«7. Талаптар тізілімін қалыптастыруды және жүргізуді кәсіпкерлік жөніндегі уәкілетті орган жүзеге асырады.»;
32) тармақшада:
он тоғызыншы, жиырмасыншы, жиырма бірінші және қырық жетінші абзацтар мынадай редакцияда жазылсын:
«7. Тәуекелдерді бағалау және басқару жүйесін реттеуші мемлекеттік органдар бақылау мен қадағалау субъектілерін (объектілерін) нақты тәуекел дәрежелеріне жатқызатын және бақылау іс-шараларын жүргізу графиктерін немесе тізімдерін автоматты режимде қалыптастыратын тәуекелдерді бағалау мен басқарудың ақпараттық жүйелерін пайдалана отырып жүргізеді, сондай-ақ ол мемлекеттік статистикаға, ведомстволық статистикалық байқау қорытындыларына, сондай-ақ ақпараттық құралдарға негізделеді.
Автоматты режимде тәуекелдерді бағалау мен басқарудың ақпараттық жүйесі болмаған кезде бақылау мен қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау және (немесе) тексеру жүзеге асырылатын бақылау мен қадағалау субъектілері (объектілері) санының ең аз жол берілетін шегі белгілі бір бақылау мен қадағалау саласындағы осындай бақылау мен қадағалау субъектілері (объектілері) жалпы санының бес пайызынан аспауға тиіс.
Бақылау және қадағалау органдарының тәуекелдерді бағалау және басқару жүйесін ақпараттық жүйелерді пайдалана отырып, автоматты режимде қалыптастыру тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттарының өзіндік ерекшелігі мен құпиялылығы ескеріле отырып, реттеуші мемлекеттік органдардың тәуекелдерді бағалау және басқару жүйесін қалыптастыруы қағидаларына сәйкес жүзеге асырылады.»;
«2. Тәуекелдерді бағалау мен басқарудың ақпараттық жүйесі автоматты режимде қалыптастырған график талаптарға сәйкестік тұрғысынан тексеру тағайындауға негіз болып табылады.»;
мынадай мазмұндағы қырық сегізінші абзацпен толықтырылсын:
«Тәуекелдерді бағалау мен басқарудың автоматтандырылған ақпараттық жүйесі болмаған кезде графикті реттеуші мемлекеттік орган бекітеді.»;
қырық сегізінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
«График өздеріне қатысты талаптарға сәйкестік тұрғысынан тексеру тағайындалған бақылау мен қадағалау субъектілерін (объектілерін) міндетті түрде көрсете отырып, бақылау мен қадағалау субъектілеріне (объектілеріне) қатысты жыл сайынғы негізде тәуекелдерді бағалау мен басқарудың ақпараттық жүйесінде автоматты режимде қалыптастырылады.»;
33) тармақшаның он бесінші және он жетінші абзацтарындағы «Реттеуші», «Бақылау және» деген сөздер тиісінше «Тәуекелдерді бағалау мен басқарудың ақпараттық жүйелерінде графиктер мен жартыжылдық тізімдерді автоматты режимде қалыптастыру жағдайын қоспағанда, реттеуші,», «Тәуекелдерді бағалау мен басқарудың ақпараттық жүйелерінде графиктер мен жартыжылдық тізімдерді автоматты режимде қалыптастыру жағдайын қоспағанда, бақылау және» деген сөздермен ауыстырылсын;
2) 2-бапта:
1-тармақтың 4) тармақшасындағы «төртінші - жетпіс жетінші» деген сөздер «төртінші - он бірінші, жиырма алтыншы, отыз екінші, отыз алтыншы - қырық бесінші, елу алтыншы - елу тоғызыншы, алпыс бесінші, алпыс жетінші - жетпіс жетінші» деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы 3-тармақпен толықтырылсын:
«3. Осы Заңның 1-бабының 3-тармағы 21) тармақшасының он екінші - жиырма бесінші, жиырма жетінші - отыз бірінші, отыз үшінші - отыз бесінші, қырық алтыншы - елу бесінші, алпысыншы - алпыс төртінші және алпыс алтыншы абзацтары Қазақстан Республикасының тексерулер жүргізу тәртібін регламенттейтін заңдары қолданысқа енгізілген күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының осы заңдары қолданысқа енгізілгенге дейін бақылау және қадағалау органдары осы тексерулерді 2022 жылғы 31 желтоқсанға қолданыста болатын тәртіпке сәйкес жүзеге асырады.».
2-бап.
1. Осы Заң:
1) 2022 жылғы 8 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін 1-баптың 61-тармағының 2) тармақшасын, 3) тармақшасының үшінші абзацын және 5) тармақшасын;
2) 2022 жылғы 2 наурыздан бастап қолданысқа енгізілетін 1-баптың 39-тармағының 9) және 10) тармақшаларын;
3) 2022 жылғы 1 желтоқсаннан бастап қолданысқа енгізілетін 1-баптың 3-тармағы 20) тармақшасының үшінші және алтыншы абзацтарын, 21), 22) және 23) тармақшаларын, 30-тармағы 1) тармақшасының үшінші абзацын;
4) 2022 жылғы 31 желтоқсаннан бастап қолданысқа енгізілетін 1-баптың 62-тармағын;
5) 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін 1-баптың 13, 16, 32, 38, 41, 42, 45, 55 және 60-тармақтарын;
6) алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізілетін 1-баптың 14-тармағының 1) және 2) тармақшаларын және 22-тармағын;
7) алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізілетін 1-баптың 5-тармағы 8) тармақшасының екінші және үшінші абзацтарын және 9) тармақшасын, 7-тармағы 3) тармақшасының жетінші және сегізінші абзацтарын, 24-тармағының 3) тармақшасын, 25-тармағы 2) тармақшасының төртінші және бесінші абзацтарын, 3) тармақшасының төртінші және тоғызыншы абзацтарын, 6) тармақшасының бірінші, екінші, үшінші, төртінші, бесінші, алтыншы, тоғызыншы, оныншы және он бірінші абзацтарын және 11) тармақшасын, 37-тармағының 2), 3), 4) тармақшаларын, 5) тармақшасының тоғызыншы, оныншы, он бірінші, он екінші, он үшінші және он төртінші абзацтарын, 6) және 7) тармақшаларын;
8) алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізілетін 1-баптың 25-тармағы 6) тармақшасының жетінші, сегізінші және он екінші абзацтарын;
9) 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін 1-баптың 3-тармағы 27) тармақшасының төртінші және бесінші абзацтарын және 28) тармақшасын қоспағанда, алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
2. Мыналар:
1) осы Заңның 1-бабы 36-тармағының 1) және 2) тармақшалары 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап 31 желтоқсанға дейін қолданылады;
2) осы Заңның 1-бабының 3-тармағы 11) тармақшасының жетінші және сегізінші абзацтары 2022 жылғы 1 қаңтар - 2024 жылғы 1 қаңтар аралығында қолданылады;
3) осы Заңның 1-бабы 3-тармағының 1), 6), 18), 19) тармақшалары, 20) тармақшасының бесінші абзацы, 24) тармақшасының екінші, үшінші, сегізінші, тоғызыншы, оныншы, он екінші абзацтары, 25) тармақшасының үшінші абзацы, 29) және 30) тармақшалары, 30-тармағы 1) тармақшасының алтыншы абзацы, 2) және 5) тармақшалары 2026 жылғы 1 қаңтарға дейін қолданылады деп белгіленсін.
3-бап. Мыналар:
2024.08.07. № 116-VІІІ ҚР Заңымен 1) тармақша өзгертілді (2024 ж. 9 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1) Осы Заң қолданысқа енгізілгенге дейін айрықша немесе артықшылықты құқық берілген нарық субъектілерінің қызметі осы Заң қолданысқа енгізілген күннен бастап алты ай ішінде осы Заңға сәйкес келтірілуге тиіс;
2) осы Заң қолданысқа енгізілгенге дейін мемлекеттік бюджеттің, Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің және (немесе) оның еншілес ұйымдарының қаражатын алған банктер осы Заңның 1-бабы 14-тармағының 1) тармақшасын ескере отырып, пайданы да бөледі, жай және (немесе) артықшылықты акциялар және (немесе мерзімсіз) қаржы құралдары бойынша дивидендтерді есепке де жазады, өз акцияларын кері сатып алуды да жүргізеді деп белгіленсін.
Осы Заңның 1-бабы 14-тармағының 2) тармақшасы қолданысқа енгізілген күнге банктің орналастырылған акцияларының (артықшылықты және банк сатып алған акциялар шегеріле отырып) он немесе одан көп пайызын тікелей немесе жанама түрде иеленетін, пайдаланатын және (немесе) оған билік ететін, сондай-ақ уәкілетті органның алдын ала жазбаша келісімін алмай, банктің орналастырылған акцияларының (артықшылықты және банк сатып алған акциялар шегеріле отырып) он немесе одан көп пайызы мөлшерінде банк қабылдайтын шешімдерді бақылайтын немесе оларға ықпал ету мүмкіндігі бар тұлғалар осы Заңның 1-бабы 14-тармағының 2) тармақшасы қолданысқа енгізілген күннен бастап күнтізбелік отыз күн ішінде өз қызметін ірі қатысушы (банк холдингі) мәртебесін алуға тиісті өтініштер мен құжаттарды беру арқылы «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 17-1-бабында белгіленген талаптарға сәйкес келтіруге не тікелей немесе жанама түрде өздеріне тиесілі банк акцияларын «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 17-1-бабында белгіленген деңгейден төмен деңгейге дейін азайтуға міндетті;
3) осы Заңның 1-бабы 18-тармағының бесінші және алтыншы абзацтарында көрсетілген операцияларды 2022 жылғы 1 қаңтардан бастап осы Заң қолданысқа енгізілгенге дейінгі кезеңде тұрғын үй құрылысы жинақ банкі қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау мен қадағалау жөніндегі уәкілетті органның лицензиясынсыз жүзеге асырады;
4) осы Заңның 1-бабы 36-тармағының 1) және 2) тармақшалары айырбастау шарты бойынша автомобиль көлік құралдарын сатып алу және иеліктен шығару кезінде Қазақстан Республикасы Президентінің, Қазақстан Республикасы Парламентінің, Қазақстан Республикасы Үкіметінің қызметін қамтамасыз ететін мемлекеттік органға қатысты қолданылады деп белгіленсін.
Қазақстан Республикасы Президентінің, Қазақстан Республикасы Парламентінің, Қазақстан Республикасы Үкіметінің қызметін қамтамасыз ететін мемлекеттік орган айырбастау шарты бойынша автомобиль көлік құралдарын сатып алу (иеліктен шығару) тәртібін мемлекеттік мүлікті басқару жөніндегі уәкілетті органмен келісу бойынша әзірлейді және бекітеді;
5) осы Заңның 1-бабының 5-тармағы 2) тармақшасының, 46-тармағы 1) тармақшасының оныншы және он бірінші абзацтарының, 4) тармақшасының екінші және үшінші абзацтарының, 5) тармақшасының жетінші және сегізінші абзацтарының, 6), 9), 18), 21) және 22) тармақшаларының күші осы Заң қолданысқа енгізілген күнге дейін конкурстық құжаттамасы бекітілген немесе мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасын іске асыру қажеттілігінің бар екендігі туралы уәкілетті тұлғаның қорытындысы берілген жобаларға қолданылмайды деп белгіленсін.
Қазақстан Республикасының
Президенті
Қ. ТОҚАЕВ
Астана, Ақорда, 2022 жылғы 30 желтоқсан
№ 177-VІІ ҚРЗ