Мемлекеттік аудит объектісі, мүдделерін аудиторлық іс-шаралар қозғаған кәсіпкерлік субъектілері және өзге де тұлғалар мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау нәтижелеріне шағым жасаған кезде қылмыстық құқық бұзушылық белгілері бар материалдарды тиісті аудиторлық дәлелдемелерімен бірге процестік шешім қабылдау үшін қылмыстық қудалау органдарына беру дауларды реттеудің апелляциялық және (немесе) сот тәртібі сақталғаннан кейін прокуратура органдары арқылы жүзеге асырылады;»;
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Ішкі аудит қызметтері мемлекеттік аудит объектісінің лауазымды адамдарының әрекеттерінде қылмыстық немесе әкімшілік құқық бұзушылық белгілері анықталған кезде материалдарды тиісті аудиторлық дәлелдемелерімен бірге қылмыстық қудалау органдарына немесе әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қозғауға және (немесе) қарауға уәкілетті органдарға беру бойынша ден қою шараларын жүзеге асырады.»;
2) 37-баптың 2-тармағы мынадай мазмұндағы 6-1) тармақшамен толықтырылсын:
«6-1) мүдделерін мемлекеттік аудиттің аудиторлық іс-шаралары қозғаған кәсіпкерлік субъектілерінің және өзге де тұлғалардың анықталған қаржылық бұзушылықтары туралы хабардар етуге;».
48. «Ақпаратқа қол жеткізу туралы» 2015 жылғы 16 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңына:
1) 1-бапта:
6-1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«6-1) ашық диалогтың интернет-порталы - мемлекет жүз пайыз қатысатын тұлғаларды қоспағанда, квазимемлекеттік сектор субъектілері бірінші басшыларының блог-платформасы арқылы ақпарат пайдаланушылардың сұрау салуды жіберу, сондай-ақ ақпарат пайдаланушылардың интернет-конференцияларға және сауалнамаларға қатысу мүмкіндігін қамтамасыз ететін ақпараттандыру объектісі;»;
мынадай мазмұндағы 8-1) тармақшамен толықтырылсын:
«8-1) мемлекет жүз пайыз қатысатын тұлғаларды қоспағанда, квазимемлекеттік сектор субъектілері бірінші басшыларының блог-платформасы - азаматтардың сұрау салуды жіберу және квазимемлекеттік сектор субъектілерінің бірінші басшыларынан оларға жауап алу мүмкіндігін қамтамасыз ететін ақпараттандыру объектісі;»;
11-1) тармақша алып тасталсын;
2) 11-баптың 5-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«5. Жазбаша сұрау салуда:
1) ақпаратты сұрататын жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (егер ол жеке басын куәландыратын құжатта көрсетілсе), жеке сәйкестендіру нөмірі;
2) заңды тұлға атынан жүгіну кезінде - заңды тұлғаның толық атауы, бизнес сәйкестендіру нөмірі, сұрау салудың шығыс нөмірі және күні, оған қол қойған адамның тегі, аты-жөні мен лауазымы көрсетіледі.
Сұрау салуда пошта мекенжайы немесе электрондық поштасының мекенжайы, телефон немесе телефакс нөмірі, өзге де байланыс құралдары көрсетілуге тиіс.
Жазбаша сұрау салуға жеке тұлға немесе заңды тұлғаның өкілі қол қоюға тиіс. Электрондық құжат түріндегі сұрау салу электрондық цифрлық қолтаңбамен куәландырылуға тиіс.
Мемлекет жүз пайыз қатысатын тұлғаларды қоспағанда, квазимемлекеттік сектор субъектілері бірінші басшыларының блог-платформасы арқылы жіберілген электрондық нысандағы сұрау салу жазбаша сұрау салуға теңестіріледі.
Ақпарат пайдаланушының «электрондық үкіметтің» веб-порталында есепке алу жазбалары болған және оған ұялы байланыс операторы берген ақпарат пайдаланушының абоненттік нөмірі қосылған жағдайда мемлекет жүз пайыз қатысатын тұлғаларды қоспағанда, квазимемлекеттік сектор субъектілері бірінші басшыларының блог-платформасы арқылы жіберілетін сұрау салуға оның қол қоюы талап етілмейді.»;
3) 17-баптың 6-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«6. Ашық диалогтың интернет-порталында осы Заңның 8-бабының 1) және 3) тармақшаларында көрсетілген ақпарат иеленушілер интернет-конференциялар мен сауалнамалар өткізеді, сондай-ақ 3) тармақшада көрсетілген ақпарат иеленушілер, мемлекет жүз пайыз қатысатын тұлғаларды қоспағанда, квазимемлекеттік сектор субъектілері бірінші басшыларының блог-платформасы арқылы келіп түскен сұрау салуларға жауап береді.».
49. «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» 2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңына:
1) 15-бап мынадай мазмұндағы 5, 6 және 7-тармақтармен толықтырылсын:
«5. Жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламалары бойынша мемлекеттік тапсырыс шеңберінде Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында уәкілетті орган белгілеген мәннен төмен емес оқу нәтижесімен оқуын бітірген адамдар оқуды бітіргеннен кейін бір жыл ішінде жергілікті атқарушы органдарда, мәслихаттар аппараттарында, ревизиялық комиссияларда, орталық мемлекеттік органдардың және олардың ведомстволарының аумақтық бөлімшелерінде (астана мен оның аудандарындағы жергілікті атқарушы органдардан, мәслихат аппаратынан, ревизиялық комиссиялардан, орталық мемлекеттік органдар мен олардың ведомстволарының аумақтық бөлімшелерінен басқа) «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына уәкілетті органмен немесе оның аумақтық бөлімшесімен келісу бойынша конкурс өткізілместен орналаса алады.
6. Жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламалары бойынша мемлекеттік тапсырыс шеңберінде білім беру ұйымдарында уәкілетті орган белгілеген мәннен төмен емес оқу нәтижесімен оқуын бітірген адамдар осы оқуды бітіргеннен кейін бір жыл ішінде конкурс өткізілместен «Б» корпусының мына мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына:
1) облыс ауданының немесе облыстық маңызы бар қаланың (облыстың әкімшілік орталығы болып табылатын қаладан басқа) әкімі және мәслихаты аппараттарының төменгі лауазымына;
2) жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын облыс ауданы және облыстық маңызы бар қала (облыстың әкімшілік орталығы болып табылатын қаладан басқа) атқарушы органының басшылық емес лауазымына;
3) аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімі аппаратының басшылық емес лауазымына;
4) орталық мемлекеттік органның және оның ведомствосының облыс ауданындағы немесе облыстық маңызы бар қаладағы (облыстың әкімшілік орталығы болып табылатын қаладан басқа) аумақтық бөлімшесінің басшылық емес лауазымына орналаса алады.
7. «Б» корпусының:
1) орталық мемлекеттік органның дербес құрылымдық бөлімшесінің басшысы;
2) орталық мемлекеттік органның және оның ведомствосының облыстағы, республикалық маңызы бар қаладағы, астанадағы аумақтық бөлімшесінің басшысы;
3) облыстық бюджеттен, республикалық маңызы бар қаланың, астананың бюджеттерінен қаржыландырылатын облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың атқарушы органының басшысы;
4) орталық мемлекеттік органның ведомствосы басшысының орынбасары;
5) Жоғарғы Соттың қызметін ұйымдастырушылық және материалдық-техникалық қамтамасыз ету жөніндегі уәкілетті орган басшысының орынбасары;
6) Қазақстан Республикасы Жоғары Сот Кеңесінің Аппараты басшысының орынбасары мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына уәкілетті органмен келісу бойынша конкурс өткізілместен орналасуға жол беріледі.»;
2) 17-баптың 4-тармағының екінші бөлігі «(орган)» деген сөзден кейін «уәкілетті органмен немесе оның аумақтық бөлімшесімен келісу бойынша» деген сөздермен толықтырылсын;
3) 26-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«26-бап. «Б» корпусының мемлекеттік лауазымдарына мемлекеттік қызметке алғаш рет кіретін немесе қайтадан кіретін азаматтарды іріктеу
«Б» корпусының мемлекеттік лауазымдарына алғаш рет кіретін немесе мемлекеттік қызметті тоқтатқаннан кейін оған қайтадан кіретін азаматтар Қазақстан Республикасының Президенті айқындайтын іріктеу кезеңдерінен өтеді.»;
4) 27-бапта:
1-1-тармақтың бірінші бөлігіндегі «іріктеуді мемлекеттік лауазымдарға тағайындауға құқығы бар лауазымды адамның (органның) шешімімен құрылатын мемлекеттік органның конкурстық комиссиясы жүзеге асырады» деген сөздер «іріктеу уәкілетті орган айқындайтын конкурс өткізу тәртібіне сәйкес жүзеге асырылады» деген сөздермен ауыстырылсын;
2-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«2. «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға арналған конкурстың кезеңдерін Қазақстан Республикасының Президенті айқындайды.»;
5) 33-баптың 6-тармағының бірінші бөлігінде:
«Б» корпусының» деген сөздер «Қазақстан Республикасының Президенті айқындайтын мемлекеттік қызметшілердің қызметіне бағалау жүргізу тәртібі мен мерзімдеріне сәйкес «Б» корпусының» деген сөздермен ауыстырылсын;
«қатарынан екі жыл бойы» деген сөздер алып тасталсын.
50. «Мемлекеттік сатып алу туралы» 2015 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына:
1) 2-баптың 14) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«14) мемлекеттік сатып алу - Қазақстан Республикасының бейрезиденттеріне қызметтер көрсетуге байланысты халықаралық әуежайлардың кірістерін қоспағанда, тапсырыс берушілердің тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді толықтай немесе ішінара бюджет қаражаты, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Білім беру инфрақұрылымын қолдау қорынан бөлінген ақша және (немесе) меншікті кірістері есебінен сатып алуы;»;
2) 5-бапта:
2-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Тапсырыс беруші тиісті бюджет (даму жоспары), Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Білім беру инфрақұрылымын қолдау қорынан бөлінген ақша немесе жеке қаржыландыру жоспары негізінде мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларында айқындалған тәртіппен және нысанда мемлекеттік сатып алудың жылдық жоспарын әзірлейді және бекітеді.»;
4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Мемлекеттік сатып алудың жылдық жоспарын экономикалық сыныптаманың мемлекеттік сатып алу туралы шарттар жасасу талап етілетін өзіндік ерекшеліктері (шығыстар баптары) бойынша жиынтықта бюджетке (даму жоспарына), Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Білім беру инфрақұрылымын қолдау қорынан бөлінген ақшаға немесе жеке қаржыландыру жоспарына сәйкес келмейтін көлемде бекітуге (нақтылауға) жол берілмейді.»;
7-тармақтың екінші бөлігі 6) тармақшасындағы «сатып алу жағдайларына қолданылмайды.» деген сөздер «сатып алу;» деген сөздермен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 7) тармақшамен толықтырылсын:
«7) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Білім беру инфрақұрылымын қолдау қорынан бөлінген ақша есебінен мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру жағдайларына қолданылмайды.»;
мынадай мазмұндағы 15-тармақпен толықтырылсын:
«15. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Білім беру инфрақұрылымын қолдау қорының қаражаты есебінен қаржыландырылатын мемлекеттік сатып алу осы баптың талаптары сақтала отырып іске асырылады.»;
3) 39-баптың 3-тармағында:
6) тармақша алып тасталсын;
9) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«9) жедел есепке алу ісі бойынша жедел-іздестіру қызметін, барлау, қарсы барлау қызметін жүзеге асыру үшін, қылмыстық іс бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыру үшін, халықаралық сұранысты орындау үшін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес оларды жүзеге асыруға уәкілеттік берілген органдардың, сондай-ақ өздеріне қатысты Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздік органдары Қазақстан Республикасының мемлекеттік мүлік туралы заңнамасына сәйкес басқаруды жүзеге асыратын мемлекеттік кәсіпорындардың және дауыс беретін акцияларының жүз пайызы мемлекетке тиесілі акционерлік қоғамдардың:
жедел-іздестіру, қарсы барлау қызметін жүзеге асыратын органдарға құпия түрде жәрдем көрсетуге келісім берген адамдар көрсететін қызметтерді;
қызметтік үй-жайларды, көлік құралдары мен өзге де техникалық құралдарды, ақпараттық жүйелерді, мүлікті, сондай-ақ оларды ұстау, қызмет көрсету және техникалық қолдау бойынша көрсетілетін қызметтерді;
астыртын ұйымдар мен объектілерді құру және ұстау үшін тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді;
қажетті ғылыми-техникалық немесе өзге де арнаулы танымдары бар лауазымды адамдар, аудармашылар, сарапшылар мен мамандар көрсететін қызметтерді сатып алуы.
Жедел-іздестіру қызметін жүзеге асыратын органдардың штаттағы жасырын қызметкерлерінің қызметін қамтамасыз ету үшін жедел есепке алу ісі шеңберінен тыс осы тармақшада көрсетілген тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алуға жол беріледі;»;
53) тармақшадағы «Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес актімен айқындалған тұрғын емес мақсаттағы ғимаратты, құрылысты, құрылысжайды, үй-жайды сатып алу, сондай-ақ тұрғын емес мақсаттағы ғимаратты, құрылысты, құрылысжайды, үй-жайды жалдау» деген сөздер «Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес актімен айқындалған тұрғын емес мақсаттағы ғимаратты, құрылысты, құрылысжайды, үй-жайды жалдау бойынша көрсетілетін қызметтерді сатып алу» деген сөздермен ауыстырылсын;
4) 41-бапта:
1-тармақтағы «және 5)» деген сөздер «, 5) және 6)» деген сөздермен ауыстырылсын;
3-тармақтың екінші бөлігінің 2) тармақшасындағы «және 5)» деген сөздер «, 5) және 6)» деген сөздермен ауыстырылсын;
5) 43-бапта:
11-тармақ мынадай мазмұндағы тоғызыншы бөлікпен толықтырылсын:
«Тапсырыс беруші тікелей мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасасу арқылы бір көзден алу тәсілімен мемлекеттік сатып алу бойынша мемлекеттік сатып алу туралы шарттың орындалуын қамтамасыз етуді және авансты қамтамасыз етуді (мемлекеттік сатып алу туралы шартта аванс көзделген жағдайда) енгізу туралы талапты ақшаның оңтайлы және тиімді жұмсалуын ескере отырып айқындайды.»;
19-тармақ мынадай мазмұндағы 2-1) тармақшамен толықтырылсын:
«2-1) осы баптың 23-1-тармағында көзделген шектеулер бұзылған;».
51. «Қазақстан Республикасының Жоғары Сот Кеңесі туралы» 2015 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына:
3-баптың 1-тармағының 6) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«6) Жоғарғы Сот Төрағасының ұсынуы бойынша сот әкімшілігі саласындағы уәкілетті орган басшысының лауазымына кандидатты тағайындауға және оны лауазымынан босатуға келісім беру туралы мәселені Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен қарайды;».
52. «Құқықтық актілер туралы» 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына:
1) 19-баптың 1-тармағының төртінші бөлігіндегі «Кәсіпкерлік» деген сөз «Қазақстан Республикасының Үкіметі жанындағы сауда саясаты жөніндегі консультативтік-кеңесші органның шешімі негізінде елеулі маңызды тауарлар тізбесіне енгізілген азық-түлік тауарларының немесе өзге де тауарлардың ішкі нарықта аса жетіспеушілігін болғызбау не азайту және Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында тыйым салу мен сандық шектеуді және кедендік-тарифтік реттеу шараларын енгізуді көздейтін, сараптамалық қорытынды ұсыну мерзімі бес жұмыс күнін құрайтын нормативтік құқықтық актілердің жобаларын қоспағанда, кәсіпкерлік» деген сөздермен ауыстырылсын;
2) 42-баптың 6-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«6. Ішкі нарықтағы аса жетіспеушілікті болғызбау не азайту, елдің қорғанысы мен Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігін қамтамасыз ету, адамның өмірі мен денсаулығын, қоршаған ортаны, жануарларды, өсімдіктерді, мәдени құндылықтарды сақтау, қоғамдық мораль мен құқықтық тәртіпті қорғау мақсатында тауарлардың жекелеген түрлерінің экспортына немесе импортына рұқсат беру тәртібін енгізу үшін орталық мемлекеттік органдар әзірлеген нормативтік құқықтық актілерді қоспағанда, жекелеген қызмет түрлеріне (кіші түрлеріне) қойылатын біліктілік немесе рұқсат беру талаптарын және біліктілік немесе рұқсат беру талаптарына сәйкестікті растайтын құжаттар тізбесін бекітетін нормативтік құқықтық актілер алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткенге дейін қолданысқа енгізілмейді.».
53. «Лотереялар және лотерея қызметі туралы» 2016 жылғы 9 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына:
14-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«14-бап. Лотереядан аударымдар
Лотерея операторы өткізілген лотерея билеттерінен, түбіртектерден немесе өзге де құжаттардан түскен түсім мен жүлде қоры арасындағы айырманың кемінде он пайызын дене шынықтыру мен спортты дамытуға бағытталған бюджеттен тыс ақша қаражатын бөлу жөніндегі қызметті жүзеге асыратын бірыңғай операторға дене шынықтыру мен спортты дамыту үшін, сондай-ақ өткізілген лотерея билеттерінен, түбіртектерден немесе өзге де құжаттардан түскен түсім мен жүлде қоры арасындағы айырманың кемінде он пайызын «Қазақстан халқына» қоғамдық қорына міндетті мүліктік жарна нысанында тоқсан сайын жіберуге міндетті.».
54. «Төлемдер және төлем жүйелері туралы» 2016 жылғы 26 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына:
1) 27-бапта:
3-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Осы баптың 2-тармағы 1) және 2) тармақшаларының ережелері:
1) клиент - жеке тұлғаға мемлекеттік бюджеттен және (немесе) Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан төленетін жәрдемақыларды, әлеуметтік төлемдерді немесе мемлекеттік бюджеттен және (немесе) бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан және (немесе) ерікті жинақтаушы зейнетақы қорынан төленетін зейнетақыларды, сондай-ақ алименттерді (кәмелетке толмаған және еңбекке қабілетсіз кәмелетке толған балаларды күтіп-бағуға арналған ақшаны) есепке жатқызуға арналған банктік шотты;
2) жеке тұрғын үй қорынан жалға алынған тұрғын үйге ақы төлеу мақсатында төлемдер мен субсидияларды есепке жатқызуға арналған тұрғын үй құрылысы жинақ банкінде банктік шоттар ашу жағдайларына қолданылмайды.»;
10-тармақтың үшінші бөлігі мынадай мазмұндағы 2-2) тармақшамен толықтырылсын:
«2-2) жеке тұрғын үй қорынан жалға алынған тұрғын үйге ақы төлеу мақсатында төлемдер мен субсидияларды есепке жатқызуға арналған тұрғын үй құрылысы жинақ банкіндегі банктік шоттардағы ақшаға;»;
11-тармақтың екінші бөлігі «банктеріндегі банктік шоттардағы ақшаға» деген сөздерден кейін «, жеке тұрғын үй қорынан жалға алынған тұрғын үйге ақы төлеу мақсатында төлемдер мен субсидияларды есепке жатқызуға арналған тұрғын үй құрылысы жинақ банкіндегі банктік шоттардағы ақшаға» деген сөздермен толықтырылсын;
2) 46-баптың 7-тармағы бірінші бөлігінің 5) тармақшасы «зейнетақы төлемдерін,» деген сөздерден кейін «жеке тұрғын үй қорынан жалға алынған тұрғын үйге ақы төлеу мақсатында төлемдер мен субсидияларды есепке жатқызуға арналған тұрғын үй құрылысы жинақ банкіндегі банктік шоттардағы ақшаны,» деген сөздермен толықтырылсын.
55-тармақ 2023 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
55. «Дактилоскопиялық және геномдық тіркеу туралы» 2016 жылғы 30 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына:
39-баптың екінші бөлігіндегі «2023» деген цифрлар «2024» деген цифрлармен ауыстырылсын.
56. «Табиғи монополиялар туралы» 2018 жылғы 27 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына:
1) 8-бапта:
мынадай мазмұндағы 24-3) тармақшамен толықтырылсын:
«24-3) мемлекеттік мүлікті басқару жөніндегі уәкілетті органға, жергілікті атқарушы органға, осы Заңның 5-бабы 1-тармағының 10), 12) және 13) тармақшаларында көзделген реттеліп көрсетілетін қызметтерді ұсынатын табиғи монополиялар субъектілерін қоспағанда, табиғи монополиялар субъектілері реттеліп көрсетілетін қызметтерді ұсынған кезде технологиялық циклде пайдаланылатын және мүлікті балансқа және (немесе) сенімгерлік басқаруға беру жоспарына сәйкес жергілікті атқарушы органдардан берілетін мүлікті беру шартын келіседі;»;
25) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«25) табиғи монополиялар субъектілері реттеліп көрсетілетін қызметтерді ұсынған кезде технологиялық циклде пайдаланылатын мүлік жергілікті атқарушы органдардан өтеусіз пайдалануға алу кезінде, оның ішінде электр желілері басқа энергия беруші ұйымдардан балансқа және (немесе) сенімгерлік басқаруға алынған жағдайда, бекітілген тарифтік сметаға тиісті жылға арналған әлеуметтік-экономикалық даму болжамы деңгейінен асырмай өзгеріс енгізеді;»;
мынадай мазмұндағы 35-1) тармақшамен толықтырылсын:
«35-1) жергілікті атқарушы органдарға, осы Заңның 5-бабы 1-тармағының 10), 12) және 13) тармақшаларында көзделген реттеліп көрсетілетін қызметтерді ұсынатын табиғи монополиялар субъектілерін қоспағанда, табиғи монополиялар субъектілері реттеліп көрсетілетін қызметтерді ұсынған кезде технологиялық циклде пайдаланылатын мүлікті балансқа және (немесе) сенімгерлік басқаруға беру жоспарын келіседі;»;
2) 10-бап мынадай мазмұндағы 3-1) тармақшамен толықтырылсын:
«3-1) реттеліп көрсетілетін қызметтерді ұсыну кезінде технологиялық циклде пайдаланылатын мүлікті балансқа және (немесе) сенімгерлік басқаруға беру жоспарын уәкілетті органмен келісу бойынша бекітеді;»;
3) 15-бапта:
7-тармақтың бірінші бөлігі мынадай мазмұндағы 4-1) тармақшамен толықтырылсын:
«4-1) инвестициялық бағдарламалар шеңберінде нысаналы көрсеткіштері бар субъектілерді жөндеу картасы;»;
21-тармақ «туралы» деген сөзден кейін «электрондық нысандағы» деген сөздермен толықтырылсын;
4) 21-бап мынадай мазмұндағы 4-1-тармақпен толықтырылсын:
«4-1. Уәкілетті органның және тиісті салада басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік органның не жергілікті атқарушы органның бірлескен шешімімен инвестициялық бағдарламаны бекітуден бас тарту қабылданады.»;
5) 22-бапта:
1-тармақта:
4) тармақша «бағдарламаның» деген сөзден кейін «, сондай-ақ уәкілетті орган бекіткен мемлекеттік жоспарлау жүйесі құжаттарының» деген сөздермен толықтырылсын;
мынадай мазмұндағы 9-1) және 9-2) тармақшалармен толықтырылсын:
«9-1) осы Заңның 5-бабы 1-тармағының 10), 12) және 13) тармақшаларында көзделген реттеліп көрсетілетін қызметтерді ұсынатын табиғи монополиялар субъектілерін қоспағанда, табиғи монополиялар субъектілері реттеліп көрсетілетін қызметтерді ұсынған кезде технологиялық циклде пайдаланылатын мүлік өтеусіз пайдалануға алынған жағдайда оны мүлікті балансқа және (немесе) сенімгерлік басқаруға беру жоспарына сәйкес жергілікті атқарушы органдардан балансқа және (немесе) сенімгерлік басқаруға алуы;
9-2) өңірдегі (қаладағы) экономикалық қызмет түрлері бойынша бір жұмыскердің бір жылдағы статистика деректері бойынша қалыптасқан орташа айлық номиналды жалақысының өзгеруі;»;
2-тармақтың бірінші бөлігі «9)» деген цифрдан кейін «, 9-1), 9-2)» деген цифрлармен толықтырылсын;
4-тармақтың екінші бөлігінің 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«2) осы баптың 1-тармағының 4), 6), 9-1) және 9-2) тармақшаларында көзделген жағдайларда оның ұсынылған күнінен бастап отыз жұмыс күнінен аспайтын мерзімді;»;
6) 25-баптың 12-тармағы мынадай мазмұндағы екінші, үшінші, төртінші және бесінші бөліктермен толықтырылсын:
«Жария тыңдаулар, табиғи монополиялар субъектілерінің тұтынушылар мен өзге де мүдделі тұлғалар алдындағы есептері онлайн-трансляция ұйымдастыру арқылы да жария тыңдауларға қатысушылардың кедергісіз қол жеткізуі қамтамасыз етіле отырып өткізіледі.
Елде төтенше жағдай, шектеу іс-шаралары, оның ішінде карантин енгізілген кезде уәкілетті орган немесе оның аумақтық бөлімшелері, табиғи монополиялар субъектілері жария тыңдауларды, тұтынушылар мен өзге де мүдделі тұлғалар алдындағы есептерді онлайн-трансляциялар арқылы өткізеді.
Жария тыңдаулар онлайн-трансляциялар арқылы өткізілген кезде уәкілетті органның ведомствосы немесе оның аумақтық бөлімшесі жария тыңдаулар өткізілетін күнге дейін күнтізбелік он күннен кешіктірмей, бұқаралық ақпарат құралдарында және интернет-ресурста жария тыңдаулардың күнін, уақытын және онлайн-трансляцияға сілтемені көрсете отырып, алдағы жария тыңдау туралы хабарландыруды орналастырады.
Егер табиғи монополия субъектісінің қаржылық есептілігі Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес міндетті аудитке жататын болса, оны бұқаралық ақпарат құралдарында осы баптың 2-тармағында көзделген орналастыру аудит аяқталғаннан кейін күнтізбелік он күн ішінде жүзеге асырылады.»;
7) 26-баптың 2-тармағының бірінші бөлігінде:
17) тармақша «есептерді» деген сөзден кейін «электрондық нысанда» деген сөздермен толықтырылсын;
мынадай мазмұндағы 24-2) және 24-3) тармақшалармен толықтырылсын:
«24-2) табиғи монополиялар субъектісінің меншігіндегі реттеліп көрсетілетін қызметтерді ұсыну кезінде технологиялық циклде пайдаланылатын мүлікті сенімгерлік басқару шартын уәкілетті органмен келісуге;
24-3) халықаралық қаржы ұйымдарынан, мамандандырылған салалық банктерден, Қазақстанның Даму Банкінен және Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктерінен қарыздар тарту үшін кредиттік келісімдерді уәкілетті органмен келісуге;»;
34) тармақшадағы «тұтынушы жылжымалы құрамның жүріп өтуі үшін пайдаланатын кірме жолдың» деген сөздер «тұтынушыға (контрагентке) дейінгі» деген сөздермен ауыстырылсын.
57. «Қорғаныс өнеркәсібі және мемлекеттік қорғаныстық тапсырыс туралы» 2019 жылғы 18 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына:
20-баптың 1-тармағының бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Мемлекеттік қорғаныстық тапсырыстың жобасы Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне, осы Заңға және Қазақстан Республикасының басқа да нормативтік құқықтық актілеріне, мемлекеттік органдардың даму жоспарларына, Қазақстан Республикасының халықаралық шарттары мен міндеттемелеріне сәйкес мемлекеттік қорғаныстық тапсырысты алушылардың өтінімдері бойынша қалыптастырылады.».