2) 67-баптың 3-тармағының екінші және үшінші абзацтарындағы «халықты жұмыспен қамту» деген сөздер «әлеуметтік қорғау» деген сөздермен ауыстырылсын;
3) 109-баптың 1-тармағындағы және 2-тармағының үшінші бөлігіндегі «халықты жұмыспен қамту» деген сөздер «әлеуметтік қорғау» деген сөздермен ауыстырылсын;
4) 110-баптың 2-тармағындағы «халықты жұмыспен қамту» деген сөздер «әлеуметтік қорғау» деген сөздермен ауыстырылсын.
17. «Нотариат туралы» 1997 жылғы 14 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына:
1) 3-бапта:
6-тармақ мынадай мазмұндағы бесінші абзацпен толықтырылсын:
«Әлеуметтік төлемдер және одан ұсталған міндетті зейнетақы жарналарының сомасы артық есептелген (төленген) қайтыс болған адамның мұрагерлікті қабылдаған адам туралы мәліметтер Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорының жазбаша сұрау салуы бойынша беріледі.»;
10-тармақтың 5) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«5) зейнетақы төлемдерін жүзеге асыру мақсатында Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына, әлеуметтік төлемдердің және олардан ұсталған міндетті зейнетақы жарналарының артық есептелген (төленген) сомаларын қайтаруды жүзеге асыру мақсатында Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына нотариаттық әрекеттер туралы мәліметтерді ұсыну;»;
2) 30-1-баптың 2-тармағының 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«3) арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталықтарында тұратын қарттар мен мүгедектігі бар адамдар;».
18. «Жерасты және ашық кен жұмыстарында, еңбек жағдайлары ерекше зиянды және ерекше ауыр жұмыстарда немесе еңбек жағдайлары зиянды және ауыр жұмыстарда істеген адамдарға берілетін мемлекеттік арнайы жәрдемақы туралы» 1999 жылғы 13 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына:
1) 4-баптың 2-1-тармағындағы «Қазақстан Республикасының зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңнамасына» деген сөздер «Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексіне» деген сөздермен ауыстырылсын;
2) 5-баптың 5-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«5. Жәрдемақы жүгінген күннен бастап тағайындалады. Жәрдемақы төлеуді тағайындау, жүзеге асыру, тоқтата тұру, қайта есептеу, қайта бастау, тоқтату және оны төлеу туралы шешімді қайта қарау тәртібін орталық атқарушы орган айқындайды.»;
3) мынадай мазмұндағы 5-1 және 5-2-баптармен толықтырылсын:
«5-1-бап. Өтінішті қабылдаудан және жәрдемақы тағайындаудан бас тарту:
1. Жәрдемақы тағайындауға өтінішті қабылдаудан бас тарту үшін:
1) жәрдемақы тағайындау, төлеу, тағайындауға өтініш беру фактісін растайтын мәліметтерді орталық атқарушы органның ақпараттық жүйесінен алу;
2) өтініш берушінің Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес толық емес құжаттар топтамасын және (немесе) қолданылу мерзімі өткен құжаттарды ұсынуы;
3) жеке басын куәландыратын құжат бойынша мәліметтердің (мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алынған мәліметтермен расталатын, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес оның ауысуынан басқа) жәрдемақы тағайындау үшін қажетті құжаттармен сәйкес келмеуі;
4) жәрдемақы тағайындау үшін талап етілетін, қолжетімділігі шектеулі дербес деректерге қол жеткізуге өтініш берушінің келісімінің болмауы негіздер болып табылады.
2. Жәрдемақы тағайындаудан бас тартуға:
1) өтініш беруші жәрдемақы тағайындау үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) анық еместігінің анықталуы;
2) өтініш берушінің және (немесе) жәрдемақы тағайындау үшін қажетті ұсынылған материалдардың, деректер мен мәліметтердің Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі негіздер болып табылады.
