігуінің, ауруының салдарынан мүгедектік белгіленген кезде, сондай-ақ ол қызметтік міндеттерін атқаруға байланысты қаза тапқан (қайтыс болған) жағдайда біржолғы өтемақы төлеу тәртібін әзірлейді;
10) ғарыш кеңістігін пайдалану саласында лицензиялауды жүзеге асырады;
11) ғарыш кеңістігін пайдалану саласындағы қызметке қойылатын біліктілік талаптарын әзірлейді;
12) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген құзыреті шегінде ғарыш қызметінің қауіпсіздігін қамтамасыз етеді;
13) ғарыш қызметінің қатысушылары қызметіне мониторинг жүргізеді;
14) мемлекеттің қатысуымен ғарыш қызметі саласында жұмыс істейтін ұйымдардың басқару органдарында мемлекет мүдделерін білдіруді өз құзыреті шегінде ұйымдастырады;
15) ғарыш қызметі саласындағы жобаларға салалық сараптаманы жүзеге асырады;
16) ғарыш объектілерін және оларға құқықтарды мемлекеттік тіркеу тәртібін әзірлейді;
17) ғарыш объектілерін және оларға құқықтарды мемлекеттік тіркеуді жүзеге асырады және ғарыш объектілерінің тіркелімін жүргізеді;
18) ғарыш кеңістігіне ұшырылатын Қазақстан Республикасының ғарыш объектілерінің таңбалануын айқындайды;
19) ғарышкерлерді даярлау, қайта даярлау және олардың біліктілігін арттыру, сондай-ақ ғарыш қызметі саласындағы мамандарды қайта даярлау және олардың біліктілігін арттыру жөніндегі қызметті ұйымдастыру мен үйлестіруді жүзеге асырады;
20) Қазақстан Республикасының ғарышкерлер жасағы туралы ережені әзірлейді және бекітеді;
21) Қазақстан Республикасының техникалық реттеу туралы заңнамасына сәйкес ғарыш қызметі саласындағы техникалық регламенттер мен ұлттық стандарттар әзірлеуді ұйымдастырады;
22) Қазақстан Республикасы үшін жасалатын ғарыш техникасы өндірісіне арналған мемлекеттік тапсырмалардың тізбесін Қазақстан Республикасының Үкіметіне бекітуге ұсынады;
23) жеке және (немесе) заңды тұлғаларға ғарыш аппараттары транспондерлерін ұсыну тәртібін әзірлейді;
24) Жерді қашықтықтан зондтау ғарыш жүйесі ұлттық операторының ғарыш түсірілімдерін жоспарлау, Жерді қашықтықтан зондтау деректерін алу, өңдеу және тарату тәртібін әзірлейді;
25) дәлдігі жоғары спутниктік навигация жүйесі ұлттық операторының спутниктік навигациялық қызметтерді ұйымдастыру және ұсыну тәртібін әзірлейді;
26) Қазақстан Республикасының Үкіметіне ғарыш жүйелерінің ұлттық операторларын, сондай-ақ олардың міндеттері мен функцияларын айқындау үшін заңды тұлғалардың тізбесін ұсынады;
27) Қазақстан Республикасының аумағында, сондай-ақ ғарыш кеңістігінде ғарыш жүйелерін құру және пайдалану (қолдану) қағидаларын, Қазақстан Республикасының аумағында ғарыш зымыран кешендерін құру және пайдалану (қолдану) қағидаларын әзірлейді;
28) пайдаланудан шығарылған ғарыш объектілері мен техникалық құралдарды кәдеге жарату тәртібін әзірлейді;
29) ғарыш қызметі саласындағы аяқталған жобалар бойынша нәтижелерді қабылдау тәртібін белгілейді;
30) ғарыш қызметін жүзеге асыру кезінде өз құзыреті шегінде іздестіру, авариялық-құтқару жұмыстарын ұйымдастыруға, сондай-ақ аварияларды тексеруге қатысады;
31) ғарыш қызметі саласындағы аяқталған жобалар бойынша нәтижелерді қабылдауды ұйымдастырады және жүргізеді;
32) ғарыш қызметі саласында заңнама талаптарының орындалуын бақылауды жүзеге асырады;
