3) 22-баптың 1-тармағының 8) тармақшасындағы «зейнетақымен қамсыздандыру» деген сөздер «әлеуметтік қорғау» деген сөздермен ауыстырылсын.
33. «Мәдениет туралы» 2006 жылғы 15 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына:
1) 12-1-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«12-1-бап. Мәдениет саласындағы ең төмен әлеуметтік стандарттар
Мемлекеттік мәдениет ұйымдары көрсететін қызметтерінің қолжетімді болуын қамтамасыз етудің ең төмен әлеуметтік стандарты және мемлекеттік мәдениет ұйымдары өткізетін мәдени, мәдени-бұқаралық, ойын-сауық мәдени-бұқаралық іс-шараларына мүгедектігі бар адамдардың қол жеткізуін қамтамасыз етудің ең төмен әлеуметтік стандарты «Ең төмен әлеуметтік стандарттар және олардың кепілдіктері туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес мәдениет саласындағы ең төмен әлеуметтік стандарттар болып табылады.»;
2) 15-1-баптың 1-тармағының екінші бөлігіндегі және 3-тармағындағы «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Қазақстан Республикасының Заңында» деген сөздер «Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексінде» деген сөздермен ауыстырылсын.
34. «Білім туралы» 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына:
1) 1-бапта:
28-2) тармақшадағы «өмірлік қиын жағдайда жүрген» деген сөздер «арнаулы әлеуметтік қызметтерге мұқтаж» деген сөздермен ауыстырылсын;
49-5) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«49-5) арнаулы әлеуметтік қызметтерге мұқтаж балаларды қолдау орталықтары - тұрақты немесе уақытша (күндіз) болуды ұсына отырып, сондай-ақ қызметі арнаулы әлеуметтік қызметтерге мұқтаждықтың алдын алу жөніндегі шараларды жүзеге асырумен байланысты заңды тұлғаларға ақпараттық, консультациялық, делдалдық көрсетілетін қызметтерді ұсыну жолымен арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсететін, білім беру органдарының қарамағындағы ұйымдар;»;
2) 5-баптың 96) тармақшасындағы «өмірлік қиын жағдайда жүрген» деген сөздер «арнаулы әлеуметтік қызметтерге мұқтаж» деген сөздермен ауыстырылсын;
3) 6-бапта:
2-тармақтың 23) және 24) тармақшаларындағы «өмірлік қиын жағдайда жүрген» деген сөздер «арнаулы әлеуметтік қызметтерге мұқтаж» деген сөздермен ауыстырылсын;
3-тармақтың 26) және 27) тармақшаларындағы «өмірлік қиын жағдайда жүрген» деген сөздер «арнаулы әлеуметтік қызметтерге мұқтаж» деген сөздермен ауыстырылсын;
4) 8-баптың 4-тармағының 4) тармақшасындағы «өмірлік қиын жағдайда жүрген» деген сөздер «арнаулы әлеуметтік қызметтерге мұқтаж» деген сөздермен ауыстырылсын;
5) 51-баптың 3-тармағының 10) тармақшасындағы «өмірде қиын жағдайға тап болған» деген сөздер «арнаулы әлеуметтік қызметтерге мұқтаж» деген сөздермен ауыстырылсын.
35. «Тұрмыстық зорлық-зомбылық профилактикасы туралы» 2009 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына:
1) 3-баптың 6) тармақшасындағы «өмірлік қиын жағдайда жүрген» деген сөздер «арнаулы әлеуметтік қызметтерге мұқтаж» деген сөздермен ауыстырылсын;
2) 5-бапта:
1-тармақтағы «өмірлік қиын жағдайда жүрген» деген сөздер «арнаулы әлеуметтік қызметтерге мұқтаж» деген сөздермен ауыстырылсын;
4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету стандарттары, оларды көрсету тәртібі, арнаулы әлеуметтік қызметтерге мұқтаж адамның (отбасының) құқықтары мен міндеттері Қазақстан Республикасының әлеуметтік қорғау туралы заңнамасында айқындалады.»;
3) 7-баптың 2-тармағының 5) тармақшасындағы «арнаулы әлеуметтік қызметтер туралы» деген сөздер «әлеуметтік қорғау туралы» деген сөздермен ауыстырылсын.