5-2-бап. Жәрдемақы төлеуді тоқтата тұру, қайта бастау және тоқтату
1. Жәрдемақы төлеу:
1) алушының банктік шоты бойынша үш және одан да көп ай шығыс операцияларының болмауы туралы мәліметтер, оның ішінде ақпараттық жүйелерден мәліметтер келіп түскен айдан кейінгі айдың бірінші күнінен бастап тоқтатыла тұрады. Бұл ретте жәрдемақы төлеу тоқтатыла тұрған күннен бастап қайта басталады;
2) жедел-іздестіру іс-шараларын, оның ішінде алушы болып табылатын хабар-ошарсыз кеткен адамды іздестіруді жүргізу туралы растайтын құжаттың болуы туралы мәліметтер, оның ішінде ақпараттық жүйелерден мәліметтер келіп түскен айдан кейінгі айдың бірінші күнінен бастап тоқтатыла тұрады. Бұл ретте жәрдемақы төлеу хабар-ошарсыз кеткен адамды хабар-ошарсыз кетті деп тану туралы сот шешімінің күшін жою туралы сот актісі күшіне енген күннен бастап қайта басталады, бірақ тоқтатыла тұру күнінен ерте емес.
2. Жәрдемақы төлеу жәрдемақы төлеуді тоқтата тұруға себеп болған мән-жайлардың аяқталғанын растайтын құжаттардың және (немесе) мәліметтердің, оның ішінде ақпараттық жүйелерден алынған мәліметтердің негізінде өтініш бойынша қайта басталады.
3. Жәрдемақы төлеу:
1) алушының қайтыс болуы туралы;
2) Қазақстан Республикасының азаматтығынан айырылу немесе шығу фактісінің анықталуы туралы;
3) шығу елінің уәкілетті органынан жәрдемақы алушының ісіне сұрау салудың келіп түсуі туралы;
4) алушының ішкі істер органдарында тіркеуден шығарылғанын растайтын құжатты ұсына отырып, жәрдемақы төлеуді тоқтату туралы өтінішінің келіп түскені туралы;
5) алушының Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге тұрақты тұруға кету фактісін анықтау, оның ішінде ақпараттық жүйелерден анықтау туралы;
6) өтініш берушінің негізсіз жәрдемақы тағайындауға алып келген анық емес мәліметтерді ұсыну фактісін анықтау туралы мәліметтер, оның ішінде ақпараттық жүйелерден мәліметтер келіп түскен айдан кейінгі айдың бірінші күнінен бастап тоқтатылады.»;
4) 6-баптың 3-тармағындағы «Қазақстан Республикасының зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңнамасына» деген сөздер «Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексіне» деген сөздермен ауыстырылсын;
5) 7-баптың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Жәрдемақы алушы қайтыс болған жағдайда оның отбасы мүшелеріне не жерлеуді жүзеге асырған адамға 35 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде жерлеуге арналған біржолғы төлем төленеді.».
19. «Сақтандыру қызметі туралы» 2000 жылғы 18 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына:
1) 7-баптың 2-4-тармағындағы «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Қазақстан Республикасының Заңына» деген сөздер «Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексіне» деген сөздермен ауыстырылсын;
2) 10-3-баптың 3-тармағының 2) тармақшасындағы «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» және «Қызметкер еңбек (қызметтік) міндеттерін атқарған кезде оны жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандыру туралы» Қазақстан Республикасының заңдары» деген сөздер «Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексі және «Қызметкер еңбек (қызметтік) міндеттерін атқарған кезде оны жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандыру туралы» Қазақстан Республикасының Заңы» деген сөздермен ауыстырылсын;
3) 18-баптың 6-тармағы екінші бөлігінің екінші абзацындағы «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Қазақстан Республикасының Заңына» деген сөздер «Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексіне» деген сөздермен ауыстырылсын;
4) 81-баптың 1-2-тармағындағы «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Қазақстан Республикасының Заңына», «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Қазақстан Республикасының Заңында» деген сөздер тиісінше «Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексіне», «Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексінде» деген сөздермен ауыстырылсын.