33) лицензиаттың Қазақстан Республикасының заңнамасын сақтауын қамтамасыз етуге бағытталған лицензиялық бақылауды жүзеге асырады;
34) ғарыш қызметі саласындағы және «Байқоңыр» кешені жөніндегі халықаралық шарттар талаптарының орындалуын бақылауды жүзеге асырады;
35) ғарыш қызметінің мәселелері бойынша өзара іс-қимылды жүзеге асырады және халықаралық ұйымдар мен шет мемлекеттерде Қазақстан Республикасының мүдделерін білдіреді;
36) Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының «Байқоңыр» кешені бойынша халықаралық шарттарды орындау жөніндегі қызметін үйлестіруді жүзеге асырады;
37) жалға алу жағдайында «Байқоңыр» кешенінің жұмыс істеуі мәселелері бойынша Ресей Федерациясымен өзара іс-қимылды жүзеге асырады;
38) Ресей Федерациясы «Байқоңыр» ғарыш айлағынан жүзеге асыратын ғарыш аппараттарын ұшырудың және зымырандарды сынақтық ұшырудың жоспарлары бойынша жыл сайынғы қорытынды дайындауды және оны іске асыру мониторингін ұйымдастырады;
39) «Байқоңыр» кешенінің ұйымдастыру және өзге де шаруашылық мәселелерін белгіленген тәртіппен шешуді қамтамасыз етеді;
40) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Қазақстан Республикасының қарамағындағы «Байқоңыр» кешенінің объектілеріне жеке тұлғалардың кіруін қамтамасыз етеді;
41) «Байқоңыр» кешенінің жалға берілетін объектілері мен мүлкінің сақталу және пайдалану жағдайларын бақылауды жүзеге асыруға қатысады.
17. Құқықтары мен міндеттері:
Агенттіктің өзіне жүктелген міндеттерді іске асыру және өз функцияларын жүзеге асыру үшін заңнамада белгіленген тәртіппен мыналарға құқығы бар:
1) орындау үшін міндетті нормативтік құқықтық актілерді өз құзыреті шегінде қабылдауға;
2) мемлекеттік органдардан, ұйымдардан, олардың лауазымды тұлғаларынан заңнамада белгіленген тәртіппен қажетті ақпарат пен материалдарды сұратуға және алуға;
3) қолданыстағы заңнамада көзделген өзге де құқықтарды жүзеге асыруға.
Агенттік:
1) Агенттікке жүктелген міндеттер мен функцияларды іске асыруды қамтамасыз етуге;
2) ғарыш қызметі саласындағы Қазақстан Республикасының заңнамасын және халықаралық құқық нормаларын ұстануға міндетті.
3. Агенттіктің қызметін ұйымдастыру
18. Агенттікке басшылықты Агенттікке жүктелген міндеттердің орындалуына және оның өз функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын төраға жүзеге асырады.
19. Агенттік төрағасын Қазақстан Республикасының Үкіметі қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.
20. Агенттік төрағасының Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын орынбасарлары болады.
21. Агенттік төрағасының өкілеттіктері:
1) ғарыш қызметі саласында мемлекеттік саясатты қалыптастырады;
2) Қазақстан Республикасының Парламентінде, өзге де мемлекеттік органдар мен ұйымдарда Агенттікті білдіреді;
3) Агенттіктің жыл сайынғы даму жоспарларын бекітеді;
4) Агенттік алқасының және ғылыми-техникалық кеңесінің жұмысын ұйымдастырады және олардың мәжілістерінде төрағалық етеді;
5) Агенттікте сыбайлас жемқорлыққа қарсы бағытталған шараларды қабылдайды және сыбайлас жемқорлыққа қарсы қабылданған шаралар үшін дербес жауапкершілікте болады;
6) нормативтік құқықтық актілердің жобаларын келіседі және оларға бұрыштама соғады;
7) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
Агенттіктің төрағасы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды.