36. «Атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі туралы» 2010 жылғы 2 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына:
1) 97-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«97-бап. Міндетті әлеуметтік сақтандыру бойынша әлеуметтік төлемдерді өндіріп алуға жүгіну
Еңбекке қабілеттілігінен айырылу, жұмысынан айырылу жағдайы бойынша әлеуметтік төлемдерге, сондай-ақ оқушылардың стипендияларына өндіріп алу төлем көзінен ұсталатын, алименттерді өндіріп алу және мертіккеннен немесе денсаулығы өзгеше зақымданғаннан, асыраушысының қайтыс болуынан келтірілген зиянды өтеу туралы сот шешімі бойынша ғана жүргізілуі мүмкін.»;
2) 98-баптың бірінші бөлігінде:
11) тармақшадағы «бір жасқа», «жағдайда» деген сөздер тиісінше «бір жарым жасқа», «жағдай бойынша» деген сөздермен ауыстырылсын;
15-1) тармақшадағы «орта», «ұйымдарында» деген сөздер тиісінше «жалпы орта», «ұйымдарында жалпы немесе кәсіптік білім беру бағдарламалары бойынша» деген сөздермен ауыстырылсын.
37. «Құқық бұзушылық профилактикасы туралы» 2010 жылғы 29 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына:
1) 3-баптың 2-тармағының 4) тармақшасындағы «өмірлік қиын жағдайда жүрген» деген сөздер «арнаулы әлеуметтік қызметтерге мұқтаж» деген сөздермен ауыстырылсын;
2) 6-баптың 2-тармағының 7) тармақшасындағы «өмірлік қиын жағдайда жүрген» деген сөздер «арнаулы әлеуметтік қызметтерге мұқтаж» деген сөздермен ауыстырылсын.
38. «Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы» 2010 жылғы 4 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңына:
42-3-баптың 8-тармағында:
1) және 2) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
«1) Қазақстан Республикасының әлеуметтік қорғау туралы заңнамасына сәйкес арнаулы әлеуметтік қызметтерді алатын адамдарға;
2) атаулы әлеуметтік көмек алатын адамдарға;»;
6) тармақшадағы «қарттар мен мүгедектігі бар адамдарға арналған медициналық-әлеуметтік мекемелерде (ұйымдарда)» деген сөздер «арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталықтарында» деген сөздермен ауыстырылсын.
39. «Құқық қорғау қызметі туралы» 2011 жылғы 6 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына:
1) 15-баптың 1-тармағының 13) тармақшасындағы «Қазақстан Республикасының заңнамасына» деген сөздер «Қазақстан Республикасының әлеуметтік қорғау туралы заңнамасына» деген сөздермен ауыстырылсын;
2) 64-баптың 3-тармағындағы «Қазақстан Республикасының заңнамасына» деген сөздер «Қазақстан Республикасының әлеуметтік қорғау туралы заңнамасына» деген сөздермен ауыстырылсын;
3) 66-баптың 9-тармағының екінші бөлігіндегі «Қазақстан Республикасында мүгедектігі бойынша және асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша берілетін мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылар туралы» Қазақстан Республикасының Заңында» деген сөздер «Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексінде» деген сөздермен ауыстырылсын;
4) 82-баптың 3-тармағындағы «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Қазақстан Республикасының Заңында» деген сөздер «Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексінде» деген сөздермен ауыстырылсын.
40. «Ғылым туралы» 2011 жылғы 18 ақпандағы Қазақстан Республикасының Заңына:
1) 8-баптың 3-тармағының үшінші бөлігіндегі «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Қазақстан Республикасының Заңында» деген сөздер «Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексінде» деген сөздермен ауыстырылсын;
2) 14-баптың 4-тармағындағы «Қазақстан Республикасының заңнамасына» деген сөздер «Қазақстан Республикасының әлеуметтік қорғау туралы заңнамасына» деген сөздермен ауыстырылсын.