20. «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына:
1) 6-бап мынадай мазмұндағы 2-13-тармақпен толықтырылсын:
«2-13. Республикалық маңызы бар қалалар, астана, аудандар (облыстық маңызы бар қалалар) мәслихаттарының құзыретіне арнаулы әлеуметтік қызметтерді алушының қаражаты есебінен ұсынылатын арнаулы әлеуметтік қызметтердің кепілді көлемінен тыс ұсынудың тізбесі мен тәртібін бекіту жатады.»;
2) 27-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы 31-1) тармақшамен толықтырылсын:
«31-1) мүгедектігі бар адамдарға ойын-сауық мәдени-бұқаралық іс-шараларға, сондай-ақ дене шынықтыру және спортпен шұғылдану үшін дене шынықтыру-сауықтыру және спорт ғимараттарына қол жеткізу үшін жағдайлар жасауды, арнаулы спорттық мүкәммал беруді қамтамасыз етеді.
Бірінші және екінші топтағы мүгедектігі бар адамдар мен он сегіз жасқа дейінгі мүгедектігі бар балалар санамалап көрсетілген қызметтерді бюджет қаражаты есебінен, ал үшінші топтағы мүгедектігі бар адамдар көрсетілген қызметтер құнының елу пайызын төлей отырып пайдаланады;»;
3) 31-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы 11-1) тармақшамен толықтырылсын:
«11-1) мүгедектігі бар адамдарға қызмет көрсетуге бағдарланған елді мекендерде, мекемелер орналасқан жерлерде, сондай-ақ адамдар көп жүретін жерлерде ілеспе дыбыс және жарық сигналдары бар арнаулы бағдаршамдарды, жол белгілерін және нұсқағыштарды, дыбыс және жарық құрылғыларымен жабдықталған жаяу жүргіншілер өткелдерін орнатуды қамтамасыз етеді;».
21. «Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» 2001 жылғы 16 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына:
1) 16-бапта:
2) тармақша «қауіпсіздігін,» деген сөзден кейін «сондай-ақ халықтың жүріп-тұруы шектеулі топтарына кедергісіз қолжетімділігін,» деген сөздермен толықтырылсын;
2) тармақшадағы «ұстауға міндетті.» деген сөздер «ұстауға;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 3) тармақшамен толықтырылсын:
«3) Қазақстан Республикасының заңнамасына және мемлекеттік нормативтерге (мемлекеттік нормативтік құжаттарға) сәйкес елді мекендерді жобалау, салу және оларда құрылыс жүргізу, тұрғын аудандарды қалыптастыру, жаңадан игерілетін және реконструкцияланатын аумақтар мен басқа да елді мекендерді абаттандыру кезінде мүгедектігі бар адамдардың тұрғын, қоғамдық және өндірістік ғимараттарға, құрылысжайларға және үй-жайларға қолжетімділігін көздеуге міндетті.
Тұрғын үй құрылысы шегінде, сондай-ақ қызмет көрсету мекемелері мен еңбек объектілері жанында қойылатын жеңіл автомобильдерді уақытша сақтау үшін ашық тұрақтарды жобалау және салу кезінде мүгедектігі бар адамдардың жеке автокөлік құралдары үшін орындар көздеуге міндетті.»;
2) 25-бапта:
1-тармақтың 18) тармақшасы «кешендердің мониторингін» деген сөздерден кейін «мүгедектігі бар адамдардың қоғамдық бірлестіктерінің өкілдерін тарта отырып,» деген сөздермен толықтырылсын;
2-тармақтың 11) тармақшасы «кешендердің мониторингін» деген сөздерден кейін «мүгедектігі бар адамдардың қоғамдық бірлестіктерінің өкілдерін тарта отырып,» деген сөздермен толықтырылсын;
3) 30-баптың 3-тармағы үшінші бөлігіндегі «мүгедектігі бар адамдар мен» деген сөздер алып тасталып, «топтары үшін» деген сөздерден кейін «тұрғын, қоғамдық және өндірістік ғимараттарға, құрылысжайлар мен үй-жайларға» деген сөздермен толықтырылсын;
4) 49-баптың 3-тармағы мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
«Тұрғын аймақта автомобильдерді қоса алғанда, арнаулы жүріп-тұру құралдары үшін гараждар немесе тұрақтар салуға (орналастыруға) орын беруге жол беріледі.».