22. Агенттіктің төрағасы өз орынбасарларының өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес белгілейді.
23. Агенттіктің аппаратын Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын жауапты хатшы басқарады.
4. Агенттіктің мүлкі
24. Агенттіктің жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болады.
Агенттіктің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптасады.
25. Агенттікке бекітілген мүлік республикалық меншікке жатады.
26. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, Агенттіктің өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.
5. Агенттікті қайта ұйымдастыру және тарату
27. Агенттікті қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
Қазақстан Республикасы Ұлттық ғарыш агенттігінің қарамағындағы ұйымдардың
тізбесі
1. «Инфракос» республикалық мемлекеттік кәсіпорны (шаруашылық жүргізу құқығында).
2. «Ғарыш-Экология» ғылыми-зерттеу орталығы» республикалық мемлекеттік кәсіпорны» (шаруашылық жүргізу құқығында).
3. «Бәйтерек» Қазақстан-Ресей бірлескен кәсіпорны» акционерлік қоғамы.
4. «Ғарыштық байланыс республикалық орталығы» акционерлік қоғамы.
5. «Қазақстан Ғарыш Сапары» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамы.
6. «Ұлттық ғарыштық зерттеулер мен технологиялар орталығы» акционерлік қоғамы.
7. «Қазсат» басқарушы компаниясы» акционерлік қоғамы.
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2007 жылғы 29 мамырдағы
№ 438 қаулысымен
бекітілген
Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін
өзгерістер мен толықтырулар
1. ҚР Үкіметінің 2012.07.06. № 753 Қаулысымен күші жойылды (бұр.ред.қара)
2. «Инфракос» республикалық мемлекеттік кәсіпорнын құру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996 жылғы 8 қаңтардағы № 27 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1996 ж., № 2, 9-құжат):
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Қазақстан Республикасы Ұлттық ғарыш агенттігі «Инфракос» республикалық мемлекеттік кәсіпорнын мемлекеттік басқару органы болып белгіленсін.».
3. ҚР Үкіметінің 2013.05.08. № 796 Қаулысымен күші жойылды (бұр.ред.қара)
4. ҚР Үкіметінің 2007 ж. 14 қыркүйектегі № 807 қаулысымен алып тасталды (бұр. ред. қара)
5. «Республикалық меншіктегі ұйымдар акцияларының мемлекеттік пакеттері мен мемлекеттік үлестеріне иелік ету және пайдалану жөніндегі құқықтарды беру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 27 мамырдағы № 659 қаулысында:
көрсетілген қаулыға қосымшада:
«Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Аэроғарыш комитетіне» деген бөлімнің атауы мынадай редакцияда жазылсын:
«Қазақстан Республикасы Ұлттық ғарыш агенттігіне»;
«Қазақстан Республикасы Ұлттық ғарыш агенттігіне» деген бөлім мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 282-1-жолмен толықтырылсын:
«282-1. «Ғарыштық байланыс және радиоэлектронды құралдардың электромагниттік үйлесімділігі республикалық орталығы» АҚ;
«Қазақстан Республикасының Ақпараттандыру және байланыс жөніндегі агенттігіне» деген бөлімдегі реттік нөмірі 278-жол алынып тасталсын.
6. «Байқоңыр» ғарыш айлағынан ғарыш аппараттарын ұшыру және зымырандарды сынақтық ұшыру жоспарлары бойынша қорытындыны (келісуді) дайындау жөніндегі нұсқаулық туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 28 желтоқсандағы № 1996 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1999 ж., № 58, 570-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген «Байқоңыр» ғарыш айлағынан ғарыш аппараттарын ұшыру және зымырандарды сынақтық ұшыру жоспарлары бойынша қорытындыны (келісуді) дайындау жөніндегі нұсқаулықта:
2-тармақтың төртінші абзацындағы, 3-тармақтың екінші абзацындағы және 4-тармақтың бірінші абзацындағы «Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникациялар министрлігіне» және «Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникациялар министрлігі» деген сөздер тиісінше «Қазақстан Республикасы Ұлттық ғарыш агенттігіне» және «Қазақстан Республикасы Ұлттық ғарыш агенттігі» деген сөздермен ауыстырылсын.
7. ҚР Үкіметінің 2007.29.12. № 1395 қаулысымен күші жойылды (бұр.ред.қара)
8.ҚР Үкіметінің 2009 жылғы 29 сәуірдегі № 598 Қаулысымен күші жойылды (бұр. ред. қара)
9. «Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 28 қазандағы № 1111 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., № 40, 522-құжат):
4-тармақтың 2), 3) тармақшалары алынып тасталсын;
5-тармақтың үшінші абзацы алынып тасталсын;
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі туралы ережеде:
1-тармақта:
екінші абзацтағы «және аэроғарыш қызметі» деген сөздер «қызмет» деген сөзбен ауыстырылсын;
алтыншы абзац алынып тасталсын;
10-тармақта:
1) тармақшаның төртінші абзацындағы «және аэроғарыш қызметі, ғарыш кешенін дамыту» деген сөздер «қызмет» деген сөзбен ауыстырылсын;
2) тармақшаның екінші, үшінші және төртінші абзацтарындағы «және аэроғарыш қызметі», «және аэроғарыштық өнім», «аэроғарыштық қызмет,» деген сөздер алынып тасталсын.
10. ҚР Үкіметінің 2008.31.12. № 1339 қаулысымен күші жойылды (2009 жылғы 1 қаңтарда қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
11. «Қазақстан Республикасының Бірыңғай бюджеттік сыныптамасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 24 желтоқсандағы № 1362 (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., № 50, 648-құжат) қаулысында:
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының Бірыңғай бюджеттік сыныптамасында:
бюджет шығыстарының функционалдық сыныптамасында:
12 «Көлік және коммуникация» функционалдық тобында:
4 «Әуе көлігі» кіші функциясында:
мынадай бюджеттік кіші бағдарламаларымен бірге бюджеттік бағдарламалардың әкімшісі алынып тасталсын:
«225 «Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі»
042 «Байқоңыр» кешенінің жалға берілген мүлкінің есебі»
043 «Қазақстан Республикасының ғарышкерлерін даярлау»
047 «Қазғарыш» ұлттық компаниясы» АҚ-ның жарғылық капиталын ұлғайту»;
9 «Көлік және коммуникациялар саласындағы өзге де қызметтер» кіші функциясында:
мынадай мазмұндағы бюджеттік бағдарламаларымен және кіші бағдарламаларымен бірге бюджеттік бағдарламалардың әкімшісімен толықтырылсын:
«601 Қазақстан Республикасы Ұлттық ғарыш агенттігі»
001 «Ғарыш қызметі саласындағы уәкілетті органның қызметін қамтамасыз ету»
001 Орталық органның аппараты
007 Мемлекеттік қызметшілердің біліктілігін арттыру
008 Мемлекеттік органдардың ғимараттарын, үй-жайларын және құрылыстарын күрделі жөндеу
009 Мемлекеттік органдарды материалдық-техникалық жабдықтау
017 Ақпараттық жүйелердің жұмыс істеуін қамтамасыз ету және мемлекеттік органдарды ақпараттық-техникалық қамтамасыз ету
003 «Қазақстан Республикасының ғарышкерлерін даярлау»
005 «Қазғарыш» ұлттық компаниясы» АҚ-ның жарғылық капиталын ұлғайту»
006 «Сенім артқан агенттер қызметіне ақы төлеу»
008 «Байқоңыр» кешенінің жалға берілген мүлкінің есебі»
100 «Қазақстан Республикасы Үкіметінің төтенше резервінің есебінен іс-шаралар өткізу»
101 «Өкілдік шығындарға арналған қаражат есебінен іс-шаралар өткізу»
105 «Республикалық бюджеттік инвестициялық жобалардың (бағдарламалардың) техникалық-экономикалық негіздемелерін әзірлеу және сараптау»
109 «Қазақстан Республикасы Үкіметінің шұғыл шығындарға арналған резервінің есебінен іс-шаралар өткізу»;