41. «Мемлекеттік мүлік туралы» 2011 жылғы 1 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына:
1) 134-баптың 3-тармағы 11) тармақшасындағы «сот-сараптама қызметі саласында жүзеге асырады.» деген сөздер «сот-сараптама қызметі;» деген сөздермен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 12) тармақшамен толықтырылсын:
«12) халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесу саласында жүзеге асырады.»;
2) 146-баптың 2-1-тармағындағы «Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасының Заңына» деген сөздер «Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексіне» деген сөздермен ауыстырылсын;
3) 161-баптың 2-тармағы «Білім беру,» деген сөздерден кейін «халықты әлеуметтік қорғау,» деген сөздермен толықтырылсын.
42. «Халықтың көші-қоны туралы» 2011 жылғы 22 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына:
1) 1-бапта:
1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«1) «Ата жолы» картасы - халықтың көші-қоны мәселелері жөніндегі уәкілетті орган белгілейтін тәртіппен бизнес-көшіп келушілерге не этникалық қазақтар қатарынан сұранысқа ие кәсіптері бар адамдарға он жылға дейінгі мерзімге, бірақ азаматтығы бар ел паспортының қолданылу мерзімінен аспайтын мерзімге берілетін белгіленген нысандағы құжат;»;
мынадай мазмұндағы 1-1) және 4-2) тармақшалармен толықтырылсын:
«1-1) бұрынғы отандас - Қазақ Кеңестік Социалистік Республикасында немесе Қазақстан Республикасында туған немесе бұрын азаматтығында болған және шетелде тұрақты тұратын адам;»;
«4-2) жұмыспен қамтудың жекеше агенттігі - Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен тіркелген, еңбек делдалдығын көрсететін жеке немесе заңды тұлға;»;
6-1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«6-1) корпоративішілік ауыстыру - Дүниежүзілік сауда ұйымына мүше елдің аумағында құрылған, Қазақстан Республикасының аумағынан тыс жерде орналасқан және жұмыс істейтін заңды тұлғада Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес осы заңды тұлғаның Қазақстан Республикасының аумағында құрылған филиалдарына, еншілес ұйымдарына, өкілдіктеріне басшы, менеджер немесе маман лауазымында еңбек қызметін жүзеге асыратын шетелдікті немесе азаматтығы жоқ адамды еңбек шартында айқындалған, бірақ үш жылдан аспайтын мерзімге, еңбек шартын бір жылға ұзарту құқығымен уақытша ауыстыру;»;
12-1) және 13-2) тармақшалардағы «Қазақстан Республикасының халықты жұмыспен қамту туралы заңнамасына» деген сөздер «Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексіне» деген сөздермен ауыстырылсын;
2) 10-баптың 5-1) тармақшасы «оның ішінде» деген сөздерден кейін «Ата жолы» картасын алуға үміткерлерді қоса алғанда,» деген сөздермен толықтырылсын;»;
3) 11-бап мынадай мазмұндағы 9-2), 14-4), 14-5), 14- 6), 14-7) және 14-8) тармақшалармен толықтырылсын:
«9-2) шетелде тұратын этникалық қазақтар үшін «Ата жолы» картасын ұсыну тәртібін әзірлейді, бекітеді;»;
«14-4) жұмыс берушілерге шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсаттар берудің немесе ұзартудың, сондай-ақ корпоративішілік ауыстыруды жүзеге асырудың тәртібі мен шарттарын әзірлейді және бекітеді;
14-5) өз бетінше жұмысқа орналасуы үшін шетелдікке немесе азаматтығы жоқ адамға біліктілігінің сәйкестігі туралы анықтамалар беру немесе ұзарту қағидаларын, шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдардың өз бетінше жұмысқа орналасуы үшін экономиканың басым салаларының (экономикалық қызмет түрлерінің) және оларда сұранысқа ие кәсіптердің тізбесін әзірлейді және бекітеді;
14-6) мемлекеттік басқарудың тиісті саласына басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті мемлекеттік органдармен келісім бойынша маусымдық шетелдік жұмыскерлердің еңбек қызметін жүзеге асыру үшін кәсіптердің тізбесін әзірлейді және бекітеді;
