Қазақстан Республикасында өз бетінше жұмысқа орналасқан кезде шетелдік немесе азаматтығы жоқ адам өз бетінше жұмысқа орналасу үшін біліктілігінің сәйкестігі туралы анықтама берілген күннен бастап үш ай ішінде оны еңбек шартының қолданылу мерзіміне, бірақ үш жылдан аспайтын мерзімге ұзарту үшін жергілікті атқарушы органға жүгінеді.
37-3-бап. Корпоративішілік ауыстыру шеңберінде шетелдіктердің немесе азаматтығы жоқ адамдардың еңбек қызметін жүзеге асыруы
1. Корпоративішілік ауыстыру шеңберінде жұмыс берушілер тартатын шетелдіктер немесе азаматтығы жоқ адамдар еңбек шартында айқындалған, бірақ үш жылдан аспайтын мерзімге, бір жылға ұзарту құқығымен тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің жергілікті атқарушы органы корпоративішілік ауыстыру шеңберінде шетелдік жұмыс күшін тартуға берген рұқсаттар негізінде Қазақстан Республикасында уақытша еңбек қызметін жүзеге асырады.
2. Корпоративішілік ауыстыру шеңберінде жүзеге асырылатын шетелдік жұмыс күшін тартуға арналған рұқсаттар беру шарттары мен тәртібін халықтың көші-қоны мәселелері жөніндегі уәкілетті орган айқындайды.
3. Корпоративішілік ауыстыру шеңберінде шетелдіктерді немесе азаматтығы жоқ адамдарды тартатын жұмыс берушілер, олар Қазақстан Республикасының аумағына келгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде жазбаша түрде халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау мәселелері жөніндегі жергілікті атқарушы органға мыналар:
1) шетелдіктер немесе азаматтығы жоқ адамдар тартылатын ел мен ұйымдар;
2) тегін, атын, әкесінің атын (егер олар жеке басты куәландыратын құжаттарда көрсетілсе) көрсете отырып, тартылатын шетелдіктердің немесе азаматтығы жоқ адамдардың саны, әрқайсысының білім деңгейі, біліктілігі, кәсібі және жұмыс тәжірибесі;
3) еңбек қызметін жүзеге асыру мерзімі туралы мәліметтерді қамтитын ақпарат жібереді.
4. Менеджерлерді және мамандарды корпоративішілік ауыстыру халықтың көші-қоны мәселелері жөніндегі уәкілетті орган белгілейтін, тартылатын шетелдіктер немесе азаматтығы жоқ адамдар санының қазақстандық кадрлар санына пайыздық арақатынасының сақталуы ескеріле отырып жүзеге асырылады.
5. Жергілікті атқарушы органдар корпоративішілік ауыстыру шеңберінде жұмыс істейтін шетелдіктердің немесе азаматтығы жоқ адамдардың есебін жүргізеді.»;
9) 37-баптың 3-тармағының екінші абзацы алып тасталсын;
10) 51-бапта:
1-тармақтың 2-1) тармақшасындағы «Қазақстан Республикасының халықты жұмыспен қамту туралы заңнамасына» деген сөздер «Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексіне» деген сөздермен ауыстырылсын;
2-тармақтың 2) тармақшасындағы «Қазақстан Республикасының халықты жұмыспен қамту туралы заңнамасына» деген сөздер «Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексіне» деген сөздермен ауыстырылсын;
11) 53-баптағы «Қазақстан Республикасының халықты жұмыспен қамту туралы заңнамасына» деген сөздер «Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексіне» деген сөздермен ауыстырылсын;
12) мынадай мазмұндағы 55-1-баппен толықтырылсын:
«55-1-бап. Жұмыспен қамтудың жекеше агенттігі
1. Жұмыспен қамтудың жекеше агенттігінің:
1) жүгінген адамдарға консультация беруге және ел ішінде де, шетелде де жұмысқа орналасу мүмкіндігі туралы ақпарат беруге, сондай-ақ еңбек делдалдығы бойынша қызметтер көрсетуге;
2) бір елден екінші елге жұмысқа орналасу үшін жұмыскерлерді жинауды жүзеге асыруға;
3) жүгінген адамдарды кейіннен ел ішінде және шетелде жұмысқа орналастыра отырып, кәсіптік даярлауды және қайта даярлауды ұйымдастыруға;
4) адамдарды шетелде жұмысқа орналастырған жағдайда, оларды әкетуге рұқсат беру құжаттарын ресімдеуге құқығы бар.