22. «Қазақстан Республикасының дипломатиялық қызметі туралы» 2002 жылғы 7 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына:
1) 1-баптың 7) тармақшасындағы «зейнетақымен қамсыздандыру» деген сөздер «әлеуметтік қорғау» деген сөздермен ауыстырылсын;
2) 25-баптың 1-тармағының төртінші және бесінші бөліктеріндегі «Қазақстан Республикасында мүгедектігі бойынша және асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша берілетін мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылар туралы» Қазақстан Республикасының Заңында», «Қазақстан Республикасының балалы отбасыларға берілетін мемлекеттік жәрдемақылар туралы заңнамасында» деген сөздер «Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексінде» деген сөздермен ауыстырылсын.
23. «Кемтар балаларды әлеуметтік және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы» 2002 жылғы 11 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына:
9-баптың 6-тармағының 1) тармақшасындағы «мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау саласындағы» деген сөздер «әлеуметтік қорғау туралы» деген сөздермен ауыстырылсын.
24. «Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы» 2002 жылғы 8 тамыздағы Қазақстан Республикасының Заңына:
1) 1-бапта:
3) тармақшадағы «өмірде қиын ахуалға тап болған» деген сөздер «арнаулы әлеуметтік қызметтерге мұқтаж» деген сөздермен ауыстырылсын;
12-1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«12-1) арнаулы әлеуметтік қызметтерге мұқтаж бала (балалар) - Қазақстан Республикасының әлеуметтік қорғау туралы заңнамасында көзделген қалыптасқан мән-жайлардың салдарынан тыныс-тіршілігі бұзылған және осы мән-жайларды өз бетінше немесе отбасының көмегімен еңсере алмайтын бала (балалар);»;
2) 18-баптың 2-тармағының 4) тармақшасындағы «өмірлік қиын ахуалға тап болған» деген сөздер «арнаулы әлеуметтік қызметтерге мұқтаж» деген сөздермен ауыстырылсын;
3) 30-баптың 1-тармағының оныншы, он бірінші және он екінші бөліктеріндегі «өмірлік қиын жағдайда жүрген», «Өмірлік қиын жағдайда жүрген» деген сөздер тиісінше «арнаулы әлеуметтік қызметтерге мұқтаж», «Арнаулы әлеуметтік қызметтерге мұқтаж» деген сөздермен ауыстырылсын.
25. «Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры туралы» 2003 жылғы 3 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңына:
15-1-баптың 2-тармағының 1) тармақшасындағы «Қызметкер еңбек (қызметтік) міндеттерін атқарған кезде оны жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандыру туралы» және «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Қазақстан Республикасының заңдарына» деген сөздер «Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексіне және «Қызметкер еңбек (қызметтік) міндеттерін атқарған кезде оны жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандыру туралы» Қазақстан Республикасының заңына» деген сөздермен ауыстырылсын.
26. «Бағалы қағаздар рыногы туралы» 2003 жылғы 2 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына:
1) 46-баптың 1-тармағындағы «, сондай-ақ «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 73-бабында көзделген тәртіппен өтініш берушінің лицензия алу» деген сөздер алып тасталсын;
2) 70-баптың 2-тармағындағы «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Қазақстан Республикасының Заңында» деген сөздер «Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексінде» деген сөздермен ауыстырылсын.
27. «Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттік реттеу, бақылау және қадағалау туралы» 2003 жылғы 4 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына:
1) 15-1-баптың 1-тармағындағы «зейнетақымен қамсыздандыру» деген сөздер «әлеуметтік қорғау» деген сөздермен ауыстырылсын;
2) 15-7-баптың 2-тармағының 1) тармақшасындағы «зейнетақымен қамсыздандыру» деген сөздер «әлеуметтік қорғау» деген сөздермен ауыстырылсын.
28-тармақ 2025 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі
28. «Автомобиль көлігі туралы» 2003 жылғы 4 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына:
1) 1-бапта:
9-1) тармақша «аппараттық-бағдарламалық кешенді» деген сөздерден кейін «, интернет-платформаларды» сөздермен толықтырылсын;
25-1) тармақшадағы «ұялы байланыстың абоненттік құрылғысында пайдаланылатын және» деген сөздер алып тасталып, «бағдарламалық өнім» деген сөздер «платформалық жұмыспен қамтудың мобильдік қосымшасы» деген сөздермен ауыстырылсын;
25-2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«25-2) таксимен тасымалдаушы - интернет-платформаларды және (немесе) платформалық жұмыспен қамтудың мобильдік қосымшаларын пайдалана отырып қызметтер көрсету немесе жұмыстар орындау жөніндегі қызметті жүзеге асыратын жеке тұлға, жолаушылар мен багажды таксимен тасымалдау қызметтерін көрсететін дара кәсіпкер немесе заңды тұлға;»;
2) 14-бапта:
2-тармақ мынадай мазмұндағы 4-1) тармақшамен толықтырылсын:
«4-1) республикалық маңызы бар қалаларда, астанада интернет-платформаларды және (немесе) платформалық жұмыспен қамтудың мобильдік қосымшаларын пайдалана отырып қызметтер көрсету немесе жұмыстарды орындау жөніндегі қызметті жүзеге асыратын жеке тұлғалардың, таксимен тасымалдаушы ретінде қызметті жүзеге асырудың басталғаны туралы хабарлама берген дара кәсіпкерлер мен заңды тұлғалардың тізілімін жүргізеді;»;
3-тармақтың 5-2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«5-2) интернет-платформаларды және (немесе) платформалық жұмыспен қамтудың мобильдік қосымшаларын пайдалана отырып қызметтер көрсету немесе жұмыстар орындау жөніндегі қызметті жүзеге асыратын жеке тұлғалардың, таксимен тасымалдаушы ретінде қызметті жүзеге асырудың басталғаны туралы хабарлама берген дара кәсіпкерлер мен заңды тұлғалардың тізілімін жүргізеді;»;
3) 26-бапта:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Интернет-платформаларды және (немесе) платформалық жұмыспен қамтудың мобильдік қосымшаларын пайдалана отырып қызметтер көрсету немесе жұмыстар орындау жөніндегі қызметті жүзеге асыратын жеке тұлғалар, дара кәсіпкерлер немесе заңды тұлғалар таксимен тасымалдаушы ретінде қызметті жүзеге асыруды бастар алдында жергілікті атқарушы органға «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген тәртіппен қызметтің басталғаны туралы хабарлама жіберуге міндетті.»;
2-тармақта:
1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«1) интернет-платформаларды және (немесе) платформалық жұмыспен қамтудың мобильдік қосымшаларын пайдалана отырып қызметтер көрсету немесе жұмыстар орындау жөніндегі қызметті жүзеге асыратын жеке тұлғалардың тасымалдауларды жүзеге асыруын қоспағанда, Жолаушылар мен багажды автомобиль көлігімен тасымалдау қағидаларына сәйкес жолаушылар мен багажды тасымалдау үшін бірыңғай түсті гаммасы және айырым белгілері бар таксилерді пайдалануға;»;
мынадай мазмұндағы 1-1) тармақшамен толықтырылсын:
«1-1) жүргізушіні Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес онымен еңбек шарты жасалғаннан кейін жеңіл таксиді басқаруға жіберуге;»;
мынадай мазмұндағы 2-1 және 2-2-тармақтармен толықтырылсын:
«2-1. Интернет-платформаларды және (немесе) платформалық жұмыспен қамтудың мобильдік қосымшаларын пайдалана отырып қызметтер көрсету немесе жұмыстар орындау жөніндегі қызметті жүзеге асыратын жеке тұлға осы бапта көрсетілген талаптарды дербес орындайды.
