9-тармақтың 5) тармақшасы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізілді
5) 685-бапта:
бірінші бөлік «441,» деген цифрлардан кейін «442 (бірінші және екінші бөліктерінде),» деген сөздермен толықтырылсын;
екінші бөлікте:
4) тармақша «441,» деген цифрлардан кейін «442 (бірінші және екінші бөліктерінде),» деген сөздермен толықтырылсын;
7) тармақша «440 (екінші және үшінші бөліктерінде),» деген сөздерден кейін «442 (бірінші және екінші бөліктерінде),» деген сөздермен толықтырылсын.
6) 740-баптың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Өтiнiшхат жазбаша түрде не электрондық цифрлық қолтаңбамен куәландырылған электрондық құжат нысанында мәлiмделедi және дереу қаралуға жатады. Өтінішхатты дереу қарау мүмкін болмаған жағдайларда, мәлімделген кезден бастап үш тәуліктен кешіктірілмей бұл бойынша шешім қабылдануға тиіс.»;
7) 743-бап мынадай мазмұндағы 5-1-бөлікпен толықтырылсын:
«5-1. Өзіне қатысты іс қозғалған адамға, сондай-ақ іс бойынша іс жүргізудің өзге де қатысушыларына ұялы байланыстың абоненттік нөмірі бойынша мәтіндік хабарлама арқылы сотқа келу туралы хабардар етуді алуға келісімі туралы талон беріледі, шығыстар олардың өз есебінен төленеді.
Талонның үзілетін бөлігі әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттаманың көшірмесімен бірге беріледі.»;
8) 771-баптың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Арыз әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстi қарап жатқан сотқа, органға (лауазымды адамға) жазбаша түрде не электрондық цифрлық қолтаңбамен куәландырылған электрондық құжат нысанында берiледi.»;
9) 786-баптың төртінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Жеткiзу туралы хаттама жасалады не әкiмшiлiк құқық бұзушылық немесе әкiмшiлiк ұстап алу туралы хаттамаға тиiстi жазба жазылады.
Адамды әкімшілік жауаптылыққа тарту үшін көзделген мерзімде оны жеткізуді жүзеге асыру мүмкін болмаған кезде, өтініш беруші органның (лауазымды адамның) атына жеткізудің жүргізілмеу себептері көрсетіліп, жазбаша түрде не электрондық цифрлық қолтаңбамен куәландырылған электрондық құжат нысанында хабарлама жіберіледі.»;
10) 803-баптың тоғызыншы бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«9. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы хаттама осы Кодекстiң 802-бабы бiрiншi бөлiгiнiң 4) тармақшасында көзделген, сондай-ақ осы баптың бесінші және алтыншы бөлiктерiнде көзделген негiздер бойынша өзiне қатысты iс қозғалған тұлға болмаған кезде жасалған жағдайларда, өзiне қатысты iс қозғалған тұлғаға хабарлана отырып, ол жасалғаннан кейін екі тәулік ішінде тапсырыс хатпен пошта арқылы не электрондық цифрлық қолтаңбамен куәландырылған электрондық құжат нысанында жiберiледi. Өзіне қатысты іс қозғалған тұлғаның хаттаманы алған кезден бастап үш тәулік ішінде оны қайтармау фактісі оған қол қоюдан бас тарту деп танылады, бұл жөнінде хаттама көшірмесінде тиісті жазба жасалады.»;
9-тармақтың 11) тармақшасы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізілді
11) 804-баптың бірінші бөлігінің 1) тармақшасындағы «442» деген цифрлар «442 (үшінші бөлігі)» деген сөздермен ауыстырылсын;
12) 808-бап мынадай мазмұндағы үшінші абзацпен толықтырылсын:
«Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы хаттама (прокурордың қаулысы) судьяға, әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстi қарауға уәкiлеттiк берiлген органға (лауазымды адамға) жазбаша түрде не электрондық цифрлық қолтаңбамен куәландырылған электрондық құжат нысанында жiберiлуі мүмкін.»;
13) мынадай мазмұндағы 820-1-баппен толықтырылсын:
«820-1-бап. Сот отырысын аудио-, бейнежазба құралдарымен түсіріп алу
1. Сот отырысы барысын түсіріп алу аудио-, бейнежазба құралдарының көмегімен жүзеге асырылады. Сот отырысын аудио-, бейнежазба құралдарымен түсіріп алуды сот отырысының хатшысы жүзеге асырады.
