1) қалалық жерлердегі жылжымайтын мүлікті (жер учаскелерін, тұрғын үйлерді, пәтерлерді, саяжайларды, гараждарды, құрылыстар мен өзге де жылжымайтын мүлікті) иеліктен шығару туралы шарттарды куәландырған кезде:
егер тараптардың бірі заңды тұлға болып табылса - 7 айлық есептік көрсеткіш;
балаларына, жұбайына, ата-аналарына, туған аға-інілері мен апа-қарындастарына, сіңлілеріне, немерелеріне - 2 айлық есептік көрсеткіш;
басқа адамдарға - 5 айлық есептік көрсеткіш;
егер мәміле жылжымайтын мүлікті ипотекалық тұрғын үй заемы бойынша алынған қаражат есебінен сатып алу мақсатында жасалатын болса - 2 айлық есептік көрсеткіш;
2) ауылдық жерлердегі жылжымайтын мүлікті (жер учаскелерін, тұрғын үйлерді, пәтерлерді, саяжайларды, гараждарды, құрылыстар мен өзге де жылжымайтын мүлікті) иеліктен шығару туралы шарттарды куәландырған кезде:
егер тараптардың бірі заңды тұлға болып табылса - 2 айлық есептік көрсеткіш;
балаларына, жұбайына, ата-аналарына, туған аға-інілері мен апа-қарындастарына, сіңлілеріне, немерелеріне - 1 айлық есептік көрсеткіш;
басқа адамдарға - 2 айлық есептік көрсеткіш;
3) автомотокөлік құралдарын иеліктен шығару туралы шарттарды куәландырған кезде:
егер тараптардың бірі заңды тұлға болып табылса - 5 айлық есептік көрсеткіш;
балаларына, жұбайына, ата-аналарына, туған аға-інілері мен апа-қарындастарына, сіңлілеріне, немерелеріне - 2 айлық есептік көрсеткіш;
басқа адамдарға - 5 айлық есептік көрсеткіш;
4) жалға беру, заем (ипотекалық тұрғын үй заемы шартын қоспағанда), кепілақы, лизинг, мердігерлік шарттарын, неке келісімшарттарын, ортақ меншіктегі мүлікті бөлу, мұрагерлік мүлікті бөлу шарттарын, алименттерді төлеу жөніндегі келісімдерді, құрылтай шарттарын куәландырған кезде - 5 айлық есептік көрсеткіш;
5) ипотекалық тұрғын үй заемы шарттарын куәландырған кезде - 2 айлық есептік көрсеткіш;
6) өсиеттерді куәландырған кезде - 2 айлық есептік көрсеткіш;
2019.21.01. № 217-VІ ҚР Заңымен 6-1) тармақшамен толықтырылды
6-1) Қазақстан Республикасының заңнамасында міндетті нотариаттық куәландыру көзделген келісулерді куәландырған кезде - 1 айлық есептік көрсеткіш;
7) мұрагерлікке құқық туралы куәлікті бергені үшін - берілген әрбір куәлік үшін 3 айлық есептік көрсеткіш;
8) ерлі-зайыптылардың ортақ мүлкіндегі үлеске және бірлескен ортақ меншік құқығында мүлкі бар өзге де адамдардың меншік құқығы туралы куәлікті берген кезде - 4 айлық есептік көрсеткіш;
9) мүлікті пайдалану және иелік ету құқығына сенімхаттарды куәландырған кезде - 2 айлық есептік көрсеткіш;
10) сату құқығынсыз автокөлік құралдарын пайдалану және басқару құқығына сенімхаттарды куәландырған кезде - 1 айлық есептік көрсеткіш;
11) автокөлік құралдарын сатуға, сыйға тартуға, айырбастауға сенімхаттарды куәландырған кезде - 2 айлық есептік көрсеткіш;
12) басқа сенімхаттарды куәландырған кезде:
жеке тұлғалар үшін - 1 айлық есептік көрсеткіш;
заңды тұлғалар үшін - 2 айлық есептік көрсеткіш;
