мынадай мазмұндағы 4-тармақпен толықтырылсын:
«4. Заңмен қорғалатын құпияны қамтитын деректерді өңдейтін ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымның аса маңызды объектілерінің иеленушісі жылына кемінде бір рет ақпараттық қауіпсіздік аудитін жүргізеді. Екінші деңгейдегі банктердің ақпараттық қауіпсіздігінің аудиті Қазақстан Республикасының банк заңнамасының талаптарына сәйкес жүргізіледі.»;
17) мынадай мазмұндағы 18-1-баппен толықтырылсын:
«18-1-бап. Зияткерлік робот меншік иесінің және иеленушісінің құқықтары мен міндеттері
Зияткерлік роботтың меншік иесі мен иеленушісі арасындағы құқықтық қатынастар Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасында реттеледі.»;
18) 30-баптың 1-1-тармағы алып тасталсын;
19) мынадай мазмұндағы 30-1 және 33-1-баппен толықтырылсын:
«30-1-бап. Ұлттық бейнемониторинг жүйесі
1. Ұлттық бейнемониторинг жүйесі ұлттық қауіпсіздікті және қоғамдық құқық тәртібін қамтамасыз ету міндеттерін шешу үшін бейнекескіндерді жинауды, өңдеуді және сақтауды жүзеге асыратын бағдарламалық және техникалық құралдардың жиынтығын білдіретін ақпараттық жүйе болып табылады.
2. Осы баптың 1-тармағында көзделмеген міндеттерді шешу үшін Ұлттық бейнемониторинг жүйесі алған мәліметтерді пайдалануға жол берілмейді.
3. Ұлттық бейнемониторинг жүйесіне міндетті түрде қосылуға жататын объектілердің санаттары мыналар болып табылады:
1) орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдардың бейнебақылау жүйелері;
2) террористік тұрғыдан осал объектілерді бейнебақылау жүйелері;
3) қоғамдық және жол қауіпсіздігін бейнебақылау жүйелері.
Ұлттық бейнемониторинг жүйесіне міндетті түрде қосылуға жататын объектілердің тізбесін Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті Қазақстан Республикасының Мемлекеттік күзет қызметімен келісу бойынша айқындайды.
4. Қазақстан Республикасының арнаулы мемлекеттік органдары мен ішкі істер органдары Ұлттық бейнемониторинг жүйесін пайдаланушылар болып табылады.
Ұлттық бейнемониторинг жүйесін пайдалануға құқығы бар қызметтердің, бөлімшелердің және қызметкерлер санаттарының тізбесін Қазақстан Республикасы арнаулы мемлекеттік органдарының және ішкі істер органдарының басшылары айқындайды.
Ұлттық бейнемониторинг жүйесінің жұмыс істеуі нәтижесінде алынған мәліметтер Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жағдайларда өзге де мемлекеттік органдарға берілуі мүмкін.
5. Ұлттық бейнемониторинг жүйесінің жұмыс істеу қағидаларын Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті бекітеді.»;
«33-1-бап. Цифрлық активтер айналымының құқықтық режимі
1. Цифрлық актив төлем құралы болып табылмайды.
2. Цифрлық активтер қамтамасыз етілген немесе қамтамасыз етілмеген болып табылады.
Қамтамасыз етілген цифрлық активтерге цифрлық токен және қамтамасыз етілген цифрлық актив шығарған тұлға шығаратын (беретін) тауарларға және (немесе) көрсетілетін қызметтерге мүліктік құқықтарды куәландыратын цифрлық құрал болып табылатын өзге де цифрлық активтер жатады. Қамтамасыз етілген цифрлық активтердің түрлерін, сондай-ақ цифрлық токенмен куәландырылатын құқықтар тізбесін Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен цифрлық токенді шығаратын тұлға белгілейді.
Қамтамасыз етілмеген цифрлық активтерге Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен блокчейндегі консенсусты қолдауға қатысқаны үшін сыйақы ретінде алынған цифрлық токендер жатады.
3. Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларды қоспағанда, Қазақстан Республикасының аумағында қамтамасыз етілмеген цифрлық активтерді шығаруға және олардың айналымына тыйым салынады.
4. Цифрлық актив қаржылық құралдарға құқықты қамтамасыз етпейді және оның меншік иесіне немесе иеленушісіне заңды тұлғаға қатысты тиісті құқықтарды бермейді.
5. Цифрлық активке құқықты Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен, деректердің таратылған платформасында цифрлық актив шығаратын тұлға блокчейндегі жазба арқылы куәландырады.
6. Ақпараттық жүйеге цифрлық активті немесе оған құқықтарды беру туралы мәліметтерді енгізуге мынадай шарттар орындалған кезде:
1) мәліметтерді енгізуді жүзеге асырған тұлғаның ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы уәкілетті орган айқындаған тәртіппен, деректердің таратылған платформасында цифрлық актив шығаратын тұлғаның ақпараттық жүйесіне қолжетімділігі болса;
2) деректердің таратылған платформасында цифрлық актив шығаратын тұлғаның ақпараттық жүйесі осы Заңда белгіленген талаптарға сай келсе, жол беріледі.
7. Цифрлық актив шығаратын тұлғаның ақпараттық жүйесіне қолжетімділігі бар меншік иесі, иеленуші және пайдаланушы валидацияның берілген алгоритміне сәйкес өзгерістер енгізуге тең құқықтарға ие болады. Бұл ретте өзгерістер ақпараттық жүйенің барлық пайдаланушысында үндестіріледі.
8. Цифрлық майнингті жүзеге асыратын тұлға цифрлық майнинг нәтижесінде пайда болған цифрлық активтердің меншік иесі болады.
9. Цифрлық майнингті жүзеге асыратын тұлға ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы уәкілетті органға ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы уәкілетті орган айқындаған тәртіппен, цифрлық майнингті жүзеге асыру жөніндегі қызмет туралы хабарлайды.»;
20) 34-бап мынадай мазмұндағы 5, 6, 7 және 8-тармақтармен толықтырылсын:
«5. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді және өзге де көрсетілетін қызметтерді электрондық нысанда алу үшін, сондай-ақ жеке және заңды тұлғалармен өзара іс-қимыл жасау кезінде қажетті электрондық құжаттар уәкілетті орган айқындаған тәртіппен цифрлық құжаттардың сервисі арқылы қалыптастырылады, тексеріледі және пайдаланылады.
6. Электрондық құжаттар цифрлық құжаттар сервисінде мемлекеттік органдар жүйелерінің не өзге де ақпараттық жүйелердің мәліметтері негізінде қалыптастырылады.
7. Цифрлық құжаттар сервисінде электрондық құжаттарды қалыптастыруға сұрау салу және сұрау салуды өңдеу нәтижелерін алу ұялы байланыстың абоненттік құрылғысын пайдалана отырып жүзеге асырылады.