13 «Басқалар» функциялық тобында:
9 «Басқалар» кіші функциясында:
мынадай бюджеттік бағдарламаларымен бірге бюджеттік бағдарламалар әкімшісі алынып тасталсын:
«225 Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі»
054 «Қазақстан Республикасының меншігі болып табылатын» «Байқоңыр» кешенінің объектілері мен мүлкін түгендеу және қайта бағалау»;
мынадай мазмұндағы бюджеттік бағдарламасымен бірге бюджеттік бағдарламалардың әкімшісімен толықтырылсын:
«601 Қазақстан Республикасы Ұлттық ғарыш агенттігі»
007 «Қазақстан Республикасының меншігі болып табылатын»»Байқоңыр» кешенінің объектілері мен мүлкін түгендеу және қайта бағалау».
12. ҚР Үкіметінің 2008.15.04. № 339 қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
13. ҚР Үкіметінің 2008.15.04. № 339 қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
14. «Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің кейбір мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 21 шілдедегі № 700 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2006 ж., № 27, 290-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің қарамағындағы ұйымдардың тізбесінде:
«1. Республикалық мемлекеттік кәсіпорындар» деген бөлімдегі реттік нөмірі 3-жол алынып тасталсын.
15. «2007 - 2009 жылдарға арналған «Байқоңыр» кешенінің инфрақұрылымын дамыту» бағдарламасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 30 қыркүйектегі № 954 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2006 ж., № 36, 406-құжат):
3-тармақтағы «Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі» деген сөздер «Қазақстан Республикасы Ұлттық ғарыш агенттігі» деген сөздермен ауыстырылсын;
көрсетілген қаулымен бекітілген «2007 - 2009 жылдарға арналған «Байқоңыр» кешенінің инфрақұрылымын дамыту» бағдарламасында:
«Байқоңыр қаласында тұрғын үйлер мен қонақ үй кешенін салу» деген 5.7-кіші бөлімдегі «Білім және ғылым министрлігінің Аэроғарыш комитеті» деген сөздер «Ұлттық ғарыш агенттігі» деген сөздермен ауыстырылсын;
«2007 - 2009 жылдарға арналған «Байқоңыр» кешенінің инфрақұрылымын дамыту» бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары» деген 8-бөлімде:
4-бағандағы «БҒМ» деген аббревиатура «ҰҒА» деген аббревиатурамен ауыстырылсын;
ескертпе (әріптік аббревиатуралардың толық жазылуы) мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын:
«ҰҒА - Қазақстан Республикасы Ұлттық ғарыш агенттігі».
16. «2007 жылға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 14 желтоқсандағы № 1204 қаулысында:
көрсетілген қаулыға 1-қосымшада:
II «Шығындар» бөлімінде:
04 «Білім беру» функционалдық тобында:
«127069699» деген сандар «127008821» деген сандармен ауыстырылсын;
09 «Білім беру саласындағы өзге де қызметтер» ішкі функциясында:
225 «Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі» бюджеттік бағдарламасының әкімшісі бойынша «33374170» деген сандар «33313292» деген сандармен ауыстырылсын;
001 «Білім және ғылым саласындағы уәкілетті органның қызметін қамтамасыз ету» бюджеттік бағдарламасындағы «1337862» деген сандар «1277259» деген сандармен ауыстырылсын;
001 «Орталық органның аппараты» бюджеттік кіші бағдарламасындағы «802023» деген сандар «741420» деген сандармен ауыстырылсын;