Жабдықтардың техникалық ақауы болған, жабдықтар болмаған немесе техникалық себептерге байланысты оны қолдану мүмкін болмаған жағдайларда сот отырысын аудио-, бейнежазба құралдарының көмегімен тіркеу жүзеге асырылмайды. Аудио-, бейнежазба құралдарын пайдаланудың мүмкін болмауы сот отырысын жалғастыруды жоққа шығармайды.
Аудио-, бейнежазба құралдарын пайдалану мүмкін болмаған жағдайда сот отырысының хатшысы сот отырысының хаттамасында аудио-, бейнежазба құралдарын пайдаланбау себептерін міндетті түрде көрсете отырып бұл туралы сотқа баяндайды.
2. Істі талқылауды аудио-, бейнежазба құралдарын пайдалана отырып, түсіріп алған жағдайда сот отырысының хатшысы жазбаша түрде қысқаша хаттама жасайды.
Сот отырысының қысқаша хаттамасында:
1) отырыстың орны мен датасы, оның басталу мен аяқталу уақыты;
2) іс қаралып жатқан тұлға туралы мәлімет: жеке тұлғалар үшін - тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде), туған датасы, тұрғылықты жері, жеке басын куәландыратын құжаттың атауы мен деректемелері, сәйкестендіру нөмірі, тұрғылықты жері бойынша тіркелуі туралы мәлімет, жұмыс орны; заңды тұлғалар үшін - атауы, ұйымдық-құқықтық нысаны, орналасқан жері, заңды тұлға ретінде мемлекеттік тіркеу нөмірі мен датасы, сәйкестендіру нөмірі мен банктік деректемелері;
3) судья, сот отырысы хатшысының лауазымдары, тектері, аты-жөндері;
4) соттың аудио-, бейнежазба құралдарын қолдануы туралы мәліметтер;
5) аудио-, бейнежазба бар файлдың атауы;
6) істі қарауға қатысушы тұлғалардың келуі туралы, қатыспаған тұлғаларды белгіленген тәртіппен хабардар ету туралы мәліметтер;
7) сот отырысы барысында шығарылған қаулыға сілтеме, әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша сот шешімі, оған шағым жасау мерзімі мен тәртібін түсіндіру;
8) қаралған материалдар мен құжаттар;
9) аудио-, бейнежазбамен, сот отырысы хаттамасымен танысу және оларға ескертулер жасау мерзімін түсіндіру көрсетіледі.
Қысқаша хаттаманы судья мен сот отырысының хатшысы істі қараған күннен бастап үш тәуліктен кешіктірмей жасайды, қол қояды.
Аудио-, бейнежазбасы бар материалдық жеткізгіш пен сот отырысының қысқаша хаттамасы іс материалдарына қоса тіркеледі.
3. Судья әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша іс жүргізіліп жатқан тұлғаның, сондай-ақ әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша істің басқа қатысушыларының аудио-, бейнежазбамен, сот отырысының қысқаша хаттамасымен танысу және оған қол қойғаннан кейін үш тәулік ішінде сот отырысының аудио-, бейнежазбасының, қаулысының жасалуының толықтығы мен анықтығына қатысты өз ескертулерін беру мүмкіндігін қамтамасыз етуге міндетті.
4. Сот отырысының аудио-, бейнежазбасы мен сот отырысының қысқаша хаттамасына ескертулерді судья осы Кодекстің 820-бабының алтыншы және жетінші бөліктерінде белгіленген тәртіппен қарайды.
5. Сот отырыстарының аудио-, бейнежазбасы сот талқылауы барысын дәл түсіріп алу үшін, сондай-ақ азаматтық, қылмыстық сот ісін жүргізуде, әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер бойынша іс жүргізуде не тәртіптік іс бойынша іс жүргізу шеңберінде сот ісін жүргізу мақсатында ғана пайдаланылады.