2. Жұмыспен қамтудың жекеше агенттігі:
1) кемсітушіліктің кез келген нысанына жол бермеуге;
2) жүгінген адамдардан алынатын ақпараттың құпиялылығын қамтамасыз етуге;
3) жүгінген адамдармен ел ішінде және шетелде жұмыс істеу үшін еңбек делдалдығы бойынша қызметтер көрсету туралы шарттар жасасуға;
4) халықты жұмыспен қамту орталығына тоқсан сайын кәсіптер (мамандықтар) бөлінісінде еңбек делдалдығы үшін жүгінген және ел ішінде және шетелде жұмысқа орналасқан адамдардың саны туралы ақпаратты жазбаша немесе «Электрондық еңбек биржасы» мемлекеттік ақпараттық порталы арқылы бастапқы статистикалық деректерді беруге міндетті.
3. Қазақстан Республикасынан шетелге жұмыс күшін әкетуге байланысты қызметті жұмыспен қамтудың жекеше агенттіктері жүзеге асырады.
Қазақстан Республикасынан шет елге жұмыс күшін әкету жұмысқа орналастыратын елдің банктеріне жұмыскердің атына кепілдік жарна енгізу арқылы шарт мерзімі аяқталғаннан кейін жұмыскердің өз еліне оралуына жұмыспен қамтудың жекеше агенттігі кепілдік берген жағдайда ғана жүзеге асырылады.
Қазақстан Республикасынан шет елге жұмыс күшін әкету кезінде шетелдік жұмыс берушілердің банктерге кепілдік жарнаны енгізу тәртібі мен шарттары жұмысқа орналастыратын елдің заңнамасымен реттеледі.».
43. «Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы» 2011 жылғы 11 қазандағы Қазақстан Республикасының Заңына:
7-баптың 4-тармағындағы «қарттар мен мүгедектігі бар адамдарға арналған медициналық-әлеуметтік мекемелерде (ұйымдарда)» деген сөздер «арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталықтарында» деген сөздермен ауыстырылсын.
44. «Қазақстан Республикасының арнаулы мемлекеттік органдары туралы» 2012 жылғы 13 ақпандағы Қазақстан Республикасының Заңына:
1) 77-баптың 12-тармағының екінші бөлігіндегі «Қазақстан Республикасында мүгедектігі бойынша және асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша берілетін мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылар туралы» Қазақстан Республикасының Заңында» деген сөздер «Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексінде» деген сөздермен ауыстырылсын;
2) 78-баптың 11-тармағының екінші бөлігіндегі «Қазақстан Республикасында мүгедектігі бойынша және асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша берілетін мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылар туралы» Қазақстан Республикасының Заңында» деген сөздер «Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексінде» деген сөздермен ауыстырылсын;
3) 82-баптың 1-тармағындағы «халықты жұмыспен қамту» деген сөздер «әлеуметтік қорғау» деген сөздермен ауыстырылсын.
45. «Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы» 2012 жылғы 16 ақпандағы Қазақстан Республикасының Заңына:
52-баптың 4-тармағының екінші бөлігіндегі «Қазақстан Республикасында мүгедектігі бойынша және асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша берілетін мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылар туралы» Қазақстан Республикасының Заңында» деген сөздер «Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексінде» деген сөздермен ауыстырылсын.
46. «Мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесі туралы» 2013 жылғы 14 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына:
13-баптың 2-тармағының 3) тармақшасында «орта», «ұйымдарында» деген сөздер тиісінше «жалпы орта», «ұйымдарында жалпы немесе кәсіптік білім беру бағдарламалары бойынша» деген сөздермен ауыстырылсын.
47. «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына:
5-баптың 2-тармағы екінші бөлігінің 2) тармақшасындағы «зейнетақымен және әлеуметтік қамсыздандыру мәселелерін реттейтін» деген сөздер «әлеуметтік қорғау туралы» деген сөздермен ауыстырылсын.
48. «Азаматтық қорғау туралы» 2014 жылғы 11 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына:
103-баптың 9-тармағындағы «Қазақстан Республикасында мүгедектігі бойынша, асыраушысынан айрылу жағдайы бойынша берілетін мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылар» деген сөздер «әлеуметтік қорғау» деген сөздермен ауыстырылсын.
49. «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» 2014 жылғы 16 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңына:
29-баптың 5-тармағы және 32-баптың 2-тармағы алып тасталсын.
50. «Дене шынықтыру және спорт туралы» 2014 жылғы 3 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына:
19-баптың 4-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Жергілікті атқарушы органдар мүгедектігі бар адамдар арасында спортты дамытуды, арнаулы спорттық мүкәммал беруді қамтамасыз етеді және мүгедектігі бар адамдардың дене шынықтырумен және спортпен шұғылдануы үшін дене шынықтыру-сауықтыру және спорт ғимараттарына қолжетімді болуына жағдай жасайды.
Мүгедектіктің санатына қарай санамаланған көрсетілген қызметтер Қазақстан Республикасының әлеуметтік қорғау туралы заңнамасына сәйкес бюджет қаражаты есебінен және жеңілдікті шарттармен жүзеге асырылады.».
51. «Қазақстан Республикасының Ұлттық ұланы туралы» 2015 жылғы 10 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына:
27-баптың 1-тармағындағы «Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы» және «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Қазақстан Республикасының заңдарына» деген сөздер «Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасының заңына және Қазақстан Республикасының әлеуметтік қорғау туралы заңнамасына» деген сөздермен ауыстырылсын.
52. «Мемлекеттік жастар саясаты туралы» 2015 жылғы 9 ақпандағы Қазақстан Республикасының Заңына:
25-баптың 2-тармағының 1) тармақшасындағы «өмірлік қиын жағдайда жүрген» деген сөздер «арнаулы әлеуметтік қызметтерге мұқтаж» деген сөздермен ауыстырылсын.
53. «Ең төмен әлеуметтік стандарттар және олардың кепілдіктері туралы» 2015 жылғы 19 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңына:
1) 16-баптың 2-тармағының 2) тармақшасындағы «Ең төмен зейнетақының мөлшері» деген сөздер «Зейнетақының ең төмен мөлшері» деген сөздермен ауыстырылсын;
2) 20 және 21-баптар мынадай редакцияда жазылсын:
«20-бап. «Зейнетақының ең төмен мөлшері» ең төмен әлеуметтік стандарты
«Зейнетақының ең төмен мөлшері» ең төмен әлеуметтік стандарты республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленетін мемлекеттік базалық зейнет ақы төлемінің ең төмен мөлшерінің нормативін қамтиды.
21-бап. «Арнаулы әлеуметтік қызметтердің кепілдік берілген көлемі» ең төмен әлеуметтік стандарты
«Арнаулы әлеуметтік қызметтердің кепілдік берілген көлемі» ең төмен әлеуметтік стандарты арнаулы әлеуметтік қызметтерге мұқтаж адамдар (отбасылар) үшін ұсынылатын арнаулы әлеуметтік қызметтер нормативтерін қамтиды.»;
3) 32-баптың 2-тармағының 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«2) «Мемлекеттік мәдениет ұйымдары өткізетін мәдени, мәдени-бұқаралық, ойын-сауық мәдени-бұқаралық іс-шараларға мүгедектігі бар адамдардың қолжеткізуін қамтамасыз ету» ең төмен әлеуметтік стандарты мәдениет саласындағы ең төмен әлеуметтік стандарттар болып табылады.»;
4) 35-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«2. «Мемлекеттік меншіктегі дене шынықтыру-сауықтыру және спорт ғимараттарының қолжетімді болуын қамтамасыз ету» ең төмен әлеуметтік стандарты дене шынықтыру және спорт саласындағы ең төмен әлеуметтік стандарт болып табылады.»;
5) 36-баптың 2) тармақшасындағы «Қазақстан Республикасында мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына» деген сөздер «Қазақстан Республикасының әлеуметтік қорғау туралы заңнамасына» деген сөздермен ауыстырылсын.
54. «Қайырымдылық туралы» 2015 жылғы 16 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңына:
22-баптың 1) тармақшасындағы «өмірлік қиын жағдайдағы,» деген сөздер алып тасталсын.
55. «Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы» 2015 жылғы 16 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңына:
1) 5-баптың 3-тармағы 2) тармақшасындағы «алған кезді қамтыса, есептелетін төленбеген кезеңге қосылмайды.» деген сөздер «алған;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 3) тармақшамен толықтырылсын:
«3) осы Заңның 14-бабының 2-тармағы бірінші бөлігінің 11) тармақшасында көзделген адамдар үшін 2023 жылғы 1 шілдеге дейін туындаған кезді қамтыса, есептелетін төленбеген кезеңге қосылмайды.»;
2) 14-бапта:
2-тармақтың бірінші бөлігі мынадай мазмұндағы 11) тармақшамен толықтырылсын:
«11) жеке көмекшілер.»;
мынадай мазмұндағы 4-2-тармақпен толықтырылсын:
«4-2. Жеке көмекшілердің жарналарын есептеуді (ұстап қалуды) және аударуды жергілікті атқарушы органдар немесе өзге де заңды тұлғалар «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 319-бабы 2-тармағы 31) тармақшасының тоғызыншы абзацына сәйкес материалдық пайда төлеген кезде жүзеге асырады.»;
6-тармақтың бірінші абзацындағы «және 10)» деген сөздер «, 10) және 11)» деген сөздермен ауыстырылсын;
7-тармақ мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
«Жергілікті атқарушы органдар немесе өзге де заңды тұлғалар «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 319-бабы 2-тармағы 31) тармақшасының тоғызыншы абзацына сәйкес жеке көмекшілерге материалдық пайда төлеген кезде оларды міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға ұсталған және аударылған жарналар туралы хабардар етуге міндетті.»;
3) 28-баптың 1-тармағы және 5-тармағының бірінші бөлігі «жеке тұлғалардың» деген сөздерден кейін «және жеке көмекшілердің» деген сөздермен толықтырылсын;
4) 29-бапта:
мынадай мазмұндағы 2-1-тармақпен толықтырылсын:
«2-1. «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 319-бабы 2-тармағы 31) тармақшасының тоғызыншы абзацында көрсетілген кірістер жеке көмекшілердің кірістері болып табылады.»;
4-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Осы тармақтың күші мыналарға қолданылмайды:
«Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 776-1-бабына сәйкес бірыңғай төлем жүзеге асырылатын қызметкерлердің кірістері;
жеке көмекшілердің кірістері.»;
5) 30-бап мынадай мазмұндағы 2-1-тармақпен толықтырылсын:
«2-1. Азаматтық-құқықтық сипаттағы шарттар бойынша кірістер алатын жеке көмекшілердің жарналарын есептеуді (ұстап қалуды) және аударуды осындай шарттар жасасқан заңды тұлғалар ай сайын жүзеге асырады.»;
6) 31-баптың 8-тармағы «кәсіпқой медиаторлар» деген сөздерден кейін «, «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 319-бабы 2-тармағы 31) тармақшасының тоғызыншы абзацына сәйкес жеке көмекшілерге материалдық пайда төлеген кезде жергілікті атқарушы органдар немесе өзге де заңды тұлғалар» деген сөздермен толықтырылсын.
56. «Құқықтық актілер туралы» 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына:
8-бап 19) тармақшасындағы «жүзеге асыруға байланысты біртектес аса маңызды қоғамдық қатынастарды реттеу мақсатында қабылданады.» деген сөздер «жүзеге асыруға байланысты;» деген сөздермен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 20) тармақшамен толықтырылсын:
«20) әлеуметтік қорғау саласындағы біртектес аса маңызды қоғамдық қатынастарды реттеу мақсатында қабылданады.».
57. «Волонтерлік қызмет туралы» 2016 жылғы 30 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына:
6-баптың 2-тармағының 1) тармақшасындағы «өмірлік қиын жағдайға тап болған» деген сөздер «арнаулы әлеуметтік қызметтерге мұқтаж» деген сөздермен ауыстырылсын.
58. «Адвокаттық қызмет және заң көмегі туралы» 2018 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына:
1) 19-баптың 2-тармағының 1) және 6) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:
«1) Қазақстан Республикасының әлеуметтік қорғау туралы заңнамасына сәйкес арнаулы әлеуметтік қызметтерге мұқтаж адамдарға;»;
«6) арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталықтарында тұратын қарттар мен мүгедектігі бар адамдарға;»;
2) 33-баптың 5-тармағындағы «Қазақстан Республикасының заңнамасы» деген сөздер «Қазақстан Республикасының әлеуметтік қорғау туралы заңнамасы» деген сөздермен ауыстырылсын.
59. «Педагог мәртебесі туралы» 2019 жылғы 27 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына:
15-баптың 1-тармағының 9) тармақшасындағы «өмірлік қиын жағдайда жүрген» деген сөздер «арнаулы әлеуметтік қызметтерге мұқтаж» деген сөздермен ауыстырылсын.
60. «Ардагерлер туралы» 2020 жылғы 6 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңына:
1) 8-бап мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
«Осы баптың 4) және 5) тармақшаларында көрсетілген адамдарға осы Заңның 13-бабы бірінші бөлігінің 1) және 2) тармақшаларында көзделген әлеуметтік қолдау шаралары қолданылмайды.»;
2) 10-баптың 5-тармағындағы «үш дәрежелі Даңқ орденімен,» деген сөздер алып тасталсын;
3) 11-баптың 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы алушылар немесе жасына байланысты зейнетақы төлемдерін алушылар болып табылған, басқа мемлекеттердің аумағындағы ұрыс қимылдарының қайтыс болған ардагерінің және жеңілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне теңестірілген ардагердің отбасы мүшелеріне не оларды жерлеуді жүзеге асырған адамға Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексіне сәйкес жерлеуге арналған біржолғы төлем төленеді.»;
4) 12-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы алушылар немесе жасына байланысты зейнетақы төлемдерін алушылар болып табылған, қайтыс болған еңбек ардагерінің отбасы мүшелеріне не оны жерлеуді жүзеге асырған адамға Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексіне сәйкес жерлеуге арналған біржолғы төлем төленеді.»;
5) 13-баптың 1) және 2) тармақшалары «Қазақстан Республикасының», «жергілікті атқарушы орган» деген сөздер тиісінше «осы Заңның 8-бабының 4) және 5) тармақшаларында көрсетілген адамдарды қоспағанда, Қазақстан Республикасының», «осы Заңның 8-бабының 4) және 5) тармақшаларында көрсетілген адамдарды қоспағанда, жергілікті атқарушы орган» деген сөздермен ауыстырылсын.
61. «Мемлекеттік фельдъегерлік байланыс туралы» 2021 жылғы 29 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңына:
16-баптың 5-тармағында «Қазақстан Республикасының заңнамасында» деген сөздер «Қазақстан Республикасының әлеуметтік қорғау туралы заңнамасында» деген сөздермен ауыстырылсын.
2-бап. Осы Заң, 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін 1-баптың 28-тамағын қоспағанда, 2023 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Президенті
Қ. ТОҚАЕВ
Астана, Ақорда, 2023 жылғы 20 сәуір
№ 226-VІІ ҚРЗ