Қазақстан Республикасының шет елдердегі мекемелеріне жіберілген ұлттық қауіпсіздік органдарының ресми өкілдері мен олардың көмекшілерінің, сондай-ақ ұлттық қауіпсіздік органдарының өзге де қызметкерлерінің лауазымдарын Қазақстан Республикасының шет елдердегі мекемелерінің Қазақстан Республикасы дипломатиялық қызметі қызметкерлерінің тиісті лауазымдарына теңестіру Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының және Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің бірлескен құқықтық актісімен жүзеге асырылады.».
6. «Мемлекеттік құпиялар туралы» 1999 жылғы 15 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына:
1) 11-баптың 18) тармақшасы алып тасталсын;
2) 12-баптың 14) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«14) қару-жарақ пен әскери техникаға тапсырыс беруге, оларды әзірлеуге, өндіруге немесе жөндеуге, сондай-ақ Қазақстан Республикасының ерекше режимдік, режимдік және ерекше қорғалатын объектілерін салуға, жөндеуге және күтіп-ұстауға арналған қаржыны немесе нақты шығындарды ашатын мәліметтер;»;
3) 14-бапта:
3) тармақша алып тасталсын;
5) тармақша «Қазақстан Республикасының» деген сөздерден кейін «барлау,» деген сөзбен толықтырылсын;
8) және 9) тармақшалар алып тасталсын;
10) тармақшадағы «үкіметтік» деген сөз «президенттік және үкіметтік» деген сөздермен ауыстырылсын;
12) тармақшадағы «жоғары өкімет және басқару органдарының басқа да күзетілетін адамдарының қауіпсіздігін қамтамасыз етуді ұйымдастыруды,» деген сөздер «басқа да күзетілетін адамдардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуді ұйымдастыруды, оның» деген сөздермен ауыстырылсын;
4) 18-баптың 1-тармағындағы «қауіпсіздігі мен мемлекеттің,», «залалдың» деген сөздер тиісінше «қауіпсіздігіне немесе», «нұқсанның» деген сөздермен ауыстырылсын;
5) 23-баптың 1-тармағының екінші бөлігіндегі «Ерекше», «сараптама комиссиясы қорытындысының» деген сөздер тиісінше «Айрықша», «мемлекеттік құпияларды қорғау жөніндегі тұрақты жұмыс істейтін комиссияның қорытындысы» деген сөздермен ауыстырылсын.
7. «Терроризмге қарсы іс-қимыл туралы» 1999 жылғы 13 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына:
1) 4-бапта:
2-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«2) терроризм актісі қатерінің туындауы туралы халыққа уақтылы хабар беру және мемлекеттік органдар мен жергілікті өзін-өзі басқару органдары жүзеге асыратын, терроризм актісінің жасалуына қарсы іс-қимыл жөніндегі қызметті ұйымдастыру мақсатында терроризм актісі қатерінің туындауы туралы ақпарат мониторингінің және халықты хабардар етудің мемлекеттік жүйесінің ұйымдастырылуы мен оның жұмыс істеуі қағидаларын бекітеді;»;
5-тармақтың жетінші бөлігі алып тасталсын;
2) 7-баптың бірінші бөлігінде:
7) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«7) азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті орган жасалған терроризм актісінің салдарынан туындаған техногендік сипаттағы төтенше жағдайларды жоюды жүзеге асырады, терроризмге қарсы операцияларды жүргізуге қатысады;»;
9) тармақшадағы «байланыс және ақпарат» деген сөздер «масс-медиа» деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы 9-2) тармақшамен толықтырылсын:
«9-2) цифрландыру саласындағы уәкілетті орган цифрландыру саласында, оның ішінде киберқауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселелері бойынша терроризмге қарсы іс-қимылды жүзеге асырады;»;
11) тармақшадағы «жоспарлау саласындағы» деген сөздер «жоспарлау жөніндегі орталық» деген сөздермен ауыстырылсын;
12) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«12) агроөнеркәсіптік кешенді дамыту саласындағы уәкілетті орган мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылауды және қадағалауды, аса қауіпті зиянды организмдер көздерінің нақты қорғалуына мемлекеттік фитосанитариялық бақылауды жүзеге асырады;»;
мынадай мазмұндағы 12-1) тармақшамен толықтырылсын:
«12-1) су қорын қорғау және пайдалану саласындағы уәкілетті орган гидротехникалық құрылысжайлардың терроризмге қарсы қорғалуы жай-күйінің мониторингін ұйымдастыруға қатысады;»;
13) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«13) көлік саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган мүдделі мемлекеттік органдарды көлік инфрақұрылымы объектілерінде терроризмге қарсы іс-қимыл жөніндегі міндеттерді шешуге қажетті ақпаратпен жедел қамтамасыз етуді ұйымдастырады және өз құзыреті шегінде олардың терроризмге қарсы қорғалуы жөніндегі іс-шараларды қамтамасыз етеді;»;
18) тармақшада орыс тіліндегі мәтінге түзету енгізілді, қазақ тіліндегі мәтін өзгермейді;
19) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«19) білім беру саласындағы уәкілетті орган орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, рухани (діни) білім беру ұйымдарында тәрбие беру бағдарламаларын іске асыру арқылы қоғамда терроризмге қарсы сананың қалыптастырылуын қамтамасыз етеді, террористік әрекеттен зардап шеккен балаларды әлеуметтік оңалту мәселелері бойынша салааралық үйлестіруді жүзеге асырады;»;
мынадай мазмұндағы 19-1) тармақшамен толықтырылсын:
«19-1) ғылым және жоғары білім саласындағы уәкілетті орган Қазақстан Республикасының жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында, оның ішінде рухани (діни) білім беру ұйымдарында факультативтік сабақтарды ұйымдастыру арқылы қоғамда терроризмге қарсы сананың қалыптастырылуын қамтамасыз етеді;»;
3) 10-4-бапта:
тақырыптағы «әкелуге, басып шығаруға, әзірлеуге» деген сөздер «әкелуге, тасымалдауға, басып шығаруға, әзірлеуге, сақтауға» деген сөздермен ауыстырылсын;
1-тармақтағы «әкелуге, оларды басып шығаруға, әзірлеуге» деген сөздер «әкелуге, онда тасымалдауға, басып шығаруға, әзірлеуге, сақтауға» деген сөздермен ауыстырылсын;
2-тармақта:
«әкелінетін, онда басып шығарылатын, әзірленетін» деген сөздер «әкелінетін, онда тасымалданатын, басып шығарылатын, әзірленетін, сақталатын» деген сөздермен ауыстырылсын;
«әкелуге, басып шығаруға, әзірлеуге» деген сөздер «әкелуге, тасымалдауға, басып шығаруға, әзірлеуге, сақтауға» деген сөздермен ауыстырылсын;
4) 17-1-баптың бірінші бөлігіндегі «білім және ғылым» деген сөздер «білім беру» деген сөздермен ауыстырылсын.
8. «Экстремизмге қарсы іс-қимыл туралы» 2005 жылғы 18 ақпандағы Қазақстан Республикасының Заңына:
1) 4-баптың 2-тармағы мынадай мазмұндағы 2-1) және 2-2) тармақшалармен толықтырылсын:
«2-1) экстремизмді жүзеге асыруға ықпал ететін себептер мен жағдайларды анықтау және жою;
2-2) экстремистік әрекеттерді анықтау, олардың алдын алу және жолын кесу, экстремистік қылмыстарды ашу және тергеп-тексеру;»;
2) 6-бапта:
мынадай мазмұндағы 2-1) және 2-2) тармақшалармен толықтырылсын:
«2-1) мәдениет саласындағы уәкілетті орган Қазақстан Республикасында ішкі саяси тұрақтылық пен этносаралық келісімді нығайтуға бағытталған шаралардың іске асырылуын қамтамасыз етеді;
2-2) цифрландыру саласындағы уәкілетті орган цифрландыру саласында, оның ішінде киберқауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселелері бойынша экстремизмге қарсы іс-қимылды жүзеге асырады;»;
3) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«3) білім беру саласындағы уәкілетті орган мектепке дейінгі, орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, рухани (діни) білім беру ұйымдарында білім алушылар мен тәрбиеленушілердің экстремизм идеяларын қабылдамауын, халықаралық құқық пен ізгіліктің көпшілік таныған қағидаттарын құрметтеуін қалыптастыруға бағытталған тәрбие беру бағдарламаларының бекітілуін және іске асырылуын қамтамасыз етеді;»;
мынадай мазмұндағы 3-1) тармақшамен толықтырылсын:
«3-1) ғылым және жоғары білім саласындағы уәкілетті орган жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында, оның ішінде рухани (діни) білім беру ұйымдарында білім алушылар мен тәрбиеленушілердің экстремизм идеяларын қабылдамауын, халықаралық құқық пен ізгіліктің көпшілік таныған қағидаттарын құрметтеуін қалыптастыруға бағытталған тәрбие беру бағдарламаларының бекітілуін және іске асырылуын қамтамасыз етеді, оқу орындарының студенттер алмасу мәселелері бойынша Қазақстан Республикасы халықаралық шарттарының сақталуын бақылауды жүзеге асырады;»;
3) 12-бапта:
тақырыптағы «әкелуге, басып шығаруға, әзірлеуге» деген сөздер «әкелуге, тасымалдауға, басып шығаруға, әзірлеуге, сақтауға» деген сөздермен ауыстырылсын;
бірінші бөліктегі «әкелуге, басып шығаруға, әзірлеуге» деген сөздер «әкелуге, тасымалдауға, басып шығаруға, әзірлеуге, сақтауға» деген сөздермен ауыстырылсын;
екінші бөлікте:
«әкелінетін, онда басып шығарылатын, әзірленетін» деген сөздер «әкелінетін, онда тасымалданатын, басып шығарылатын, әзірленетін, сақталатын» деген сөздермен ауыстырылсын;
«әкелуге, басып шығаруға, әзірлеуге» деген сөздер «әкелуге, тасымалдауға, басып шығаруға, әзірлеуге, сақтауға» деген сөздермен ауыстырылсын.
9. «Сыртқы барлау туралы» 2010 жылғы 22 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңына:
1) 9-1-баптағы «9-1),» деген цифрлар алып тасталсын;
2) 13-баптың 1-тармағы алып тасталсын.
10. «Құқық қорғау қызметі туралы» 2011 жылғы 6 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына:
1-баптың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«2) ауысу - қызмет мерзімін үзбей, атқарып жүрген лауазымынан Қазақстан Республикасының басқа құқық қорғау немесе арнаулы мемлекеттік органдарында, Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде, басқа да әскерлер мен әскери құралымдарда одан әрі қызмет өткеру үшін босату;».
11. «Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігі туралы» 2012 жылғы 6 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына:
1) 6-баптың 1-тармағының бірінші абзацындағы «Ұлттық қауіпсіздікке негізгі қауіп-қатерлер» және 21) тармақшасындағы «туындауы болып табылады.» деген сөздер тиісінше «Ұлттық қауіпсіздікке төнетін негізгі қауіп-қатерлер» және «туындауы;» деген сөздермен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 22) тармақшамен толықтырылсын:
«22) мемлекеттік құпиялардың қорғалу деңгейінің төмендеуі.»;
2) 9-баптың 1-тармағының 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«1) Қазақстан Республикасының арнаулы мемлекеттік органдары;».
12. «Қазақстан Республикасының арнаулы мемлекеттік органдары туралы» 2012 жылғы 13 ақпандағы Қазақстан Республикасының Заңына:
1) 1-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«1-бап. Осы Заңда қолданылатын негізгі ұғымдар
Осы Заңда мынадай негізгі ұғымдар қолданылады:
1) адъюнкт - жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын шет мемлекеттің білім беру ұйымына халықаралық шарттарға сәйкес оқуға жіберілген арнаулы мемлекеттік органның қызметкері;
2) арнаулы атақ - арнаулы мемлекеттік органның қызметкеріне берілетін арнаулы айырым белгісі;
3) арнаулы жиындар - арнаулы мемлекеттік органдар қызметкерлерінің қызметтік-жауынгерлік даярлығы жөніндегі іс-шаралар;
4) арнаулы киім нысаны - арнаулы мемлекеттік органдар қызметкерлерінің арнаулы мемлекеттік органдарға тиесілігін айқындайтын, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген нысанды киім (киім-кешек) және айырым белгілері;
5) арнаулы мемлекеттік органдардағы қызмет - арнаулы мемлекеттік органдардағы мемлекеттік қызметтің ерекше түрі;
6) арнаулы мемлекеттік органдардың арнайы есебі - арнаулы мемлекеттік органдардың қызметкерлері туралы сандық және сапалық деректерді есепке алу және талдау жүйесі;
7) арнаулы мемлекеттік органның қызметкерлері (бұдан әрі - қызметкерлер) - арнаулы мемлекеттік органдарда қызмет атқарып жүрген, арнаулы атақ берілген Қазақстан Республикасының азаматтары;
8) әскери, арнаулы оқу орындары - арнаулы мемлекеттік органдардың жоғары, жоғары оқу орнынан кейінгі және қосымша білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдары;
9) еңбек сіңірген жылдары - қызметкердің күнтізбемен де, жеңілдікпен де есептеп шығарылатын, әскери қызметте, құқық қорғау қызметінде, мемлекеттік фельдъегерьлік қызметте, арнаулы мемлекеттік органдардағы және азаматтық қорғау органдарындағы қызметте, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген өзге де жағдайларда болу ұзақтығы;
10) жоғары аттестаттау комиссиясы - арнаулы мемлекеттік органдардың бірінші басшылары айқындайтын тізбеге сәйкес басшы құрамның лауазымды адамдарын олардың атқарып отырған лауазымдарына сәйкестігі туралы аттестаттау қорытындылары мен ұсынымдарын және оларды одан әрі неғұрлым орынды қызметтік пайдалану перспективаларын аттестаттау комиссиясының қорытындыларымен және ұсынымдарымен келіспейтін қызметкерлер шағым жасау тәртібімен ұсынған аттестаттауларды, сондай-ақ арнаулы мемлекеттік орган бірінші басшысының нұсқауы бойынша Жоғары аттестаттау комиссиясының қарауына шығарылған аттестаттауларды қарайтын, тұрақты жұмыс істейтін жоғары консультативтік-кеңесші орган;
11) курсант - жоғары білімнің білім беру бағдарламалары бойынша әскери, арнаулы оқу орнында білім алып жатқан немесе халықаралық шарттарға сәйкес шет мемлекеттің білім беру ұйымына оқуға жіберілген қызметкер;
12) Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік органдарының запастағы офицерлерінің есебі - Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік органдарының әскери міндеттілері мен басқа да жұмылдыру ресурстарының сандық және сапалық деректерін есепке алу және талдау жүйесі;
13) Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік органдарының запасы (бұдан әрі - запас) - Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздік органдарынан қызметтен шығарылған (теріс себептер бойынша шығарылғандарды қоспағанда) және Қазақстан Республикасының аумақтық ұлттық қауіпсіздік органдарында Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік органдарының запастағы офицерлерінің есебінде тұратын, жұмылдыру, соғыс жағдайы кезеңінде немесе соғыс уақытында Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздік органдарын толықтырып жасақтауға, жұмылдырушылық өрістетуге және олардың шығынының орнын толтыруға арналған Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік органдарының қызметкерлері;
14) қолданыстағы резерв - арнаулы жедел тапсырмаларды орындау үшін ерекше тәртіппен қызмет өткеру;
15) қызмет өткеру туралы келісімшарт (бұдан әрі - келісімшарт) - тараптардың құқықтарын, міндеттері мен жауапкершілігін белгілейтін шарт;
16) магистранттар және докторанттар - әскери, арнаулы оқу орындарында жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің білім беру бағдарламалары бойынша білім алып жатқан қызметкерлер;
17) орнынан түсу - қызметкерлерді арнаулы мемлекеттік органдардағы қызметтен шығару немесе запаста болудың шекті жасына жеткендерді не арнаулы мемлекеттік органдардағы қызметке жарамсыз деп танылған адамдарды Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік органдарының запастағы офицерлері есебінен алып тастау;
18) полиграфологиялық зерттеу - адамның жекелеген физиологиялық реакцияларын (тыныс алу, жүрек соғуы, терінің тітіркенуі және тағы басқалары) арнаулы датчиктердің көмегімен тіркеуден тұратын сұрақ-жауап рәсімі;
19) психофизиологиялық куәландыру - арнаулы мемлекеттік органдардағы қызметке кандидаттардың, олардың қызметкерлері мен әскери қызметшілерінің жеке психологиялық және психофизиологиялық қасиеттерін жан-жақты бағалауға бағытталған іс-шаралар жиынтығы;
20) тыңдаушы - қосымша білімнің білім беру бағдарламалары бойынша әскери, арнаулы оқу орнында білім алып жатқан немесе халықаралық шарттарға сәйкес шет мемлекеттің білім беру ұйымына оқуға жіберілген қызметкер;
21) уәкілетті басшы - осы Заңда белгіленген тәртіппен қызметкерлермен келісімшарт жасасу, оларды ауыстыру, лауазымнан босату, қызметтен шығару, шеттету, оларға арнаулы атақ беру, оны төмендету, одан айыру, оны қалпына келтіру (жеке құрам бойынша бұйрықтар), сондай-ақ қызметтік тергеп-тексеруді тағайындау, тоқтата тұру және ұзарту туралы бұйрықтар шығару құқығы берілген лауазымды адам.
Лауазымды адамдар (уәкілетті басшылар) тізбесін арнаулы мемлекеттік органның бірінші басшысы айқындайды;
22) ұйымдастырушылық-штаттық іс-шаралар - арнаулы мемлекеттік органның, оның мемлекеттік мекемелері мен құрылымдық бөлімшелерінің штаттарын құру, тарату, орнын ауыстыру, оларды қайта ұйымдастыру және (немесе) қысқарту жөніндегі іс-шаралар кешені.»;
2) 3-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Арнаулы мемлекеттік органдарға Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздік органдары мен Мемлекеттік күзет қызметі жатады.»;
3) 5-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«5-бап. Арнаулы мемлекеттік органдар қызметінің қағидаттары
Арнаулы мемлекеттік органдар қызметінің қағидаттары:
1) адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтарын, қоғам мен мемлекет мүдделерін құқыққа қайшы қол сұғушылықтан қорғау міндеттілігі;
2) заңдылық;
3) арнаулы мемлекеттік органдарда қызметті ұйымдастырудағы тәсілдердің бірыңғайлығы;
4) дара басшылық пен субординация (бағыныстылық);
5) қызметтің жария және жасырын әдістерін үйлестіру;
6) саяси партиялардың және өзге де қоғамдық бірлестіктердің қызметінен тәуелсіз болу;
7) құпиялылық және астыртын әрекет ету;
8) патриотизм;
9) меритократия.»;
4) 6-бапта:
екінші, үшінші және төртінші бөліктер мынадай редакцияда жазылсын:
«Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік органдарының әскери қызметшілері осы Заңның 7, 10 (11-тармақты қоспағанда), 12, 14, 15, 16, 17, 18, 19, 22, 24, 30 (8-тармақтың 1) тармақшасын қоспағанда), 31, 32, 33, 34, 35, 36, 37, 40, 44, 50, 56 (1-тармақты қоспағанда), 75, 77 (4-тармақтың 2) тармақшасын қоспағанда), 79 (1, 1-1, 2, 4 және 5-тармақтарды қоспағанда) және 85 (4-2-тармақты қоспағанда)-баптарында көзделген ерекшеліктерді ескере отырып, Қазақстан Республикасының әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы заңнамасына сәйкес әскери қызмет өткереді.
Мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметшілердің Қазақстан Республикасының Мемлекеттік күзет қызметіндегі әскери қызметі осы Заңның 7, 15, 16, 17, 18, 19, 24 және 34-баптарында көзделген ерекшеліктер ескеріліп, Қазақстан Республикасының әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы заңнамасымен реттеледі.
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік күзет қызметінде келісімшарт бойынша әскери қызмет өткеріп жүрген әскери қызметшілердің әскери қызметі осы Заңның 1, 2, 3, 4 (26, 27, 27-1 және 28-баптарды қоспағанда), 5, 6, 7 және 8-тарауларында көзделген ерекшеліктер ескеріліп, Қазақстан Республикасының әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы заңнамасымен реттеледі.»;
мынадай мазмұндағы алтыншы бөлікпен толықтырылсын:
«Осы Заңның қызметкерлерді қызметке қабылдау жағдайлары, әлеуметтік қамсыздандыру туралы 7, 36, 36-1, 73, 77, 78, 79, 80, 81, 82 және 85-баптарының жекелеген нормалары арнаулы мемлекеттік органдарға қызметке қабылданатын Қазақстан Республикасының азаматтарына, олардың жұбайына (зайыбына) және жақын туыстарына, арнаулы мемлекеттік органдардағы қызметтен шығарылған Қазақстан Республикасының азаматтарына (теріс себептермен, аттестаттау қорытындысы бойынша анықталған қызметіне сәйкес келмеуі бойынша шығарылғандарды қоспағанда), сондай-ақ арнаулы мемлекеттік органдарда қызмет өткеру кезеңінде қаза тапқан (қайтыс болған), хабарсыз кеткен немесе арнаулы мемлекеттік органдарда қызмет өткеру кезінде мүгедектік белгіленген қызметкерлердің отбасы мүшелеріне қолданылады.»;
5) 7-бапта:
1-тармақта:
бірінші бөлік «белгіленген» деген сөзден кейін «арнаулы» деген сөзбен толықтырылсын;
екінші және үшінші бөліктер алып тасталсын;
2-тармақтың бірінші бөлігінің 2) тармақшасындағы «орындауға» деген сөз «атқаруға» деген сөзбен ауыстырылсын;
3-тармақ мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
«Қызметке кандидатқа, оның жұбайына (зайыбына), сондай-ақ осы баптың 2-тармағы бірінші бөлігінің 11) тармақшасында аталған жақын туыстарына қатысты арнайы тексеру жүргізіледі.»;
6) 8-бапта:
тақырып «іріктеу» деген сөзден кейін «, тексеру» деген сөзбен толықтырылсын;
1-тармақтың екінші бөлігі «іріктеу» деген сөзден кейін «, тексеру» деген сөзбен толықтырылсын;
7) 9-бап мынадай мазмұндағы 8-тармақпен толықтырылсын:
«8. Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік органдарының әскери қызметшісі Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік органдарының қызметкері лауазымына және керісінше ауыстырылған жағдайда онымен алдыңғы келісімшарттың қалған мерзіміне тең мерзімге жаңа келісімшарт жасалады.»;
8) 10-бапта:
2-тармақтағы «Арнаулы мемлекеттік органдардың офицерлік құрамы», «органдарының» деген сөздер тиісінше «Офицерлер құрамы», «бөлімшелерінің» деген сөздермен ауыстырылсын;
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Қазақстан Республикасы азаматтарының әскери, арнаулы оқу орындарына түсуі Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Төрағасы бекітетін тиісті деңгейдегі білім беру бағдарламаларын іске асыратын әскери, арнаулы оқу орындарына қабылдау қағидаларына сәйкес конкурстық негізде жүзеге асырылады.»;
мынадай мазмұндағы 3-1-тармақпен толықтырылсын:
«3-1. Әскери, арнаулы оқу орындарына қабылдауға конкурс өткізу кезінде баллдары тең болған жағдайда, мынадай кезектілікпен:
1) жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар;
2) кемінде екі жыл кезең ішінде жас сарбаз, жас айбын ретінде әскерге шақыруға дейінгі даярлықтан өткен Қазақстан Республикасының азаматтары;
3) теріс себептермен қызметтен шығарылған адамдарды қоспағанда, кемінде он бес жыл еңбек сіңірген қызметкерлердің, сондай-ақ жиырма және одан көп жыл еңбек сіңірген, қызметтен шығарылған адамдардың балалары;
4) «Алтын белгі» белгісімен марапатталған адамдар;
5) тізбесін білім беру саласындағы уәкілетті орган айқындайтын, соңғы үш жылдың жалпы білім беретін пәндері бойынша бірінші, екінші және үшінші дәрежелі дипломдармен марапатталған, халықаралық олимпиадалар мен ғылыми жобалар конкурстарының (ғылыми жарыстардың) жеңімпаздары, бірінші, екінші және үшінші дәрежелі дипломдармен марапатталған, халықаралық және республикалық орындаушылар конкурстарының және спорттық жарыстардың жеңімпаздары, сондай-ақ ағымдағы оқу жылының жалпы білім беретін пәндері бойынша бірінші, екінші және үшінші дәрежелі дипломдармен марапатталған, президенттік, республикалық олимпиадалар мен ғылыми жобалар конкурстарының жеңімпаздары, өздері таңдаған мамандық олимпиаданың, конкурстың немесе спорттық жарыстың нысанасына сәйкес келген жағдайда, басым құқыққа ие болады.»;
9) 11-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«11-бап. Қызметкерлердің лауазымдарына орналастыруға қойылатын талаптар
Қызметкерлердің лауазымдарына арнаулы мемлекеттік органның бірінші басшысы бекітетін арнаулы мемлекеттік орган лауазымдарының санаттарына қойылатын біліктілік талаптарына сай келетін Қазақстан Республикасының азаматтары тағайындалады.»;
10) 12-баптың тақырыбы мен 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«12-бап. Қызметкерлерді кәсіптік даярлау, қайта даярлау және олардың біліктілігін арттыру
1. Қызметкерлерді кәсіптік даярлау, қайта даярлау және олардың біліктілігін арттыру арнаулы мемлекеттік органдардың әскери, арнаулы оқу орындарында және оқу орталықтарында, сондай-ақ Қазақстан Республикасының және шет мемлекеттердің басқа да білім беру ұйымдарында жүзеге асырылады.»;
11) 13-баптың 1 және 3-тармақтары мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Арнаулы мемлекеттік органдарға қызметке кірген, бұрын әскери ант немесе қызметкер антын бермеген қызметкерлер ант береді.»;
«3. Қызметкерлердің уақтылы ант беруіне жауаптылық, ант беруді ұйымдастыру және есепке алу арнаулы мемлекеттік органдар бөлімшелерінің басшылары мен кадр бөлімшелеріне жүктеледі.»;
12) 14-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«14-бап. Арнаулы мемлекеттік органдарға қызметке кірген қызметкерлерді кәсіптік бейімдеу
Арнаулы мемлекеттік органдарға қызметке кірген қызметкерлер бөлімшенің жедел қызметтік әрекеттеріне бейімделуден өтеді.
Арнаулы мемлекеттік органдарға қызметке кірген қызметкерлерді бейімдеу жөніндегі жұмысты ұйымдастыру тәртібін арнаулы мемлекеттік органның бірінші басшысы айқындайды.»;
13) 15-бапта:
1-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Қазақстан Республикасының азаматы қызметке кірген күннен бастап қызметкер мәртебесіне ие болады және арнаулы мемлекеттік органның жеке құрамының тізімінен шығарылған күннен бастап мәртебесінен айырылады.»;
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Қызметкерлердің Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген талаптарын барлық жеке және заңды тұлғалар, сондай-ақ лауазымды адамдар орындауға міндетті.»;
3-тармақтағы «өздеріне жүктелген міндеттерді орындау кезінде,» деген сөздер «қызметтік міндеттерін атқару кезінде,» деген сөздермен ауыстырылсын;
5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«5. Қазақстан Республикасының заңдарына қайшы келетін бұйрық немесе өкім алған кезде қызметкер Қазақстан Республикасының заңдарын ғана басшылыққа алуға міндетті.
Басшыларға қызметтік міндеттерін атқаруға қатысы жоқ және Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзуға бағытталған бұйрықтар немесе өкімдер беруге тыйым салынады.
Бұйрықтар немесе өкімдер жазбаша немесе ауызша берілуі мүмкін.
Жауынгерлік іс-қимылдардан, дағдарыстық ахуалдар туындаған, әлеуметтік сипаттағы төтенше ахуал, төтенше жағдай режимдері енгізілген кезде, жұмылдыру, соғыс жағдайы кезеңінде немесе соғыс уақытында, сондай-ақ жедел іздестіру, қарсы барлау, күзет іс-шараларын өткізу кезінде міндеттерді орындаудан басқа жағдайларда, бұйрықтар немесе өкімдер жазбаша түрде беріледі.