ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ
ЗАҢЫ
Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне
өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
1-бап. 2014 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2014 ж., № 18-I, 18-II, 92-құжат; № 21, 122-құжат; № 23, 143-құжат; № 24, 145, 146-құжаттар; 2015 ж., № 1, 2-құжат; № 2, 6-құжат; № 7, 33-құжат; № 8, 44, 45-құжаттар; № 9, 46-құжат; № 10, 50-құжат; № 11, 52-құжат; № 14, 71-құжат; № 15, 78-құжат; № 16, 79-құжат; № 19-I, 101-құжат; № 19-II, 102, 103, 105-құжаттар; № 20-IV, 113-құжат; № 20-VII, 115-құжат; № 21-I, 124, 125-құжаттар; № 21-II, 130-құжат; № 21-III, 137-құжат; № 22-I, 140, 141, 143-құжаттар; № 22-II, 144, 145, 148-құжаттар; № 22-III, 149-құжат; № 22-V, 152, 156, 158-құжаттар; № 22-VI, 159-құжат; № 22-VII, 161-құжат; № 23-I, 166, 169-құжаттар; № 23-II, 172-құжат; 2016 ж., № 1, 4-құжат; № 2, 9-құжат; № 6, 45-құжат; № 7-I, 49, 50-құжаттар; № 7-II, 53, 57-құжаттар; № 8-I, 62, 65-құжаттар; № 8-II, 66, 67, 68, 70, 72-құжаттар; № 12, 87-құжат; № 22, 116-құжат; № 23, 118-құжат; № 24, 124, 126, 131-құжаттар; 2017 ж., № 1-2, 3-құжат; № 9, 17, 18, 21, 22-құжаттар; № 12, 34-құжат; № 14, 49, 50, 54-құжаттар; № 15, 55-құжат; № 16, 56-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1) мазмұнында:
31-баптың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«31-бап. Құқық бұзушылық сертификатталған арнайы техникалық бақылау-өлшеу құралдарымен және аспаптарымен тiркелген кездегі әкiмшiлiк жауаптылықтың ерекшелiктерi»;
мынадай мазмұндағы 64-1-баптың тақырыбымен толықтырылсын:
«64-1-бап. Құқық бұзушылықтың маңызы болмашы болған кезде әкімшілік жауаптылықтан босату»;
91-баптың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«91-бап. Қазақстан Республикасының зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңнамасын бұзу, сондай-ақ мемлекеттік жәрдемақыларды төлеу жөніндегі міндеттемелерді орындамау»;
188-баптың тақырыбы алып тасталсын;
232, 256, 260, 280-1, 283, 287, 308, 360 және 418-баптардың тақырыптары мынадай редакцияда жазылсын:
«232-бап. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкін қаржы ұйымдары филиалдарының және (немесе) өкiлдiктерiнiң ашылғаны немесе олардың қызметiнiң тоқтатылғаны туралы хабардар ету жөніндегі міндеттерді орындамау, сол сияқты уақтылы хабардар етпеу»;
«256-бап. Бағалы қағаздар нарығына кәсіби қатысушының және өзге де тұлғалардың есептілікті, ақпаратты, мәліметтерді беру жөніндегі талаптарды бұзуы»;
«260-бап. Бағалы қағаздар нарығына кәсiби қатысушының бағалы қағаздармен мәмілелерді тіркеу тәртібін, шарттары мен мерзімдерін және (немесе) бағалы қағаздарды ұстаушылар тiзiлiмдерiнің жүйесiн, номиналды ұстауды есепке алу жүйесiн жүргiзу тәртiбiн бұзуы және (немесе) бағалы қағаздар бойынша құқықтарды растау тәртiбiн, шарттары мен мерзімдерін бұзуы»;
«280-1-бап. Шот-фактураларды жазып беру тәртібін бұзу, сондай-ақ тізбеге енгізілген тауарларды өткізуді есепке алу жүйесін бұзу»;
«283-бап. Шарап материалын, сыраны және сыра ішімдігін қоспағанда, алкоголь өнімін есепке алу-бақылау маркаларымен және темекі өнімдерін акциздік маркалармен таңбалау (қайта таңбалау) қағидаларын бұзу»;
«287-бап. Еуразиялық экономикалық одақта тауарларды экспорттау мен импорттау, жұмыстарды орындау, қызметтерді көрсету кезінде салық төлеушілердің Қазақстан Республикасының салық заңнамасында белгіленген міндеттерді орындамауы, сондай-ақ тұлғалардың Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген талаптарды орындамауы»;
«308-бап. Мұнай құбырларын, газ құбырларын және олардың жабдықтарын бүлдіру»;
«360-бап. Су қорғау аймақтарында және су объектілері белдеулерінде заңсыз құрылыс салу, сондай-ақ өзеннің табиғи арнасын заңсыз өзгерту»;
«418-бап. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туы мен Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасына қойылатын ұлттық стандарттарды бұзу»;
467-баптың тақырыбы алып тасталсын;
479 және 558-баптардың тақырыптары мынадай редакцияда жазылсын:
«479-бап. Құқық бұзушылық жасауға ықпал еткен себептер мен жағдайларды жою жөнiнде қабылданған шаралар туралы хабарламау және (немесе) шаралар қабылдамау»;
«558-бап. Қазақстан Республикасы мемлекеттік кіріс органдарының кеден ісі саласындағы талаптарын орындамау»;
мынадай мазмұндағы 571-1-баптың тақырыбымен толықтырылсын:
«571-1-бап. Автомобиль көлігімен тасымалдауды жүзеге асыру кезінде тасымалдаушының тауар-көлік жүкқұжатын (өлшеу немесе салмағын өлшеу актілерін), жол парағын ұсынбауы»;
574-баптың тақырыбы алып тасталсын;
583, 592, 593 және 602-баптардың тақырыптары мынадай редакцияда жазылсын:
«583-бап. Ішкі су жолдарымен жүзу қағидаларын бұзу»;
«592-бап. Белгiленген жүру жылдамдығын арттыру
593-бап. Жол жүрiсi қағидаларында көзделген жолаушыларды және жүктердi тасымалдау, қауiпсiздiк белдіктерiн немесе мотошлемдердi пайдалану жөніндегі талаптарды сақтамау»;
«602-бап. Көлiк құралдары жүргiзушiлерінің сыртқы жарық түсiру аспаптарын және (немесе) дыбыс сигналдарын пайдалану, авариялық сигнал берудi қолдану қағидаларын бұзуы»;
609-баптың тақырыбы алып тасталсын;
610 және 618-баптардың тақырыптары мынадай редакцияда жазылсын:
«610-бап. Көлiк құралдары жүргiзушiлерінiң жол жүрісі қағидаларын адамдардың денсаулығына зиян келтiруге, көлiк құралдарының немесе өзге де мүлiктiң бүлінуіне алып келген бұзушылығы»;
«618-бап. Көлік құралдары қауіпсіздігіне қойылатын талаптарды қамтамасыз ету саласында белгіленген нормаларды бұзып, көлік құралдарының сәйкестігін растайтын сертификаттарды немесе өзге де құжаттарды тану не беру»;
мынадай мазмұндағы 619-1-баптың тақырыбымен толықтырылсын:
«619-1-бап. Масаң күйдегі жүргiзушiнi көлiк құралын басқаруға жiберу»;
624-баптың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«624-бап. Темiржол көлiгiнде жол жүру құжаттарын (билеттердi) сатуды ұйымдастыру қағидаларын бұзу»;
мынадай мазмұндағы 690-1-баптың тақырыбымен толықтырылсын:
«690-1-бап. Атом энергиясын пайдалану саласындағы уәкілетті орган»;
706 және 747-баптардың тақырыптары мынадай редакцияда жазылсын:
«706-бап. Астық нарығын реттеу және тұқым шаруашылығы саласындағы уәкiлеттi орган»;
«747-бап. Дара кәсіпкердің, заңды тұлғаның өкілдері»;
мынадай мазмұндағы 759-1-баптың тақырыбымен толықтырылсын:
«759-1-бап. Сот отырысының хатшысы»;
43-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«43-тарау. Уәкілетті органдардың (лауазымды адамдардың) әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарауы»;
814, 815 және 816-баптардың тақырыптары мынадай редакцияда жазылсын:
«814-бап. Лауазымды адамның әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстi қарау мүмкiндiгiн болғызбайтын мән-жайлар
815-бап. Лауазымды адамның өздiгiнен бас тартуы және оған қарсылық білдіру
816-бап. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстi қарауға дайындау кезiнде орган (лауазымды адам) қабылдайтын шешiм»;
820 және 820-1-баптардың тақырыптары алып тасталсын;
мынадай мазмұндағы 822-1-баптың тақырыбымен толықтырылсын:
«822-1-бап. Айыппұл төлеу қажеттігі туралы нұсқама және оны жіберу тәртібі »;
826-баптың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«826-бап. Жекеше ұсыну»;
мынадай мазмұндағы 43-1-тараудың тақырыбымен толықтырылсын:
«43-1-тарау. Жоғары тұрған органға (лауазымды адамға) әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істер бойынша заңды күшіне енбеген қаулыларға, айыппұл төлеу қажеттігі туралы нұсқамаларға шағым жасау, наразылық білдіру тәртібі»;
мынадай мазмұндағы 826-1, 826-2, 826-3, 826-4 және 826-5-баптардың тақырыптарымен толықтырылсын:
«826-1-бап. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша қаулыға, айыппұл төлеу қажеттігі туралы нұсқамаға шағым жасау құқығы
826-2-бап. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша қаулыға, айыппұл төлеу қажеттігі туралы нұсқамаға шағым жасау, наразылық білдіру тәртібі мен мерзімдері
826-3-бап. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша қаулыға, айыппұл төлеу қажеттігі туралы нұсқамаға шағымды, наразылықты қарау
826-4-бап. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша қаулыға, айыппұл төлеу қажеттігі туралы нұсқамаға шағым, наразылық бойынша шешім және оны жария ету
826-5-бап. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша қаулының күшін жою немесе өзгерту не айыппұл төлеу қажеттігі туралы нұсқаманың күшін жою»;
44-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«44-тарау. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша іс жүргізуді жүзеге асыратын органның (лауазымды адамның) әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) және шешімдеріне шағым жасау»;
мынадай мазмұндағы 44-1-тараудың тақырыбымен толықтырылсын:
«44-1-тарау. Соттардың әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарауы, әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істер бойынша қаулыларға, айыппұл төлеу қажеттігі туралы нұсқамаларға, жоғары тұрған органның (лауазымды адамның) шағым, наразылық бойынша қаулыларына сотқа шағым жасау, наразылық білдіру»;
мынадай мазмұндағы 829-1, 829-2, 829-3, 829-4, 829-5, 829-6, 829-7, 829-8, 829-9, 829-10, 829-11, 829-12, 829-13, 829-14, 829-15, 829-16, 829-17, 829-18 және 829-19-баптардың тақырыптарымен толықтырылсын:
«829-1-бап. Соттың әкімшілік құқық бұзушылық туралы істі қарайтын орны
829-2-бап. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша қаулыға, айыппұл төлеу қажеттігі туралы нұсқамаға, жоғары тұрған органның (лауазымды адамның) шағым, наразылық бойынша қаулысына шағым жасау, наразылық білдіру құқығы
829-3-бап. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша қаулыға, айыппұл төлеу қажеттігі туралы нұсқамаға, жоғары тұрған органның (лауазымды адамның) шағым, наразылық бойынша қаулысына шағым жасау, наразылық білдіру тәртібі
829-4-бап. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша қаулыға, айыппұл төлеу қажеттігі туралы нұсқамаға, жоғары тұрған органның (лауазымды адамның) шағым, наразылық бойынша қаулысына шағым жасау, наразылық білдіру мерзімдері
829-5-бап. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iсті, әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша қаулыға, айыппұл төлеу қажеттігі туралы нұсқамаға, жоғары тұрған органның (лауазымды адамның) шағым, наразылық бойынша қаулысына шағымды, наразылықты қарау мерзiмдерi
829-6-бап. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстi, әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша қаулыға, айыппұл төлеу қажеттігі туралы нұсқамаға, жоғары тұрған органның (лауазымды адамның) шағым, наразылық бойынша қаулысына шағымды, наразылықты қарауға дайындау
829-7-бап. Соттың әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстi, әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс бойынша қаулыға, айыппұл төлеу қажеттігі туралы нұсқамаға, жоғары тұрған органның (лауазымды адамның) шағым, наразылық бойынша қаулысына шағымды, наразылықты қарау мүмкiндiгiн болғызбайтын мән-жайлар
829-8-бап. Судьяның өздiгiнен бас тартуы және оған қарсылық білдіру
829-9-бап. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстi, әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс бойынша қаулыға, айыппұл төлеу қажеттігі туралы нұсқамаға, жоғары тұрған органның (лауазымды адамның) шағым, наразылық бойынша қаулысына шағымды, наразылықты қарауға дайындау кезінде қабылданатын сот шешімі
829-10-бап. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстi, әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс бойынша қаулыға, айыппұл төлеу қажеттігі туралы нұсқамаға, жоғары тұрған органның (лауазымды адамның) шағым, наразылық бойынша қаулысына шағымды, наразылықты қарау тәртiбi
829-11-бап. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстi, әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс бойынша қаулыға, айыппұл төлеу қажеттігі туралы нұсқамаға, жоғары тұрған органның (лауазымды тұлғаның) шағым, наразылық бойынша қаулысына шағымды, наразылықты қарау кезiнде анықтауға жататын мән-жайлар
829-12-бап. Сот отырысының хаттамасы
829-13-бап. Сот отырысын дыбыс-, бейнежазба құралдарымен тіркеп алу
829-14-бап. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстi, әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс бойынша қаулыға, айыппұл төлеу қажеттігі туралы нұсқамаға, жоғары тұрған органның (лауазымды тұлғаның) шағым, наразылық бойынша қаулысына шағымды, наразылықты қарау нәтижелерi бойынша қабылданатын шешiмдер
829-15-бап. Шағым, наразылық бойынша әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс жөніндегі қаулының, жоғары тұрған органның шағым, наразылық бойынша қаулысының күшін жою немесе оны өзгерту не айыппұл төлеу қажеттігі туралы нұсқаманың күшін жою
829-16-бап. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iсті қарау нәтижелері бойынша, әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс бойынша қаулыға, айыппұл төлеу қажеттігі туралы нұсқамаға, жоғары тұрған органның (лауазымды адамның) шағым, наразылық бойынша қаулысына шағым, наразылық жөніндегі қаулыны жария ету
829-17-бап. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс бойынша сот шығарған ұйғарым
829-18-бап. Соттың жаңылыс, қатемен жазуларды және арифметикалық қателерді түзетуі
829-19-бап. Жекеше қаулы»;
45-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«45-тарау. Заңды күшіне енбеген сот қаулыларын апелляциялық тәртіппен қайта қарау»;
830, 831, 832, 833, 834, 835, 836, 837, 838, 839, 840, 841 және 846-баптардың тақырыптары мынадай редакцияда жазылсын:
«830-бап. Сот қаулысына шағым жасау, прокурордың апелляциялық өтінішхат келтіру құқығы
831-бап. Сот қаулысына шағым жасау, прокурордың апелляциялық өтінішхаты бойынша қайта қарау тәртiбi
832-бап. Сот қаулысына шағым жасау, прокурордың апелляциялық өтінішхат келтіру мерзiмi
833-бап. Шағымның, прокурордың апелляциялық өтінішхатының мазмұны
834-бап. Шағым берiлуiне немесе прокурордың апелляциялық өтінішхат келтіруiне байланысты қаулының орындалуын тоқтата тұру
835-бап. Сот қаулысына шағымды, прокурордың апелляциялық өтінішхатын қарау мерзiмдерi
836-бап. Сот қаулысына шағымды, прокурордың апелляциялық өтінішхатын судьяның жеке-дара қарауы
837-бап. Сот қаулысына шағымды, прокурордың апелляциялық өтінішхатын қарауға дайындау
838-бап. Сот қаулысына шағымды, прокурордың апелляциялық өтінішхатын қарау
839-бап. Сот қаулысына шағым, прокурордың апелляциялық өтінішхаты бойынша шешiм
840-бап. Сот қаулысының күшін жою немесе оны өзгерту негіздері
841-бап. Судьяның сот қаулысында жазылған iстiң нақты мән-жайлары туралы түйіндерінің шағымды, прокурордың апелляциялық өтінішхатын қарау кезiнде зерттелген дәлелдемелерге сәйкес келмеуi»;
«846-бап. Сот қаулысына шағым, прокурордың апелляциялық өтінішхаты бойынша қаулыны жария ету»;
46 және 47-тараулардың тақырыптары мынадай редакцияда жазылсын:
«46-тарау. Заңды күшіне енген сот қаулыларын кассациялық тәртіппен қайта қарау
47-тарау. Әкiмшiлiк құқық бұзушылықтар туралы iстер бойынша заңды күшiне енген қаулыларды, айыппұл төлеу қажеттігі туралы нұсқамаларды және оларға шағымдарды, прокурордың апелляциялық өтінішхаттарын, наразылықтарын қарау нәтижелері бойынша қаулыларды жаңадан ашылған мән-жайлар бойынша қайта қарау»;
853, 857, 883, 884, 885, 886, 887, 888, 890, 892, 893, 894 және 896-баптардың тақырыптары мынадай редакцияда жазылсын:
«853-бап. Әкiмшiлiк құқық бұзушылықтар туралы iстер бойынша қаулыларды, айыппұл төлеу қажеттігі туралы нұсқамаларды және оларға шағымдарды, наразылықтарды қарау нәтижелері бойынша қаулыларды жаңадан ашылған мән-жайлар бойынша қайта қарайтын соттар, уәкілетті органдар (лауазымды адамдар)»;
«857-бап. Қаулыны, айыппұл төлеу қажеттігі туралы нұсқаманы жаңадан ашылған мән-жайлар бойынша қайта қарау туралы арызды қайтару»;
«883-бап. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс бойынша қаулының, айыппұл төлеу қажеттігі туралы нұсқаманың заңды күшiне енуi
884-бап. Әкiмшiлiк жаза қолдану туралы қаулының, айыппұл төлеу қажеттігі туралы нұсқаманың мiндеттiлiгi
885-бап. Әкімшілік жаза қолдану туралы қаулыны, айыппұл төлеу қажеттігі туралы нұсқаманы орындауға енгізу
886-бап. Әкiмшiлiк жаза қолдану туралы қаулыны, айыппұл төлеу қажеттігі туралы нұсқаманы орындауға келтіру
887-бап. Әкiмшiлiк жаза қолдану туралы қаулыны, айыппұл төлеу қажеттігі туралы нұсқаманы орындауға байланысты мәселелердi шешу
888-бап. Әкiмшiлiк жаза қолдану туралы қаулының, айыппұл төлеу қажеттігі туралы нұсқаманың орындалуын кейiнге қалдыру және мерзімін ұзарту»;
«890-бап. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша қаулыны, айыппұл төлеу қажеттігі туралы нұсқаманы орындаудың ескіруі»;
«892-бап. Ескерту жасау түріндегі әкімшілік жаза қолдану туралы қаулыны орындау
893-бап. Айыппұл салу туралы қаулыны, айыппұл төлеу қажеттігі туралы нұсқаманы өз еркімен орындау
894-бап. Жеке тұлғаға, дара кәсіпкерге, жекеше нотариусқа, жеке сот орындаушысына және адвокатқа айыппұл салу туралы қаулыны, айыппұл төлеу қажеттігі туралы нұсқаманы мәжбүрлеп орындату»;
«896-бап. Айыппұл салу туралы қаулыны, айыппұл төлеу қажеттігі туралы нұсқаманы мәжбүрлеп орындатуға жіберу тәртібі»;
мынадай мазмұндағы 910-1-баптың тақырыбымен толықтырылсын:
«910-1-бап. Рұқсаттың (оның жекелеген кіші түрінің) қолданысын тоқтата тұру туралы қаулыны, сондай-ақ қызметті немесе оның жекелеген түрлерін тоқтата тұру туралы қаулыны тоқтату»;
2) 10-баптың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Өзiне қатысты әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс қозғалған адам кiнәсi осы Кодексте көзделген тәртiппен дәлелденгенге және өз өкiлеттiктері шегiнде iстi қараған судьяның, органның (лауазымды адамның) заңды күшiне енген қаулысымен белгiленгенге дейін кiнәсiз деп есептеледi.
Әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қысқартылған іс жүргізу тәртібімен қаралған жағдайда, сондай-ақ айыппұл төлеу қажеттігі туралы нұсқама бойынша өзiне қатысты әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс қозғалған адам тиісті шешім заңды күшiне енген кезге дейін кiнәсiз деп есептеледi.»;
3) 12-бапта «екі рет» деген сөздер «қайталап» деген сөзбен ауыстырылсын;
4) 31-баптың тақырыбы мен бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«31-бап. Құқық бұзушылық сертификатталған арнайы техникалық бақылау-өлшеу құралдарымен және аспаптарымен тiркелген кездегі әкiмшiлiк жауаптылықтың ерекшелiктерi
1. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық автоматты режимде жұмыс істейтін сертификатталған арнайы техникалық бақылау-өлшеу құралдарымен және аспаптарымен тiркелген кезде жол жүрiсi саласындағы әкiмшiлiк құқық бұзушылықтар үшiн әкiмшiлiк жауаптылыққа көлiк құралдарының меншiк иелерi (иелерi) тартылады.»;
5) 32-баптың екінші бөлігіндегі «құпияларды қорғау» деген сөздер «құпиялар» деген сөзбен, «саласындағы» деген сөз «туралы» деген сөзбен ауыстырылсын;
6) 33-бапта:
үшінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Заңды тұлғаның әкімшілік құқық бұзушылықтар жасаған және дербес салық төлеушiлер болып табылатын құрылымдық бөлiмшелерi (қаржы ұйымдарын қоспағанда) заңды тұлғалар ретінде әкімшілік жауаптылықта болады.»;
мынадай мазмұндағы ескертпемен толықтырылсын:
«Ескертпе. Осы Кодекстің мақсаттары үшін дара кәсіпкерлер мен заңды тұлғалар кәсіпкерлік субъектілері ретінде әкімшілік жауаптылықта болады.»;
7) 43-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«43-бап. Ескерту жасау
1. Ескерту жасау әкiмшiлiк жаза қолдануға уәкiлеттiк берілген соттың, органның (лауазымды адамның) жасалған құқық бұзушылыққа ресми түрде терiс баға беруiнен және жеке немесе заңды тұлғаны құқыққа қарсы мiнез-құлыққа жол беруге болмайтындығы туралы сақтандырудан тұрады. Ескерту жасау жазбаша нысанда шығарылады.
2. Осы Кодекстің 57-бабында және 366-бапқа ескертпеде көзделген мән-жайлар болмаған кезде әкімшілік жаза қолданатын сот (судья), орган (лауазымды адам) осы Кодекстің Ерекше бөлімінің тиісті бабында көзделген ескерту жасауды қолдануға міндетті.»;
8) 44-баптың екінші бөлігінің бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Жеке тұлғаға салынатын айыппұлдың мөлшерін екі жүз айлық есептiк көрсеткiштен асыруға болмайды.»;
9) 47-бапта:
бірінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Рұқсаттан айыру не оның қолданысын тоқтата тұру рұқсатта көзделген қызметті жүзеге асыру не белгілі бір әрекеттердi (операцияларды) жасау кезiнде жасалған әкiмшiлiк құқық бұзушылық үшiн қолданылады.»;
мынадай мазмұндағы 1-1-бөлікпен толықтырылсын:
«1-1. Рұқсаттан айыруды осы баптың үшінші, төртінші және бесінші бөліктерінің ережелерін ескере отырып, судья қолданады.»;
екінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Рұқсаттың қолданысын тоқтата тұру мерзімі бір айдан кем болмауға және алты айдан аспауға тиіс.»;
мынадай мазмұндағы жетінші бөлікпен толықтырылсын:
«7. Егер жүзеге асырылуы кезінде әкімшілік құқық бұзушылық жасалған қызмет лицензияланатын қызмет түрінің кіші түрі болып табылса, рұқсаттан айыру не рұқсатты тоқтата тұру түріндегі әкімшілік жаза лицензияланатын қызмет түрінің нақты кіші түріне ғана қолданылады.»;
ескертпе мынадай редакцияда жазылсын:
«Ескертпе. Осы Кодекстің мақсаттары үшін рұқсаттан айыру, оның қолданысын тоқтата тұру деп лицензияланатын қызмет түрін немесе оның кіші түрін жүзеге асыруға арналған лицензиядан, арнайы рұқсаттан, бiлiктiлiк аттестатынан (куәлiгінен) не қызметтің белгілі бір түріне немесе кіші түріне не белгілі бір әрекетті жасауға, сондай-ақ «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Қазақстан Республикасының Заңында көзделген өзге де рұқсат беру құжатынан айыру не оның қолданысын тоқтата тұру түсініледі.»;
10) 50-баптың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Жүктi әйелдерге және он төрт жасқа дейiнгi балалары бар әйелдерге, он сегiз жасқа толмаған адамдарға, 1 және 2-топтағы мүгедектерге, сондай-ақ елу сегiз жастан асқан әйелдерге, алпыс үш жастан асқан еркектерге және он төрт жасқа толмаған балаларын жалғыз өзі тәрбиелеп отырған еркектерге әкiмшiлiк қамаққа алуды қолдануға болмайды.»;
11) 53-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«53-бап. Жол жүрiсi қағидаларын бiлуiн тексеру
1. Осы Кодекстiң 594 (төртінші бөлiгiнде), 596 (төртiншi бөлiгiнде), 598 (үшiншi бөлiгiнде), 599 (екiншi бөлiгiнде), 600 (екiншi бөлiгiнде)-баптарында көзделген құқық бұзушылықтарды жасаған көлiк құралдарының жүргiзушiлерi жол жүрiсi қағидаларын бiлуiн тексеру үшiн емтихан тапсыруға жiберiледi.
2. Жол жүрiсi қағидаларын бiлуiн тексеруге жiберу туралы қаулыны осы Кодекстiң көрсетілген баптарында көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылықтар туралы iстердi қарауға уәкiлеттiк берілген органдар (лауазымды адамдар) шығарады.»;
12) 58-баптың үшінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Егер әкімшілік айыппұлдар пайызбен көрсетілсе, олар бірнеше әкімшілік құқық бұзушылық жасалғаны үшін салынған кезде, айыппұл әрбір құқық бұзушылық үшін жеке өндіріп алынады.»;
13) 61-баптағы «жаза қолдану туралы қаулыны» деген сөздер «жазаны» деген сөзбен ауыстырылсын;
14) 62-бапта:
үшінші бөліктің екінші абзацындағы «бес» деген сөз «үш» деген сөзбен ауыстырылсын;
бесінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
«5. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық үшiн әкiмшiлiк жаза қолдану мерзiмiнiң өтуі сараптама тағайындалған, өзіне қатысты іс бойынша іс жүргізіліп жатқан адамды күштеп әкелу туралы ұйғарым шығарылған, сондай-ақ iстi әкiмшiлiк құқық бұзушылықтар туралы iстердi қарауға уәкiлеттiк берілген сотқа немесе мемлекеттiк органның лауазымды адамына жiберген кезден бастап тоқтатыла тұрады.
Бұл мерзімдерді есептеу осы Кодекске сәйкес істі қарауға уәкілеттік берілген сот немесе мемлекеттік органның лауазымды адамы сараптама нәтижелерін, әкімшілік құқық бұзушылық туралы істі алған, сондай-ақ әкімшілік жауаптылыққа тартылған адамды күштеп әкелу туралы ұйғарымды орындайтын органға (лауазымды адамға) іс жүзінде күштеп әкелген кезден бастап қайта басталады.
Күштеп әкелудің жалпы мерзімі бір айдан аспауға тиіс.»;
15) мынадай мазмұндағы 64-1-баппен толықтырылсын: