3) некенің (ерлі-зайыптылықтың) тоқтатылған күнін;
4) некені (ерлі-зайыптылықты) бұзу туралы актінің жасалған күні мен нөмірін;
5) некені (ерлі-зайыптылықты) бұзу туралы куәлік берілген адамның атын, әкесінің атын (егер бар болса), тегін;
2022.14.07. № 141-VІІ ҚР Заңымен 6) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
6) құжаттың берілген күнін және оны берген тіркеуші органның, Қазақстан Республикасының шет елдегі мекемесінің атауын;
2019.25.11. № 272-VІ ҚР Заңымен 7) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
7) некені (ерлі-зайыптылықты) бұзу туралы куәліктің сериясы мен нөмірін;
2019.25.11. № 272-VІ ҚР Заңымен 8) тармақшамен толықтырылды; 2022.14.07. № 141-VІІ ҚР Заңымен 8) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
8) некені (ерлі-зайыптылықты) бұзуды мемлекеттік тіркеуді жүзеге асырған тіркеуші органның, Қазақстан Республикасының шет елдегі мекемесінің атауын қамтиды.
29-тарау. 2019.25.11. № 272-VІ ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
2022.14.07. № 141-VІІ ҚР Заңымен 30-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
30-тарау. АТЫН, ӘКЕСІНІҢ АТЫН, ТЕГІН АУЫСТЫРУ
2022.14.07. № 141-VІІ ҚР Заңымен 257-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)
257-бап. Атын, әкесінің атын, тегін ауыстыру үшін негіз
Атын, әкесінің атын, тегін ауыстыруды он алты жасқа толған және атын және (немесе) әкесінің атын, тегін ауыстыруға тілек білдірген адамның жеке өтініші бойынша тіркеуші органдар жүргізеді.
Атын, әкесінің атын, тегін ауыстыру мынадай дәлелді себептер:
1) атының, әкесiнiң атының, тегiнiң оғаш естiлуi;
2) атының, әкесiнiң атының, тегiнiң айтуға қиындық келтіруі;
2022.14.07. № 141-VІІ ҚР Заңымен 3) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
3) егер некені (ерлі-зайыптылықты) мемлекеттік тіркеу кезінде некеге дейінгі тектерінде қалса немесе некені (ерлі-зайыптылықты) мемлекеттік тіркегеннен кейін жұбайы (зайыбы) тегін басқасына ауыстырса, жұбайымен (зайыбымен) ортақ текте болғысы келген жұбайының (зайыбының) тілегі;
4) егер неке (ерлі-зайыптылық) бұзылған кезде бұл туралы мәлімделмесе, некеге дейiнгi тегiн алғысы келуі;
5) бұрынғы некеден (ерлі-зайыптылықтан) туған балаларымен ортақ текте болғысы келуі;
6) жұбайы қайтыс болған жағдайда некеге дейiнгi тегiн алғысы келуі;
7) жұбайы қайтыс болған жағдайда өтiнiш берушi некеге дейiнгi тегiнде болғанда, балаларымен ортақ текте болғысы келуі;
8) өтініш беруші таңдаған ата-аналарының бірінің ұлтына (ата-аналарының ұлты әртүрлі болған кезде) сәйкес келетін атты және (немесе) текті алғысы келуі;
9) құжаттардағы атынан өзгеше, өмірде нақты қалыптасқан атын алғысы келуі;
10) егер некеге отырған (ерлі-зайыпты болған) кезде жұбайының тегі қабылданса, некеге дейінгі тегін алғысы келуі;
11) ұлттық дәстүрлерге байланысты әкесiнiң немесе атасының аты бойынша текте болғысы келуі;
2019.25.11. № 272-VІ ҚР Заңымен 12) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
12) өтініш берушіні іс жүзінде тәрбиелеген адамның тегі мен аты бойынша текті және (немесе) әкесінің атын алғысы келуі;
13) жынысын хирургиялық жолмен өзгерткен кезде таңдаған жынысқа сәйкес келетін атты, әкесінің атын, текті алғысы келуі кезінде жүргізіледі.
2019.25.11. № 272-VІ ҚР Заңымен 258-бап өзгертілді (бұр.ред.қара); 2022.14.07. № 141-VІІ ҚР Заңымен 258-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
258-бап. Атын, әкесінің атын, тегін ауыстыру орны
Атын, әкесінің атын, тегін ауыстыру туралы өтініш өтініш берушінің таңдауы бойынша Қазақстан Республикасының аумағындағы кез келген тіркеуші органға, Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерде - құжаттарды кейіннен тіркеуші органға жіберу үшін Қазақстан Республикасының шет елдегі мекемесіне беріледі.
259-бап. Атын, әкесінің атын, тегін ауыстыру туралы өтініш
Атын, әкесінің атын, тегін ауыстыру туралы өтініште мынадай мәліметтер:
1) өтініш берушінің аты, әкесінің аты (егер бар болса), тегі;
2) таңдаған аты, әкесінің аты, тегі;
3) атын, әкесінің атын, тегін ауыстырудың себептері көрсетілуге тиіс.
2020.29.06. № 351-VI ҚР Заңымен (2021 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2022.14.07. № 141-VІІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 260-бап жаңа редакцияда
260-бап. Атын, әкесінің атын, тегін ауыстыру туралы өтінішті қарау тәртібі
Атын, әкесінің атын, тегін ауыстыру туралы өтінішті қарауды тіркеуші орган, Қазақстан Республикасының шет елдегі мекемесі Қазақстан Республикасының неке-отбасы заңнамасына сәйкес жүргізеді.
261-бап. 2022.14.07. № 141-VІІ ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
2022.14.07. № 141-VІІ ҚР Заңымен 262-баптың тақырыбы жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
262-бап. Атын, әкесінің атын, тегін ауыстырудан бас тарту
Тіркеуші органның атын, әкесінің атын, тегін ауыстырудан бас тартуына сот тәртібімен шағым жасалуы мүмкін.
263-бап. 2022.14.07. № 141-VІІ ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
2022.14.07. № 141-VІІ ҚР Заңымен 264-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
264-бап. Атын, әкесінің атын, тегін ауыстыруға байланысты өзгертуге жататын мәліметтер
Атын, әкесінің атын, тегін ауыстыруға байланысты өзгертуге жататын мәліметтер туу туралы, некені (ерлі-зайыптылықты) қию немесе бұзу туралы тиісті акт жазбаларына атын, әкесінің атын, тегін ауыстыру туралы қорытындының негізінде енгізіледі.
Тіркеуші органдар атын, әкесінің атын, тегін ауыстыру жүргізілгенін растау үшін туу туралы, некені (ерлі-зайыптылықты) қию немесе бұзу туралы тиісті куәлік береді.
265-бап. 2022.14.07. № 141-VІІ ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
266-бап. 2022.14.07. № 141-VІІ ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
267-бап. 2019.25.11. № 272-VІ ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
31-тарау. Қайтыс болуды мемлекеттік тіркеу
2022.14.07. № 141-VІІ ҚР Заңымен 268-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)
268-бап. Қайтыс болуды мемлекеттік тіркеу үшін негіз
Қайтыс болуды мемлекеттік тіркеу үшін:
1) медициналық ұйым берген, қайтыс болу туралы белгіленген нысандағы құжат;
2) қайтыс болу фактісін белгілеу туралы немесе адамды қайтыс болды деп жариялау туралы соттың заңды күшіне енген шешімі негіз болып табылады.
Денсаулық сақтаудың медициналық ақпараттық жүйесі денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органның ақпараттық жүйесімен интеграцияланған кезде қайтыс болу туралы белгіленген нысандағы құжатты медициналық ұйым қайтыс болған кезден бастап бір күннен кешіктірмей денсаулық сақтаудың медициналық ақпараттық жүйесіне ғана енгізеді.
Осы баптың екінші бөлігінде көрсетілген ақпараттық жүйелер интеграцияланбаған жағдайда, қайтыс болу туралы белгіленген нысандағы құжатты медициналық ұйым қайтыс болған кезден бастап бір күннен кешіктірмей денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органның ақпараттық жүйесіне де, денсаулық сақтаудың медициналық ақпараттық жүйесіне де енгізеді.
2019.25.11. № 272-VІ ҚР Заңымен 269-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)
269-бап. Қайтыс болуды мемлекеттік тіркеу орны
Қайтыс болуды мемлекеттік тіркеу Қазақстан Республикасының аумағындағы кез келген тіркеуші органда жүргізіледі.
2022.14.07. № 141-VІІ ҚР Заңымен 270-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
270-бап. Қайтыс болуды мемлекеттік тіркеу тәртібі
Азаматтық хал актілерінің ақпараттық жүйесінде медициналық ұйым берген қайтыс болу туралы құжат болған кезде қайтыс болуды мемлекеттік тіркеу автоматты түрде жүргізіледі.
Азаматтық хал актілерінің ақпараттық жүйесінде медициналық ұйым берген қайтыс болу туралы құжат болмаған кезде қайтыс болуды мемлекеттік тіркеу мүдделі адамның өтініші бойынша қайтыс болуды мемлекеттік тіркеуге негіз болып табылатын құжаттар беріле отырып жүргізіледі.
2022.14.07. № 141-VІІ ҚР Заңымен 271-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)
271-бап. Мәйіттері танылмаған және талап етілмеген адамдардың қайтыс болуын мемлекеттік тіркеу
Мәйіттері танылмаған және талап етілмеген адамдардың қайтыс болуын мемлекеттік тіркеуді сот-медициналық сараптама ұйымының лауазымды адамының жазбаша өтініші бойынша тіркеуші органдар жүргізеді.
Мәйіттері танылмаған адамдардың қайтыс болуын мемлекеттік тіркеу кезінде қайтыс болу туралы актінің жазбасына қайтыс болу туралы медициналық куәлікте қамтылған, мемлекеттік тіркеу үшін қажетті мәліметтер ғана енгізіледі.
Егер қайтыс болған адам кейіннен танылған болса, ол туралы жетіспейтін мәліметтер қайтыс болу туралы медициналық куәліктің және мәлімдеме жасаушының жазбаша өтінішінің негізінде қайтыс болу туралы актінің жазбасына қорытынды жасалмастан енгізіледі.
Мәйіттері танылмаған және талап етілмеген адамдардың мемлекеттік тіркелгені туралы жергілікті атқарушы органдардың тиісті қызметіне Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі белгілеген нысан бойынша қайтыс болу туралы анықтама беріледі.
272-бап. Қайтыс болу туралы акт жазбасының мазмұны
Қайтыс болу туралы акт жазбасына мынадай мәліметтер:
1) қайтыс болған адамның аты, әкесінің аты (егер бар болса), тегі, туған күні, айы, жылы мен туған жері, соңғы тұрғылықты жері, жынысы, азаматтығы, егер жеке басын куәландыратын құжатта көрсетілсе, ұлты, қайтыс болған күні мен орны;
2) қайтыс болу фактісін растайтын құжаттың негізінде қайтыс болу себебі;
3) қайтыс болу фактісін растайтын құжат;
4) қайтыс болу туралы мәлімдеме жасаған мәлімдеме жасаушының аты, әкесінің аты (егер бар болса), тегі, тұрғылықты жері не органның, ұйымның атауы және заңды мекенжайы;
5) қайтыс болу туралы куәліктің сериясы мен нөмірі енгізіледі.
2019.21.01. № 217-VІ ҚР Заңымен 273-бап өзгертілді (бұр.ред.қара); 2022.14.07. № 141-VІІ ҚР Заңымен 273-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
273-бап. Қайтыс болу туралы куәлікті және хабарламаны беру
Қайтыс болуды мемлекеттік тіркеу жасалғаннан кейін қайтыс болу туралы хабарламаны «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы алуға болады.
Қайтыс болған адамның жақын туыстарына, мұрагерлері аясына кіретін басқа адамдарға не қайтыс болған адам қамқорлығында болған азаматтарға, сондай-ақ қайтыс болған адам тұрған немесе жазасын өтеген мемлекеттік ұйымдардың өкілдеріне қайтыс болу туралы куәлік беріледі.
Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерде пайдалану қажет болған жағдайда осы баптың екінші бөлігінде аталған адамдарға олардың өтініші бойынша кез келген тіркеуші орган, сондай-ақ Қазақстан Республикасының шет елдердегі мекемесі қайтыс болу туралы акт жазбасының негізінде қайтыс болуды мемлекеттік тіркеу туралы қағаз жеткізгіштегі куәлікті береді.
Басқа туыстарына қайтыс болу туралы куәлік мұрагерлік іс қарауында жатқан нотариустың хабархаты бойынша беріледі.
Мәйіттері танылмаған және талап етілмеген адамдардың қайтыс болу туралы куәлігі барлық қажетті мәліметтер қайтыс болу туралы акт жазбасына енгізілгеннен кейін ғана беріледі.
274-бап. Қайтыс болу туралы куәлік
Қайтыс болу туралы куәлік мынадай мәліметтерді:
1) қайтыс болған адамның атын, әкесінің атын (егер бар болса), тегін, туған күні, айы, жылы мен туған жерін, жасын, қайтыс болған күні мен орнын;
2) қайтыс болу туралы акт жазбасының жасалған күні мен нөмірін;
2022.14.07. № 141-VІІ ҚР Заңымен 3) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
3) құжаттың берілген күнін және оны берген тіркеуші органның, Қазақстан Республикасының шет елдегі мекемесінің атауын;
2019.25.11. № 272-VІ ҚР Заңымен 4) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
4) қайтыс болу туралы куәліктің сериясы мен нөмірін;
2019.25.11. № 272-VІ ҚР Заңымен 5) тармақшамен толықтырылды; 2022.14.07. № 141-VІІ ҚР Заңымен 5) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
5) қайтыс болуды мемлекеттік тіркеуді жүзеге асырған тіркеуші органның, Қазақстан Республикасының шет елдегі мекемесінің атауын қамтиды.
7-бөлім. Қазақстан Республикасының неке-отбасы заңнамасы нормаларының қолданылуы
32-тарау. Қазақстан Республикасының неке-отбасы заңнамасы нормаларының шетелдіктерге және азаматтығы жоқ адамдарға қолданылуы
275-бап. Ерлі-зайыптылардың мүліктік емес және мүліктік жеке құқықтары мен міндеттері
Ерлі-зайыптылардың мүліктік емес және мүліктік жеке құқықтары мен міндеттері аумағында өздері бірге тұратын тұрғылықты жері бар мемлекеттің заңнамасымен, ал бірге тұратын тұрғылықты жері болмаған кезде аумағында олардың соңғы бірге тұратын тұрғылықты жері болған мемлекеттің заңнамасымен айқындалады. Бұрын бірге тұратын тұрғылықты жері болмаған ерлі-зайыптылардың мүліктік емес және мүліктік жеке құқықтары мен міндеттері Қазақстан Республикасының аумағында Қазақстан Республикасының заңнамасымен айқындалады.
276-бап. Әке (ана) болуды анықтау және оны даулау
1. Әке (ана) болуды анықтау және оған дау айту бала туған кезде азаматы болған мемлекеттің заңнамасымен айқындалады.
2. Әке (ана) болуды анықтаудың және оған дау айтудың тәртібі Қазақстан Республикасының аумағында Қазақстан Республикасының заңнамасымен айқындалады. Егер Қазақстан Республикасының заңнамасында тіркеуші органдарда әке (ана) болуды анықтауға жол берілсе, баланың Қазақстан Республикасының аумағынан тыс жерлерде тұратын ең болмаса біреуі Қазақстан Республикасының азаматы болып табылатын ата-аналары әке (ана) болуды анықтау туралы Қазақстан Республикасының шетелдегі мекемелерiне өтініш беруге құқылы.
277-бап. Ата-аналардың және балалардың құқықтары мен міндеттері
Ата-аналардың және балалардың құқықтары мен міндеттері, оның ішінде ата-аналардың балаларын күтіп-бағу жөніндегі міндеті аумағында олардың бірге тұратын тұрғылықты жері бар мемлекеттің заңнамасымен айқындалады. Ата-аналар мен балалардың бірге тұратын тұрғылықты жері болмаған кезде ата-аналардың және балалардың құқықтары мен міндеттері бала азаматы болып табылатын мемлекеттің заңнамасымен айқындалады. Талапкердің талап етуі бойынша алименттік міндеттемелерге және ата-аналар мен балалардың арасындағы басқа да қатынастарға аумағында бала тұрақты тұрып жатқан мемлекеттің заңнамасы қолданылуы мүмкін.
278-бап. Кәмелетке толған балалардың, сондай-ақ отбасының басқа да мүшелерінің алименттік міндеттемелері
Ата-аналардың пайдасына алименттік міндеттемелер, сондай-ақ отбасының басқа да мүшелерінің алименттік міндеттемелері аумағында олардың бірге тұратын тұрғылықты жері бар мемлекеттің заңнамасымен айқындалады. Бірге тұратын тұрғылықты жері болмаған кезде мұндай міндеттемелер алимент алуға құқығы бар адам азаматы болып табылатын мемлекеттің заңнамасымен айқындалады.
279-бап. Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде тұратын Қазақстан Республикасы азаматтарының азаматтық хал актілерін мемлекеттік тіркеу
2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2022.14.07. № 141-VІІ ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
1. Қазақстан Республикасынан тыс жерде тұрақты немесе уақытша тұратын Қазақстан Республикасының азаматтарына қатысты азаматтық хал актілерін мемлекеттік тіркеуді Қазақстан Республикасының шетелдегі мекемелерi жүргізеді және олар жасаған акт жазбалары Қазақстан Республикасы астанасының тіркеуші органына беріледі.
2. Қазақстан Республикасының шетелдегі мекемелерiнде азаматтық хал актілерін мемлекеттік тіркеу кезінде, егер мүдделі адамдар Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылса, Қазақстан Республикасының заңнамасы қолданылады.
2022.14.07. № 141-VІІ ҚР Заңымен 280-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)
280-бап. Азаматтық хал актілерінің жасалуын растайтын шет мемлекеттердің құжаттарын тану
Қазақстан Республикасының азаматтарына, шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарға қатысты тиісті мемлекеттердің заңдары бойынша шет мемлекеттердің құзыретті органдары берген Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде азаматтық хал актілерінің жасалғанын растайтын құжаттар, егер олар Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келмесе, сондай-ақ консулдық ресмилендірілген не арнайы мөртаңба (апостиль) болған кезде Қазақстан Республикасында жарамды деп танылады. Азаматтық хал актілерінің ақпараттық жүйесінде мемлекеттік тіркелуге жататын туу туралы акт жазбасын қоспағанда, мүдделі адамдардың өтініші бойынша тіркеуші орган немесе Қазақстан Республикасының шет елдердегі мекемесі азаматтық хал актілерінің ақпараттық жүйесінде Қазақстан Республикасының шегінен тыс жердегі азаматтық хал актісін тіркеу туралы белгі қояды.
Қазақстан Республикасының құзыретті органдары босқындар мен мәжбүрлеп қоныс аударушыларға бұрынғы тұрған жері бойынша неке қию (ерлі-зайыпты болу), туу туралы куәліктерді және азаматтық хал актілерінің басқа да құжаттарын алуға жәрдем көрсетуге міндетті.
33-тарау. Қорытынды және өтпелі ережелер
281-бап. Қазақстан Республикасының неке-отбасы заңнамасын бұзғаны үшін жауаптылық
Қазақстан Республикасының неке-отбасы заңнамасын бұзу Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жауаптылыққа әкеп соғады.
2016.09.04. № 501-V ҚР Заңымен 282-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
282-бап. Осы Кодексті қолдану тәртібі
1. Осы Кодекс оны қолданысқа енгізгеннен кейін туындаған құқықтық қатынастарға қолданылады.
2. Осы Кодекстің 112-бабы 2-тармағының 8), 9) және 10) тармақшаларының ережелері қолданысқа енгізілген күнге дейін Қазақстан Республикасының аумағында аккредиттеуді алған бала асырап алу жөніндегі агенттіктер көрсетілген тармақшалардың ережелері қолданысқа енгізілген күннен бастап бір жыл ішінде Қазақстан Республикасының балалардың құқықтарын қорғау жөніндегі уәкілетті органына тиісті міндеттемелер ұсынуға міндетті.
3. Осы баптың 2-тармағында көрсетілген мерзім өткен соң осы Кодекстің 112-бабының 2-тармағы 8), 9) және 10) тармақшаларының ережелеріне сәйкес міндеттемелер ұсынбаған бала асырап алу жөніндегі агенттіктер Қазақстан Республикасының аумағында өз қызметін тоқтатады.
283-бап. Осы Кодексті қолданысқа енгізу тәртібі
1. Осы Кодекс алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
2. «Неке және отбасы туралы» 1998 жылғы 17 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1998 ж., № 23, 430-құжат; 2001 ж., № 24, 338-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2006 ж., № 1, 5-құжат; 2007 ж., № 3, 20-құжат; № 9, 67-құжат; № 20, 152-құжат; 2011 ж., № 6, 49-құжат) күші жойылды деп танылсын.
Қазақстан Республикасының
Президенті
Н. НАЗАРБАЕВ
Астана, Ақорда, 2011 жылғы желтоқсанның 26-ы.
№ 518-ІV