2-2. Осы баптың 2-тармағының 7) тармақшасын қоспағанда, интернет-платформаларды және (немесе) платформалық жұмыспен қамтудың мобильдік қосымшаларын пайдалана отырып қызметтер көрсету немесе жұмыстар орындау жөніндегі қызметті жүзеге асыратын жеке тұлғаның осы бапта белгіленген талаптарды сақтауын бақылау ақпараттық-диспетчерлік такси қызметіне жүктеледі.»;
4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Таксимен тасымалдаушы болып табылмайтын өзге де тұлға құратын ақпараттық-диспетчерлік такси қызметі интернет-платформаларды және (немесе) платформалық жұмыспен қамтудың мобильдік қосымшаларын пайдалана отырып қызметтер көрсету немесе жұмыстарды орындау жөніндегі қызметті жүзеге асыратын жеке тұлғалардың, таксимен тасымалдаушы ретінде қызметті бастағаны туралы хабарлама берген дара кәсіпкерлер мен заңды тұлғалардың тізіліміне енгізілген таксимен тасымалдаушылармен ақпараттық-диспетчерлік қызмет көрсету жөнінде шарт жасасады.
Интернет-платформаларды және (немесе) платформалық жұмыспен қамтудың мобильдік қосымшаларын пайдалана отырып қызметтер көрсету немесе жұмыстар орындау жөніндегі қызметті жүзеге асыратын жеке тұлғалар, таксимен тасымалдаушы ретінде қызметінің басталғаны туралы хабарлама берген дара кәсіпкерлер мен заңды тұлғалар туралы мәліметтер рұқсаттар және хабарламалардың мемлекеттік электрондық тізілімінде орналастырылады.»;
4) мынадай мазмұндағы 26-1 және 26-2-баптармен толықтырылсын:
«26-1-бап. Автокөлік құралын жалдау шарты бойынша жолаушылар мен багажды таксимен тасымалдауды ұйымдастыру
Интернет-платформаларды және (немесе) платформалық жұмыспен қамтудың мобильдік қосымшаларын пайдалана отырып қызметтер көрсету немесе жұмыстар орындау жөніндегі қызметті жүзеге асыратын жеке тұлғалар автокөлік құралын жалдау шарты бойынша жолаушыларды және багажды таксимен тасымалдау жөніндегі қызметтер көрсетуге құқылы.
Интернет-платформаларды және (немесе) платформалық жұмыспен қамтудың мобильдік қосымшаларын пайдалана отырып қызметтер көрсету немесе жұмыстарды орындау жөніндегі қызметті жүзеге асыратын жеке тұлғалардың, таксимен тасымалдаушы ретінде қызметінің басталғаны туралы хабарлама берген дара кәсіпкерлер мен заңды тұлғалардың тізіліміне енгізілген дара кәсіпкер немесе заңды тұлға автокөлік құралын жалдау шарты бойынша жеке тұлғаға жеңіл автомобиль ұсынады.
Осы Заңның 26-бабы 2-тармағының 1), 1-1), 5), 6), 7) және 8) тармақшаларын қоспағанда, жеке тұлғаның талаптарды сақтауын бақылау жеңіл автомобильдің иесі болып табылатын дара кәсіпкерге немесе заңды тұлғаға жүктеледі.
26-2-бап. Таксимен тасымалдаушылармен ақпараттық-диспетчерлік қызмет көрсету жөніндегі шарт
Ақпараттық-диспетчерлік қызмет көрсету шарты бойынша таксидің ақпараттық-диспетчерлік қызметі клиенттердің таксимен тасымалдаушыларға не тікелей такси жүргізушілеріне тапсырыстарын ұсынады.».
29. «Жарнама туралы» 2003 жылғы 19 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына:
6-баптың 9-тармағының екінші және үшінші бөліктеріндегі «өмірлік қиын жағдайда жүрген» деген сөздер «арнаулы әлеуметтік қызметтерге мұқтаж» деген сөздермен ауыстырылсын.
30. «Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың профилактикасы мен балалардың қадағалаусыз және панасыз қалуының алдын алу туралы» 2004 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына:
1) 1-баптың 1) тармақшасындағы «өмірде қиын жағдайға душар болған» деген сөздер «арнаулы әлеуметтік қызметтерге мұқтаж» деген сөздермен ауыстырылсын;
2) 3-баптың 2-тармағының 5) тармақшасындағы «өмірде қиын жағдайға душар болған» деген сөздер «арнаулы әлеуметтік қызметтерге мұқтаж» деген сөздермен ауыстырылсын;
3) 4-баптың 3) тармақшасындағы «өмірде қиын жағдайға душар болған» деген сөздер «арнаулы әлеуметтік қызметтерге мұқтаж» деген сөздермен ауыстырылсын;
4) 8-баптың 3-тармағының 3) және 4-1) тармақшаларындағы және 4-тармағының 4) тармақшасындағы «өмірде қиын жағдайға душар болған», «өмірлік қиын жағдайда жүрген» деген сөздер тиісінше «арнаулы әлеуметтік қызметтерге мұқтаж», «арнаулы әлеуметтік қызметтерге мұқтаж» деген сөздермен ауыстырылсын;
5) 11-баптың 1-тармағының 4) тармақшасындағы «өмірлік қиын жағдайда жүрген» деген сөздер «арнаулы әлеуметтік қызметтерге мұқтаж» деген сөздермен ауыстырылсын;
6) 19-6-баптың 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Медициналық-әлеуметтік есепке алу адамға арнаулы әлеуметтік қызметтерге мұқтаж кезең ішінде, бірақ кемінде жеке профилактика шараларын жүргізу кезеңіне жүзеге асырылады.»;
7) 23-баптың бірінші абзацындағы «өмірде қиын жағдайға душар болған» деген сөздер «арнаулы әлеуметтік қызметтерге мұқтаж» деген сөздермен ауыстырылсын.
31. «Қызметкер еңбек (қызметтік) міндеттерін атқарған кезде оны жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандыру туралы» 2005 жылғы 7 ақпандағы Қазақстан Республикасының Заңына:
1) 19-баптың 1-тармағында:
бесінші бөліктегі «жағдайына» деген сөз «жағдайы бойынша» деген сөздермен ауыстырылсын;
жетінші бөліктегі «зейнетақымен қамсыздандыру» деген сөздер «әлеуметтік қорғау» деген сөздермен ауыстырылсын;
2) 20-баптың 2-тармағы 1) тармақшасының сегізінші абзацындағы «жағдайына» деген сөз «жағдайы бойынша» деген сөздермен ауыстырылсын;
3) 24-баптың 2-тармағының екінші бөлігіндегі «мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау» деген сөздер «әлеуметтік қорғау» деген сөздермен ауыстырылсын.
32. «Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктерінде орналастырылған депозиттерге міндетті кепілдік беру туралы» 2006 жылғы 7 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына:
1) 13-баптың 2-тармағының 2) тармақшасындағы «зейнетақымен қамсыздандыру» деген сөздер «әлеуметтік қорғау» деген сөздермен ауыстырылсын;
2) 21-1-бапта:
1-тармақтың үшінші бөлігіндегі, 2-тармақтың бірінші бөлігінің бірінші абзацындағы және 3-тармақтың 2 тармақшасындағы «зейнетақымен қамсыздандыру» деген сөздер «әлеуметтік қорғау» деген сөздермен ауыстырылсын;
4-тармақтың үшінші бөлігінде:
«Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 33-бабына» деген сөздер «Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексіне» деген сөздермен ауыстырылсын;
«зейнетақымен қамсыздандыру» деген сөздер «әлеуметтік қорғау» деген сөздермен ауыстырылсын;
5-тармақтағы «зейнетақымен қамсыздандыру» деген сөздер «әлеуметтік қорғау» деген сөздермен ауыстырылсын;