Осы тармақтың төртінші бөлігінде көрсетілген жағдайлардағы ауызша бұйрық немесе өкім міндетті түрде кейіннен жазбаша ресімделуге тиіс. Ресімдеу мүмкіндігінше қысқа мерзімде, бірақ оны ресімдеуге кедергі келтіретін мән-жайлар жойылған кезден бастап жиырма төрт сағаттан кешіктірілмей жүзеге асырылады.»;
6-тармақта:
бірінші бөлік «әрекеттерге (әрекетсіздікке)» деген сөздерден кейін «, бұйрықтарға немесе өкімдерге» деген сөздермен толықтырылсын;
екінші бөліктегі «және (немесе) нұсқауларды» деген сөздер «, бұйрықтарды немесе өкімдерді» деген сөздермен ауыстырылсын;
14) 16-бапта:
тақырыптағы «Міндеттерді» деген сөз «Қызметтік міндеттерді» деген сөздермен ауыстырылсын;
бірінші абзацтағы «1.» деген цифр алып тасталсын;
2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«2) жауынгерлік іс-қимылдарға қатысқан, дағдарыстық ахуалдар туындаған, әлеуметтік сипаттағы төтенше ахуал, төтенше жағдай режимдері енгізілген кезде, жұмылдыру, соғыс жағдайы кезеңінде немесе соғыс уақытында міндеттер атқарған;»;
15) 17-баптың 1-тармағының 7) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«7) осы Заңда және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерінде белгіленген тәртіппен кәсіптік даярлаудан, қайта даярлаудан өтуіне және біліктілігін арттыруына;»;
16) 18-баптың 1-тармағында:
6) тармақша алып тасталсын;
7) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«7) басшылардың өз өкілеттіктері шегінде берген заңды бұйрықтарын немесе өкімдерін орындауға;»;
11) тармақшадағы «жазбаша нысанда» деген сөздер «қағаз нысанда немесе электрондық құжат нысанында» деген сөздермен ауыстырылсын;
14) тармақшаның төртінші абзацындағы «жазбаша нысанда» деген сөздер «қағаз нысанда немесе электрондық құжат нысанында» деген сөздермен ауыстырылсын;
17) 19-баптың 1-тармағы бірінші бөлігінің 6) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«6) ереуілдерді, пикеттерді және өзге де наразылық акцияларын қоса алғанда, мемлекеттік органдардың қалыпты жұмыс істеуіне және қызметтік міндеттерін атқаруына кедергі келтіретін әрекеттерге қатысуға;»;
18) 21-бапта:
1-тармақта:
«орындамағаны» деген сөз «атқармағаны» деген сөзбен ауыстырылсын;
орыс тіліндегі мәтінге түзету енгізілді, қазақ тіліндегі мәтін өзгермейді;
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Көрінеу құқыққа қайшы бұйрықты немесе өкімді орындау қызметкерді жауаптылықтан босатпайды.
Орындау үшін алынған бұйрықтың немесе өкімнің құқыққа сыйымдылығына күмәнданған кезде қызметкер бұл жөнінде өзінің тікелей басшысына және бұйрықты немесе өкімді берген басшыға қағаз нысанда немесе электрондық құжат нысанында дереу хабарлауға тиіс. Лауазымы бойынша жоғары тұрған басшы берілген бұйрықты немесе өкімді жазбаша растаған жағдайда қызметкер, егер оны орындау әкімшілік немесе қылмыстық құқық бұзушылықтарға жататын әрекеттерге (әрекетсіздікке) алып келмесе, оны орындауға міндетті. Қызметкердің заңсыз бұйрықты немесе өкімді орындауының салдары үшін осындай бұйрықты немесе өкімді берген басшы және осы бұйрықты немесе өкімді растаған басшы жауапты болады.»;
19) 22-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«22-бап. Қызметкердің қызметтік куәлігі және жетоны
Қызметкерге оның жеке басын және арнаулы мемлекеттік органға тиесілігін растайтын қызметтік куәлік пен жеке нөмірі бар жетон беріледі.
Қызметкердің қызметтік куәлігі - оның лауазымы мен арнаулы атағын, қаруды, арнаулы құралдарды алып жүру және сақтау құқығын, қызметкерге Қазақстан Республикасының заңдарында сәйкес берілген өзге де өкілеттіктерді растайтын құжат.
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметінің қызметкеріне жеке нөмірі бар жетоннан басқа, күзетілетін адамдар мен күзетілетін объектілердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету, сондай-ақ күзет іс-шараларын өткізу жөніндегі өкілеттігін растайтын қызметкер жетоны беріледі.
Қызметкерлердің қызметтік куәліктерін, жетондарын беру, пайдалану, қайтару, сақтау, есепке алу және жою тәртібін, сондай-ақ олардың сипаттамалары мен үлгілерін арнаулы мемлекеттік органның бірінші басшысы айқындайды.»;
20) 23-баптың 3-тармағында:
«адамдардың» деген сөз «Қазақстан Республикасы азаматтарының» деген сөздермен ауыстырылсын;
«жиырма» деген сөз «күнтізбелік есептеумен жиырма» деген сөздермен ауыстырылсын;
21) 24-бапта:
2-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Қызметкерлер мен әскери қызметшілер арнаулы мемлекеттік органдарда штаттық немесе штаттық емес лауазымдарда, оның ішінде қолданыстағы резервте қызмет өткереді.»;
мынадай мазмұндағы 3-тармақпен толықтырылсын:
«3. Қызметкерлер мен әскери қызметшілер арнаулы мемлекеттік органдардың жедел немесе оларға теңестірілген бөлімшелерінде қызмет өткереді.
Бөлімшелерді жедел және оларға теңестірілген бөлімшелерге жатқызуды арнаулы мемлекеттік органдардың бірінші басшылары белгілейді.»;
22) 26-баптың 2-тармағының 1) және 2) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:
«1) Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздік органдарына - «ұлттық қауіпсіздік»;
2) Қазақстан Республикасының Мемлекеттік күзет қызметіне - «Мемлекеттік күзет қызметі»;»;
23) 27-бапта:
2-тармақтың 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«3) өзге де арнаулы атақтарды - уәкілетті басшылар береді.»;
4-тармақта:
2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«2) офицерлер құрамының арнаулы атағы жоқ және жоғары білімі бар қызметкерге - офицерлер құрамы лауазымына тағайындалған кезде;»;
мынадай мазмұндағы 3) тармақшамен толықтырылсын:
«3) әскери, арнаулы атағы немесе офицерлер құрамының сыныптық шені жоқ, жоғары білімі бар, арнаулы мемлекеттік органға қызметке кірген Қазақстан Республикасының азаматына офицерлер құрамы лауазымына тағайындалған кезде беріледі.»;
9-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«9. Запастан қабылданған не Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінен, басқа әскерлерден және әскери құралымдардан ауысу тәртібімен қабылданған Қазақстан Республикасының азаматына қайта аттестаттау тәртібімен өзінде бар әскери атақтан төмен емес арнаулы атақ беріледі.
Бұрын арнаулы мемлекеттік органдарда немесе құқық қорғау органдарында, азаматтық қорғау органдарында, мемлекеттік фельдъегерлік қызметте қызмет өткерген, запастан қабылданған не басқа арнаулы мемлекеттік органдардан немесе құқық қорғау органдарынан, азаматтық қорғау органдарынан, мемлекеттік фельдъегерлік қызметтен ауысу тәртібімен қабылданған және арнаулы атағы немесе сыныптық шені бар Қазақстан Республикасының азаматтарына қайта аттестаттау тәртібімен арнаулы атақ беріледі.
Қайта аттестаттауды өткізу және арнаулы атақ беру тәртібін арнаулы мемлекеттік органның бірінші басшысы айқындайды.
Арнаулы мемлекеттік органға тағайындалған Қазақстан Республикасы азаматының өзінде бар жоғары басшы немесе жоғары офицерлер құрамының арнаулы, әскери атағы немесе сыныптық шені осы Заңның 26-бабы 1-тармағы 5) тармақшасының және 2-тармағының ережелері ескеріле отырып, ол қызмет өткеретін органға тиесілігін көрсететін тең дәрежелі арнаулы атаққа сәйкес келеді деп танылады.
Бұрынғы арнаулы, әскери атақта немесе сыныптық шенде сіңірген еңбегі кезекті арнаулы атақ беру үшін еңбек сіңіру мерзіміне есепке жазылады.
Бір арнаулы мемлекеттік органның ішінде қызмет бабында ауыстырылған қызметкерлер мен әскери қызметшілер қайта аттестаттауға жатпайды. Өздерінде бар арнаулы немесе әскери атағы ол қызмет өткеретін органға (бөлімшеге) тиесілігін көрсететін тең дәрежелі арнаулы немесе әскери атаққа сәйкес келеді деп танылады.»;
15-тармақ «берілетін» деген сөзден кейін «арнаулы» деген сөзбен толықтырылсын;
16-тармақтың бірінші бөлігіндегі «қызмет міндеттерін» деген сөздер «қызметтік міндеттерін» деген сөздермен ауыстырылсын;
17-тармақтың бірінші бөлігінде:
«міндеттерін орындаумен» деген сөздер «қызметтік міндеттерін атқарумен» деген сөздермен ауыстырылсын;
«құрамның офицерлеріне» деген сөздер «құрам офицерлеріне және емдеу қызметін жүзеге асыратын медициналық мамандықтар офицерлеріне» деген сөздермен ауыстырылсын;
24) 27-1-баптың бірінші бөлігінің екінші абзацындағы «атағында», «құрамның» деген сөздер тиісінше «арнаулы атағында», «құрам» деген сөздермен ауыстырылсын;
25) 28-бапта:
1-тармақтың 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«3) өзге де арнаулы атақтар - уәкілетті басшылармен төмендетілуі мүмкін.»;
3-тармақтың екінші бөлігінің 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«3) өзге де арнаулы атақтарға қатысты - уәкілетті басшылар жүзеге асырады.»;
26) 30-бапта:
2-тармақ алып тасталсын;
4-тармақтағы «олар осы лауазымдарға тағайындалар алдында тиісті қайта даярлықтан өтуге тиіс» деген сөздер «тағайындалуы жоспарланып отырған немесе тағайындалған қызметкерлер өзге қызмет бейіні лауазымына тағайындалғаннан кейін бір жыл ішінде тиісті қайта даярлау курсынан өтуге тиіс» деген сөздермен ауыстырылсын;
5-тармақта:
бірінші бөлікте «офицерлік құрамның атағы бар,» деген сөздер алып тасталып, «қызметкер» деген сөз «офицерлер құрамы қызметкері» деген сөздермен ауыстырылсын;
екінші бөліктегі «Офицерлік құрамның атағы жоқ, жоғары», «қызметкер» деген сөздер тиісінше «Жоғары», «қатардағы қызметкер немесе сержанттар құрамы қызметкері» деген сөздермен ауыстырылсын;
төртінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
«Әскери, арнаулы оқу орнына қабылданған кезде магистранттың, докторанттың, адъюнкттің, тыңдаушының және курсанттың бұрын өзіне берілген арнаулы, әскери атағы немесе сыныптық шені сақталады.»;
7-тармақтың төртінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Көрсетілген лауазымдарға тағайындау мүмкін болмаған кезде мұндай қызметкерлер даярлық бейіні бойынша ұқсас өзге лауазымдарға тағайындалады немесе лауазымға одан әрі тағайындау үшін тиісті басшының қарамағына жіберіледі.»;
8-тармақта:
1) тармақшаның бірінші бөлігіндегі «офицерлік құрам атқаруға жататын лауазымдарға» деген сөздер «офицерлер құрамы лауазымдарына» деген сөзбен ауыстырылсын;
2) тармақшадағы «бастықтардың» деген сөз «басшылардың» деген сөзбен ауыстырылсын;
3) тармақшадағы «қызметке» деген сөз «егер ауыстырылатын лауазым бойынша денсаулық жағдайына неғұрлым жоғары талаптар көзделсе, қызметке» деген сөздермен ауыстырылсын;
8-1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«8-1. Емдеу қызметін жүзеге асыратын медициналық мамандықтар қызметкерлерінің, профессор-оқытушылар құрамының немесе ғылыми қызметкерлердің штаттық лауазымдарына тиісті құрамның қызметкерлерін тағайындау мүмкін болмаған кезде оларға тиісті бейіндегі жұмыскерлер арнаулы мемлекеттік органның бірінші басшысы айқындайтын тәртіппен, оның ішінде уақытша тағайындалуы мүмкін. Бұл ретте жұмыскердің лауазымдық айлықақысы емдеу қызметін жүзеге асыратын медициналық мамандықтар қызметкерлерінің, профессор-оқытушылар құрамының немесе ғылыми қызметкерлердің атқаратын штаттық лауазымы бойынша белгіленеді.
Емдеу қызметін жүзеге асыратын медициналық мамандықтар қызметкерлерінің, профессор-оқытушылар құрамының немесе ғылыми қызметкерлердің штаттық лауазымдарына уақытша тағайындалған жұмыскерлер осы лауазымдарға қызметкерлер тағайындалған кезде басқа штаттық лауазымдарға тағайындалады, ал көрсетілген лауазымдарға оларды тағайындау мүмкін болмаған жағдайда белгіленген тәртіппен қызметтен шығарылады.»;
11-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Жоғары тұрған лауазымға аттестаттау комиссиясы ұсынған қызметкер тағайындалады.»;
15-тармақтың 1) тармақшасының алтыншы абзацындағы «бастықтың» деген сөз «уәкілетті басшының» деген сөздермен ауыстырылсын;
16-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«16. Қызметкерді ауыстыру, лауазымнан босату, уәкілетті басшының қарамағына жіберу, қызметтен шығару кезінде, оған арнаулы атақ беру, оны төмендету, одан айыру, оны қалпына келтіру кезінде, сондай-ақ жаңа келісімшарт жасасқан кезде арнаулы мемлекеттік органның бірінші басшысы айқындайтын тәртіппен ұсыну ресімделеді.»;
27) 31-бапта:
1-тармақтың екінші бөлігінің 3), 5) және 7) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:
«3) осы Заңның 33-бабы 4-тармағының 1), 2), 5), 6), 7), 8) және 9) тармақшаларында көрсетілген негіздер бойынша уәкілетті басшының қарамағына жіберілген;»;
«5) бір арнаулы мемлекеттік органнан екіншісіне не Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінен, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардан, құқық қорғау органдарынан арнаулы мемлекеттік органға және керісінше ауыстырылған;»;
«7) магистранттар, докторанттар мен адъюнкттер әскери, арнаулы оқу орнынан не шет мемлекеттің білім беру ұйымынан үлгермеушілігі үшін немесе өз бастамасы бойынша шығарып жіберілген жағдайларда жүргізіледі.»;
4-тармақ мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
«Бір арнаулы мемлекеттік органнан екіншісіне не Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінен, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардан, құқық қорғау органдарынан арнаулы мемлекеттік органға және керісінше ауыстыру осы Заңның 7 және 8-баптарының талаптарына сай болған кезде олардың бірінші басшыларымен келісу бойынша жүргізіледі.»;
28) 32-бапта:
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Қызметкерге бос (тағайындалмаған) лауазым бойынша міндеттерді уақытша атқаруды жүктеуді және оны атқарып отырған лауазымы бойынша міндеттерді атқарудан босатуды уәкілетті басшы жүзеге асырады.
Бұл ретте Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік органының қызметкеріне жоғары офицерлер құрамы алмастыруға тиісті бос (тағайындалмаған) лауазым бойынша міндеттерді уақытша атқаруды жүктеу Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Төрағасы айқындаған тәртіппен жүзеге асырылады.»;
3-тармақтағы «бастығы» деген сөз «басшысы» деген сөзбен ауыстырылсын;
29) 33-бапта:
тақырып, 1 және 3-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«33-бап. Уәкілетті басшының қарамағына жіберу
1. Қызметті одан әрі өткеру мәселелерін шешу үшін қызметкерлер уәкілетті басшының қарамағына жіберілуі мүмкін.»;
«3. Қарамағында қызметкерлер бар уәкілетті басшылар олардың лауазымдық міндеттерінің тізбесін бекітеді.»;
4-тармақта:
3) тармақша алып тасталсын;
4) тармақшадағы «шығарылуына», «қолдануға байланысты» деген сөздер тиісінше «шығарылған», «қолданылған күннен бастап» деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
«Осы тармақтың бірінші бөлігінің 1) және 2) тармақшаларында көзделген белгіленген мерзімдерден астам қарамағында жүрген қызметкерлерге қатысты ұйымдастырушылық-басқарушылық шаралар қабылдамаған уәкілетті басшылар осы Заңға сәйкес жауапты болады.»;
30) 36-бапта:
4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Іссапарға жіберілген қызметкерлерге Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген арнаулы атақ бойынша айлықақыларды және қызметкерлерді іссапарға жіберген арнаулы мемлекеттік органды ұстауға көзделген бюджет қаражаты есебінен жүргізілетін, осы Заңда көзделген өзге де төлемдерді қоспағанда, олар іссапарға жіберілген мемлекеттік органдар, сондай-ақ Қазақстан Республикасы ұйымдары қызметкерлерінің тиісті санаттары үшін белгіленген еңбегіне ақы төлеу осы органдарды, сондай-ақ ұйымдарды ұстауға көзделген қаражат есебінен жүргізіледі.
Іссапарға жіберілген қызметкерлерге сыйлықақы беру және материалдық көмек көрсету олар іссапарға жіберілген мемлекеттік органдардың, сондай-ақ Қазақстан Республикасы ұйымдарының қызметкерлері үшін айқындалған тәртіппен, осы органдарды, сондай-ақ ұйымдарды ұстауға көзделген қаражат есебінен жүзеге асырылады.
Арнаулы киім нысанымен қамтамасыз ету қызметкерлерді іссапарға жіберген арнаулы мемлекеттік органды ұстауға көзделген бюджет қаражаты есебінен жүргізіледі.»;
5-тармақ алып тасталсын;
6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«6. Халықаралық ұйымдарға іссапарға жіберілген қызметкерлерге, егер Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарында өзгеше белгіленбесе, халықаралық ұйымдар жұмыскерлерінің тиісті санаттары үшін белгіленген жалақы оларды ұстауға көзделген қаражат есебінен, сондай-ақ арнаулы атақ бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген айлықақы қызметкерлерді іссапарға жіберген арнаулы мемлекеттік органды ұстауға көзделген бюджет қаражаты есебінен төленеді.
Егер Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарында қызметкерлерді және олардың отбасы мүшелерін емдеуге жұмсалған шығынды өтеу, сауықтыру жәрдемақыларын төлеу, тұрғын үйді жалдау (жалға алу) ақысын төлеу белгіленбесе, онда олар арнаулы мемлекеттік органдардың бірінші басшылары айқындайтын тәртіппен жүргізіледі.»;
31) 36-1-бапта:
2-тармақтың бірінші бөлігінде:
«мөлшерінде» деген сөз «есепке алынып өтеу» деген сөздермен ауыстырылсын;
«қаражат» деген сөз «бюджет қаражаты» деген сөздермен ауыстырылсын;
3-тармақта:
«ол» деген сөзден кейін «қызметтік» деген сөзбен толықтырылсын;
«қаражат» деген сөз «бюджет қаражаты» деген сөздермен ауыстырылсын;
32) 37-бапта:
3-тармақтағы «адам» деген сөз «қызметкер» деген сөзбен ауыстырылсын;
4-тармақтағы «Арнаулы органдарда» деген сөздер «Арнаулы мемлекеттік органдарда» деген сөздермен ауыстырылсын;
7-тармақтағы «адамдар» деген сөз «қызметкерлер» деген сөзбен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы 10-тармақпен толықтырылсын:
«10. Арнаулы мемлекеттік органның бос басшы лауазымдарына орналасу үшін қызметкерлерді сапалы іріктеу мақсатында Арнаулы мемлекеттік органдардың президенттік кадр резерві қалыптастырылады.
Арнаулы мемлекеттік органдардың президенттік кадр резерві - арнаулы мемлекеттік органдардың басшы лауазымдарына ұсыну үшін Қазақстан Республикасының Президенті айқындайтын ерекше іріктеу тәртібінен өткен қызметкерлер тізімі.
Арнаулы мемлекеттік органдардың президенттік кадр резервін қалыптастыру тәртібін Қазақстан Республикасының Президенті айқындайды.»;
33) 39-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Демалыстардың ұзақтығы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес айқындалады, бұл ретте Қазақстан Республикасы шегінде демалысты өткізу орнына дейін жол жүру және кері қайту үшін қажетті уақытты есептемегенде, жыл сайынғы және қосымша демалыстардың жалпы ұзақтығы демалыс берілетін жылы (алдыңғы жылдағы жыл сайынғы демалыс күндері есепке алынбай) алпыс тәуліктен аспауға тиіс.»;
34) 40-бапта:
1-тармақтың екінші бөлігіндегі «және келісімшартта көзделген өзге жағдайларды» деген сөздер алып тасталсын;
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Еңбек сіңірген жылдарын ескере отырып, қызметкерлерге (курсанттарды, тыңдаушыларды қоспағанда) берілетін жыл сайынғы демалыстардың ұзақтығы:
қызметте еңбек сіңірген жылдары күнтізбелік он жылға дейінгілерге - отыз тәулік;
күнтізбелік он жылдан он бес жылға дейінгілерге - отыз бес тәулік;
күнтізбелік он бес жылдан жиырма жылға дейінгілерге - қырық тәулік;
күнтізбелік жиырма жыл және одан көптерге - қырық бес тәулік;
ұшу жұмыстарындағы қызметкерлерге, еңбек сіңірген жылдарына қарамастан - қырық бес тәулік;
тізбесін Қазақстан Республикасының Мемлекеттік күзет қызметімен келісу бойынша Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Төрағасы белгілейтін жергілікті жерлерде қызмет өткеретін қызметкерлерге - жыл сайынғы демалысына қосымша он тәулік болып белгіленеді.»;
7-тармақ алып тасталсын;
12-тармақта:
бірінші бөліктегі «қызметкер демалып жүрген аумақтың аумақтық орган басшысы» деген сөздер «демалыс берген уәкілетті басшы» деген сөздермен ауыстырылсын;
екінші бөлік алып тасталсын;
35) 43-баптың 3-тармағы «жағдайларда» деген сөзден кейін «қызметтік» деген сөзбен толықтырылсын;
36) 48-баптың 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«3) қызметкерді соттың заңды күшіне енген шешіміне сәйкес хабарсыз кеткен, әрекетке қабілетсіз немесе әрекет қабілеті шектеулі деп тану негіз болады.»;
37) 49-баптың 1-тармағында:
8) тармақша алып тасталсын;
10) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«10) Қазақстан Республикасының құқық қорғау органдарына, Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріне, басқа да әскерлер мен әскери құралымдарға немесе арнаулы мемлекеттік органдарға ауысуды қоспағанда, мемлекеттік қызметке кіруіне байланысты;»;
38) 51-бапта:
1 және 5-1-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Қызметкерлерді қызметтен запасқа шығару немесе олардың орнынан түсуі уәкілетті басшының бұйрығымен жүргізіледі.»;
«5-1. Арнаулы мемлекеттік органдардағы қызметінен шығарылған Қазақстан Республикасы азаматтарының қызметтен шығару туралы шешімге жоғарғы тұрған лауазымды адамдарға, сотқа Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес, бірақ бұйрықпен немесе одан үзінді көшірмемен жазбаша танысқан күннен бастап үш айдан кешіктірмей шағым жасауға құқығы бар.»;
6-тармақтағы «теріс себептер бойынша қызметтен шығару жағдайларын» деген сөздер «осы Заңның 49-бабы 1-тармағының 6), 12-1) және 13) тармақшаларында көзделген жағдайларды» деген сөздермен ауыстырылсын;
7-тармақтағы «аппараты»» деген сөз «бөлімшесі» деген сөзбен ауыстырылсын;
10-тармақтағы «шешімімен» деген сөз «бұйрығымен» деген сөзбен ауыстырылсын;
11-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«11. Мемлекеттік қызметке кіруіне байланысты қызметтен шығару мемлекеттік қызметші лауазымын көрсете отырып, қызметкердің қызметке қабылданғаны туралы мемлекеттік мекеменің тиісті хабарламасы келіп түскен кезде қызметкердің баянаты бойынша жүргізіледі.»;
14-тармақта:
бірінші бөліктің 3) тармақшасында орыс тіліндегі мәтінге түзету енгізілді, қазақ тіліндегі мәтін өзгермейді;
екінші бөліктің бірінші абзацында орыс тіліндегі мәтінге түзету енгізілді, қазақ тіліндегі мәтін өзгермейді;
39) 52-бапта:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік органдарының запасқа шығарылған офицерлер құрамының қызметкерлері (офицерлер құрамының оқудан шығарып жіберілген тыңдаушыларын қоспағанда) Қазақстан Республикасының аумақтық ұлттық қауіпсіздік органдарында Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік органдарының запастағы офицерлері есебіне алынуға тиіс.»;
2-тармақтың 3) тармақшасындағы «себептермен;» деген сөз «себептермен шығарылған қызметкерлер жергілікті әскери басқару органдарына запасқа қойылады.» деген сөздермен ауыстырылып, 4) тармақша алып тасталсын;
40) 53-бапта:
2-тармақтағы «арнаулы мемлекеттік органдардың запастағы офицерлері есебінен алына отырып,» деген сөздер алып тасталсын;
4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік органдарының запастағы офицерлерін есепке алуды ұйымдастыру және қызметкерлердің запаста болу тәртібін Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Төрағасы айқындайды.»;
41) 54-баптың 1-тармағы алып тасталсын;
42) 55-баптың 3-тармағының 3) тармақшасындағы «даярлауды (қайта даярлауды) және оқытуды» деген сөздер «кәсіптік даярлауды, қайта даярлауды және олардың біліктілігін арттыруды» деген сөздермен ауыстырылсын;
43) 56-бапта:
1-тармақта:
бірінші бөліктегі «арнаулы мемлекеттік органдарда үздіксіз қызметте болған» деген сөздер алып тасталсын;
мынадай мазмұндағы үшінші бөлікпен толықтырылсын:
«Қызметкерді кадр резервіне қою туралы, сондай-ақ қызметкерді төмен тұрған лауазымға тағайындау туралы мәселені шешу үшін аттестаттау осы тармақтың бірінші және екінші бөліктерінде көзделген талаптар ескерілмей өткізіледі.»;
4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Аттестаттау қатарынан келетін бірнеше кезеңді қамтиды:
1) аттестаттауды өткізуге дайындық;
2) қызметкерді Қазақстан Республикасының заңнамасын, мемлекеттік тілді білуіне тестілеу және психологиялық-әлеуметтік зерттеулер жүргізу.
Қызметкер оны төмен тұрған лауазымға тағайындау туралы мәселені шешу үшін аттестаттауды өткізу кезінде тестілеуге жатпайды;
3) аттестаттау комиссиясының шешімін шығару.»;
44) 56-1-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«56-1-бап. Қызметкерлерді кезектен тыс аттестаттау
Кезектен тыс аттестаттау Қазақстан Республикасы Президентінің аттестаттау тәртібін, кезеңдерін, мерзімдерін және аттестатталатын қызметкерлердің санаттарын айқындайтын шешімі бойынша өткізіледі.»;
45) 57-бапта:
7-тармақтың екінші бөлігінде:
төртінші және алтыншы абзацтар мынадай редакцияда жазылсын:
«әскери, арнаулы оқу орнына не шет мемлекеттің білім беру ұйымына оқуға немесе кәсіптік даярлау, қайта даярлау немесе біліктілікті арттыру курстарына жіберу туралы;»;
«себептерін көрсете отырып, қызметкерді атқарып отырған лауазымынан төмен тұрған лауазымға ауыстыру туралы;»;
жетінші абзац алып тасталсын;
8-тармақта:
1) тармақшада:
«орындамаудың» деген сөз «атқармаудың» деген сөзбен ауыстырылсын;
«(бастығы)» деген сөз алып тасталсын;
5) тармақшадағы «қорытындысы);» деген сөз «қорытындысы) негіз болады.» деген сөздермен ауыстырылып, 6) тармақша алып тасталсын;
11-тармақ алып тасталсын;
46) 58-баптың 6-тармағының бірінші бөлігіндегі «(бастықтарын)» деген сөз алып тасталсын;
47) 60-баптың 2-тармағында:
«күшін жоюға» деген сөздер «күшін жояды» деген сөздермен ауыстырылсын;
«қажет болған кезде, оны қайтадан өткізуді тағайындауға құқылы» деген сөздер «оны қайтадан өткізуді тағайындайды» деген сөздермен ауыстырылсын;
48) 62-бапта:
3-тармақта:
1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«1) кадр құрамымен тәрбие және идеология жұмысын ұйымдастырумен;»;
2) тармақшадағы «өзінің міндеттерін және Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын орындауға» деген сөздер «қызметтік міндеттерін атқаруға және Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын орындауға» деген сөздермен ауыстырылсын;