ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ
ЗАҢЫ
Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне
өзіндік ерекшелігі бар тауарларды бақылау мәселелері бойынша
өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
1-бап. Қазақстан Республикасының мына заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1. 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне:
53-баптың 1-тармағы 11) тармақшасының бесінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«өзіндік ерекшелігі бар тауарлар саласындағы бақылау;».
2. 2014 жылғы 3 шілдедегі Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексіне:
1) 162-баптың тақырыбындағы және бірінші абзацындағы «қырып-жою» деген сөз «жою» деген сөзбен ауыстырылсын;
2) 163-баптың екінші бөлігінің бірінші абзацындағы «қырып-жою» деген сөз «жою» деген сөзбен ауыстырылсын;
3) 255-баптың үшінші бөлігінің 1) тармағындағы «қырып-жою», «адамдарды жаппай қырып-жоюға» деген сөздер тиісінше «жою», «адамдардың жаппай қырылуына» деген сөздермен ауыстырылсын;
4) 275-баптың тақырыбы және бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«275-бап. Жаппай жою қаруын, қару-жарақты және әскери техниканы жасау кезінде пайдаланылатын технологиялардың, ғылыми-техникалық ақпараттың және көрсетілетін қызметтердің заңсыз экспорты және импорты
Жаппай жою қаруын, оны жеткізу құралдарын, қару-жарақты және әскери техниканы жасау кезінде пайдаланылуы мүмкін және оларға қатысты өзіндік ерекшелігі бар тауарларды бақылау белгіленген технологиялардың, ғылыми-техникалық ақпараттың және көрсетілетін қызметтердің заңсыз экспорты және импорты -»;
5) 286-баптың бірінші бөлігінің бірінші абзацында:
«қырып-жою» деген сөз «жою» деген сөзбен ауыстырылсын;
«жабдықтарды немесе құрауыштарды» деген сөздерден кейін «, сондай-ақ жаппай жою қаруын, қару-жарақты және әскери техниканы жеткізу құралдарын жасау үшін пайдаланылуы мүмкін, оларға қатысты өзіндік ерекшелігі бар тауарларды бақылау белгіленген материалдар мен жабдықтарды» деген сөздермен толықтырылсын;
6) 290-баптың екінші бөлігінің бірінші абзацындағы «қырып-жою» деген сөздер «жою» деген сөзбен ауыстырылсын;
7) 291-баптың екінші бөлігінің бірінші абзацындағы «қырып-жою» деген сөздер «жою» деген сөзбен ауыстырылсын.
3. 2014 жылғы 4 шілдедегі Қазақстан Республикасының Қылмыстық процестік кодексіне:
187-баптың бірінші бөлігіндегі «қырып-жоятын» деген сөздер «жоятын» деген сөзбен ауыстырылсын.
4. 2015 жылғы 29 қазандағы Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне:
1) 129-баптың 12-тармағы 7) тармақшасындағы «бақылау салаларындағы қатынастарға қолданылмайды.» деген сөздер «бақылау;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 8) тармақшамен толықтырылсын:
«8) өзіндік ерекшелігі бар тауарларды бақылау саласындағы мемлекеттік бақылау салаларындағы қатынастарға қолданылмайды.»;
2) 138-баптың 16) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«16) өзіндік ерекшелігі бар тауарларды бақылау саласында;».
5. 2017 жылғы 26 желтоқсандағы «Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне:
1) мазмұны алып тасталсын;
2) 2-баптың 2-тармағының 13) тармақшасындағы «экспорттық бақылау» деген сөздер «өзіндік ерекшелігі бар тауарларды бақылау» деген сөздермен ауыстырылсын;
3) 3-баптың 1-тармағының 55) тармақшасындағы «экспорттық бақылау» деген сөздер «өзіндік ерекшелігі бар тауарларды бақылау» деген сөздермен ауыстырылсын;
4) 8-баптың 2-тармағының бірінші бөлігіндегі «экспорттық бақылау» деген сөздер «өзіндік ерекшелігі бар тауарларды бақылау» деген сөздермен ауыстырылсын;
5) 12-баптың 2-тармағының 20) тармақшасындағы «экспорттық бақылауды» деген сөздер «өзіндік ерекшелігі бар тауарларды бақылауды» деген сөздермен ауыстырылсын;
6) 393-баптың 6-тармағында:
«экспорттық,» деген сөз алып тасталсын;
«радиациялық бақылауды» деген сөздерден кейін «, өзіндік ерекшелігі бар тауарларды бақылауды» деген сөздермен толықтырылсын;
7) 402-баптың 5-тармағындағы «экспорттық бақылауға» деген сөздер «өзіндік ерекшелігі бар тауарларды бақылауға» деген сөздермен ауыстырылсын.
6. 2021 жылғы 2 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Экология кодексіне:
374-баптың 2-тармағындағы «экспорттық бақылау» деген сөздер «өзіндік ерекшелігі бар тауарларды бақылау» деген сөздермен ауыстырылсын.
7. «Мемлекеттік құпиялар туралы» 1999 жылғы 15 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына:
12-баптың 21) тармақшасындағы «қырып-жою» деген сөздер «жою» деген сөзбен ауыстырылсын.
8. «Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы» 2010 жылғы 15 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына:
27-баптың 2-тармағының екінші бөлігіндегі «экспорттық бақылауға жататын мәлімделмеген өнімнің» деген сөздер «мәлімделмеген өзіндік ерекшелігі бар тауардың» деген сөздермен ауыстырылсын.
9. «Ғарыш қызметі туралы» 2012 жылғы 6 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына:
30-баптың 1-тармағының 2) тармақшасындағы «қырып-жою» деген сөздер «жою» деген сөзбен ауыстырылсын.
10. «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы туралы» 2013 жылғы 16 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына:
19-баптың 4-тармағы «фитосанитариялық бақылауды» деген сөздерден кейін «және өзіндік ерекшелігі бар тауарлардың өткізілуін бақылауды» деген сөздермен толықтырылсын.
11. «Азаматтық қорғау туралы» 2014 жылғы 11 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына:
1-баптың 30) тармақшасындағы «қырып-жою» деген сөз «жою» деген сөзбен ауыстырылсын.
12. «Рұқсаттар мен хабарламалар туралы» 2014 жылғы 16 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңына:
1) 30-баптың 3-тармағындағы «Экспорттық бақылауға жататын өнімнің» деген сөздер «Өзіндік ерекшелігі бар тауарлардың» деген сөздермен ауыстырылсын;
2) 32-баптың 1-тармағының үшінші бөлігінде:
«Экспорттық бақылауға жататын өнімнің» деген сөздер «Өзіндік ерекшелігі бар тауарлардың» деген сөздермен ауыстырылсын;
«Экспорттық бақылау туралы» деген сөздер «Өзіндік ерекшелігі бар тауарларды бақылау туралы» деген сөздермен ауыстырылсын;
3) 34-баптың 9-тармағындағы «экспорттық бақылауға жататын өнімнің» деген сөздер «өзіндік ерекшелігі бар тауарлардың» деген сөздермен ауыстырылсын;
4) 37-бапта:
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Қазақстан Республикасының Үкіметі экспорттық бақылаудың халықаралық режимдерінің бақылау тізімдерін ескере отырып, Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсаттарын және Қазақстан Республикасының халықаралық міндеттемелерін негізге ала отырып, өзіндік ерекшелігі бар тауарлардың бақылау тізімін бекітеді.
Өзіндік ерекшелігі бар тауарлардың импортына және экспортына лицензиялар және (немесе) лицензияға қосымшалар, лицензия осындай растауды алғаннан кейін берілетін импорттаушы елдің кепілдік міндеттемесінің төлнұсқалығының тексерілгендігін растауды алу қажет болатын жағдайды қоспағанда, отыз жұмыс күнінен кешіктірілмей беріледі.»;
3-тармақтағы «экспорттық бақылауға жататын, Сыртқы экономикалық қызметтің бірыңғай тауар номенклатурасына сәйкес сыныпталатын, өздеріне қатысты лицензиялау енгізілген әрбір тауарға немесе өнімге» деген сөздер «Сыртқы экономикалық қызметтің бірыңғай тауар номенклатурасына сәйкес сыныпталатын, өздеріне қатысты лицензиялау енгізілген өзіндік ерекшелігі бар тауарларға» деген сөздермен ауыстырылсын;
5-тармақтың төртінші бөлігіндегі «Экспорттық бақылауға жататын өнімнің» деген сөздер «Өзіндік ерекшелігі бар тауарлардың» деген сөздермен ауыстырылсын;
5) 1-қосымшада:
51-жол мынадай редакцияда жазылсын:
«
51. | Өзіндік ерекшелігі бар тауарлардың экспорты мен импортына лицензия | 1. Өзіндік ерекшелігі бар тауарлардың импорты 2. Өзіндік ерекшелігі бар тауарлардың экспорты 3. Қосарланған мақсаттағы тауарлар немесе Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін бақыланатын тауарлар экспортына арналған жалпы лицензия | Иеліктен шығарылмайтын; 3-сынып |
»;
52-жол алып тасталсын;
6) 2-қосымшада:
мынадай мазмұндағы 87-12 және 87-13-жолдармен толықтырылсын:
«
87-12. | Эксаумақтық делдалдық қызметтер немесе техникалық көмек көрсетуге рұқсат беру | Эксаумақтық делдалдық қызметтер немесе техникалық көмек көрсетуге рұқсат | |
87-13. | Қазақстан Республикасының аумағында импортталған өзіндік ерекшелігі бар тауарларды, сондай-ақ кепілдік міндеттемелер беріле отырып импортталған тауарларды үшінші тұлғаларға беруге рұқсат беру | Қазақстан Республикасының аумағында импортталған өзіндік ерекшелігі бар тауарларды, сондай-ақ кепілдік міндеттемелер беріле отырып импортталған тауарларды үшінші тұлғаларға беруге рұқсат | |
»;
157-жол мынадай редакцияда жазылсын:
«
157. | Эксаумақтық кері экспортқа рұқсат беру | Эксаумақтық кері экспортқа рұқсат | |
»;
184-жол алып тасталсын;
231-жол мынадай редакцияда жазылсын:
«
231. | Қазақстан Республикасының түпкілікті пайдаланушысының сертификатын ресімдеу | Қазақстан Республикасының түпкілікті пайдаланушысының сертификаты | |
»;
мынадай мазмұндағы 231-1-жолмен толықтырылсын:
«
231-1. | Қазақстан Республикасының халықаралық импорттық сертификатын ресімдеу | Қазақстан Республикасының халықаралық импорттық сертификаты | |
»;
233 және 392-жолдар мынадай редакцияда жазылсын:
«
233. | Өзіндік ерекшелігі бар тауарлардың транзитіне рұқсат беру | Өзіндік ерекшелігі бар тауарлардың транзитіне рұқсат | |
»;
«
392. | Өзіндік ерекшелігі бар тауарларды сәйкестендіру туралы қорытынды беру | Өзіндік ерекшелігі бар тауарларды сәйкестендіру туралы қорытынды | |
».
13. «Үшінші елдерге қатысты арнайы қорғау, демпингке қарсы және өтемақы шаралары туралы» 2015 жылғы 8 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңына:
3-баптың 2-тармағындағы «валюталық және экспорттық бақылауды» деген сөздер «валюталық бақылауды және өзіндік ерекшелігі бар тауарларды бақылауды» деген сөздермен ауыстырылсын.
14. «Қазақстан Республикасының бітімгершілік қызметі туралы» 2015 жылғы 15 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңына:
24-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«24-бап. Бітімгершілік қызметте пайдаланылатын әскери мақсаттағы тауарларды Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы экспорттау және импорттау
Ұлттық контингенттің жұмыс істеуі немесе бітімгершілік дайындықты жүргізу үшін қажетті әскери мақсаттағы тауарлардың экспорты мен импорты Қазақстан Республикасының өзіндік ерекшелігі бар тауарларды бақылау саласындағы заңнамасында айқындалған тәртіппен жүзеге асырылады.».
15. «Атом энергиясын пайдалану туралы» 2016 жылғы 12 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына:
1) 6-баптың 25) тармақшасындағы «экспорттық бақылауды» деген сөздер «өзіндік ерекшелігі бар тауарларды бақылауды» деген сөздермен ауыстырылсын;
2) 8-баптың 1-тармағының 3) тармақшасындағы «экспорттық бақылау» деген сөздер «өзіндік ерекшелігі бар тауарларды бақылау» деген сөздермен ауыстырылсын;
3) 15-бапта:
1-тармақта:
«қосарлы қолданылатын (мақсаттағы)» деген сөздер «қосаланған мақсаттағы» деген сөздермен ауыстырылсын;
«экспорттық бақылау саласындағы мемлекеттік реттеуді жүзеге асыратын уәкілетті мемлекеттік органның лицензиясы» деген сөздер «өзіндік ерекшелігі бар тауарларды бақылау саласындағы мемлекеттік реттеуді жүзеге асыратын орталық атқарушы органның біржолғы лицензиясы» деген сөздермен ауыстырылсын;
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Атом энергиясын пайдалану саласында өзіндік ерекшелігі бар тауарларды бақылау саласындағы нормалар мен талаптарды қамтамасыз ету мақсатында экспорттаушылар Қазақстан Республикасының өзіндік ерекшелігі бар тауарларды бақылау саласындағы заңнамасына сәйкес өзіндік ерекшелігі бар тауарларды фирмаішілік бақылау жүйелерін құрады.».
16. «Қорғаныс өнеркәсібі және мемлекеттік қорғаныстық тапсырыс туралы» 2019 жылғы 18 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына:
8-баптың 8) тармақшасында:
«экспорттық бақылау туралы» деген сөздер «өзіндік ерекшелігі бар тауарларды бақылау туралы» деген сөздермен ауыстырылсын;
«экспорттық бақылаудың» деген сөздер «өзіндік ерекшелігі бар тауарларды бақылаудың» деген сөздермен ауыстырылсын.
17-тармақ 2022 ж. 31 желтоқсаннан бастап қолданысқа енгізілді
17. «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне цифрлық технологияларды реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2020 жылғы 25 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңына:
1) 1-бапта:
17-тармақтың 1) тармақшасының екінші және үшінші абзацтары және 5) тармақшасы алып тасталсын;
29-тармақ алып тасталсын;
2) 2-бапта «, 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін 1-баптың 17-тармағы 1) тармақшасының екінші және үшінші абзацтарын және 5) тармақшасын, 29-тармағын қоспағанда,» деген сөздер алып тасталсын».
18. «Қазақстан Республикасының биологиялық қауіпсіздігі туралы» 2022 жылғы 21 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңына:
15-баптың 2-тармағының 11) тармақшасындағы «экспорттық бақылауға», «экспорттық бақылау туралы» деген сөздер тиісінше «өзіндік ерекшелігі бар тауарларды бақылауға», «өзіндік ерекшелігі бар тауарларды бақылау саласындағы» деген сөздермен ауыстырылсын.
2-бап. Осы Заң, 2022 жылғы 31 желтоқсаннан бастап қолданысқа енгізілетін осы Заңның 1-бабының 17-тармағын қоспағанда, алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Президенті
Қ. ТОҚАЕВ
Астана, Ақорда, 2022 жылғы 28 желтоқсан
№ 173-VІІ ҚРЗ