бес жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
5. Осы баптың төртінші бөлігінде көрсетілген мәліметтерді көпшiлiк алдында сөйлеген сөзде, көпшiлiкке көрсетiлетiн шығармада, бұқаралық ақпарат құралдарында немесе телекоммуникациялар желілерін пайдалана отырып тарату -
жеті жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.».
8. 2014 жылғы 4 шілдедегі Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2014 ж., № 15-I, 15-II, 88-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; № 21, 122-құжат):
187-баптың бірінші бөлігіндегі «ұлттық электрондық ақпараттық ресурстарға» және «ұлттық ақпараттық жүйелерге» деген сөздер тиісінше «мемлекеттік электрондық ақпараттық ресурстарға» және «мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелеріне» деген сөздермен ауыстырылсын.
9. 2014 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2014 ж., № 18-I, 18-II, 92-құжат; № 21, 122-құжат; № 23, 143-құжат, № 24, 145, 146-құжаттар; 2015 ж.. № 1, 2-құжат; № 2, 6-құжат; № 7, 33-құжат; № 8, 44, 45-құжаттар; № 9, 46-құжат; № 10, 50-құжат; № 11, 52-құжат; № 14, 71-құжат, № 15, 78-құжат; № 16, 79-құжат; 2015 жылғы 29 қазанда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне сауда қызметін реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2015 жылғы 27 қазандағы Қазақстан Республикасының Заңы; 2015 жылғы 29 қазанда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Дүниежүзілік сауда ұйымына кіруге байланысты өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2015 жылғы 27 қазандағы Қазақстан Республикасының Заңы):
1) мазмұнында:
31-тараудың тақырыбында орыс тіліндегі мәтінге түзету енгізілді, қазақ тіліндегі мәтін өзгермейді;
639 және 692-баптардың тақырыптары мынадай редакцияда жазылсын:
«639-бап. Электрондық ақпараттық ресурстарды қорғау құралдарын пайдалану жөніндегі талаптарды бұзу»;
«692-бап. Ақпараттандыру және байланыс саласындағы уәкiлеттi орган»;
мынадай мазмұндағы 692-1-баптың тақырыбымен толықтырылсын:
«692-1-бап. Ақпарат саласындағы уәкілетті орган»;
2) 79-бапта:
екінші бөліктің бірінші абзацындағы «Меншiк» деген сөз «Егер осы әрекеттер заңда белгіленген қылмыстық жауаптылыққа әкеп соқпаса, меншiк» деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы төртінші бөлікпен толықтырылсын:
«4. Егер осы іс-әрекеттер заңда белгіленген қылмыстық жауаптылыққа әкеп соқпаса, осы баптың үшінші бөлігінде көзделген, дербес деректерді жоғалтуға, заңсыз жинауға және (немесе) өңдеуге әкеп соққан іс-әрекет -
жеке тұлғаларға - екі жүз, лауазымды адамдарға, шағын кәсiпкерлiк субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға - бес жүз, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне - жеті жүз, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне бір мың айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.»;
3) 284-баптың жетінші бөлігінің 8) тармақшасындағы «компьютерлік жүйелердің», «компьютерлік жүйелерді» деген сөздер тиісінше «аппараттық-бағдарламалық кешендердің», «аппараттық-бағдарламалық кешендерді» деген сөздермен ауыстырылсын;
4) 423-баптың ескертпелерінің 1-тармағындағы «компьютер желiлерiнде» деген сөздер «телекоммуникациялар желілерінде» деген сөздермен ауыстырылсын;
5) 451-бапта:
бірінші бөліктің бірінші абзацындағы «сондай-ақ ақпарат агенттiгінің хабарлары мен материалдарын» деген сөздер «ақпараттық агенттiктің және желілік басылымның хабарлары мен материалдарын» деген сөздермен ауыстырылсын;
екінші бөліктің бірінші абзацындағы «сондай-ақ ақпарат агенттiгiнiң хабарлары мен материалдарын» деген сөздер «ақпараттық агенттiктің және желілік басылымның хабарлары мен материалдарын» деген сөздермен ауыстырылсын;
6) 456-баптың бірінші бөлігінің бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Белгiленген шығарылым деректерiнсiз мерзiмдi баспасөз басылымын шығару, ақпараттық агенттiктің немесе желілік басылымның хабарлары мен материалдарын тарату, өз атауын хабарламай, сол сияқты анық емес не көрiнеу жалған шығарылым деректерiмен теле-, радиоарналардың эфирге шығуы -»;
7) 637-бапта:
бірінші бөлікте:
бірінші абзацта:
1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«1) байланыстың үстем операторының жалғау шартын жасасудан негiзсiз бас тартуы не байланыстың үстем операторының байланыс желілерін жалғауға немесе төсеуге көрінеу шектеулі жағдайлар белгілеуі;»;
9) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«9) радиоэлектрондық құралдардың техникалық өлшемдері Қазақстан Республикасының радиожиілік спектрін пайдалануға берілген рұқсатта көрсетілген деректерге сәйкес келмеген кезде радиожиілік спектрін пайдалану;»;
мынадай мазмұндағы 9-1), 9-2), 9-3), 9-4), 9-5) және 9-6) тармақшалармен толықтырылсын:
«9-1) Интернетке қоғамдық қол жеткізу пункттерінде Интернетке қол жеткізу қызметтерін көрсету қағидаларын бұзу;
9-2) қалааралық және халықаралық байланыс операторларының желілерін интернет-трафикпен алмасу нүктесіне жалғау қағидаларын бұзу;
9-3) байланыс операторларының қауіпсіздік сертификатын қолдану қағидаларын бұзуы;
9-4) Қазақстан Республикасының телекоммуникациялар желілерін орталықтандырылған басқару жүйесінің жұмыс істеу тәртібін бұзу;
9-5) байланыс операторының соттың заңды күшіне енген шешімімен немесе Қазақстан Республикасының заңдарымен тыйым салынған ақпаратқа қолжетімділікті ұсынуы;
9-6) желілік мекенжайларды ауыстырып жіберу;»;
10) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«10) байланыс операторларының, абоненттік нөмірлердің орталықтандырылған дерекқоры операторының ұялы байланыс желілерінде абоненттік нөмірді көшіру қағидаларын сақтамауы;»;
мынадай мазмұндағы 11) және 12) тармақшалармен толықтырылсын:
«11) ұялы байланыс операторының абоненттік нөмірлердің орталықтандырылған дерекқоры операторына ұялы байланыстың абоненттік нөмірлері туралы ақпаратты беру жөніндегі міндетті орындамауы;
12) байланыс қызметтерін көрсету туралы тиісті шарт жасаспай, байланыс операторының және (немесе) байланыс желісін иеленушінің байланыс қызметтерін көрсетуі, сол сияқты байланыс операторы өкілінің абоненттік нөмірлерді таратуы түрінде жасалған бұзушылық -»;
екінші абзац «лауазымды» деген сөздің алдынан «жеке тұлғаларға - он,» деген сөздермен толықтырылсын;
екінші бөліктің екінші абзацы «лауазымды» деген сөздің алдынан «жеке тұлғаларға - жиырма,» деген сөздермен толықтырылсын;
үшінші бөліктің бірінші абзацы «Абоненттер» деген сөзден кейін «және (немесе) байланыс қызметтерін тұтынушылар» деген сөздермен толықтырылсын;
төртінші бөліктің екінші абзацындағы «жекелеген қызмет түрін немесе белгілі бір қызмет түріне лицензияның қолданылуын үш айға дейін тоқтата тұрып,» деген сөздер алып тасталып, «бір мың» деген сөздер «екі мың» деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы бесінші, алтыншы, жетінші, сегізінші, тоғызыншы, оныншы, он бірінші, он екінші және он үшінші бөліктермен толықтырылсын:
«5. Байланыс операторының және (немесе) байланыс желісін иеленушінің байланыс желілерінде жедел-іздестіру қызметін жүзеге асыратын органдарды барлық байланыс желілерінде жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізудің ұйымдастырушылық және техникалық мүмкіндіктерімен қамтамасыз ету, сондай-ақ жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу нысандары мен әдістерін ашуға жол бермеу бойынша шаралар қолдану жөніндегі міндеттерді орындамауы -
шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне - елу, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне - бір жүз, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне бес жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
6. Байланыс операторының және (немесе) байланыс желісін иеленушінің байланыс желілерінде жедел-іздестіру қызметін жүзеге асыратын органдарды абоненттер туралы қызметтік ақпаратқа қолжетімділікпен қамтамасыз ету, сондай-ақ жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу нысандары мен әдістерін ашуға жол бермеу бойынша шаралар қолдану жөніндегі міндеттерді орындамауы -
шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне - елу, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне - бір жүз, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне бес жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
7. Байланыс операторының және (немесе) байланыс желісін иеленушінің байланыс желілері мен құралдарына қойылатын талаптарға сәйкес жедел-іздестіру іс-шараларын техникалық жүргізу үшін өзінің телекоммуникациялық жабдығының функцияларын қамтамасыз ету жөніндегі міндетті орындамауы -
шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне - елу, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне - бір жүз, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне бес жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
8. Осы баптың алтыншы, жетінші бөліктерінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекеттер -
байланыс саласында қызметтер ұсынуға арналған лицензияны тоқтата тұруға әкеп соғады.
9. Ұялы байланыс операторының Қазақстан Республикасының радиожиілік спектрін пайдалануға берілген рұқсатта көрсетілген елді мекендерді және (немесе) аумақтарды байланыс қызметтерімен қамтамасыз ету жөніндегі міндеттемелерді орындамауы -
радиожиілік спектрін пайдалануға берілген рұқсаттан айыруға әкеп соғады.
10. Радиожиілік спектрін бір жыл бойы пайдаланбау -
радиожиілік спектрін пайдалануға берілген рұқсаттан айыруға әкеп соғады.
11. Ұялы байланыс операторының ұялы байланыс желілерінде абоненттік нөмірлерді көшіруді қамтамасыз ету жөніндегі міндетті орындамауы -
шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне - бес жүз, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне - бір мың, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне екі мың айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
12. Жиілік белдеулерін, радиожиiлiктерді (радиожиілік арналарын) беру, радиоэлектрондық құралдарды және жоғары жиiлiктi құрылғыларды пайдалану, сондай-ақ азаматтық мақсаттағы радиоэлектрондық құралдардың электромагниттік үйлесімділігін есептеуді жүргізу қағидаларын бұзу -
ескерту жасауға немесе жеке тұлғаларға - бес, лауазымды адамдарға, дара кәсiпкерлерге - жиырма, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға - жиырма, орта кәсіпкерлік субъектілеріне - қырық, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне сексен айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
13. Осы баптың он екiншi бөлiгiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған әрекеттер -
радиоэлектрондық құралдар немесе жоғары жиiлiктi құрылғылар тәркiлене отырып немесе онсыз, жеке тұлғаларға - он, лауазымды адамдарға, дара кәсiпкерлерге - қырық, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға - отыз, орта кәсіпкерлік субъектілеріне - алпыс, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне бір жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.»;
мынадай мазмұндағы ескертпелермен толықтырылсын:
«Ескертпелер.
1. Осы Кодексте радиоэлектрондық құрылғылар деп бiр немесе бiрнеше радиотаратушы немесе радиоқабылдағыш құрылғылардан немесе олардың құрамаларынан және қосалқы жабдықтан тұратын, радиотолқындарды беруге және қабылдауға арналған техникалық құралдар түсiнiледi.
2. Осы Кодексте жоғары жиiлiктi құрылғылар деп, электр байланысы саласында қолдануды қоспағанда, радиожиiлiк энергиясын өнеркәсiптiк, ғылыми, медициналық, тұрмыстық мақсаттарда генерациялауға және жергiлiктi пайдалануға арналған жабдық немесе аспаптар түсiнiледi.
3. Осы Кодекстің мақсаттары үшін байланысты ажырату және (немесе) шектеу деп байланыс операторының, еңсерілмейтін күшпен немесе жүргізілетін профилактикалық және (немесе) авариялық қызмет көрсетумен байланысты мән-жайларды қоспағанда, шұғыл медициналық, құқық қорғау, өрт сөндіру, авариялық, анықтама және басқа да қызметтермен байланысудың мүмкін болмауына әкеп соққан, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де жағдайлардағы әрекеті (әрекетсіздігі) түсініледі.»;
8) 639-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«639-бап. Электрондық ақпараттық ресурстарды қорғау құралдарын пайдалану жөнiндегi талаптарды бұзу
1. Электрондық ақпараттық ресурстарды қорғау құралдарын пайдалану жөнiндегi талаптарды мемлекеттік техникалық қызметтің бағдарламалық (бағдарламалық-техникалық) құралдарының жұмысына кедергі келтіру немесе оларды бұғаттау, сол сияқты мемлекеттік техникалық қызмет қызметкерлерінің мемлекеттік техникалық қызметпен өзара іс-қимыл жасайтын ақпараттандыру объектілерімен жұмысына кедергі келтіру түрінде жасалған бұзушылық -
ескерту жасауға немесе жеке тұлғаларға - он, лауазымды адамдарға, шағын кәсiпкерлiк субьектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға - жиырма, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне - қырық, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне бір жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, қайталап жасалған немесе ақпараттық қауіпсіздіктің оқыс оқиғасын туындатуға әкеп соқтырған әрекеттер (әрекетсіздік) -
жеке тұлғаларға - жиырма, лауазымды адамдарға, шағын кәсiпкерлiк субьектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға - елу, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне - бір жүз, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне екі жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.»;
9) 640-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«640-бап. Қазақстан Республикасының электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы заңнамасын бұзу
1. Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларда электрондық құжаттарды қабылдаудан бас тарту -
лауазымды адамдарға - жиырма, заңды тұлғаларға елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Куәландырушы орталықтың электрондық цифрлық қолтаңбаның сақтаудағы ашық кілттерін жоғалтуды, түрлендіруді және қолдан жасауды болғызбау үшін қажетті шараларды қолданбауы -
бір жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
3. Куәландырушы орталықтың тіркеу куәліктерін иеленушілер туралы мәліметтерді қорғауды қамтамасыз етпеуі -
бір жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
4. Тіркеу куәлігін иеленушінің Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен өзіне тиесілі электрондық цифрлық қолтаңбаның жабық кiлтін құқыққа сыйымсыз қол жеткізуден және пайдаланудан қорғау үшін, сондай-ақ ашық кілттерді сақтау бойынша шараларды қолданбауы -
елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
5. Электрондық цифрлық қолтаңбаның жабық кiлтін басқа тұлғаларға заңсыз беру -
жеке тұлғаларға - он, лауазымды адамдарға, шағын кәсiпкерлiк субьектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға - он бес, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне - отыз, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне бір жүз елу айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.»;
10) 641-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«641-бап. Қазақстан Республикасының ақпараттандыру туралы заңнамасын бұзу
1. Қазақстан Республикасының ақпараттандыру туралы заңнамасын:
1) дербес деректер қамтылған ақпараттық жүйелердің меншік иесінің немесе иеленушісінің оларды қорғау жөніндегі шараларды жүзеге асырмауы немесе тиісті түрде жүзеге асырмауы;
2) ақпараттық-коммуникациялық технологиялар және ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы бірыңғай талаптарды бұзу;
3) мемлекеттік органның ақпараттық жүйесін, ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымның аса маңызды объектілеріне жатқызылған ақпараттық жүйені, мемлекеттік органның ақпараттық жүйесімен интеграцияландырылған немесе мемлекеттік органның электрондық ақпараттық ресурстарын қалыптастыруға арналған мемлекеттік емес ақпараттық жүйені, мемлекеттік органның интернет-ресурсын және «электрондық үкіметтің» ақпараттық-коммуникациялық платформасын ақпараттық қауіпсіздік талаптарына сәйкестік аттестатынсыз өнеркәсіптік пайдалану;
4) «электрондық үкіметтің» сервистік интеграторына мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерінің әзірленген бағдарламалық қамтылымын, бастапқы бағдарламалық кодтарын (болған кезде), лицензиялық бағдарламалық қамтылымын баптау кешенін ұсынбау;
5) техникалық құжаттаманың қағаз жеткізгіштегі түпнұсқаларын жоғалту;
6) ақпараттық қауіпсіздік талаптарына сәйкестікке жүргізілген сынақтар бойынша оң нәтижесі бар актісі жоқ мемлекеттік органның ақпараттық жүйесін өнеркәсіптік пайдалану түрінде жасалған бұзушылық -
жеке тұлғаларға - он, лауазымды адамдарға, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға - он бес, орта кәсіпкерлік субъектілеріне - отыз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне бір жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Мемлекеттік электрондық ақпараттық ресурстардың резервтік көшірмесін дайындамау -
лауазымды адамдарға - отыз, заңды тұлғаларға сексен айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
3. Осы баптың бiрiншi және екінші бөліктерінде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған әрекеттер (әрекетсіздік) -
жеке тұлғаларға - жиырма, лауазымды адамдарға - елу, заңды тұлғаларға - бір жүз елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
4. Жеке тұлғалар туралы дербес деректерді қамтитын электрондық ақпараттық ресурстарды оларға мүлiктiк және (немесе) моральдық зиян келтiру, Қазақстан Республикасының заңдарында кепiлдiк берiлген құқықтар мен бостандықтарды іске асыруын шектеу мақсатында пайдалану -
ескерту жасауға немесе жеке тұлғаларға - он, лауазымды адамдарға, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға - жиырма, орта кәсіпкерлік субъектілеріне - қырық, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне екі жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.»;
11) 684-баптың бірінші бөлігіндегі «452 (үшінші, төртінші және алтыншы бөліктерінде және тоғызыншы бөлігінің 4), 5) және 6) тармақшаларында)», «637 (төртiншi бөлiгiнде)» деген сөздер тиісінше «452 (үшінші, төртінші және алтыншы бөліктерінде)», «637 (сегізінші, тоғызыншы, оныншы және он үшінші бөліктерінде)» деген сөздермен ауыстырылсын;
12) 692-бапта:
«Байланыс және ақпараттандыру саласындағы» деген сөздер «Ақпараттандыру және байланыс саласындағы» деген сөздермен ауыстырылсын;
бірінші бөліктегі «637 (бiрiншi, екінші және үшінші бөлiктерiнде)» деген сөздер «637 (бiрiншi, екінші, үшінші, төртінші, бесінші, алтыншы, жетінші, он бірінші және он екінші бөлiктерiнде)» деген сөздермен ауыстырылсын;
13) мынадай мазмұндағы 692-1-баппен толықтырылсын:
«692-1-бап. Ақпарат саласындағы уәкілетті орган
1. Ақпарат саласындағы уәкілетті орган осы Кодекстің 452 (бірінші, екінші, бесінші, жетінші, сегізінші, тоғызыншы және оныншы бөліктерінде)-бабында көзделген әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істерді қарайды.
2. Мыналар:
1) ақпарат саласындағы уәкілетті органның басшысы және оның орынбасарлары;
2) ақпарат саласындағы уәкілетті органның аумақтық органдарының басшылары әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істерді қарауға және әкімшілік жазалар қолдануға құқылы.»;
14) 701-баптың бірінші бөлігі «621 (бірінші, екінші бөліктерінде)» деген сөздерден кейін «, 637 (он екінші бөлігінде)» деген сөздермен толықтырылсын;
15) 729-баптың бірінші бөлігіндегі «452 (бірінші, екінші, бесінші, жетінші, сегізінші бөліктерінде, тоғызыншы бөліктің 1), 2), 3) тармақшаларында, оныншы бөлігінде),» деген сөздер алып тасталсын;
16) 802-баптың бірінші бөлігінің 4) тармақшасындағы «көрсеткiштерi себептер болып табылады.» деген сөздер «көрсеткiштерi;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 5) тармақшамен толықтырылсын:
«5) бақылау-өлшеу аппаратурасының және (немесе) радиотехникалық бақылау құралдарының көрсеткіштері себептер болып табылады.»;
17) 804-бапта:
бірінші бөлікте:
12) тармақшадағы «145-баптар» деген сөздер «145, 509-баптар» деген сөздермен ауыстырылсын;
22) тармақша «476» деген цифрлардан кейін «, 637 (он үшінші бөлігі)» деген сөздермен толықтырылсын;
23) тармақшада:
«байланыс және ақпараттандыру саласындағы» деген сөздер «ақпараттандыру және байланыс саласындағы» деген сөздермен ауыстырылсын;
«637 (төртінші бөлiгi)» деген сөздер «637 (сегізінші, тоғызыншы, оныншы және он үшінші бөлiктерi)» деген сөздермен ауыстырылсын;
50) тармақшада:
«451, 452 (үшінші, төртінші, алтыншы бөліктері және тоғызыншы бөліктің 4), 5) және 6) тармақшалары), » деген сөздер алып тасталсын;
«456,» деген цифрлар алып тасталсын;
62) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«62) ақпарат саласындағы уәкілетті органның (451, 452 (үшінші, төртінші және алтыншы бөліктері), 456-баптар);»;
18) 903-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«903-бап. Радиоэлектрондық құралдарды немесе жоғары жиiлiктi құрылғыларды пайдалану құқығынан айыру туралы қаулыны орындау тәртiбi
1. Радиоэлектрондық құралдарды немесе жоғары жиiлiктi құрылғыларды пайдалану құқығынан айыру туралы қаулыны орындау радиоэлектрондық құралды немесе жоғары жиiлiктi құрылғыны пайдалануға арналған рұқсатты алып қою арқылы жүргiзiледi.
2. Радиоэлектрондық құралдарды немесе жоғары жиiлiктi құрылғыларды пайдалану құқығынан айырылған тұлға радиоэлектрондық құралды немесе жоғары жиiлiктi құрылғыны пайдалануға арналған рұқсатты тапсырудан жалтарған жағдайда, тиiстi уәкiлеттi мемлекеттiк орган радиоэлектрондық құралды немесе жоғары жиiлiктi құрылғыны пайдалануға арналған рұқсатты алып қоюды белгiленген тәртiппен жүргізеді.
3. Радиоэлектрондық құралды немесе жоғары жиiлiктi құрылғыны пайдалануға арналған рұқсатты алып қою тәртiбiн ақпараттандыру және байланыс саласындағы уәкiлеттi орган белгiлейдi.».
10. «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметi туралы» 1995 жылғы 31 тамыздағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы, 1995 ж., № 15-16, 106-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1996 ж., № 2, 184-құжат; № 15, 281-құжат; № 19, 370-құжат; 1997 ж., № 5, 58-құжат; № 13-14, 205-құжат; № 22, 333-құжат; 1998 ж., № 11-12, 176-құжат; № 17-18, 224-құжат; 1999 ж., № 20, 727-құжат; 2000 ж., № 3-4, 66-құжат; № 22, 408-құжат; 2001 ж., № 8, 52-құжат; № 9, 86-құжат; 2002 ж., № 17, 155-құжат; 2003 ж., № 5, 31-құжат; № 10, 51-құжат; № 11, 56, 67-құжаттар; № 15, 138, 139-құжаттар; 2004 ж., № 11-12, 66-құжат; № 15, 86-құжат; № 16, 91-құжат; № 23, 140-құжат; 2005 ж., № 7-8, 24-құжат; № 14, 55, 58-құжаттар; № 23, 104-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; № 4, 24-құжат; № 8, 45-құжат; № 11, 55-құжат; № 16, 99-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; № 4, 28, 33-құжаттар; 2008 ж., № 17-18, 72-құжат; № 20, 88-құжат; № 23, 114-құжат; 2009 ж., № 2-3, 16, 18, 21-құжаттар; № 17, 81-құжат; № 19, 88-құжат; № 24, 134-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 7, 28-құжат; № 17-18, 111-құжат; 2011 ж., № 3, 32-құжат; № 5, 43-құжат; № 6, 50-құжат; № 12, 111-құжат; № 13, 116-құжат; № 14, 117-құжат; № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 2, 15-құжат; № 8, 64-құжат; № 10, 77-құжат; № 13, 91-құжат; № 20, 121-құжат; № 21-22, 124-құжат; № 23-24, 125-құжат; 2013 ж., № 10-11, 56-құжат; № 15, 76-құжат; 2014 ж., № 1, 9-құжат; № 4-5, 24-құжат; № 6, 27-құжат; № 10, 52-құжат; № 11, 61-құжат; № 12, 82-құжат; № 19-I, 19-II, 94, 96-құжаттар; № 21, 122-құжат, № 22, 131-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 8, 45-құжат; № 13, 68-құжат; № 15, 78-құжат; № 16, 79-құжат):
1) 6-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Мемлекеттiк орган, кредиттік серіктестіктер, Ұлттық пошта операторы, сондай-ақ Қазақстан Даму Банкi Қазақстан Республикасының заңдарында бекiтiлген өкiлеттiктерi шегiнде жүргiзетiн қызметтi (операцияларды) қоспағанда, уәкiлеттi органның лицензиясынсыз жүзеге асырылған банк операциялары жарамсыз болып табылады.»;
2) 8-баптың 9-тармағының 11) тармақшасындағы «саласында басшылықты жүзеге асыратын уәкiлеттi мемлекеттiк органның» деген сөздер «саласындағы уәкілетті органның» деген сөздермен ауыстырылсын;
3) 30-баптың 7-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«7. Мемлекеттік органдар, кредиттік серіктестіктер, Ұлттық пошта операторы, сондай-ақ Қазақстан Даму Банкі осы баптың 2-тармағының 6) тармақшасында көзделген банк операциясын өздерінің қызметін реттейтін Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес, уәкілетті органның лицензиясынсыз жүзеге асырады.»;
4) 38-бап мынадай мазмұндағы 1-1-тармақпен толықтырылсын:
«1-1. Екінші деңгейдегі банктер және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар «электрондық үкіметтің» веб-порталы арқылы электрондық нысанда қызметтер көрсеткені үшін төлемақыны қабылдауға және жүргізуге байланысты халыққа көрсетілетін қызметтерді ұсыну үшін өздерінің ақпараттық жүйелерін «электрондық үкіметтің» төлем шлюзімен тікелей немесе банкаралық ақша аудару жүйесі операторының ақпараттық жүйесі арқылы интеграциялауды жүзеге асырады.»;