14-7) Қазақстан Республикасына шетелдік жұмыс күшін тартуға квота белгілеу және оны облыстар, республикалық маңызы бар қалалар, астана арасында бөлу қағидаларын бекітеді;
14-8) шетелдік жұмыскерге өз бетінше жұмысқа орналасу үшін біліктілігінің сәйкестігі туралы анықтамалар беру тәртібін, мемлекеттік басқарудың тиісті саласына басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті мемлекеттік органдармен келісу бойынша шетелдік жұмыскерлердің өз бетінше жұмысқа орналасуы үшін экономиканың басым салаларының (экономикалық қызмет түрлерінің) және оларда сұранысқа ие кәсіптердің тізбесін айқындайды;»;
4) 15-бапта:
1-тармақ мынадай мазмұндағы 6-9) тармақшамен толықтырылсын:
«6-9) «Ата жолы» картасын беру туралы шешім қабылдайды;»;
2-тармақтың 2) тармақшасындағы «Қазақстан Республикасының халықты жұмыспен қамту туралы заңнамасына» деген сөздер «Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексіне» деген сөздермен ауыстырылсын;
5) 23-бапта:
2-тармақтың 5) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«5) Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексіне сәйкес жұмыспен қамтуға жәрдемдесумен қамтамасыз етіледі.»;
4-2-тармақтағы «Қазақстан Республикасының халықты жұмыспен қамту туралы заңнамасына» деген сөздер «Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексіне» деген сөздермен ауыстырылсын;
6-тармақ мынандай редакцияда жазылсын:
«6. Қандастар Қазақстан Республикасының әлеуметтік кодексіне сәйкес жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шаралары шеңберінде өздері алған мемлекеттік қолдау шараларын көрсетуге жұмсалған бюджет шығындарын мерзімінен бұрын толық көлемде:
қандас мәртебесін алған сәттен бастап бес жыл ішінде қоныстандыру өңірінің шегінен тыс жерге өзінің еркі бойынша тұрақты тұруға өз бетінше кеткен;
Қазақстан Республикасының азаматтығын алудан бас тартқан жағдайларда өтеуге міндетті.»;
6) 25-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«25-бап. Қандас мәртебесін және «Ата жолы» картасының қолданылуын тоқтату
1. Қандастың мәртебесі:
1) қандас Қазақстан Республикасының азаматтығын алғаннан кейін;
2) осы Заңның 49-бабында көзделген негіздер бойынша Қазақстан Республикасында тұрақты тұруға рұқсат беруден бас тартылған не ол күшін жойған жағдайда;
3) қандас мәртебесін алған күннен бастап бір жыл өткен соң тоқтатылады.
2. «Ата жолы» картасының қолданысы:
1) «Ата жолы» картасының иегері Қазақстан Республикасының азаматтығын алғаннан кейін;
2) осы Заңның 49-бабында көзделген негіздер бойынша Қазақстан Республикасында тұрақты тұруға рұқсат беруден бас тартылған не ол күшін жойған жағдайда;
3) он жыл өткеннен кейін, бірақ азаматтығы бар ел паспортының қолданылу мерзімінен аспайтын мерзімге тоқтатылады.»;
7) мынадай мазмұндағы 25-1-баппен толықтырылсын:
«25-1-бап. «Ата жолы» картасын беруден бас тарту үшін негіздер
Жергілікті атқарушы орган «Ата жолы» картасын ұсынудан мынадай негіздер бойынша бас тартады:
1) үміткерлер осы Заңның 1-бабының 28) тармақшасында белгіленген шарттарға сәйкес келмеген жағдайда;
2) «Ата жолы» картасын ұсыну туралы өтініш білдірген этникалық қазақтардың Қазақстан Республикасының аумағында құқық бұзушылықтар жасағаны туралы әшкерелейтін мәліметтердің және олардың террористік немесе экстремистік ұйымдарға қатысы бар екені туралы өзге де ақпараттың болуы;
3) «Дербес деректер және оларды қорғау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабына сәйкес берілетін қолжетімділігі шектеулі дербес деректерге қол жеткізуге этникалық қазақтың келісімінің болмауы.»;
8) мынадай мазмұндағы 36-1, 37-1, 37-2 және 37-3-баптармен толықтырылсын:
«36-1-бап. Шетелдік жұмыс күшін тартуға арналған квота
1. Ішкі еңбек нарығын қорғау мақсатында халықтың көші-қоны мәселелері жөніндегі уәкілетті орган Қазақстан Республикасының аумағында еңбек қызметін жүзеге асыру үшін шетелдік жұмыс күшін тартуға арналған квота белгілейді.
