ҚР 05.05.03 ж. № 408-II Заңымен (бұр. ред. қара); 2011.26.12. № 516-ІV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 21-бап өзгертілді
21-бап. Нотариустың қызмет ету аумағы
1. Нотариаттық округ шегіндегі мемлекеттік нотариустың қызмет ету аумағын аумақтық әдiлет органы белгiлейдi.
2018.05.07. № 177-VІ ҚР Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
2. Жекеше нотариустың нотариаттық округ шегіндегі қызмет ету аумағын нотариаттық палата айқындайды.
Нотариус үй-жайды өзіне айқындап берілген аумақтың шегінен тыс жерде орналастыруға құқылы емес.
Нотариустың үй-жайына қойылатын талаптарды Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі Республикалық нотариаттық палатаның ұсынысы бойынша белгілейді.
Аумақтық нотариаттық палата халыққа жекеше нотариустардың қызмет ету аумағы туралы ұдайы ақпарат беріп отырады.
3. Нотариустың қызмет ету аумағы осы Заңның 34-бабы 1-тармағының 3, 4, 5-тармақшаларында, сондай-ақ 54-бапта көзделген iс-әрекеттердi жасаған жағдайда сақталады. Басқа жағдайлардың бәрiнде жеке және заңды тұлғалардың нотариаттық iс-әрекеттер жасату үшiн кез келген нотариусқа жүгiнуге құқығы бар.
4. Нотариаттық iс-әрекеттер жасауға арналған үй-жай осы баптың 1 және 2-тармақтарында көзделген тәртiп бойынша белгiленген аумақ шегiнде болуға тиiс.
5. Нотариаттық iс-әрекеттер мемлекеттiк нотариат кеңсесiнiң үй-жайынан тыс және жекеше нотариустың үй-жайынан тыс жерлерде жасалуы мүмкін.
Көшпелі нотариаттық iс-әрекеттер мүдделі адамның өтініші негізінде нақты адамға қатысты жасалады және тұрақты сипатта болмайды.
Егер нотариаттық iс-әрекет мемлекеттiк нотариат кеңсесiнiң үй-жайынан тыс немесе жекеше нотариустың үй-жайынан тыс жерлерде жасалса, онда құжаттың куәландыру жазбасында және нотариаттық iс-әрекеттерді тіркеу тізілімінде оның мекенжайы мен уақыты көрсетіліп, нотариаттық іс-әрекеттің жасалған орны жазылады.
2011.26.12. № 516-ІV ҚР Заңымен 21-1-баппен толықтырылды
21-1-бап. Нотариаттық округтегі нотариустардың ең аз санын айқындау критерийлері
1. Нотариаттық округтегі нотариустардың ең аз санын Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі аумақтық әділет органының аумақтық нотариаттық палатамен бірлесіп берген ұсынымы бойынша мынадай критерийлерге:
1) нотариаттық округтегі халықтың саны мен тығыздығына;
2) өңірдің экономикалық дамуына, географиялық орналасуына, инфрақұрылымы мен басқа да ерекшеліктерінің болуына сүйене отырып бекітеді.
2. Бос орын пайда болған және ол екі айдың ішінде жекеше нотариустармен толықтырылмаған кезде аумақтық әділет органы тиісті нотариаттық округте штат санының шегінде мемлекеттік нотариус бірлігін енгізуге құқылы.
3. Егер кейіннен көрсетілген бос орынға жекеше нотариус орналасқан жағдайда, аумақтық әділет органы бір ай ішінде мемлекеттік нотариус бірлігін қысқартуға міндетті.
Бұл ретте аумақтық әділет органы:
1) жасалған нотариаттық іс-әрекеттердің заңдылығын тексеру және мемлекеттік нотариустың анықталған бұзушылықтарды жоюы;
2) мемлекеттік нотариустың іс жүргізуінде жатқан құжаттарды жекеше нотариусқа қабылдап алу-тапсыру;
3) мемлекеттiк нотариустың мөрiн алып қою және жою жөнінде шаралар қолдануға міндетті.
2010.15.07. № 337-ІV ҚР Заңымен 22-бап өзгертілді (бұр.ред.қара); 2011.26.12. № 516-ІV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2012.28.06. № 24-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 22-бап жаңа редакцияда
22-бап. Нотариустың мөрі, мөртабандары мен бланкілері
1. Нотариустың өзінің тегі, аты, әкесінің аты (егер болса), сондай-ақ мемлекеттік нотариат кеңсесінің атауы (мемлекеттік нотариус мөрі) не нотариус лицензиясының нөмірі мен берілген күні (жекеше нотариус мөрі) көрсетіле отырып, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы бейнеленген мөрі, куәландыру жазбаларының мөртабандары мен жеке бланкілері болады.
