1) егер уәкiлеттi орган бұрын сол атаумен және сол аумаққа таралатын не оның атауы бұрын құрылған мерзiмдi баспасөз басылымының, ақпараттық агенттіктің және желілік басылымның атауымен айырғысыз дәрежеде ұқсас мерзiмдi баспасөз басылымын, ақпараттық агенттікті және желілік басылымды есепке қойғаны немесе қайта есепке алғаны туралы куәлiк берген болса;
2) егер өтiнiштiң мазмұны осы Заңның 11-бабының талаптарына сай келмейтiн болса;
3) егер мерзiмдi баспасөз басылымын, ақпараттық агенттікті және желілік басылымды есепке қою үшiн алым төленбесе;
4) егер меншiк иесiнiң ауысуына орай мерзiмдi баспасөз басылымын немесе ақпараттық агенттікті не желілік басылымды қайта есепке алу туралы өтiнiште мерзiмдi баспасөз басылымына немесе ақпараттық агенттікке не желілік басылымға меншiк құқықтарын басқа тұлғаға берудi растайтын шарттың нөмірі мен күні көрсетілмесе;
5) егер шығарылуын бұрын сот тоқтатқан, атауы (атауының бiр бөлiгi) бiрдей және тақырыптық бағыты дәл сондай мерзiмдi баспасөз басылымы немесе ақпараттық агенттік не желілік басылым есепке қоюға мәлiмделген болса не атауы мен тақырыптық бағытын қайталайтын мерзiмдi баспасөз басылымы немесе ақпараттық агенттік не желілік басылым мәлiмделген болса, сондай-ақ шығарылуы сот шешiмiмен тоқтатылған мерзiмдi баспасөз басылымының немесе ақпараттық агенттіктің не желілік басылымның меншiк иесi немесе бас редакторы (редакторы) соттың шешiмi заңды күшiне енген күннен бастап үш жыл iшiнде өтiнiш берген жағдайда бас тартады.
5. Мерзімді баспасөз басылымының меншік иесі есепке қою туралы куәлікті алған күннен бастап үш ай ішінде мерзімді баспасөз басылымының өнімін шығаруға кірісу құқығын сақтайды.
Ақпараттық агенттіктің немесе желілік басылымның меншік иелері есепке қою туралы куәлікті алған күннен бастап алты ай ішінде хабарлар мен материалдарды таратуға кірісу құқығын сақтайды.
Мерзімді баспасөз басылымының немесе ақпараттық агенттіктің не желілік басылымның шығарылуын сот тоқтата тұрған жағдайларды қоспағанда, мерзімді баспасөз басылымының немесе ақпараттық агенттіктің не желілік басылымның өнімін шығару мерзімін өткізіп алған, сондай-ақ мерзімді баспасөз басылымының немесе ақпараттық агенттіктің не желілік басылымның өнімін шығару үш ай бойы тоқтап қалған жағдайда, уәкілетті органның шешімімен мерзімді баспасөз басылымын немесе ақпараттық агенттікті не желілік басылымды есепке қою туралы куәліктің күші жойылды деп танылады.
Егер мемлекеттік бақылау қорытындылары бойынша желілік басылымның меншік иесінің ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымының Қазақстан Республикасынан тыс жерде орналасқаны анықталса, уәкілетті органның шешімімен желілік басылымды есепке қою туралы куәліктің күші жойылды деп танылады.
6. Мерзімді баспасөз басылымы, ақпараттық агенттік және желілік басылым меншік иесі ауысқан немесе оның атауы, сондай-ақ басылымның не материалдар мен хабарлардың аты, тілі, таралу аумағы, негізгі тақырыптық бағыты және шығарылу мерзімділігі өзгерген жағдайларда қайта есепке алынуға жатады.»;
8) 11-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«11-бап. Мерзімді баспасөз басылымын, ақпараттық агенттікті және желілік басылымды есепке қою немесе қайта есепке алу туралы өтініш
1. Мерзiмдi баспасөз басылымын, ақпараттық агенттікті және желілік басылымды есепке қою немесе қайта есепке алу туралы өтiнiште:
1) мерзiмдi баспасөз басылымының немесе ақпараттық агенттіктің не желілік басылымның меншiк иесiнiң - жеке тұлғаның тегі, аты және әкесінің аты (егер ол жеке басты куәландыратын құжатта көрсетілсе), жеке сәйкестендіру нөмірі, тұрғылықты жерi, мерзiмдi баспасөз басылымының немесе ақпараттық агенттіктің не желілік басылымның меншiк иесiнiң - заңды тұлғаның атауы, бизнес-сәйкестендіру нөмірі, орналасқан жерi;
2) мерзiмдi баспасөз басылымының немесе ақпараттық агенттіктің не желілік басылымның материалдары мен хабарларының тiлi (тiлдерi);
3) шығарылымның болжамды мерзiмдiлiгi;
4) негiзгi тақырыптық бағыты;
5) таралу аумағы;
6) бас редактордың (редактордың) тегi, аты, әкесiнiң аты (егер ол жеке басты куәландыратын құжатта көрсетілсе);
7) редакцияның мекенжайы көрсетiлуге тиiс.
2. Мерзімді баспасөз басылымын, ақпараттық агенттікті және желілік басылымды есепке қою немесе қайта есепке алу кезiнде өзге талаптарды қоюға тыйым салынады.»;
9) 13-бапта:
1-тармақ мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
«Интернет-ресурсқа қолжетімділікті тоқтата тұру Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларда Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының немесе оның орынбасарларының нұсқамасы бойынша жүзеге асырылады.»;
мынадай мазмұндағы 6 және 7-тармақтармен толықтырылсын:
«6. Интернет-ресурс бұқаралық ақпарат құралы болып табылғанда, бұқаралық ақпарат құралын не бұқаралық ақпарат құралының өнімдерін шығару соттың заңды күшіне енген шешімі бойынша тоқтатыла тұрған не тоқтатылған жағдайда, уәкілетті мемлекеттік органдар, интернет-ресурстардың меншік иелері бұқаралық ақпарат құралын шығаруды не бұқаралық ақпарат құралының өнімдерін Қазақстан Республикасының аумағында таратуды тоқтата тұруға немесе тоқтатуға міндетті.
7. Интернет-ресурс бұқаралық ақпарат құралы болып табылғанда, соттың бұқаралық ақпарат құралының өнімін таратуды не бұқаралық ақпарат құралын шығаруды тоқтата тұру туралы шешімінің заңды күшіне енуі домендік атты дәл сол немесе қайталанатын атаумен пайдалануға үш айдан аспайтын мерзімге тыйым салуға әкеп соғады.
Интернет-ресурс бұқаралық ақпарат құралы болып табылғанда, соттың бұқаралық ақпарат құралының өнімін таратуды не бұқаралық ақпарат құралын шығаруды тоқтату туралы шешімі домендік атты тіркеудің күшін жоюға және тіркелуі сот шешімімен жойылған домендік атты дәл сол немесе қайталайтын атаумен бір жыл ішінде пайдалануға тыйым салуға әкеп соғады.»;
10) 14-баптың 2-1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«2-1. Субъектілер эротикалық сипаттағы материалдарды орналастыратын мерзімді баспасөз басылымдарын немесе интернет-ресурстарды тарату жөніндегі қызметті жүзеге асыруды бастағанға дейін Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес бұл туралы уәкілетті органды хабардар етуге міндетті.»;
11) 15-бапта:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Мерзiмдi баспасөз басылымының әрбiр шығарылымында мынадай мәлiметтер қамтылуға тиiс:
1) мерзiмдi баспасөз басылымының атауы;
2) мерзiмдi баспасөз басылымының меншiк иесi;
3) бас редактордың (редактордың) тегi және инициалдары;
4) есепке қою немесе қайта есепке алу туралы куәлiктiң нөмiрi мен берiлген күнi және оны берген органның атауы;
5) басылымның мерзiмдiлiгi;
6) мерзiмдi баспасөз басылымының рет нөмiрi мен жарық көрген күні;
7) таралымы;
8) баспахананың атауы, оның мекенжайы және редакцияның мекенжайы.»;
мынадай мазмұндағы 1-1-тармақпен толықтырылсын:
«1-1. Ақпараттық агенттіктер және желілік басылымдар арнайы мақсаттағы бөлімде:
1) ақпараттық агенттіктің немесе желілік басылымның атауын;
2) ақпараттық агенттіктің немесе желілік басылымның меншік иесінің тегі мен инициалдарын немесе атауын;
3) бас редактордың (редактордың) тегі мен инициалдарын;
4) есепке қою немесе қайта есепке алу туралы куәліктің нөмірі мен берілген күнін және оны берген органның атауын;
5) редакцияның байланыс деректерін (пошталық мекенжайын, телефон нөмірін, электрондық поштасының мекенжайын) орналастыруға міндетті.»;
12) 16-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«16-бап. Мерзiмдi баспасөз басылымдарының мiндеттi даналары және теле-, радиобағдарламалардың материалдарын сақтау
1. Бұқаралық ақпарат құралының меншiк иесi мерзiмдi баспасөз басылымдарының мiндеттi тегiн даналарын, оның iшiнде осы Заңның 12-бабына орай есепке қоюдан босатылғандарын не олардың бас редактордың (редактордың) электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған электрондық-цифрлық нысанын олар әзiрленген күнi ұлттық кiтапханаларға және уәкiлеттi органға жiбередi.
2. Бұқаралық ақпарат құралдарының (теле-, радиоарналардың) редакциялары өздерінің эфирге шығарылған теле-, радиобағдарламаларының жазбаларын алты ай бойы сақтауға, сондай-ақ оларды өзiнiң эфирлiк жұмысының тiркеу журналында тіркеуге және оны осы журналда соңғы жазба жасалған кезден бастап кемiнде бiр жыл сақтауға мiндеттi. Тарихи немесе мәдени құндылығы бар жазбалар Қазақстан Республикасының Ұлттық архив қоры және архивтер туралы заңнамасында айқындалатын тәртiппен сақталады.
3. Уәкілетті орган мерзiмдi баспасөз басылымдарының міндетті тегін даналарының қағаз және электрондық архивтерін қалыптастырады.».
18. «Әкімшілік рәсімдер туралы» 2000 жылғы 27 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2000 ж., № 20, 379-құжат; 2004 ж., № 5, 29-құжат; 2007 ж., № 12, 86-құжат; № 19, 147-құжат; 2008 ж., № 21, 97-құжат; 2009 ж., № 15-16, 74-құжат; № 18, 84-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 7, 29-құжат; № 17-18, 111-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 7, 54-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; № 15,118-құжат; 2012 ж., № 8, 64-құжат; № 13, 91-құжат; № 15, 97-құжат; 2013 ж., № 1, 3-құжат; № 5-6, 30-құжат; № 14, 72-құжат; 2014 ж., № 10, 52-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; № 24, 144-құжат):
9-2-баптың бірінші бөлігінің төртінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«жоспарлы құжаттарды, нормативтік құқықтық актілерді орындауға, мемлекеттік органның жоспарлы құжаттарында көзделген мақсаттар мен міндеттерге қол жеткізуге, мемлекеттік қызметтер көрсетуге, рұқсат беру құжаттарын (лицензиялауды, тіркеуді, сертификаттауды қоса алғанда) беруге бағытталған функциялар іске асыру функциялары болып табылады;».
19. «Сақтандыру қызметі туралы» 2000 жылғы 18 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2000 ж., № 22, 406-құжат; 2003 ж., № 11, 56-құжат; № 12, 85-құжат; № 15, 139-құжат; 2004 ж., № 11-12, 66-құжат; 2005 ж., № 14, 55, 58-құжаттар; № 23, 104-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; № 4, 25-құжат; № 8, 45-құжат; № 13, 85-құжат; № 16, 99-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; № 4, 28, 33-құжаттар; № 8, 52-құжат; № 18, 145-құжат; 2008 ж., № 17-18, 72-құжат; № 20, 88-құжат; 2009 ж., № 2-3, 18-құжат; № 17, 81-құжат; № 19, 88-құжат; № 24, 134-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 17-18, 112-құжат; 2011 ж., № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 2, 15-құжат; № 8, 64-құжат; № 13, 91-құжат; № 21-22, 124-құжат; № 23-24, 125-құжат; 2013 ж., № 10-11, 56-құжат; 2014 ж., № 4-5, 24-құжат; № 10, 52-құжат; № 11, 61-құжат; № 19-I, 19-II, 94-құжат; № 21, 122-құжат; № 22, 131-құжат; 2015 ж., № 8, 45-құжат; № 15, 78-құжат):
1) 79-бапта:
5-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Басқару жүйесiн пайдалануға беру жөнiндегi қажеттi iс-шараларды дерекқордың орындауын тексерудi уәкiлеттi органның комиссиясы жүзеге асырады, оның нәтижелерi дерекқорды басқару жүйесiн пайдалануға беру актiсiнде уәкiлеттi орган белгiлеген нысан бойынша көрсетiледi.»;
6-тармақтың 3) тармақшасындағы «ақпараттық, коммуникациялық жүйелер мен» деген сөздер «ақпараттық-коммуникациялық» деген сөздермен ауыстырылсын;
2) 82-баптың 1-тармағының 9) тармақшасы және 3-тармағының 5) тармақшасы «ақпараттық ресурстар» деген сөздердің алдынан «электрондық» деген сөзбен толықтырылсын.
20. «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2001 ж., № 3, 17-құжат; № 9, 86-құжат; № 24, 338-құжат; 2002 ж., № 10, 103-құжат; 2004 ж., № 10, 56-құжат; № 17, 97-құжат; № 23, 142-құжат; № 24, 144-құжат; 2005 ж., № 7-8, 23-құжат; 2006 ж., № 1, 5-құжат; № 13, 86, 87-құжаттар; № 15, 92, 95-құжаттар; № 16, 99-құжат; № 18, 113-құжат; № 23, 141-құжат; 2007 ж., № 1, 4-құжат; № 2, 14-құжат; № 10, 69-құжат; № 12, 88-құжат; № 17, 139-құжат; № 20, 152-құжат; 2008 ж., № 21, 97-құжат; № 23, 114, 124-құжаттар; 2009 ж., № 2-3, 9-құжат; № 24, 133-құжат; 2010 ж., № 1-2, 2-құжат; № 5, 23-құжат; № 7, 29, 32-құжаттар; № 24, 146-құжат; 2011 ж., № 1, 3, 7-құжаттар; № 2, 28-құжат; № 6, 49-құжат; № 11, 102-құжат; № 13, 115-құжат; № 15, 118-құжат; № 16, 129-құжат; 2012 ж., № 2, 11-құжат; № 3, 21-құжат; № 5, 35-құжат; № 8, 64-құжат; № 14, 92-құжат; № 23-24, 125-құжат; 2013 ж., № 1, 2, 3-құжаттар; № 8, 50-құжат; № 9, 51-құжат; № 14, 72, 75-құжаттар; № 15, 81-құжат; № 20, 113-құжат; № 21-22, 115-құжат; 2014 ж., № 2, 10-құжат; № 3, 21-құжат; № 7, 37-құжат; № 8, 49-құжат; № 10, 52-құжат; № 11, 67-құжат; № 12, 82-құжат; № 14, 84, 86-құжаттар; № 19-I, 19-II, 94, 96-құжаттар; № 21, 118, 122-құжаттар; № 22, 131-құжат; 2015 ж., № 9, 46-құжат; 2015 жылғы 29 қазанда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне сауда қызметін реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2015 жылғы 27 қазандағы Қазақстан Республикасының Заңы):
27-баптың 1-тармағының 21-3) тармақшасы алып тасталсын.
21. «Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» 2001 жылғы 16 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2001 ж., № 17-18, 243-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2005 ж., № 6, 10-құжат; № 7-8, 19-құжат; 2006 ж., № 1, 5-құжат; № 3, 22-құжат; № 15, 95-құжат; № 23, 144-құжат; № 24, 148-құжат; 2007 ж., № 1, 4-құжат; № 2, 18-құжат; № 16, 129-құжат; 2008 ж., № 21, 97-құжат; № 24, 129-құжат; 2009 ж., № 15-16, 76-құжат; № 18, 84-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 6, 50-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; 2012 ж., № 3, 21, 27-құжаттар; № 4, 32-құжат; № 8, 64-құжат; № 14, 92, 95-құжаттар; № 15, 97-құжат; 2013 ж., № 9, 51-құжат; № 13, 63-құжат; № 14, 72, 75-құжаттар; № 21-22, 114-құжат; 2014 ж., № 1, 4, 6-құжаттар; № 2, 10, 12-құжаттар; № 7, 37-құжат; № 8, 44-құжат; № 10, 52-құжат; № 14, 86-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 жылғы 29 қазанда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне арнайы экономикалық аймақтарды жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2015 жылғы 27 қазандағы Қазақстан Республикасының Заңы; 2015 жылғы 29 қазанда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне сауда қызметін реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2015 жылғы 27 қазандағы Қазақстан Республикасының Заңы):
20-бап мынадай мазмұндағы 11-10) тармақшамен толықтырылсын:
«11-10) ақпараттандыру саласындағы уәкілетті органмен бірлесе отырып, Қазақстан Республикасының аумағындағы жылжымайтын мүлік объектілерін адрестеу қағидаларын әзірлеу және бекіту;».
22. «Электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы» 2003 жылғы 7 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2003 ж., № 1-2, 1-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2009 ж., № 11-12, 53-құжат; № 18, 84-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 17-18, 111-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 12, 111-құжат; № 15, 118-құжат; 2012 ж., № 8, 64-құжат; № 14, 95-құжат; № 15, 97-құжат; 2013 ж., № 14, 75-құжат; 2014 ж., № 1, 4-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; № 23, 143-құжат):
1) 1-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негiзгi ұғымдар
Осы Заңда мынадай негiзгi ұғымдар пайдаланылады:
1) ақпараттандыру саласындағы уәкілетті орган - ақпараттандыру және «электрондық үкімет» саласында басшылықты және салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;
2) арнайы куәландырушы орталық - электрондық цифрлық қолтаңбаның ашық кілтінің электрондық цифрлық қолтаңбаның жабық кілтіне сәйкестігін куәландыратын, мемлекеттік құпияларды құрайтын мәліметтерді пайдалануға байланысты қызметті жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органының уәкілетті бөлімшесі;
3) архивтер мен құжаттаманы басқарудың уәкілетті органы - архивтер мен құжаттаманы басқарудың орталық атқарушы органы;
4) куәландырушы орталық - электрондық цифрлық қолтаңбаның ашық кілтінің электрондық цифрлық қолтаңбаның жабық кілтіне сәйкестігін куәландыратын, сондай-ақ тіркеу куәлігінің анықтығын растайтын заңды тұлға;
5) куәландырушы орталықты аккредиттеу - куәландырушы орталықтың қызметтер көрсету құзыретін ақпараттандыру саласындағы уәкілетті органның ресми тануы;
6) қол қоюшы тұлға - электрондық цифрлық қолтаңбаның жабық кілтін құқыққа сыйымды иеленетін және оны электрондық құжатта пайдалану құқығы бар жеке немесе заңды тұлға;
7) құжаттың электрондық көшірмесі - төлнұсқа құжаттың түрін және ақпаратын (деректерін) электрондық-цифрлық нысанда толығымен көрсететін құжат;
8) мемлекеттік техникалық қызмет - Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша құрылған, шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорын;
9) тіркеу куәлігі - куәландырушы орталық электрондық цифрлық қолтаңбаның осы Заңда белгіленген талаптарға сәйкестігін растау үшін беретін қағаз жеткізгіштегі құжат немесе электрондық құжат;
10) тіркеу куәлігін иеленуші - өз атына тіркеу куәлігі берілген, тіркеу куәлігінде көрсетілген ашық кілтке сәйкес келетін жабық кілтті құқыққа сыйымды иеленетін жеке немесе заңды тұлға;
11) электрондық архив - архивтік электрондық құжаттардың жиынтығы;
12) электрондық құжат - ақпарат электрондық-цифрлық нысанда ұсынылған және электрондық цифрлық қолтаңба арқылы куәландырылған құжат;
13) электрондық құжат айналымы - мемлекеттік органдар, жеке және заңды тұлғалар арасында электрондық құжаттар алмасу;
14) электрондық құжат айналымы жүйесі - қатысушылары арасындағы қатынастар осы Заңмен және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерімен реттелетін электрондық құжаттар алмасу жүйесі;
15) электрондық құжат айналымы жүйесіне қатысушы - электрондық құжаттарды жинау, өңдеу, сақтау, беру, іздеу және тарату процестеріне қатысатын жеке немесе заңды тұлға, мемлекеттік орган немесе лауазымды адам;
16) электрондық цифрлық қолтаңба - электрондық цифрлық қолтаңба құралдарымен жасалған және электрондық құжаттың анықтығын, оның тиесілілігін және мазмұнының өзгермейтіндігін растайтын электрондық цифрлық нышандар жиынтығы;
17) электрондық цифрлық қолтаңба құралдары - электрондық цифрлық қолтаңбаны жасау және оның төлнұсқалығын тексеру үшін пайдаланылатын бағдарламалық және техникалық құралдардың жиынтығы;
18) электрондық цифрлық қолтаңбаның ашық кілті - кез келген тұлғаға қолжетімді және электрондық құжаттағы электрондық цифрлық қолтаңбаның төлнұсқалығын растауға арналған электрондық цифрлық нышандар дәйектілігі;
19) электрондық цифрлық қолтаңбаның жабық кілті - электрондық цифрлық қолтаңба құралдарын пайдалана отырып, электрондық цифрлық қолтаңбаны жасауға арналған электрондық цифрлық нышандар дәйектілігі.»;
2) 5-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«5-бап. Уәкілетті органдардың құзыреті
1. Ақпараттандыру саласындағы уәкілетті орган:
1) электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба саласындағы мемлекеттік саясатты іске асырады;
2) Қазақстан Республикасының электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба саласындағы нормативтік құқықтық актілерін әзірлейді;
3) мемлекеттік органдар мен ұйымдарға электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба мәселелері бойынша практикалық және әдістемелік көмек көрсетеді;
4) электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба саласында Қазақстан Республикасының электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы заңнамасын сақтау тұрғысынан мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады;
5) куәландырушы орталықтың үлгілік ережесін бекітеді;
6) Қазақстан Республикасының негізгі куәландырушы орталығын, мемлекеттік органдардың куәландырушы орталығын, Қазақстан Республикасының ұлттық куәландырушы орталығын және Қазақстан Республикасының сенім білдірілген үшінші тарапын қоспағанда, куәландырушы орталықтың тіркеу куәліктерін беру, сақтау, кері қайтарып алу және электрондық цифрлық қолтаңбаның ашық кілтінің тиесілілігі мен жарамдылығын растау қағидаларын бекітеді;
7) объектілік сәйкестендіргіштердің қазақстандық сегментіндегі объектілік сәйкестендіргіштерді тіркеу, қайта тіркеу және олардың күшін жою қағидаларын бекітеді;
8) Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес тексеру парақтарын, тәуекелді бағалау өлшемшарттарын, тексерулер жүргізудің жартыжылдық кестелерін бекітеді;
9) шет мемлекеттердің куәландырушы орталықтарының, сенім білдірілген үшінші тараптарының Қазақстан Республикасының сенім білдірілген үшінші тарапымен өзара іс-қимылын тіркеу және тоқтату қағидаларын бекітеді;
10) электрондық цифрлық қолтаңбаның төлнұсқалығын тексеру қағидаларын бекітеді;
11) куәландырушы орталықтарды аккредиттеуді жүргізу қағидаларын әзірлейді;
12) Қазақстан Республикасының негізгі куәландырушы орталығының, мемлекеттік органдардың куәландырушы орталығының және Қазақстан Республикасының ұлттық куәландырушы орталығының тіркеу куәліктерін беру, сақтау, кері қайтарып алу және электрондық цифрлық қолтаңбаның ашық кілтінің тиесілілігі мен жарамдылығын растау қағидаларын бекітеді;
13) Қазақстан Республикасының сенім білдірілген үшінші тарапының шетелдік электрондық цифрлық қолтаңбасының төлнұсқалығын растау қағидаларын бекітеді;
14) осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
2. Архивтер мен құжаттаманы басқарудың уәкілетті органы:
1) электрондық құжат айналымы және электрондық архивтер саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыруды жүзеге асырады;
2) электрондық құжаттар мен электрондық архивті пайдалана отырып іс қағаздарын жүргізу мәселелеріне салааралық ұйымдастырушылық-әдістемелік басшылықты қамтамасыз етеді;
3) Қазақстан Республикасының электрондық құжат айналымы және электрондық архивтер саласындағы нормативтік құқықтық актілерін әзірлейді;
4) электрондық құжаттар мен электрондық архивті пайдалана отырып іс қағаздарын жүргізу мәселелері бойынша, Қазақстан Республикасының электрондық құжат айналымы және электрондық архивтер саласындағы заңнамасының сақталуы тұрғысынан мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады;
5) Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес тексеру парақтарын, тәуекелді бағалау өлшемшарттарын, тексерулер жүргізудің жартыжылдық кестелерін бекітеді;
6) осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.»;
3) 6-баптың 2) тармақшасындағы «ақпараттық» деген сөз «ақпараттық-коммуникациялық» деген сөздермен ауыстырылсын;
4) 7-бапта:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Осы Заңның талаптарына сәйкес келетін және оған қол қоюға өкілеттігі бар адамның электрондық цифрлық қолтаңбасы арқылы куәландырылған электрондық құжат қағаз жеткізгіштегі қол қойылған құжатпен бірдей.»;
2-тармақтағы «ақпараттық-коммуникациялық желi бойынша» деген сөздер «телекоммуникациялар желісі арқылы» деген сөздермен ауыстырылсын;
6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«6. Мемлекеттік құпияларды құрайтын мәліметтерді қамтитын электрондық құжаттарды және өзге де деректерді мемлекеттік құпияларға жатқызылған, қорғалып орындалған ақпараттық жүйелерді пайдалана отырып жинау, өңдеу, сақтау, беру, іздеу, тарату, пайдалану, қорғау, тіркеу және жою тәртібін, сондай-ақ арнаулы куәландырушы орталықты құру, аккредиттеу және оның қызметін тоқтату тәртібін Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті айқындайды.»;