2-тармақтың төртінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Қарсылық уәкілетті органға қазақ және орыс тілдерінде жазбаша арыз нысанында тiкелей берiледi немесе пошта арқылы жiберiледi. Қарсылыққа қоса берілетін материалдар қазақ және орыс тілдерінде ұсынылады.»;
2) 23-бапта:
бірінші абзацтағы «Сортқа» деген сөз «1. Сортқа» деген сөзбен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы 2-тармақпен толықтырылсын:
«2. Осы Заңның 22-1-бабының 2-тармағында көрсетілген уәкілетті органның шешімдеріне арыздар тиісті қарсылықтар апелляциялық кеңесте қаралғаннан кейін сотқа беріледі.».
16. «Қазақстан Республикасының Патент Заңы» 1999 жылғы 16 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1999 ж., № 20, 718-құжат; 2004 ж., № 17, 100-құжат; 2005 ж., № 21-22, 87-құжат; 2007 ж., № 5-6, 37-құжат; 2009 ж., № 15-16, 75-құжат; 2011 ж., № 11, 102-құжат; 2012 ж., № 2, 13-құжат; № 14, 95-құжат; 2014 ж., № 19-І, 19-ІІ, 96-құжат; 2015 ж., № 7, 34-құжат):
1) 32-бапта:
мынадай мазмұндағы 1-1-тармақпен толықтырылсын:
«1-1. Осы баптың 2-тармағында көрсетілген қарсылықтар бойынша дауларды сотқа дейін қарау міндетті болып табылады.»;
2-тармақтың төртінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Қарсылық уәкілетті органға қазақ және орыс тілдерінде жазбаша арыз нысанында тiкелей берiледi немесе пошта арқылы жiберiледi. Қарсылыққа қоса берілетін материалдар қазақ және орыс тілдерінде ұсынылады.»;
2) 33-бап мынадай мазмұндағы 1-1-тармақпен толықтырылсын:
«1-1. Осы Заңның 32-бабының 2-тармағында көрсетілген уәкілетті органның шешімдеріне арыздар тиісті қарсылықтар апелляциялық кеңесте қаралғаннан кейін сотқа беріледі.».
17. «Тауар таңбалары, қызмет көрсету таңбалары және тауар шығарылған жерлердің атаулары туралы» 1999 жылғы 26 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1999 ж., № 21, 776-құжат; 2004 ж., № 17, 100-құжат; 2005 ж., № 21-22, 87-құжат; 2007 ж., № 5-6, 37-құжат; 2011 ж., № 11, 102-құжат; 2012 ж., № 2, 13-құжат; № 14, 95-құжат; 2015 ж., № 7, 34-құжат):
1) 41-баптың 2-тармағының төртінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Қарсылық уәкілетті органға қазақ және орыс тілдерінде жазбаша арыз нысанында тiкелей берiледi немесе пошта арқылы жiберiледi. Қарсылыққа қоса берілетін материалдар қазақ және орыс тілдерінде ұсынылады.»;
2) 42-бап мынадай мазмұндағы 1-1-тармақпен толықтырылсын:
«1-1. Осы Заңның 41-бабының 2-тармағында көрсетілген уәкілетті органның шешімдеріне арыздар тиісті қарсылықтар апелляциялық кеңесте қаралғаннан кейін сотқа беріледі.».
18. «Инвестициялар туралы» 2003 жылғы 8 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2003 ж., № 1-2, 4-құжат; 2005 ж., № 9, 26-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; 2007 ж., № 4, 28-құжат; 2008 ж., № 15-16, 64-құжат; № 23, 114-құжат; 2009 ж., № 2-3, 18-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; 2012 ж., № 2, 11-құжат; № 6, 46-құжат; № 15, 97-құжат; № 21-22, 124-құжат; 2013 ж., № 15, 82-құжат; 2014 ж., № 11, 64-құжат; № 21, 122-құжат; № 23, 143-құжат):
1) 1-бапта:
5) тармақша «инвесторлар» деген сөзден кейін «, оның ішінде ірі инвесторлар» деген сөздермен толықтырылсын;
мынадай мазмұндағы 17) тармақшамен толықтырылсын:
«17) ірі инвестор - Қазақстан Республикасында екі миллион еселенген айлық есептік көрсеткіштен кем емес мөлшерде инвестицияларды жүзеге асыратын жеке немесе заңды тұлға;»;
2) 9-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Инвестициялық даулар келiссөздер арқылы, оның iшiнде сарапшыларды тарта отырып не дауларды шешудiң тараптар бұрын келiскен рәсiмiне сәйкес немесе мемлекеттік кіріс органдарының шешімдеріне және әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) дау айту жөніндегі дауларды қоспағанда, инвестициялық омбудсменге жүгіну арқылы шешiледі.».
19. «Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың профилактикасы мен балалардың қадағалаусыз және панасыз қалуының алдын алу туралы» 2004 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2004 ж., № 18, 105-құжат; 2007 ж., № 9, 67-құжат; № 20, 152-құжат; 2009 ж.. № 15-16, 72-құжат; 2010 ж., № 8, 41-құжат; № 22, 130-құжат; № 24, 149, 152-құжаттар; 2011 ж., № 11, 102-құжат; 2012 ж., № 3, 26-құжат; 2013 ж., № 9, 51-құжат; № 13, 62-құжат; № 14, 72, 75-құжаттар; 2014 ж., № 3, 21-құжат; № 14, 84-құжат; № 16, 90-құжат; № 19-I, 19-II, 94-құжат):
13-баптың 2-тармағындағы «Кәмелетке толмағандардың iсi және олардың құқықтарын қорғау жөнiндегi комиссияның ұсынысы бойынша кәмелетке толмағандарды арнаулы бiлiм беру ұйымдарына жiберудiң орындылығы туралы шешiмдi сот» деген сөздер «Кәмелетке толмағандарды арнаулы бiлiм беру ұйымдарына жiберудiң орындылығы туралы шешiмдi қорғаншылық немесе қамқоршылық жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын органның арызы бойынша сот не ішкі істер органы» деген сөздермен ауыстырылсын.
20. «Ақпараттандыру туралы» 2007 жылғы 11 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2007 ж., № 2, 13-құжат; 2009 ж., № 15-16, 74-құжат; № 18, 84-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 17-18, 111-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 11, 102-құжат; № 15, 118-құжат; 2012 ж., № 2, 13-құжат; № 8, 64-құжат; № 14, 95-құжат; № 15, 97-құжат; 2013 ж., № 5-6, 30-құжат; № 7, 36-құжат; № 14, 75-құжат; 2014 ж., № 1, 4-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; № 23, 143-құжат):
14-баптың 5-тармағы 4) тармақшасындағы «мәліметтерді қамтитын мемлекеттік электрондық ақпараттық ресурстарға қолжеткізуді шектеуге болмайды.» деген сөздер «мәліметтерді;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 5) тармақшамен толықтырылсын:
«5) соттың іс жүргізуіндегі істер бойынша сотқа келіп түскен өтініштер туралы, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Азаматтық процестік кодексінің 19-бабында, Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 29-бабында және Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 21-бабында белгіленген шектеулер ескеріліп, заңды күшіне енген сот актілері туралы ақпаратты қамтитын мемлекеттік электрондық ақпараттық ресурстарға қол жеткізуді шектеуге болмайды.».
21. «Атқарушылық iс жүргiзу және сот орындаушыларының мәртебесi туралы» 2010 жылғы 2 сәуiрдегi Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2010 ж., № 7, 27-құжат; № 24, 145-құжат; 2011 ж., № 1, 3-құжат; № 5, 43-құжат; № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 6, 43-құжат; № 8, 64-құжат; № 13, 91-құжат; № 21-22, 124-құжат; 2013 ж., № 2, 10-құжат; № 9, 51-құжат; № 10-11, 56-құжат; № 15, 76-құжат; 2014 ж., № 1, 9-құжат; № 4-5, 24-құжат; № 6, 27-құжат; № 10, 52-құжат; № 14, 84-құжат; № 16, 90-құжат; № 19-I, 19-II, 94, 96-құжаттар; № 21, 122-құжат; № 22, 131-құжат; № 23, 143-құжат; № 24, 144-құжат; 2015 ж., № 8, 42-құжат):
1) 9-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы 4-1) және 11) тармақшалармен толықтырылсын:
«4-1) соттардың талап қоюды қамтамасыз ету туралы немесе талап қоюды қамтамасыз етудің күшін жою туралы ұйғарымдары;»;
«11) атқарушылық жазба.»;
2) 11-бапта:
1-тармақ 5) тармақшадағы «ішінде берілуі мүмкін.» деген сөздер «ішінде;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 6) тармақшамен толықтырылсын:
«6) атқарушылық жазбалар - үш жыл ішінде берілуі мүмкін.»;
2-тармақтың 1) тармақшасындағы «ол шығарылғаннан кейiнгi күннен бастап» деген сөздер «шешім шығарылғаннан кейінгі келесі жұмыс күнінен кешіктірмей» деген сөздермен ауыстырылсын;
3) 63-бап мынадай мазмұндағы 4-тармақпен толықтырылсын:
«4. Талап қоюды қамтамасыз ету туралы ұйғарымды орындау кезінде сот орындаушысы талап қою талаптарына қарай бүкіл мүлікке немесе мәлімделген талаптың мөлшеріне сәйкес келетін оның бір бөлігіне тыйым салады.».
22. «Медиация туралы» 2011 жылғы 28 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2011 ж., № 2, 27-құжат; 2012 ж., № 6, 44-құжат; 2013 ж., № 14, 72-құжат; 2014 ж., № 1, 9-құжат; № 14, 84-құжат):
1) 5-баптың 4-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Тараптар мен үшінші тұлғалардың құқықтары мен заңмен қорғалатын мүдделерін бұзбайтын, заңда көзделген де, заңда көзделмеген де өзара қолайлы келісім нұсқаларын талқылау үшін мәселелерді таңдауда тараптар еркін болады.»;
2) 9-баптың 3 және 4-тармақтары мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Мыналар:
1) қырық жасқа толған және кәсіпқой емес медиаторлар тізілімінде тұрған адамдар;
2) Қазақстан Республикасының Азаматтық процестік кодексіне сәйкес сотта татуластыру рәсімдерін жүргізу кезінде судьялар медиатор қызметін кәсіби емес негізде жүзеге асыра алады.
4. Мыналар:
1) жоғары білімі бар, жиырма бес жасқа толған, Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тәртіппен бекітілетін, медиаторларды даярлау бағдарламасы бойынша оқытудан өткенін растайтын құжаты (сертификаты) бар және кәсіпқой медиаторлар тізілімінде тұрған адамдар;
2) отставкадағы судьялар медиатор қызметін кәсіби негізде жүзеге асыра алады.»;
3) 10-баптың 3-тармағы «сақтауға» деген сөзден кейін «, сондай-ақ медиаторлар ұйымы белгілеген талаптар бойынша атқарылған жұмыс туралы ай сайын есеп беруге» деген сөздермен толықтырылсын;
4) 20-баптың 9-тармағындағы «алпыс» деген сөз «отыз» деген сөзбен ауыстырылсын;
5) 27-бап мынадай мазмұндағы 9-тармақпен толықтырылсын:
«9. Келісімді орындаудан жалтарған жағдайда мүдделі тарап келісім бойынша міндеттемені оңайлатылған жазбаша іс жүргізу тәртібімен орындау туралы арызбен сотқа жүгінуге құқылы.».
2-бап. Осы Заң, алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізілетін осы Заңның 1-бабы 9-тармағының 2), 4), 5) және 11) тармақшаларын және 10-тармағын қоспағанда, 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледi.
Қазақстан Республикасының
Президенті
Н. НАЗАРБАЕВ
Астана, Ақорда, 2015 жылғы қазанның 31-і.
№ 378-V