Сот отырысы барысын түсіріп алуды қамтамасыз ететін аудио-, бейнежазба құралдарын техникалық қолдану, аудио-, бейнежазбаны сақтау мен жою тәртібін, сондай-ақ аудио-, бейнежазбаға қолжетімділік тәртібін соттардың қызметін ұйымдастырушылық және материалдық-техникалық қамтамасыз етуді жүзеге асыратын орган осы Кодекстің талаптарын ескере отырып айқындайды.»;
14) 45-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«45-тарау. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер бойынша заңды күшіне енбеген қаулыларды қайта қарау»;
15) 832-баптың төртінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Шағым, наразылық беру мерзімін өткізіп алу шағымды, наразылықты қарауға қабылдаудан бас тартуға негіз болып табылмайды. Істі дұрыс шешу үшін мерзімдері мен олардың мәнін сот шағымның, наразылықтың мазмұнына қарамастан тексереді.»;
16) 833-баптың бірінші бөлігінің бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Шағым (наразылық) жазбаша түрде не электрондық цифрлық қолтаңбамен куәландырылған электрондық құжат нысанында берiледi және онда:»;
17) 835-баптың үшінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы іс бойынша iс жүргiзуге қатысушылардан өтiнiшхаттар түскен жағдайда не iстiң мән-жайларын қосымша анықтау қажет болған кезде, шағымның, наразылықтың қаралу мерзiмiн iстi қарап жатқан жоғары тұрған сатыдағы сот ұзартуы, бірақ он тәуліктен аспайтын мерзімге ұзартуы мүмкiн. Сот шағымды (наразылықты) қарау мерзімін азаматтық, қылмыстық немесе әкімшілік сот ісін жүргізуде қаралып жатқан басқа іс шешілгенге дейін оны қарау мүмкін болмаған кезде тоқтата тұруға міндетті. Мерзімді ұзарту туралы уәжді ұйғарым шығарылады.»;
18) 836-баптың екінші абзацындағы «немесе кассациялық сатыдағы» деген сөздер алып тасталсын;
19) 46-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«46-тарау. Заңды күшіне енген сот қаулыларын қайта қарау»;
20) 847-бап алып тасталсын;
21) 848-бапта:
екінші, төртінші және бесінші бөліктер мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Осы Кодекстің 851-бабында аталған тұлғалардың өтінішхаттары істерді талап етіп алдыруға себептер болып табылады.»;
«4. Іс талап етіліп алдырылған жағдайда кассациялық наразылық келтіру туралы өтінішхатты прокурор істің прокуратураға келіп түскен күнінен бастап отыз тәулік ішінде қарауға тиіс.
5. Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасына берілетін кассациялық наразылық келтіру туралы өтінішхатта:
1) өтінішхат жолданған лауазымды адамның атауы;
2) өтінішхатты беруші адамның атауы; оның тұрғылықты жері немесе тұрған жері және іс бойынша процестік жағдай;
3) істі бірінші, апелляциялық сатыларда қараған соттарды және олар қабылдаған шешімдердің мазмұнын көрсету;
4) наразылық келтіру ұсынылып отырған сот қаулысын көрсету;
5) материалдық не процестік құқық нормаларын елеулі бұзушылықтың мәні неден көрінетінін және өтінішхатты беруші адам өтінішінің неден тұратынын көрсету қамтылуға тиіс.»;
мынадай мазмұндағы 7-1-бөлікпен толықтырылсын:
«7-1. Өтінішхат жазбаша түрде не электрондық цифрлық қолтаңбамен куәландырылған электрондық құжат нысанында берiлуі мүмкін.»;
22) 849-бап алып тасталсын;
23) 850-баптағы «Осы Кодекстiң 849-бабында көрсетілген,» деген сөздер алып тасталсын;
24) 851-бапта:
тақырыбы, бірінші және екінші бөліктері мынадай редакцияда жазылсын:
«851-бап. Заңды күшіне енген қаулыларға шағымдарды, наразылықтарды қарау нәтижелері бойынша қаулыларды қайта қараудың кассациялық тәртібі
1. Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының мамандандырылған сот алқасы кемінде үш судьяның құрамында Қазақстан Республикасы Бас Прокуроры мен оның орынбасарларының наразылығы бойынша әкімшілік құқық бұзушылық туралы кез келген iс бойынша заңды күшiне енген қаулының, сол сияқты қаулыға шағымды, наразылықты қарау нәтижелерi бойынша қаулының заңдылығын және негiздiлiгiн тексеруге және қабылданған шешiмдi наразылық түскен күннен бастап отыз тәулік ішінде қайта қарауға құқылы.
