4) тармақшадағы «орындауы» деген сөз «атқаруы» деген сөзбен ауыстырылсын;
4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Қызметкерлердің тәртіптік жауаптылығы - қызметкерлер тәртіптік теріс қылықтар жасағаны үшін жауапты болатын заңдық жауаптылық түрі.»;
11-тармақ «бұйрық» деген сөзден кейін «немесе өкім» деген сөздермен толықтырылсын;
49) 63-бапта:
2-тармақта орыс тіліндегі мәтінге түзету енгізілді, қазақ тіліндегі мәтін өзгермейді;
3-тармақтың бірінші бөлігіндегі «міндеттерін үлгілі орындағаны» деген сөздер «қызметтік міндеттерін үлгілі атқарғаны» деген сөздермен ауыстырылсын;
9-тармақ алып тасталсын;
50) 64-бапта:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Қызметкердің тәртіптік теріс қылығы (бұдан әрі - теріс қылық) - қызметкердің өзіне жүктелген қызметтік міндеттерді құқыққа қайшы, кінәлілікпен атқармауы немесе тиісінше атқармауы және (немесе) қызметтік тәртіпті бұзуы, сол сияқты қызметте болуына байланысты Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген шектеулерді сақтамауы.»;
5-тармақта:
екінші бөлікте орыс тіліндегі мәтінге түзету енгізілді, қазақ тіліндегі мәтін өзгермейді;
мынадай мазмұндағы үшінші бөлікпен толықтырылсын:
«Бұл ретте қызметкерді лауазымнан шеттеткен уәкілетті басшылар оның шеттетілген лауазыммен байланысты емес лауазымдық міндеттерінің тізбесін бекітеді.»;
13-тармақтағы «орындамағаны немесе тиісінше орындамағаны үшін жаза қолданылған міндеттерді» деген сөздер «атқармағаны немесе тиісінше атқармағаны үшін жаза қолданылған қызметтік міндеттерді» деген сөздермен ауыстырылсын;
51) 65-бапта:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Қызметтік тергеп-тексеру - мән-жайларды толық, жан-жақты және объективті анықтау мақсатында теріс қылық, оқиға, сондай-ақ құқық бұзушылық белгілері бар жайт туралы материалдар мен мәліметтерді жинау, тексеру және зерттеу жөніндегі қызмет.»;
2-тармақ алып тасталсын;
3-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«1) баянаттар, жолданымдар мен хаттар;»;
4-тармақтың үшінші бөлігіндегі «Айрықша жағдайларда қызметтік» деген сөздер «Қызметтік» деген сөзбен ауыстырылсын;
5-тармақтың екінші бөлігі алып тасталсын;
6-тармақтың бірінші бөлігіндегі «Басшы» деген сөз «Уәкілетті басшы» деген сөздермен ауыстырылсын;
7-тармақтағы «тұлғаға» деген сөз «уәкілетті басшыға» деген сөздермен ауыстырылсын;
15-тармақтың бірінші бөлігінің 6) тармақшасындағы «команданы» деген сөз «өкімді» деген сөзбен ауыстырылсын;
16-тармақтың бірінші бөлігінің 7) тармақшасындағы «өзіне жүктелген міндеттерді орындауға» деген сөздер «қызметтік міндеттерін атқаруға» деген сөздермен ауыстырылсын;
23-тармақ алып тасталсын;
24-тармақтың үшінші сөйлемі алып тасталсын;
52) 66 және 67-баптар алып тасталсын;
53) 68-бапта:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Уәкілетті басшы қызметтік тергеп-тексеру нәтижелері туралы қорытындының негізінде жаза қолдану немесе қолданбау туралы тиісті шешім қабылдайды. Бұл ретте қызметтік тергеп-тексеру материалдары уәкілетті басшыға оның талап етуі бойынша ұсынылады.»;
6-тармақтағы «бастық» деген сөз «басшы» деген сөзбен ауыстырылсын;
54) 70-бапта:
2-тармақтағы «осы жазаны қолданған», «жазбаша» деген сөздер алып тасталсын;
3-тармақтың екінші бөлігіндегі «Осы жазаны қолданған уәкілетті басшы» деген сөздер «Уәкілетті басшы» деген сөздермен ауыстырылсын;
55) 71-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Қызметкер тәртіптік жауаптылыққа тарту туралы бұйрықпен келіспеген жағдайда, ол осы бұйрыққа арнаулы мемлекеттік органның жоғары тұрған бөлімшесіне немесе сотқа Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес, бірақ бұйрықпен немесе одан үзінді көшірмемен жазбаша танысқан күннен бастап бір айдан кешіктірмей, қағаз нысанда немесе электрондық құжат нысанында шағым жасауға құқылы.»;
56) 72-бапта:
2-тармақтың екінші бөлігінің 1) және 2) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:
«1) осы Заңның 33-бабы 4-тармағының 4), 8) және 9) тармақшаларында көзделген жағдайларда штаттық емес лауазымдарда қызмет өткеру кезеңдері үшін;
2) Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 158-бабы негізінде лауазымынан уақытша шеттетілген кезеңдер үшін;»;
3-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Қызметкер осы Заңның 33-бабы 4-тармағының 4) тармақшасында көзделген, уәкілетті басшының қарамағында болған жағдайда ол республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген айлық жалақының ең төмен мөлшерімен қамтамасыз етіледі.»;
5-тармақ «Қызметкерлердің» деген сөзден кейін «, оның ішінде халықаралық ұйымдарға іссапарға жіберілгендердің» деген сөздермен толықтырылсын;
57) 73-бапта:
5-тармақтың бірінші бөлігінің төртінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«қызмет бабында ауыстыру (әскери, арнаулы оқу орнынан немесе шет мемлекеттердің білім беру ұйымдарынан үлгермеушілігі үшін немесе өз бастамасы бойынша шығарып жіберілген магистранттарды, докторанттар мен адъюнкттерді қоспағанда);»;
6-тармақтың бірінші және үшінші бөліктері мынадай редакцияда жазылсын:
«6. Қызметкерлер бір елді мекеннен қашықтығы бір жүз километрден астам жердегі екіншісіне көшумен байланысты қызметін ауыстырған кезде (курсанттардан, тыңдаушылардан, сондай-ақ әскери, арнаулы оқу орындарынан немесе шет мемлекеттердің білім беру ұйымдарынан үлгермеушілігі үшін немесе өз бастамасы бойынша шығарып жіберілген магистранттардан, докторанттар мен адъюнкттерден басқа) арнаулы мемлекеттік органдардың бірінші басшылары айқындайтын тәртіппен қызметкердің өзіне екі айлық ақшалай қамтым мөлшерінде және отбасының әрбір мүшесіне жарты айлық ақшалай қамтым мөлшерінде көтерме жәрдемақы төленеді.»;
«Бұл ретте, егер ерлі-зайыптылардың екеуі де қызметкер болса немесе олардың біреуі әскери қызметші не құқық қорғау органдарының, азаматтық қорғау органдарының қызметкері болса, онда отбасының әрбір мүшесіне жарты айлық ақшалай қамтым мөлшеріндегі отбасы мүшелеріне арналған көтерме жәрдемақы арнаулы мемлекеттік органның бірінші басшысы айқындайтын тәртіппен олардың біреуіне ғана төленеді.»;
7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«7. Осы Заңның 49-бабы 1-тармағының 6), 12-1) және 13) тармақшаларында көзделген жағдайлардан басқа, қызметкерлердің (курсанттардан, тыңдаушылардан, сондай-ақ әскери, арнаулы оқу орындарынан немесе шет мемлекеттердің білім беру ұйымдарынан үлгермеушілігі үшін немесе өз бастамасы бойынша шығарып жіберілген магистранттардан, докторанттар мен адъюнкттерден басқа) қызмет бабында ауыстырылған немесе қызметтен шығарылған кезде Қазақстан Республикасының шегінде өзінің мүлкін тасымалдау шығындарын Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тәртіппен автомобиль жолының әрбір жиырма километріне бір айлық есептік көрсеткіш есепке алынып өтетуге құқығы бар.
Бұл ретте, егер ерлі-зайыптылардың екеуі де қызметкер болса немесе олардың біреуі әскери қызметші не құқық қорғау органдарының, азаматтық қорғау органдарының қызметкері болса, онда қызмет бабында ауыстырылған немесе қызметтен шығарылған кезде Қазақстан Республикасының шегінде өзінің мүлкін тасымалдау шығындарын өтеу автомобиль жолының әрбір жиырма километріне бір айлық есептік көрсеткіш есепке алынып, олардың таңдауы бойынша біреуіне ғана жүргізіледі.»;
58) 75-баптың 5-тармағындағы «қызмет міндеттерін (қызметтік міндеттерін)» деген сөздер «қызметтік міндеттерін» деген сөздермен ауыстырылсын;
59) 76-бапта:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Арнаулы мемлекеттік органдарда қатардағы құрам мен сержанттар құрамы лауазымдарында қызмет өткеріп жүрген, Қазақстан Республикасының жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымына қабылдау туралы бұйрық шыққан күнге күнтізбемен есептеу бойынша кемінде сегіз жыл қызмет еткен қызметкерлердің аталған ұйымда ақылы негізде бакалавриат білім беру бағдарламалары бойынша оқуға жұмсалатын шығындарды оқу құнының елу пайызы мөлшерінде бюджет қаражаты есебінен өтетуге құқығы бар. Аталған жеңілдік осы оқу орнын бітіргені туралы дипломды ұсынған кезде бір рет қолданылады.»;
3, 4 және 5-тармақтар алып тасталсын;
60) 77-бапта:
1-тармақта:
«арнаулы мемлекеттік органдардың бірінші басшылары» деген сөздер «Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Төрағасы» деген сөздермен ауыстырылсын;
«мемлекет» деген сөз «бюджет қаражаты» деген сөздермен ауыстырылсын;
2 және 3-тармақтардағы «арнаулы мемлекеттік органдардың бірінші басшылары» деген сөздер «Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Төрағасы» деген сөздермен ауыстырылсын;
4-тармақта:
бірінші бөлікте:
бірінші абзацтағы «арнаулы мемлекеттік органдардың бірінші басшылары» деген сөздер «Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Төрағасы» деген сөздермен ауыстырылсын;
2) тармақшадағы «6), 12-1) және» деген сөздер «6) және» деген сөздермен ауыстырылсын;
екінші бөліктегі «мемлекет» деген сөз «бюджет қаражаты» деген сөздермен ауыстырылсын;
үшінші бөлік «оқу орындары» деген сөздерден кейін «немесе шет мемлекеттердің білім беру ұйымдары» деген сөздермен толықтырылсын;
5-тармақтағы «арнаулы мемлекеттік органдардың бірінші басшылары бекіткен нормалар бойынша азық-түлік сыбағасының» деген сөздер «Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Төрағасы бекіткен нормалар бойынша азық-түлік үлесінің» деген сөздермен ауыстырылсын;
8-тармақтың бірінші абзацындағы «орындау кезінде мүгедектікке душар етпеген» деген сөздер «атқару кезінде мүгедектікке алып келмеген» деген сөздермен ауыстырылсын;
11-тармақтағы «Қызмет» деген сөз «Қызметтік» деген сөзбен ауыстырылсын;
12-тармақта:
бірінші бөліктегі «қызмет» деген сөз «қызметтік» деген сөзбен ауыстырылсын;
үшінші бөліктегі «Қызметтегі» деген сөз «Қызметтік» деген сөзбен ауыстырылсын;
61) 78-бапта:
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Қызметкерлердің отбасы мүшелерінің осы баптың 1-тармағында көзделген құқықтары арнаулы мемлекеттік органдардағы қызметтен шығарылған және әскери-медициналық (медициналық) бөлімшелерде бюджет қаражаты есебінен медициналық қамтамасыз етуге құқығы бар Қазақстан Республикасы азаматтарының отбасы мүшелеріне қолданылады.»;
4-тармақта:
бірінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Қызметкерлердің (курсанттардан, тыңдаушылардан, сондай-ақ әскери, арнаулы оқу орындарынан немесе шет мемлекеттердің білім беру ұйымдарынан үлгермеушілігі үшін немесе өз бастамасы бойынша шығарып жіберілген магистранттардан, докторанттар мен адъюнкттерден басқа) онымен үнемі бірге тұратын отбасы мүшелеріне, осы Заңның 49-бабы 1-тармағының 6), 12-1) және 13) тармақшаларында көзделген жағдайлардан басқа, қызметкер ауыстырылған кезде, сондай-ақ ол қызметтен шығарылған кезде бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органмен келісу бойынша арнаулы мемлекеттік органдардың бірінші басшылары белгілейтін нормалар бойынша Қазақстан Республикасының аумағында көлікпен жүрген шығындары өтеледі.»;
екінші бөліктегі «Қызметкердің орнын ауыстырған кезде, сондай-ақ қызметкерді қызметтен босатқан кезде», «аумағы бойынша» деген сөздер тиісінше «Қызметкер ауыстырылған кезде, сондай-ақ ол қызметтен шығарылған кезде», «аумағында» деген сөздермен ауыстырылсын;
7 және 8-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«7. Қызмет өткеру кезінде қаза тапқан немесе мүгедектік алған, қызмет өткеріп жүрген уақытында хабарсыз кеткен қызметкерлердің балалары әскери колледждерге, әскерге шақыруға дейінгі тереңдетілген даярлықтан өткізетін мамандандырылған білім беру ұйымдарына конкурстан тыс қабылдану құқығын пайдаланады, ал оқуға түсушілер үшін белгіленген талаптар бойынша баллдың шекті деңгейін жинаған балалар Қазақстан Республикасының әскери, арнаулы оқу орындарына конкурстан тыс қабылданады.
8. Қызметкерлердің, оның ішінде қызмет өткеріп жүрген уақытында қаза тапқан, қайтыс болған немесе хабарсыз кеткен қызметкерлердің балаларына жергілікті атқарушы органдар тұрғылықты жері бойынша мектепке дейінгі балалар ұйымдарынан кезектен тыс орын береді, оған ақы төлеу мемлекеттік мектепке дейінгі ұйымдар үшін белгіленген мөлшерде алынады.»;
10-тармақтағы «ұлттық қауіпсіздік органдарының, сыртқы барлау саласындағы уәкілетті органның және Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметінің» деген сөздер «арнаулы мемлекеттік органдардың» деген сөздермен ауыстырылсын;
11-тармақта:
бірінші бөліктегі «қызмет» деген сөз «қызметтік» деген сөзбен ауыстырылсын;
үшінші бөліктегі «Қызметтегі» деген сөз «Қызметтік» деген сөзбен ауыстырылсын;
62) 79-бапта:
4-тармақтың бірінші бөлігі 4) тармақшасындағы «еңбек сіңірген жылдары бар қызметкерлерде сақталады.» деген сөздер «еңбек сіңірген жылдары бар;» деген сөздермен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 5) тармақшамен толықтырылсын:
«5) өз қалауы бойынша шығарылған және күнтізбелік жиырма бес және одан көп жыл еңбек сіңірген қызметкерлерде сақталады.»;
5-тармақтағы «әскери іс-қимылдардың» деген сөздер «жауынгерлік іс-қимылдарға» деген сөздермен ауыстырылсын;
63) 80-баптың 3-тармағындағы «әкеп соқпайтындай» деген сөздер «алып келмейтіндей» деген сөздермен ауыстырылсын;
64) 81-баптың 1-тармағының бірінші бөлігі «қаражаты есебінен» деген сөздерден кейін «біржолғы өтемақы түрінде» деген сөздермен толықтырылсын.
13. «Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы» 2012 жылғы 16 ақпандағы Қазақстан Республикасының Заңына:
1) 1-баптың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«1) адъюнкт - жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын шетелдік әскери оқу орнында білім алып жатқан әскери қызметші;»;
2) 4-баптың үшінші бөлігіндегі «адамдарға», «хабар-ошарсыз», «орындау» деген сөздер тиісінше «Қазақстан Республикасының азаматтарына (теріс себептермен, аттестаттау қорытындысы бойынша анықталған қызметіне сәйкес келмеуі бойынша шығарылғандарды қоспағанда)», «хабарсыз», «атқару» деген сөздермен ауыстырылсын;
3) 5-баптың 3-тармағы бірінші бөлігінің 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«2) жауынгерлік іс-қимылдарға қатысқан, дағдарыстық ахуалдар туындаған, әлеуметтік сипаттағы төтенше ахуал, төтенше жағдай режимдері енгізілген кезде, жұмылдыру, соғыс жағдайы кезеңінде немесе соғыс уақытында міндеттерін орындаған;»;
4) 7-баптың 1-тармағының 13) тармақшасындағы және 15) тармақшасының төртінші абзацындағы «жазбаша нысанда» деген сөздер «қағаз нысанда немесе электрондық құжат нысанында» деген сөздермен ауыстырылсын;
5) 21-баптың 5-тармағының 3) тармақшасындағы «шығарылуына», «қолданылуына байланысты» деген сөздер тиісінше «шығарылған», «қолданылған күннен бастап» деген сөздермен ауыстырылсын;
6) 23-баптың 1-тармағының төртінші бөлігіндегі «бес» деген сөз алып тасталсын;
7) 26-баптың 1-тармағының 6) тармақшасында:
«немесе мемлекеттік мекемелерге» деген сөздер алып тасталсын;
«ауысуына» деген сөз «кіруіне» деген сөзбен ауыстырылсын;
8) 37-бап мынадай мазмұндағы 4-1-тармақпен толықтырылсын:
«4-1. Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік органының қызметкері Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік органының әскери лауазымына және керісінше ауыстырылған жағдайда онымен алдыңғы келісімшарттың қалған мерзіміне тең мерзімге әскери қызмет өткеру туралы жаңа келісімшарт жасалады.»;
9) 44-баптың 8-тармағында:
үшінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
«Курсанттарды, кадеттерді, мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметшілерді және резервтегі әскери адамдарды қоспағанда, әскери қызметшілерге басқа жергілікті жерге жаңа қызмет орнына ауысқан кезде Қазақстан Республикасының шегінде өзінің мүлкін тасымалдау үшін өтемақы автомобиль жолының әрбір жиырма километріне бір айлық есептік көрсеткіш есепке алынып, уәкілетті органның басшысы айқындайтын тәртіппен бюджет қаражаты есебінен төленеді.»;
мынадай мазмұндағы төртінші бөлікпен толықтырылсын:
«Бұл ретте, егер ерлі-зайыптылардың екеуі де әскери қызметші болса немесе олардың біреуі Қазақстан Республикасы арнаулы мемлекеттік органдарының не құқық қорғау органдарының, азаматтық қорғау органдарының қызметкері болса, онда Қазақстан Республикасының шегінде өзінің мүлкін тасымалдау үшін өтемақы алуға олардың таңдауы бойынша біреуінің ғана құқығы бар.»;
10) 46-баптың 2-тармағының үшінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Жыл сайынғы негізгі және қосымша демалыстардың жалпы ұзақтығы, Қазақстан Республикасының шегінде демалысты өткізу орнына дейін жол жүру және кері қайту үшін қажетті уақытты есептемегенде, демалыс берілетін жылы (алдыңғы жылдағы жыл сайынғы демалыс күндері есепке алынбай) алпыс тәуліктен аспауға тиіс. Демалыс орнына дейін жол жүру және кері қайту үшін қажетті уақытты беру тәртібі Әскери қызмет өткеру қағидаларында белгіленеді.»;
11) 47-бапта:
бірінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
«Қатардағы құрам мен сержанттар құрамының әскери лауазымдарында келісімшарт бойынша әскери қызмет өткеріп жүрген, күнтізбелік есептеумен кемінде сегіз жыл қызмет еткен әскери қызметшілердің Қазақстан Республикасының жоғары білім беру ұйымдарында бакалавриат білім беру бағдарламалары бойынша ақылы негізде оқуға жұмсалатын шығындарын бюджет қаражаты есебінен оқу құнының елу пайызы мөлшерінде өтетуге құқығы болады. Осы құқықты әскери қызметші оқу орнын бітіргені туралы дипломды ұсынған кезде бір рет пайдалана алады.»;
үшінші, төртінші және бесінші бөліктер алып тасталсын.
14. «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы туралы» 2013 жылғы 16 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына:
76-баптың 4-тармағының 4) тармақшасындағы «Қазақстан Республикасының Үкіметі» деген сөздер «денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган» деген сөздермен ауыстырылсын.
2-бап. Осы Заң алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Президенті
Қ. ТОҚАЕВ
Астана, Ақорда, 2026 жылғы 10 маусым
№ 301-VIII ҚРЗ