5. Кеден қоймасы кедендік рəсімімен, сондай-ақ осы Кодекстің 392-6-бабының 4-тармағының 1), 2) жəне 3) тармақшаларына жəне 5-тармағына сəйкес осындай кедендік рəсімнің қолданысын аяқтау үшін кедендік рəсімдермен орналастырылатын, жеке тұлғаларға өткізуге арналған электрондық сауда тауарларын кедендік декларациялауды электрондық сауда операторы жүзеге асырады.
392-5-бап. Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына əкелінетін, жеке тұлғалар сатып алған электрондық сауда тауарларын шығару
1. Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына əкелінетін, жеке тұлғалар сатып алған электрондық сауда тауарларын шығаруды кеден органы:
1) осы тарауға сəйкес электрондық сауда тауарларына қатысты кедендік баж төленген;
2) осы Кодекстің 8-бабына сəйкес тыйым салулар мен шектеулер сақталған;
3) егер кеден органдарының электрондық сауда тауарларын шығарумен байланысты іс-қимылдар жасағаны үшін кедендік алымдар Қазақстан Республикасының заңнамасына сəйкес белгіленген болса жəне оларды төлеу мерзімі электрондық сауда тауарлары шығарылғанға дейін, оның ішінде электрондық сауда тауарларына арналған декларация тіркелгенге дейін белгіленген болса, осындай алымдар төленген жағдайда жүргізеді.
2. Осы баптың 1-тармағында көрсетілген электрондық сауда тауарларын шығару осы Кодекстің 193-бабында белгіленген мерзімдерде аяқталуға тиіс.
3. Осы баптың 1-тармағында көрсетілген электрондық сауда тауарлары шығарылған кезден бастап Еуразиялық экономикалық одақ тауарлары мəртебесіне ие болады.
392-6-бап. Жеке тұлғаларға өткізуге арналған электрондық сауда тауарларына қатысты кеден қоймасы кедендік рəсімін қолдану ерекшеліктері
1. Кеден қоймасы кедендік рəсімі осы бапта көзделген ерекшеліктер ескеріле отырып, осы Кодекстің 25-тарауында белгіленген тəртіппен жəне шарттарда жеке тұлғаларға өткізуге арналған электрондық сауда тауарларына қатысты қолданылады.
2. Кеден қоймасы кедендік рəсімімен орналастырылған, жеке тұлғаларға өткізуге арналған электрондық сауда тауарларын сақтау осындай тауарлардың декларанты болып табылатын электрондық сауда операторының құрылысжайларында (үй-жайларында, алаңдарында) жүзеге асырылады.
3. Кеден қоймасы кедендік рəсімімен орналастырылған, жеке тұлғаларға өткізуге арналған электрондық сауда тауарларымен осы Кодекстің 238-бабының 1 жəне 2-тармақтарында көрсетілген операцияларды электрондық сауда операторы жасауға құқылы.
Кеден қоймасы кедендік рəсімімен орналастырылған, жеке тұлғаларға өткізуге арналған электрондық сауда тауарларына қатысты тағайындалған пошта байланысы операторы болып табылатын электрондық сауда операторының халықаралық пошта жөнелтілімдерін қалыптастыру бойынша операциялар жасауына жол беріледі.
4. Осы Кодекстің 237-бабында көзделген кеден қоймасы кедендік рəсімінің қолданылу мерзімі өткенге дейін осы кедендік рəсімнің қолданысы:
1) жеке тұлғаларға өткізуге арналған электрондық сауда тауарларын Интернет желісі ресурстарын пайдалана отырып, электрондық сауда алаңдарында жеке тұлғалар сатып алғаннан кейін ішкі тұтыну үшін шығару кедендік рəсімімен орналастыру арқылы;
2) егер жеке тұлғаларға өткізуге арналған электрондық сауда тауарларын кеден қоймасы кедендік рəсімімен орналастыру кезінде кеден органы электрондық сауда тауарларын шығаруды жүргізген Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттің аумағынан электрондық сауда операторы кеден қоймасы кедендік рəсімімен орналастыру үшін Еуразиялық экономикалық одаққа мүше басқа мемлекеттің аумағына тасымалдау үшін осы кедендік рəсіммен орналастырылған болса, осындай тауарларды кедендік транзит кедендік рəсімімен орналастыру арқылы;
3) кеден қоймасы кедендік рəсіміне сəйкес, кеден органы жеке тұлғаларға өткізуге арналған электрондық сауда тауарларын шығаруды жүргізген Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттің электрондық сауда операторларының тізіліміне енгізілген электрондық сауда операторының жеке тұлғаларға өткізуге арналған электрондық сауда тауарларын кеден қоймасы кедендік рəсімімен орналастыру арқылы;
4) жеке тұлғаларға өткізуге арналған электрондық сауда тауарларының аварияның немесе еңсерілмейтін күш əсерінің салдарынан жойылу жəне (немесе) қайтарымсыз жоғалу фактісін не осы тауарларды тасымалдаудың (тасудың) жəне (немесе) сақтаудың қалыпты жағдайлары кезінде табиғи кему салдарынан қайтарымсыз жоғалу фактісін кеден органының уəкілетті орган айқындаған тəртіппен тану арқылы;
5) Комиссия жəне (немесе) уəкілетті орган айқындайтын мəн-жайлар басталғанға дейін жеке тұлғаларға өткізуге арналған электрондық сауда тауарлары кедендік бақылауда болатын осындай мəн-жайлардың басталуымен аяқталады.
5. Осы Кодекстің 237-бабында көзделген кеден қоймасы кедендік рəсімінің қолданылу мерзімі өткенге дейін осы кедендік рəсімнің қолданысы жеке тұлғаларға өткізуге арналған электрондық сауда тауарларын, оның ішінде осы баптың 3-тармағының екінші бөлігіне сəйкес қалыптастырылған халықаралық пошта жөнелтілімдеріндегі электрондық сауда тауарларын кері экспорт кедендік рəсімімен орналастырумен аяқталуы мүмкін.
6. Кеден қоймасы кедендік рəсімімен орналастырылған, жеке тұлғаларға өткізуге арналған электрондық сауда тауарлары бір немесе бірнеше партиямен ішкі тұтыну үшін шығару кедендік рəсімімен немесе осы баптың 4 жəне 5-тармақтарында белгіленген өзге де кедендік рəсімдермен орналастырылуы мүмкін.
7. Заңды тұлға электрондық сауда операторларының тізілімінен алып тасталған жағдайда, мұндай заңды тұлға:
1) заңды тұлға электрондық сауда операторларының тізілімінен алып тасталған күнге дейін Интернет желісі ресурстарын пайдалана отырып, электрондық сауда алаңдарында жеке тұлғалар сатып алған жəне құрылысжайларда (үй-жайларда, алаңдарда) тұрған немесе осы баптың 10-тармағына сəйкес осындай құрылысжайлардан (үй-жайлардан, алаңдардан) əкетілген, жеке тұлғаларға өткізуге арналған электрондық сауда тауарларына қатысты кеден қоймасы кедендік рəсімінің қолданысын жеке тұлға осындай тауарларды сатып алған айдан кейінгі айдың он бесінен кешіктірмей, осы баптың 4-тармағының 1) тармақшасына сəйкес ішкі тұтыну үшін шығару кедендік рəсімімен орналастырумен аяқтауға;
2) заңды тұлға электрондық сауда операторларының тізілімінен алып тасталған күнге дейін Интернет желісі ресурстарын пайдалана отырып, электрондық сауда алаңдарында жеке тұлғалар сатып алмаған, құрылысжайларда (үй-жайларда, алаңдарда) тұрған, жеке тұлғаларға өткізуге арналған электрондық сауда тауарларына қатысты заңды тұлға электрондық сауда операторларының тізілімінен алып тасталған күннен кейінгі күннен бастап күнтізбелік алпыс күннен кешіктірмей, осы баптың 4-тармағының 2) тармақшасында жəне 5-тармағында көрсетілген кедендік рəсімдермен орналастырумен кеден қоймасы кедендік рəсімінің қолданысын аяқтауға немесе осы баптың 4-тармағының 3) тармақшасында көзделген жағдайда кеден қоймасы кедендік рəсімінің қолданысын аяқтауды қамтамасыз етуге міндетті.
8. Осы баптың 4 жəне 5-тармақтарына сəйкес кеден қоймасы кедендік рəсімінің қолданылу мерзімі аяқталмаған кезде кеден қоймасы кедендік рəсімінің қолданысы осы Кодекстің 237-бабының 1 жəне 2-тармақтарында көрсетілген мерзімдер өткен соң тоқтатылады, ал осы баптың 10-тармағында көрсетілген электрондық сауда тауарларын қоспағанда, кеден органдары жеке тұлғаларға өткізуге арналған электрондық сауда тауарларын осы Кодекстің 52-тарауына сəйкес кідіртеді.
9. Осы Кодекстің 237-бабы 3-тармағының екінші бөлігінде көзделген əрекеттер онда көрсетілген мерзімдерде жасалмаған жағдайда, кеден қоймасы кедендік рəсімінің қолданысы осы мерзімдер өткен соң тоқтатылады, ал осы баптың 10-тармағында көрсетілген электрондық сауда тауарларын қоспағанда, кеден органдары тауарларды осы Кодекстің 52-тарауына сəйкес кідіртеді.
10. Кеден қоймасы кедендік рəсімімен орналастырылған, жеке тұлғаларға өткізуге арналған электрондық сауда тауарларын алушы болып табылатын жеке тұлғаға осы баптың 4-тармағының 1) тармақшасына сəйкес кеден қоймасы кедендік рəсімінің қолданысы аяқталғанға дейін жеткізу үшін осындай тауарларды құрылысжайлардан (үй-жайлардан, алаңдардан) əкетуге уəкілетті орган айқындаған тəртіппен кеден органы хабардар етілгеннен кейін жол беріледі.
11. Электрондық сауда тауарларын электрондық сауда алаңдарында сату кезінде оларды сатып алғаннан кейін қайтару мүмкіндігі көзделген жағдайда, электрондық сауда операторы Комиссия көздеген жағдайларда немесе Комиссия реттемеген бөлікте осындай тауарларды Комиссия айқындайтын жəне Қазақстан Республикасы заңнамасында айқындалатын тəртіппен оларды сəйкестендіру шартымен осы баптың 13-тармағында белгіленген электрондық сауда тауарларына арналған декларацияны беру мерзімі өткен күнге дейін қайтару мүмкіндігін қамтамасыз етеді.
Қайтарылған электрондық сауда тауарлары уəкілетті орган айқындаған тəртіппен электрондық сауда тауарларының қайтарылғанын растайтын құжаттар ресімделген күннен бастап үш жұмыс күні ішінде құрылысжайларда (үй-жайларда, алаңдарда) орналастырылуға тиіс.
Электрондық сауда операторы кеден органын электрондық сауда тауарларының қайтарылғанын растайтын құжаттар уəкілетті орган айқындаған тəртіппен ресімделген күннен бастап бес жұмыс күні ішінде, бірақ электрондық сауда тауарларына арналған декларацияны берудің осы баптың 13-тармағында белгіленген мерзімі өтетін күннен кешіктірмей, электрондық сауда тауарларының қайтарылғаны туралы хабардар етуге міндетті.
12. Кеден қоймасы кедендік рəсімімен орналастырылған, жеке тұлғаларға өткізуге арналған электрондық сауда тауарлары осы баптың 10-тармағына сəйкес кеден органы хабардар етілгеннен кейін Еуразиялық экономикалық одақтың тауарлары мəртебесіне ие болады.
Осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген электрондық сауда тауарлары осы баптың 11-тармағына сəйкес құрылысжайларда (үй-жайларда, алаңдарда) орналастырылған кезден бастап Еуразиялық экономикалық одақтың тауарлары мəртебесінен айырылады.
13. Осы баптың 10-тармағында көрсетілген электрондық сауда тауарларына қатысты электрондық сауда тауарларына арналған декларацияны осы баптың 4-тармағының 1-тармақшасына сəйкес оларды ішкі тұтыну үшін шығару кедендік рəсімімен орналастыру үшін электрондық сауда операторы кеден қоймасы кедендік рəсімінің қолданылу мерзімі ішінде, бірақ электрондық сауда тауарларына арналған көрсетілген декларацияны беру мерзімі өткенге дейін осы баптың 11-тармағына сəйкес электрондық сауда тауарларын қайтару жүргізілген жағдайды қоспағанда, жеке тұлға осындай тауарларды сатып алған айдан кейінгі айдың он бесінен кешіктірмей беруге тиіс.
Электрондық сауда тауарларын шығарудан бас тартылған кезде электрондық сауда операторы көрсетілген тауарларға қатысты электрондық сауда тауарларына арналған декларацияны электрондық сауда тауарларын шығарудан бас тартылған күннен кейінгі күннен бастап бес жұмыс күнінен кешіктірмей беруге тиіс.
14. Кеден қоймасы кедендік рəсімімен орналастырылатын, жеке тұлғаларға өткізуге арналған электрондық сауда тауарларына қатысты кедендік əкелу баждарын, салықтарды, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарын төлеу жөніндегі міндет декларантта кеден органы электрондық сауда тауарларына арналған декларацияны тіркеген кезден бастап туындайды.
15. Кеден қоймасы кедендік рəсімімен орналастырылатын (орналастырылған), жеке тұлғаларға өткізуге арналған электрондық сауда тауарларына қатысты кедендік əкелу баждарын, салықтарды, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарын төлеу жөніндегі міндет декларантта мынадай мəн-жайлар басталған кезде:
1) осы баптың 4-тармағының 1), 2), 3) жəне 5) тармақшаларына жəне 5-тармағына сəйкес кеден қоймасы кедендік рəсімінің қолданысы аяқталғанда, оның ішінде осы баптың 17-тармағында көрсетілген мəн-жайлар басталғаннан кейін осындай кедендік рəсімнің қолданысы аяқталғанда;
2) кеден қоймасы кедендік рəсімінің қолданысы тоқтатылған электрондық сауда тауарлары осы Кодекстің 209-бабының 7-тармағына сəйкес кедендік рəсімдермен орналастырылғанда;
3) кедендік əкелу баждарын, салықтарды, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарын төлеу жөніндегі міндет орындалғанда жəне (немесе) олар осы баптың 18-тармағына сəйкес есептелген жəне төленуге тиіс мөлшерде өндіріп алынғанда;
4) электрондық сауда тауарларының аварияның немесе еңсерілмейтін күш əсерінің салдарынан жойылу жəне (немесе) қайтарымсыз жоғалу фактісін не қалыпты жағдайларда тасымалдау (тасу) жəне (немесе) сақтау кезінде табиғи кему салдарынан осындай тауарлардың қайтарымсыз жоғалу фактісін кеден органы уəкілетті орган айқындайтын тəртіппен танығанда тоқтатылады, бұған осы Кодекске сəйкес мұндай жойылу жəне (немесе) қайтарымсыз жоғалу фактісіне дейін осындай электрондық сауда тауарларына қатысты кедендік əкелу баждарын, салықтарды, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарын төлеу мерзімі басталған жағдайлар жатпайды;
5) электрондық сауда тауарларына арналған декларацияны тіркеу кезінде туындаған кедендік əкелу баждарын, салықтарды, арнайы, демпингке қарсы өтемақы баждарын төлеу жөніндегі міндетке қатысты кеден қоймасы кедендік рəсіміне сəйкес электрондық сауда тауарларын шығарудан бас тартылғанда;
6) электрондық сауда тауарларына арналған декларацияны тіркеу кезінде туындаған кедендік əкелу баждарын, салықтарды, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарын төлеу жөніндегі міндетке қатысты осы Кодекстің 184-бабына сəйкес электрондық сауда тауарларына арналған декларация кері қайтарып алынғанда жəне (немесе) осы Кодекстің 192-бабының 5-тармағына сəйкес электрондық сауда тауарларын шығарудың күші жойылғанда;
7) Қазақстан Республикасының заңдарына сəйкес электрондық сауда тауарлары тəркіленгенде немесе мемлекеттің меншігіне айналдырылғанда;
8) осы Кодекстің 52-тарауына сəйкес кеден органы электрондық сауда тауарларын кідірткенде;
9) қылмыстық құқық бұзушылық туралы хабарды тексеру барысында, қылмыстық іс немесе əкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша іс жүргізу барысында алып қойылған немесе тыйым салынған болса жəне егер бұрын электрондық сауда тауарларын шығару жүргізілмеген болса, оларды қайтару туралы шешім қабылданған осындай тауарлар уақытша сақтауға қойылғанда немесе кедендік рəсімдердің бірімен орналастырылғанда тоқтатылады.
16. Кеден қоймасы кедендік рəсімімен орналастырылған, жеке тұлғаларға өткізуге арналған электрондық сауда тауарларына қатысты кедендік əкелу баждарын, салықтарды, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарын төлеу жөніндегі міндет осы баптың 17-тармағында көрсетілген мəн-жайлар басталған кезде орындалуға тиіс.
17. Мынадай мəн-жайлар басталған кезде жеке тұлғаларға өткізуге арналған электрондық сауда тауарларына қатысты кедендік əкелу баждарын, салықтарды, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарын төлеу мерзімі болып:
1) аварияның немесе еңсерілмейтін күш əсерінің салдарынан жойылуды жəне (немесе) қайтарымсыз жоғалуды не қалыпты жағдайларда тасымалдау (тасу) жəне (немесе) сақтау кезінде табиғи кему салдарынан қайтарымсыз жоғалуды қоспағанда, осындай тауарлар кеден қоймасы кедендік рəсімінің қолданысы аяқталғанға дейін жоғалған жағдайда - осындай жоғалу күні, ал егер бұл күн белгіленбесе - электрондық сауда тауарлары кеден қоймасы кедендік рəсімімен орналастырылған күн;
2) осы баптың 13-тармағында көрсетілген мерзімдер ішінде осындай тауарларға қатысты электрондық сауда тауарларына арналған декларация берілмеген жағдайда - осындай мерзімдердің соңғы күні;
3) осындай тауарлар құрылысжайлардан (үй-жайлардан, алаңдардан) осы баптың 4-тармағының 2) жəне 3) тармақшаларына жəне 5-тармағына сəйкес кеден қоймасы кедендік рəсімінің қолданысы аяқталғанға дейін не осы баптың 10-тармағында көзделген кеден органына хабарламай əкетілген жағдайда - осындай тауарлар əкетілген күн, ал егер мұндай күн белгіленбесе, тауарлар кеден қоймасы кедендік рəсімімен орналастырылған күн есептеледі.
18. Осы баптың 17-тармағында көрсетілген мəн-жайлар басталған кезде жеке тұлғаларға өткізуге арналған электрондық сауда тауарларына қатысты кедендік əкелу баждары, салықтар, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждары кеден қоймасы кедендік рəсімімен орналастырылған, жеке тұлғаларға өткізуге арналған электрондық сауда тауарлары тарифтік преференциялар жəне кедендік əкелу баждарын, салықтарды төлеу жөніндегі жеңілдіктер қолданылмай, ішкі тұтыну үшін шығару кедендік рəсімімен орналастырылғандай төленуге тиіс.
Кедендік əкелу баждарын, салықтарды, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарын есептеу үшін кеден органы жеке тұлғаларға өткізуге арналған электрондық сауда тауарларын кеден қоймасы кедендік рəсімімен орналастыру үшін берілген электрондық сауда тауарларына арналған декларацияны тіркеген күні қолданыста болатын кедендік əкелу баждарының, салықтардың, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарының мөлшерлемелері қолданылады.
Кеден органында жеке тұлғаларға өткізуге арналған электрондық сауда тауарларының кедендік құнын айқындау үшін қажетті нақты мəліметтер болмаған жағдайда, мұндай тауарлардың кедендік құны кеден органында бар мəліметтер негізінде айқындалады.
Жеке тұлғаларға өткізуге арналған электрондық сауда тауарларының кедендік құнын айқындау үшін қажетті нақты мəліметтер кейіннен анықталған кезде мұндай тауарлардың кедендік құны осындай нақты мəліметтер негізге алына отырып айқындалады жəне кедендік əкелу баждарының, салықтардың, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарының артық төленген жəне (немесе) артық өндіріп алынған сомаларын есепке жатқызу (қайтару) не төленбеген сомаларды өндіріп алу осы Кодекстің 11 жəне 12-тарауларына, 141 жəне 142-баптарына сəйкес жүзеге асырылады.
19. Осы баптың 4-тармағының 1), 2), 3) жəне 5) тармақшаларына жəне 5-тармағына сəйкес кеден қоймасы кедендік рəсімінің қолданысы аяқталған не осы Кодекстің 52-тарауына сəйкес кеден органдары кеден қоймасы кедендік рəсімімен орналастырылған, жеке тұлғаларға өткізуге арналған электрондық сауда тауарларын кідірткен жағдайда, кедендік баждарды, салықтарды, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарын төлеу жөніндегі міндет орындалғаннан кейін жəне (немесе) олар өндіріп алынғаннан (толық немесе ішінара) кейін осы бапқа сəйкес төленген жəне (немесе) өндіріп алынған кедендік баждардың, салықтардың, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарының сомалары осы Кодекстің 11-тарауына жəне 141-бабына сəйкес есепке жатқызылуға (қайтарылуға) тиіс.
392-7-бап. Осы Кодекстің 392-6-бабы 4-тармағының 1) тармақшасына сəйкес кеден қоймасы кедендік рəсімінің қолданысын аяқтау мақсатында ішкі тұтыну үшін шығару кедендік рəсімімен орналастырылатын (орналастырылған), жеке тұлғаларға өткізуге арналған электрондық сауда тауарларына қатысты кедендік əкелу баждарын, салықтарды, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарын төлеу жөніндегі міндеттің туындауы мен тоқтатылуы, оларды төлеу мерзімі жəне есептеу
1. Осы Кодекстің 392-6-бабы 4-тармағының 1) тармақшасына сəйкес кеден қоймасы кедендік рəсімінің қолданысын аяқтау мақсатында ішкі тұтыну үшін шығару кедендік рəсімімен орналастырылатын, жеке тұлғаларға өткізуге арналған электрондық сауда тауарларына қатысты кедендік əкелу баждарын, салықтарды, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарын төлеу жөніндегі міндет декларантта кеден органы электрондық сауда тауарларына арналған декларацияны тіркеген кезден бастап туындайды.
2. Осы Кодекстің 392-6-бабы 4-тармағының 1) тармақшасына сəйкес кеден қоймасы кедендік рəсімінің қолданысын аяқтау мақсатында ішкі тұтыну үшін шығару кедендік рəсімімен орналастырылатын (орналастырылған), жеке тұлғаларға өткізуге арналған электрондық сауда тауарларына қатысты кедендік əкелу баждарын, салықтарды, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарын төлеу жөніндегі міндет декларантта мынадай мəн-жайлар басталған кезде:
1) кедендік əкелу баждарын, салықтарды, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарын төлеу жөніндегі міндеті орындалғанда жəне (немесе) олар осы баптың 4 жəне 5-тармақтарына сəйкес есептелген жəне төленуге тиіс мөлшерлерде өндіріп алынғанда;
2) электрондық сауда тауарларының аварияның немесе еңсерілмейтін күш əсерінің салдарынан жойылу жəне (немесе) қайтарымсыз жоғалу фактісін не қалыпты жағдайларда тасымалдау (тасу) жəне (немесе) сақтау кезінде табиғи кему салдарынан осындай тауарлардың қайтарымсыз жоғалу фактісін кеден органы уəкілетті орган айқындайтын тəртіппен танығанда тоқтатылады, бұған осы Кодекске сəйкес мұндай жойылу жəне (немесе) қайтарымсыз жоғалу фактісіне дейін осындай электрондық сауда тауарларына қатысты кедендік əкелу баждарын, салықтарды төлеу мерзімі басталған жағдайлар жатпайды;
3) электрондық сауда тауарларына арналған декларацияны тіркеу кезінде туындаған кедендік əкелу баждарын, салықтарды, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарын төлеу жөніндегі міндетке қатысты - кеден органы ішкі тұтыну үшін шығару кедендік рəсіміне сəйкес электрондық сауда тауарларын шығарудан бас тартқанда;
4) электрондық сауда тауарларына арналған декларацияны тіркеу кезінде туындаған кедендік əкелу баждарын, салықтарды, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарын төлеу жөніндегі міндетке қатысты - осы Кодекстің 184-бабына сəйкес электрондық сауда тауарларына арналған декларация кері қайтарып алынғанда жəне (немесе) осы Кодекстің 192-бабының 5-тармағына сəйкес электрондық сауда тауарларын шығарудың күші жойылғанда;
5) Қазақстан Республикасының заңдарына сəйкес электрондық сауда тауарлары тəркіленгенде немесе мемлекеттің меншігіне айналдырылғанда;
6) осы Кодекстің 52-тарауына сəйкес кеден органы электрондық сауда тауарларын кідірткенде;
7) қылмыстық құқық бұзушылық туралы хабарды тексеру барысында, қылмыстық іс немесе əкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша іс жүргізу барысында алып қойылған немесе тыйым салынған болса жəне егер бұрын электрондық сауда тауарларын шығару жүргізілмеген болса, оларды қайтару туралы шешім қабылданған осындай тауарлар уақытша сақтауға қойылғанда немесе кедендік рəсімдердің бірімен орналастырылғанда тоқтатылады.
3. Осы баптың 1-тармағында көрсетілген электрондық сауда тауарларына қатысты кедендік əкелу баждарын, салықтарды, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарын төлеу жөніндегі міндет ішкі тұтыну үшін шығару кедендік рəсіміне сəйкес электрондық сауда тауарлары шығарылғанға дейін орындалуға тиіс.
4. Осы баптың 1-тармағында көрсетілген электрондық сауда тауарларына қатысты кедендік əкелу баждары, салықтар электрондық сауда тауарларына арналған декларацияда осы Кодекске сəйкес есептелген кедендік əкелу баждарының, салықтардың сомасы мөлшерінде төленуге тиіс.
Жеке тұлғаларға өткізуге арналған электрондық сауда тауарларына қатысты кедендік əкелу баждарын есептеу үшін Еуразиялық экономикалық одақтың Бірыңғай кедендік тарифінің мөлшерлемелері қолданылады.
5. Осы баптың 1-тармағында көрсетілген электрондық сауда тауарларына қатысты арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждары осы Кодекстің 13-тарауының ережелері ескеріле отырып, электрондық сауда тауарларына арналған декларацияда есептелген мөлшерде төленуге тиіс.
392-8-бап. Жеке тұлғалар сатып алған электрондық сауда тауарларына қатысты кедендік төлемдерді қолдану жəне кедендік төлемдерді төлеу жөніндегі міндеттерді орындау
1. Жеке тұлғалар сатып алған электрондық сауда тауарлары электрондық сауда тауарларына қатысты кедендік баж салу объектісі болып табылады.
2. Электрондық сауда тауарларына қатысты кедендік бажды есептеу мақсаттары үшін осындай тауарлардың құны жəне (немесе) олардың заттай мəндегі физикалық сипаттамасы (саны, массасы, оның ішінде электрондық сауда тауары тұтынылғанға дейін одан ажырамайтын жəне (немесе) бөлшектеп сату үшін тауар салынып ұсынылатын тауардың бастапқы қаптамасы ескерілгендегі массасы, электрондық сауда тауарының көлемі немесе өзге де сипаттамалары) жеке тұлғалар сатып алған, Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына əкелінетін электрондық сауда тауарларының санатына жəне қолданылатын мөлшерлеме түрлеріне қарай оны есептеуге арналған база болады.
Жеке тұлғалар сатып алған электрондық сауда тауарларының құны осы Кодекстің 392-10-бабына сəйкес айқындалады.
3. Электрондық сауда тауарларына қатысты кедендік баждың бірыңғай мөлшерлемесін Комиссия айқындайды. Кедендік баждың бірыңғай мөлшерлемесі жеке тұлғалар сатып алған электрондық сауда тауарларының санаттарына, құндық, салмақтық жəне (немесе) сандық нормаларға байланысты айқындалуы мүмкін.
4. Комиссия құндық, салмақтық жəне (немесе) сандық нормаларды айқындауы мүмкін, осы нормалардың шегінде жеке тұлғалар сатып алған электрондық сауда тауарлары Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына электрондық сауда тауарларына қатысты кедендік баж төленбей, ал Комиссия айқындайтын жағдайларда уəкілетті орган белгілейтін, Комиссия айқындағаннан анағұрлым қатаңдау нормалар шегінде əкелінеді.
5. Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағынан электрондық сауда тауарларын алушылар болып табылатын шетелдік жеке тұлғалардың атына əкетілетін электрондық сауда тауарлары Қазақстан Республикасының сауда қызметін реттеу туралы заңнамасына сəйкес электрондық сауда тауарларына қатысты кедендік баждар төлене отырып, Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағынан əкетіледі.
6. Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына əкелінетін жəне Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағынан əкетілетін, жеке тұлғалар сатып алған электрондық сауда тауарларына қатысты кедендік алымдар осы Кодекстің 76-бабына сəйкес қолданылады.