Жоғарғы Соттың мамандандырылған сот алқасының қаулылары қабылданған кезден бастап заңды күшіне енеді.
2. Әкiмшiлiк жауаптылыққа тартылған тұлғаның не өзiне қатысты әкiмшiлiк iс жүргiзу тоқтатылған тұлғаның жағдайын нашарлататын жағына қарай наразылық соттың қаулысы заңды күшiне енген күннен бастап бiр жыл iшiнде берiлуі мүмкін.»;
мынадай мазмұндағы төртінші бөлікпен толықтырылсын:
«4. Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасына кассациялық наразылық келтіру туралы өтінішхатты беруге әкiмшiлiк жауаптылыққа тартылған тұлғаның, жәбірленушінің, қорғаушылардың, заңды өкілдердің және аталған тұлғалар өкілдерінің, сондай-ақ өзінің орталық органдары арқылы іс бойынша іс жүргізуді жүзеге асырушы уәкілетті органдардың (лауазымды адамдардың) құқығы бар.»;
25) 855-баптың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Қаулыны жаңадан ашылған мән-жайлар бойынша қайта қарау туралы арыз жазбаша нысанда не электрондық цифрлық қолтаңбамен куәландырылған электрондық құжат нысанында беріледі. Арызға арыз беруші тұлға немесе оның уәкілетті өкілі қол қояды.»;
26) 919-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«919-бап. Осы Кодексті қолдану тәртібі
1. Осы Кодекс қолданысқа енгізілгенге дейін әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарауға уәкілеттік берілген сот, органдар (лауазымды адамдар) шығарған және орындалмаған әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша қаулылар, әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы заң әкімшілік құқық бұзушылық үшін жауаптылықты жеңілдететін немесе күшін жоятын не әкімшілік құқық бұзушылық жасаған тұлғаның жағдайын өзгеше жолмен жақсартатын жағдайда заңның кері күшін белгілейтін осы Кодекстің 5-бабына оларды сәйкес келтіру мақсатында қайта қаралуға жатады. Бұрын шығарылған қаулыларды қайта қарауды өзіне қатысты қаулы шығарылған тұлғаның арызы бойынша қаулы шығарған сот судьясы, органның лауазымды адамы жүргізеді.
2. 2016 жылғы 1 қаңтарға дейін шығарылған сот актілеріне осы Кодексте белгіленген тәртіппен шағым жасалуы, наразылық келтірілуі мүмкін.».
10. «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» 1995 жылғы 31 тамыздағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы, 1995 ж., № 15-16, 106-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1996 ж., № 2, 184-құжат; № 15, 281-құжат; № 19, 370-құжат; 1997 ж., № 5, 58-құжат; № 13-14, 205-құжат; № 22, 333-құжат; 1998 ж., № 11-12, 176-құжат; № 17-18, 224-құжат; 1999 ж., № 20, 727-құжат; 2000 ж., № 3-4, 66-құжат; № 22, 408-құжат; 2001 ж., № 8, 52-құжат; № 9, 86-құжат; 2002 ж., № 17, 155-құжат; 2003 ж., № 5, 31-құжат; № 10, 51-құжат; № 11, 56, 67-құжаттар; № 15, 138, 139-құжаттар; 2004 ж., № 11-12, 66-құжат; № 15, 86-құжат; № 16, 91-құжат; № 23, 140-құжат; 2005 ж., № 7-8, 24-құжат; № 14, 55, 58-құжаттар; № 23, 104-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; № 4, 24-құжат; № 8, 45-құжат; № 11, 55-құжат; № 16, 99-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; № 4, 28, 33-құжаттар; 2008 ж., № 17-18, 72-құжат; № 20, 88-құжат; № 23, 114-құжат; 2009 ж., № 2-3, 16, 18, 21-құжаттар; № 17, 81-құжат; № 19, 88-құжат; № 24, 134-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 7, 28-құжат; № 17-18, 111-құжат; 2011 ж., № 3, 32-құжат; № 5, 43-құжат; № 6, 50-құжат; № 12, 111-құжат; № 13, 116-құжат; № 14, 117-құжат; № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 2, 15-құжат; № 8, 64-құжат; № 10, 77-құжат; № 13, 91-құжат; № 20, 121-құжат; № 21-22, 124-құжат; № 23-24, 125-құжат; 2013 ж., № 10-11, 56-құжат; № 15, 76-құжат; 2014 ж. № 1, 9-құжат; № 4-5, 24-құжат; № 6, 27-құжат; № 10, 52-құжат; № 11, 61-құжат; № 12, 82-құжат; № 19-I, 19-II, 94, 96-құжаттар; № 21, 122-құжат; № 22, 131-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 8, 45-құжат; № 13, 68- құжат; № 15, 78-құжат; № 16, 79-құжат):
50-баптың 4-тармағы мынадай мазмұндағы 1-2) тармақшамен толықтырылсын:
«1-2) төлемдер мен ақша аударымдарын жүргізу кезінде банктер тікелей жүзеге асыратын, төлемдерді бюджетке төлеуге, міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары мен әлеуметтік аударымдарды аударуға, мемлекеттік көрсетілетін қызметтерге ақы төлеуге байланысты осы төлемдер мен ақша аударымдары туралы «электрондық үкімет» төлем шлюзінің операторына, мемлекеттік органдарға және соттарға «электрондық үкімет» төлем шлюзі арқылы мәліметтер мен ақпарат беруі, сондай-ақ бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган жүзеге асыратын, қайтарылған төлемдер мен ақша аударымдары туралы мәліметтер беруі;».
11. «Прокуратура туралы» 1995 жылғы 21 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы, 1995 ж., № 24, 156-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1997 ж., № 12, 184-құжат; 1998 ж., № 15, 208-құжат; 1999 ж., № 8, 247-құжат; № 21, 774-құжат; 2000 ж., № 3-4, 66-құжат; № 6, 142-құжат; 2001 ж., № 20, 257-құжат; 2002 ж., № 17, 155-құжат; 2003 ж., № 15, 139-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2007 ж., № 9, 67-құжат; № 10, 69-құжат; № 20, 152-құжат; 2008 ж., № 15-16, 63-құжат; № 23, 114-құжат; 2009 ж., № 18, 84-құжат; № 24, 121-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 7, 28-құжат; № 24, 151-құжат; 2011 ж., № 1, 3-құжат; № 16, 128-құжат; № 19, 145-құжат; 2012 ж., № 8, 64-құжат; № 13, 91-құжат; № 15, 97-құжат; 2014 ж., № 16, 90-құжат):
21-баптың 1-тармағының 2) тармақшасы алып тасталсын.
12. «Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы» 1996 жылғы 10 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1996 ж., № 8-9, 237-құжат; 2004 ж., № 17, 100-құжат; 2005 ж., № 21-22, 87-құжат; 2007 ж., № 20, 152-құжат; 2009 ж., № 15-16, 75-құжат; 2012 ж., № 2, 13-құжат; № 3, 25-құжат; № 15, 97-құжат; № 21-22, 124-құжат; 2014 ж., № 19-І, 19-ІІ, 96-құжат; 2015 ж., № 7, 34-құжат):
49-бап мынадай мазмұндағы 1-1-тармақпен толықтырылсын:
«1-1. Егер шартта өзгеше көзделмесе, құқықтары мен заңды мүдделері бұзылған авторлық құқық немесе сабақтас құқықтар субъектісі осы құқықтарды пайдаланушыға немесе басқа тұлғаға өтініш білдіргеннен кейін талап қою сотқа беріледі.».
13. «Нотариат туралы» 1997 жылғы 14 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1997 ж., № 13-14, 206-құжат; 1998 ж., № 22, 307-құжат; 2000 ж., № 3-4, 66-құжат; 2001 ж., № 15-16, 236-құжат; № 24, 338-құжат; 2003 ж., № 10, 48-құжат; № 12, 86-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2006 ж., № 11, 55-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; 2009 ж., № 8, 44-құжат; № 17, 81-құжат; № 19, 88-құжат; № 23, 100-құжат; 2010 ж., № 17-18, 111-құжат; 2011 ж., № 11, 102-құжат; № 21, 172-құжат; 2012 ж., № 8, 64-құжат; № 10, 77-құжат; № 12, 84-құжат; 2013 ж., № 1, 3-құжат; № 14, 72-құжат; 2014 ж., № 1, 4-құжат, № 10, 52-құжат; № 11, 61-құжат; № 14, 84-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; № 21, 122-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 16, 79-құжат):
1) 17-бап мынадай мазмұндағы 8) тармақшамен толықтырылсын:
«8) татуластыру рәсімдерін жүргізуге құқылы.»;
2) 30-1-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы 22-1) тармақшамен толықтырылсын:
«22-1) атқарушылық жазба жасағаны үшін - 1 айлық есептік көрсеткіш;»;
3) 34-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы 15-1) және 15-2) тармақшалармен толықтырылсын:
«15-1) атқарушылық жазбаларды жасайды;
15-2) дауды реттеу туралы келісімді куәландырады;»;
4) мынадай мазмұндағы 14-1-тараумен толықтырылсын:
«14-1-тарау. Атқарушылық жазбаларды жасау
92-1-бап. Борышкерден ақшаны өндіріп алу немесе өзге де жылжымалы мүлікті талап ету
1. Борышкерден ақшаны өндіріп алу немесе өзге де жылжымалы мүлікті талап ету үшін нотариус берешекті белгілейтін құжатта атқарушылық жазбаларды жасайды.
2. Атқарушылық жазбалар негізінде берешекті өндіріп алу даусыз тәртіппен жүргізілетін талаптар тізбесі Қазақстан Республикасы Азаматтық процестік кодексінің 135-бабының 1), 2), 3), 4), 10), 11) және 17) тармақшаларында белгіленеді.
92-2-бап. Атқарушылық жазбаны жасау шарттары
1. Атқарушылық жазба:
1) егер ұсынылған құжаттар берешектің немесе борышкердің өндіріп алушы алдындағы өзге де жауапкершілігінің даусыз екенін растаса;
2) егер талап қою (арыз) құқығы туындаған күннен бастап үш жылдан аспайтын уақыт өтсе, жасалады.
2. Егер атқарушылық жазба берілетін талап үшін Қазақстан Республикасының заңнамасында өзге ескіру мерзімі белгіленсе, атқарушылық жазба осы мерзім шегінде беріледі.
92-3-бап. Атқарушылық жазбаның мазмұны
Атқарушылық жазбада:
1) атқарушылық жазбаны жасаған нотариустың тегі және аты-жөні, лауазымы;
2) өндіріп алушының атауы, оның туған датасы, тұрғылықты жері немесе орналасқан жері, жеке сәйкестендіру нөмірі, заңды тұлғаның деректемелері, бизнес-сәйкестендіру нөмірі;
3) борышкердің атауы, оның туған датасы, тұрғылықты жері немесе орналасқан жері, жеке сәйкестендіру нөмірі (егер ол арыз берушіге белгілі болса), заңды тұлғаның деректемелері, бизнес-сәйкестендіру нөмірі;
4) өндіріп алу жүргізіліп отырған мерзімнің көрсетілуі;
5) өндіріп алынуға жататын соманың немесе талап етілуге жататын нәрселердің, оның ішінде, егер өсімпұлдар, пайыздар тиесілі болса, олардың көрсетілуі;
6) өндіріп алушы төлеген немесе борышкерден өндіріп алуға жататын мемлекеттік баж сомасының немесе жекеше нотариустың нотариаттық әрекеттеріне төленген соманың көрсетілуі;
7) атқарушылық жазба жасалған дата (жыл, ай, күн);
8) атқарушылық жазбаның тізілімде тіркелген нөмірі;
9) атқарушылық жазбаны жасаған нотариустың қолтаңбасы мен мөрінің бедері қамтылуға тиіс.
92-4-бап. Атқарушылық жазба бойынша өндіріп алу тәртібі
Атқарушылық жазба бойынша өндіріп алу Қазақстан Республикасының атқарушылық іс жүргізу туралы заңнамасында белгіленген тәртіппен жүргізіледі.
92-5-бап. Атқарушылық жазбаны ұсыну мерзімдері
1. Атқарушылық жазба, егер заңнамада өзге мерзімдер белгіленбесе, ол жасалған күннен бастап үш жыл ішінде мәжбүрлеп орындатуға ұсынылуы мүмкін.
2. Атқарушылық жазбаны ұсыну үшін өткізіп алған мерзімді қалпына келтіру Қазақстан Республикасының азаматтық процестік заңнамасына сәйкес жүргізіледі.
92-6-бап. Борышкерге атқарушылық жазбаның көшірмелерін жіберу
1. Атқарушылық жазбаны жасағаннан кейін нотариус келесі жұмыс күнінен кешіктірмей табыс ету туралы хабарламамен бірге борышкерге оның көшірмесін жібереді.
2. Борышкер атқарушылық жазбаның көшірмесін алған күннен бастап он жұмыс күні ішінде атқарушылық жазбаны жасаған нотариусқа мәлімделген талапқа қарсылықтарын хабарламамен бірге жазбаша түрде жіберуге құқылы.
92-7-бап. Атқарушылық жазбаны өндіріп алушыға беру
1. Атқарушылық жазбаның көшірмесін борышкерге тапсыру туралы хабарлама келіп түскен кезде және егер белгіленген мерзімде борышкерден нотариусқа қарсылық келіп түспесе, нотариус өндіріп алушыға орындауға беру үшін атқарушылық жазбаны береді.
2. Өндіріп алушыға берілген атқарушылық жазбаның көшірмесі нотариус жүргізетін істе қалады.
92-8-бап. Атқарушылық жазбаның күшін жою және оған дау айту
Нотариус атқарушылық жазбаның күшін жою туралы қаулыны қарсылық келіп түскен күннен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірмей шығарады.
Атқарушылық жазбаның күшін жою туралы қаулының көшірмелері ол шығарылған күннен кейін келесі жұмыс күнінен кешіктірмей өндіріп алушыға және борышкерге жіберіледі.
Егер жасалған атқарушылық жазбаның күші нотариустың қаулысымен борышкердің қарсылығы бойынша жойылмаса, атқарушылық жазбаға дау айту сот тәртібімен жүзеге асырылады.».
14. «Адвокаттық қызмет туралы» 1997 жылғы 5 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1997 ж., № 22, 328-құжат; 2001 ж., № 15-16, 236-құжат; 2003 ж., № 11, 65-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; № 9, 67-құжат; № 10, 69-құжат; 2009 ж., № 8, 44-құжат; № 19, 88-құжат; № 24, 130-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; 2011 ж., № 23, 179-құжат; 2012 ж., № 4, 32-құжат; № 6, 44-құжат; № 10, 77-құжат; 2013 ж., № 14, 72, 74-құжаттар; № 15, 76-құжат; 2014 ж., № 10, 52-құжат; № 11, 61-құжат; № 16, 90-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; 2015 ж., № 16, 79-құжат):
1) 1-баптың 1-тармағы «жәрдемдесуге» деген сөзден кейін «, сондай-ақ дауды бейбіт жолмен реттеуге жәрдемдесуге» деген сөздермен толықтырылсын;
2) 4-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы 9) тармақшамен толықтырылсын:
«9) татуластыру рәсімдерін жүргізеді.»;
3) 5-баптың тақырыбындағы, бірінші абзацындағы, 1-тармағының 4) тармақшасындағы, 3-тармағындағы «етуге» деген сөзден кейін «, сондай-ақ татуластыру рәсімдерін жүргізуге» деген сөздермен толықтырылсын;
4) 14-баптың 3-тармағы мынадай мазмұндағы 9-1) тармақшамен толықтырылсын:
«9-1) татуластыру рәсімдерін жүргізуге;».
15. «Селекциялық жетістіктерді қорғау туралы» 1999 жылғы 13 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1999 ж., № 19, 655-құжат; 2004 ж., № 17, 100-құжат; 2005 ж., № 21-22, 87-құжат; 2007 ж., № 5-6, 37-құжат; 2009 ж., № 24, 129-құжат; 2011 ж., № 1, 7-құжат; № 11, 102-құжат; 2012 ж., № 2, 13, 16-құжаттар; № 14, 95-құжат; 2014 ж., № 2, 10-құжат; № 19-І, 19-ІІ, 96-құжат; 2015 ж., № 7, 34-құжат):
1) 22-1-бапта:
мынадай мазмұндағы 1-1-тармақпен толықтырылсын:
«1-1. Осы баптың 2-тармағында көрсетілген қарсылықтар бойынша дауларды сотқа дейін қарау міндетті болып табылады.»;