3) аумақтық кеден органына электрондық сауда операторларының тізіліміне енгізу туралы өтініш берілген күні:
белгіленген мерзімде орындалмаған, кедендік төлемдерді, салықтарды, арнайы демпингке қарсы, өтемақы баждарын, өсімпұлдарды, пайыздарды төлеу жөніндегі міндеттің;
заңды тұлғаға қатысты банкроттық рəсімін қозғау фактілерінің болмауы;
4) аумақтық кеден органына өтініш берілген күнге дейінгі бір жыл ішінде Қазақстан Республикасы Əкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 521, 528, 532, 533, 534, 539, 540, 555 жəне 558-баптарына сəйкес əкімшілік жауаптылыққа тарту фактілерінің болмауы;
5) кеден органдарының цифрлық жүйесімен өзара іс-қимылды қамтамасыз ететін цифрлық жүйенің болуы не электрондық сауда тауарлары, осындай тауарлармен жасалған операциялар жəне осындай тауарларды сатып алған жеке тұлғалар туралы электрондық құжаттар мен мəліметтерді жіберу мақсатында кеден органдарының цифрлық жүйесі арқылы электрондық сауда операторының кеден органымен өзара іс-қимылының Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де тəсілінің болуы;
6) өкілі болып отырған тұлғалардың мүлкіне зиян келтіру салдарынан басталуы мүмкін электрондық сауда операторының азаматтық жауапкершілігінің тəуекелін сақтандыру шартында белгіленетін сақтандыру сомасына сақтандыру шартының болуы;
7) электрондық шот-фактуралардың цифрлық жүйесін пайдалану туралы шарттың (келісімнің) болуы.
2. Кеден ісі саласындағы қызметті жүзеге асыратын заңды тұлғаның міндеттерін орындауды қамтамасыз ету мөлшерін Комиссия айқындайды.
528-3-бап. Электрондық сауда операторларының тізіліміне енгізу тәртібі
1. Электрондық сауда операторларының тізіліміне енгізу туралы өтінішті заңды тұлға қызмет аймағында электрондық сауда операторлары құрылатын аумақтық кеден органына сақтандырушының интернет-ресурсын және (немесе) басқа да ұйымдардың интернет-ресурстарын пайдалана отырып, электрондық нысанда жасалатын электрондық сауда операторларының азаматтық-құқықтық жауапкершілігін сақтандыру шартын қоса бере отырып, кеден органдарының цифрлық жүйесі арқылы береді.
2. Қызмет аймағында электрондық сауда операторы құрылатын аумақтық кеден органы өтінішті аумақтық кеден органында тіркелген күнінен бастап он жұмыс күні ішінде қарайды.
3. Аумақтық кеден органының лауазымды адамы осы Кодекстің 415-бабының 3-тармағына сәйкес өтініш иесінің құрылысжайларының (үй-жайларының, алаңдарының) осы Кодекстің 528-2-бабы 1-тармағының 1) тармақшасында айқындалған талаптарға сәйкестігін кедендік қарап тексереді.
Құрылысжайларды (үй-жайларды, алаңдарды) кедендік қарап тексеру кезінде өтініш беруші аумақтық кеден органының лауазымды адамына түпнұсқаларын көрсете отырып, мынадай:
1) меншігінде, шаруашылық жүргізуінде, жедел басқаруында немесе жалға алуында кеден қоймасы кедендік рәсімімен орналастырылған электрондық сауда тауарларын уақытша сақтау және (немесе) электрондық сауда тауарларын сақтау орны ретінде пайдалануға арналған құрылысжайлардың, (үй-жайлардың, алаңдардың) болуын растайтын құжаттардың;
2) мыналардың:
тиеу-түсіру механизмдерінің не тиеу-түсіру механизмдерін пайдаланумен байланысты көрсетілетін қызметтерді ұсынатын тұлғамен шарттың;
орналастырылатын тауарлардың сипатына сәйкес келетін сертификатталған таразы жабдығының болуын растайтын құжаттардың көшірмелерін ұсынады.
Бұл ретте ұсынылған құжаттардың көшірмелері аумақтық кеден органында қалатын, құрылысжайларды (үй-жайларды, аумақтарды) кедендік қарап тексеру актісіне қоса беріледі.
4. Электрондық сауда операторларының тізіліміне енгізу туралы шешімді аумақтық кеден органы қабылдайды және ол кеден органдарының цифрлық жүйесінде қалыптастырылады.
Электрондық сауда операторларының тізіліміне енгізу туралы шешім кеден органдарының цифрлық жүйесінде тіркелген күнінен бастап күшіне енеді.
Заңды тұлғаны электрондық сауда операторларының тізіліміне енгізген уәкілетті орган электрондық сауда операторларының тізіліміне енгізу туралы шешім тіркелген күннен бастап бір жұмыс күнінен кешіктірмей, электрондық сауда операторларының тізіліміне енгізілгені туралы заңды тұлғаны кеден органдарының цифрлық жүйесі арқылы хабардар етеді.
5. Электрондық сауда операторларының тізіліміне енгізуден бас тарту туралы шешім осы баптың 1 және 3-тармақтарында көрсетілген құжаттар ұсынылмаған немесе өтініш беруші осы Кодекстің 528-2-бабында белгіленген шарттарға сәйкес келмеген жағдайда қабылданады.
6. Заңды тұлғаны электрондық сауда операторларының тізіліміне енгізуден бас тартылған жағдайда аумақтық кеден органы осы баптың 2-тармағында белгіленген мерзім ішінде бас тарту себептерін көрсете отырып, оны кеден органдарының цифрлық жүйесі арқылы хабардар етеді.
528-4-бап. Электрондық сауда операторларының тізіліміне енгізілген заңды тұлғалардың қызметін тоқтата тұру және қайта бастау негіздері мен тәртібі
1. Электрондық сауда операторы ретіндегі заңды тұлғаның қызметі:
1) электрондық сауда операторының қызметін тоқтата тұру себептері көрсетіле отырып, кеден органдарының цифрлық жүйесі арқылы берілген электрондық сауда операторының өтініші бойынша;
2) аумақтық кеден органы осы Кодекстің 528-2-бабы 1-тармағының 7) тармақшасында көзделген электрондық сауда операторларының тізіліміне енгізу шарттарының бұзылғанын анықтаған кезде;
3) осы Кодекстің 528-7-бабы 1-тармағының 3) тармақшасында көзделген міндет орындалмаған;
4) электрондық сауда операторы ретіндегі қызмет шеңберінде электрондық сауда операторының басшылары, бас бухгалтерлері болып табылатын жеке тұлғаларға қатысты Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 234, 236 және 286-баптарына сәйкес қылмыстық іс қозғалған жағдайларда тоқтатыла тұрады.
2. Осы баптың 1-тармағының 1) тармақшасында белгіленген негіз бойынша электрондық сауда операторының қызметі алты айға дейінгі мерзімге тоқтатыла тұрады.
Осы баптың 1-тармағының 2) және 3) тармақшаларында белгіленген негіздер бойынша электрондық сауда операторының қызметі электрондық сауда операторларының тізіліміне енгізілген заңды тұлғаның қызметін тоқтата тұруға алып келген себептерді жою үшін қажет болатын, бірақ күнтізбелік алпыс күннен аспайтын мерзімге тоқтатыла тұрады.
Осы баптың 1-тармағының 4) тармақшасында белгіленген негіз бойынша электрондық сауда операторының қызметі:
соттың қылмыстық жауаптылықтан босату туралы шешімі;
соттың қылмыстық жауаптылыққа тарту туралы шешімі;
соттың немесе уәкілетті мемлекеттік органның (лауазымды адамның) қылмыстық іс бойынша іс жүргізуді тоқтату туралы шешімі заңды күшіне енгенге дейінгі мерзімге тоқтатыла тұрады.
3. Электрондық сауда операторының қызметін тоқтата тұру туралы шешімді заңды тұлғаны электрондық сауда операторларының тізіліміне енгізген аумақтық кеден органы қабылдайды және тоқтата тұру себептері көрсетіле отырып, кеден органдарының цифрлық жүйесінде:
осы баптың 1-тармағының 1) тармақшасына сәйкес өтініш заңды тұлғаны электрондық сауда операторларының тізіліміне енгізген аумақтық кеден органында тіркелген;
кеден органы осы баптың 1-тармағының 2), 3) және 4) тармақшаларына сәйкес мән-жайларды анықтаған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде қалыптастырылады.
Электрондық сауда операторының қызметін тоқтата тұру туралы шешім кеден органдарының цифрлық жүйесінде тіркелген күнінен бастап күшіне енеді.
Заңды тұлғаны электрондық сауда операторларының тізіліміне енгізген аумақтық кеден органы электрондық сауда операторының қызметін тоқтата тұру туралы шешім тіркелген күннен бастап бір жұмыс күнінен кешіктірмей, себептерін көрсете отырып, тоқтата тұру туралы заңды тұлғаны кеден органдарының цифрлық жүйесі арқылы хабардар етеді.
4. Осы баптың 3-тармағында көзделген, электрондық сауда операторының қызметін тоқтата тұру туралы шешім күшіне енген күннен бастап заңды тұлғаның электрондық сауда операторы ретіндегі қызметті жүзеге асыруына жол берілмейді.
5. Электрондық сауда операторы уақытша сақтауда тұрған электрондық сауда тауарларын осы баптың 3-тармағында көзделген, электрондық сауда операторының қызметін тоқтата тұру туралы шешім күшіне енген күннен бастап күнтізбелік алпыс күн ішінде уақытша сақтаудың өзге орындарына осы Кодекске сәйкес орналастыруға және (немесе) кедендік рәсіммен орналастыру үшін мәлімдеуге тиіс.
6. Заңды тұлға электрондық сауда операторы ретіндегі қызметін қайта бастау үшін заңды тұлғаны электрондық сауда операторларының тізіліміне енгізген аумақтық кеден органына кеден органдарының цифрлық жүйесі арқылы:
осы баптың 1-тармағының 1) тармақшасына сәйкес заңды тұлғаның электрондық сауда операторы ретіндегі қызметі тоқтатыла тұрған жағдайда қайта бастау үшін қажетті құжаттарды қоса бере отырып (қажет болған кезде), заңды тұлғаның электрондық сауда операторы ретіндегі қызметін қайта бастау;
осы баптың 1-тармағының 2), 3) және 4) тармақшаларына сәйкес заңды тұлғаның электрондық сауда операторы ретіндегі қызметі тоқтатыла тұрған жағдайда электрондық сауда операторының қызметін тоқтата тұруға алып келген себептердің жойылғанын растайтын құжаттарды қоса бере отырып, заңды тұлғаның электрондық сауда операторы ретіндегі қызметін қайта бастау туралы өтініштердің бірін береді.
Заңды тұлғаның электрондық сауда операторы ретіндегі қызметі заңды тұлғаны электрондық сауда операторларының тізіліміне енгізген аумақтық кеден органының электрондық сауда операторының қызметін қайта бастау туралы шешімі негізінде қайта басталады, ол электрондық сауда операторының қызметін қайта бастау туралы өтініш тіркелген күннен бастап үш жұмыс күні ішінде кеден органдарының цифрлық жүйесінде қалыптастырылады және кеден органдарының цифрлық жүйесінде тіркелген күнінен бастап күшіне енеді.
Заңды тұлғаны электрондық сауда операторларының тізіліміне енгізген аумақтық кеден органы электрондық сауда операторының қызметін қайта бастау туралы шешім тіркелген күннен бастап бір жұмыс күнінен кешіктірмей, электрондық сауда операторы қызметінің қайта басталғаны туралы заңды тұлғаны кеден органдарының цифрлық жүйесі арқылы хабардар етеді.
Осы баптың 1-тармағының 1) тармақшасында көзделген, заңды тұлғаның электрондық сауда операторы ретіндегі қызметі тоқтатыла тұрған жағдайда электрондық сауда операторының осы баптың 2-тармағының бірінші бөлігінде белгіленген мерзім өткенге дейін кеден органдарының цифрлық жүйесі арқылы берілген электрондық сауда операторы ретіндегі қызметін қайта бастау туралы өтініші электрондық сауда операторының қызметін қайта бастауға негіз болады.
7. Заңды тұлғаны электрондық сауда операторларының тізіліміне енгізген аумақтық кеден органы электрондық сауда операторының қызметін қайта бастау туралы өтінішті қарау кезінде заңды тұлғаның электрондық сауда операторы ретіндегі қызметін тоқтата тұруға алып келген себептердің жойылғанын растайтын құжаттарды тексереді, сондай-ақ мұндай себептердің жойылғанын және осы баптың 1-тармағына сәйкес мәлімделген мәліметтерді растау мақсатында өтініш берушінің құрылысжайларын (үй-жайларын, алаңдарын) кедендік қарап тексереді.
528-5-бап. Электрондық сауда операторларының тізілімінен алып тастау негіздері
1. Электрондық сауда операторын электрондық сауда операторларының тізілімінен алып тастауға мыналар негіз болады:
1) электрондық сауда операторының осы Кодекстің 528-7-бабы 1-тармағының 1), 2), 4), 5), 6), 7), 8), 9), 10) және 11) тармақшаларында көзделген міндеттерді орындамауы;
2) осы Кодекстің 528-4-бабы 1-тармағының 2), 3) және 4) тармақшаларында көзделген негіздер бойынша электрондық сауда операторының қызметін тоқтата тұрған себептердің жойылмауы;
3) кедендік баждарды, салықтарды, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарын төлеу жөніндегі міндеттің осы Кодекстің 86-бабының 4-тармағына, 137-бабының 4-тармағына, 392-8-бабының 20-тармағына, 417-бабының 10-тармағына және 418-бабының 26-тармағына сәйкес кеден органы жіберген хабарламада көрсетілген мерзімде орындалмауы, сондай-ақ, егер төлеу мерзімі осы Кодексте белгіленсе, өсімпұлдардың, пайыздардың мерзімінде төленбеуі;
4) электрондық сауда операторының электрондық сауда операторларының тізілімінен өзін алып тастау туралы кеден органының цифрлық жүйесі арқылы берілген өтініші;
5) электрондық сауда операторларының тізіліміне енгізілген заңды тұлғаның таратылуы;
6) заңды тұлғаның қайта құру нысанындағы қайта ұйымдастырылуын қоспағанда, электрондық сауда операторларының тізіліміне енгізілген осындай тұлғаның қайта ұйымдастырылуы;
7) электрондық сауда операторының қызметін қайта бастау туралы заңды тұлғаның өтініші болмаған кезде осы Кодекстің 528-4-бабы 2-тармағының бірінші бөлігінде көрсетілген электрондық сауда операторының қызметін тоқтата тұру мерзімінің өтуі;
8) заңды тұлғалардың электрондық сауда операторы ретіндегі қызметі шеңберінде электрондық сауда операторының басшылары болып табылатын жеке тұлғаларды Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 214, 216, 218, 234, 235-1, 236, 245, 255, 256, 258, 286, 297, 366 және 367-баптары бойынша қылмыстық жауаптылыққа тарту туралы сот шешімінің заңды күшіне енуі.
2. Электрондық сауда операторын электрондық сауда операторларының тізілімінен алып тастау туралы шешімді заңды тұлғаны электрондық сауда операторларының тізіліміне енгізген аумақтық кеден органы қабылдайды және ол алып тастау себептері көрсетіле отырып, кеден органдарының цифрлық жүйесінде:
осы баптың 1-тармағының 4) тармақшасына сәйкес өтініш заңды тұлғаны электрондық сауда операторларының тізіліміне енгізген аумақтық кеден органында тіркелген;
кеден органы осы баптың 1-тармағының 1), 2), 3), 5), 6), 7) және 8) тармақшаларына сәйкес мән-жайларды анықтаған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде қалыптастырылады.
Электрондық сауда операторын электрондық сауда операторларының тізілімінен алып тастау туралы шешім кеден органдарының цифрлық жүйесінде тіркелген күнінен бастап күшіне енеді.
Заңды тұлғаны электрондық сауда операторларының тізіліміне енгізген аумақтық кеден органы электрондық сауда операторын электрондық сауда операторларының тізілімінен алып тастау туралы шешім тіркелген күннен бастап бір жұмыс күнінен кешіктірмей, себептерін көрсете отырып, алып тасталғаны туралы заңды тұлғаны кеден органдарының цифрлық жүйесі арқылы хабардар етеді.
3. Заңды тұлға осы баптың 1-тармағының 1), 2), 6), 7) және 8) тармақшаларында көзделген негіздер бойынша электрондық сауда операторларының тізілімінен алып тасталған жағдайда, электрондық сауда операторларының тізіліміне енгізу туралы қайта берілген өтінішті аумақтық кеден органы электрондық сауда операторын электрондық сауда операторларының тізілімінен алып тастау туралы шешім күшіне енген күннен бастап бір жыл өткен соң қарайды.
4. Осы баптың 2-тармағында көзделген электрондық сауда операторын электрондық сауда операторларының тізілімінен алып тастау туралы шешім күшіне енген күннен бастап заңды тұлғаның электрондық сауда операторы ретіндегі қызметті жүзеге асыруына жол берілмейді.
528-6-бап. Электрондық сауда операторының құқықтары
1. Электрондық сауда операторы өз қызметін жүзеге асыру кезінде электрондық сауда тауарларын алушылар болып табылатын жеке тұлғалардан және электрондық сауда алаңдарынан кедендік операцияларды жасауға қажетті құжаттар мен мәліметтерді сұратуға және осындай құжаттар мен мәліметтерді осы Кодексте белгіленген талаптардың сақталуын қамтамасыз ететін мерзімдерде алуға құқылы.
2. Егер электрондық сауда операторы жеке тұлғалар сатып алған электрондық сауда тауарларына қатысты кедендік декларациялауды және өзге де кедендік операцияларды жасаса, электрондық сауда операторы осы Кодекстің 150-бабының 1-тармағында көрсетілген құқықтарға ие болады, сондай-ақ осы Кодекстің 183-бабында көзделген электрондық сауда тауарларына арналған декларацияда мәлімделген мәліметтерді өзгертумен (толықтырумен) байланысты кедендік операцияларды жасауға құқылы.
3. Электрондық сауда операторы өз қызметінің аясын жеке тұлғалар сатып алған электрондық сауда тауарларына немесе жеке тұлғаларға өткізуге арналған электрондық сауда тауарларына қатысты кедендік операциялар жасаумен шектеуге құқылы.
528-7-бап. Электрондық сауда операторының міндеттері мен жауапкершілігі
1. Электрондық сауда операторы:
1) осы Кодекстің 528-2-бабы 1-тармағының 1), 2), 5) және 6) тармақшаларында белгіленген электрондық сауда операторларының тізіліміне енгізу шарттарын сақтауға;
2) Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жағдайларды қоспағанда, электрондық сауда тауарларын алушылар болып табылатын жеке тұлғалардан және электрондық сауда алаңдарынан алынған, мемлекеттік, коммерциялық, банктік, салықтық және заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын ақпаратты, сондай-ақ басқа да құпия ақпаратты жеке мақсатта жария етпеуге, пайдаланбауға және өзге тұлғаларға бермеуге міндетті. Осы тармақша электрондық сауда операторының жұмыскерлеріне де қолданылады;
3) өзін электрондық сауда операторларының тізіліміне енгізген аумақтық кеден органын электрондық сауда операторларының тізіліміне енгізу кезінде өзі мәлімдеген мәліметтердің өзгергені туралы хабардар етуге және мұндай өзгерістерді растайтын құжаттарды осындай мәліметтер өзгерген күннен бастап немесе өзіне бұлардың өзгергені белгілі болған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде ұсынуға;
4) құрылысжайлардағы (үй-жайлардағы, алаңдардағы) электрондық сауда тауарларының сақталуын қамтамасыз етуге;
5) кедендік бақылауды жүргізу мүмкіндігін қамтамасыз етуге;
6) осы Кодекстің 236-бабының 2-тармағында белгіленген кеден қоймасы кедендік рәсіміне сәйкес электрондық сауда тауарларын пайдалану шарттарын сақтауға;
7) уақытша сақтауға орналастырылған электрондық сауда тауарларының және құрылысжайлардағы (үй-жайлардағы, алаңдардағы) кеден қоймасы кедендік рәсімімен орналастырылған электрондық сауда тауарларының бөлек есебін жүргізуге және кеден органдарына, оның ішінде уәкілетті орган айқындаған тәртіппен цифрлық технологияларды пайдалана отырып, осындай тауарлар туралы есептілікті ұсынуға;
8) кеден қоймасы кедендік рәсімімен орналастырылған электрондық сауда тауарларының және жеке тұлғалар сатып алған, кеден қоймасы кедендік рәсімімен орналастырылған және құрылысжайлардан (үй-жайлардан, алаңдардан) әкетілген электрондық сауда тауарларының бөлек есебін жүргізуге және кеден органдарына, оның ішінде уәкілетті орган айқындаған тәртіппен цифрлық технологияларды пайдалана отырып, жеке тұлғалар сатып алған және құрылысжайлардан (үй-жайлардан, алаңдардан) әкетілген осындай тауарлар туралы есептілікті ұсынуға;
9) электрондық сауда операторының жұмыскерлері болып табылмайтын немесе осындай құрылысжайларда (үй-жайларда, алаңдарда) тұрған электрондық сауда тауарларына қатысты өкілеттіктері жоқ бөгде адамдарды кеден органдарының рұқсатынсыз құрылысжайларға (үй-жайларға, алаңдарға) жібермеуге;
10) кеден органдары лауазымды адамдарының құрылысжайларда (үй-жайларда, алаңдарда) тұрған электрондық сауда тауарларына қол жеткізуіне қатысты кеден органдарының талаптарын орындауға;
11) осы Кодекстің 528-2-бабы 1-тармағының 5) тармақшасында көрсетілген цифрлық жүйе арқылы кеден органдарымен өзара іс-қимылды жүзеге асыруға;
12) осы Кодексте белгіленген өзге де міндеттерді сақтауға міндетті.
2. Электрондық сауда операторларының тізілімінен алып тасталған жағдайда заңды тұлға:
1) уақытша сақтауға орналастырылған электрондық сауда тауарларына қатысты - осындай заңды тұлға электрондық сауда операторларының тізілімінен алып тасталған күннен кейінгі күннен бастап отыз жұмыс күні ішінде тауарларды шығарумен байланысты кедендік операцияларды жасауды қамтамасыз етуге;
2) басқа электрондық сауда операторы уақытша сақтауға орналастырған электрондық сауда тауарларына қатысты - осындай заңды тұлға электрондық сауда операторларының тізілімінен алып тасталған күннен кейінгі күннен бастап отыз жұмыс күні ішінде тауарларды шығарумен байланысты кедендік операциялардың жасалуын қамтамасыз ету қажеттігі туралы электрондық сауда операторларының тізілімінен осындай заңды тұлға алып тасталған күннен кейінгі күннен бастап үш жұмыс күні ішінде осындай электрондық сауда операторына хабарлауға;
3) кеден қоймасы кедендік рәсімімен орналастырылған, жеке тұлғаларға өткізуге арналған электрондық сауда тауарларына қатысты - осы Кодекстің 392-6-бабының 7-тармағына сәйкес кеден қоймасы кедендік рәсімінің қолданылуын аяқтауға міндетті.
3. Жеке тұлғалар сатып алған электрондық сауда тауарларына қатысты кедендік декларациялауды және өзге де кедендік операцияларды электрондық сауда операторы жасаған жағдайда, ол осы Кодекстің 150-бабы 2-тармағының 1), 2), 3) және 4) тармақшаларында көзделген іс-қимылдарды жасауға міндетті. Кедендік төлемдерді төлеу декларант есебінен жүргізіледі.
Көрсетілген жағдайда декларант осы Кодекстің 150-бабы 2-тармағының 1), 2), 3) және 4) тармақшаларында көзделген іс-қимылдарды жасамайды.
4. Осы Кодекстің 392-6-бабы 4-тармағының 1) тармақшасында көзделген кедендік операциялар жасалған жағдайда электрондық сауда операторы осы Кодекстің 150-бабы 2-тармағының 1), 2), 3), 4) және 6) тармақшаларында көзделген іс-қимылдарды жасауға міндетті. Электрондық сауда тауарларына қатысты кедендік төлемдерді, салықтарды, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарын төлеу электрондық сауда тауарларын сатып алған жеке тұлғаның ақшасы есебінен жүргізіледі.
5. Осы баптың 3 және 4-тармақтарында көзделген міндеттерді орындамағаны немесе тиісінше орындамағаны үшін, электрондық сауда тауарларына арналған декларацияда анық емес мәліметтерді мәлімдегені үшін, сондай-ақ кеден органына жарамсыз, оның ішінде қолдан жасалған және (немесе) көрінеу анық емес (жалған) мәліметтерді қамтитын құжаттарды ұсынғаны үшін электрондық сауда операторы Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауапты болады.»;
51) 535-баптың 20-тармағында:
«және (немесе) кедендік тасымалдаушылардың тізіліміне» деген сөздер «, кедендік тасымалдаушылардың тізіліміне және (немесе) электрондық сауда операторларының тізіліміне» деген сөздермен ауыстырылсын;
«немесе кедендік тасымалдаушы» деген сөздер «, кедендік тасымалдаушы және (немесе) электрондық сауда операторы» деген сөздермен ауыстырылсын;
52) 553-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағындағы кез келген кеден органына тауарларға арналған декларацияны, электрондық сауда тауарларына арналған декларацияны беруге жол беретін, Еуразиялық экономикалық одақ шеңберіндегі халықаралық шарт күшіне енгенге дейін:
1) тауарларға арналған декларация:
егер осы Кодекстің 149-бабы 1-тармағының 1) тармақшасында аталған Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттің тұлғасы, сондай-ақ осы Кодекстің 149-бабы 1-тармағы 2) тармақшасының екінші абзацында аталған шетелдік тұлға тауарлар декларанты болып әрекет етсе, тауарлар декларанты болып табылатын тұлға Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттің заңнамасына сәйкес құрылған, тіркелген не өзі аумағында тұрақты тұратын мүше мемлекеттің кеден органына;
егер осы Кодекстің 149-бабы 1-тармағы 2) тармақшасының үшінші немесе төртінші абзацтарында не 149-бабы 1-тармағының 5) тармақшасында аталған шетелдік тұлға тауарлар декларанты болып әрекет етсе, аумағында декларацияланатын тауарлар тұрған Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттің кеден органына;
осы Кодекстің 149-бабы 1-тармағының 3) тармақшасында аталған тұлға тауарлар декларанты болып әрекет етсе, аумағында декларацияланатын тауарлар және осындай тұлға орналасқан Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттің кеден органына беріледі;
2) электрондық сауда тауарларына арналған декларация:
егер жеке тұлғалар сатып алған электрондық сауда тауарларын кедендік декларациялауды осы Кодекстің 392-4-бабы 1-тармағының бірінші бөлігіне сәйкес осындай тауарлардың декларанты болып әрекет ете алатын тұлға жүзеге асыратын болса, электрондық сауда тауарларын алушы болып табылатын жеке тұлға аумағында тұрақты немесе уақытша тұратын (уақытша болатын) Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттің кеден органына;
егер электрондық сауда тауарларын кедендік декларациялауды электрондық сауда операторы жүзеге асыратын болса, заңнамасына сәйкес электрондық сауда операторы болып табылатын тұлға құрылған (тіркелген) және аумағында электрондық сауда тауарларын алушы болып табылатын жеке тұлға тұрақты немесе уақытша тұратын (уақытша болатын) Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттің кеден органына беріледі.»;
53) 569-бап мынадай мазмұндағы 7-тармақпен толықтырылсын:
«7. Жеке тұлғалар сатып алған электрондық сауда тауарларын кедендік декларациялауды электрондық сауда операторларының тізіліміне бірінші электрондық сауда операторы енгізілген күннен бастап алты ай ішінде, бірақ 2017 жылғы 11 сәуірдегі Еуразиялық экономикалық одақтың Кеден кодексі туралы шартқа өзгерістер енгізу туралы 2023 жылы 25 желтоқсанда қол қойылған хаттама күшіне енген күннен бастап он екі айдан аспайтын мерзімде Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің әрқайсысында, осындай тауарлар декларанттары - жеке тұлғалардың атынан және олардың тапсырмасы бойынша әрекет ететін кеден өкілдері жүзеге асыра алады.».