«5-5) Қазақстан Республикасының ұлттық куәландырушы орталығы - мемлекеттік және мемлекеттік емес ақпараттық жүйелерде электрондық құжаттарды қалыптастыру үшін жеке немесе заңды тұлғаларға электрондық цифрлық қолтаңба құралдарын және тіркеу куәліктерін беретін куәландырушы орталық;»;
9) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«9) тіркеу куәлігі - куәландырушы орталық электрондық цифрлық қолтаңбаның осы Заңда белгіленген талаптарға сәйкестігін растау үшін беретін электрондық құжат;»;
2) 5-бапта:
1-тармақта:
4), 8), 11) және 13-2) тармақшалар алып тасталсын;
мынадай мазмұндағы 13-3) тармақшамен толықтырылсын:
«13-3) ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша куәландырушы орталықта электрондық цифрлық қолтаңбаның жабық кілттерін жасау, пайдалану және сақтау қағидаларын әзірлейді және бекітеді;»;
мынадай мазмұндағы 3-тармақпен толықтырылсын:
«3. Ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы уәкілетті орган:
1) Қазақстан Республикасының электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы заңнамасының сақталуына мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады;
2) куәландырушы орталықтарға аккредиттеу жүргізу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
3) осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасының Президенті мен Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.»;
3) 1-тарау мынадай мазмұндағы 5-3-баппен толықтырылсын:
«5-3-бап. Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің құзыреті
Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті:
1) Қазақстан Республикасы арнайы негізгі куәландырушы орталығының тіркеу куәліктерін беру, сақтау, кері қайтарып алу және электрондық цифрлық қолтаңбаның ашық кілтінің тиесілілігі мен жарамдылығын растау қағидаларын бекітеді;
2) Қазақстан Республикасының арнайы негізгі куәландырушы орталығының қызметін үйлестіруді жүзеге асырады;
3) осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.»;
4) 10-баптың 2-тармағы мынадай мазмұндағы үшінші бөлікпен толықтырылсын:
«Куәландырушы орталықта электрондық цифрлық қолтаңбаның жабық кілттерін жасау, пайдалану және сақтау қағидаларына сәйкес куәландырушы орталықта электрондық цифрлық қолтаңбаның жабық кілттерін сақтауға жол беріледі.»;
5) 13-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«13-бап. Шетелдік электрондық цифрлық қолтаңбаны тану
Шетелдік тіркеу куәлігі бар шетелдік электрондық цифрлық қолтаңба Қазақстан Республикасының аумағында мынадай жағдайларда:
1) Қазақстан Республикасының сенім білдірілген үшінші тарапы шетелдік электрондық цифрлық қолтаңбаның төлнұсқалығын куәландырса;
2) электрондық құжатқа қол қойған тұлға шетелдік электрондық цифрлық қолтаңбаның жабық кілтін заңды түрде иеленсе;
3) шетелдік электрондық цифрлық қолтаңба тіркеу куәлігінде көрсетілген мәліметтерге сәйкес пайдаланылған болса;
4) Қазақстан Республикасының сенім білдірілген үшінші тарапында тіркелген шетелдік куәландырушы орталықтың немесе Қазақстан Республикасының сенім білдірілген үшінші тарапында тіркелген, шет мемлекеттің сенім білдірілген үшінші тарапында тіркелген шетелдік куәландырушы орталықтың электрондық цифрлық қолтаңба құралдарымен қалыптастырылса, танылады.»;
6) 15-баптың 1-тармағының 4) тармақшасы алып тасталсын;
7) 18-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«18-бап. Тіркеу куәлігін кері қайтарып алу
1. Тіркеу куәлігін берген куәландырушы орталық оны тиісті хабарлама негізінде мынадай жағдайларда:
1) тіркеу куәлігі иесінің не оның өкілінің талап етуі бойынша;
2) тіркеу куәлігін алған кезде дұрыс емес мәліметтерді не толық емес құжаттар топтамасын беру фактісі анықталған кезде;
3) тіркеу куәлігінің иесі қайтыс болса;
4) тіркеу куәлігі иесінің тегі, аты немесе әкесінің аты (егер ол жеке басты куәландыратын құжатта көрсетілсе) өзгерсе;
5) тіркеу куәлігінің иесі - заңды тұлғаның атауы ауысса, қайта ұйымдастырылса, таратылса, заңды тұлғаның басшысы ауысса;
6) куәландырушы орталық пен тіркеу куәлігінің иесі арасындағы келісімде көзделген жағдайларда;
7) соттың заңды күшіне енген шешімі бойынша кері қайтарып алады.
2. Куәландырушы орталық тіркеу куәлігін Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен және мерзімдерде кері қайтарып алады.
3. Тіркеу куәлігін кері қайтарып алу кезінде куәландырушы орталық тиісті ақпарат алынған кезден бастап бір күн ішінде тіркеу куәліктерінің тіркеліміне өзгерістер енгізуге міндетті.»;
8) 19-бап алып тасталсын;
9) 20-2-бапта:
1-тармақтағы «Ақпараттандыру саласындағы» деген сөздер «Ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы» деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы 3-тармақпен толықтырылсын:
«3. Арнайы куәландырушы орталықтарды аккредиттеу арнайы куәландырушы орталықтардың (Қазақстан Республикасының арнайы негізгі куәландырушы орталығын қоспағанда) өз қызметін Қазақстан Республикасының аумағында жүзеге асыруы үшін міндетті шарт болып табылады.»;
10) 21-бапта:
1-тармақтың 2-1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«2-1) тіркеу куәліктерін қолдану қағидаларын бекітеді;»;
2-тармақтағы «қолтаңба ашық кілттері» деген сөздер «қолтаңбаның ашық кілттері және (немесе) жабық кілттері» деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы 5-тармақпен толықтырылсын:
«5. Қазақстан Республикасы арнайы негізгі куәландырушы орталығы функцияларының жүзеге асырылуын Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті қамтамасыз етеді.»;
11) 22-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Куәландырушы орталық өз қызметін тоқтату туралы шешім қабылдаған жағдайда қызметін тоқтатқанға дейін күнтізбелік отыз күн бұрын бұл туралы өздері қызмет көрсететін электрондық құжат айналымы жүйелеріне қатысушылардың барлығын және ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы уәкілетті органды хабардар етуге міндетті.».
15. «Акционерлік қоғамдар туралы» 2003 жылғы 13 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2003 ж., № 10, 55-құжат; № 21-22, 160-құжат; 2004 ж., № 23, 140-құжат; 2005 ж., № 14, 58-құжат; 2006 ж., № 10, 52-құжат; № 16, 99-құжат; 2007 ж., № 4, 28, 33-құжаттар; № 9, 67-құжат; № 20, 153-құжат; 2008 ж., № 13-14, 56-құжат; № 17-18, 72-құжат; № 21, 97-құжат; 2009 ж., № 2-3, 18-құжат; № 17, 81-құжат; № 24, 133-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; 2011 ж., № 2, 21-құжат; № 3, 32-құжат; № 5, 43-құжат; № 6, 50-құжат; № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 2, 11, 14-құжаттар; № 4, 30-құжат; № 13, 91-құжат; № 21-22, 124-құжат; 2013 ж., № 10-11, 56-құжат; № 15, 81-құжат; 2014 ж., № 4-5, 24-құжат; № 6, 27-құжат; № 10, 52-құжат; № 11, 63-құжат; № 16, 90-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 8, 42, 45-құжаттар; № 19-І, 101-құжат; № 19-ІІ, 102-құжат; № 20-VІІ, 117-құжат; № 22-ІІ, 145-құжат; № 22-VІ, 159-құжат; 2016 ж., № 6, 45-құжат; 2017 ж., № 4, 7-құжат; 2018 ж., № 1, 4-құжат; № 10, 32-құжат; № 13, 41-құжат; № 14, 44-құжат; № 22, 82-құжат; 2019 ж., № 7, 37, 39-құжаттар; № 15-16, 67-құжат; № 23, 103-құжат; № 24-І, 118-құжат):
34-1-баптың 3-тармағындағы «индустриялық-инновациялық» деген сөздер «индустриялық» деген сөзбен ауыстырылсын.
16. «Мемлекеттік құқықтық статистика және арнайы есепке алу туралы» 2003 жылғы 22 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2003 ж., № 24, 176-құжат; 2005 ж., № 5, 5-құжат; 2009 ж., № 19, 88-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; 2011 ж., № 1, 3-құжат; № 11, 102-құжат; № 23, 178-құжат; 2013 ж., № 14, 75-құжат; 2014 ж., № 1, 9-құжат; № 11, 61-құжат; № 14, 84-құжат; № 16, 90-құжат; № 21, 118-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 20-ІV, 113-құжат; № 22-V, 156-құжат; 2016 ж., № 7-І, 50-құжат; № 23, 118-құжат; № 24, 126-құжат; 2017 ж., № 8, 16-құжат; № 14, 50-құжат; 2018 ж., № 10, 32-құжат; 2020 жылғы 14 мамырда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2020 жылғы 13 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңы):
1) 7-баптың 1-тармағының 4) тармақшасындағы «ұсыныстар» деген сөз «ұсынулар» деген сөзбен ауыстырылсын;
2) 8-баптың 2-тармағының 1) тармақшасындағы «ақпараттық-есептік құжаттарды» деген сөздер «ақпараттық есепке алу құжаттарын» деген сөздермен ауыстырылсын;
3) 16-2-баптың 3-тармағының төртінші бөлігінде:
«Құқық қорғау және арнаулы мемлекеттік органдардың» деген сөздер «Қазақстан Республикасы құқық қорғау, арнаулы мемлекеттік органдарының және Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің әскери барлау органдарының» деген сөздермен ауыстырылсын;
«Прокуроры мен» деген сөздер «Прокуроры, Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі мен» деген сөздермен ауыстырылсын;
«құқық қорғау және арнаулы мемлекеттік органдардың» деген сөздер «Қазақстан Республикасы құқық қорғау және арнаулы мемлекеттік органдарының» деген сөздермен ауыстырылсын.
17. «Байланыс туралы» 2004 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2004 ж., № 14, 81-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; № 15, 95-құжат; № 24, 148-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; № 3, 20-құжат; № 19, 148-құжат; 2008 ж., № 20, 89-құжат; № 24, 129-құжат; 2009 ж., № 15-16, 74-құжат; № 18, 84-құжат; № 24, 121-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 24, 146, 150-құжаттар; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; 2012 ж., № 3, 25-құжат; № 8, 63, 64-құжаттар; № 14, 92, 95-құжаттар; № 15, 97-құжат; 2013 ж., № 12, 57-құжат; № 14, 72, 75-құжаттар; 2014 ж., № 1, 4-құжат; № 7, 37-құжат; № 8, 44, 49-құжаттар; № 10, 52-құжат; № 14, 87-құжат; № 19-І, 19-ІІ, 96-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 20-ІV, 113-құжат; № 22-І, 141-құжат; № 22-V, 156-құжат; 2016 ж., № 8-І, 65-құжат; № 8-ІІ, 67-құжат; № 23, 118-құжат; № 24, 124, 126-құжаттар; 2017 ж., № 23-ІІІ, 111-құжат; № 24, 115-құжат; 2018 ж., № 10, 32-құжат; № 19, 62-құжат; № 22, 82-құжат; 2019 ж., № 5-6, 27-құжат; № 21-22, 91-құжат; № 24-І, 119-құжат):
1) 2-бапта:
2022.28.12. № 173-VІІ ҚР Заңымен 1) тармақша өзгертілді (2022 ж. 31 желтоқсаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
40-1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«40-1) мемлекеттік техникалық қызмет - Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша құрылған акционерлік қоғам;»;
45) тармақшадағы «тиісті рұқсаты бар» деген сөздер «тиісті хабарлама жіберген» деген сөздермен ауыстырылсын;
2) 4-баптың 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Қазақстан Республикасының байланыс саласындағы заңнамасының сақталуына мемлекеттік бақылауды уәкілетті орган және оның аумақтық бөлімшелері жүзеге асырады.»;
3) 9-1-баптың 1-тармағының 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«1) халықтың теле-, радиоарналарды қабылдауы сапасын қоса алғанда, көрсетілетін байланыс қызметтері сапасының параметрлерін өлшеу жөніндегі жұмыстарды орындауды, сондай-ақ радиожиілік спектрінің, радиоэлектрондық құралдардың және (немесе) жоғары жиілікті құрылғылардың мониторингін;»;
4) 9-2-бапта:
1-тармақтың 1) тармақшасындағы «жүйелерін, сондай-ақ халықаралық түйісу нүктелерін техникалық қолдап отыруды» деген сөздер «жүйелерін техникалық қолдап отыруды, сондай-ақ халықаралық түйісу нүктелерін есепке алуды жүргізуді» деген сөздермен ауыстырылсын;
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Мемлекеттік техникалық қызмет өндіретін және (немесе) өткізетін, осы баптың 1-тармағында көрсетілген тауарларға (жұмыстарға, көрсетілетін қызметтерге) бағаларды Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті монополияға қарсы органмен келісу бойынша белгілейді.»;
5) 2022.28.12. № 173-VІІ ҚР Заңымен алып тасталды (2022 ж. 31 желтоқсаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
6) 12-бапта:
8-1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«8-1. Радиожиілік спектрін пайдалануға арналған рұқсаттың қолданысы мынадай негіздер бойынша:
1) пайдаланушының радиожиілік спектрін пайдалануға арналған рұқсатты ерікті қайтару туралы өтініші бойынша;
2) радиожиілік спектрі бір жыл бойы пайдаланылмағанда;
3) байланыс операторы Қазақстан Республикасының радиожиілік спектрін пайдалануға арналған рұқсатта көрсетілген елді мекендерді және (немесе) аумақтарды көрсетілетін байланыс қызметтерімен қамтамасыз ету жөніндегі міндеттемелерді орындамағанда;
4) радиожиілік спектрін пайдаланғаны үшін «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)» Қазақстан Республикасының Кодексіне сәйкес үш тоқсанға мемлекеттік бюджетке төлемақы төлемегенде уәкілетті орган айқындаған тәртіппен тоқтатылады.»;
9) тармақта:
«отыз күннен» деген сөздердің алдынан «күнтізбелік» деген сөзбен толықтырылсын;
«төрт айдан» деген сөздер «алты айдан» деген сөздермен ауыстырылсын;
7) 16-2-баптағы «және заңды тұлғалар» деген сөздер «және (немесе) заңды тұлғалар» деген сөздермен ауыстырылсын;
8) 25-баптың 4-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Байланыс операторлары арасында интернет-трафикпен алмасуды басқа мемлекеттің аумағындағы телекоммуникация желілері арқылы жүзеге асыруға тыйым салынады.»;
9) 26-баптың 3-1-тармағында:
бірінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
«3-1. Қалааралық және (немесе) халықаралық байланыс операторлары:»;
2) және 3) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
«2) Қазақстан Республикасының телекоммуникация желілерін орталықтандырылған басқару жүйесінің жұмыс істеуін қамтамасыз ету үшін қажетті байланыс желілері мен арналарын өз қаражаты есебінен беруге және Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті айқындайтын тәртіппен өздерінің байланыс желілерін Қазақстан Республикасының телекоммуникация желілерін орталықтандырылған басқару жүйесіне қосуды қамтамасыз етуге;
3) Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті айқындайтын тәртіппен интернет-трафикпен алмасу нүктелеріне өздерінің байланыс желілері мен кіші желілерін қосуды және беруді, сондай-ақ интернет-трафикпен алмасу нүктелерінен интернет-трафикті қабылдауды қамтамасыз етуге;»;
10) 28-5-бапта:
7-тармақтағы «уәкілетті орган» деген сөздер «уәкілетті органның аумақтық бөлімшелері» деген сөздермен ауыстырылсын;
10-тармақтағы «уәкілетті органға» деген сөздер «уәкілетті органның аумақтық бөлімшелеріне» деген сөздермен ауыстырылсын;
13-тармақта:
1) тармақша «уәкілетті органға» деген сөздерден кейін «және (немесе) уәкілетті органның аумақтық бөлімшелеріне» деген сөздермен толықтырылсын;
2) тармақшада:
«уәкілетті орган» деген сөздер «уәкілетті орган және (немесе) уәкілетті органның аумақтық бөлімшелері» деген сөздермен ауыстырылсын;
орыс тіліндегі мәтінге түзету енгізілді, қазақ тіліндегі мәтін өзгермейді;
3) тармақшадағы «уәкілетті орган» деген сөздер «уәкілетті орган және (немесе) уәкілетті органның аумақтық бөлімшелері» деген сөздермен ауыстырылсын;
5) тармақшадағы «уәкілетті орган» деген сөздер «уәкілетті орган және (немесе) уәкілетті органның аумақтық бөлімшелері» деген сөздермен ауыстырылсын;
16-тармақтағы «уәкілетті орган» деген сөздер «уәкілетті орган және (немесе) уәкілетті органның аумақтық бөлімшелері» деген сөздермен ауыстырылсын;
11) 28-6-бапта:
2) тармақшадағы «уәкілетті органға» деген сөздер «уәкілетті органға және (немесе) уәкілетті органның аумақтық бөлімшелеріне» деген сөздермен ауыстырылсын;
3) тармақшадағы «уәкілетті органның» деген сөздер «уәкілетті органның және (немесе) уәкілетті органның аумақтық бөлімшелерінің» деген сөздермен ауыстырылсын;
12) 28-7-баптың 2) тармақшасындағы «уәкілетті орган», «уәкілетті органның» деген сөздер тиісінше «уәкілетті органның аумақтық бөлімшелері», «уәкілетті органның аумақтық бөлімшелерінің» деген сөздермен ауыстырылсын;
13) 28-8-бапта:
1-тармақтағы «уәкілетті органның» деген сөздер «уәкілетті органның және (немесе) уәкілетті органның аумақтық бөлімшелерінің» деген сөздермен ауыстырылсын;
2-тармақтағы «уәкілетті орган» деген сөздер «мемлекеттік радиожиілік қызметі» деген сөздермен ауыстырылсын;
14) 40-бап мынадай мазмұндағы 1-3, 1-4 және 2-2-тармақтармен толықтырылсын:
«1-3. Байланыс операторы байланыс қызметтерін көрсетуді тоқтата тұруға алып келуі мүмкін меншікті байланыс желісіндегі ақпараттық қауіпсіздіктің оқыс оқиғаларын анықтайды.
1-4. Байланыс операторы уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен байланыстың абоненттік құрылғысының Интернетке қолжетімділігін:
байланыс операторы анықтаған, көрсетілетін байланыс қызметтерін тоқтата тұруға алып келуі мүмкін ақпараттық қауіпсіздіктің оқыс оқиғаларын абонент жоймаған кезде;
Ақпараттық қауіпсіздіктің ұлттық үйлестіру орталығынан, ақпараттық қауіпсіздіктің оқыс оқиғаларына ден қою қызметінен, ақпараттық қауіпсіздіктің жедел орталығынан ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымның аса маңызды объектілерінің жұмыс істеуін тоқтата тұруға алып келуі мүмкін ақпараттық қауіпсіздіктің оқыс оқиғалары туралы хабарлар келіп түскен кезде шектеуге міндетті.»;
«2-2. Абонент байланыс операторы, ақпараттық қауіпсіздік оқыс оқиғаларына ден қою қызметі анықтаған оқыс оқиғаларды және оның абоненттік құрылғысындағы ақпараттық қауіпсіздіктің қауіп-қатерлерін жояды.»;
15) 41-1-бапта:
1-тармақтағы «уәкілетті органға байланыс желілерінің және (немесе) құралдарының жұмысын, байланыс қызметтерінің көрсетілуін, интернет-ресурстарға және (немесе) оларда орналастырылған ақпаратқа қол жеткізуді уақытша тоқтата тұру жөнінде шаралар қолдану туралы талаппен заң бұзушылықтарын жою туралы нұсқама» деген сөздер «Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздік органдарына байланыс желілерінің және (немесе) құралдарының жұмысын, байланыс қызметтерінің көрсетілуін уақытша тоқтата тұру бойынша шаралар қабылдау туралы ұсыну енгізеді не ақпарат саласындағы уәкілетті органға интернет-ресурстарға және (немесе) оларда орналастырылған ақпаратқа қол жеткізуді уақытша тоқтата тұру бойынша шаралар қабылдау туралы талаппен заң бұзушылықтарды жою туралы ұсыну» деген сөздермен ауыстырылсын;
1-1-тармақта:
«жағдайда» деген сөз «жағдайларда» деген сөзбен ауыстырылсын;
«уәкілетті органға», «уәкілетті органның» деген сөздер тиісінше «ақпарат саласындағы уәкілетті органға», «ақпарат саласындағы уәкілетті органның» деген сөздермен ауыстырылсын;
1-2-тармақта:
бірінші бөліктегі «байланыс саласындағы уәкілетті органды» деген сөздер «байланыс, ақпарат саласындағы уәкілетті органдарды» деген сөздермен ауыстырылсын;
екінші бөліктегі «байланыс саласындағы уәкілетті органның» деген сөздер «байланыс және ақпарат саласындағы уәкілетті органдардың» деген сөздермен ауыстырылсын;
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздік органдары және (немесе) ақпарат саласындағы уәкілетті орган осы баптың 1-тармағында көрсетілген заң бұзушылықтарды жою туралы ұсынуды алған кезден бастап бір сағат ішінде байланыс операторларына және (немесе) мемлекеттік техникалық қызметке оны орындау бойынша шаралар қабылдау туралы нұсқама жібереді.»;
3-тармақта:
1) тармақшада:
«уәкілетті органнан немесе» деген сөздер «ақпарат саласындағы уәкілетті органнан және (немесе)» деген сөздермен ауыстырылсын;
«нұсқаманы» деген сөз «ұсынуды» деген сөзбен ауыстырылсын;
«талапты» деген сөз «нұсқаманы» деген сөзбен ауыстырылсын;
«үш» деген сөз «екі» деген сөзбен ауыстырылсын;
2) тармақшада:
«уәкілетті органмен» деген сөздер «Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздік органдарымен» деген сөздермен ауыстырылсын;
«және оған мұндай ақпаратты жою бойынша шаралар қолдану талабымен хабарлама жібереді» деген сөздер алып тасталсын;
мынадай мазмұндағы 3-1-тармақпен толықтырылсын:
«3-1. Қазақстан Республикасының арнаулы мемлекеттік органдары мен Қазақстан Республикасының құқық қорғау органдары өз құзыреті шегінде осы баптың 1, 1-1 және 1-2-тармақтарында көрсетілген ақпаратты таратқан адамды анықтау және жауаптылыққа тарту бойынша жедел-іздестіру, қарсы барлау және қылмыстық-процестік шараларын қабылдайды.
Ақпарат саласындағы уәкілетті орган осы баптың 1-тармағында көрсетілген ақпаратты таратқан адамның мекенжайына хабарламаны алған кезден бастап алты сағат ішінде оны жою бойынша шаралар қабылдау талап етілген хабарлама жібереді.»;
4-тармақ «бұл туралы» деген сөздерден кейін «ақпарат саласындағы» деген сөздермен толықтырылсын;
5-тармақта:
«уәкілетті орган» деген сөздердің алдынан «ақпарат саласындағы» деген сөздермен толықтырылсын;
«2-тармағында көрсетілген талаптың» деген сөздер «1-1 және 2-тармақтарында көрсетілген нұсқаманың» деген сөздермен ауыстырылсын;
6-тармақ «уәкілетті органнан» деген сөздердің алдынан «ақпарат саласындағы» деген сөздермен толықтырылсын;
7-тармақта:
«Уәкілетті орган» деген сөздер «Ақпарат саласындағы уәкілетті орган, Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздік органдары, Қазақстан Республикасының құқық қорғау органдары» деген сөздермен ауыстырылсын;
«жұмысын тоқтата тұрудың» деген сөздерден кейін «, сондай-ақ интернет-ресурстарға және (немесе) оларда орналастырылған ақпаратқа қол жеткізуді уақытша тоқтата тұрудың» деген сөздермен толықтырылсын.
18. «Балалы отбасыларға берілетін мемлекеттік жәрдемақылар туралы» 2005 жылғы 28 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2005 ж., № 12, 44-құжат, 2007 ж., № 24, 178-құжат; 2009 ж., № 23, 111-құжат; 2013 ж., № 1, 3-құжат; № 14, 72-құжат; 2014 ж., № 6, 28-құжат; № 19-І, 19-ІІ, 96-құжат; 2015 ж., № 6, 27-құжат; № 19-ІІ, 106-құжат; № 22-ІІ, 145-құжат; 2017 ж., № 12, 36-құжат; 2018 ж., № 14, 42-құжат; 2019 ж., № 7, 39-құжат; № 21-22, 90-құжат; № 23, 106-құжат; 2020 жылғы 14 мамырда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ана мен баланы қорғау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2020 жылғы 13 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңы; 2020 жылғы 14 мамырда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне көші-қон процестерін реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2020 жылғы 13 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңы):
3-2-баптың 4) тармақшасындағы «жүйелерді жүргізуді және жаңартып отыруды» деген сөздер «жүйелердің деректерін толтыруды және жаңартып отыруды» деген сөздермен ауыстырылсын.
19. «Жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу туралы» 2007 жылғы 26 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2007 ж., № 18, 142-құжат; 2008 ж., № 23, 114-құжат; № 24, 126-құжат; 2009 ж., № 2-3, 16-құжат; № 8, 41-құжат; № 19, 88-құжат; 2010 ж., № 7, 28-құжат; 2011 ж., № 3, 32-құжат; № 5, 43-құжат; № 6, 50-құжат; № 15, 118-құжат; № 16, 129-құжат; 2012 ж., № 8, 64-құжат; № 10, 77-құжат; № 14, 95-құжат; № 20, 121-құжат; 2013 ж., № 1, 3-құжат; № 5-6, 30-құжат; 2014 ж., № 4-5, 24-құжат; № 11, 61-құжат; № 19-І, 19-ІІ, 96-құжат; № 21, 122-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 8, 45-құжат; № 16, 79-құжат; № 20-ІV, 113-құжат; № 22-ІІ, 145-құжат; № 22-V, 156-құжат; № 22-VІ, 159-құжат; 2016 ж., № 6, 45-құжат; 2017 ж., № 4, 7-құжат; 2018 ж., № 10, 32-құжат; № 15, 50-құжат; 2019 ж., № 2, 6-құжат; № 7, 37-құжат; № 21-22, 90-құжат; № 23, 103-құжат; 2020 жылғы 14 мамырда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2020 жылғы 13 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңы):
1) 7-баптың 1-тармағының үшінші бөлігіндегі «Егер құқықтық кадастрдың ақпараттық жүйесіне құқық белгілейтін құжаттың электрондық көшірмесі келіп түссе, онда» деген сөздер «Электрондық тіркеу кезінде» деген сөздермен ауыстырылсын;
2) 20-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын: