Басқа мемлекеттің аумағында тұрақты тұратын шетелдiк, азаматтығы жоқ адам жеке басын куәландыратын құжаттарды ұсынумен қатар олардың мәтiнiнiң нотариатта куәландырылған қазақ тiлiндегi немесе орыс тiлiндегi аудармасын беруге тиiс.
Шетелдіктің, азаматтығы жоқ адамның жеке басын куәландыратын құжаттардың мәтіні аудармасының дұрыстығы шетелдік азаматы болып табылатын мемлекеттiң немесе азаматтығы жоқ адам тұрақты тұратын мемлекеттің дипломатиялық өкілдігінде немесе консулдық мекемесінде не сыртқы саясат ведомствосында куәландырылуы мүмкiн;
2) осы Кодекстің 10-бабында көрсетілген белгiленген неке жасын азайту қажеттігін растайтын құжаттарды;
3) бұрынғы некелері (ерлі-зайыптылықтары) туралы мәліметтерді;
4) балалары бар екендiгi туралы мәлiметтерді;
5) бір-бірінің денсаулық жағдайы және материалдық жағдайы туралы, сондай-ақ некеге отыруға (ерлі-зайыпты болуға) кедергінің жоқтығы туралы хабардар екендігі туралы қолхатты ұсыну қажет.
225-бап. Неке қиюды (ерлі-зайыпты болуды) мемлекеттік тіркеу кезінде ерлі-зайыптылардың тектерін жазу тәртібі
1. Неке қиюды (ерлі-зайыпты болуды) мемлекеттік тіркеу кезінде некеге дейінгі тегін екінші жұбайының тегіне өзгертуге тілек білдірген жұбайға неке қию (ерлі-зайыпты болу) туралы акт жазбасында ортақ тек ретінде таңдап алынған тегі көрсетіледі.
2. Неке қию (ерлі-зайыпты болу) туралы акт жазбасын жасаған кезде бұрынғы тектерінде қалуға тілек білдірген ерлі-зайыптылардың тектері өзгертілмейді.
3. Өзінің некеге дейінгі тегіне екінші жұбайының тегін қосып жазуға тілек білдірген жұбайға неке қию (ерлі-зайыпты болу) туралы акт жазбасында қосылатын тегі некеге дейінгі тегінен кейін сызықша арқылы жазылады.
4. Ерлі-зайыптылардың тектерін таңдауы некеге отыру (ерлі-зайыпты болу) туралы бірлескен жазбаша өтініште көрсетіледі.
2022.14.07. № 141-VІІ ҚР Заңымен 226-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
226-бап. Неке қиюды (ерлі-зайыпты болуды) мемлекеттік тіркеу тәртібі
1. Неке қиюды (ерлі-зайыпты болуды) мемлекеттік тіркеуді осы Кодексте белгіленген тәртіппен тіркеуші органдар, Қазақстан Республикасының шет елдегі мекемелері жүргізеді.
2. Егер некеге отыратын (ерлі-зайыпты болатын) адамдар (адамдардың біреуі) ауыр науқастануы салдарынан немесе басқа да дәлелді себеппен тіркеуші органға, Қазақстан Республикасының шет елдегі мекемесіне келе алмайтын болса, неке қиюды (ерлі-зайыпты болуды) мемлекеттік тіркеу үйінде, медициналық немесе өзге де ұйымда некеге отыратын (ерлі-зайыпты болатын) адамдардың қатысуымен жүргізіледі.
3. Тіркеуші органның жұмыскері, Қазақстан Республикасының шет елдегі мекемесінің қызметкері:
1) некеге отыруға (ерлі-зайыпты болуға) тілек білдіру туралы берілген өтініштерді жария етеді;
2) некеге отыратын (ерлі-зайыпты болатын) адамдарға болашақ жұбайлардың құқықтары мен міндеттерін түсіндіреді;
3) некеге отыруға (ерлі-зайыпты болуға) келісімді және жұбайлардың таңдаған тегі туралы шешімді анықтайды;
4) неке қиюға (ерлі-зайыпты болуға) кедергілердің жоқ екендігін анықтайды;
5) мемлекет атынан неке қию (ерлі-зайыпты болу) туралы белгіленген үлгідегі куәлікті береді.
4. Неке қиюға (ерлі-зайыпты болуға) кедергілер болмаған кезде азаматтық хал актілерін жазу кітабына неке (ерлі-зайыптылық) туралы жазба енгізіледі, оған некеге отыратын (ерлі-зайыпты болатын) адамдар қолын қояды және тіркеуші орган бастығының қолтаңбасымен және елтаңбалы мөрімен не Қазақстан Республикасының шет елдегі мекемесі лауазымды адамының қолтаңбасымен және мөрімен бекемделеді.
5. Тіркеуші орган, Қазақстан Республикасының шет елдегі мекемесі, егер неке қиюға (ерлі-зайыпты болуға) кедергі келтіретін мән-жайлардың бар екендігін растайтын дәлелдемелері болса, неке қиюды (ерлі-зайыпты болуды) мемлекеттік тіркеуден бас тартады.
6. Тіркеуші органның, Қазақстан Республикасының шет елдегі мекемесінің неке қиюды (ерлі-зайыпты болуды) мемлекеттік тіркеуден бас тартуына Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен шағым жасалуы мүмкін.
227-бап. Неке қиюды (ерлі-зайыпты болуды) салтанатты жағдайда мемлекеттік тіркеу
Неке қиюды (ерлі-зайыпты болуды) салтанатты жағдайда мемлекеттік тіркеу некеге отыратындардың (ерлі-зайыпты болатындардың) тілегі бойынша тіркеуші органдардың арнайы жабдықталынған үй-жайларында не арнайы осыған арналған мемлекеттік неке сарайларында жүргізіледі.
228-бап. Қазақстан Республикасы азаматтарының шетелдіктермен немесе азаматтығы жоқ адамдармен неке қиюын (ерлі-зайыпты болуын) мемлекеттік тіркеу
1. Қазақстан Республикасы азаматтарының шетелдіктермен немесе азаматтығы жоқ адамдармен неке қиюын (ерлі-зайыпты болуын) мемлекеттік тіркеу Қазақстан Республикасының тіркеуші органдарында Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жалпы негіздерде не некеге отыруға (ерлі-зайыпты болуға) тілек білдірген адам азаматы болып табылатын шет мемлекеттің дипломатиялық өкілдігінде, консулдық мекемесiнде жүргізіледі.
2020.13.05. № 327-VІ Заңымен (2021 ж. 2 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2022.14.07. № 141-VІІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 2-тармақ өзгертілді
2. Шетелдікпен некеге отыру (ерлі-зайыпты болу) туралы өтініш берумен бір мезгілде шетелдік өзі азаматы болып табылатын мемлекеттің құзыретті органынан некеге отыруға (ерлі-зайыпты болуға) рұқсатты, егер мұндай рұқсат алу шет мемлекеттің заңнамасына сәйкес талап етілсе, ұсынуға тиіс.
Мұндай рұқсат болмаған кезде тіркеуші орган, Қазақстан Республикасының шет елдегі мекемесі өтінішті қабылдау кезiнде некеге отырушыларға (ерлі-зайыпты болушыларға) және бірінші кезекте Қазақстан Республикасының азаматына (азаматшасына), олардың некесi (ерлі-зайыптылығы) ол некеге отыратын (ерлі-зайыпты болатын) адам азаматы болып табылатын елде жарамсыз болып танылуы мүмкiн екендiгiн түсiндiруге тиiс.
Егер мұндай түсiндiрулерге қарамастан, өтініш берушiлер неке қиюды (ерлі-зайыпты болуды) мемлекеттік тiркеуді талап етіп сұраса, бұл неке (ерлі-зайыптылық) тiркеледi.
Қазақстан Республикасы азаматтарының қандастармен некесін қиюды (ерлі-зайыпты болуды) мемлекеттік тiркеу Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жалпы негіздерде жүргiзiледi.
3. Қазақстан Республикасының аумағында азаматтығы жоқ адаммен неке қию (ерлі-зайыпты болу) шарттары, егер ол адамның Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұрғылықты жері болса, Қазақстан Республикасының заңнамасымен айқындалады.
229-бап. Қазақстан Республикасының шетелдiк мекемелерiнде, дипломатиялық өкілдіктерінде және шет мемлекеттердің шетелдік мекемелерінде неке қиюды (ерлі-зайыпты болуды) мемлекеттік тіркеу
2019.25.11. № 272-VІ ҚР Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1. Қазақстан Республикасы аумағының шегінен тыс жерде тұратын Қазақстан Республикасының азаматтары арасындағы, сондай-ақ Қазақстан Республикасының азаматы мен шетелдік, азаматтығы жоқ адам арасындағы неке (ерлі-зайыптылық) Қазақстан Республикасының шетелдегі мекемелерінде қиылуы мүмкін.
2. Егер Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келмесе, Қазақстан Республикасының аумағында шет мемлекеттердің дипломатиялық өкілдіктерінде немесе консулдық мекемелерінде шетелдіктер арасында қиылған неке (ерлі-зайыптылық) Қазақстан Республикасында жарамды деп танылады.
230-бап. Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде қиылған некені (ерлі-зайыптылықты) тану
1. Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде Қазақстан Республикасы азаматтарының арасында және Қазақстан Республикасының азаматтары мен шетелдіктердің немесе азаматтығы жоқ адамдардың арасында қиылған неке (ерлі-зайыптылық), ол аумағында неке қиылған мемлекеттің заңнамасын сақтай отырып жасалса, осы Кодекстің 10 және 11-баптарында көзделген жағдайлардан басқа, Қазақстан Республикасында жарамды деп танылады.
2. Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде шетелдіктер арасында қиылған неке (ерлі-зайыптылық), ол аумағында жасалған мемлекеттің заңнамасын сақтай отырып қиылса, егер ол Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келмесе, Қазақстан Республикасында жарамды деп танылады.
231-бап. Қазақстан Республикасында немесе Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде қиылған некенің (ерлі-зайыптылықтың) жарамсыздығы
Қазақстан Республикасында немесе Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде қиылған некенің (ерлі-зайыптылықтың) жарамсыздығы неке қию (ерлі-зайыпты болу) кезінде қолданылған Қазақстан Республикасының заңнамасымен айқындалады.
232-бап. Некеге құқық қабілеттілігі туралы анықтамалар беру тәртібі
1. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі белгілеген нысан бойынша некеге құқық қабілеттілігі туралы анықтама Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде неке қиюды (ерлі-зайыпты болуды) мемлекеттік тіркеу үшін Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын не бұрын тұрған азаматтарға беріледі.
2019.25.11. № 272-VІ ҚР Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2022.14.07. № 141-VІІ ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
2. Некеге құқық қабілеттілігі туралы анықтаманы кез келген тіркеуші орган, Қазақстан Республикасының шет елдегі мекемесі азаматтық хал актілерінің ақпараттық жүйесіндегі мәліметтер негізінде береді.
Неке қиюды (ерлі-зайыпты болуды) мемлекеттік тіркеу туралы акт жазбасының бар-жоғын тексеру он алты жастан бастап жүргізіледі.
3. Анықтамалар алу үшін өтініш беруші мынадай құжаттарды:
1) жеке басын куәландыратын құжатты;
2019.25.11. № 272-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2022.14.07. № 141-VІІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 2) тармақша жаңа редакцияда
2) егер өтініш беруші бұрын некеде тұрса (ерлі-зайыпты болса), Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерде берілген некені (ерлі-зайыптылықты) бұзу туралы куәлікті, анықтаманы немесе сот шешімін не жұбайының (зайыбының) қайтыс болуы туралы куәлікті немесе анықтаманы көрсетеді.
2017.18.04. № 58-VI ҚР Заңымен 233-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
233-бап. Бас бостандығынан айыру орындарында күзетпен қамауда отырған немесе жазасын өтеп жүрген адаммен неке қиюды (ерлі-зайыпты болуды) мемлекеттік тіркеу
1. Бас бостандығынан айыру орындарында күзетпен қамауда отырған немесе жазасын өтеп жүрген адаммен неке қиюды (ерлі-зайыпты болуды) мемлекеттік тіркеуді тіркеуші органдар некеге тұратын (ерлі-зайыпты болатын) адамдардың қатысуымен осы Кодексте көзделген неке қию (ерлі-зайыпты болу) шарттарын сақтай отырып, адамның күзетпен ұстау немесе жазасын өтеп жүрген орны бойынша, тиісті мекеменің әкімшілігі айқындаған үй-жайда жүргізеді.
2. Күзетпен қамауда отырған адаммен неке қиюды (ерлі-зайыпты болуды) мемлекеттік тіркеуді тіркеуші орган осы іс жүргізуінде жатқан адамды немесе органды хабардар еткеннен кейін жүргізеді.
234-бап. Неке қию (ерлі-зайыпты болу) туралы акт жазбасының мазмұны
1. Неке қию (ерлі-зайыпты болу) туралы акт жазбасына мынадай мәліметтер:
1) некеге отыратындардың (ерлі-зайыпты болатындардың) әрқайсысының тегі (неке қиылғанға (ерлі-зайыпты болғанға) дейінгі және одан кейінгі), аты, әкесінің аты (егер бар болса), туған күні, айы, жылы мен туған жері, жасы, азаматтығы, егер жеке басын куәландыратын құжатта көрсетілген болса, ұлты, табыс көзі немесе жұмыс орны, тұрғылықты жері және заңды мекенжайы, білімі, отбасылық жағдайы;
2) ортақ балалары туралы мәліметтер;
3) некеге отыратындардың (ерлі-зайыпты болатындардың) жеке басын куәландыратын құжаттардың деректемелері;
4) акт жазбасының жасалған күні және нөмірі;
5) неке қию (ерлі-зайыпты болу) туралы берілген куәліктің нөмірі енгізіледі.
2022.14.07. № 141-VІІ ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
2. Неке (ерлі-зайыптылық) бұзылған немесе жарамсыз деп танылған жағдайда неке қию (ерлі-зайыпты болу) туралы акт жазбасына қажетті мәліметтер енгізіледі. Мұндай мәліметтерді енгізу некені (ерлі-зайыптылықты) бұзу немесе жарамсыз деп тану туралы сот шешімінің не ерлі-зайыптылардың бірлескен өтініші бойынша тіркеуші органдарда, Қазақстан Республикасының шет елдегі мекемелерінде некені (ерлі-зайыптылықты) бұзу туралы жазбаның негізінде жүргізіледі.
2022.14.07. № 141-VІІ ҚР Заңымен 235-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
235-бап. Мүдделі адамның өтініші бойынша неке қию (ерлі-зайыпты болу) туралы жазбаны тоқтата тұру
Неке қию (ерлі-зайыпты болу) туралы жазба жасалғанға дейін мүдделі адамнан неке қиюды (ерлі-зайыпты болуды) мемлекеттік тіркеу үшін кедергілердің бар екендігі туралы өтініш келіп түскен жағдайда, тіркеуші органның бастығы, Қазақстан Республикасының шет елдегі мекемесінің қызметкері жазбаны тоқтата тұруға және өтініш берушіден белгіленген мерзімде тиісті құжаттық дәлелдемелер ұсынуды талап етуге міндетті. Жазбаны тоқтата тұру мерзімі күнтізбелік он бес күннен аспауға тиіс.
2022.14.07. № 141-VІІ ҚР Заңымен 236-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
236-бап. Жұбайларға неке қию (ерлі-зайыпты болу) туралы куәлікті беру
Неке қию (ерлі-зайыпты болу) туралы куәлік некеге отыратын адамдардың әрқайсысына неке (ерлі-зайыптылық) мемлекеттік тіркелген күні неке қиылған орын бойынша электрондық нысанда беріледі.
Жұбайлардың қалауы бойынша неке қию (ерлі-зайыпты болу) туралы куәлік қағаз жеткізгіште берілуі мүмкін.
237-бап. Неке қию (ерлі-зайыпты болу) туралы куәлік
Неке қию (ерлі-зайыпты болу) туралы куәлік мынадай мәліметтерді:
1) некеге отыратындардың (ерлі-зайыпты болатындардың) әрқайсысының тегін (неке қиылғанға (ерлі-зайыпты болғанға) дейінгі, атын, әкесінің атын (егер бар болса), туған күні, айы, жылы мен туған жерін, азаматтығын, егер жеке басын куәландыратын құжатта көрсетілген болса, ұлтын;
2) некенің қиылған (ерлі-зайыпты болған) күнін;
3) актінің жасалған күнін және нөмірін;
4) ерлі-зайыптылардың тегін таңдау туралы мәліметтерді;
2022.14.07. № 141-VІІ ҚР Заңымен 5) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
5) неке қиюды (ерлі-зайыпты болуды) мемлекеттік тіркеу орнын, тіркеуші органның, Қазақстан Республикасының шет елдегі мекемесінің атауын;
6) неке қию (ерлі-зайыпты болу) туралы куәліктің берілген күнін;
2019.25.11. № 272-VІ ҚР Заңымен 7) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
7) неке қию (ерлі-зайыпты болу) туралы берілген куәліктің сериясы мен нөмірін;
2019.25.11. № 272-VІ ҚР Заңымен 8) тармақшамен толықтырылды; 2022.14.07. № 141-VІІ ҚР Заңымен 5) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
8) құжат берген тіркеуші органның, Қазақстан Республикасының шет елдегі мекемесінің атауын қамтиды.
28-тарау. Некені (ерлі-зайыптылықты) бұзуды мемлекеттік тіркеу
238-бап. Некені (ерлі-зайыптылықты) бұзуды мемлекеттік тіркеу үшін негіздер
2019.25.11. № 272-VІ ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
1. Некені (ерлі-зайыптылықты) бұзу туралы ерлі-зайыптылардың бірлескен өтініші, белгіленген тәртіппен некені (ерлі-зайыптылықты) бұзуға құқығы бар ерлі-зайыптылардың біреуінің өтініші некені (ерлі-зайыптылықты) бұзуды мемлекеттік тіркеуге негіздер болып табылады.
2022.14.07. № 141-VІІ ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
2. Некені (ерлі-зайыптылықты) бұзуды тіркеуші органдарда, Қазақстан Республикасының шет елдегі мекемелерінде мемлекеттік тіркеу кәмелетке толмаған ортақ балалары жоқ және бір-біріне мүліктік және өзге де талаптар қоймайтын ерлі-зайыптылардың некені (ерлі-зайыптылықты) бұзуға өзара келісімі кезінде жүргізіледі.
3. 2020.07.07. № 361-VI ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
2022.14.07. № 141-VІІ ҚР Заңымен 4-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
4. Ерлі-зайыптылардың ортақ кәмелетке толмаған балаларының болуына қарамастан, некені (ерлі-зайыптылықты) бұзу ерлі-зайыптылардың біреуінің өтініші бойынша:
1) жұбайын хабар-ошарсыз кеткен деп тану туралы соттың заңды күшіне енген шешімінің;
2) жұбайын әрекетке қабілетсіз немесе әрекет қабілеті шектеулі деп тану туралы соттың заңды күшіне енген шешімінің;
3) жұбайының қылмыс жасағаны үшін кемінде үш жыл мерзімге бас бостандығынан айыруға сотталғандығы туралы сот үкімінің негізінде тіркеуші органдарда, Қазақстан Республикасының шет елдегі мекемелерінде бұзылады.
2019.25.11. № 272-VІ ҚР Заңымен 239-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2022.14.07. № 141-VІІ ҚР Заңымен 239-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)
239-бап. Некені (ерлі-зайыптылықты) бұзуды мемлекеттік тіркеу орны
Некені (ерлі-зайыптылықты) бұзуды мемлекеттік тіркеу ерлі-зайыптылардың немесе олардың біреуінің қалауы бойынша Қазақстан Республикасының аумағындағы кез келген тіркеуші органда, Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерде - болатын жеріндегі Қазақстан Республикасының шет елдегі мекемесінде жүргізіледі.
2021.20.12. № 84-VII ҚР Заңымен 240-бап өзгертілді (бұр.ред.қара); 2022.14.07. № 141-VІІ ҚР Заңымен 240-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
240-бап. Ерлі-зайыптылардың некені (ерлі-зайыптылықты) бұзу туралы бірлескен өтініші бойынша некені (ерлі-зайыптылықты) бұзуды мемлекеттік тіркеу мерзімдері
Некені (ерлі-зайыптылықты) бұзуды мемлекеттік тіркеуді тіркеуші орган, Қазақстан Республикасының шет елдегі мекемесі некені (ерлі-зайыптылықты) бұзу туралы бірлескен өтініш берілген күннен бастап бір айлық мерзім өткеннен кейін некені (ерлі-зайыптылықты) бұзушылардың өздері қатысқан кезде жүргізеді.
Мерзімді есептеу өтініш берілгеннен кейінгі келесі күннен басталады және келесі айдың тиісті күнінде бітеді. Егер бұл күн жұмыс күніне тура келмесе, онда одан кейінгі жұмыс күні мерзімнің аяқталған күні болып есептеледі.
Бір айлық мерзімнің қысқартылуы мүмкін емес.
Егер ерлі-зайыптылар некені (ерлі-зайыптылықты) бұзуды мемлекеттік тіркеу үшін өздеріне белгіленген күні тіркеуші органға, Қазақстан Республикасының шет елдегі мекемесіне келе алмаса, олар тіркеуші органға, Қазақстан Республикасының шет елдегі мекемесіне некені (ерлі-зайыптылықты) бұзу туралы өтінішпен қайтадан жүгіне алады, ол некені (ерлі-зайыптылықты) бұзуды мемлекеттік тіркеу үшін тағы бір айлық мерзім тағайындайды.
Егер ерлі-зайыптылардың бірі некені (ерлі-зайыптылықты) бұзу туралы өтінішті қайта бергеннен кейін некені (ерлі-зайыптылықты) бұзуды мемлекеттік тіркеу үшін тіркеуші органға, Қазақстан Республикасының шет елдегі мекемесіне келе алмаса, некені (ерлі-зайыптылықты) бұзу ол болмаған кезде, некені (ерлі-зайыптылықты) бұзуға оның нотариат куәландырған келісімі болғанда жүргізілуі мүмкін.
241-бап. Некені (ерлі-зайыптылықты) бұзуды мемлекеттік тіркеу туралы өтініш
2019.25.11. № 272-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2022.14.07. № 141-VІІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 1-тармақ өзгертілді
1. Кәмелетке толмаған ортақ балалары жоқ ерлі-зайыптылардың өзара келісімі бойынша некені (ерлі-зайыптылықты) бұзу, жұбайын хабар-ошарсыз кеткен деп тану туралы заңды күшіне енген сот шешімінің; жұбайын әрекетке қабілетсіз деп тану туралы заңды күшіне енген сот шешімінің; жұбайының қылмыс жасағаны үшін кемінде үш жыл мерзімге бас бостандығынан айыруға сотталғандығы туралы сот үкімінің негізінде некені (ерлі-зайыптылықты) бұзуды мемлекеттік тіркеу туралы өтініштердің нысанын Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі бекітеді.
Осы Кодекстің 238-бабының 4-тармағында көзделген некені (ерлі-зайыптылықты) бұзуды мемлекеттік тіркеу үшін негіздер, сондай-ақ соттың некені (ерлі-зайыптылықты) бұзу туралы заңды күшіне енген шешімі азаматтық хал актілерінің ақпараттық жүйесіне электрондық түрде келіп түседі.
2022.14.07. № 141-VІІ ҚР Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
2. Осы Кодекстің 238-бабының 2 және 4-тармақтарында көзделген негіздер бойынша некені (ерлі-зайыптылықты) бұзу туралы өтінішке неке қию (ерлі-зайыпты болу) туралы куәлік, егер ол қағаз жеткізгіште берілген болса, қоса берілуге тиіс.
Егер неке қию (ерлі-зайыпты болу) туралы акт жазбасы тіркеуші органда сақталмаса, неке (ерлі-зайыптылық) туралы акт жазбасын қалпына келтіру талап етіледі.
2019.25.11. № 272-VІ ҚР Заңымен 3-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
3. Әрекетке қабілетсіз жұбайдың қорғаншысы басқа адамдардың некені (ерлі-зайыптылықты) бұзуды мемлекеттік тіркеу туралы мәлімдеме жасауына нотариатта куәландырылған сенімхат негізінде уәкілеттік бере алады.
2019.25.11. № 272-VІ ҚР Заңымен 4-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
4. Ерлі-зайыптылардың бірлескен өтініші негізінде некені (ерлі-зайыптылықты) бұзуды мемлекеттік тіркеуді қоспағанда, егер ерлі-зайыптылардың біреуі некені (ерлі-зайыптылықты) бұзуды мемлекеттік тіркеу үшін тіркеуші органға келе алмаған жағдайда, Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне сәйкес оларға, оның мүдделерін білдіру үшін сенімхат беріледі.
2019.25.11. № 272-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2022.14.07. № 141-VІІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 242-бап өзгертілді
242-бап. Хабар-ошарсыз кеткен деп танылған, әрекетке қабілетсіз немесе ұзақ мерзімге бас бостандығынан айыруға сотталған адаммен некені (ерлі-зайыптылықты) бұзуды мемлекеттік тіркеу
Хабар-ошарсыз кеткен деп танылған, әрекетке қабілетсіз немесе қылмыс жасағаны үшін кемінде үш жыл мерзімге бас бостандығынан айыруға сотталған адаммен некені (ерлі-зайыптылықты) бұзуды мемлекеттік тіркеген жағдайда, тіркеуші орган, Қазақстан Республикасының шет елдегі мекемесі өтініш түскен күннен бастап бір апта мерзімде ол туралы қамауда жатқан жұбайға не әрекетке қабілетсіз жұбайдың қорғаншысына немесе хабар-ошарсыз кеткен деп танылған жұбайдың мүлкіне қорғаншыға хабарламаны алған күннен бастап қырық бес күн мерзім белгілей отырып хабарлауға міндетті, осы мерзім ішінде олар некені (ерлі-зайыптылықты) бұзу туралы өтініш бойынша өздерінің арасында дау бар екені туралы жазбаша хабарлауға құқылы.
Белгіленген мерзімдерде жауаптың болмауы, некені (ерлі-зайыптылықты) бұзудан бас тарту некені (ерлі-зайыптылықты) бұзу үшін кедергілер болып табылмайды.
2019.25.11. № 272-VІ ҚР Заңымен 243-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)
243-бап. Ерлі-зайыптылардың некені (ерлі-зайыптылықты) бұзғаннан кейін тектерін сақтауы немесе өзгертуі
Некеге отыру (ерлі-зайыптылыққа тұру) кезінде өз тегін басқа текке өзгерткен жұбай, некені (ерлі-зайыптылықты) бұзуды мемлекеттік тіркеу кезінде ортақ тегін сақтау немесе осы тегін некеге дейінгі тегіне өзгерту туралы некені (ерлі-зайыптылықты) бұзу туралы өтініште көрсетуге тиіс.
Соттың некені (ерлі-зайыптылықты) бұзу туралы шешімі негізінде тегін өзгерткен кезде азамат жеке басын куәландыратын құжаттарды бір айлық мерзімде ауыстыруға міндетті.
Тегі өзгертілген жеке басын куәландыратын құжаттарды уәкілетті мемлекеттік орган соттың некені (ерлі-зайыптылықты) бұзу туралы шешімі негізінде береді.
244-бап. Шетелдіктермен немесе азаматтығы жоқ адамдармен некені (ерлі-зайыптылықты) бұзуды мемлекеттік тіркеу
1. Қазақстан Республикасының азаматтары мен шетелдіктер немесе азаматтығы жоқ адамдар арасындағы некені (ерлі-зайыптылықты), сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағында шетелдіктер арасындағы некені (ерлі-зайыптылықты) бұзу Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүргізіледі.
2. Қазақстан Республикасының аумағынан тыс жерлерде тұратын Қазақстан Республикасының азаматы Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде тұратын жұбайымен (зайыбымен) некені (ерлі-зайыптылықты) оның азаматтығына қарамастан Қазақстан Республикасының сотында бұзуға құқылы. Егер Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес некені (ерлі-зайыптылықты) тіркеуші органда бұзуға жол берілген жағдайда, неке (ерлі-зайыптылық) Қазақстан Республикасының шетелдегi мекемелерiнде бұзылуы мүмкін.
3. Қазақстан Республикасының азаматтары мен шетелдіктер немесе азаматтығы жоқ адамдар арасында Қазақстан Республикасының аумағынан тыс жерлерде тиісті шет мемлекеттің заңнамасын сақтай отырып, жасалған некені (ерлі-зайыптылықты) бұзу Қазақстан Республикасында жарамды деп танылады.
4. Шетелдіктер арасында Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде тиісті шет мемлекеттің заңнамасын сақтай отырып, жасалған некені (ерлі-зайыптылықты) бұзу Қазақстан Республикасында жарамды деп танылады.
245-бап. Некені (ерлі-зайыптылықты) бұзу туралы акт жазбасының мазмұны
Некені (ерлі-зайыптылықты) бұзу туралы акт жазбасына мынадай мәліметтер:
1) бұрынғы ерлі-зайыптылардың әрқайсысының тегі (неке (ерлі-зайыптылық) бұзылғанға дейінгі және одан кейінгі, аты, әкесінің аты (егер бар болса), туған күні, айы, жылы мен туған жері, жасы, азаматтығы, егер жеке басын куәландыратын құжатта көрсетілсе, ұлты, тұрғылықты жері және заңды мекенжайы, білімі, табыс көзі немесе жұмыс орны, некенің (ерлі-зайыптылықтың) саны туралы мәліметтер;
2022.14.07. № 141-VІІ ҚР Заңымен 2) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
2) неке қию (ерлі-зайыпты болу) туралы акт жазбасының жасалған күні, нөмірі және неке қиюды (ерлі-зайыпты болуды) мемлекеттік тіркеу жүргізілген тіркеуші органның, Қазақстан Республикасының шет елдегі мекемесінің атауы;
3) некені (ерлі-зайыптылықты) бұзуға негіз болып табылатын құжат;
4) некенің (ерлі-зайыптылықтың) тоқтатылған күні;
5) некені (ерлі-зайыптылықты) бұзған адамдардың жеке басын куәландыратын құжаттардың деректемелері;
6) 2022.14.07. № 141-VІІ ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
7) өтініш беруші туралы мәліметтер;
8) некені (ерлі-зайыптылықты) бұзу туралы куәліктің сериясы мен нөмірі енгізіледі.
2022.14.07. № 141-VІІ ҚР Заңымен 246-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
246-бап. Некені (ерлі-зайыптылықты) бұзу туралы куәлік беру
Некені (ерлі-зайыптылықты) бұзу туралы акт жазбасының негізінде некені (ерлі-зайыптылықты) бұзу туралы куәлікті тіркеуші орган, Қазақстан Республикасының шет елдегі мекемесі ерлі-зайыптылардың әрқайсысына некені (ерлі-зайыптылықты) бұзу мемлекеттік тіркелген орын бойынша электрондық нысанда береді.
Қалауы бойынша ерлі-зайыптылардың әрқайсысына некені (ерлі-зайыптылықты) бұзу туралы куәлік қағаз жеткізгіште берілуі мүмкін.
247-бап. Некені (ерлі-зайыптылықты) бұзу туралы куәлік
Некені (ерлі-зайыптылықты) бұзу туралы куәлік мынадай мәліметтерді:
1) атын, әкесінің атын (егер бар болса), тегін (неке (ерлі-зайыптылық) бұзылғанға дейінгі және одан кейінгі, туған күні, айы, жылы мен туған жерін, азаматтығын, егер бұрынғы ерлі-зайыптылардың әрқайсысының жеке басын куәландыратын құжатта көрсетілген болса, ұлтын;
2) некені (ерлі-зайыптылықты) бұзуды мемлекеттік тіркеуге негіз болып табылатын құжат туралы мәліметтерді;