8. Цифрлық құжаттар сервисінде сақталатын электрондық құжаттарға үшінші тұлғалардың қол жеткізуі уәкілетті орган айқындаған тәртіппен пайдаланушының келісуімен жүзеге асырылады.»;
21) 35-бап мынадай мазмұндағы 2-1-тармақпен толықтырылсын:
«2-1. Функцияларды мемлекеттік органдардың іске асыруы мақсатында деректерді талдауды жүзеге асыру үшін құпия болып табылатын электрондық ақпараттық ресурстарға қолжетімділік тәртібі электрондық ақпараттық ресурстарды иесіздендіруді қамтамасыз ету ескеріле отырып жүзеге асырылады. Деректер операторға функцияларды мемлекеттік органдардың іске асыруы мақсатында деректерді талдауды жүзеге асыру үшін электрондық ақпараттық ресурстарды жинау, өңдеу, сақтау, беру жөніндегі қағидаларға сәйкес ұсынылады.»;
22) 36-бап мынадай мазмұндағы 7-тармақпен толықтырылсын:
«7. Электрондық ақпараттық ресурстар функцияларды мемлекеттік органдардың іске асыруы мақсатында деректерді талдауды жүзеге асыру үшін электрондық ақпараттық ресурстарды жинау, өңдеу, сақтау, беру жөніндегі қағидаларға сәйкес оларды иесіздендіру шартымен функцияларды мемлекеттік органдардың іске асыруы мақсатында деректерді талдауды жүзеге асыру үшін пайдаланылады.»;
23) 38-баптың 2-тармағы мынадай мазмұндағы 5-1) тармақшамен толықтырылсын:
«5-1) ақпараттық қауіпсіздіктің меншікті жедел орталығын құруды және оның жұмыс істеуін немесе Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне сәйкес үшінші тұлғалардан ақпараттық қауіпсіздіктің жедел орталығының көрсетілетін қызметтерін сатып алуды;»;
24) 41-баптың 4-тармағы алып тасталсын;
25) мынадай мазмұндағы 41-1-баппен толықтырылсын:
«41-1-бап. «Электрондық үкіметтің» ақпараттандыру объектілерін есептен шығару
1. «Электрондық үкіметтің» ақпараттандыру объектілерін есептен шығару Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы заңнамасында белгіленген талаптарға сәйкес, сараптама кеңесінің ұсынымы негізінде немесе мемлекеттік органның бекітілген архитектурасына сәйкес меншік иесі қабылдаған шешім бойынша жүзеге асырылады.
2. Мемлекеттік электрондық ақпараттық ресурстарды қалыптастыруға арналған мемлекеттік емес ақпараттық жүйелерді есептен шығаруды мемлекеттік емес ақпараттық жүйелердің меншік иесі жүзеге асырады.»;
26) 43-бапта:
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«2. «Электрондық үкіметтің» ақпараттандыру объектілерін интеграциялау «электрондық үкіметтің» ақпараттық объектілерін интеграциялау қағидаларына сәйкес «электрондық үкімет» шлюзі немесе «электрондық үкіметтің» төлем шлюзі арқылы (төлемдерді жүзеге асыру мақсаты үшін) жүзеге асырылады.
«Электрондық үкімет» шлюзі арқылы интеграциялау:
1) электрондық цифрлық қолтаңбаның төлнұсқалығын тексеру кезінде;
2) функцияларды мемлекеттік органдардың іске асыруы мақсатында деректерді талдауды жүзеге асыру үшін операторға электрондық ақпараттық ресурстарды беру кезінде талап етілмейді.»;
4-тармақ алып тасталсын;
27) 44-бапта:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Мемлекеттік емес ақпараттық жүйе мемлекеттік органның ақпараттық жүйесімен «электрондық үкіметтің» ақпараттандыру объектілерін интеграциялау қағидаларына сәйкес тек қана өнеркәсіптік пайдалануға берілген «электрондық үкіметтің» сыртқы шлюзі немесе «электрондық үкіметтің» төлем шлюзі арқылы (төлемдерді жүзеге асыру мақсаты үшін) интеграцияланады.»;
3-тармақ алып тасталсын;
28) 53-бапта:
2-тармақ 5) тармақшадағы «жол бермеу мақсаттарында Қазақстан Республикасының заңнамасына және Қазақстан Республикасының аумағында қолданылатын стандарттарға сәйкес жүзеге асырылады.» деген сөздер «жол бермеу;» деген сөздермен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 6) және 7) тармақшалармен толықтырылсын:
«6) телекоммуникация желілерінің абоненттері туралы қызметтік ақпаратқа және телекоммуникация хабарларына санкцияланбаған және (немесе) әдейі жасалмаған қол жеткізуге жол бермеу;
7) телекоммуникация желілерінің абоненттік құрылғыларының жұмысын санкцияланбаған және (немесе) әдейі жасалмаған бұғаттауға жол бермеу мақсаттарында Қазақстан Республикасының заңнамасына және Қазақстан Республикасының аумағында қолданылатын стандарттарға сәйкес жүзеге асырылады.»;
3-тармақ 6) тармақшадағы «бұзу болып табылады.» деген сөздер «бұзу;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 7) және 8) тармақшалармен тармақшамен толықтырылсын:
«7) телекоммуникация желілерінің абоненттері туралы қызметтік ақпаратқа және телекоммуникация хабарларына санкцияланбаған және (немесе) әдейі жасалмаған қол жеткізу;
8) телекоммуникация желілерінің абоненттік құрылғыларының жұмысын санкцияланбаған және (немесе) әдейі жасалмаған бұғаттау болып табылады.»;
29) 54-бап мынадай мазмұндағы 3-2 және 3-3-тармақтармен толықтырылсын:
«3-2. Мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерімен интеграцияланатын мемлекеттік емес ақпараттық жүйелердің меншік иелері немесе иеленушілері мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерімен интеграцияланғанға дейін:
ақпараттық-коммуникациялық технологиялар және ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы бірыңғай талаптарға сәйкестік бойынша шаралар қабылдайды;
ақпараттық қауіпсіздіктің меншікті жедел орталығын құрады және оның жұмыс істеуін қамтамасыз етеді немесе Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне сәйкес үшінші тұлғалардан ақпараттық қауіпсіздік жедел орталығының көрсетілетін қызметтерін сатып алады, сондай-ақ оның Ақпараттық қауіпсіздікті ұлттық үйлестіру орталығымен өзара іс-қимылын қамтамасыз етеді.
3-3. Мемлекеттік органдарды, жергілікті өзін-өзі басқару органдарын, мемлекеттік заңды тұлғаларды, квазимемлекеттік сектор субъектілерін қоспағанда, ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымның аса маңызды объектілерінің меншік иелері немесе иеленушілері ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымның аса маңызды объектілерінің тізбесіне енген күннен бастап бір жыл ішінде:
ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласына жатқызылған, ақпараттық-коммуникациялық технологиялар және ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы бірыңғай талаптарға сәйкестік бойынша шаралар қабылдайды;
ақпараттық қауіпсіздіктің меншікті жедел орталығын құрады және оның жұмыс істеуін қамтамасыз етеді немесе Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне сәйкес үшінші тұлғалардан ақпараттық қауіпсіздік жедел орталығының көрсетілетін қызметтерін сатып алады, сондай-ақ оның Ақпараттық қауіпсіздікті ұлттық үйлестіру орталығымен өзара іс-қимылын қамтамасыз етеді.»;
30) 56-бапта:
бірінші бөлік:
«иеленушілері» деген сөзден кейін «, дербес деректерді қамтитын базаның меншік иесі және (немесе) операторы, сондай-ақ үшінші тұлғалар» деген сөздермен толықтырылсын;
«Заңға» деген сөзден кейін «, Қазақстан Республикасының дербес деректер және оларды қорғау туралы заңнамасына» деген сөздермен толықтырылсын;
екінші бөлік «алынған» деген сөзден кейін «немесе дербес деректер жиналған» деген сөздермен толықтырылсын;
31) 9-тарау мынадай мазмұндағы 56-1-баппен толықтырылсын:
«56-1-бап. Интернеттің қазақстандық сегментінің кеңістігінде домендік аттарды қорғау
1. KZ және (немесе).ҚАЗ домендік аттармен тіркелген интернет-ресурс Интернеттің қазақстандық сегментінің кеңістігінде орналастырылады.
2. Интернет-ресурстармен деректерді беру кезінде Интернеттің қазақстандық сегментінің кеңістігінде. KZ және (немесе). ҚАЗ домендік аттарды пайдалану қауіпсіздік сертификаттарын қолдану арқылы жүзеге асырылады.»;
32) 59-баптың 3-тармағы «органмен» деген сөзден кейін «және ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы уәкілетті органмен» деген сөздермен толықтырылсын;
33) 61-бапта:
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар саласындағы ұлттық даму институты өз қызметін осы Заңға және Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес жүзеге асырады.»;
4-тармақта:
бірінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Мемлекеттік қолдау қағидаттарына сәйкес Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексінде көзделген шаралардан басқа, ақпараттық-коммуникациялық технологиялар саласын дамыту жөніндегі шаралар мыналар:»;
2) тармақша алып тасталсын;
3) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«3) ақпараттық-коммуникациялық технологиялар саласындағы жобаларды қаржыландыру;»;
4) және 6) тармақшалар алып тасталсын;
мынадай мазмұндағы 7) тармақшамен толықтырылсын:
«7) заңды тұлғалардың жарғылық капиталдарына қатысу арқылы ақпараттық-коммуникациялық технологиялар саласындағы жобаларға инвестицияларды жүзеге асыру, заңды тұлғаларды, оның ішінде шетелдік қатысумен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де тәсілдермен құру болып табылады.».
35. «Халықты жұмыспен қамту туралы» 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2016 ж., № 7-І, 48-құжат; 2017 ж., № 13, 45-құжат; № 22-ІІІ, 109-құжат; 2018 ж., № 7-8, 22-құжат; № 10, 32-құжат; № 15, 50-құжат; № 22, 83-құжат; 2019 ж., № 7, 39-құжат; № 15-16, 67-құжат; № 23, 106-құжат; 2020 жылғы 14 мамырда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне көші-қон процестерін реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2020 жылғы 13 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңы):
1) 1-бапта:
5-1) тармақша алып тасталсын;
мынадай мазмұндағы 38) тармақшамен толықтырылсын:
«38) «Электрондық еңбек биржасы» мемлекеттік ақпараттық порталы - еңбек нарығының бірыңғай ақпараттық базасын қамтитын ақпараттық жүйе.»;
2) 7-баптың 26-4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«26-4) «Электрондық еңбек биржасы» мемлекеттік ақпараттық порталын қолдап отыруды ұйымдастыру қағидаларын әзірлейді және бекітеді;»;
3) 8-баптың 2-тармағында:
2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«2) «Электрондық еңбек биржасы» мемлекеттік ақпараттық порталын қолдап отыруды және оған жүйелік-техникалық қызмет көрсетуді, ақпараттандырудың өзге объектілерімен интеграциялауды, сондай-ақ әлеуметтік-еңбек саласындағы деректерді талдауды және өңдеуді;»;
2-1) тармақша алып тасталсын;
4) тармақшадағы «шығаруды жүзеге асырады.» деген сөздер «шығаруды;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 5) тармақшамен толықтырылсын:
«5) «Электрондық еңбек биржасы» мемлекеттік ақпараттық порталын дамыту жөніндегі жобаларды басқаруды жүзеге асырады.»;
4) 28-бапта:
1-тармақтың 8) тармақшасындағы «Еңбек биржасы» мемлекеттік интернет-ресурсы» деген сөздер «Электрондық еңбек биржасы» мемлекеттік ақпараттық порталы» деген сөздермен ауыстырылсын;
2-тармақтың 1), 2) және 4) тармақшаларындағы «Еңбек биржасы» мемлекеттік интернет-ресурсы» деген сөздер «Электрондық еңбек биржасы» мемлекеттік ақпараттық порталы» деген сөздермен ауыстырылсын;
5) 30-баптың 2-тармағының екінші бөлігіндегі «Еңбек биржасы» мемлекеттік интернет-ресурсында» деген сөздер «Электрондық еңбек биржасы» мемлекеттік ақпараттық порталында» деген сөздермен ауыстырылсын;
6) 31-баптың 2-тармағының 5) тармақшасындағы «Еңбек биржасы» мемлекеттік интернет-ресурсы» деген сөздер «Электрондық еңбек биржасы» мемлекеттік ақпараттық порталы» деген сөздермен ауыстырылсын.
2022.28.12. № 173-VІІ ҚР Заңымен 2-бап өзгертілді (2022 ж. 31 желтоқсаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2-бап. Осы Заң алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Президенті
Қ. ТОҚАЕВ
Нұр-Сұлтан, Ақорда, 2020 жылғы 25 маусым
№ 347-VІ