2. Осы Заңның шетелдік жұмыс күшін квоталау және жұмыс берушілерге шетелдік жұмыс күшін тартуға арналған рұқсаттар беру туралы нормалары:
1) дербес білім беру ұйымдарында, олардың ұйымдарында, сондай-ақ «Назарбаев Қорында» басшылар және жоғары білімі бар мамандар лауазымдарында жұмыс істейтін;
2) Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген тәртіппен расталған құжаттармен мемлекеттік органдарда жұмыс істейтін;
3) Қазақстан Республикасының инвестициялар туралы заңнамасына сәйкес инвестициялық басым жобаны іске асыруға арналған инвестициялық келісімшарттарды жасасқан Қазақстан Республикасының ұйымдарында жұмыс істейтін, сондай-ақ инвестициялық басым жобаны іске асыруға арналған инвестициялық келісімшарттарда айқындалатын кәсіптер тізбесіне және сандарына сәйкес басшылар және жоғары білімі бар мамандар ретінде, сондай-ақ білікті жұмысшылар ретінде инвестициялық қызмет объектісі пайдалануға берілгеннен кейін бір жыл өткенге дейінгі мерзімге көрсетілген заңды тұлғалар (не олардың мердігерлері) бас мердігер, мердігер, қосалқы мердігер немесе сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі (оның ішінде іздестіру және жобалау қызметі, инжинирингтік қызметтер) саласында көрсетілетін қызметтерді орындаушы ретінде тартатын ұйымдарда жұмыс істейтін;
4) құны миллион айлық есептік көрсеткіштен асатын жобалары бар арнайы экономикалық аймақтардың қатысушылары болып табылатын заңды тұлғаларда, сондай-ақ аталған арнайы экономикалық аймақтардың қатысушылары (не олардың мердігерлері) бас мердігер, мердігер, қосалқы мердігер немесе арнайы экономикалық аймақтардың аумағында құрылыс-монтаждау жұмыстарын орындау кезеңінде қызметтерді орындаушы ретінде және халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті органы мен арнайы экономикалық және индустриялық аймақтарды құру, олардың жұмыс істеуі және таратылуы саласындағы мемлекеттік реттеуді жүзеге асыратын орталық атқарушы органның бірлескен шешімімен бекітілген тәртіппен халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті органның, мүдделі мемлекеттік орталық органдардың өкілдерінен тұратын комиссия айқындайтын санаттар мен сандар тізбесіне сәйкес объект (объектілер) пайдалануға берілгеннен кейін бір жыл өткенге дейін тартатын ұйымдарда жұмыс істейтін;
5) экономиканың басым салаларында (экономикалық қызмет түрлерінде) сұранысқа ие кәсіптер бойынша өз бетінше жұмысқа орналасу үшін келген;
6) Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын;
7) шетелдік заңды тұлғалар филиалдарының немесе өкілдіктерінің бірінші басшылары болып жұмыс істейтін;
8) Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын, еңбек қызметін жүзеге асыру үшін шетелдік жұмыс күшін тартуға жергілікті атқарушы органдардың рұқсаты талап етілмейтін адамдардың тізбесінде көзделген;
9) «Астана Хаб» халықаралық технологиялық паркінде немесе «Астана Хаб» халықаралық технологиялық паркінде басшылар және жоғары білімді мамандар лауазымдарында жұмыс істейтін шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарға қолданылмайды.
3. Осы Заңның шетелдік жұмыс күшін жыл сайын квоталау туралы нормалары Қазақстан Республикасының аумағында еңбек қызметін корпоративішілік ауыстыру шеңберінде жүзеге асыратын шетелдіктерге немесе азаматтығы жоқ адамдарға қолданылмайды.
4. Шетелдік жұмыс күшін тартуға арналған квота жұмыс күшіне пайыздық қатынаста белгіленеді және ол:
1) жергілікті атқарушы орган жұмыс берушіге беретін рұқсаттар бойынша шетелдік жұмыс күшін тартуға арналған квотаны;
2) Қазақстан Республикасы ратификациялаған еңбек көші-қоны және еңбекші көшіп-қонушыларды әлеуметтік қорғау саласындағы ынтымақтастық туралы халықаралық шарттар болған кезде, шығу елдері бойынша шетелдік жұмыс күшін тартуға арналған квотаны;
3) еңбек мигранттарын тартуға арналған квотаны қамтиды.
5. Халықтың көші-қоны мәселелері жөніндегі уәкілетті орган шетелдік жұмыс күшін тартуға арналған квотаны еңбек нарығындағы алдағы жылға (жылдарға) арналған сұраныс пен ұсыныс жағдайының болжамын және мемлекеттік басқарудың тиісті саласына басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті мемлекеттік органдардың, жергілікті атқарушы органдардың, сондай-ақ жұмыс берушілердің ұсыныстарын ескере отырып, қалыптастырады және белгілейді.
6. Жұмыс беруші шетелдік жұмыс күшін тартуға арналған рұқсаттың қолданысының тоқтатылуына байланысты тартылатын шетелдік жұмыскердің Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге шығуын қамтамасыз етеді.
7. Жұмыс беруші өз бетінше жұмысқа орналасу үшін біліктілігінің сәйкестігі туралы анықтама негізінде тартылатын шетелдіктерді немесе азаматтығы жоқ адамдарды жұмысқа қабылдау және (немесе) олармен еңбек қатынастарын тоқтатқаны туралы ақпаратты халықтың көші-қоны мәселелері жөніндегі уәкілетті органға ұсынады.»;
«37-1 бап. Жұмыс берушілердің шетелдік жұмыс күшін тартуы
1. Жұмыс берушілер тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктердің жергілікті атқарушы органдары берген шетелдік жұмыс күшін тартуға арналған рұқсаттар негізінде Қазақстан Республикасында еңбек қызметін жүзеге асыру үшін шетелдік жұмыс күшін тартады.
2. Тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағындағы жергілікті атқарушы органдар жұмыс берушілерге халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті орган бөлген квота шегінде еңбек қызметін жүзеге асыру үшін шетелдік жұмыс күшін тартуға арналған рұқсаттарды береді немесе ұзартады не рұқсаттарды беруден, ұзартудан бас тартады, сондай-ақ көрсетілген рұқсаттарды тоқтата тұрады және кері қайтарып алады.
3. Жергілікті атқарушы орган берген шетелдік жұмыс күшін тартуға арналған рұқсат басқа жұмыс берушілерге берілуге жатпайды, жұмыс берушінің рұқсаты алынған шетелдік жұмыскерлерді бір күнтізбелік жыл ішінде жиынтығы күнтізбелік тоқсан күннен аспайтын мерзімге басқа әкімшілік-аумақтық бірліктердің аумағында орналасқан ұйымдарға іссапарға жіберуді қоспағанда, рұқсатта көрсетілген әкімшілік-аумақтық бірліктердің аумағында қолданылады.
4. Жұмыс берушілерге шетелдік жұмыс күшін тартуға арналған рұқсат халықтың көші-қоны мәселелері жөніндегі уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен және шарттарда, сондай-ақ Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес алымдар төленген кезде беріледі немесе ұзартылады.
Бір және (немесе) басқа әкімшілік-аумақтық бірліктер шегінде Қазақстан Республикасына шетелдік жұмыс күшін тартуға арналған рұқсатты алған немесе ұзартқан кезде алым рұқсатта көрсетілген әрбір әкімшілік-аумақтық бірліктің бюджетіне төленеді.
Жұмыс берушілерге шетелдік жұмыс күшін тартуға арналған рұқсатты бергені немесе ұзартқаны үшін алымды төлеу бөлігіндегі осы тармақтың ережесі корпоративішілік ауыстыру шеңберінде жұмыс істейтін шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарға қолданылмайды.
5. Жергілікті атқарушы орган қажетті құжаттарды қабылдауды, сондай-ақ жұмыс берушілерге шетелдік жұмыс күшін тартуға арналған рұқсаттар беруді немесе ұзартуды халықтың көші-қоны мәселелері жөніндегі уәкілетті орган айқындаған тәртіппен, оның ішінде рұқсаттар мен хабарламалардың ақпараттық жүйесі арқылы электрондық нысанда жүзеге асырады.
6. Жұмыс беруші рұқсаттар бойынша тартатын шетелдік жұмыс күшінің саны персоналды беру жөніндегі қызметтерді көрсетуге арналған шарт шеңберінде еңбек қызметін жүзеге асыратын жіберуші тараптың жұмыскерлері ескеріле отырып, халықтың көші-қоны мәселелері жөніндегі уәкілетті орган айқындайтын қазақстандық кадрлар санына пайыздық арақатынасқа сәйкес келуге тиіс.
7. Қазақстан Республикасының аумағында еңбек қызметін жүзеге асыру үшін жұмыс берушілер тартатын шетелдік жұмыс күшінің білім деңгейі (кәсіптік даярлығы) және практикалық жұмыс тәжірибесі (өтілі) кәсіптік стандарттарға немесе Жұмыстар мен жұмысшы кәсіптерінің бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығына және Басшылар, мамандар және басқа да қызметшілер лауазымдарының біліктілік анықтамалығына, ұйымдар басшылары, мамандары және басқа да қызметшілері лауазымдарының үлгілік біліктілік сипаттамаларына сай келуі тиіс.
8. Шетелдік жұмыс күшін тартатын жұмыс берушілер халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі жергілікті органға Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексінде белгіленген тәртіппен және мерзімдерде бастапқы статистикалық деректерді ұсынуға міндетті.
37-2-бап. Өз бетінше жұмысқа орналасу шеңберінде шетелдіктердің немесе азаматтығы жоқ адамдардың еңбек қызметін жүзеге асыруы
1. Шетелдіктер немесе азаматтығы жоқ адамдар еңбек шартының қолданылу мерзіміне, бірақ үш жылдан аспайтын мерзімге ұзарту құқығымен экономиканың басым салаларында (экономикалық қызмет түрлерінде) сұранысқа ие кәсіптер бойынша өз бетінше жұмысқа орналасу үшін біліктілігінің сәйкестігі туралы жергілікті атқарушы органдар үш айдан аспайтын мерзімге берген анықтаманың негізінде Қазақстан Республикасында еңбек қызметін жүзеге асыра алады.
2. Экономиканың басым салаларындағы (экономикалық қызмет түрлеріндегі) сұранысқа ие кәсіптердің тізбесін халықтың көші-қоны мәселелері жөніндегі уәкілетті орган мемлекеттік басқарудың тиісті саласына басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті мемлекеттік органдардың, жергілікті атқарушы органдардың, сондай-ақ жұмыс берушілердің ұсыныстарын ескере отырып айқындайды.
3. Шетелдік немесе азаматтығы жоқ адам өз бетінше жұмысқа орналасу үшін біліктілігінің сәйкестігі туралы анықтама алу үшін Қазақстан Республикасының шет елдердегі мекемелеріне Қазақстан Республикасында өз бетінше жұмысқа орналасу туралы өтініш береді, ол өтініште көрсетілген жергілікті атқарушы органға жіберіледі.
Шетелдік немесе азаматтығы жоқ адам Қазақстан Республикасында болған жағдайда өз бетінше жұмысқа орналасу үшін біліктілігінің сәйкестігі туралы анықтама алу үшін шетелдік немесе азаматтығы жоқ адам жергілікті атқарушы органға Қазақстан Республикасында өз бетінше жұмысқа орналасу туралы өтінішпен жүгінеді.