2018.05.07. № 177-VІ ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
2. Нотариустардың мөрінің бедерлері мен қолының үлгілері аумақтық әділет органында, сондай-ақ нотариаттық палатада сақталады.
3. Нотариаттық іс-әрекеттер жасау үшін мөрге тапсырысты және оны нотариустарға беруді жүзеге асыруды аумақтық әділет органы жүргізеді.
Жекеше нотариустың мөрін дайындау - оның өз қаражаты есебінен, ал, мемлекеттік нотариуске бюджет қаражаты есебінен жүргізіледі.
Жекеше нотариустың мөрі туралы Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің 1999 жылғы 24 ақпандағы № 16 Бұйрығың қара
2004.20.12 № 13-III ҚР Заңымен 23-бап өзгертілді (бұр. ред. қара) (2005.01.01. бастап қолданысқа енгізілді)
23-бап. Аудандық маңызы бар қалалардың, кенттердiң, ауылдардың, ауылдық округтердiң әкiмдерi аппараттарының нотариаттық iс-әрекеттер жасауға уәкiлеттi лауазымды адамдарын аттестациялау
Осы Заңның 1-бабындағы 2-тармақтың 2) тармақшасында аталған адамдар Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлігі бекiтетiн Аттестация туралы ережеге сәйкес нотариаттық iс-әрекеттер жасау құқығын алу үшiн аумақтық әдiлет органында аттестациядан өтедi.
2013.03.07. № 121-V ҚР Заңымен 24-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)
24-бап. Нотариустың және нотариаттық iс-әрекеттер жасауға уәкiлеттi лауазымды адамдардың жауапкершiлiгi
1. Нотариус және осы Заңмен нотариаттық iс-әрекеттер жасауға уәкiлеттi лауазымды адамдар заңсыз әрекеттер жасаған жағдайда Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген қылмыстық, әкiмшiлiк, материалдық, тәртiптiк және өзге де түрде жауапты болады.
2018.05.07. № 177-VІ ҚР Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
2. Жеке практикамен айналысатын нотариус өзінің кәсіптік міндеттері мен әдеп нормаларын бұзған жағдайда, оны нотариаттық палата Қазақстан Республикасының заңнамасына, Нотариустың әдеп кодексіне сәйкес жауапқа тартады.
2012.28.06. № 24-V ҚР Заңымен 3-тармақпен толықтырылды
3. Жекеше нотариустың нотариаттық іс-әрекеттерді жасауы салдарынан жеке және заңды тұлғаларға келтірілген нұқсанға мемлекет жауапты болмайды.
2018.05.07. № 177-VІ ҚР Заңымен 24-1-баппен толықтырылды
24-1-бап. Жеке практикамен айналысатын нотариустың тәртіптік жауаптылығы
1. Тәртіптік комиссия нотариаттық палата мүшелерінің Қазақстан Республикасы заңнамасының, Нотариустың әдеп кодексінің, нотариаттық палата жарғысының талаптарын, нотариаттық палатаға мүшелік шарттарын бұзғаны туралы жүгінімдерді, шағымдарды (бұдан әрі - шағым) қарау жөніндегі орган болып табылады.
Шағымдарды қарау тәртібін Республикалық нотариаттық палата осы Заңның талаптарын ескере отырып айқындайды.
Шағым келіп түскен күнінен бастап бір айдан кешіктірілмей қаралады.
2. Тәртіптік комиссия шағымдарды қарау кезінде шағымдарды жіберген адамдарды, сондай-ақ нотариаттық палатаның өздеріне қатысты шағым қаралатын мүшелерін өзінің отырыстарына шақыруға міндетті.
Әділет органдары тәртіптік іс жүргізуді қозғау туралы ұсыну енгізген жағдайда, оны қарау әділет органы өкілінің қатысуымен жүзеге асырылады.
Шағымды қарау уақыты мен орны туралы тиісті түрде хабардар етілген көрсетілген адамдардың келмеуі оны қарауға кедергі болмайды.
3. Тәртіптік комиссия мынадай тәртіптік жазалау шараларын қолдану туралы шешім қабылдауға құқылы:
1) нотариаттық палатаның мүшесін анықталған бұзушылықтарды жоюға міндеттейтін және оларды жою мерзімдерін белгілейтін нұсқама шығару;
2) нотариаттық палатаның мүшесіне ескерту жасау;
3) нотариаттық палатаға мүшелікті тоқтата тұру;
4) нотариаттық палатадан шығару не лицензиарға нотариус лицензиясының қолданысын тоқтату туралы талап қою арызын дайындау жөнінде өтінішхат бере отырып, нотариаттық палатадан шығару.
4. Нотариустың тәртіптік теріс қылық жасағаны үшін бір ғана тәртіптік жаза қолданылуы мүмкін.
5. Осы баптың 3-тармағының 1) және 2) тармақшаларында көзделген шешімдер тәртіптік комиссия мүшелерінің көпшілік даусымен қабылданады және көрсетілген орган оларды қабылдаған күннен бастап күшіне енеді. Осы баптың 3-тармағының 3) және 4) тармақшаларында көзделген шешімдер тәртіптік комиссия мүшелерінің кемінде үштен екісінің даусымен қабылдануы мүмкін.
6. Тәртіптік комиссия нотариаттық палатаның мүшесіне қатысты тәртіптік жазалау шараларын қолдану туралы шешім қабылдаған күннен бастап күнтізбелік бес күн ішінде нотариаттық палата шешімнің көшірмесін нотариаттық палатаның мүшесіне, сондай-ақ ол бойынша шешім қабылданған шағымды жіберген адамға оның алынғанын тіркеуді қамтамасыз ететін байланыс құралдарын пайдалана отырып жібереді.
7. Нотариаттық палатаның тәртіптік комиссиясының шешімдеріне нотариаттық палатаның мүшелері Республикалық нотариаттық палатада немесе сотта дау айтуы мүмкін.
25-бап. Нотариаттық iс-әрекеттерге немесе оларды жасаудан бас тарту шағымдану
Нотариаттық iс-әрекеттерге немесе оларды жасаудан бас тартуға түскен шағымдарды азаматтық iс жүргiзу заңдарының нормаларына сәйкес соттар қарайды.
3-тарау. Нотариаттық палата
2011.26.12. № 516-ІV ҚР Заңымен 26-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)
26-бап. Нотариаттық палата
1. Нотариаттық палата жеке практикамен айналысатын нотариустардың құқықтары мен заңды мүдделерiн бiлдiру және қорғау үшiн, сондай-ақ нотариаттық iс-әрекеттер жасау кезiнде нотариат туралы заңдардың орындалуына бақылау жасау үшiн құрылатын коммерциялық емес, кәсiптiк, өзiн-өзi қаржыландыратын ұйым болып табылады.
2. Нотариаттық палатаның қызметi осы Заңмен және жарғымен реттеледi. Нотариаттық палата заңды тұлға болып табылады және заңда белгiленген тәртiппен тiркелуге тиiс.
3. Қазақстан Республикасының әрбiр облысы, республикалық маңызы бар қалалары мен астанасы аумағында бiр нотариаттық палата құрылады.
2018.05.07. № 177-VІ ҚР Заңымен 4-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
4. Республикалық нотариаттық палата аумақтық нотариаттық палаталардың міндетті мүшелігіне негізделген, оларды біріктіретін, коммерциялық емес кәсіптік өзін-өзі қаржыландыратын ұйым болып табылады.
5. Осы Заңның 6-бабының талаптарына адамның сәйкес келмеген жағдайларынан басқа, нотариаттық қызметпен айналысу құқығына лицензиясы бар адамды нотариаттық палатаға мүше етуден бас тартуға болмайды.
Нотариаттық палаталардың кіру жарнасын алуына жол берілмейді.
2011.26.12. № 516-ІV ҚР Заңымен 26-1-баппен толықтырылды
26-1-бап. Нотариаттық палатаның басқару органдары
1. Нотариаттық палата мүшелерінің жалпы жиналысы нотариаттық палатаның жоғары басқару органы болып табылады.
Жалпы жиналыстың айрықша құзыретіне:
1) нотариаттық палатаның жарғысын қабылдау, оған өзгерістер мен толықтырулар енгізу;
2018.05.07. № 177-VІ ҚР Заңымен 2) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
2) нотариаттық палатаның төрағасын, басқарманың, ревизиялық және тәртіптік комиссиялардың мүшелерін сайлау және олардың өкілеттіктерін тоқтату;
3) нотариаттық палата қызметінің негізгі бағыттарын айқындау;
2018.05.07. № 177-VІ ҚР Заңымен 3-1) тармақшамен толықтырылды
3-1) нотариаттық палата органдарының қызметі туралы есептерді бекіту;
2018.05.07. № 177-VІ ҚР Заңымен 3-2) тармақшамен толықтырылды
3-2) нотариаттық палатаның қаржылық-шаруашылық қызметі туралы есепті бекіту;
4) нотариаттық палатаның бюджетін бекіту жатады.
Нотариаттық палатаның жарғысында шешімдер қабылдау бойынша жалпы жиналыстың айрықша құзыретіне жатқызылған өзге де мәселелер көзделуі мүмкін.
2018.05.07. № 177-VІ ҚР Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
2. Нотариаттық палатаға басшылықты нотариаттық палата мүшелерінің жалпы жиналысында сайланған нотариаттық палатаның басқармасы мен төрағасы жүзеге асырады.
3. Басқарма мүшелері төрт жыл мерзімге жасырын дауыс беру арқылы сайланады.
4. Құрамына кемінде бес адам кіретін басқарма нотариаттық палатаның басқару органы болып табылады.
5. Нотариаттық палата мүшелерінің жиналысын шақыру тәртібі мен мерзімі, сондай-ақ нотариаттық палатаның төрағасы мен басқару органдарының өкілеттіктері нотариаттық палатаның жарғысында айқындалады.
2011.26.12. № 516-ІV ҚР Заңымен 26-2-баппен толықтырылды
26-2-бап. Нотариаттық палатаның төрағасы
2018.05.07. № 177-VІ ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
1. Нотариаттық палатаның төрағасы болып оны сайлаған күнге дейін тікелей кемінде бес жыл нотариаттық палатаның мүшесі болған нотариус сайланады.
Нотариаттық палатаның төрағасы жасырын дауыс беру арқылы төрт жыл мерзімге сайланады.
Бұл ретте сол бір адам бір мерзімнен артық нотариаттық палатаның төрағасы лауазымын атқара алмайды.
2. Нотариаттық палатаның төрағасы:
1) нотариаттық палатаның жұмысын ұйымдастырады, нотариаттық палатаға жүктелген міндеттердің орындалуын бақылауды жүзеге асырады;
2) нотариаттық палатаның жұмысына басшылық жасайды, нотариаттық палатаның қызметкерлерін жұмысқа қабылдауды және жұмыстан босатуды жүзеге асырады;
3) мемлекеттік органдарда, қоғамдық бірлестіктерде, басқа да ұйымдарда нотариаттық палатаның мүддесін білдіреді;
4) нотариаттық палата жарғысында көзделген, Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келмейтін өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
2018.05.07. № 177-VІ ҚР Заңымен 26-3-баппен толықтырылды
26-3-бап. Нотариаттық палатаның ревизиялық комиссиясы
1. Нотариаттық палатаның ревизиялық комиссиясы нотариаттық палатаның қаржылық-шаруашылық қызметін бақылауды жүзеге асыратын орган болып табылады.
2. Нотариаттық палатаның ревизиялық комиссиясы нотариаттық палата мүшелерінің қатарынан, бес адамнан аспайтын құрамда қалыптастырылады. Нотариаттық палатаның ревизиялық комиссиясының мүшелері нотариаттық палатада өзге сайланбалы лауазымды атқаруға құқылы емес.
Нотариаттық палатаның ревизиялық комиссиясының мүшелері өз қызметін ерікті негіздерде өтеусіз жүзеге асырады.
3. Нотариаттық палатаның ревизиялық комиссиясын нотариаттық палата мүшелерінің жалпы жиналысы екі жылдан аспайтын мерзімге сайлайды.
4. Нотариаттық палатаның ревизиялық комиссиясы кез келген уақытта нотариаттық палатаның қаржылық-шаруашылық қызметіне тексеру жүргізуге құқылы. Нотариаттық палатаның ревизиялық комиссиясы осы мақсатта нотариаттық палатаның бүкіл қаржылық құжаттамасына сөзсіз қол жеткізу құқығына ие. Нотариаттық палатаның органдары нотариаттық палатаның ревизиялық комиссиясының талап етуі бойынша ауызша немесе жазбаша нысанда қажетті түсініктер беруге міндетті.
5. Нотариаттық палатаның ревизиялық комиссиясы нотариаттық палата мүшелерінің кезекті жалпы жиналысына есеп ұсынады.
6. Нотариаттық палатаның ревизиялық комиссиясының жұмыс тәртібін, есептер ұсыну мерзімділігін нотариаттық палата мүшелерінің жалпы жиналысы айқындайды.
ҚР 05.05.03 ж. № 408-II (бұр. ред. қара); 11.06.03 ж. № 437-II ; 2010.15.07. № 337-ІV (бұр.ред.қара) Заңдарымен 27-бап өзгертілді; 2011.26.12. № 516-ІV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2015.02.08. № 343-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 27-бап өзгертілді
27-бап. Нотариаттық палатаның өкiлеттiгi
1. Нотариаттық палата:
1) жекеше нотариустерге жалпы басшылық жасап, олардың қызметiн үйлестiрiп отырады;
2) мемлекеттік органдарда, мемлекеттік емес ұйымдарда өз мүшелерiнiң құқықтары мен заңды мүдделерiн бiлдiредi және қорғайды, нотариаттық iстi дамытуға оларға көмек көрсетiп, жәрдем бередi;
3) жекеше нотариустар нотариаттық iс-әрекеттер жасау кезiнде нотариат туралы заңдардың сақталуын бақылауды жүзеге асырады;
3-1) жекеше нотариустардың Қазақстан Республикасының қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы заңнамасын сақтауы бойынша жұмысты ұйымдастырады;»
4) жекеше нотариустың лицензиясының күшiн тоқтата тұру, одан айыру және тоқтату туралы ұсыныс енгiзедi;
5) нотариаттық iс-әрекет жасау нәтижесiнде зиян келтiру салдарынан туындайтын мiндеттемелер бойынша азаматтық-құқықтық жауапкершiлiктi сақтандыруды ұйымдастырады;
5-1) жекеше нотариустардың өздерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру шартын жасасудан жалтаруы және жекеше нотариустардың азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру туралы Қазақстан Республикасы заңдарының өзге де талаптарын бұзу жағдайлары туралы аумақтық әділет органдарын хабардар етеді;
6) нотариаттық қызметпен айналысу құқығына үміткер адамдардың тағылымдамадан өтуін және жекеше нотариустарды оқытуды ұйымдас-тырады;
7) өз мүшелерiнiң қызметiне байланысты iстер бойынша сот белгiлеген сараптама шығындарын өтейдi;
2018.05.07. № 177-VІ ҚР Заңымен 8) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
8) жекеше нотариусты кәсiптiк мiндеттерi мен әдептi бұзғаны үшiн Нотариустың әдеп кодексiне сәйкес жауапқа тартады;
9) жекеше нотариустардың қызметтiк iс-әрекеттерiне азаматтар мен заңды тұлғалардың шағымдары мен өтiнiштерiн қарайды;
2018.05.07. № 177-VІ ҚР Заңымен 10) тармақшамен толықтырылды
10) нотариустардың кәсіби біліктілігін арттыруды ұйымдастырады.
2018.05.07. № 177-VІ ҚР Заңымен 1-1-тармақпен толықтырылды
1-1. Нотариаттық палатаның басқармасы:
1) нотариаттық палатаның жеке және заңды тұлғаларға заң көмегін көрсету бойынша жұмысын ұйымдастырады;
2) нотариаттық палата мүшелерінің жалпы жиналысын шақырады, нотариаттық палата мүшелерінің жалпы жиналысы шешімдерінің орындалуын ұйымдастырады;
3) нотариаттық палатаға мүшелікке қабылдауды жүзеге асырады, нотариаттық палатаға мүшеліктен шығарады;
4) Республикалық нотариаттық палатаға нотариаттық палатаның қызметі туралы қорытылған есептерді ұсынады;
5) нотариустардың әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) жеке және заңды тұлғалардың шағымдарын қарайды;
6) нотариустардың кәсіптік біліктілігін арттыру бойынша жұмысты ұйымдастырады;
7) лицензиарға нотариусқа қатысты жекеше нотариус лицензиясының қолданысын тоқтата тұру, одан айыру және оның қолданысын тоқтату туралы ұсыну енгізеді;
8) оң жұмыс тәжірибесін талдайды, қорытады және таратады;
9) нотариаттық палатаның қаражатына нотариаттық палатаның жарғысында айқындалатын және нотариаттық палата мүшелерінің жалпы жиналысы айқындайтын тәртіппен билік етеді;
10) бухгалтерлік есепке алудың, қаржылық есептіліктің, іс қағаздарының жүргізілуін және бастапқы статистикалық деректердің қалыптастырылуын ұйымдастырады;
11) нотариаттық палатаның мүлкіне билік ету тәртібін айқындайды;
12) нотариаттық палата мүшелері жалпы жиналысының айрықша құзыретіне жатқызылғаннан басқа, нотариаттық палата қызметінің өзге де мәселелерін шешеді.
2018.05.07. № 177-VІ ҚР Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
2. Нотариаттық палата жекеше нотариустың Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын сақтауы туралы мәселені қараған кезде нотариустан жасалған нотариаттық әрекеттер туралы мәліметтерді, ал қажет болған жағдайларда - өз түсініктемелерін, оның ішінде кәсіптік әдепті сақтамау мәселелері бойынша түсініктемелерін ұсынуын талап етуге құқылы.
3. Нотариаттық палата жарты жылдың және жылдың қорытындылары бойынша Республикалық нотариаттық палата мен аумақтық әдiлет органына қағаз және (немесе) электрондық жеткізгіштерде өзiнiң қызметi туралы ақпарат берiп отырады.
ҚР 05.05.03 ж. № 408-II Заңымен 28-бап өзгертілді (бұр. ред. қара)
28-бап. Нотариаттық палатаның жарғысы
1. Нотариаттық палатаның жарғысында мыналар көзделуге тиiс:
1) атауы, қызметiнiң мақсаттары мен негiзгi түрлерi;
2) палатаның құқықтары мен мiндеттерi;
3) мүше болу мүшелiктi тоқтата тұру және одан айрылу шарттары мен тәртібі;
3-1) мүшелердiң құқықтары, мiндеттерi мен жауапкершiлiгi;
2018.05.07. № 177-VІ ҚР Заңымен 3-2) тармақшамен толықтырылды
3-2) нотариаттық палата мүшелерінің тәртіптік жауаптылығы және оған тартудың осы Заңның талаптарына сәйкес тәртібі;
4) басшы органдарды құру тәртібі, олардың атқаратын қызметтерi мен өкiлеттiк мерзiмi;
2018.05.07. № 177-VІ ҚР Заңымен 5) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
5) нотариаттық палатаның ақша қаражаты мен өзге де мүлкін қалыптастыру көздері мен тәртібі және оны пайдалану бағыттары, нотариаттық палаталардың мүлікке билік ету шектері, нотариаттық палатаның мүлікті пайдалануын бақылауды жүзеге асыру тәртібі;
2018.05.07. № 177-VІ ҚР Заңымен 5-1) тармақшамен толықтырылды
5-1) мүшелік жарналарды төлеу тәртібі;
6) жарғыға өзгерістер мен толықтырулар енгізу тәртібі;
7) палатаны қайта құру мен тарату тәртібі, таратылған жағдайдағы мүлiктiң тағдыры.
2. Нотариаттық палатаның жарғысында заңдарға қайшы келмейтiн өзге де ережелер болуы мүмкiн.
2010.15.07. № 337-ІV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2011.26.12. № 516-ІV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 29-бап өзгертілді
29-бап. Республикалық нотариаттық палатаның өкiлеттiгi
1. Республикалық нотариаттық палатаның қызметi осы Заңмен және оның жарғысымен белгiленедi. Республикалық нотариаттық палата заңда белгiленген тәртiппен тiркелуге тиiс.
2. Республикалық нотариаттық палата:
1) нотариаттық палаталардың қызметiн үйлестiрiп отырады;
2) мемлекеттік органдарда, мемлекеттік емес ұйымдарда, оның iшiнде шетелдiк және халықаралық ұйымдарда нотариаттық палаталар мен нотариустардың мүдделерiн бiлдiредi;
3) Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлігінiң нотариат мәселелерi бойынша заң жобалары жөніндегі және сарапшылық қызметiне қатысады;
4) нотариустарды оқытуды ұйымдастырады;
5) нормативтiк құқықтық актiлердi әзiрлеуге қатысады және нотариат мәселелерi жөнiнде әдiстемелiк материалдар әзiрлейдi;
2018.05.07. № 177-VІ ҚР Заңымен 6) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
6) Нотариустың әдеп кодексiн әзiрлеп, бекiтедi;
2018.05.07. № 177-VІ ҚР Заңымен 6-1) тармақшамен толықтырылды
6-1) нотариаттық палаталардың тәртіптік комиссияларының шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдарды қарайды, тәртіптік практиканы қорытады;
7) заңдарға және халықаралық шарттарға қайшы келмейтiн өзге де қызметтi жүзеге асырады.