13) теңіздік наразылық жасаған кезде - 5 айлық есептік көрсеткіш;
14) құжаттардың көшірмелері мен құжаттардың үзінді көшірмелерін куәландырған кезде (әр беті үшін):
жеке тұлғалар үшін - 0,05 айлық есептік көрсеткіш;
заңды тұлғалар үшін - 0,07 айлық есептік көрсеткіш;
15) құжаттардағы қойылған қолдың, сондай-ақ құжаттардың бір тілден басқа тілге аудармасының дұрыстығын куәландырған кезде (әрбір құжат үшін):
жеке тұлғалар үшін - 0,5 айлық есептік көрсеткіш;
заңды тұлғалар үшін - 1 айлық есептік көрсеткіш;
16) жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін басқа жеке және заңды тұлғаларға берген кезде - 0,5 айлық есептік көрсеткіш;
17) құжаттардың нотариат куәландырған көшірмелерін берген кезде - 0,5 айлық есептік көрсеткіш;
18) телнұсқаны берген кезде - 2 айлық есептік көрсеткіш;
19) банктерде шот ашқан кезде қойылған қолдардың растығын куәландырған кезде (әрбір құжат үшін):
жеке тұлғалар үшін - 0,3 айлық есептік көрсеткіш;
заңды тұлғалар үшін - 0,5 айлық есептік көрсеткіш;
20) жылжымайтын мүліктің кепілзат шарттарын, ипотекалық тұрғын үй заемдары бойынша талап ету құқықтары мен ипотекалық куәліктерді куәландырған кезде - 2 айлық есептік көрсеткіш;
өзге де кепілзат шарттарын куәландырған кезде - 3 айлық есептік көрсеткіш;
21) вексель наразылығын жасаған кезде және чектің төленбегенін куәландырған кезде - 1 айлық есептік көрсеткіш;
22) құжаттарды және бағалы қағаздарды сақтаған кезде - әр айға 0,5 айлық есептік көрсеткіш;
2015.31.10. № 378-V ҚР Заңымен 22-1) тармақшамен толықтырылды (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi); 2019.21.01. № 217-VІ ҚР Заңымен 22-1) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
22-1) атқарушылық жазба жасағаны үшін:
жеке тұлғалар үшін - өндіріп алынатын соманың немесе талап етілетін өзге жылжымалы мүліктің нарықтық құнының 0,2 пайызы, бірақ 0,5 айлық есептік көрсеткіштен кем емес және 50 айлық есептік көрсеткіштен артық емес;
заңды тұлғалар үшін - өндіріп алынатын соманың немесе талап етілетін өзге жылжымалы мүліктің нарықтық құнының 1 пайызы, бірақ 1 айлық есептік көрсеткіштен кем емес және 100 айлық есептік көрсеткіштен артық емес.
Осы Заңның 92-1-бабы 2-тармағының 7) және 8) тармақшаларында көзделген талаптар бойынша атқарушылық жазба жасалған кезде құқықтық және техникалық сипаттағы көрсетілетін қызметтерге ақы төлеудің төменгі шегі 0,5 айлық есептік көрсеткішті құрайды;
23) кепілгерлік пен кепілдік шарттарын куәландырған кезде - 1 айлық есептік көрсеткіш;
24) осы Заңда және Қазақстан Республикасының өзге де заңнамалық актілерінде көзделген басқа да нотариаттық іс-әрекеттерді жасаған кезде - 7 айлық есептік көрсеткіш.
2019.21.01. № 217-VІ ҚР Заңымен 1-1-тармақпен толықтырылды
1-1. Өндіріп алушы нотариусқа атқарушылық жазба жасаған немесе тиісті қаулы шығарған кезде мемлекеттік баж ретінде және құқықтық және техникалық сипаттағы көрсетілетін қызметтер үшін төлеген шығыстар борышкердің есебіне жатқызылуға тиіс.
2. Жекеше нотариустың нотариаттық іс-әрекеттер жасаған кезде құқықтық және техникалық сипаттағы қызметтер көрсеткеніне ақы төлеуден мыналар:
1) нотариаттық куәландыруға жататын құжаттың жобасын өздері дайындаған жеке және заңды тұлғалар;
2017.25.12. № 122-VI ҚР Заңымен 2) тармақша жаңа редакцияда (2018 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2) «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 617-бабының 4), 6) және 7) тармақшаларында аталған адамдар;
3) қарттар мен мүгедектерге арналған жалпы үлгідегі медициналық-әлеуметтік мекемелерде тұратын қарттар мен мүгедектер;
4) ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар мен жетім балалар;
5) 1 және 2-топтағы мүгедектер;
2019.21.01. № 217-VІ ҚР Заңымен 6) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
6) жасына байланысты зейнеткерлер;
2019.21.01. № 217-VІ ҚР Заңымен 7) тармақшамен толықтырылды
7) осы Заңның 92-1-бабы 2-тармағының 9) тармақшасында көзделген талап бойынша өндіріп алушылар босатылады.
5-тарау. Нотариустың қызметiн бақылау.
Әдiлет органдарының нотариатты реттеу саласындағы құзыретi
ҚР 05.05.03 ж. № 408-II (бұр. ред. қара); 2004.20.12 № 13-III (бұр. ред. қара) (2005.01.01. бастап қолданысқа енгізілді), 2009.28.08. № 192-IV (ресми жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) Заңдарымен; 2011.26.12. № 516-ІV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 31-бап өзгертілді
31-бап. Нотариустың қызметiн бақылау
1. Жасалған нотариаттық iс-әрекеттердiң заңдылығын және мемлекеттік нотариустың және аудандық маңызы бар қалалардың, кенттердiң, ауылдардың, ауылдық округтердiң әкiмдерi аппараттарының лауазымды адамдарының iс жүргiзу ережелерiн сақтауын бақылауды аумақтық әдiлет органы жүзеге асырады.
2018.05.07. № 177-VІ ҚР Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
2. Жеке практикамен айналысатын нотариустардың Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын және іс қағаздарын жүргізу қағидаларын сақтауын бақылауды аумақтық әділет органы жүзеге асырады.
2014.07.11. № 248-V ҚР Заңымен 3-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
3. Нотариустың және аудандық маңызы бар қалалар, кенттер, ауылдар, ауылдық округтер әкiмдерi аппараттарының лауазымды адамдарының Қазақстан Республикасының салық заңнамасын сақтауын бақылауды Қазақстан Республикасының мемлекеттік кіріс органдары жүзеге асырады.
2014.10.06. № 206-V ҚР Заңымен 3-1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
3-1. Нотариустың Қазақстан Республикасының қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы заңнамасын сақтауын бақылауды аумақтық әділет органы жүзеге асырады.
4. Әдiлет органы мен нотариаттық палатаның лауазымды адамдары нотариус қызметiн тексеру кезiнде мәлiм болған нотариаттық iс-әрекеттер жасау құпиясын сақтауға мiндеттi. Құпияны жария еткенi және нотариусқа келтiрген зияны үшiн бұл адамдар Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауап бередi.
2015.29.10. № 376-V ҚР Заңымен 5-тармақ жаңа редакцияда (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
5. Нотариустың қызметін бақылау Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексінде белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады.
2011.26.12. № 516-ІV ҚР Заңымен 31-1-баппен толықтырылды
31-1-бап. Аумақтық нотариаттық палаталардың қызметін бақылау
2015.29.10. № 376-V ҚР Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1. Аумақтық нотариаттық палаталардың қызметін бақылауды аумақтық әділет органдары Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексінде белгіленген тәртіппен жүзеге асырады.
2. Аумақтық нотариаттық палаталардың:
1) жекеше нотариаттық мұрағаттарды құру, олардың нотариаттық құжаттарды жинақтау, сақтау және пайдалану жөніндегі функцияларын ұйымдастыру жөніндегі;
2018.24.05. № 156-VI ҚР Заңымен 2) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
2) жекеше нотариустардың азаматтық-құқықтық жауапкершілікті сақтандыруды ұйымдастыру жөніндегі қызметінің Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкестігі нысанасына бақылау жүзеге асырылады.
3) 2018.24.05. № 156-VI ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
3. Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзушылықтар анықталған жағдайда аумақтық әділет органы аумақтық нотариаттық палатаға бұзушылықтарды жою туралы ұсыныс жібереді. Бұзушылықтар белгіленген мерзімде жойылмаған жағдайда, аумақтық әділет органы анықталған Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзушылықтарды жоюға мәжбүр ету туралы сотқа талап-арызбен жүгінуге құқылы.
ҚР 05.05.03 ж. № 408-II Заңымен (бұр. ред. қара); 2004.20.12 № 13-III Заңымен (бұр. ред. қара) (2005.01.01. бастап қолданысқа енгізілді); 2011.05.07. № 452-IV ҚР Заңымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін үш ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2010.15.07. № 337-ІV Заңымен (бұр.ред.қара); 2011.26.12. № 516-ІV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2013.03.07. № 121-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 32-бап өзгертілді
32-бап. Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлігінiң нотариатты реттеу саласындағы құзыретi
Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлігі:
1) аумақтық әдiлет органдарының нотариустардың халыққа құқықтық қызмет көрсету саласындағы заңдылықты ұйымдастыру мен қамтамасыз ету жөніндегі қызметiне басшылықты, оны үйлестiрудi және бақылауды жүзеге асырады;
2) Нотариустардың нотариаттық iс-әрекеттердi жасау қағидасын бекітедi;
3) Қазақстан Республикасының архивтер және құжаттаманы басқарушы уәкiлеттi мемлекеттік органымен келiсу арқылы Республикалық нотариаттық палатаның қатысуымен нотариаттық iс жүргiзу жөнiнде қағиданы бекiтедi;
4) Аудандық маңызы бар қалалардың, кенттердiң, ауылдардың, ауылдық округтердiң әкiмдерi аппараттарының нотариаттық iс-әрекеттер жасайтын лауазымды адамдарын аттестациялау туралы ережені бекiтедi;
5) 2011.26.12. № 516-ІV ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
5-1) Республикалық нотариаттық палатаның келісімі бойынша тағылымдамадан өтушілердің кәсіптік даярлығының бірыңғай бағдарламасын бекітеді;
5-2) нотариустың тағылымдамадан өтушілері ретінде тағылымдамадан өту үшін ақы төлеудің тәртібі мен мөлшерін белгілейді;
6) Нотариаттық қызметпен айналысу құқығына лицензиялардың мемлекеттік тiзiлiмi туралы ереженi бекiтедi;
7) 2016.29.03. № 479-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
7-1) әрбiр нотариаттық округ бойынша нотариустардың ең аз санын бекiтедi;
8) нотариат мәселелерi бойынша әдiстемелiк, нұсқамалық және түсiндiрмелiк материалдар әзiрлейдi;
9) нотариустардың қызметiн лицензиялайды;
10) Нотариаттық қызметпен айналысу құқығына лицензиялардың мемлекеттік тiзiлiмiн жүргiзедi және лицензия берiлген адамдар туралы мәлiметтердi ведомстволық баспа басылымында жариялайды;
11) нотариаттық қызметпен айналысу құқығына лицензияны тоқтата тұру және оның күшiн тоқтату туралы шешiм қабылдайды, сондай-ақ нотариустардың лицензияларын айыру туралы талаптарға бастамашылық етедi;
12) нотариаттық іс-әрекеттерді тіркеу тізілімдерінің (оның ішінде бірыңғай нотариаттық ақпараттық жүйенің электрондық тізілімінің), нотариаттық куәліктер мен қаулылардың, мәмілелердегі және нотариустар куәландыратын құжаттардағы куәландыру жазбаларының нысанын белгілейді;
13) 2011.26.12. № 516-ІV ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
14) 2011.26.12. № 516-ІV ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
14-1) тәуекелдер дәрежесін бағалау критерийлерін бекiтедi;
15) 2011.26.12. № 516-ІV ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
16) осы Заңға сәйкес өз құзыретi шегiнде нотариаттық қызметтi реттеудi жүзеге асырады;
17) осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
ҚР 05.05.03 ж. № 408-II Заңымен (бұр. ред. қара); 11.06.03 ж. № 437-II Заңымен; 2004.20.12 № 13-III Заңымен (бұр. ред. қара) (2005.01.01. бастап қолданысқа енгізілді); 2009.28.08. № 192-IV Заңымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2011.26.12. № 516-ІV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 33-бап өзгертілді
33-бап. Аумақтық әдiлет органының нотариатты реттеу саласындағы құзыретi
1. Аумақтық әдiлет органы:
1) мемлекеттік нотариаттық кеңселердi ашады және таратады;
2016.29.03. № 479-V ҚР Заңымен 1-1) тармақшамен толықтырылды
1-1) «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес нотариаттық қызметті жүзеге асырудың басталғаны немесе тоқтатылғаны туралы хабарламаларды қабылдауды жүзеге асырады;
2016.29.03. № 479-V ҚР Заңымен 1-2) тармақшамен толықтырылды
1-2) хабарламалардың мемлекеттік электрондық тізілімін жүргізеді;
2) азаматтар мен заңды тұлғалардың нотариустардың iс-әрекеттерiне өтiнiштерiн қарайды;
2-1) жекеше нотариустардың осы Заңның 16-бабының талаптарын сақтауын бақылауды ұйымдастырады және өздерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру шартын жасасудан жалтарған және жекеше нотариустардың азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру туралы Қазақстан Республикасы заңдарының өзге де талаптарын бұзған жекеше нотариустарға шаралар қолданады;
3) аудандық маңызы бар қалалардың, кенттердiң, ауылдардың, ауылдық округтердiң әкiмдерi аппараттарының нотариаттық iс-әрекеттер жасайтын лауазымды адамдарына әдiстемелiк және практикалық көмек көрсетедi;
2018.05.07. № 177-VІ ҚР Заңымен 4) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
4) нотариустардың және аудандық маңызы бар қалалар, кенттер, ауылдар, ауылдық округтер әкімдері аппараттары лауазымды адамдарының Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын сақтауын және олардың іс қағаздарын жүргізу жай-күйін бақылауды жүзеге асырады;
2014.10.06. № 206-V ҚР Заңымен 4-1) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
4-1) нотариустың Қазақстан Республикасының қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы заңнамасын сақтауын бақылауды жүзеге асырады;
5) нотариус лицензиясының күшiн тоқтата тұру, одан айыру және тоқтату туралы ұсыныстар енгiзедi;
6) жекеше нотариусты жауапқа тарту туралы нотариаттық палатаға ұсыныс енгiзедi;
2016.29.03. № 479-V ҚР Заңымен 7) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
7) нотариус таңдаған үй-жайдың болуын және оның Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкестігін тексереді;
8) Қазақстан Республикасы заңдарының талаптарына сәйкес нотариустардың жеке мөрлерiн жасауға тапсырысты жүзеге асырады және оларды бередi;
9) 2014.13.01. № 159-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
10) нотариаттық iс-әрекет жасауға уәкiлеттi аудандық маңызы бар қалалардың, кенттердiң, ауылдардың, ауылдық округтердiң әкiмдерi аппараттарының лауазымды адамдарын аттестациялауды жүргiзедi;
11) 2011.26.12. № 516-ІV ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
2. Аумақтық әдiлет органы нотариаттық палатамен бiрлесiп:
1) 2011.26.12. № 516-ІV ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
2) Әдiлет министрлігіне бекiтуге нотариаттық округтегi нотариустардың ең аз саны туралы ұсыныс енгiзедi;
3) 2011.26.12. № 516-ІV ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
4) нотариаттық округте нотариустар уақытша болмаған жағдайда нотариаттық iс-әрекеттер жасауды ұйымдастырады;
5) нотариустарға әдiстемелiк және практикалық көмек көрсетедi;
6) нотариаттық практиканы қорытады;
7) - 9) 2011.26.12. № 516-ІV ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
10) тиiстi нотариаттық округте қызметi тоқтатылған нотариустың жеке мөрiн жою және құжаттарын басқа нотариусқа немесе жеке нотариаттық мұрағатқа беру жөніндегі, сондай-ақ егер нотариус лицензиясының күшi тоқтатылған жағдайда лицензиарға беру үшiн лицензияны алып қою жөнiнде шаралар қабылдайды.
2 Бөлiм Нотариаттық iс-әрекеттер және оларды жасау ережелерi
6-тарау. Нотариус пен уәкiлеттi лауазымды адамдар жасайтын нотариаттық iс-әрекеттер
ҚР 13.11.98 ж. № 302-1 Заңымен; 29.03.00 ж. № 42-II Заңымен; 05.05.03 ж. № 408-II Заңымен (бұр. ред. қара) 34-бап өзгертілді
34-бап. Нотариус жасайтын нотариаттық iс-әрекеттер
1. Нотариус мынадай нотариаттық iс-әрекеттер жасайды:
1) мәмiлелердi куәландырады;
2) шаруашылық серiктестiктерiнiң құрылтай құжаттарын куәландырады;
3) мұраға сенімгерлiк басқарушыны тағайындайды;
4) мұраға құқық туралы куәлiктер бередi;
5) ерлi-зайыптылардың және ортақ бiрлескен меншiк құқығындағы мүлкi бар өзге адамдардың ортақ мүлiктегi үлеске меншiк құқығы туралы куәлiктер бередi;
6) 2018.05.07. № 177-VІ ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
7) құжаттардың көшiрмелерi мен олардан алынған үзiндiлердiң дұрыстығын куәландырады;
8) құжаттарға қойылған қолдың түпнұсқалығын куәландырады;
9) құжаттардың бiр тiлден екiншi тiлге дұрыс аударылғанын куәландырады;
10) азаматтың тiрi екендiгi фактiсiн куәландырады;
11) азаматтың белгiлi бiр жерде болу фактiсiн куәландырады;
12) құжаттардың берiлген уақытын куәландырады;
13) жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн басқа жеке және заңды тұлғаларға бередi;
14) ақшаны депозитке қабылдайды;
15) ҚР Заңымен 13.11.98 ж. 29.03.00 ж. № 42-II алып тасталды
2015.31.10. № 378-V ҚР Заңымен 15-1) тармақшамен толықтырылды (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi)
15-1) атқарушылық жазбаларды жасайды;
2015.31.10. № 378-V ҚР Заңымен 15-2) тармақшамен толықтырылды (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi)
15-2) дауды реттеу туралы келісімді куәландырады;
16) вексель наразылықтарын жасайды;
17) сақтауға құжаттар және бағалы қағаздар қабылдайды;
18) теңiз наразылықтарын жасайды;
19) дәлелдемелердi қамтамасыз етедi.
2. Қазақстан Республикасының заң актілерінде нотариус жасайтын өзге де нотариаттық iс-әрекеттер көзделуi мүмкiн.
ҚР 2004.20.12 № 13-III (2005.01.01. бастап қолданысқа енгізілді) Заңдарымен 35-бап өзгертілді (бұр. ред. қара)
35-бап. Аудандық маңызы бар қаланың, кенттiң, ауылдың, ауылдық округтiң әкімі аппаратының лауазымды адамы жасайтын нотариаттық iс-әрекеттер
1. Елдi мекенде нотариус болмаған жағдайда аудандық маңызы бар қаланың, кенттiң, ауылдың, ауылдық округтiң әкімі аппаратының нотариаттық iс-әрекеттердi жасауға уәкiлеттi лауазымды адамы мынадай нотариаттық iс-әрекеттер жасайды:
1) өсиеттердi куәландырады;
2) сенімхаттарды куәландырады;
3) құжаттар көшiрмелерiнiң және олардан алынған үзiндiлердiң дұрыстығын куәландырады;
4) өтiнiштерге қойылған қолдың түпнұсқалығын куәландырады;
5) ҚР 05.05.03 ж. № 408-II Заңымен алып тасталды (бұр. ред. қара)
2. Қазақстан Республикасының заң актілерінде жергiлiктi атқарушы органның лауазымды адамдары жасайтын өзге де нотариаттық iс-әрекеттер көзделуi мүмкiн.
ҚР 13.11.98 ж. № 302-1; 29.03.00 ж. № 42-II Заңдарымен 36-бап өзгертілді
36-бап. Консулдық қызметтi жүзеге асыратын адамдар жасайтын нотариаттық iс-әрекеттер
1. Қазақстан Республикасының атынан консулдық қызметтi жүзеге асыратын лауазымды адам мынадай нотариаттық iс-әрекеттер жасайды:
1) Қазақстан Республикасының аумағындағы жылжымайтын мүлiктi иелiктен алу туралы шарттардан басқа мәмiлелердi куәландырады;
2) ҚР 05.05.03 ж. № 408-II Заңымен алып тасталды (бұр. ред. қара)
3) мұраға құқық туралы куәлiктер бередi;
4) ерлi-зайыптылар мен ортақ бiрлескен меншiк құқығындағы мүлкi бар өзге де адамдардың ортақ мүлiктегi үлеске меншiк құқығы туралы куәлiктер бередi;
5) құжаттардың көшiрмелерi мен олардан алынған үзiндiлердiң дұрыстығын куәландырады;
6) құжаттарға қойылған қолдың түпнұсқалығын куәландырады;
7) құжаттардың бiр тiлден екiншi тiлге аудармасының дұрыстығын куәландырады;
8) азаматтың тiрi екендiгi фактiсiн куәландырады;
9) азаматтық белгiлi бiр жерде болу фактiсiн куәландырады;
10) құжаттар берiлген уақытты куәландырады;
11) жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн басқа жеке және заңды тұлғаларға бередi;
12) ақшаны депозитке қабылдайды;
13) ҚР 05.05.03 ж. № 408-II Заңымен алып тасталды (бұр. ред. қара)
14) сақтауға құжаттар және бағалы қағаздар қабылдайды;
15) теңiз наразылықтарын жасайды;
16) дәлелдемелердi қамтамасыз етедi.
2. Қазақстан Республикасының заң актілерінде консулдық қызметтi жүзеге асыратын лауазымды адам жасайтын өзге де нотариаттық iс-әрекеттер көзделуi мүмкiн.
ҚР 05.05.03 ж. № 408-II Заңымен 37-бап өзгертілді (бұр. ред. қара)
37-бап. Нотариаттық түрде куәландырылған құжаттарға теңестiрiлген өсиеттер мен сенімхаттарды лауазымды адамдардың куәландыруы
Нотариаттық куәландырылған құжаттарға мыналар теңестiрiледi:
1) ауруханаларда, санаторийлерде, өзге де емдеу-алдын алу мекемелерiнде емделiп жатқан, сондай-ақ қарттар мен мүгедектер үйлерiнде тұрып жатқан азаматтардың, осы ауруханалардың, санаторийлердiң, өзге де емдеу-алдын алу мекемелерiнiң бас және кезекшi дәрiгерлерi, сондай-ақ қарттар мен мүгедектер үйлерiнiң директорлары, бас дәрiгерлерi куәландырған өсиеттерi;
2) госпитальдарда, санаторийлерде және басқа да әскери-емдеу мекемелерiнде емделiп жатқан әскери қызметшiлер мен басқа адамдардың осы госпитальдардың, санаторийлер мен басқа да әскери-емдеу мекемелерiнiң бастықтары, олардың медициналық жағынан орынбасарлары, аға және кезекшi дәрiгерлерi куәландырған өсиеттерi мен сенімхаттары;
3) әскери қызметшiлердiң, ал нотариустары мен нотариаттық iс-әрекеттер жасауға уәкiлеттi лауазымды адамдары жоқ әскери бөлiмдердiң, құрамалардың, мекемелердiң, әскери-оқу орындарының орналасқан пункттерiнде, сондай-ақ жұмысшылар мен қызметшiлердiң, олардың отбасы мүшелерiнiң және әскери қызметшiлердiң отбасы мүшелерiнiң осы бөлiмдер, құрамалар, мекемелер мен орындардың командирлерi (бастықтары) куәландырған өсиеттерi мен сенімхаттары;
4) бас бостандығынан айыру орындарындағы адамдардың бас бостандығынан айыру орындарының бастықтары куәландырған өсиеттерi мен сенімхаттары;
5) жүзу кезiнде Қазақстан Республикасының туы астында жүзiп жүрген теңiз мекемелерiнде немесе iшкi суларда жүзiп жүрген кемелердегi азаматтардың осы кемелердiң капитандары куәландырған өсиеттерi;