7. Электрондық сауда тауарларына қатысты кедендік бажды есептеу Қазақстан Республикасының ұлттық валютасымен жүзеге асырылады.
8. Электрондық сауда тауарларына қатысты кедендік бажды есептеу мақсаттары үшін кеден органы электрондық сауда тауарларына арналған декларацияны тіркеген күні қолданыста болатын мөлшерлемелер қолданылады.
Егер электрондық сауда тауарларына қатысты кедендік бажды есептеу мақсаттары үшін шетел валютасын Қазақстан Республикасының ұлттық валютасына қайта есептеуді жүргізу талап етілсе, мұндай қайта есептеу кеден органы электрондық сауда тауарларына арналған декларацияны тіркеген күні қолданыста болатын валюта бағамы бойынша жүргізіледі.
9. Электрондық сауда тауарларына қатысты кедендік баждың бірыңғай мөлшерлемесі қолданыла отырып төленуге жəне (немесе) өндіріп алынуға тиіс электрондық сауда тауарларына қатысты кедендік баж сомасы электрондық сауда тауарларына қатысты кедендік бажды есептеуге арналған базаны жəне электрондық сауда тауарларына қатысты кедендік баждың тиісті бірыңғай мөлшерлемесін қолдану арқылы айқындалады.
10. Жеке тұлғалар сатып алған электрондық сауда тауарларына қатысты электрондық сауда тауарларына қатысты кедендік бажды төлеу жөніндегі міндетті орындау кезі (төлеу күні), электрондық сауда тауарларына қатысты кедендік баж сомасын жəне өзге де ақшаны есепке жатқызу (қайтару) тəртібі осы Кодекстің 7, 8, 9, 10 жəне 11-тарауларына сəйкес айқындалады.
11. Осы Кодекстің 392-9-бабына сəйкес электрондық сауда тауарларына қатысты кедендік бажды төлеу жөніндегі міндет туындаған тұлғалар электрондық сауда тауарларына қатысты кедендік бажды төлеушілер болып табылады.
12. Электрондық сауда тауарларына қатысты кедендік баж осы Кодекстің 94-бабының 1-тармағына сəйкес төленуге тиіс.
13. Электрондық сауда тауарларына қатысты кедендік баж осы Кодекстің 94-бабының 1-тармағына сəйкес осындай кедендік баж төленуге тиіс, уəкілетті орган айқындайтын шоттарға төленеді.
14. Электрондық сауда тауарларына қатысты кедендік баж Қазақстан Республикасының ұлттық валютасымен төленеді.
15. Электрондық сауда тауарларына қатысты кедендік бажды төлеу нысандары мен тəсілдері осы Кодексте белгіленеді.
Электрондық сауда тауарларына қатысты кедендік баж қолма-қол ақшасыз тəртіппен төленген кезде жəне төлеушінің шотында тапсырманы орындау үшін жеткілікті ақша болғанда екінші деңгейдегі банктер жəне банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар электрондық сауда тауарларына қатысты кедендік баж сомаларын аударуға арналған төлеуші тапсырмасының орындалуын кідіртуге құқылы емес жəне егер Қазақстан Республикасының заңнамасында оны орындаудың өзге мерзімі белгіленбесе, оны бір операциялық күн ішінде орындауға міндетті.
16. Электрондық сауда тауарларына қатысты кедендік бажды төлеу кезінде осы Кодекстің 74-бабы 1-тармағының 1), 2), 3) жəне 4) тармақшаларында көрсетілген кедендік төлемдер төленбейді.
17. Электрондық сауда тауарларына қатысты кедендік бажды есептеу туралы мəліметтер электрондық сауда тауарларына арналған декларацияда көрсетіледі.
18. Электрондық сауда тауарларына қатысты кедендік бажды төлеу жөніндегі міндетті төлеуші орындайды.
Қазақстан Республикасының заңдарында электрондық сауда тауарларына қатысты кедендік бажды төлеу жөніндегі міндетті өзге тұлғалардың да орындау мүмкіндігі белгіленуі мүмкін.
19. Электрондық сауда тауарларына қатысты кедендік бажды төлеу жөніндегі міндет осы бапқа сəйкес есептелген жəне төленуге тиіс сомалар мөлшерінде осы Кодекстің 392-9-бабының 5-тармағында белгіленген мерзімде оны төлеу арқылы орындалады.
Электрондық сауда тауарларына қатысты кедендік бажды төлеу жөніндегі міндет осы Кодексте белгіленген мерзімде орындалмаған немесе тиісінше орындалмаған кезде осы Кодекстің 90-бабының 4-тармағына сəйкес өсімпұл төленеді.
Электрондық сауда тауарларына қатысты өсімпұлдарды есептеу - осы Кодекстің 124-бабына сəйкес, осындай тауарларға қатысты өсімпұлдарды төлеу, есепке жатқызу (қайтару) жəне өндіріп алу осы Кодекстің 11 жəне 12-тарауларына сəйкес жүргізіледі.
Электрондық сауда тауарларына қатысты кедендік бажды өндіріп алуды жүзеге асыратын кеден органы электрондық сауда тауарларына қатысты кедендік бажды төлеу жөніндегі міндет тоқтатылатын мəн-жайлардың басталғаны туралы растауды осы Кодекстің 392-9-бабының 3-тармағына сəйкес Комиссия айқындаған тəртіппен алған жағдайда өсімпұлдар төленбейді.
20. Электрондық сауда тауарларына қатысты кедендік бажды төлеу жөніндегі міндет орындалмаған немесе тиісінше орындалмаған жағдайда, кеден органы осы баптың 21-тармағында көзделген жағдайды қоспағанда, электрондық сауда тауарларына қатысты кедендік бажды төлеушіге белгіленген мерзімде төленбеген осындай кедендік баж сомалары туралы хабарламаны төлеу мерзімі басталған күннен бастап он жұмыс күні ішінде жібереді.
Көрсетілген хабарламаның нысанын, осындай хабарламада көзделген талаптарды орындау тəртібі мен мерзімін уəкілетті орган белгілейді.
21. Жеке тұлғалар сатып алған электрондық сауда тауарлары шығарылғаннан кейін осы бапқа сəйкес электрондық сауда тауарларына қатысты кедендік бажды есептеу үшін валюта бағамын қолдану күні қолданыста болатын валюта бағамы бойынша жиынтығында бес еуроға баламалы сомадан аспайтын мөлшерде бір жеке тұлға алушысы болып табылатын тауарларға қатысты электрондық сауда тауарларына арналған бір декларацияда есептелген электрондық сауда тауарларына қатысты кедендік баждың төленбеу фактісі анықталған жағдайда, кеден органы осы баптың 20-тармағының бірінші бөлігінде көрсетілген хабарламаны жібермейді. Көрсетілген жағдайда электрондық сауда тауарларына қатысты кедендік бажды төлеу жөніндегі міндет тоқтатылады.
22. Осы баптың 20-тармағының бірінші бөлігіне сəйкес жіберілген хабарламада көрсетілген мерзімде электрондық сауда тауарларына қатысты кедендік бажды төлеу жөніндегі міндет орындалмаған немесе тиісінше орындалмаған жағдайда кеден органы осы баптың 23, 24, 25, 26 жəне 27-тармақтарында көрсетілген ерекшеліктерді ескере отырып, осы Кодекстің 12-тарауына сəйкес осындай кедендік бажды өндіріп алу жөнінде шаралар қабылдайды.
23. Электрондық сауда тауарларына қатысты кедендік бажды өндіріп алу жөніндегі шараларға осы Кодекстің 116-бабының 3-тармағында көрсетілген шаралар жатады.
24. Осы Кодекстің 116-бабының 3-тармағында көрсетілген шараларға қосымша ретінде кедендік баждар, салықтар төленбеген электрондық сауда тауарларына өндіріп алуды қолдану сияқты электрондық сауда тауарларына қатысты кедендік бажды өндіріп алу шарасы белгіленеді.
Электрондық сауда тауарларына қатысты кедендік баж төленбеген, жеке тұлғалар сатып алған электрондық сауда тауарларына өндіріп алуды қолдану осындай тауарларға қатысты мұндай кедендік бажды төлеу жөніндегі міндетті тоқтады.
25. Осы баптың 23 жəне 24-тармақтарында көрсетілген электрондық сауда тауарларына қатысты кедендік бажды өндіріп алу жөніндегі шаралар осы Кодекске сəйкес қабылданады.
26. Электрондық сауда тауарларына қатысты кедендік бажды өндіріп алу жөніндегі шаралар:
1) осы Кодексте белгіленген электрондық сауда тауарларына қатысты төленбеген кедендік бажды өндіріп алу мерзімі өтіп кеткен;
2) электрондық сауда тауарларына қатысты кедендік баждардың өндіріп алу мүмкін болмаған сомалары осы Кодекске сəйкес өндіріп алуға үмітсіз деп танылған;
3) электрондық сауда тауарларына қатысты кедендік бажды төлеу жөніндегі міндет осындай кедендік бажды төлеуге байланысты не осы Кодекстің 392-9-бабының 2-тармағында көзделген өзге де мəн-жайларға байланысты тоқтатылған;
4) электрондық сауда тауарларына қатысты кедендік бажды төлеу жөніндегі міндет осы баптың 24-тармағының екінші бөлігіне сəйкес тоқтатылған;
5) осы Кодекске сəйкес, электрондық сауда тауарларына қатысты кедендік бажды төлеу міндеті туындаған жеке тұлға қайтыс болған немесе соттың заңды күшіне енген шешімінің негізінде ол қайтыс болды деп жарияланған жағдайларда (осы Кодекстің 392-4-бабы 1-тармағының бірінші бөлігінде аталған тұлға жеке тұлғалар сатып алған электрондық сауда тауарларын кедендік декларациялаған жағдайда) қабылданбайды.
27. Электрондық сауда тауарларына қатысты кедендік бажды осы Кодекстің 199-бабында көрсетілген кеден органдары өндіріп алады.
392-9-бап. Электрондық сауда тауарларына қатысты кедендік бажды төлеу жөніндегі міндеттің туындауы мен тоқтатылуы, оны төлеу мерзімі
1. Электрондық сауда тауарларына қатысты кедендік бажды төлеу жөніндегі міндет электрондық сауда операторында, ал декларант электрондық сауда тауарларын кедендік декларациялаған жағдайда - осындай тауарлардың декларантында кеден органы электрондық сауда тауарларына арналған декларацияны тіркеген кезден бастап туындайды.
2. Электрондық сауда тауарларына қатысты кедендік бажды төлеу жөніндегі міндет электрондық сауда операторында, ал декларант электрондық сауда тауарларын кедендік декларациялаған жағдайда - осындай тауарлардың декларантында мынадай мəн-жайлар басталған кезде:
1) электрондық сауда тауарларына қатысты кедендік бажды төлеу жөніндегі міндет орындалғанда жəне (немесе) ол электрондық сауда тауарларына арналған декларацияда есептелген жəне осы Кодекске сəйкес төленуге тиіс мөлшерлерде өндіріп алынғанда;
2) осы Кодекстің 392-8-бабының 4-тармағына сəйкес электрондық сауда тауарларына қатысты кедендік баж төленбей, Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына əкелінетін, жеке тұлғалар сатып алған электрондық сауда тауарлары шығарылғанда;
3) жеке тұлғалар сатып алған электрондық сауда тауарларының аварияның немесе еңсерілмейтін күш əсерінің салдарынан жойылу жəне (немесе) қайтарымсыз жоғалу фактісін не қалыпты жағдайларда тасымалдау (тасу) жəне (немесе) сақтау кезінде табиғи кему салдарынан осындай тауарлардың қайтарымсыз жоғалу фактісін кеден органы уəкілетті орган айқындайтын тəртіппен танығанда тоқтатылады, бұған осы бапқа сəйкес мұндай жойылу жəне (немесе) қайтарымсыз жоғалу фактісіне дейін осындай тауарларға қатысты кедендік баж төлеу мерзімі басталған жағдайлар жатпайды;
4) Қазақстан Республикасының заңдарына сəйкес жеке тұлғалар сатып алған электрондық сауда тауарлары тəркіленгенде немесе мемлекеттің меншігіне айналдырылғанда;
5) электрондық сауда тауарларына арналған декларацияны тіркеген кезде туындаған электрондық сауда тауарларына қатысты кедендік бажды төлеу жөніндегі міндетке қатысты - кеден органы жеке тұлғалар сатып алған электрондық сауда тауарларын шығарудан бас тартқанда;
6) электрондық сауда тауарларына арналған декларацияны тіркеу кезінде туындаған осындай тауарларға қатысты кедендік бажды төлеу жөніндегі міндетке қатысты - осы Кодекстің 184-бабына сəйкес электрондық сауда тауарларына арналған декларация кері қайтарып алынғанда;
7) жеке тұлғалар сатып алған электрондық сауда тауарлары кідіртілгенге дейін туындаған электрондық сауда тауарларына қатысты кедендік бажды төлеу жөніндегі міндетке қатысты - кеден органы осы Кодекстің 52-тарауына сəйкес осындай кідірткенде;
8) қылмыстық құқық бұзушылық туралы хабарды тексеру, қылмыстық іс немесе əкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша іс жүргізу барысында алып қойылған немесе тыйым салынған, жеке тұлғалар сатып алған электрондық сауда тауарларын, егер бұрын осы Кодекстің 392-5-бабына сəйкес мұндай тауарларды шығару жүргізілмеген болса, осындай тауарларды қайтару туралы шешім қабылданғанға дейін туындаған электрондық сауда тауарларына қатысты кедендік бажды төлеу жөніндегі міндет бойынша мұндай шешім қабылданған осындай тауарлар осы Кодекске сəйкес Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағынан əкетілгенде, уақытша сақтауға орналастырылғанда не шығарылғанда;
9) жеке тұлғалар сатып алған электрондық сауда тауарлары шығарылғаннан кейін осы Кодекстің 392-8-бабына сəйкес электрондық сауда тауарларына қатысты кедендік бажды есептеу үшін валюта бағамын қолдану күніне қолданыста болатын валюталар бағамы бойынша жиынтығында бес еуроға баламалы сомадан аспайтын мөлшерде бір жеке тұлға алушысы болып табылатын тауарларға қатысты электрондық сауда тауарларына арналған бір декларацияда есептелген кедендік баждың төленбеу фактісі анықталғанда;
10) осы Кодекске сəйкес өндіріп алуға үмітсіз деп танылған осындай кедендік баж сомасына қатысты - осы Кодекстің 116-бабы 10-тармағының 4) тармақшасына сəйкес электрондық сауда тауарларына қатысты кедендік бажды өндіріп алу жөніндегі шараларды қолданбағанда тоқтатылады.
3. Комиссия жеке тұлғалар сатып алған, əкелінетін (əкелінген) сол бір электрондық сауда тауарларына қатысты электрондық сауда тауарларына қатысты кедендік бажды төлеу жөніндегі міндет əртүрлі тұлғаларда түрлі мəн-жайлар бойынша жəне (немесе) бірнеше рет туындаған, оның ішінде электрондық сауда тауарларына қатысты кедендік бажды төлеу жөніндегі міндет Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттің бірінде туындаған, ал осындай кедендік бажды төлеу жөніндегі міндет тоқтатылатын мəн-жайлар Еуразиялық экономикалық одаққа мүше өзге мемлекетте басталған жағдайларда, электрондық сауда тауарларына қатысты кедендік бажды төлеу жөніндегі міндет тоқтатылатын мəн-жайларды, сондай-ақ кеден органдарының осындай мəн-жайлардың басталуын растау бойынша өзара іс-қимыл жасау тəртібін айқындауға құқылы.
4. Жеке тұлғалар сатып алған электрондық сауда тауарларына қатысты электрондық сауда тауарларына қатысты кедендік баж электрондық сауда тауарларына арналған декларацияда осы Кодекстің 392-8-бабына сəйкес есептелген сомалар мөлшерінде төленуге тиіс.
5. Жеке тұлғалар сатып алған электрондық сауда тауарларына қатысты электрондық сауда тауарларына қатысты кедендік бажды төлеу жөніндегі міндет жеке тұлғалар сатып алған электрондық сауда тауарлары шығарылғанға дейін орындалуға тиіс (электрондық сауда тауарларына қатысты кедендік баж төленуге тиіс).
6. Анық емес кедендік декларацияланған, жеке тұлғалар сатып алған электрондық сауда тауарларын Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасы арқылы заңсыз өткізу кезінде электрондық сауда тауарларына қатысты кедендік баж осы Кодекстің 392-8-бабына сəйкес есептеледі. Бұл ретте жеке тұлғалар сатып алған электрондық сауда тауарларын кедендік декларациялау кезінде іс жүзінде төленген электрондық сауда тауарларына қатысты кедендік баж сомалары қайтадан төленбейді (өндіріп алынбайды), ал мұндай кедендік баждың артық төленген жəне (немесе) өндіріп алынған сомалары осы Кодекске сəйкес қайтарылуға тиіс.
392-10-бап. Жеке тұлғалар сатып алған электрондық сауда тауарларының құны
1. Жеке тұлғалар сатып алған, əкелінетін электрондық сауда тауарларының құны - чектерде, шоттарда, банктік төлем құжаттарында жəне осындай тауарларды сатып алумен байланысты өзге де құжаттарда көрсетілген олардың жиынтық құны туралы ақпараттың негізінде, ал кедендік операцияларды электрондық сауда операторы жасаған кезде электрондық сауда операторы электрондық сауда алаңынан алған, осындай тауарларды сатып алумен байланысты мəліметтердің (мұндай ақпарат болған кезде) негізінде де электрондық сауда тауарларына арналған декларацияда мəлімделеді.
2. Жеке тұлғалар сатып алған электрондық сауда тауарларының құны анық, сандық жағынан айқындалған жəне құжатпен расталған ақпараттың негізінде мəлімделуге тиіс.
3. Егер жеке тұлғалар сатып алған, əкетілетін электрондық сауда тауарларының құнын айқындау осы Кодексте көзделсе, Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағынан əкетілетін, жеке тұлғалар сатып алған электрондық сауда тауарларының құны осы Кодекске сəйкес айқындалады жəне электрондық сауда тауарларына арналған декларацияда мəлімделеді.
4. Кеден органы кедендік бақылаудың нəтижелері бойынша жеке тұлғалар сатып алған электрондық сауда тауарларының құнын ұқсас тауарлардың бағасы туралы өзінде бар ақпараттың негізінде:
1) осы баптың 1-тармағында көрсетілген құжаттарда мұндай тауарлардың құны туралы мəліметтер болмаған не құжаттар болмаған;
2) осы баптың 1-тармағында көрсетілген құжаттарда электрондық сауда тауарлары туралы мəліметтер қамтылған, электрондық сауда тауарларын декларацияланатын электрондық сауда тауарларымен сəйкестендіру мүмкіндігі болмаған;
3) осы баптың 1-тармағында көрсетілген құжаттарда жəне (немесе) мəліметтерде декларацияланатын электрондық сауда тауарларының құны туралы мəліметтердің анықтығы расталмаған;
4) жеке тұлғалар сатып алған электрондық сауда тауарларының құны ұқсас тауарлардың нарықтық құнымен салыстырғанда айтарлықтай төмен деп мəлімделген жағдайларда айқындайды.
5. Кеден органы жеке тұлғалар сатып алған электрондық сауда тауарларының құны туралы ақпарат ретінде ұқсас тауарларды бөлшек саудада сатуды жүзеге асыратын шетелдік ұйымдардың каталогтары мен сайттарында көрсетілген мəліметтерді де пайдалана алады.
6. Кедендік декларациялауды жүзеге асыратын тұлға электрондық сауда тауарларына арналған декларацияда мəлімделген, жеке тұлғалар сатып алған электрондық сауда тауарларының құнын растау үшін ұсынылған құжаттарда қамтылған мəліметтердің анықтығын дəлелдеуге құқылы.
7. Осы бапты қолдану мақсаттары үшін ұқсас тауар деп Интернет желісіндегі электрондық сауда алаңдарында салыстырмалы шарттарда сатып алынған немесе сатуға ұсынылатын (ұсынылған), жеке тұлға сатып алған, əкелінетін электрондық сауда тауарының сипаттамаларына жақын сипаттамалары бар, яғни жеке тұлға сатып алған, декларацияланатын электрондық сауда тауарымен өзінің тауар белгісі, мақсаты, қолданылуы, сапалық, техникалық жəне өзге де сипаттамалары бойынша салыстыруға болатын тауар түсініледі.»;
41) 394-бапта:
үшінші абзац «мəртебесін сақтаған тауарлар» деген сөздерден кейін «, Еуразиялық экономикалық одақ тауарлары мəртебесін алған, жеке тұлғалар сатып алған электрондық сауда тауарлары» деген сөздермен толықтырылсын;
жетінші абзац «уақытша сақтауы үшін пайдалануға арналған немесе пайдаланылатын,» деген сөздерден кейін «электрондық сауда тауарларын сақтау үшін электрондық сауда операторларының пайдалануына арналған немесе олар пайдаланатын,» деген сөздермен толықтырылсын;
42) 404-баптың 1-тармағының бірінші бөлігі «сауда дүкендерінің» деген сөздерден кейін «, электрондық сауда операторының осы Кодекстің 528-2-бабы 1-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген құрылысжайларының, үй-жайларының (үй-жайлары бөліктерінің) жəне (немесе) ашық алаңдарының (ашық алаңдары бөліктерінің)» деген сөздермен толықтырылсын;
43) 415-баптың 3-тармағында:
«операторлардың» деген сөзден кейін «, электрондық сауда операторларының» деген сөздермен толықтырылсын;
«жəне 524-баптарына» деген сөздер «, 524-баптарына, 528-2-бабының 1-тармағына» деген сөздермен ауыстырылсын;
44) 432-баптың 5-тармағындағы «заңнамасында» деген сөз «заңдарында» деген сөзбен ауыстырылсын;
45) 453-баптың 1-тармағы «369-бабының 7-тармағында» деген сөздерден кейін «, 392-6-бабының 8 жəне 9-тармақтарында» деген сөздермен толықтырылсын;
46) 484-бапта:
1-тармақтағы «жəне бажсыз сауда дүкендерінің иелері» деген сөздер «, бажсыз сауда дүкендерінің иелері жəне электрондық сауда операторлары» деген сөздермен ауыстырылсын;
2-тармақ «бажсыз сауда дүкендері иелерінің тізіліміне» деген сөздерден кейін «, электрондық сауда операторларының тізіліміне» деген сөздермен толықтырылсын;
47) 486-бапта:
13-тармақта:
бірінші абзацта:
«Егер кеден өкілі жəне (немесе) кедендік тасымалдаушы ретінде қызметті жүзеге асыратын (қызметті жүзеге асыруға үміткер) заңды тұлға бір мезгілде уəкілетті экономикалық оператор болып табылса (уəкілетті экономикалық операторлардың тізіліміне енгізуге үміткер болса)» деген сөздер «Заңды тұлға бір мезгілде кеден өкілі, кедендік тасымалдаушы жəне (немесе) электрондық сауда операторы ретінде қызметті жүзеге асырған (қызметті жүзеге асыруға үміткер болған), сондай-ақ бір мезгілде уəкілетті экономикалық оператор болған (уəкілетті экономикалық операторлардың тізіліміне енгізуге үміткер болған) жағдайларда» деген сөздермен ауыстырылсын;
орыс тіліндегі мəтінге түзету енгізілді, қазақ тіліндегі мəтін өзгермейді;
мынадай мазмұндағы 1-1), 1-2), 1-3) жəне 3-1) тармақшалармен толықтырылсын:
«1-1) кеден өкілдерінің тізіліміне жəне электрондық сауда операторларының тізіліміне;
1-2) кедендік тасымалдаушылар тізіліміне жəне электрондық сауда операторларының тізіліміне;
1-3) кеден өкілдерінің тізіліміне, кедендік тасымалдаушылардың тізіліміне жəне электрондық сауда операторларының тізіліміне;»;
«3-1) электрондық сауда операторларының тізіліміне жəне уəкілетті экономикалық операторлардың тізіліміне;»;
4) тармақшадағы «тізіліміне енгізілген кезде осы Кодекстің 489-бабының 2) тармақшасына, 496-бабы 1-тармағының 2) тармақшасына жəне 535-бабының 10, 11, 12, 13, 14, 15, 16, 17, 18 жəне 19-тармақтарына сəйкес айқындалған қамтамасыз етулердің бірінің ең жоғары сомасы мөлшерінде беріледі.» деген сөздер «тізіліміне;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 5), 6) жəне 7) тармақшалармен толықтырылсын:
«5) кеден өкілдерінің тізіліміне, электрондық сауда операторларының тізіліміне жəне уəкілетті экономикалық операторлардың тізіліміне;
6) кедендік тасымалдаушылардың тізіліміне, электрондық сауда операторларының тізіліміне жəне уəкілетті экономикалық операторлардың тізіліміне;
7) кеден өкілдерінің тізіліміне, кедендік тасымалдаушылардың тізіліміне, электрондық сауда операторларының тізіліміне жəне уəкілетті экономикалық операторлардың тізіліміне енгізілген кезде осы Кодекстің 489-бабының 2) тармақшасына, 496-бабы 1-тармағының 2) тармақшасына, 528-2-бабының 2-тармағына жəне 535-бабының 10, 11, 12, 13, 14, 15, 16, 17, 18 жəне 19-тармақтарына сəйкес айқындалған қамтамасыз етулердің бірінің ең жоғары сомасы мөлшерінде беріледі.»;
14-тармақтағы «жəне (немесе) кедендік тасымалдаушы» деген сөздер «, кедендік тасымалдаушы жəне (немесе) электрондық сауда операторы» деген сөздермен ауыстырылсын;
48) 494-баптың 1-тармағының 3) тармақшасындағы «заңнамасында» деген сөз «заңдарында» деген сөзбен ауыстырылсын;
49) 500-баптың 4) тармақшасындағы «заңнамасында» деген сөз «заңдарында» деген сөзбен ауыстырылсын;
50) мынадай мазмұндағы 62-1-тараумен толықтырылсын:
«62-1-тарау. Электрондық сауда операторы
528-1-бап. Электрондық сауда операторының қызметі
1. Осы Кодекстің 528-2-бабында айқындалған шарттарға сай келетін, Қазақстан Республикасының заңды тұлғасы (бұдан əрі осы тарауда - заңды тұлға) электрондық сауда операторы болып табылады.
Заңды тұлға электрондық сауда операторларының тізіліміне енгізілгеннен кейін электрондық сауда операторы болып танылады.
2. Электрондық сауда операторы Қазақстан Республикасының аумағында электрондық сауда тауарларына қатысты кедендік операцияларды уəкілетті орган оны Еуразиялық экономикалық одақтың жəне (немесе) Қазақстан Республикасының кеден заңнамасына сəйкес электрондық сауда операторларының тізіліміне енгізгеннен кейін жасайды.
Электрондық сауда операторы жеке тұлғалар сатып алған электрондық сауда тауарларына қатысты кедендік операцияларды осындай тауарлардың декларанттары атынан жасайды.
528-2-бап. Электрондық сауда операторларының тізіліміне енгізу шарттары
1. Электрондық сауда операторы ретінде қызметті жүзеге асыруға үміткер заңды тұлғаны электрондық сауда операторларының тізіліміне енгізудің шарттары:
1) меншігінде, шаруашылық жүргізуінде, жедел басқаруында немесе жалға алуында кеден қоймасы кедендік рəсімімен орналастырылған электрондық сауда тауарларын уақытша сақтауға жəне (немесе) электрондық сауда тауарларын сақтауға арналған жəне төмендегідей талаптарға сай келетін құрылысжайлардың, үй-жайлардың (үй-жайлар бөліктерінің) жəне (немесе) ашық алаңдардың (ашық алаңдар бөліктерінің), оның ішінде халықаралық пошта алмасу орындарында (мекемелерінде) орналасқандардың (бұдан əрі осы тарауда - құрылысжайлар (үй-жайлар, алаңдар) болуы:
тəулік бойы режимінде жұмыс істейтін, құрылысжай (үй-жай, алаң) аумағында күнтізбелік отыз күн ішінде болған оқиғалар туралы бейнеақпаратты қарауға мүмкіндік беретін бейнебақылау құралдарымен жабдықталған, көлік құралдарының аумаққа кіруін жəне аумақтан шығуын, адамдардың аумаққа жəне (немесе) құрылысжайларға (үй-жайларға, алаңдарға) кіруін жəне аумақтан жəне (немесе) құрылысжайлардан (үй-жайлардан, алаңдардан) шығуын бақылау жүйелерінің болуы (кедендік бақылауға жататын электрондық сауда тауарлары тұрған жерде);
қажетті тиеу-түсіру механизмдерін иелену, пайдалану жəне (немесе) оларға билік ету құқығын растау не тиеу-түсіру механизмдерін пайдаланумен байланысты көрсетілетін қызметтерді ұсынатын тұлғамен шарттың болуы;
орналастырылатын электрондық сауда тауарларының сипатына сəйкес келетін сертификатталған таразы жабдығын иелену, пайдалану жəне (немесе) оған билік ету құқығын растау;
техникалық жарамды кірме жолдардың болуы;
электр жарығымен жарақтандырылған жəне тəулік бойы режимде жұмыс істейтін, мемлекеттік кірістер органының нақты уақыт режимінде бейнеақпаратты қарауға қашықтан қол жеткізуіне, күнтізбелік отыз күн ішінде бейнеақпаратты жинақтауға жəне қарауға мүмкіндік беретін бейнебайқау құралдарымен жабдықталған, электрондық сауда тауарларын жете тексеруге арналған орындардың, оның ішінде жабық алаңдардың болуы (бұл ретте жете тексеру орны периметрі бойынша сары түсті бояумен немесе жабысқақ таспамен белгіленуге жəне онда бейнебайқау құралдарына көрінбей қалатын аймақтар (учаскелер) болмауға тиіс);
аумақта электрондық сауда операторының қызметіне қатысы жоқ ғимараттар (құрылыстар) мен құрылысжайлар болмауға тиіс.
Егер құрылысжайлар (үй-жайлар, алаңдар) өтініш берілген күні жалға алынған болса, мұндай құрылысжайларға (үй-жайларға, алаңдарға) қатысты жалға алу шарты кемінде бір жыл мерзімге жасалуға тиіс;
2) кеден ісі саласындағы қызметті жүзеге асыратын заңды тұлғаның міндеттерін орындауды осы баптың 2-тармағына сəйкес айқындалатын мөлшерде қамтамасыз ету;