3. Республикалық нотариаттық палата Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлігіне қағаз және (немесе) электрондық жеткізгіштерде өз қызметi туралы жыл сайын ақпарат берiп отырады.
2018.05.07. № 177-VІ ҚР Заңымен 4-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
4. Республикалық нотариаттық палатаның төрағасы болып - сайланған күніне дейін тікелей кемінде бес жыл нотариаттық палатаның мүшесі болған нотариус сайланады.
Республикалық нотариаттық палатаның төрағасы жасырын дауыс беру арқылы төрт жыл мерзімге сайланады.
Бұл ретте сол бір адам бір мерзімнен артық Республикалық нотариаттық палатаның төрағасы лауазымын атқара алмайды.
Республикалық нотариаттық палатаның төрағасын сайлау тәртібі және оның өкілеттіктері осы Заңда және Республикалық нотариаттық палатаның жарғысында айқындалады.
ҚР 05.05.03 ж. № 408-II Заңымен 29-1-баппен толықтырылды
29-1-бап. Жеке нотариаттық архив
Жеке нотариаттық архив аумақтық нотариаттық палатаның филиалы болып табылады.
Жеке нотариаттық архив ұлттық архивтық қор және архивтер туралы Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес нотариаттық құжаттарды жинақтау, сақтау және пайдалану жөніндегі функцияларды жүзеге асырады.
4-тарау. Нотариаттық қызметке ақы төлеу
ҚР 24.12.01 ж. № 276-II; 05.05.03 ж. № 408-II (бұр. ред. қара); 2004.20.12 № 13-III (бұр. ред. қара) (2005.01.01. бастап қолданысқа енгізілді); 2009.16.11 № 200-ІV ҚР Заңымен (2010 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлді) (бұр. ред. қара) Заңдарымен 30-бап өзгертілді
30-бап. Нотариаттық iс-әрекеттерге ақы төлеу
1. Мемлекеттік нотариат кеңсесiнде жұмыс iстейтiн нотариус пен аудандық маңызы бар қаланың, кенттiң, ауылдың, ауылдық округтiң әкімі аппаратының лауазымды адамы нотариаттық iс-әрекеттер жасағаны үшiн Қазақстан Республикасының Салық кодексiнде белгiленген ставкалар бойынша мемлекеттік баж алады.
2. Жекеше нотариус жасайтын нотариаттық iс-әрекеттерге ақы Қазақстан Республикасының салық заңдарында белгiленген мемлекеттік баж мөлшерiне сәйкес келетiн ставкалар бойынша төленедi.
3. ҚР 05.05.03 ж. № 408-II Заңымен алып тасталды (бұр. ред. қара)
4. Қазақстан Республикасы консулдық мекемесiнiң лауазымды адамы нотариаттық iс-әрекеттер жасағаны үшiн Қазақстан Республикасының салық заңнамасында көзделген тәртiппен және мөлшерде консулдық алым алады.
5. Жеке және заңды тұлғалар үшiн Қазақстан Республикасының салық заңнамасында көзделген нотариаттық iс-әрекеттерге ақы төлеу жөніндегі жеңiлдiктер бұл адамдарға жеке практикамен айналысатын нотариус нотариаттық iс-әрекеттер жасаған кезде де қолданылады.
6. Нотариаттық iс-әрекет жасау үшiн нотариус өзiнiң жұмыс орнынан тыс жерге барған жағдайда мүдделi адамдар оған нақты көлiк шығыстарын өтейдi.
7. ҚР 05.05.03 ж. № 408-II Заңымен алып тасталды (бұр. ред. қара)
2011.26.12. № 516-ІV ҚР Заңымен 30-1-баппен толықтырылды
30-1-бап. Жекеше нотариус нотариаттық іс-әрекеттер жасаған кезде құқықтық және техникалық сипаттағы қызметтер көрсетуге ақы төлеу
1. Жекеше нотариус нотариаттық іс-әрекеттер жасаған кезде техникалық және құқықтық сипаттағы қосымша қызметтер көрсеткені үшін осы бапта көзделген мөлшерде мынадай төлемақы алады: